Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері




Скачать 38.21 Kb.
НазваниеЕсірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
Дата конвертации06.02.2016
Размер38.21 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minplan.kz/upload/iblock/5e8/Kosimsha.doc




Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы «___»_______ №______ және Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму

және сауда министрі міндетін атқарушының

2011 жылғы «___»_______ №______ бірлескен бұйрығымен бекітілген


Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері


1. Осы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері саласының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоспарлы тексерістер жүргізу үшін есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымындағы субъектілерді тәуекел топтарына жатқызу және субъектілерді іріктеу мақсатында әзірленді.

2. Осы өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

тәуекел – салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, тексерілетін субъектілер қызметінің нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортасына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттік мүліктік мүддесіне залал келтіру ықтималдығы.

Тексерілетін субъектілер - есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында әрекет етуші заңды тұлғалар.

3. Жоспарлы тексерулер жүргізудің мерзімділігі тәуекел дәрежесіне байланысты мына мерзімдерден:

жоғары дәрежелі тәуекел кезінде – жылына бір реттен;

орта дәрежелі тәуекел кезінде – үш жылда бір реттен;

елеусіз дәрежелі тәуекел кезінде – бес жылда бір реттен жиі емес аралықтарға белгіленеді.

4. Тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемдері 2 түрге бөлінеді:

1) объективтік – тексерілетін субъектілердің қызметін жүзеге асыру кезінде жол берілуіне байланысты айқындалады;

2) субъективтік – тексерілетін субъектілердің белгіленген талаптарды бұзуға жол беруіне байланысты айқындалады.

5. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелеріне бастапқы рет жатқызу жүзеге асыратын қызмет түріне байланысты тәуекел дәрежесін бағалаудың объективтік өлшемдерінің негізінде жүзеге асырылады:

жоғары дәрежелі тәуекел – есірткі құралдары мен психотроптық заттардың өндірісін және (немесе) көтерме сатуды жүзеге асыратын субъектілер;

орта дәрежелі тәуекел – прекурсорлардың өндірісін және (немесе) көтерме сатуды жүзеге асыратын субъектілер;

елеусіз дәрежелі тәуекел - прекурсорларды өзінің өндірістік қызметінде қолданатын субъектілер.

6. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша екінші рет жатқызу елеулі заң бұзушылықтар мен елеусіз заң бұзушылықтар жатқызылатын субъективтік өлшемдерді ескере отырып жүзеге асырылады.

7. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы кезіндегі елеулі заң бұзушылықтарға мыналар жатады:

1) аумақтық ішкі істер органының есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайды пайдалануға рұқсатының жоқтығы;

2) күзет және (немесе) дабыл сигнализациясының жоқтығы;

3) нөмірленген, баумен тігілген және Қазақстан Республикасы ІІМ ЕБҚКК-нің мөрімен бекітілген есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды есепке алу журналының жоқтығы.

8. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы кезіндегі елеусіз заң бұзушылықтар:

1) тексеру парақтарында көрсетілген тексерілетін субъектілердің объектілері және үй-жайлары «Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру тәртібі туралы» нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы № 141 бұйрығының (нормативтік актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1426 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келмеуі;

2) есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға рұқсат алған субъектінің қызметкерлерінде ішкі істер органдарының тиісті тексеруінен өткені туралы қорытындының болмауы;

3) есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға рұқсат алған субъектінің қызметкерлерінде наркологиялық және жүйке аурулары диспансерлерінен нашақорлық, уытқұмарлық және алкоголизм ауруларының жоқ екені туралы анықтамаларының болмауы;

Елеусіз дәрежелі тәуекел тобына кіретін тексерілетін субъектілер бірден астам елеулі не болмаса 3 елеусіз заң бұзушылыққа жол берген жағдайда орта дәрежелі тәуекел тобына ауыстырылады.

Орта дәрежелі тәуекел тобына кіретін тексерілетін субъектілер бірден астам елеулі не болмаса үш елеусіз заң бұзушылыққа жол берген жағдайда жоғары дәрежелі тәуекел тобына ауыстырылады.

Соңғы тексеріс кезінде тексерілетін субъектіден заң бұзушылықтар анықталмаған жағдайда объективтік өлшемдер бойынша жоғары дәрежелі тәуекел тобына жатқызылған заңды тұлғаларды (есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өндірушілерді және көтерме сатушыларды) қоспағанда, ол тәуекел дәрежесі кем топқа ауыстырылады.

9. Мыналар:

1) бұрын анықталған елеулі заң бұзушылықтар;

2) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының көлемі;

3) соңғы тексеріс күні бір дәрежедегі тәуекел объектілерінде тексеруді басым жоспарлау үшін негіз болып табылады.

Похожие:

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconМұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы»...
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconТелерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдері
Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекелдер деңгейлерiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconЖеке кәсіпкерлік субъектілерінің топтамаларын анықтау бойынша дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған жаднама
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің топтамаларын анықтау кезінде, соның ішінде салық салу мақсатында да анықтау кезінде қысқа әрі нұсқа...
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconНотариаттық қызмет саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесiнiң бағалау өлшемдерiн бекiту туралы
Республикасы Әдiлет министрiнiң «Нотариаттық қызмет саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесiнiң бағалау өлшемдерiн...
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconТуристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру
Зм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі–мемлекеттік...
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconҚазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру
Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп...
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconТуристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру
...
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Пәннің мақсаты тыңдаушыларды экономика, менеджмент, бизнес және кәсіпкерлік саласындағы консалтингтік қызметті жоспарлау және жүзеге...
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconНегізгі түсініктер мен терминдер
Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі. Кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница