Есiрткi, психотропты қ заттар, прекурсорлар ж ә не оларды ң за ң сыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi n 279-1 Заңы




Скачать 430.07 Kb.
НазваниеЕсiрткi, психотропты қ заттар, прекурсорлар ж ә не оларды ң за ң сыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi n 279-1 Заңы
страница1/3
Дата конвертации06.02.2016
Размер430.07 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://medialawca.org/old/files/iрткi.doc
  1   2   3
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы

мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан

Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279-1 Заңы

(2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

     1-тарау. Жалпы ережелер                                    (1 - 4 баптар)

     2-тарау. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер,      (5 - 31 баптар)

              прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi

              мемлекеттiк реттеу мен ұйымдастыру және

              олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс

              пайдаланылуына қарсы iс-қимыл

    3-тарау. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын        (32 - 37 баптар)

              адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету

    4-тарау. Қорытынды ережелер                                (38-бап)

 

Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР 05.05.00 ж. N 47-II; 31.05.02 ж. N 327-II Заңына сәйкес 1-бап өзгертілді  ; 2006.02.03  № 130-III  ҚР Заңымен 1- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бөлшек сауда - дәрігердің рецепті бойынша жеке тұтыну үшін есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату;

2) есірткілер - есірткі немесе психотроптық заттар ретінде жіктелген, оларды теріс пайдаланғанда туындауы мүмкін зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшін ықтимал қаупі бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген өсімдіктер, заттар немесе препараттар;

3) есірткі заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен қоса 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;

4) есірткі және психотроптық зат тектестер - құрылымы мен қасиеттері жағынан І, II, III кестелерге енгізілген заттарға ұқсас, еліртетін, күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін, химиялық құрылымы мен қасиеттері бар, оларды теріс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшін қауіпті және осы Заңмен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есірткі немесе психотроптық заттар ретінде бекітілмеген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;

5) есірткі, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативі (бұдан әрі - қамтамасыз ету нормативі) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшін заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;

6) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есірткі бар өсімдіктерді егуге, жинауға және дайындауға, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеуге, өндіруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері;

7) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - өзіне берілген құзырет шегінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестіретін орган;

8) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке өткізілуі;

9) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндіруді қоспағанда, жүргізілуінің көмегімен есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкін барлық процестер, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы;

10) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы;

11) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру - химиялық заттардан және (немесе) өсімдіктерден не басқа есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды сериялап алуға бағытталған процесс;

12) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесінде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын іс-әрекет, сондай-ақ олардың негізінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу;

13) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану;

14) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегінде есірткі, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөніндегі кез келген іс-әрекеттер;

15) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативі (бұдан әрі - тұтыну нормативі) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшін қажетті, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлімделген белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;

16) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзиті - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке үшінші мемлекеттің аумағы арқылы өткізілуі;

17) есірткі немесе психотроптық заттарды теріс пайдалану (есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтыну) - есірткі немесе психотроптық заттарды дәрігердің тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну;

18) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымда жүргені анықталған шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейіннен әкімшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негіз болып табылатын (шағын, ірі, өте ірі) мөлшердегі белгіленген түрлерінің тізбесі (2-қосымша);

19) көтерме сауда - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың ірі топтарын сату;

20) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімі (бұдан былай - Тізім) - халықаралық Конвенциялар негізінде нөмірленген және тиісті кестелер мен тізімге біріктірілген, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі (1-қосымша);

21) құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру - апиын көкнәрі мен сораны (каннабисті), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген, құрамында есірткі бар басқа да өсімдіктерді егу және өсіру;

22) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар өсімдіктерді жинау - халықаралық Конвенцияларға сәйкес Тізімге енгізілген, құрамында есірткі бар жабайы өсетін немесе егілетін өсімдіктерді жинау;

23) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелері - заңда белгіленген тәртіппен наркологиялық көмек көрсететін мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлімшелер немесе кабинеттер);

24) мәжбүрлеп емдеу - нашақорлықпен ауыратын адамды ерікті түрде емделуден жалтарған не есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтынуын жалғастырған жағдайда сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу;

25) медициналық куәландыру - есірткіден мастану күйін анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру;

26) медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден немесе емдеуден жалтару - есірткі немесе психотроптық заттарды теріс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары қызметкерінің медициналық куәландыруға немесе тексеруге қатысты өкімін қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрігердің белгілеулері мен ұсынымдарын орындамауы;

27) медициналық тексеру - "нашақорлық" деген диагноз қою немесе оны теріске шығару мақсатында адамды стационарлық жағдайда тексеру;

28) нашақорлық - организмнің физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын есірткі немесе психотроптық заттарға не сол тектестерге тәуелді болуға байланысты ауру;

29) нашақорлықпен ауыратын адам (нашақор) - қандай да болсын есірткі, психотроптық заттарға немесе сол тектестерге физикалық және (немесе) психикалық тәуелді, белгіленген тәртіппен медициналық мекеме "нашақорлық" деген диагноз қойған адам;

30) өз еркімен емдеу - нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе есірткіге шектен тыс салынудан науқастың өзінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен емдеу;

31) прекурсорлар - есірткі және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде БҰҰ-ның Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген заттар;

32) препарат - Тізімге енгізілген, құрамында бір немесе бірнеше есірткі, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар кез келген физикалық күйдегі қоспа;

33) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;

34) уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздеріне берілген құзырет шегінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

35) уытқұмарлық - есірткі және психотроптық заттардың әсеріне ұқсас психикалық елірме әсер туғызатын және республикалық заңнамалық актілер мен халықаралық Конвенциялардың Тізімдеріне енбейтін дәрілік препараттар мен табиғаты әртүрлі дәрілік емес заттарды шектен тыс пайдалану.

 

ҚР 05.05.00 ж. N 47-II; 31.05.02 ж. N 327-II  ; 2006.02.03  № 130-III  (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен  2-бап өзгертілді 

2-бап. Бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды жiктеу

1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiледi.

Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi ұсынылып отырған төрт кестеден және  тізімнен тұрады.

I Кестеге осы Заңның 18, 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасында айналымына тыйым салынған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.

II Кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес айналымы шектеулi және қатаң бақылауда тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.

III Кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес айналымы бақылауды тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.

IV кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1988 жылғы халықаралық Конвенциясына сәйкес айналымы бақылауда тұрған прекурсорлар енгiзiледi.

Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті және ветеринарияда қолдануға рұқсат етілген, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар тізіміне тиісті лицензиясы болған жағдайда диагностикалық, емдік және профилактикалық заттар ретінде пайдаланылуы мүмкін дәрілік препараттар енгізілген.

2. ҚР  2002 ж. 31 мамырдағы N 327-ІІ Заңымен алып тасталды

3.  ҚР  2002 ж. 31 мамырдағы N 327-ІІ Заңымен алып тасталды

4. Препараттарға қатысты олардың құрамындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға қатысты белгіленетін бақылау түрлері көзделеді.

Егер препараттың құрамында бір емес, бірнеше есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар болса, оған бақылаудың неғұрлым қатаң шараларына жататын есірткі, психотроптық зат пен прекурсорға қолданылатын бақылау қолданылады.

Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар және оларды шектен тыс пайдаланған жағдайда болмашы қауіп төндіретін және олардан аталған заттар оңай әдістермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттар осы Заңға сәйкес бақылауға жатпайды. Аталған препараттардың Тізімін, оларды бақылаудан алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделiп, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

 

4-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеудiң және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларының негiзгi принциптерi

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясат және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл;

1) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттiк бақылау жасау;

2) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер прекурсорлар айналымын және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды мемлекеттiк реттеу;

3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау;

4) мемлекеттiк және өзге де органдардың қызметiн ведомствоаралық және ведомствоiшiлiк үйлестiру;

5) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымын оларды шектен тыс пайдалануды тыюға бағытталған жұмысты ұйымдастыру мен жүргiзу мiндеттерiн кешендi түрде шешу;

6) нашақорлықтың және сонымен байланысты құқық бұзушылықтардың етек алып кетуiн көздейтiн алдын алу шараларын қамтамасыз ету;

7) нашақорлықтың және оған байланысты құқық бұзушылықтардың етек алуына қарсы күресте әлеуметтiк базаны кеңейту, оның iшiнде қоғамдық, дiни, халықаралық және басқа ұйымдар мен азаматтарды ерiктi негiзде тарту арқылы кеңейту;

8) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау, олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту принциптерiнде жүзеге асырылады.

 

  1   2   3

Похожие:

Есiрткi, психотропты қ заттар, прекурсорлар ж ә не оларды ң за ң сыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi n 279-1 Заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы»...
Есiрткi, психотропты қ заттар, прекурсорлар ж ә не оларды ң за ң сыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi n 279-1 Заңы iconАқтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
Ару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 «Қазақстан Республикасындағы...
Есiрткi, психотропты қ заттар, прекурсорлар ж ә не оларды ң за ң сыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi n 279-1 Заңы iconБiлiм туралы қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз n 254-256 Ескерту. Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 68-баптан қараңыз
Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм...
Есiрткi, психотропты қ заттар, прекурсорлар ж ә не оларды ң за ң сыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi n 279-1 Заңы iconҚызылорда облысы әкімінің дағдарысқа қарсы Іс-қимыл жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23...
Есiрткi, психотропты қ заттар, прекурсорлар ж ә не оларды ң за ң сыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi n 279-1 Заңы iconҚазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы n 603 Заңы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., n 21, 124-құжат; "Егемен Қазақстан" 2004 жылғы 16 қараша n 279-280
Есiрткi, психотропты қ заттар, прекурсорлар ж ә не оларды ң за ң сыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi n 279-1 Заңы iconҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз n 254-256
Есiрткi, психотропты қ заттар, прекурсорлар ж ә не оларды ң за ң сыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi n 279-1 Заңы iconРеферат Орындаған: Баймаханов А
Рз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және...
Есiрткi, психотропты қ заттар, прекурсорлар ж ә не оларды ң за ң сыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi n 279-1 Заңы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Есiрткi, психотропты қ заттар, прекурсорлар ж ә не оларды ң за ң сыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi n 279-1 Заңы icon«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 заңының 10-бабына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану...
Есiрткi, психотропты қ заттар, прекурсорлар ж ә не оларды ң за ң сыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi n 279-1 Заңы iconБiрiктiрiлген көрсеткiш пен кредиттер бойынша кешiрiлген
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница