Кіріспе




НазваниеКіріспе
страница3/8
Дата конвертации06.02.2016
Размер1.1 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.vira-ss.narod.ru/books/002004.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару, Қазақстанның шетелдерге насихатталуы


Қазір туризм инфрақұрылымын дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп, барлық жұмыс заң негізінде жүзеге асырылып жатыр. Туриза әкімшілігі индустрияны дамыту жолдарын іздестіру мақсатында бірқатар шаралар атқарды. Соның нәтижесінде туристерге арнап қонақүйлер, сауықтыру нысандары мен басқа да қызмет көрсету мекемелерін салу және туризм индустриясына қаржы бөлу мәселесі оң шешіле бастады. Қолда бар деректерге жүгінсек, бүгінде республикада туристерді орналастырудың 400 –дей нысаны бар. Сонның ішінде 239 қонақүй, 34 санаторий, 29 демалыс аймағы, 26 демалыс үйі, 17 туристік база, 13 сауықтыру лагері, 11 санаторий – профилакторий, 10 аішы үйі мен 8 профилакторий жұмыс істейді. Туристік нысандар мен туризм саласына қатысты басқа да жұмыстарды қаржыландыруға 2001 жылы 22 млрд. 447 млн. Теңге бөлінсе, 2002 жылы бұл сома - 28 млрд. 194 млн. 328 мың теңгені, 2003 жылы 30 млрд. 115 млн. Теңгені құрады. Бұл қаражаттың басым бөлігі жергілікті бюджеттен және жеке кәсіпкерлер тарапынан қарастырылды.

Туризм инфрақұрылымының дамуы тек жылжымайтын мүліктерге ғана емес, сондай – ақ колік қатынастары қызметімен де тығыз байланысты. Қазіргі таңда еліміз туристерді көліктің бірнеше түрімен тасымалдауға назар аударып отыр. Республика бойынша шетел туристерін тасымалдау мақсатында әуе, темір дол, автокөлік қатынастары іске қосылған. Шетелдің 6 әуе компаниясы жұмыс істейді.

Ал, экономикамыздың күретамыры – темір жолға келсек, шетел туристерін елімізге жеткізу үшін бірнеше бағыттар іске қосылды. Солардың ішінде «Қазақсатан темір жолы» ұлттық жолаушылар тасымалдау» компаниясы туризм әкімшілігімен және «Тұран Азия» компаниясымен бірлесіп, «Жібек жолының маржаны» атты арнайы бағыт жобасын әзірлеген болатын. 2002 жылы оның алғашқы бағыты Алматы-Тараз-Шымкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы қалалары бойынша жүзеге асты. Енді осы бағытты Теһранға, одан әрі Бейжіңге дейін жалғастыу қолға алынды.

Туристерді автокөлікпен тасымалдау мәселесі де өзінің маңыздылығын ешқашан жоймақ емес. Қазіргі кезде біздің елдің автокөлік жолдары ірі туристік нысандарымызды шетелдермен байланыстырып отыр. Осы орайда көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін әуе, автокөлік және темір жол нысандарының материалдық-техникалық базасын тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіп, туристерге қызмет көрсету саласын дамыту керек деп есептеймін. Біз туристік ұйымдардың қызметіне де қатаң талаптар қоюымыз қажет. өйтпеген жағдайда саланы дамытуда біраз кедергілерге тап болатынымыз анық.

Туристік инфрақұрылым, оның менеджментін жақсарту саласында келімді – кетімді адамдарды сапалы азық – түлікпен, дәмді тағаммен қамтамазыз ету де жатады. Кейінгі жылдары облыс экономикасының едәуір іргерілеуі бұл мәселені де шешуге мүмкідік береді деп ойлаймыз. Мәселен, 2000 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда, Алматы облысында биыл ет және үй құстары өнімдері - 8,7%, жеміс – көкеніс шырыны - 2,2 есе, қоытылған сүт пен қаймақ - 63,5% дәнді дақылдар ұны - 38,7%, коньяк және коньяктік ішімдіктер - 5,8 есе, жүзім шарабы 55,4% өсті.

Тарихи және мәдени орталықтардың тағы бір ерекшелігі – олардың таяулы аймақтарға, өзен-көл жағалауларына жақын орналасуы. Сол себептен қазақтың көрікті табиғатын, саятшылық өнерін, балық аулау кәсібін этнографиялық жақтан әдептеу де туристік индустрияның табыс көзі болмақ. Маусымдық туризмге орай, қыстың күні қыратты аймақтарда шаңғы тебу, ат шана, түйе шанамен қыдырыс жасау да қызықтың оқшау бір түрі ретінде бағаланбақ.

Қазақ елі, қазақ табиғаты кімді таң қалдырмаған. Заты поляк, жаратылысы бостандықшыл Адольф Янушкевич: «Аппенин биігінен екі теңізге көз жіберген кездерімде болған: ол бір ғаламат картина еді ғой, оның өзі менің жүрегіме тамылжытқан әндей сыбыр қағатын; бірақ тіпті кондордың қанатына міне Кордильердің ең биік шыңына ұшып шығып, сол жерден көз тастасам, дәйім табан астында жатқан мұхитқа көз тояттасам да, мына аласа төбенің басында тұрып, айналамдағы мына шөлейттерді, айнадай суларды, қол созымдағы тауларды, төбемдегі мынадай аспанды көрген бүгінгі күнімдей күн кешпес едім», - деп жазды Алатау жағасында тұрып.

Міне, осындай асыл табиғат, саф ауа Жетісу жерінің берекесі ғой. Мұндай өлкедегі рекреациялық туризмге кім қызықпайды? Жетпісінші жылдардың басында Иран тағының мұрагер – ханзадасы осы маңайда, Лепсінің ар жағындағы Жасылкөл жағасында демалуы бекерден бекер емес шығар.

2001 жылдың 13 маусымында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңды басшылыққа және әлемдік туризм тәжірибелерін еске ала отырып, қазақ жеріндегі бұрынғы тазы жүгірту, құс салу, үкі асырау үрдісін, құрт, қызыл ірімшік қайнату, қазы айналдыру, қымыз ашытудың ұлттық технологиясын жолға салып, ретке келтіру қажет. Қазіргі шет ел туристерін зауыт – фабриктер, олар шығарған өнімдер қызықтырмайды. Оларды еліміздің өіне тән табиғи дәстүрлері мен салттары ғана елең еткізеді. Сондықтан тарихи және мәдени мұражайларға таяу ұзын жолдың бойында ұлт аспаптарында ойнаушыларды, ұлт дәмханаларын, ши, өрмек тоқу, тері илеу, күдері дайындау, қамшы өру, арқан есу, білезік, сақина соғу шеберлерін тұрақты орналастыру мәселесін шешу керек.

Осы жерде бұрынғы Үйгентас ауданының Көкжар елді мекенінде марал шаруашылығы, бал өндіру орталығының жұмысы жақсы жолға қойылғаның айта кеткен жөн. Бұл маңда аю, сілеусің, барыс, жабайы шошқа сияқты аңдар, жабайы құстардың неше түрі мекен ететіні турист қауымын қызықтырмай қоймайды.

Египет пирамидалары жанындағы түйемен, Үндістандағы пілмен қыдырту үлгісі біздегі өгізбен, сәйгүлікпен жер шолу сияқты өзіміздік өрнектерге ұласқан абзал.

Тарихи мекен – жайлар ежелгі салт – дәстүрмен, этнографиялық айшықтармен тығыз байланысты болғандықтан, ғылыми қызметкерлер көмегімен қазақтың ежелгі көшін шет елдік туристерге тамашалау, «Қыз Жібек» жырындағы көш легін реконструциялау ісін бір ізге салған жөн. Бұрынғы көші – қон дәстүрі де туристерді қызықтырмай қоймайды.

Осы заманғы инфрақұрылым, туристік менеджментті ұйымдастыру үшін спутниктік, талшықты – оптикалық, байланысты жолға қою қажет. Халықаралық «Паблик релейшнстің» тұрақты приципі «ауқымды ойлап, абайлап қимылда» болу керек. Туристік бизнес табиғатына дөп келетін Туризм ханшасы конкурсын, сәйгүліктер көрмесін, қыран құстар мен құмай тазы саятын, қошқарлар жекпе – жегін, қораздар майданын жасап шығарудың да маңызы ерекше деп білеміз.

Біз ұсынар және бір бағыт – шет елдік туристерді ескі қалалардағы қазба жұмыстарымен таныстыру, оларға палеонтологиялық зерттеулер нәтижелерін көрсету. Бұл да, біздіңше, игілікті шаруа. Айталық, Талдықорғанда өлкетану мұражайында тұрған мүйізтұмсықтың жілік сүйегі қиялы жүйрік турист қауымына ертегідей елес бермей ме.

Біздің тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау хақында жаңа тұжырым ұсынып отырмыз. Ондаағы басты идея – тарихи, мәдени игіліктердің көсегесін көтеру үшін оны туристік бизнеспен, жарнамалық ақпаратпен тығыз байланыста дамыту идеясы. Біз қазіргі нарықтық заманда осындай экономикалық шаралар арқылы бюджеттік қаржыға қараған тарихи және мәдени орталықтарының жұмысын жандандыруға, тіршілігін жақсартуға болады деп ойлаймыз.

Міне, осындай өзара көмек, демеу арқылы жанданған салаға мемлекет те, сырқы және ішкі инвесторлар да көмек беруге мүдделі болады.

Туристік бизнес туралы сөз қозғағанда, біз оның бұрынғы дәстүрлі сипаты жойылып бара жатқаның ескерте кеткіміз келеді. Әлемдегі туристік тенденцияны бажайласақ, экологиялық, орнитологиялық, ботаникалық, экзотикалық, шытырманды оқиғалық туризмге көңіл қоятындар қатары көбейіп келе жатқан сықылды. Adventure деп аталатын мұндай топтарға пәлендеә керемет жағдай қажет емес. Кемпингтер, киіз үйлер, ішер ас, дос пейілді халық болса болғаны. Бүкіл дүние жүзінде тарайтын «Дискавери» каналының «Саяқ планете» («Одинокая планета») хабары осындай жандарға арналады.

Еліміздің әрі арзан, әрі тиімді дәл мұндай бизнес саласын жолға қоюға шамасы әбден жетеді. Қазақстандық туристік фирмалар жыл сайын Лондонда өтетін биржаға қатысып өздерінің ресурстарн әлемдік сауда сахнасына шығарып, стратегиялық және тактикалық жарнама әдістерін шебер пайдалана алғаны жөн.

Дүниежүзілік Туристік Ұйым (ДТҰ) жылма – жыл статистикалық жинақ шығарып отырады. Бір өкініштісі, бұл кітапқа Қырғыстан еніп, Қазақстан кірмей қалған. Ендеше, қазіргі таңда осындай көкейкесті мәселені мемлекеттік дәрежеде жедел шешіп, экономикалық пайданы да, халықаралық қауымдастық алдыңдағы ел беделін де дұрыс пайдаланған ләзім. Қазақстанның шетелдердегі өкілдіктері, мемлекеттік телерадиоканалдарды, газет – журналдарды осы мәселелермен тікелей шұғылданса, Қазақстанның тарихи, мәдени мұрағаттарын елшіліктер өз мүмкіндіктеріне қарай жұмыс істеп жатқан елдер жұртына жеткізіп отырса, еліміздің өркениет саласына, мәдениет қуатына қосқан зор үлес болар еді.

Осындай өнеге көршілес Қытайда, Үндістанда бар. Мысалы, Джавахарлал Неру атындағы сыйлықтың иегері Әнуар Әлімжановтың 70 жылдығына орай, Үндістан елшілігі өткізген қабылдауда Төтенше және өкілетті елші Саед Раза Хашим мырза қазақ жазушысының шығармашылық әлемін, қазақ – үнді достастығын нығайту жолындағы істерін жоғары бағалай келеп, оның қандастары бұл игі дәстүрді ілгері апарса деген тілек айтты.

Тарихи және мәдени байланыстар, туризмді дамыту бағыттары туралы елшілік материалдарымен танысқанымызда, Үндістандағы туристік маршруттар Дели, Агра, Гоа, Варанаси, Мумбай, Джайпур сияқты тарихы да, мәдениеті ежелден қалыптасқан елді мекендерді көктей өтетініе байқадық. Бір ғана Тәж – Махалға жылына 2 миллион турист келіп – кетеді екен.

Туристік индустрия саласында бұл мемлекет айта қаларлықтай көмек көрсетіп отырады. Мемлекеттік туристік офистердің Үндістандағы саны 21 болса, шетелдердегі өкілдіктердің саны 17 көрінеді. Бұл тізімнің ішінде бұрынғы Кеңес Одағы республикаларынан тек Ресей бар.

Орталық Азия мен Үндістанның арасындағы рухани сабақтастықтың материалдық белгісі – Нью-Делидің Үндістан ұлттық мұражайындағы Аурелл Стейннің коллекциясы. 12 000 заттан тұратын бұл жиналымда тек Орталық-Азия бұйымдары ғана бар. Реті келгенде осындағы бізге қатысты көне кітаптардың, ежелгі мүсіндердің көшірмесін туған топыраққа жеткізуге болар.

Ендеше, ұлы Мұхтар Әуезов, кейіннен Әнуар Әлімжанов салған жолды жетімсіретпей, Үндістан бізге, бізден Үндістанға тартар маршруттарды кеңейте түскен жөн.

Қазақстан туризм саласында дүниежүзілік тәжірибені, ғалымдар болжамын ескере отырып, төл туристік бизнесін жедел тамытуға күш салуы тиіс. Жалпы, тарихи, мәдени байланыстар халықтың пиғылын, мемлекет азаматтарының ой - өрісін көрсетеді. Тарихи мұрағаттар да, туристік бизнес те болашақта қызмет етеді, стратегиялық идеяларды жүзеге асыруға тартылар көпір болады.

Кластер – бір – біріне жақын орналсқан, біріне – бірі байланысты, өзара шаруаларын толықтыра алатын, белгілі бір салаларда еңбек ететін кәсіпорындар мен ұйымдар тобы. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, ел экономикасын дамытуға туристік кластер де қомақты үлес қоса алады, өйткені, бізде туризмнің мәдени – танымдық, экономикалық, іскерлік, сауықтыру бағыттарындағы түрлері де дамып келеді. «Маркетинг және талдау орталығы» мен америкалық «Austin Associaties» және «Economic Competitiveness Group» компаниялары бірлесіп, Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туризм қызметін реттеу комитеті өкілдерінің қатысуымен туристік кластер жобасының алғашқы нұсқаның жасаған еді. Ал ел экономикасын кластерлік басқару туралы қабылданған жаңа жобаға келсек, оның негізгі мақсаты еліміздің өндеуші салаларын тұрақты түрде дамыта отырып, бәсекеге қабілеттігін арттыру шараларының жоспарын жасау болып табылады. Соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын көбейтуге, өткеру нарығы неғұрлым қажетсінетін тауарларды экспортқа шығаруға, мұнай өндіруге тәуекелділікті азайтуға, елімізде дамыған салалық кластерлер қалыптастыруға қол жеткізу сияқты ауқымды міндеттер орындалуы тиіс.

Жақында Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туризм қызметін реттеу комитеті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында туризм саласына қатысты қойған міндеттерді іске асыру мақсатында туризм дамытуға мүдделі өзге де министрліктер мен ведомстволармен бірлесіп Үкімет жанындағы туризм жөніндегі кеңеске арнайы жоспар мен туристік кластер жобасын ұсыну керектігі жөніндегі шешім қабылдады.

Бүгінде туризм – қай елде болсын бәсекеге қабілетті, қаржыны көп талап ететін сала болып табылады. Сол үшін барлық елдер оған қаржыны аямай төгіп жатыр, бұл сайып келгенде мемлекеттің имиджін қалыптастыру үшін жұмсалып жатқан нәрсе ғой, яғни Қазақстанның шетелдерге қалай насихатталып жатқандығы. Қазір біздің ел шетелдермен Бүкіләлемдік Туристік ұйыммен қарым – қатынас арқылы және өзге жеке бастамалар арқылы насихатталып жатыр. Бүкіләлемдік Туристік Ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымының туризмді дамыту мақсатында арнайы құрған ұйымы. Қазір еліміз аталмыш ұйыммен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Оған мысал ретінде биылғы жылдың сәуір айында Алматыда Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның Еуропалық комиссиясының 45-мәжілісінің өткенің айтуға болады. Бұл жиынға Еуропаның 42 елінің ұлттық туристік әкімшіліктері қатысты. Біз алдағы уақытта да Бүкіләлемдік Туристік Ұйыммен байланыс жасайтын боламыз. Өйткені, бұл еліміз үшін өте қажетті нәрсе. Қазақстан аталмыш халықаралық ұйымға 1993 жылдан бері мүше болып келеді, 2000 жылдан бері оның ұйытқы болуымен өткізілген барлық халықаралық шараларға, Берлин, Мәскеу, Лондон, Мадрид қалаларында ұйымдастырылатын халықаралық көрмелерге қатысудамыз. Осы орйда, отандық туристік ұйымдардың шетелдерге өтккізілген көрмелерге Қазақстан туралы танымдық дүниелерді апарып, насихст жұмыстарын жүргізіп жатқаның атап өткеніміз жөн. Мәселен, 2004 жылы туристік ұйымдарымыздың қызметін әлемнің 60-қа жуық елдерінің турстері пайдаланыпты. Бұл Қазақстанның әлем елдеріне ойдағыдай насихатталып жатқанын көрсетеді. Енді келесі жылы біздің ел Қытайдың Шанхай қаласында өтетін «WTF», Кореяның Сеул қаласында болатын «KOTFA» көрмесі мен Жапонияның астанасы Токио қаласында өтетін «SATS» атты көрмеге қатысады. Ал, өіміздің Алматы қаласында мұндай көрмелер 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Астанада мұндай көрмелер 2004 жылдан бері өткізіле бастады. Сол кезде елордада «Астана – Leasure» атты халықаралық көрме ұйымдастырылған еді.

Бұл көрмелерден басқа, біз тағы мынадай үкен шараны өткізіді жоспарлап отырмыз. Мәселен, біздің еліміз Макао мен Сальвадорда Бүкіләлемдік туристік ұйымның атқарушы кеңесіне мүше болуға өтініш жазған еді, егер БТҰ-ның атқарушы кеңесіне мүше болып қабылдансақ, бұл еліміздің туризмдегі имиджін арттыруға мүмкіндік береді. Тағы бір атап өтетін нірсе, осы жиында біз 2009 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас Ассаблеясы міжілісін Астанада өткізіге де өтініш білдірдік. Бұл жұмыстардың бәрі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Испания Корольдігіне жасаған ресми сапарында жасала бастады. Сол кезде Мемлекет басшысы Мадрид қаласындағы ЮНВТО – ның штаб – пәтеріне арнайы барып, аталмыш ұйымның жұмысымен етене танысқан болатын.

Жалпы айтқанда, қазіргі таңда Бүкіләлемдік туристік ұйымның біздің елге деген сенімі зор. Өйткені, Қазақстанда саяси тұрақтылық бар, халақтар арасында достық пен ынтымақтастық қалыптасқан, одан кейін туристерді қызықтыратын тамаша жерлеріміз бар. Осының бәрі еліміздің саяси имиджін қалыптастыруға өз септігін тигізуде. Саяси имидж дегеннен шығады, қазір еліміз еліміз көптеген халықаралық беделді ұйымдардың бас қосатын жеріне айналған. Мәселен, Азиядағы ынтымақтастық және өзара сенім шаралары жөніндегі кеңестің самиттері, Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиындары, Әлемдік және дәстүлі діңдер лидерлерінің сьезі, Еуразиялық медиа – форумның мәжілістері, бәрі-бәрі біздің елде өтеді. Бұл шаралар Қазақстанның саясы тұрақты, бейбітшіл ел екенін көрсетеді.

Қазіргі таңда кез келген елдің туризмдегі имиджін қалыптастыруға ақпараттық технологиялардың әсері көп. Біз еліміздің туризмін дүниежүзінің туристік қызмет көрсету нарығына наихаттау жөнінде стратегия жасағанда, ең әуелі осы мәселеге баса назар аудардық. Қазір өзінізге белгілі, коммерциялық фирмалардың шетел тұтынушыларына жарнама жасау мүмкіндігі аз. Осыған орай, Туризм және спорт министрлігі тарапынан елімізге ең көп туристер келетін Батыс елдеріне насихаттау мақсатында жұмыс істеп жатыр. Мәселен, қазір Қазақстан жөнінде BBC,CNN, Euro News телеарналарында бейнероликтер көрсетілуде. Онда еліміздің туристік мүмкіндіктері насихатталуда. Осы жұмысқа қатысты біз тағы туризм және спорт министрлігінің шетелде өкілдіктерін ашуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа министірлік елімізді дүниежүзіне насихаттау мақсатында баспасөз турын ұйымдастыруды қолға алып жатыр. Жақында Туризм және спорт министрлігі мен Бүкіләлемдік туристік ұйымның мұрындық болуымен елімізде екінші рет «Press tour to Kazakhstan» атты баспасөз туры болып өтті. Мұндай шараны біз әдейі өткізіп отырмыз. Өйткені, қазір әлемнің көптеген елдері осындай шара арқылы өз елдерін жақсы насихаттап келеді. Бұл жолы біздің елге Ұлыбританияның «CNN Traveller», «The Guardian» атты ақпарат құралдарымен бірге Германия, Испания, Португалия, Нидерланды мен Грекие елдерінің журналистері келіп қайтты.

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Кіріспе iconИнфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе
Кіріспе 3
Кіріспе iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
Кіріспе
Кіріспе iconIi мазмұны Кіріспе
Кіріспе «Геронтология және гериатрия» жас ерекшелігі физиологиясын, қартаю заңдылықтарын, егде және қарттык кезеңдегі ауруларды зерттейтін...
Кіріспе iconПән: «клиникалық медицинаға кіріспе»
Силлабус ішкі аурулары пропедевтикасы кафедрасымен 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Медиициналық клиникаға кіріспе»...
Кіріспе icon«Мамандыққа кіріспе» пәнінен барлық мамандық студенттеріне арналған
ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Кіріспе iconШетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар
Т93 Тіл біліміне кіріспе: дәрістер конспектісі/құраст. О. Қ. Жармакин. –Павлодар, 2007. – 81б
Кіріспе icon«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
«жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені
Кіріспе iconДәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік
Халық саны жыл сайын 12ж милрядқа өсуде. Африкада мемлекетде азық тапшы. Дүние жүзінің көп бөлігін азық құрайды. Балық шаруашылығы...
Кіріспе iconКіріспе: Экология ғылым ретінде анықтамасы
Кіріспе: Экология – ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, есептері және әдістері. Экологияның даму тарихы. Экология – табиғатты...
Кіріспе iconКіріспе

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница