Строительные нормы республики казахстан




НазваниеСтроительные нормы республики казахстан
страница2/34
Дата конвертации06.02.2016
Размер3.79 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kazsu.astanainfo.kz/data/files/pic_57.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

4.1-кесте –Ең аз санитарлық-қорғау аймақтарының мәндері


Құрылыстар

Санитарлық-қорғау аймағы, құрылыстардың есептелген жұмыс өнімділігі, мың. м3/тәул болғанда

0,2 дейін

0,2 жоғары 5,0 дейін

5,0 жоғары 50,0 дейін

50,0 жоғары 280,0 дейін

Божыған шөгінділерге арналған лай алаңдарын механикалық және биологиялық тазалау құрылыстары, сондай-ақ бөлек орналасқан лай жиналтын алаңдар

150

200

400

500

Жабық жайларда тұнбаларды термомеханикалық өңдеу арқылы механикалық және биологиялық тазалау құрылыстары

100

150

300

400

Фильтрациялау алаңдары

200

300

500

-

Суармаланатын егін алқаптары

150

200

400

-

Биологиялық тоғандар

200

200

300

300

Циркуляциялық тотығу каналдары бар құрылыстар

150

-

-

-

Сорғы станциялары

15

20

25

30

1-ЕСКЕРТУ Жұмыс 280 мың м3/тәул жоғары су бұру жүйесі құрылыстарының өнімділігі Санитарлық үзілу мен санитарлық-қорғау аймақтары, сондай-ақ тоспа суларды тазалау мен шөгіндіні өңдеудің қабылданған технологиясынан шегіну кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органмен келісіліп белгіленеді.

2-ЕСКЕРТУ 4.1 кестеде көрсетілген санитарлық-қорғау аймақтарын тазалау құрылыстарына қатысты жел келетін жерде тұрғын үйлер болған жағдайда 2 еседен асырмай ұлғайтуға немесе қолайлы жел өрнегі болған жағдайда 25% асырмай азайтуға жол беріледі.

3-ЕСКЕРТУ Жұмыс өнімділігі 0,2 мың м3/тәул жоғары тазалау құрылыстарының аумағында тұнба жиналған алаңдар болмаған жағдайда аймақтың көлемін 30% азайту қажет.

4-ЕСКЕРТУ Алаңы 0,5 га дейінгі сүзгілеу алаңдарынан, механикалық және биологиялық тазалау құрылыстарынан санитарлық-қорғау аймағын жұмыс өнімділігі 50 м3/тәул биосүзгілерде 100 м етіп алу қажет.

5-ЕСКЕРТУ Жұмыс өнімділігі 15 м3/тәул кем жер асты сүзгілеу алаңдарынан санитарлық-қорғау аймағын 15 м етіп алу қажет.

6-ЕСКЕРТУ Сүзгілейтін траншеялар мен құм-гравий сүзгілерінен санитарлық-қорғау аймағын 25 м етіп алу қажет, септиктер мен сүзгілейтін құдықтардан тиісінше 5 м және 8 м, тұнбаны аэробты тұрақтандырып толық тотығуға аэробты қондырғылардан жұмыс өнімділігі 700 м3/тәул болған уақытта 50 м етіп алу қажет.

7-ЕСКЕРТУ Төгілу станциясынан санитарлық-қорғау аймағын 300 м етіп алу қажет.

8-ЕСКРЕТУ Селитебті аумақтардан келетін беткі суларды тазалайтын құрылыстардан санитарлық-қорғау аймағын 100 м етіп, сорғы станцияларынан 15 м етіп, өнеркәсіптік кәсіпорындардың тазалау құрылыстарынан - санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің органдарымен келісіліп қабылдау қажет.

9-ЕСКЕРТУ Шламжинағыштардан басталатын санитарлық-қорғау аймақтарын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің уәкілетті мемлекеттік органдарымен келісіліп, шламның құрамы мен қасиеттеріне байланысты қабылдау қажет.


4.26 Су бұру жүйелерін жобалаған уақытта заманауи ғылыми-техникалық әзірлемелерге және тоспа сулардың тек көлемін ғана емес, құрамын да ескеретін аз шығынды тазалауға бағытталған (толығымен зауытта дайындалып шығарылған қондырғыларды таңдай отырып) тәжірибелік зерттеулерге негізделген технологиялар мен озық техника шешімдерін қолдану ұсынылады. Ерекше көңіл еңбекті көп қажетсінетін жұмыстардың механикаландырылуына, технологиялық процесстердің автоматтандырылуына, жинақтама конструкцияларды, стандартты және үлгілік бұйымдар мен бөлшектерді, сонымен қатар зауыттар мен дайындау шеберханаларында дайындалатын дайын құрылыстарды қолдану арқылы құрылыс-монтждау жұмыстарының барынша индустрияландырылуына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамамен белгіленген тәртіппен берілген, олардың қауіпсіздігін растайтын санитарлық- эпидемиологиялық қорытындысы бар материалдар мен реагенттерді қолдану қажет.

4.27 Су бұру жүйелерін жобалаған уақытта Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің, «Өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және ГОСТ 12.3.006 талаптарына сәйкес профилактикалық және жөндеу жұмыстарын орындаған уақытта тиісті қауіпсіздік шарттары мен еңбектің қорғалуы мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің санитарлық-гигиеналық шарттарын белгілеу қажет.


5 Жаңбырды су бұру жүйесі. Жаңбыр суларының есептелген шығымы. Су бұру желілерінің гидравликалық есебі


5.1 Беткі ағынның сапалық сипаттамасы және беткі ағынның селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарынан тартылу шарттары  


5.1.1 Селитебті аумақ пен кәсіпорын алаңдарынан шығатын беткі ағынның ластану дәрежесі мен сипаты әртүрлі және ол су жиналатын бассейннің және төменгі атмосфера қабатының санитарлық ахуалына, аумақтың абаттандырылу деңгейіне, сонымен қатар жауатын жаңбырдың гидрометеорологиялық параметрлеріне: жауынның қарқындылығы мен жауатын уақытына, бұған дейін болған құрғақ ауа райына, көктемде еріген қардың еру қарқыны мен процессіне байланысты болады.

5.1.2 Селитебті аумақтардан беткі ағынмен шығарылатын ластаушы заттардың мөлшері халықтың орналасу тығыздығымен, аумақтардың абаттандырылу деңгейімен, беткі жамылғының түрімен, көлік қозғалысының қарқындылығымен, жолдар тазаланып тұратын жиілікпен, сонымен қоса өнеркәсіптік кәсіпорындардың болуымен және атмосфераға шығарылған тастандылардың мөлшерімен айқындалады.

5.1.3 Жаңбыр ағынының құрамындағы негізгі қоспалардың концентрациясы шөгіндінің қабаты аз болған сайын құрғақ ауа райы ұзақ тұрған сайын жоғары болады. Концентрация жаңбыр сулары аққан уақытта өзгереді. Анағұрлым жоғары концентрация ағынның басында шығындалу көлемі барынша үлкен болған уақытта байқалады. Бұдан кейін оның зор қарқынмен азаятындығы байқалады.

Еріген сулардағы қоспалардың концентрациясы жылдың суық мезгілінде жауатын жаңбыр мөлшеріне, төңіректегі құрылыс нысандары салынбаған аумақтардан келетін еріген судың ағыны мен ағыс ауданының теңгерімінде топырақ бетінің үлесіне байланысты болады. Суаратын, жуатын сулардың ағыны айтарлықтай тұрақты құрамымен және қоспалардың жоғары концентрациясымен ерекшеленеді.

5.1.4 Селитебті аумақтарда қалыптасатын беткі ағынның негізгі ластаушы компоненттері болып, гүлзарлар мен ашық топырақ беттерінен шайылатын топырақ эрозиясының өнімдері, тұрмыстық қоқыс, жол жабындарының бетінен шайылатын компоненттер және ашық қойма жайларында сақталатын құрылыс материалдары, сонымен қатар автокөліктің және өзге де техника құралының бұзылуы салдарынан су жинау алабының бетіне түсетін мұнай өнімдері табылады.

Өзіндік ластаушы компоненттер өнеркәсіп аймақтарының аумағынан беткі ағынмен бірге шығарылады не болмаса атмосфераның төменгі қабатынан түседі.

5.1.5 Селитебті аумақтардың су жинау алаптарының түрлі учаскелері үшін беткі ағынның шамаланған құрамы 5.1-кестеде көрсетілген.


5.1-кесте - Селитебті аумақтардың су жинау алаптарының түрлі учаскелеріне арналған беткі ағынның шамаланған құрамы


Ағын ауданы

Жаңбыр ағыны

Еріген ағын

қалқымалы заттар, г/дм3

ОБТ20, мг/дм3

мұнай өнімдері, мг/дм3

қалқымалы заттар, г/дм3

ОБТ20, мг/дм3

мұнай өнімдері, мг/дм3

Аббаттандыру деңгейі жоғары және жолдың беті механикалық жолмен жиналатын селитебті аумақ учаскелері (әкімшілік ғимараттары, сауда және оқу орталықтары бар қала орталығы)

400

40

8,00

2000

70

20,00

Заманауи тұрғын үйлер

650

60

12,00

2500

100

20,00

Көлік қозғалысы жоғары магистралды жолдар

1000

80

20,00

3000

120

25,00

Өнеркәсіптік нысандардың қасындағы аумақтар

2000

90

18,00

4000

150

25,00

Ғимараттар мен құрылыстардың шатыры

20 кем

10 кем

0,01 бастап, 0,70 дейін

20 кем

10 кем

0,01 бастап, 0,70 дейін

Жеке құрылыс орындарын басым аумақтар; жасыл желектер мен көгалдар

300

60

1,00 кем

1500

100

1,00 кем


Селитебті аумақтардан шығатын беткі ағынды технологиялық тазалау сызбасын таңдаған уақытта басшылыққа алған жөн болатын басымдықтағы көрсеткіштер ретінде қажетті әрі жеткілікті болып, судың сапасы, қалқымалы заттардың, мұнай өнімдерінің құрамы және жеңіл әрі қиын тотығатын органикалық бірігулердің болуын жиынтықты сипаттайтын ОБТ20 мен ОХТ көрсеткіштерінің мәні сияқты жалпылама көрсеткіштер табылады.

Барлық көрсеткіштері бойынша анағұрлым ластанған болып, ОБТ20 көрсеткішінің мәні бойынша тазартылмаған шаруашылық-тұрмыстық тоспа суларға жақын келетін еріген ағын табылады.

5.1.6 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан келетін беткі ағынның құрамы әдетте, күрделі болады және негізгі технологиялық процесстердің сипатымен айқындалады, ал қоспалардың концентрациясы су жинау алабының түріне, аумақтың жиналу режимі мен санитарлық-техникалық ахуалына, газ бен шаң ұстау жүйелердің жұмысының тиімділігіне, шикізаттың жиналуы мен тасымалдануының ұйымдастырылуына, аралық және дайын өнімдерге, сонымен қатар өндіріс қалдықтарына байланысты болады.

Түрлі өндірістерді қамтитын ірі кәсіпорындарда жекелеген аумақтардан шығатын беткі ағын ондағы қоспалардың құрамы бойынша басқа учаскелердегі ағын мен ортақ ағыннан біршама ерекшеленуі мүмкін. Мұндай жағдай тазалау технологиясы мен оның тартылу сызбасын әзірлеген уақытта ескерілуі тиіс.

5.1.7 Өнеркәсіптік алаңдарда жиналатын және беткі ағынмен шайылатын қоспалардың құрамына байланысты өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың жекелеген аумақтарын екі топқа бөлуге болады:

Бірінші топқа аумағынан шығатын ағын құрамы жағынан селитебті аумақтардан шығатын беткі ағынға жақын келетін және құрамында улы қасиеттері бар өзіндік заттары жоқ кәсіпорындар мен өндіріс орындары кіреді. Бірінші топтағы кәсіпорындардың аумағынан шығатын ағынның құрамындағы негізгі қоспалар болып, ірі дисперстелген қосалар, мұнай өнімдері, негізінен, қалқымалы заттарға сорбенттелген табиғи тектес минералды тұздар мен органикалық қоспалар табылады. Осыған сәйкес бірінші топқа қара металлургия (кокс химиясы өндірісінен басқа), машина және асап құрылысы, электр техника, көмір, мұнай, жеңіл, наубайхана, сүт, тамақ өнеркәсібі, химия өнеркәсібінің күкірт және сода ішкі саласы, энергетикағ көлік кәсіпорындары, өзен порттары, жөндеу зауыттары, жөндеу зауыттары, сонымен қатар мұнай қайта өңдейтін, мұнай-химия, химия кәсіпорындарының жекелеген өндіріс орындары және аумағына өзіндік ластаушы заттар түспейтін басқа да кәсіпорындар жатады.

Екінші топқа өндіріс жағдайына байланысты беткі ағынға улы қасиеттері бар өзінді заттардың немесе ағынның ОХТ мен ОБТ20 көрсеткіштерінің жоғары мәндерін түсіндіретін біршама мөлшердегі органикалық заттардың түсуіне толығымен жол бермеу мүмкін болмай отырған кәсіпорындар жатады.

Бұған сәйкес екінші топқа түсті металлургия, түсті металлдарды өңдеу, коксты химия өндірісінің, тұрмыстық химия, химия, орман химиясы, целлюлоза-қағаз, мұнай қайта өңдеу, мұнай-хими және микробиологиялық өнеркәсіп кәсіпорындары, былғары-шикізат пен былғары зауыттары, ет комбинаттары, шпал сіңу зауыттары, әуежайлар, металл беттерін химиялық және электр химиялық өңдейтін өндіріс орындары (гальваникалық өндіріс), бояу, CMC және т.б. шығаратын өндіріс орындары жатады.

Бірінші және екінші топтардағы кәсіпорындар үшін ластанудың негізгі көрсеткіштері бойынша жаңбыр тоспа суларының шамаланған сипаттамасы 5.2-кестеде келтірілген.


5.2-кесте – Топтарға бөліп көрсетілуімен жаңбыр суларының ластану көрсеткіштерінің мәндері


Көрсеткіш

Жаңбыр суларының ластану көрсеткіштерінің мәндері, мг/дм3

кәсіпорындардың бірінші тобы

кәсіпорындардың екінші тобы

Қалқымалы заттар

400 бастап, 2000* дейін

500 бастап, 2000 дейін

Тұз мөлшері

200 бастап, 300 дейін

50 бастап, 3000 дейін

Мұнай өнімдері

10 бастап, 30(70*) дейін

500 дейін

фильтрацияланған сынаманың ОХТ

100 бастап, 150** дейін

1400 дейін

фильтрацияланған сынаманың ОБТ20

20 бастап, 30** дейін

400 дейін

Өзіндік ерекшелігі бар компоненттер

жоқ

Өндіріс саласына байланысты жаңбыр суларының құрамында ауыр металлдар, фенолдар, СББЗ, мышьяк, роданидтар, фосфор, аммиак, фтор, майлар, ақуыздар, көмірсулар және т.б. болады.

_____________________

*Көлік қозғалысы жоғары және жанар-жағармайды көп пайдаланатын кәсіпорындар үшін, сондай-ақ жанармай құю бекеттері үшін жоғары мәндер.

** Дисперстелген қоспаларды ескере отырып,бұл көрсеткіштер 2-ден 3 есеге дейін ұлғаяды.


5.1.8 «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі» талаптарына сәйкес тазалауға жіберілетін еріген судың көлемін азайту үшін, сондай-ақ елді мекендер аумағындағы тазалау құрылыстарының жұмыс өнімділігін азайту үшін қыс мезгілінде қардың «құрғақ» қар тастайтын жерлерге жиналуы мен апаралуының, я болмаса еріген суларды артынан су бұру жүйесіне, одан кейін тазалау құрылыстарына тарту арқылы қар ерітетін камераларға тасталуының ұйымдастырылуын қарастыру қажет.

5.1.9 Тазалау құрылыстарына ластаушы заттар шамасының жоғары болуымен ерекшеленетін қала аумағынан, яғни өнеркәсіптік аймақтардан, көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы қарқынды көпқабатты тұрғын үйлер аудандарынан, ірі көлік магистралдарынан, сауда орталықтарынан, сондай-ақ ауылды елді мекендерден шығарылатын беткі ағындарды тарту қажет.

ӘН  2.1.5.1183 сәйкес ағынның өнеркәсіп алаңдары мен тұрғын үй аймақтарынан жаңбыр су бұру жүйесі арқылы тартылуы онда шаруашылық-тұрмыстық тоспа сулар мен өнеркәсіп қалдықтарының түсуіне жол бермеуі тиіс.

Жаңбыр суы және еріген суды тазалау үшін нормативтің 5.7-бөліміне сәйкес жобаланатын резервуарларды (тұндырғыларды) қарастыру ұсынылады.

5.1.10 Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарының беткі ағынының тазалану дәрежесі оның қаланың су бұру жүйелеріне қабылдану шарттарымен немесе су объектілеріне шығару шарттарымен айқындалады.

Өндірістік сумен жабдықтау жүйелерінде қайта пайдаланылған кезде тазартылған беткі ағын тұтынушылар қоятын технологиялық талаптарға сай келуі және санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіз болуы тиіс.

5.1.11 Беткі суларды тазалайтын құрылыстардың сызбасы оның сапалық және мөлшерлік сипаттамаларының, қоспалардың фазалық-дисперстік күйінің, талап етілетін тазалану дәрежесінің және қабылданған жиналу және реттелу сызбасының ескерілуімен әзірленуі тиіс.

5.1.12 Беткі тоспа сулардың құрамында әртүрлі фазалық-дисперстік күйдегі табиғи және техногенді ластаушы компоненттер бар. Сол үшін де тазалаудың талап етілетін тиімділігін қамтамасыз ету үшін алуан түрлі бөліну және (немесе) деструкциялану әдістерін қамтитын көпсатылы тазалау сызбаларын қолдану қажет.

5.1.13 Көп жағдайда беткі ағынды су нысанына тартқан уақытта немесе оны өндірістік сумен жабдықтау жүйесін қайта пайдаланған уақытта технологиялық тазалау сызбасын таңдаған кезде басшылыққа алынатын басымдықтағы көрсеткіш болып, ірі дисперстелген қоспаларда жиналған немесе бос күйінде (үлбір түрінде), эмульсияланған немесе еріген күйінде болатын қалқымалы заттар мен мұнай өнімдерінің мөлшері табылады.

5.1.14 Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарының беткі ағынын тазалауға және қосымша тазалауға тиісті негіз болған жағдайда тұрмыстық және өндірістік тоспа суларды тазалау үшін қолданылатын технологиялар, құрылыстар мен қондырғылар пайдаланылуы мүмкін.

Бұл ретте құрылыстарды беткі ағынға тән өзіндік ерекшеліктерді (шығым, сапалық құрам және ластаушы компоненттердің концентрациясы бойынша тұрақсыздық) ескере отырып, нормативтік-техникалық әдебиеттің нұсқауларына сәйкес жобалап, есептеу қажет.

Жаңа және қалпына келтірілетін құрылыстарды осы құрылыстарды дайындаған әзірлеушілер берген ұсыныстар бойынша және «Зиянды заттардың тоспа сулармен бірге су объектілеріне, сүзгілеу алаңдарына және төңіректегі жер бедеріне тасталу нормативтерін есептеу әдістемесі», «Қазақстан Республикасының жердің үстіңгі қабатындағы суларын қорғау ережелері» және «Қазақстан Республикасындағы беткі суларды қорғау ережелерін қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар» сәйкес жобалау қажет.

5.1.15 Беткі ағынды тазалау әдісі, сонымен қатар тазалау құрылыстарының түрі мен конструкциясы (ашық немесе жабық) басымдықтағы ластану көрсеткіштері мен гидрогеологиялық шарттар бойынша қажетті дәрежеде тазалануының жұмыс өнімділігімен анықталады (құрылысқа қажетті жердің болуымен, төңіректің жер бедерімен, жер асты суларының деңгейімен және т.б.).

5.1.16  Жұмыс өнімділігі кез келген құрлыстардағы беткі ағынды технологиялық тазалау сызбаларында шөгінді мен бетіне қалқып шығатын заттардың кетірілуін ұйымдастыру бойынша техникалық шешімдер қарастыру қажет.

5.1.17 Атмосфералық жауын-шашынның ықтимал түсу сипаты мен жаңбыр ағынының ерекше тұрақсыздығы оның тазалауға әперілмей тұрып, шығымы мен құрамының орташаландырылуын талап етеді. Тазалау құрылыстарының көлемін азайту және тазалауға ағынның анағұрлым ластанған бөлігін жіберу мақсатында бірінші топтағы селитебті аумақтар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың беткі ағынын тарту және тазалау сызбаларында бөлу камералары мен реттеу ыдыстарының құрылысын қарастыру қажет.

5.1.18 Жаңбыр ағынын реттеуге арналған бөлу камераларын көлеміне қарай қалқып жүретін ластануды (соның ішінде мұнай өнімдері үлбірінің) су объектісіне тазаланбай бұрылатын ағынның артық ағысына түсіп кету мүмкіндігін бөгейтін гидрожапқыш түрінде орындау қажет.

5.1.19 Беткі ағын шығымының тікелей суқабылдағышқа тасталмай реттелуін белгілі бір кезең (жыл, жылы кезең, ай) аралығында ағынның немесе шөгіндінің есептелген қабаты барынша көп жаңбыр ағынының қабылдануына есептелген шоғырландыратын (реттейтін) резервуарларды құру есебінен қарастыру қажет.

5.1.20 Жаңбыр ағынын (соның ішінде қайта) реттеу үшін және оны артынан терең тазалау құрылыстарына бұру үшін шоғырландыратын резервуардың пайдалы (жұмыс) көлемі (5.5)-формула бойынша есептелген есепті жаңбырдың жаңбырды ағынының көлемінен Wоч кем болмауы тиіс. Тоспа сулардан шығатын шөгіндіні жинау және уақытша сақтау үшін аумақтың қосымша резервін құру қажеттілігін ескеру қажет. Беткі ағынның ластанған бөлігін қабылдау, орташаландыру және алдын ала тазалауға арналған шоғырландыратын резервуардың толық гидравликалық көлемін резервуардың конструктивтік ерекшеліктеріне қарай есептелген жаңбыр ағыны көлемінің есептелген шамасынан артық 10% бастап, 30% дейін алу қажет. Шоғырландыратын резервуарға WТ.тәул түзейтін еріген тоспа су көлемінің тәуліктік көлемінің жиналу шарттарынан тексеру есебі (5.6)-формуласы бойынша қатар жүргізіледі.

Жобалауға алынған екі шаманың ең үлкені алынады.

5.1.21 Шоғырландыратын резервуардың конструкциясы оның арнауының ескерілуімен таңдалады. Шоғырландыратын резервуар тазалауға жіберілетін тоспа сулардың шығымын реттеу үшін пайдаланылған уақытта тоспа сулардың тұндырылуына жол бермеу бойынша арнайы іс-шараларды қарастыру қажет (гидравликалық немесе пневматикалық шайқау). Шоғырландыратын резервуар тоспа сулардың шығымын реттеу үшін ғана емес, алдын ала механикалық тазалау жүргізу үшін де пайдаланылған уақытта бетіне қалқып шығатын заттар мен түбіне тұнатын механикалық қоспаларды кетіру үшін және мерзімді жинау үшін тиімді әрі сенімді техникалық шешімдерді қарастыру қажет.

5.1.22 Tтаз есептелген жаңбырды қайта өңдеу кезеңі (шоғырландыратын резервуарды босату кезеңі) ағын түзуші шөгінді арасындағы кезеңдердің орташа уақыты туралы деректердің негізінде әдетте, үш тәулік аралығында алынады. Жекелеген жағдайларда бұл кезең көпжылдық кезең ішіндегі осы жерге тән жаңбырлардың заттай қатары туралы деректерді статистикалық өңдеу негізінде ұлғайтылуы мүмкін.

Шоғырландыратын резервуар босатылатын таңдалған кезеңнің ескерілуімен тазалау құрылыстарының жұмыс өнімділігі анықталады.


ЕСКЕРТУ  Еріген сулардың ең көп тәуліктік көлемін қайта өңдеу қажет болатын кезең шамасы 14 сағаттан кем болмайтын мерзіммен алынады, ал жекелеген жағдайларда бұл кезең шоғырландыратын резервуардың жұмыс көлемінің бар қорының ескерілуімен ұлғайтылуы мүмкін.


5.1.23 Беткі тоспа суын селитебті аумақтардан тарту жүйесі бөлек болған жағдайда тазалау құрылыстары су объектісіне шығарылмай тұрып, жаңбыр суын тарту жүйесінің бас коллекторларының аузына орналастырылуы тиіс.

Тоспа сулары су объектісіне шығарылатын орындар су ресурстары мен балық шаруашылығы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс.

5.1.24 Беткі тоспа сулардың су объектілеріне ұйымдасқан түрде жиналу шарттарын белгілеген уақытта Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, ӘН 2.1.5.1183, БНҚ 01.01.03 және «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтату туру ережесі» сәйкессу объектілерінің санитарлық қорғалуына қойылатын жалпы шектеулер мен талаптар ескерілуі тиіс.

Беткі және тазартылған тоспа суларды су объектілеріне ұйымдасқан түрде бұрып ағызуға мүмкіншілік пен жағдай болмаған жағдайда су объектілерінің санитарлық қорғалуына қойылатын жалпы шектеулер мен талаптарды ескере отырып және уәкілетті мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау органдарымен келісіліп жинағыш тоғандар мен буландырғыш тоғандарды қарастыру қажет.

5.1.25 Қаланың жаңбырды су бұру жүйесінде орталықтандырылған немесе жергілікті тазалайтын құрылыстар болған жағдайда бірінші топтағы кәсіпорындардың аумағынан шыққан беткі тоспа сулар тарту жүйелерін пайдаланатын ұйыммен келісіліп, алдын ала тазалаусыз қаланың жаңбыр бөлігіне (суағар) жіберілуі мүмкін.

5.1.26 Екінші топтағы кәсіпорындардың аумағынан шыққан беткі тоспа сулар елді мекеннің жаңбырды су бұру жүйесіне бұрылмай тұрып, сонымен қатар өндірістік тоспа сулармен бірге бұрылған жағдайда міндетті түрде алдын ала дербес тазалау құрылыстарында өзіндік ластаушы заттардан тазалануы тиіс.

5.1.27 Бірінші топтағы да, екінші топтағы да кәсіпорындардың аумағынан бекі тоспа суларды қалалар мен елді мекендердің су бұру жүйесіне қабылдау мүмкіншілігі (шаруашылық-тұрмыстық тоспа сулармен бірге тазалау мақсатында) тоспа сулардың осы жүйеге қабылдану шарттарымен айқындалып, тазалау құрылыстары қуатының резерві болған жағдайда әрбір нақты жағдайда қарастырылады.

5.1.28 Беткі тоспа суларды елді мекендер мен өнеркәсіп алаңдарының аумағынан тартатын жүйелерде коллекторлық желіге тізбекті кәрізден, жылу желілерінен, жер асты коммуникацияларының ортақ коллекторларынан, сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластанбаған тоспа суларынан сіңбе су мен кәріз суының келу мүмкіншілігі ескерілуі тиіс.

5.1.29 Су объектілерінің көлік жолдар желісі дамыған және көлік қозғалысы жоғары елді мекен аумағынанан келген еріген тоспа сумен ластануын алдын алу үшін қыс мезгілінде 5.1.8 сәйкес қардың «құрғақ» қар тастайтын жерлерге жиналуы мен апаралуының, я болмаса еріген суларды артынан су бұру жүйесіне, одан кейін тазалау құрылыстарына тарту арқылы қар ерітетін камераларға тасталуының ұйымдастырылуын қарастыру қажет.

5.1.30 снаитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органмен тиісті негізделген және келісілген жағдайда ішкі суағарлармен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстардың шатырынан ағатын жаңбыр суы мен еріген су тазартылмаған күйінде тартылуы мүмкін.

5.1.31 Беткі тоспа суларжың тазалау құрылыстары мен су объектілеріне тартылуын мүмкіндігінше науаның төмен орналасқан бетімен өз бетінше ағылуын қарастыру қажет. Беткі ағынды тазалау құрылыстарына тиісті негіздеулер болған уақытта ерекше жағдайдайларда ғана айдауға болады.

5.1.32 Елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағында беткі тоспа суларды тартатын жабық жүйені қарастыру қажет.

Алуан түрлі лотоктарды, қарықтарды, кюветтерді, жыраларды, жылғалар мен шағын өзендерді пайдаланып, суағарлардың ашық жүйесімен су бұру аз қабатты жеке құрылысьтары бар селитебті аумақтар, ауылдық аймақтар, сондай-ақ жолдармен қиылысықан жерлерден көпір немесе құбыр құрылғысы бар саябақ аумақтары үшін рұқсат беріледі.

Қалған жағдайлардың барлығында тиісті негізделу және су ресурстарына мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қорғау және қадағалау жүргізетін уәкілетті органдармен келісілу талап етіледі.

Елді мекендер аумағында орналаспаған жол қызметін көрсету нысандары мен автомобиль жолдарынан шығатын беткі ағынды бұруды лотоктармен және кюветтермен орындауға жол беріледі.


5. 2 Беткі тоспа сулардың орташа жылдық көлемін анықтау


5.2.1 Жауын жауған уақытта, қар еріген кезде және жолдың беті жуылған уақытта селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарында түзілетін беткі тоспа сулардың орташа жылдық көлемі Wr мына формула бойынша анықталады:


Wr=WД + W Т + W М, (5.1)


мұнда, WД, W Т, және W М – тиісінше, жаңбыр, еріген және суару суларының орташа жылдық көлемі, м³.

5.2.2  Селитебті аумақтар мен өнеркәсіп алаңдарынан ағатын жаңбыр (WД) және еріген (W Т) сулардың орташа жылдық көлемі мына формула бойынша анықталады:


WД =10 · hД · ΨД · F, (5.2)


WТ =10 · hТ · ΨТ · F, (5.3)


мұнда, F - коллектор ағынының ауданы, га;

hД – жылдың жылы мезгіліндегі жаунын-шашын қабаты (мм) ҚР ҚНжЕ 2.04-01 бойынша анықталады;

hT – жылдың суық мезгіліндегі жауын-шашын қабаты қар ери бастаған уақыттың басында қар жамылғысындағы су қоры мен еріген судың жалпы жылдық көлемін анықтайды, ҚР ҚНжЕ 2.04-01 немесе «Қазгидромет» РМК деректері бойынша анықталады;

ΨД және ΨТ – жаңбыр мен еріге су ағынның жалпы коэффициенті.

5.2.3 Селитебті аумақтардан ағатын жаңбыр суларының орташа жылдық көлемі анықталған уақытта ағынның жалпы ауданы F үшін ағынның жалпы коэффициенті ΨД 5.3-кестеге сәйкес беті әртүрлі ағын алаңдары үшін жеке мәндердің орташа есепті шамасы ретінде есептеледі.

5.2.4 Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндіріс орындарының аумағынан ағатын жаңбыр суларының орташа жылдық көлемі (WД) анықталған уақытта ағынның жалпы коэффициентінің мәні ΨД әртүрлі беттер үшін ағын коэффициенттерінің орташа мәндерінің ескерілуімен ағынның бүкіл ауданы үшін орташа өлшемді шама ретінде болады. Оларды төмендегідей алу қажет:

- су өтпейтін жабындар үшін 0,6 бастап, 0,8 дейін;

- топырақтың беті үшін - 0,2;

- гүлзарлар үшін - 0,1.

5.3-кесте - Ағын коэффициентінің мәні Ψ


Ағын бетінің немесе ауданының түрі

Ағынның жалпы коэффициенті Ψ

Шатырлар мен асфальтбетон жабындар

0,6 бастап, 0,8 дейін

Төсемелі жұмыр тас немесе ұсақталған тас

0,4 бастап, 0,6 дейін

Жолдар төселмеген қала кварталдары, шағын скверлер, бульварлар

0,2 бастап, 0,3 дейін

Гүлзарлар

0,1

Заманауи құрылыс нысандары салынған кварталдар

0,4 бастап, 0,5 дейін

Орташа қалалар

0,4 бастап, 0,5 дейін

Шағын қалалар мен ауылдар

0,3 бастап, 0,4 дейін

ЕСКЕРТУ Құрылыс салынуы әртүрлі үлкен елді мекендер мен аудандар үшін есептеген уақытта Ψ коэффициентінің мәні беткі жамылғының негізгі түрі мен ағынның ауданы Ψ коэффициенті мәнінің ескерілуімен орташа есепті шама ретінде анықталады.


5.2.5 Еріген сулардың орташа жылдық көлемі анықталған уақытта селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарынан келетін ағынның жалпы коэффициентін Ψт қардың жиналуының және су сіңетін бетке жартылай сіңіп кетуі есебінен судың жоғалуының ескерілуімен жылымық кездерінде 0,5 бастап, 0,7 дейінгі аралықта қабылдау қажет.

5.2.6 Ағын алаңынан ағатын суару, жуу суларының жалпы жылдық көлемі (Wм),м3 мына формула бойынша анықталады:


Wм = 10 · m · k · ΨM · FM, (5.4)


мұнда, m – жол жабындарын жууға жұмсалатын судың меншікті шығымы (әдетте, бір жуғышқа 0,2 л/м² бастап, 1,5 л/м² дейін қабылданады);

k – жуғыштардың бір жылдағы орташа саны (Қазақстан Республикасының түрлі аймақтары үшін мәні орта есеппен 100 мәртеден 150 мәртеге дейін);

FM – жуылатын қатты жамылғылардың ауданы, га;

ΨM – суару, жуу сулары үшін ағын коэффициенті (әдетте 0,5 болып қабылданады).


5.3 Тазалауға бұрған уақытта беткі тоспа сулардың есептелген көлемін анықтау


5.3.1 Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарынан тазалау құрылстарына бұрылатын есептелген жаңбырдың жаңбыр ағынының көлемі Wоч, м³, мына формула бойынша анықталады:


Wоч =10 · hа · Ψmid · F, (5.5)

мұнда, F – ағын ауданы, га;

hа – ағыны толығымен тазаланатын жаңбыр түрінде жауған жауын-шашынның ең үлкен қабаты, мм;

Ψmid – сыртқы беттің әр түрі үшін есептелген жаңбыр үшін ағынның орташа коэффициенті (ағын коэффициентінің Ψi тұрақты мәндеріне байланысты орта есепті шама ретінде анықталады) 5.10 кесте бойынша.

5.3.2 Бірінші топтағы селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдары үшін ha шамасы есептелген қарқындылықтың Р бір мәрте асырылу кезеңімен аз қарқынмен жиі қайталанатын жаңбырдан жауын-шашынның тәуліктік қабатына тең деп қабылданады – 0,05 жылдан бастап, 0,10 жылға дейін. Бұл Қазақстан Республикасының елді мекендерінің көпшілігі үшін беткі ағынның жылдық көлемінің кемінде 70% тазалауға алынуын қамтамасыз етеді.


5.3.3 Бастапқыдағы көрсеткіштер:

-  метеостанциялар нақты бір жердегі атмосфералық жауын-шашынға көп жылдардан бері жүргізіп келген бақылаулардың деректері (кемінде 10 жылдан 15 жылға дейін);

- жақын маңдағы репрезентты метеостанциялардың бақылау деректері.

Метеорологиялық станцияны егер төмендегі шарттар орындалса, ағынның қарастырылып отырған ауданына қатысты можно репрезентатты деп санауға болады:

- станциядан нысанның су жинау алабына дейінгі ара-қашықтық 100 км кем;

- су жинау алабы ауданының теңіз деңгейі мен метеостанция деңгейінен биіктік белгілерінің айырмашылығы 50 м аспайды.

5.3.4 Көпжылдық бақылау деректері болмаған жағдайда селитебті аумақтар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін ha шамасын Қазақстан Республикасының көпшілік аумағы үшін беткі ағынның жылдық көлемінің кем дегенде 70% тазалауға қабылдануын қамтамасыз ететіндей 5 мм бастап, 10 мм дейінгі аралықта қабылдауға жол беріледі.

5.3.5 Селитебті аумақтар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардан тазалау құрылыстарына жіберілетін еріген сулардың ең жоғары тәуліктік көлемі WТ тәул, м3 мына формула бойынша анықталады:


WТ тәул =10 ·Ψт ·Kу ·F· hc, (5.6)


мұнда, Ψт – еріген су ағындарының жалпы коэффициенті (0,5 бастап, 0,7 дейін қабылданады);

F – ағын ауданы, га;

hc – 10 тәуліктік сағатте егріген судардың қабаты, мм, нысанның орналасуына байланысты қабылданады;

Ку – қардың ішінара шығарылуы мен жиналуын ескеретін коэффициент, мына формула бойынша анықталады:

Ку=1 - , (5.7)


мұнда, Fу – қардан тазартылатын аудан (ішкі суағарлармен жабдықталған шатыр ауданын қоса алғанда).

Климаттық аудандардың параметрлері 5.4-кесте бойынша анықталады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Похожие:

Строительные нормы республики казахстан iconСтроительные нормы Республики Казахстан
...
Строительные нормы республики казахстан iconМажилис Парламента Республики Казахстан Пояснительная записка к проекту Закона Республики Казахстан «О судебно-экспертной деятельности в Республики Казахстан»
Истемы Республики Казахстан на 2014-2020 годы утвержденный Постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2014 года...
Строительные нормы республики казахстан iconПравительства Республики Казахстан от 9 октября 2002 года n 1102 Вопросы Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 28 августа 2002 года n 931 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы...
Строительные нормы республики казахстан iconПравительства Республики Казахстан от 7 октября 2002 года n 1096 Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 28 августа 2002 года n 931 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы...
Строительные нормы республики казахстан iconҚаулысы постановление правительства республики казахстан
В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года №986 «Об Антикоррупционной стратегии Республики...
Строительные нормы республики казахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 17 июня
В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 февраля 2002 года n 815 "О реорганизации государственного учреждения...
Строительные нормы республики казахстан iconКонцепция к проекту Закона Республики Казахстан
Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам всеобщего...
Строительные нормы республики казахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 24 июня 2002 года
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 июля 1995 года "О таможенном деле в Республике Казахстан" Правительство Республики...
Строительные нормы республики казахстан iconО концепции развития финансового сектора Республики Казахстан на 2007-2011 годы
В целях дальнейшего развития финансового сектора Республики Казахстан и приведения денежно-кредитной политики Республики Казахстан...
Строительные нормы республики казахстан iconРеспублики Казахстан Министерство обороны Республики Казахстан Комитет Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям
В общеобразовательных школах всех типов занятия по "Основам безопасности жизне-деятельности" проводятся по настоящей Программе (1998...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница