2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді)




Название2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді)
страница1/39
Дата конвертации06.02.2016
Размер5.04 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://conferens.sumdu.edu.ua/dl2004/ua/date/seminar/2004_10/doc/Abdullaev.rtf
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39


2015 жылғы 31шілдедегі № 647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 12007 болып тіркелді)


Медициналық және фармацевтикалық

мамандықтар бойынша мемлекеттік

жалпыға бірдей міндетті стандарттар

мен үлгілік кәсіптік оқу

бағдарламаларын бекіту туралы


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

  1. осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық мамандықтар бойынша докторантураның мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;

  2. осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық мамандықтар бойынша докторантураның мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;

  3. осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес медициналық мамандықтар бойынша магистратурның мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;

  4. осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратурның мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;

  5. осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;

  6. осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша докторантураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы;

  7. осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы;

  8. осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес медициналық мамандықтар бойынша резидентураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.

  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.




Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің

міндетін атқарушы



Б. Нұрымбетов



Келісілді

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым Министрінің

міндетін атқарушы

________________ Т. Балықбаев

2015 жылғы _______________

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрінің м.а.

2015 жылғы 31 шілдегі № 647

бұйрығына

1-қосымша


Медициналық мамандықтар бойынша докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты





  1. Жалпы ережелер


1. Осы медициналық мамандықтар бойынша докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және PhD докторантураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына, докторанттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, докторанттардың даярлық деңгейін және 6D11 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» мамандықтары бойынша академиялық дәрежелерін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

  1. дескрипторлар (descriptors) - студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы, дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді;

  2. докторантура - философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы;

  3. докторант - докторантурада білім алушы адам;

  4. докторлық диссертация - теориялық қағидалар жиынтығын жаңа ғылыми жетістік деп тануға болатын немесе маңызды әлеуметтік-мәдени немесе экономикалық мәні бар ғылыми мәселе шешілген не оны енгізу елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми дәлелденген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдері берілген, дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс;

  5. кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;

  6. құзыреттер - студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті;

  7. постреквизиттер - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;

  8. пререквизиттер - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер.

2. 6D11-«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топтың медициналық мамандықтары бойынша докторантураның білім беру бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, докторантураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның және аккредиттелген ғылыми әріптес ұйымдармен сәйкес келетін бірлескен ғылыми және білім беру бағдарламаларын орындау және зерттеу базаларын ұсыну жөніндегі ынтымақтастық туралы шарттың негізінде жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) іске асырады.

3. Қазақстан Республикасының ЖОО-лары:

1) осы Стандартқа және докторантура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;

2) академиялық күнтізбеге;

3) докторанттардың жеке оқу жоспарларына;

4) оқу жұмыс жоспарларына;

5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;

6) докторанттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлауды жүзеге асырады.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

Похожие:

2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді) iconБірлескен Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы №33/11 шешімі мен Өскемен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 мамырдағы №1050 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 1 маусымда №5-1-62 тіркелді)
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 1 маусымда №5-1-62 тіркелді
2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді) iconНормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 25 мамырда №5-1-145 тіркелді
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 27 сәуiрдегi n 6857 қаулысы
2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді) iconЕрекше құнды экологиялық жүйелерді және объектілерді қамтымайтын, мемлекеттік табиғи қорықтарда арнайы бөлінген учаскелерде реттелетін экологиялық туризмді жүргізуге арналған экскурсиялық соқпақтар мен маршруттарды құру ережесі
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі n 559 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде...
2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді) iconТөтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі нұсқауды бекіту туралы
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2009 жылы 27 шілдеде №5728 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы...
2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді) iconМинистр по инвестициям и развитию республики казахстан
Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік...
2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді) iconОңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акті 2013 жылғы 21 маусымдағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №2317 болып енгізілді

2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді) iconМемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі n 172 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде...
2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді) iconҚаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №168 қаулысы. Осы нормативтік құқықтық акті 2015 жылы 01 сәуірде Алматы облысы Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Реестрдегі тіркеу нөмірі 3119
Осы нормативтік құқықтық акті 2015 жылы 01 сәуірде Алматы облысы Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Реестрдегі...
2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді) icon1-тарау. Ауруханалардың дәрігерлік және фармацевтикалық персоналының үлгі штаттары мен штат нормативтері
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010...
2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді) iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы №264 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 22 қазанда 3071 нөмірімен тіркелді
«Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница