Строительные нормы республики казахстан




НазваниеСтроительные нормы республики казахстан
страница14/34
Дата конвертации06.02.2016
Размер3.79 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kazsu.astanainfo.kz/data/files/pic_57.doc
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34

9.2.5 Екі қабатты тұндырғылар мен ашықтандырушы-шіріткіштер


9.2.5.1 Негізделген жағдайда екі қабатты тұндырғылар мен ашықтандырушы-шіріткіштерді пайдалануға жол беріледі.

Екі қабатты тұндырғылардың бір қабатты немесе қосарласқан түрін қарастыру қажет. Қосарласқан тұндырғыларда шөгінді жиналатын науалардағы тоспа сулардың қозғалыс бағытының өзгеру мүмкіншілігін қамтамасыз ету қажет.

9.2.5.2 Қосарласқан тұндырғыларды 9.2.4.1 - 9.2.4.5, 9.2.4.11 - 9.2.4.16 сәйкес жобалау қажет. Бұл ретте төмендегілерді қабылдау қажет:

- шөгінді бетке қарай қалқып шығу үшін су айнасының бос бетін – жоспарда тұндырғы алаңының 20%;

-  шөгінді жиналатын жанындағы науалардың қабырғалары арасындағы ара-қашықтық – кемінде 0,5 м;

- шөгінді жиналатын жанындағы науалардағы қабырғалардың деңгейжиекке қарай көлбеуі – кемінде 50;

- қабырғалар бірін-бірі кемінде 0,15 м жауып тұруы тиіс;

- шөгінді жиналатын науаның тереңдігі 1,2 м бастап, 2,5 м дейін;

- шөгінді жиналатын науадағы саңылаудың ені 0,15 м тең болуы тиіс;

- науадағы саңылаудан бастап есептегенде бейтарап қабаттың септикалық камерадағы шөгіндінің деңгейіне дейінгі биіктігі 0,5 м тең болуы тиіс;

- септикалық камераның конусты түбінің көлбеуі – кемінде 30;

- алынатын шөгіндінің ылғалдылығы 90% тең болуы тиіс;

- шөгіндінің күлсіз затының ыдырауы 40% тең болуы тиіс;

- қалқымалы заттардың ұсталу тиімділігі 40% бастап, 50% дейін болуы тиіс.

9.2.5.3 Екі қабатты тұндырғылардың септикалық камерасының сыйымдылығын 9.9-кесте бойынша анықтау қажет.


9.9-кесте  - Екі қабатты тұндырғылардың септикалық камерасының сыйымдылық мәндері


Тоспа сулардың орташа жылдық температурасы, С


6,0

7,0

8,5

10,0

12,0

15,0

20,0

Септикалық камераның сыйымдылығы, л/адам-жылына

110,0

95,0

80,0

65,0

50,0

30,0

15,0

1-ЕСКЕРТУ  Екі қабатты тұндырғылардың септикалық камерасының сыйымдылығы оған тұнба аэротенктерден және көп жүктелетін биосүзгілерден толық тазалауға әперілген уақытта 70% және тұнба тұндырғылардан тамшылы биосүзгілер мен аэротенктерден бос емес тазалауға әперілгенде 30% көбейтілуі тиіс. Тұнба науадағы саңылаулардан төмен 0,5 м тереңдікте кіргізілуі тиіс.

2-ЕСКЕРТУ  Тоспа су сүзгілеу алаңына ашықтандыру үшін әперілген уақытта екі қабатты тұндырғылардың септикалық камерасының сыйымдылығын 20% асырмай азайтуға болады.


9.2.5.4 Ауаның орташа жылдық температурасы 3,5С дейін болғанда өткізу қабілеті 500 м3/тәул дейінгі екі қабатты тұндырғылар ауаның орташа жылдық температурасы 3,5С бастап, 6,0С дейін болғанда жылытылатын жайларға және өткізу қабілеті 100 м3/тәул дейін болғанда жылытылмайтын жайларға орналастырылуы тиіс.

9.2.5.5 Ашықтандырушы-шіріткіштерді концентрлік шіріткіштің ішіне орналастырылатын ашықтандырушы мен аэрациядан тұратын табиғи жинақталған құрылыс түрінде жобалау қажет.

9.2.5.6 Ашықтандырушыларды ішкі флокуляция камерасымен, үлестіретін ыдыс пен ашықтандырушыдағы су деңгейі әртүрлі болғандықтан, табиғи аэрацияланумен тік тұндырғылар түрінде жобалау қажет.

а) Ашықтандырушыларды жобалаған уақытта төмендегілерді қабылдау қажет:

- ашықтандырушының диаметрі - 9 м аспайды;

- үлестіретін ыдыс пен ашықтандырушыдағы су деңгейінің айырмашылығы – коммуникациялардағы арынның жоғалуының ескерілуісіз 0,6 м аспайды;

- ішінде 20 мин аспайтын уақыт тоспа сулар болатын кездегі флокуляция камерасының сыйымдылығы;

-  флокуляция камерасының тереңдігі 4 м бастап, 5 м дейін;

- тұндыру аймағындағы су қозғалысының жылдамдығы 0,8 мм/с бастап, 1,5 мм/с дейін;

- орталық құбырда 0,5 м/с бастап, 0,7 м/с дейін;

- орташа жылдамдықтың ескерілуімен флокуляция камерасының төменгі қимасының диаметрі 8 мм/с бастап, 10 мм/с дейін;

- флокуляция камерасының төменгі шеті мен тұнба жиналған бөліктегі шөгінді бетінің арасындағы ара-қашықтық – кемінде 0,6 м;

- ашықтандырушы түбінің көлбеуі – кемінде 50;

- қалқымалы заттар бойынша ластаушы заттар концентрациясының азаюы - 70% дейін және ОБТтол бойынша 15% дейін.

б) Өндірістік тоспа су шөгінділерінің салынуының тәуліктік дозасы тәжірибелік белгіленеді:

- ашықтандырушы қабырғалары сыртқы беті мен шіріткіш қабырғаларының ішкі бетінің енін – кемінде 0,7 м;

- түбінің көлбеуі – кемінде 30°;

- сыртқы қабықшаның гидромеханикалық әдіспен бүлінуі – шөгіндіні d қысыммен сақиналы құбырға сүйірмек арқылы 45 бұрышпен шөгіндінің бетіне әперу жолымен.

9.2.5.7 Шіріткіштің жобалаған уақытта төмендегілерді қабылдау қажет:

- шіріткіштің шөгіндінің ылғалдылығына және тоспа сулардың қыс мезгіліндегі орташа температурасына байланысты шөгінді жүктемесінің тәуліктік мөлшрлеме бойынша сыйымдылығы;

- шөгінді жүктемесінің тәуліктік мөлшерлемесін 9.10-кестеге сәйкес.


9.10-кесте  - Шөгінді жүктемесінің тәуліктік мөлшерлемесінің мәні


Тоспа сулардың немесе шөгіндінің орташа температурасы, С

6,0

7,0

8,5

10,0

12,0

15,0

20,0

Шөгінді жүктемесінің тәуліктік мөлшерлмесі, %

0,72

0,85

1,02

1,28

1,7

2,57

5,0

1-ЕСКЕРТУ Жүктеменің тәуліктік мөлшерлемесі шөгінді үшін 95% ылғалдылықпен көрсетілген. 95% басқа ылғалдылық кезінде Pmud, жүктеменің тәуліктік мөлшерлемесі кестедегі мәнді төмендегі ара-қатынасқа көбейту арқылы нақтыланады:




9.2.6 Септиктер


9.2.6.1 Тиісті негізделген жағдайда жер асты жағдайлары қолайлы болса, жер асты суларының деңгейі төмен болса, жер асты сулары мен су көздерінің ластанудан қорғалуы сенімді болса, климат жағдайлары қанағаттандыратын болса, тоспа суларды (суармалау алаңдарын, жер асты сүзгілеу алаңдарын, сүзгілейтін құдықтар мен траншеяларды, биологиялық тоғандарды, буландырғыш-тоғандарды және жинақтағыш-тоғандарды) объектілерден тазалаудың кәдімгі тәсілдерін қолдануға жол беріледі.

Алдын ала механикалық тазалау үшін 100 аспайтын ұқсас тұрғындарға қызмет көрсететін тоспа сулардың автономды тазалау жүйелерінде септиктерді қолдануға жол беріледі.

9.2.6.2 Септиктерді жер асты сүзгілеу алаңдарына, құм-гравий сүзгілерге, сүзгілейтін траншеялар мен сүзгілейтін құдықтарға келіп түсетін тоспа суларды механикалық тазалау үшін қолдану қажет.

9.2.6.3 Септиктің толық есептелген көлемін келесідей алу қажет: тоспа сулардың шығымы 5 м3/тәул дейін болса, кемінде 3,0 еселік тәуліктік құйылу, 5 м3/тәул артық шығым кезінде кемінде 2,5 еселік.

Септиктердің көрсетілген есептелген көлемін олардың жылына кемінде бір рет тазалану жағдайына байланысты қабылдау қажет. Тоспа сулардың қыс мезгіліндегі орташа температурасы 10С жоғары немесе бір тұрғынға келетін 150 л/тәул артық су бұру қалыпты болған жағдайда септик толық есептелген көлемін 15% батсап, 20 % дейін азайтуға жол беріледі.

9.2.6.4 Тоспа сулардың шығымына байланысты:

- тоспа сулардың шығымы 1 м3/тәул болғанда бір камералы септиктерді;

- тоспа сулардың шығымы 10 м3/ тәул болғанда екі камералы септиктерді;

- тоспа сулардың шығымы 10 м3/ тәул болғанда үш камералы септиктерді қарастыру қажет.

9.2.6.5 Бірінші камераның көлемін есептелген көлемге байланысты қабылдау қажет:

- екі камералы септиктерде 75%;

- үш камералы септиктерде 50%.

Бұл ретте екінші және үшінші камералардың көлемін есептелген көлемнің 25% алу қажет.

Бетон сақиналардан орындалатын септиктерде барлық камералардың көлемін теңдей алу қажет. Мұндай септиктерде жұмыс өнімділігі 5 м3/тәул артық болған жағдайда камераларды бөліктерге бөлмей қарастыру қажет.

9.2.6.6 Септиктен шығатын тоспа суларды зарарсыздандыру қажет болған жағдайда көлемін жоспарда кем дегенде 0,75 м х 1,0 м деп алу керек болатын жанаспа камера қарастыру қажет.

9.2.6.7 Ғимараттардан шығатын шығарулары қарайтын құдықтар арқылы септиктерге жалғануы тиіс.

9.2.6.8 Жеткізуші құбырдың лотогы септиктегі сұйықтықтың есептелген деңгейінен кем дегенде 0,05 м жоғары орналасуы тиіс. Жүзіп жүретін заттарды ұстап қалатын құрылғылар мен табиғи желдетілуді қарастыру қажет.


9.2.7  Тоспа суларды тазалауға арналған жұмыс өнімділігі төмен құрылыстар


9.2.7.1 Тоспа сулары біркелкі келмейтін, ластаушы заттарының температурасы мен концентрациясы төмен 5000 дейін балама тұрғыны бар елді мекендерден, бөлек тұрған кәсіпорындардан, вахталы ауылдардан, сауықтыру-рекреациондық және қонақ үй ұйымдарынан, әскері бөлімдерден, фермерлік шаруашылықтардан және т.с.с. шығатын тоспа суларды тазалау үшін тиісті тазалану нәтижесін көрсететін, уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау органдарымен келісілген жинақы биологиялық тазалау (я болмаса, қолайсыз климат жағдайларында, я болмаса маусымдық жұмыс кезінде – физика-химиялық тазалау) қондырғыларын пайдалануға жол беріледі.

9.2.7.2 Жұмысқа адам күшін барынша аз қажет ететін және бүкіл жүйенің басқарылуы қарапайым, индустриалдық дайындығы жоғары тазалау құрылыстарын қолдану қажет. Тазалау құрылыстары:

- жұқа қабатты тұндырғылармен;

- көп камералы аэротенктермен;

- флототенктермен;

- тұнба мөлшерлемесі жоғары аэротенктермен;

- флотациялық тұнба айырғыштармен;

- шөгіндінің аэробты тұрақтандырғыштармен және т.с.с. жинақталуы мүмкін.

9.2.7.3 Тоспа суларды айдаудың және тазалаудың технологиялық процесстері барынша механикаландырылған және автоматтандырылған болуы тиіс.

9.2.7.4 Жұмыс өнімділігі аз су бұру жүйелерінің құрылыстарынан тұрғын үйлер салынған шекараға дейінгі, қоғамдық ғимараттар учаскелеріне дейінгі және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына дейінгі санитарлық-қорғалған аймақтарды мұндай қысқаруды (құрылыстарды құрылыс нысанына қатысты жел тиетін жерге орналастыру, жабық құрылыстар орнату және т.б.) қамтамасыз ететін тиісті шаралардың ескерілуімен барынша рұқсат етілетіндей алу қажет.

9.2.7.5 Автономды жүйелердегі тоспа суларды алдын ала тазалау үшін 9.2.6-бөлімге сәйкес септиктерді пайдалануға болады.

9.2.7.6 Тоспа суларды физика-химиялық тазалау үшін төмендегі тәсілдерді қолдануға жол беріледі:

а) I - орташаландыру, коагуляция, тұндыру, сүзгілеу, зарарсыздандыру;

б) II - орташаландыру, коагуляция, тұндыру, сүзгілеу, озондау.

9.2.7.7  I тәсіл ОБТтол от 180 мг/л 15 мг/л дейін; II тәсіл қалған еріген органикалық заттарды тоспа суларды қатар зарарсыздандыру арқылы озонмен тотықтыру есебінен – 335 мг/л бастап, 15 мг/л дейін азаюын қамтамасыз етеді.

Реагенттер ретінде құрамында кем дегенде 15 % белсенді зат бар күкірт қышқылды алюминий, белсенді кремний қышқыл (БК), калицийленген сода, натрий гипохлоритін, озон пайдалану қажет.

9.2.7.8  I тәсілде сода мен озон қолданылмайды. Реагентьттердің мөлшерлемесі келесідей болуы керек:

-  кікірт қышқылды алюминий 100 мг/л бастап, 110 мг/л дейін;

-  БК 10 мг/л бастап, 15 мг/л дейін;

- хлор 5 мг/л (тұндырғыға әперілгенде) немесе 3 мг/л (сүзгінің алдында) болуы тиіс;

- озон 50 мг/л бастап, 55 мг/л дейін;

- күкірт 6 мг/л бастап, 7 мг/л дейін.

9.2.7.9 Тоспа сулардың аз мөлшерін тазалау үшін төмендегі қондырғыларды пайдалану қажет:

- жұмыс өнімділігі 3,0 мың м3/тәул дейін толық тотықтыру әдісімен жұмыс істейтін аэрациялық;

- жұмыс өнімділігі 0,2 мың м3/тәул бастап, 5,0 мың м3/тәул дейін артық белсенді тұнбаның тұрақтандырылуымен аэробты тұрақтандырылуымен аэрациялық;

- жұмыс өнімділігі 0,1 мың м3/тәул бастап, 5,0 мың м3/тәул дейін физика-химиялық тазалау.


9.2.8 Гидроциклондар


9.2.8.1 Тоспа суларды қалқымалы заттардан механикалық тазалау үшін ашық және арын гидроциклондарды пайдалануға жол беріледі.

9.2.8.2 Ашық гидроциклондарды гидравликалық ірілігі 0,2 мм/с артық қалқып шығатын және тұнбаға түсетін ірі дисперсті қоспаларды коагуляцияанған жүзіндімен бөліп алу үшін қолдану қажет. Арын гидроциклондарды тоспа сулардан ең алдымен, минералды тектес ірі дисперсті қоспаларды бөліп алу үшін қолдану қажет.

Гидроциклондар тоспа суларды ашықтандыру, шөгінділерді қоюландыру, әктас сүтті байыту, құмды органикалық заттардан, соның ішінде мұнай өнімдерінен жуу барысында пайдаланылуы мүмкін.

Тоспа суларды ашықтандыру кезінде көлемі шағын аппараттар тазаланудың жоғары нәтижесін қамтамасыз етеді. Минералды тектес шөгінділер қоюланғанда диаметрлері (150 мм артық) үлкен гидроциклондарды қолдану қажет.

9.2.8.3 Ашық гидроциклондар үшін меншікті гидравликалық жүктемені qhc, м3/(м2сағ) мына формула бойынша анықтау қажет:


(9.22)


мұнда, u0 – талап етілетін нәтижені алу үшін бөліп алу керек болатын бөлшектердің гидравликалық ірілігі, мм/сек;

Khc – гидроциклонның типіне байланысты болатын және төмендегі гидроциклондар үшін тең келетін пропорционалдылық коэффициенті:

- ішкі құрылғыларсы 0,61 тең;

- конусты диафрагмамен және ішкі цилиндрмен 1,98 тең;


а) орталық шығулары бар көпқабатты:


(9.23)


мұнда, nti – қабаттардың саны;

Dhc – гидроциклонның диаметрі, м;

den – шығулардың кең жері орналасатын шеңбердің диаметрі, м;

б) ашықтандырылған судың шетінен алынумен көпқабатты:

(9.24)


мұнда, n'ti – қабат жұптарының саны;

dd – қабат жұбының орташа диафрагмасы саңылауының диаметрі, м.


9.2.8.4  Бір аппараттың Qhc, м3/сағ жұмыс өнімділігі, мына формула бойынша анықтау қажет:


(9.25)


9.2.8.5 Ашық гидроциклондардан бөлінген шөгіндіні гидростатикалық қысымның астында гидроэлеваторлармен немесе механикаландырылған құралдармен алып тастау керек. Бетіне қалқып шығтаын қоспаларды, майлар мен мұнай өнімдерін жартылай батырылған қалқамен ұстап қалу қажет.

9.2.8.6 Арын гидроциклондарды ұсталатын заттардың ірілігіне  немесе олардың тығыздығына байланысты есептеу қажет.

Гидроциклонның диаметрін Dhc 9.11-кесте бойынша анықтау қажет.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34

Похожие:

Строительные нормы республики казахстан iconСтроительные нормы Республики Казахстан
...
Строительные нормы республики казахстан iconМажилис Парламента Республики Казахстан Пояснительная записка к проекту Закона Республики Казахстан «О судебно-экспертной деятельности в Республики Казахстан»
Истемы Республики Казахстан на 2014-2020 годы утвержденный Постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2014 года...
Строительные нормы республики казахстан iconПравительства Республики Казахстан от 9 октября 2002 года n 1102 Вопросы Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 28 августа 2002 года n 931 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы...
Строительные нормы республики казахстан iconПравительства Республики Казахстан от 7 октября 2002 года n 1096 Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 28 августа 2002 года n 931 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы...
Строительные нормы республики казахстан iconҚаулысы постановление правительства республики казахстан
В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года №986 «Об Антикоррупционной стратегии Республики...
Строительные нормы республики казахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 17 июня
В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 февраля 2002 года n 815 "О реорганизации государственного учреждения...
Строительные нормы республики казахстан iconКонцепция к проекту Закона Республики Казахстан
Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам всеобщего...
Строительные нормы республики казахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 24 июня 2002 года
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 июля 1995 года "О таможенном деле в Республике Казахстан" Правительство Республики...
Строительные нормы республики казахстан iconО концепции развития финансового сектора Республики Казахстан на 2007-2011 годы
В целях дальнейшего развития финансового сектора Республики Казахстан и приведения денежно-кредитной политики Республики Казахстан...
Строительные нормы республики казахстан iconРеспублики Казахстан Министерство обороны Республики Казахстан Комитет Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям
В общеобразовательных школах всех типов занятия по "Основам безопасности жизне-деятельности" проводятся по настоящей Программе (1998...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница