Кіріспе




НазваниеКіріспе
страница4/8
Дата конвертации06.02.2016
Размер1.1 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.vira-ss.narod.ru/books/002004.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

БӨЛІМ 2. ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ОТАНДЫҚ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ


2.1 “Kami travel” туристік фирмасының қалыптасуы


Соңғы жылдары туризмнің барлық түрі дүниежүзі елдерінің артықшылықты шаруашылық саласы болып табылады. Қазіргі уақытта, туризм миллиондаған адамдардың күделікті өміріне кірді. Туризм ісін ұйымдастыру нарық экономикасымен үздіксіз байланыста, себебі қазіргі заманның туристік индустриясы ең жоғары табысты салалардың бірі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның (ВТО) мәліметі бойынша соңғы он жылда туризм табысы әр жыл сайын 7,9% - ке өсті, ал туристік табыс санының орташа өсуі 4,5% өсті. Белгілі бір елдердің табыстылығының өсуі жүз пайызды құрайды. БТҰ (ВТО) – ң болжамы бойынша, туризмнің дамуының көрсеткіштері үнемі өсуде. 2010 жылы туристер саны 1млрд адамға жетеді, ал 2020 жылы – 1 млрд 600 млн адамға өседі деп болжалады.

Туристік іс – жеңіл емес және бірден жоғары таббысты әкелетін іс емес. Бірақ, оның артықшылығы бар – ол адамның тұрақты баратын жерлері, ұшу күні мен уақытын алдын ала біледі.

Егер, өзінің барлық қимылдарын, яғни бағытты таңдаудан бастап, жарнамалық компанияға дейінгі іс - әрекеттерді ертерек есептеп, сонымен бірге бюджетті қатаң ұстау арқылы және кенет жағдайлардан шарттын бұзылуы кезінде сасып қалмайтын болса, жолпарланған табысқа жетуі әбден мүмкін.

Бірінші, бұл қызмет түрі маусымдық сипатта болғандықтан, әр маусымға («қыс демалыстарын» ұсыну, басқа қызмет түрлерін түрлерін табу) жәке бағдарламалар құру қажет.

Екіншіден, туристік сапар – бұл адамның адамның бірінші ретті қажеттілігі емес және халықтың табыс деңгейіне тікелей байланысты болады. Сондықтан турды қалыптастыруда бағдарлы болуы қажет.

Үшіншіден, біздің мемлекетімізде сыртқы туризм басым екендігі белгілі және ол мемлекеттің бюджетіне әсерін тигізеді, сондықтан демалыстың ыңғайлы шарттарын құрып, мемлекетімізге сырттан туристерді тарту бойынша шараларын мақсатты түрде жүзеге асыру қажет.

Ұлттық өмірде туризм, аз дегенде басқа да экономикалық және әлеуметтік қызметтер сияқты өндірістік мәнге ие. Қазақстан танытуда, оқуда, демалыста, қатынастар жасау мен көңіл көтері үшін, тұрғындары мен оның қонақтарымен оның қажеттіліктерін қамтамасыз ететін табиғи және мәдени ресурстарға бай болып келеді. Сондықтан, біздің турагенттіктер өз жеріміздегі туризмді жаулап алуға кірісті. Сонымен қатар, « Kami travel » туристік фирманың негізгі мақсаты саяхатты, экскурсияларды, жорықтарды ұйымдастыру мен жүргізу, өткізілетін іс – шараларына қатысуына адамдардың максималды санын тарту, туристерді жоғары сапалы қызмет көрсетуде іс – шараладың танымдылық, тәрбиелік, сауықтыру құндылықтарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар шаруашылық – қаржылық қызметке және адамдардың қауіпсіздігін көрсететін талаптардың орындалуын қадағалау.

“Kami travel” туристік фирмасы мына мекен жай бойынша орналасқан:

480004,Алматы қаласы

Қонаев көшесі 43, офис 201

Банктік реквизиттері:

АҚ «Еуразия банкі» Алматы қаласы

СТТН(РНН) № 600400519738

Факс: 2730536

Тел: 2663394


Ж.Ш.С. “Kami travel” 2003 жыл құрылған. Мемлекеттік лицензиясының берілген күні 10 желтоқсан, 2003 жыл. Осы қысқы уақыт аралығында Қазақстанның туристік нарығындағы мамандандырылған және алдағы қатардағы туристік қызмет көрсетулердің бірі болып табылады.

“Kami travel” тур фирмасының шығу тегі “Kami” – Камилла атты есіммен, “travel” – саяхат дегенмен байланысты. “Kami travel” тур фирмасында білікті мамандар жұмыс атқарады және олардың әр қайсысы туризм саласындағы жоғары класс және өз істерінің мамандары.


Заңды мәртебесі. Жарғылық қор

Кәсіпорыннң ұйымдастырушылық – құқықтық формасын тандау мәселесін шешу барысында, біз жауапкершілігі шектеулі шаруашылық қоғамдастықта тоқтадық. Неге?

Себебі, бұл нарықтық қатынастар шарттарында – ең икемді форма болып табылады. Ең алдымен, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ұғымын ашып көрсетейік.

ЖШС – бұл құрылтайшысы жеке немесе заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын. Мүліктің құру көзі – қатысушылардың қосқан үлесі болып табылады. Міндеттемелер бойынша жауапкершілікті барлық қатысушылардың үлесіне байланысты мойындайды және қоғам міндеттемелеріне жауап береді.

Жарғылық капиталдың минимальды көлемі 500 М.Р.П – ден (1 М.Р.П= 1092 теңге) жоғары, яғни 546000 теңгені құрайды. Бұл ақша сомасы бізге лайықты болып келеді, жұмысшылар саны 30 – дан аспауы керек.

Құру уақытында қоғамның жарғылық қорға құрылтайшылардың үлес көлемі келесіні құрайды.


1-Кесте.Қоғамның жарғылық қорға құрылтайшылардың үлес көлемі




Аты – жөні

Қор көлемі, тг

Пайыз есебімен

Бөлігі

1

Ауызбаева Г.С

15.000000

50%

2

2

Абдрахманова А.К.

15.000000

50%

2



2.2 “Kami travel” туристік фирмасының қоғамдық қызмет түрлері мен мақсаты

Туристік қызмет – туроператорлық және турагенттік қызмет, сонымен қатар саяхатты ұйымдастыру жөніндегі басқа қызмет.

Туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) қызметтің рсы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, ұсыну, және өткізу жөніндегі қызметі.

Туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және өткізу (халыққа сату) жөніндегі қызметі.

Тур – туристерді орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер кешені, экскурсиялық қызметтер, сонымен қатар гид – аудармашылардың көрсететін қызметтері мен саяхат мақсатына қарай көрсетілетін басқа қызметтер.

Турист – жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша болатын елді (жерді) аралап көретін және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсіби – іскерлік, спорттық, діни және өзге мақсаттарда кемінде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға.

Ішкі туризм: келуші – резиденттің осы ел экономикасының аумағы шагіндегі қызметі.

Келу туризмі: келуші – резидент еместің осы ел экономикасының аумағы шегіндегі қызметі, сол ел тұрғындары емес адамдардың, қандайда бір ел бойынша саяхат жасауы. Қазақстан Республикасынан басқа, кез – келген мемлекет олардың тұрақты мекені болатын, кез – келген жеке тұлғалар резидент емес болып табылады.

Шығу туризмі: келуші – резиденттің осы ел экономикасының аумағы шагінен тыс қызметі, кез – келген мемлекет тұрғынының басқа елге саяхатқа баруы. Азаматтығы мен ұлтына тәуелсіз Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан жеке тұлғалар Қазақстан резиденті болып табылады.

Ел ішіндегі туризм: келуші – резидент пен келуші – резидент еместің соы ел экономикасының аумағы шегіндегі қызметі.

Ұлттық туризм: келуші – резидент пен келуші – резидент еместің осы ел экономикасының аумағы шегіндегі және шегінен тыс қызметі.

Халықаралық туризм, келу туризмінен және шығу туризмінен тұрады.

Резидент – [латынша resident – орнында қалушы]- белгілі бір мемлекеттің аумағында тұрақты мекендейтін жеке тұлға, сондай – ақ онда өзінің қызметін тұрақты түрде жүзеге асыратын заңды тұлға. Қазақстанда салық салу мақсатымен мынандай түрлерге бөлінеді: 1) басталған немесе аяқталған салық жылындағы кез – келген тізбекті 12 – айлық кезеңде 183 күн бойында және одан да көп уақыт бойында республикада жүоген немесе шетелде республиканың мемлекеттік қызметін атқарып жүоген жеке тұлға. Жеке тұлғаның республикада болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылы ғана бұл тұлға резидент болса, республикада болған соңғы күннен кейінгі кезең үшін ол резидент ретінде қаралады. 2) Қазақстан заңдары бойынша құрылған заңды тұлға немесе оның Қазақстандағы басқару органдары орналасқан мекен.

Резидент емес – заңды ұйым немесе жеке адам, оның тұрақты орны басқа елде болды; резиденттер емес үшін салық салу және реттеу тәртібі резиденттер үшін қолданылатын тәртіптен өзгеше болады, ол көбінсе мемлетаралық келісіммен айқындалады.

1993 жылдан бастап, қызмет көрсетілген резидент пен резидент еместердің жалпы санына, жолдама мен турдың құңын төлеген туристердің саны жатады.

Рекреация – адамның демалу арқылы дене күші мен рухани күшін қайта қалпына келтіріп, жетілдіруі. Рекреациялық ресурстарға оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылатын қоршаған ортаның мына компаненттері жатады: климат, бедер, өсімдік, үстіңгі, және жер асты суы, соның ішінде минералдысы, жағажай, лайлы және шымтезекті батпақ, тұз және т.с.с.

Аумақтың емдік – сауықтыру әлуетін айқындайтын табиғи – климаттық факторлардан басқа, рекреаациялық ресурстарға туристік әлуетті айқындау көзқарасы жағынан зор маңызы бар тарихи – мәдени обьектілер: ертедегі храмдар, ұмытылмас орындар, сәулет жауһарлары, мұражайлар мен с.с жатады.

Қоғамдық қызмет түрінің мақсаты заң тарапынан тиым салынбайтын қызметтен табыс алу болып табылады.

Қоғамдық қызмет түрі болып:

  • Қазақстан Республикасында шетел туристеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру, коммерциялық негізде шетел туристеріне сапарларды сату, туризмнің жаңа бағыттарын құру және енгізу, ТМД елдері мен 3 – ші әлем елдерінің азаматтарына шетел сапарларын ұйымдастыру және сату;

  • Гидтер – тілмаш (аудармашы) қызметін ұйымдастыру мен ұсыну, кездесу өткізуді қамтамасыз ету, экскурсиялық қызмет көрсету, театрлы – көріністерді және басқа да шараларды, сонымен қатар, транспорттың кез – келген түріде транзитті туристер мен қоса, туристерге транспорттық және басқа да қызметтермен қамтамасыз ету;

  • Брондау, транспорт және қонақ үйлер және басқа да қызмет түрлерін келісім шарт негізінде жүзеге асыру, қызметке келісілген және туристермен төленген Қазақстан Республикасының территориясында ұсынуларын қамтамасыз ету;

  • Виза мен төлқұжаттарын рәсімдеу;

  • Мемлекет ішінде және оның сыртында делдалдық қызмет көрсету;

  • Шетел және шекарадан тыс туризмнің экономикалық тиімділігінің аз шығын шығару арқылы сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату бойынша іс – шараларды жүзеге асыру;

  • Ғылыми – техникалық, лизингтік, жарнамалық, патентті – лицензиялық, ақпараттық және өкілдік қызмет көрсету;

  • Қоғамдық тамақтандыру сферасында қызмет ету (мейрамхана, кафе, асханаларды қолдану);

  • Ойын – сауық индустриясы (казино, парктер, аттракциондар, концерттік қызмет, кафе, және асханалар);

Сонымен қатар, қоғам Қазақстан Респуьликасының заңдылығы бойынша тиым салыбайтын кез –келген басқа да қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.

Лицензиялауды қажет ететін қызметтің барлық түрлері, сәйкес келетін лицензияны алғаннан кейін қоғам арқылы жүзеге асырылады.

Туристік фирманың жұмысы. Қандайда бір турда сұраныс болса, сло клиентке оның бағасы, тұру шарттары, сол елдің ерекшеліктері, қонақ үйлер жайлы ақпаратпен қамтамсыз етеді және пайдалы кеңестер береді, буклеттер мен жарнамалық проспектілерді ұсынады.

Бұл жұмысты бағытына қарай сату жөніндегі менеджер немесе директор атқарады, сонымен қатар туристерге қызметті ұсыну ережелерімен таныстырады.

Содан кейін клиенттің көзіңше орынның бар – жоғы жайлы ақпарат алу үшін тіур операторға тапсырыс жасалады. Егер орын бар болған жағдайда клиент таңдаған сапарының (саяхатының) құнының 50% немесе толығымен төлеуі тиіс.

Директор немесе менджер, өздерінің бағыттары бойынша оператоға брондау тапсырысын жібереді және 3 күндік мерзімде турды бекітеді.

Тур құның операторға турды бекіткеннен кейін жібереді, тур құны комиссия % - ын қоса, прайст – бетте көрсетілген баға бойынша төлейді.

Содан кейін тұру, авиабилеттер ( таңдалған турға байланысты темір жол билеттері), медициналық сақтандыру ваучері бар коверт жіберіледі. Конвертті сондай – ақ тура кетер кезде ғана ашуға болады. Бұл жағдайда тур оператордың өкілі белгіленген уақытымен жерге келеді (мысалы, Алматы халықаралық әуежайынан ұшу алдында, тур оператор фирмасының өкілдерінің бәрі туристерді табло арқылы қарсалады.

Сонымен қатар, жолдама беріледі, ол туристік фирма мен клиент арасында келісім шарт жасалады.

Ереже бойынша тапсырысты алдын – ала жасайды, бірақ саяхаттың алдыңда клиентке қажет болса, иструктаж жасалады (кедендік рәсімдеулер, визалық рәсімдеулер), арнайы әдебиетті алуды ұсынады (жергілікті карта, жол бағдары, сөздік және тағы басқа).

Төменгі кестеден 2000 – 2005 жылдардағы туристік қызметпен айналысатан кәспорындар мен ұйымдардың саның көре аламыз, және бұл кестеде жылдан жылға туристік қызметпен айналысатын туристік ұйымдар мен кәсіпорындардың көбейгенні байқалады.


2-Кесте Туристік қызметпен айналысатын, кәіпорындармен ұйымдардың саны.



Жылдар

Кәсіпорындар саны

2000

352

2001

450

2002

454

2003

494

2004

500

2005

551



Диаграмма 1. Алматы қаласындағы туристік фирмалардың саны,2006ж


Жоғарыдағы диаграммада 2006 жылғы туристік фирмалардың саны көрсетілген. Алматы қаласында турагенттік фирмалардың басым 338 (31%), ал туроператорлық қызмет 194 (18%), туристік қызмет 18 (2%) және барлығы 553 (49%) екендігін көреміз.

Туризм – дем алыспен, бос уақытпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесуі. Тікелей байланысты жеке жәнеұжымдық толық жетілдірудің жолыретінде жоспарлануы, енгізілуі тиіс қызмет.

Біз туризм туралы айтқанда, туыстарымен, достарымен арым-қатынас жасайтын демалыстарын жақсы өткізетін адамдарды айтамыз. Бос уақытта олар спорттын әртүрлі түрімен айналысуға, атпен қыдыруға, серуендеуге, оқуға, әңгімелесуге және сонымен қатар қоршаған ортамен дем алуға, мүмкіндік алады. Туризм бойынша анықтамаға адамның түрлі сьездерге, конференцияларға қатысуы және басқа да іскерлік кәсіби қызметке қатысуын қосуға болады. Осыған байланысты “Kami travel” туристік фирмасының алға қойған мақсаттары өте көп. Бірақ бұл туристік фирманың негізгі мақсаттары болып:

  • туризімді дамыту;

  • туристерді барынша, мүмкіндігінше Қазақстан Республикасына тарту, шақыру;

  • ҚР мәдениетін дамыту;

  • туристік нарыққа толық шығу;

  • қаржының тұрақтылығына қол жеткізу;

  • кәсіпорынды кеңейту, шығарылатын туристік өнімдер көлемін өсіру;

  • бәсекелестік орта туралы маркетингті ақппараттарды жинау және талдау, тұтыну және талдау, тұтыну тауарлардың туристік нарықтағы сиымдылығы;

  • баға билігіндегі бірегей және серпімді жүйесін құрау;

  • жаңа туристік қызмет түрін қосу,

  • туризімдегі қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыру, ол қызметтің пайдалаылығына, нарықты алатын орны мен пайданы ҚР ешбір заңдарына қайшы келмей арттыру.

Біздің жеке тәжірибемізде көріп жүргендей көп туристік фирмалар оның ішінде даму үрдісіндегілер де бастапқыда басқару жүйесінде және қажетті қаржылық менеджіменті мен бақылаудың болмауына, туризімдегі бизнесті жеткілікті түрде ұйымдастырушылардың себеінен қаржылық тығырысқа тіркеледі. Сонымен қатар мұндай мәселелер көбінесе субъективтік әсерлерде кейін де басталыды. Мысалы, сұраныстың төмендеуі, салық заңдылықтарының кенеттен дұрыс іске аспауы. Сондықтан да, туристік фирманы үнемі пайдалылықты басқару да бизнесті ұйымдастырып отыру керек.

Өткен жылдағы (2006 жылғы) статистикалық көрсеткішке тоқталатын болсақ, онда туристік қызметпен айналысатын ұйымдардың және жұмысшылардың саны төмендегідей (кесте3).


3-Кесте. Туристік қызметпен айналысатын, кәсіпорындар мен ұйымдардың және жұмысшылардың саны






Кәсіпорындар саны, бірлік

Есептік кезеңдегі жұмысшылардың орташа саны

барлығы

Соның ішіндегі туристік қызмет түрі

барлығы

Соның ішінде

туроператорлық

турагенттік

экскурсиялық

басқалары

әйелдер

ерлер

Алматы қаласы

553

194

338

3

18

2565

1898

667

Алмалы ауданы

176

61

109




6

658

491

167

Әуезов ауданы

51

14

33

1

3

185

134

51

Бостандық ауданы

106

35

69




2

562

408

154

Жетісу ауданы

87

31

50

2

4

365

257

108

Медеу ауданы

114

47

65




2

713

549

164

Түркісіб ауданы

19

6

12




1

82

59

23


Барлық тур фирмаларды басқарылуына осылар белгілі;

  • ақппараттың тым артып кетіп, оның ішінде қажеттілердің жоқ болуы;

  • ақппараттың келіспей қалмағаны, яғни әр бөлімшелердің ұсынған мәліметтері;

  • стратегиялық жоспарлаудың пайдасыздығы мен жоқтығы;

  • қаржы ағымы бақылауға көнуі өте қиын, әсіресе жоспарлауы;

  • баға белдгілеідің ойланбаған және серпімді саясаты, нарықты және бәсеке ортасын өз уақытында өзгерту.

Осыған байланысты қажет тиімді менеджмент бизнес- үрдісін оң ұйымдастыруда. Басқару сапасын арттыру үшін туристік фирманы тиімді ұйымдастыру және туристік фирманың қаржылық құрылымын құру қажет. Жоспарлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, ақша қозғалысын бақылап, талдау керек.

Жоғарыда айтылған барлық мәселелерді ескере отырып, Ж.Ш.С. “Kami travel” тур фирмасында тиімді басқару жүйесі тұрақты негізде жүріп отырады.

Ж.Ш.С. “Kami travel” туристік фирмасының атқаратын қызметтері;

  • туристік операторлық қызмет. Бұл қызметтің түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаның туристік өнімді қалыптастыру, ұсыну және өткізу жөніндегі қызмет;

  • тур агенттік қызмет. Қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және өкізу (халыққа сату қызметі);

  • тур. Туристерді орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер кешені;

  • экскурсиялық қызмет.

  • Гид аудармалы қызметі- кәсіби мамандандырылған жеке тұлғаның туристерді белгілі бір елде уақытша болуына байланысты туристік ресурстармен таныстыру қызметі.

“Kami travel” тур фирмасының негізгі жұмысының бірі болып виза ашу процессімен, авиа билеттерді брондау болып табылады.

Виза ашу процессі – бұл әр мемлекетте, әр ұлтқа әр түрлі құжаттар мен әр түрлі құрылымдар болады. Қазақстан Республикасында туристер бір ай болатын болса, онда виза ашу міндетті емес, ал одан көп уақытқа болатын болса онда міндетті түрде виза ашу керек. Виза үш айға, алты айға, тоғыз айға одан да ұзағырақ берілуі мүмкін. Ол туристің қалауы бойынша. Визаны ашу үшін біз туристің құратын және өтінішін шетелдік істер министірлігіне (МИД) тапсырамыз, ол жерде сол турист жайлы, не мақсатпен келетіні туралы, қанша уақытқа келетіні туралы, Қазақстан Республикасына заңына сәйкес барлығы қарастырылып, соңында шешім қабылданады.

Авиа билеттерді брондау - “Kami travel” туристік фирмасы Air Astana компаниясы мен жұмыс істейді. Егер тур фирмаға билетті брондау керек болса, ол телефон шалып брондай алады және Air Astana осы жұмыс үшін “Kami travel” тур фирмасына 15% комиссионный береді. Сонымен қатар туристерді қабылдау, орналастыру, почта арқылы ұсыныс жіберу, ұсыныс қабылдау қызметтерін атқарады.

Туритерге қызмет көрсету бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Кіріспе iconИнфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе
Кіріспе 3
Кіріспе iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
Кіріспе
Кіріспе iconIi мазмұны Кіріспе
Кіріспе «Геронтология және гериатрия» жас ерекшелігі физиологиясын, қартаю заңдылықтарын, егде және қарттык кезеңдегі ауруларды зерттейтін...
Кіріспе iconПән: «клиникалық медицинаға кіріспе»
Силлабус ішкі аурулары пропедевтикасы кафедрасымен 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Медиициналық клиникаға кіріспе»...
Кіріспе icon«Мамандыққа кіріспе» пәнінен барлық мамандық студенттеріне арналған
ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Кіріспе iconШетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар
Т93 Тіл біліміне кіріспе: дәрістер конспектісі/құраст. О. Қ. Жармакин. –Павлодар, 2007. – 81б
Кіріспе icon«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
«жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені
Кіріспе iconДәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік
Халық саны жыл сайын 12ж милрядқа өсуде. Африкада мемлекетде азық тапшы. Дүние жүзінің көп бөлігін азық құрайды. Балық шаруашылығы...
Кіріспе iconКіріспе: Экология ғылым ретінде анықтамасы
Кіріспе: Экология – ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, есептері және әдістері. Экологияның даму тарихы. Экология – табиғатты...
Кіріспе iconКіріспе

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница