6М011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы




Скачать 347.23 Kb.
Название6М011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы
страница1/2
Дата конвертации06.02.2016
Размер347.23 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/zharylkapova.doc
  1   2
ӘОЖ 371.3: 800.7 Қолжазба құқығында


Жарылқапова Айдана Бахытқызы


Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындарды қолданудың маңыздылығы


6М011900 - «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы


Білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмыстың


РЕФЕРАТЫ


Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Роман-герман тілдер кафедрасында орындалған


Ғылыми жетекші: Филология ғылымдарының докторы,

профессор Е.Н.Нұрахметов


Ресми оппонент: филология ғылымдарының кандидаты,

доцент А.Н.Қонарбайқызы


Диссертацияны қорғау «__» __________20 ___ж. сағат ______Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014 Қызылорда қаласы, Желтоқсан, 40, №1 оқу ғимараты, филология факультеті)өтеді.


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


Кіріспе


Жұмыстың өзектілігі: Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. « Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды » дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі таңда өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен қарым-қатынасымыз күннен-күнге нығайып,беделіміз артып келеді.Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді талап етеді. Ал, оқытуды жақсарту дегеніміз, біздіңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Дегенмен, шетел тілін меңгертуде көптеген қиыншылықтар кездесетіні белгілі. Солардың бірі – мәтін мазмұнын баяндау немесе шет ел тілінде өз ойын айту. Сондықтан оқушылардың тілді толық дәрежеде меңгеруі үшін оның сол тілге деген қызығушылығын арттыруымыз қажет. Сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарда үйретуші рөлдік ойындарды пайдаланудың әдістемелік маңызы зор. Ойындар арқылы біз балалардың есте сақтау және ойлау қабілетін дамыта алатынымыз сөзсіз. Сабақ барысында рөлдік ойындарды қолдану – бұл оқушыларды шет тілінде сөйлеуге психологиялық жағынан дайындап, өткізілген тіл материалын бірнеше рет қайталауға мүмкіндік берумен қатар, оларды керекті сөз бірліктерін таңдауға жаттықтырады.

Қазіргі заманның оқушысының дүниетанымы кең, жан-жақты жетілген, өмірлік белсенді ұстанымы бар азамат болуы тиіс. Сондықтан оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру үшін оқу процесінде жаңа құралдар мен әдістерді енгізу қажет.

Ағылшын тілі пәні сабағында оқушылардың тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі рөлдік ойындарды қолдануға болады. Осы рөлдік ойындарды оқу үдерісінде қолданудың басты мақсаты – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету болып табылады. Шетел тілінде сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды үйретуді мақсат еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бірі ретінде осы рөлдік ойындарды қолданғаны жөн.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқандай мотивсіз, яғни қызығушылықсыз болуы мүмкін емес.Дегенмен, сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын ояту оңай емес. Сондықтан біз оқу үдерісінде оқушылар өздігінен сөйлейтіндей жағдай тудыруымыз керек. Психологтардың көпшілігі оқушылар не айтқысы келеді, соны айтсын деген тезисті қолдап отыр. Осы мақсатта рөлдік ойындарды қолдану – шетел тілін меңгертудегі ең жақсы амалдардың бірі.

Зерттеу нысаны: Шетел тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған рөлдік ойындар

Зерттеу пәні: Рөлдік ойындарды қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту

Зерттеу мақсаты: Шетел тілдерін оқытуда рөлдік ойындарды қолданудың бүгінгі жай-күйін теорияляқ тұрғыдан сараптау, оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындарды ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын табу, оларды сабақ үдерісінде пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру.

Зерттеу міндеттері:

1)Шетел тілін оқытуда рөлдік ойындарды қолдануды теориялық тұрғыдан қарастыру және оның тиімділігін анықтау

2)Сабақ барысында рөлдік ойындарды қолдану жетістіктерге әкелетінін дәлелдеу

3)Мектеп мұғалімдеріне практикалық ұсыныс жасау

Зерттеудің ғылыми болжамы: Шетел тілдерін оқытуда рөлдік ойындарды қолдану – оқытуды тиімді етуге ықпал етеді. Бұл ғылыми болжам мынаған негізделген:

• шет тілінде қарым-қатынас жасауда мотивация тудырады;

• білім алушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын оятады;

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Отандық және шетелдік әдебиеттерге анализ жасау( дидактикалық, психологиялық және әдістемелік), оқу процесіне анализ жасау, бақылау және эксперимент әдісі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1)Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындардың тиімділігі дәлелденді

2)Сабақ барысында рөлдік ойындарды қолданудың методикасы көрсетілді

3)Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың жаңа ғылыми теориялық негіздері көрсетілді.

Зерттеудің теориялық маңызы: Шетел тілдерін оқыту барысында рөлдік ойындарды дайындау және жүргізу үлгісі, рөлдік ойындардың құрылымы мен мазмұны көрсетілген.Сонымен қатар, зерттелетін материал нәтижесінің қазақ мектеп мұғалімдері үшін маңыздылығы зор. Мектептерде рөлдік ойындарды қолданудың теориясы мен практикасы одан әрі дами түсті. Педагогика саласының жоғарғы мектеп оқытушылары зерттеулік жұмыстың теориялық мазмұнын шетел тілін оқыту әдістемесі сабағының лекция курсына енгізе алады.

Зерттеудің практикалық құндылығы: Зерттеу нәтижелерін мектеп мұғалімдері өз практикасында және шет тілін үйрету үшін мұғалімдер өз сабақтарында қолдана алатын түрлі рөлдік ойындардың үлгісі көрсетілген.

Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:

1)Күнделікті сабақ үдерісінде рөлдік ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады.

2)Рөлдік ойындарды шет тілін үйретуде жаттығудың белгілі бір түрі ретінде қолдануға болады.

3)Түрлі рөлдік ойындарды қолдану арқылы оқушылардың шет тілін меңгеруге деген қызығушылығын оятуға болады.

Жұмыстың жариялануы мен талқылануы:

Жұмыстың тақырыбына сай бір мақала жарияланды.

«Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындарды қолданудың маңыздылығы» (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Хабаршы журналы, 2012). Диссертациялық жұмыс 7.04.2012ж. және 14.04.2012ж. өткен алдын ала қорғауда және 10.04.2012ж. роман-герман тілдері кафедрасында студенттер мен магистранттар арасында өткен конференцияда талқыланды.

Диссертациялық жұмыс құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Негізгі бөлім

Бірінші тарау « Шетел тілдерін үйретуде рөлдік ойындарды қолдану» деп аталады.

Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі - әртүрлі жастағы балаларды ойын көмегімен оқыту болып отыр.Бұл мәселелердің өзектілігі тұтастай бірқатар факторлардан туындаған.

Біріншіден, оқу процесін біріздендіру, оқушылардың материалға қызығушылығын арттыру жолдарын іздеу және бүкіл сабақ барысында олардың қызметін белсенді ету міндетін алға қою.

Екіншіден, шетел тілдерін оқытудың ең маңызды мәселелерінің бірі тілдің коммуникативті қызметін ашуға жағдай жасайтын және шет ел тілін зерттеуге деген мотивацияны көтеретін нақты оқыту шарттарына оқыту процесін жақындатуға мүмкіндік беретін ауызша сөйлеуді оқыту болып табылады. Әдіскерлер ойын әрекетінің оқыту құралы ретіндегі келесі белгілерін атап көрсетеді: ынталы болу, жеке тұлғалық терең әрекет, ұжымда және ұжым арқылы оқыту және тәрбиелеу, психикалық қызметтер мен қабілеттерді дамыту, қызықтырып үйрету. Ойын үйретеді, өзгертеді, тәрбиелейді [1,37-40] .

Ойын – эмоциялық және ақыл-ой күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылған сабақ. Бір ойынның өзі әртүрлі орындалуы ,әртүрлі нысанды қабылдауы мүмкін,бірақ олардың бәрінің негізінде импровизация тұр. Ойын табиғатын ,оның таңқаларлық мүмкіндігін түсіну – бұл бақытты балалық шақтың табиғатын түсіну, өзіңіз бағып отырған балаларды түсіну [2,204-211 ].

Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада,парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.

Сонымен қатар, оқу ретіндегі ойын тиімділігі мынадай бірқатар талаптарды сақтауға байланысты, яғни олар: оқушылар әрекет ететін қиялдағы жағдайдың, жоспардың болуы және балалардың ойын нәтижесін, ойын ережесін міндеттті түрде түсінуі. Ойын бұл тек ұжымдық көңіл көтеру емес, бұл оқытудың барлық міндеттеріне қол жеткізудің негізгі тәсілі, сондықтан ол қандай дағды және икемділікті талап ететіндігін, баланың нені жасай біледі және ойын барысында неге үйренгендігін білу қажет.Ойын оқушылардың ойлау қабілетін күшейту қажеттілігін алдына қоюы керек [3,56-58]

Рөлдік ойын басқа тілде қарым-қатынас жасау, сөйлесу саласын кеңейтуге, білім алушылар пікір айтуда мазмұнды жағына назар аударуға мүмкіндік беретін тиісті дағдыларды дамыту және машықтандыру жаттығуларындағы тіл материалдарын алдын-ала меңгеруді болжайды. Сабақта жиі қолданылатын рөлдік ойындардың түрін төмендегі кестеден көрінеді.

1-кесте Рөлдік ойын түрлері

Рөлдік ойын түрлері

Рөлдік ойын қасиеттері

1.Бақыланатын

Оқушылар қажетті сөздерді алады

2.Белгіленген деңгейде бақыланатын

Оқушылар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипатын алады

3.Еркін

Оқушылар қарым-қатынас жағдайын алады

4.Эпизодтық

Жекелеген эпизод ойналады

5.Ұзақ

Ұзақ уақыт кезеңінде эпизодтар сериясы ойналады (мысалы, сынып өмірінен)

Бақыланатын рөлдік ойын әлдеқайда қарапайым түр болып табылады және диалог немесе мәтін негізінде құрылуы мүмкін.Бірінші жағдайда оқушылар базалық диалогпен танысады және оны өңдейді.Содан кейін олар мұғаліммен бірге диалог мазмұнын талқылайды,сөйлеу эпизоды нормаларын және қажетті лексиканы өңдейді.

Белгіленген шекте бақыланатын рөлдік ойын әлдеқайда күрделі болып табылады,онда қатысушылар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипаттамасын алады. Мәселе мынаған негізделеді: рөлдік мінез-құлық ерекшеліктері тек орындаушыға ғана белгілі болады. Қалған қатысушылар олардың әріптесі қандай мінез-құлық көрсететіндігін табу маңызды және өзінің жауабы туралы тиісті шешім қабылдауы тиіс.

Еркін рөлдік ойынды жүргізген кезде оқушылардың өздері қандай лексиканы пайдаланғаны дұрыс,әрекет қалай дамуы тиіс екендігін шешу тиіс,мұғалім рөлдік ойынның тақырыбын ғана атайды,ал содан кейін оқушылардан осы тақырыптың әртүрлі аспектілерін қозғайтын әртүрлі жағдайларды құрастыруды сұрайды [4,34-38 ]

Рөлдік ойындарға қойылатын негізгі талаптар. Қазіргі кездегі шетел тілі сабақтарында қарым-қатынастың нақты жағдайын модельдеу үшін рөлдік ойындарды пайдаланудың өзіне тиісті талаптары бар. Олар:

1.Ойын оқу мотивациясына ынталандыруы,оқушылардың тапсырманы жақсы орындауға қызығушылығы мен ұмтылысын тудыруы тиіс, оны қарым-қатынастың нақты жағдайына тең жағдай негізінде жүргізу қажет.

2.Рөлдік ойынды мазмұны тұрғысынан да, нысаны жағынан да жақсы дайындау,дәл ұйымдастыру қажет. Білім алушылардың белгілі бір рөлді жақсы орындау қажеттілігіне көздері жетуі қажет. Тек сонда ғана олардың сөздері табиғи және шынайы болады.

3.Рөлдік ойынды бүкіл топ қабылдауы тиіс.

4.Ол міндетті түрде жағымды шығармашылық ортада жүргізіледі, оқушыларда қанағаттану, қуаныш сезімін тудырады. Рөлдік ойында білім алушылар өздерін неғұрлым еркін сезінсе, олар соғұрлым қарым-қатынасқа қызығушылық білдіретін болады. Уақыт өте келе онда өз күштеріне деген сенімділік сезімі,яғни әртүрлі рөлдерді ойнай аламын деген сенім пайда болады.

5.Ойын білім алушылар белсенді сөздік қарым-қатынасқа мүмкіндігінше көп тиімділікпен өңделетін сөздік материалды пайдалана алуы үшін ұйымдастырыла алады.

6.Оқытушы міндетті түрде рөлдік ойынға, оның тиімділігіне сенеді. Тек осындай жағдайларда ол жақсы нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін.

7.Оқытушының білім алушылармен байланыс орната білуі үлкен мәнділікке ие [5,11-13]

Рөлдік ойынды дайындау, жүргізу және талқылауды басқарудағы және оқу-байланыс орнату жағдайларын құрудағы негізгі қызметті оқытушы да, оқушы да жүзеге асыруы мүмкін. Сонымен, оқу-сөйлеу жағдайлары рөлдік ойындардың құрылымдық негізі болып тадылады. Қарым-қатынасты үлгі ете отырып, оқу-сөйлеу жағдайлары рөлдік ойын құрамындағы маңызды компонент ретінде оқушыларды ұсынылған жағдайларға қояды .

Сабақ барысында рөлдік ойындарды қолданудағы мұғалімнің рөлі. Оқушылардың көзқарасы бойынша рөлдік ойын – бұл ойын әрекеті, ол процесте олар белгіленген рөлдерден көрінеді. Шетел тілін үйрету барысында мұғалім бірнеше рөл атқара алады. Онда осы рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай? Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.

1.Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.

2. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.

3.Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болуы тиіс.

4.Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап,жұмысына жәрдем беруіне болады.

5.Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі   сабақта сол қателермен жұмыс істейді.

6.Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі  қажет. Әдетте  ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек. Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі шет ел тілін өзі қаншалықты біледі, соған орай өздері де рөлді тез тандайды. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде ттәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн [6,96-98].

Мұғалім позициясынан рөлдік ойын оқу процесін ұйымдастыру нысаны ретінде көрінеді,оның мақсаты оқушыларда сөздік дағдылар мен икемділіктерді қалыптастыруға және дамытуға негізделеді.

Рөлдік ойынды қолдану барысында мұғалім келесі позицияларды ұстанады:

1-схема Рөлдік ойындарды қолданудағы мұғалімнің рөлі

Рөлдік ойын қолданудағы мұғалімнің рөлі




Басқарушы

Қатысушы

Бақылаушы



Сценарий жазушы, режиссер

Оқушылармен бірге орындайды

Ойын барысын кадағалап отырады



Бұл схемада көрініп тұрғандай, сабақ барысында мұғалім көптеген ситуациялық рөлдерді ойнауға тура келеді. Олар біріңғай әлеуметтік қатынастарға берілмейді, педагогикалық қарым-қатынас жағдайында анықталады және сабақты ұйымдастыру нысанына байланысты анықталады, мысалы, бақылаушы рөлі, қарым-қатынас бойынша әріптес рөлі, қатысушы немесе әрекетті ұйымдастырушы рөлі т.б.

Рөлдік ойын адамды әлдейқайда икемді етеді, яғни тілдік мінез-құлыққа шеберлікке қол жеткізе отырып, ол алынған дағдылар мен икемділіктерді жаңа жағдайларда оңай қолдана алады.

Мұғалімнің міндеті - нақты материалдағы қажет ситуациялар иллюстрацияларды,ситуациялар мәселелерді таңдау, дидактикалық материалды дайындау: әрқайсысы үшін карточка тапсырмалар, рөлдерді бөлу, оқушылар өз көзқарасын айтуы тиіс міндеттер қою,болжамды жауаптар, сөздер ойластыру, ойын өткізу уақытында оқушыларға қызығушылық білдіру және назар аудару [7,13-14]

Диссертацияның екінші тарауы «Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындарды қолданудың ерекшеліктері» деп аталады. Рөлдік ойын да үлкен оқыту мүмкіндіктеріне ие. Рөлдік ойынды қарым-қатынастың ең нақты үлгісі ретінде бағалауға болады.Ол шындыққа оның ең маңызды белгілерінің ұқсауын болжайды. Сол себепті психологтар шетел тілін оқытуда «театрдан үйрену»тезисін ұсынады. Рөлдік ойындарда өмірдің өзіндегідей әріптестердің сөздік емес мінез-құлықтары тығыз негізде қиысады.

Рөлдік ойындардың оқыту мүмкіндіктері.

1.Рөлдік ойын себепті қоздырушы жоспардағы үлкен мүмкіндіктерге ие.Қарым-қатынас ешқандай себепсіз, яғни мотивсіз мүмкін еместігі белгілі.Бірақ оқу жағдайларында пікір айтуға себеп тудыру оңай емес.Қиындық келесі сатылыққа негізделеді:мұғалім жағдайды қарым-қатынас атмосферасы қалыптасатындай етіп суреттеуі тиіс, яғни ол өз кезегінде оқушыларда өз ойын көрсете білуге ішкі қажеттілік тудыруы қажет.

2.Рөлдік ойын жеке тұлғаның барлық болып жатқан нәрсеге жанасуын күшейтеді. Білім алушы өзінің «мені» арқылы болмаса да , бірақ тиісті рөлдің «мені» арқылы жағдайға кіреді және мұнда әртістің өзі ойнайтын кейіпкерге қатынасы көрінеді.Әдетте әртістер оларға үлкен қызығушылық білдіреді. Жеке тұлғаны анық түйсіну (тіпті кейіпкер жағымсыз болса да) «әртістің» эмоциялық тонусын көтереді, ал бұл нәтижеге, шет ел тілін меңгеруге оңтайлы әсер етеді.

3.Рөлдік ойын тіл материалын меңгеру кезінде ассоциативті қорды кеңейтуге ықпал етеді. Есте сақтайтын нәрсе - оқу пьесасы театр пьесасының типі бойынша құрылады, ал ол қалыптасқан жағдайдың сипатталуын, әрекет етуші тұлғалардың мінез-құлқын, олардың арасындағы қатынастардың сипатталуын болжайды.Сондықтан әрбір пікірдің артында нақты шындық үлгісінің кесіндісі тұрады.

4.Рөлдік ойын белім беру ынтымақтастығы мен әріптестігін қалыптастыруға ықпал етеді. Өйткені этюдты орындау оқушылар тобын қамтиды, (рөлдік ойын тек диалог негізінде емес,сонымен бірге полилог ретінде құрылады) онда олар бір-бірінің көзқарасын ескере отырып, өзара бірігіп әрекет етуі, бір-біріне көмектесуі тиіс. Рөлдерді бөлу оқушылардың тілдік , сондай-ақ әртістік мүмкіндіктерін ескеру қажет,біреулеріне вербалды,екіншілеріне ым-ишара рөлдерді тапсырып, үшіншілеріне мәтін негізінде айтып отыруға құқық беретін «суфлер»рөлдері тағайындалады.

5.Рөлдік ойын білім беруші мәнге ие.Білім алушылар қарапайым нысанда болса да театр технологиясымен танысады. Кез келген жаналық қолдау табады, өйткені білім беру жағдайларында мұндай мүмкіндіктер шектеулі, ал ойлап тапқыштық үшін үлкен кеңістіктер ашылады.Басқа күйге енудің өзі психологиялық диапазонның кеңеуіне, басқа адамдарды түсінуге ықпал етеді [ 8,53]

Рөлдік ойындардың ерекшеліктері: рөлдік ойынды қарым-қатынастың нақты үлгісі ретінде бағалауға болады, өйткені ол шын мәнінде өте маңызды белгілерімен ұқсауға тырысады және онда өмірдегі сияқты әріптестердің сөйлесуі және басқа мінез-құлықтары кездеседі [9,357].

Рөлдік ойын оқу ынтымақтастығы мен әріптестігін қалыптастыруға ықпал етеді. Себебі оның орындалуы жолдастарының пікірін дәл ескере отырып, бірлесіп әрекет етуі, бір-біріне көмектесуі тиіс,сонымен қатар оқушылар тобын қамтуды болжайды [10,11-13].

Мұғалімдер де, тәрбиешілер де және ата-аналар да, бәріміз есте сақтайтын жағдай - ересек адамның жұмыс істеуі міндетті сияқты,балаға да ойын қажет.

Ойын әрқашан шешім қабылдауды – қалай істеу керек, не айту керек, қалай ұту керек екендігін болжайды. Ойнаушылардың ойлау әрекетін тездетеді.Ал егер бала шет ел тілінде ойлайтын болса ше? Әрине,мұнда бай оқыту мүмкіндіктері жасырын тұр. Бірақ балалар бұл туралы ойланбайды. Олар үшін ойын бірінші кезекте – тартымды сабақ. Ойында бәрі тең. Ол тіпті әлсіз оқушылардың қолынан да келеді.Теңдік, қызығушылық атмосферасы және қуаныш сезімі, тапсырманы орындай алатындығын түйсіну сөз бірліктерін еркін қолдануға кедергі болатын ұйялшақтықты жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижелеріне оңтайлы әсер етеді. Тіл материалы байқатпай меңгеріледі, ал осымен бірге қанағаттану сезімі пайда болады. Осылайша, біз ойынды жағдайлы–вариантты жаттығу ретінде қарастырамыз, мұнда оған тән – сезімталдық, мақсатты бағыттылық, сөйлеп әсер ету белгілері арқылы нақты сөйлеу қарым-қатынасына мүмкіндігінше жақындатылған жағдайларда сөйлеу үлгісін көп рет қайталау үшін мүмкіндік құрылады [12,42-44]

Экспериментті ұйымдастыру әдістемсесі және жүргізу. Тіл үйрету процесіндегі ең белсенді әдістемелік тәсілдерінің бірі – рөлдік ойындарды пайдалану. Оны тиімді қолдана білген ұстаз өз шәкірттеріне білім, тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы олардың бойында ойын өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, монолог түріндегі ойын дамытуға,екеуара қарым – қатынас негізіндегі сөйлеу тілін байытуға ықпал етеді.Рөлдік ойын оқыту мақсатында қолданылатын, сөзге араласу жағдайын ұйымдастыратын құрал десек те болады.

Шетел тілдерін оқытудың әдістерінің бірі болып табылатын рөлдік ойындарды сабақ барысында бірнеше рет қолданып, оның тиімділігіне көз жеткізген болатынбыз.

Эксперимент жүргізілген орын: № 80 мектеп-гимназиясы

Эксперимент жүргізілген сынып : 9 а,б

Экспенримент жүргізілген уақыт көлемі: төрт апта

Бақыланған оқушылар саны: 24

Қолданылған оқулықтар: Т.Аяпова, З.Әбділдаева, Ж.Тұтбаева жазған «English» және Headway Pre-intermediate, New English File Pre-intermediate

Қолданылған әдістер:

салыстыру

салғастыру

бақылау

әңгімелесу әдістері

Рөлдік ойындарды қолдануды басты үш сатыға бөлдік. Олар:

1)дайындық кезеңі,ол

-дидактикалық материалдар жинақтаудан

-жинақталған материалды реттеу, ұйымдастырудан тұрады.

2)орындалу барысы

3)ойынды қорытындылау

Эксперимент барысында рөлдік ойындардың төмендегідей түрлері қолданылды:

1)бақыланатын

2)еркін рөлдік ойындар

Сынып оқушыларын екі категорияға бөлдік:

-дарынды балалар(шет тілін үйренуге қабілеті бар)

-орташа деңгейде қабілетті балалар

Эксперимент жүргізудің мақсаты: шетел тілдерін үйретуді рөлдік ойындарды қолданудың тиімділігін анықтау,оларды сабақ барысында қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету.Сонымен қатар:

-оқушылардың шет тілінде сөйлеу қабілетін дамыту

-тілді мәдениет аралық қарым-қатынас жасаудың басты құралы ретінде қолдана отырып, оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілдің мәдениетімен таныстыру

-шет тілінде сөйлеудегі дыбыстауды жақсарту

-қолданыста жиі болатын тілдік бірліктерді, лексиканы жаттату

-үйреніп жатқан тілдің грамматикасын танып және сауатты қолдана білуге үйрету

-түрлі мәтіндердегі немесе әңгімедегі басты, маңызды мағлұматты ұғынуға итермелеу

-диалогты, пікірталасты,іскерлік әңгімелерді жүргізе алу қабілетін дамыту.

Жүргізілген эксперимент міндеті:

1)балалардың білім деңгейін анықтау

2)шет тілі сабқатарында рөлдік ойындарды қолдануда оқушылардың қызығушылығын бақылау

3)сабақтарға рөлдік ойындарды ендіргеннен кейінгі оқушылардың білім деңгейін анықтау

Рөлдік ойындардың оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда тиімділігін дәлелдеу мақсатында № 80 мектеп-гимназияда төрт апта көлемінде тоғызыншы сынып оқушыларына ағылшын тілі пәнінен сабақ берген болатынбыз. Біздің бақылауымызда жиырма төрт оқушы болатын, олардың әрқайсысының ағылшын тілі пәнінен үлгірімі әр түрлі еді. Осы оқушылардың үлгірімін жалпы есеппен 100% пайыз деп алар болсақ,олардың ішінде:

шет тілін жақсы меңгергендер: 29%

орташа меңгергендер: 37%

төмен меңгергендер: 34%

Сыныпта осы пәнді жақсы және орташа деңгейде меңгеріп келе жатқан оқушылар да, пәнге аса қызығушылығы жоқ, үлгірімі төмен оқушылар да болды. Сынып оқушыларына ағылшын тілі пәнінен алғаш сабақ берген күннен бастап алға қойған мақсатымыз - осы пәнге қызығушылығы жоқ, үлгерімі төмен оқушыларды шет тілін үйренуге және оны зерттеуге қызығушылығын ояту болатын. Дегенмен, оқушыларды бақылай келе, олардың басым көпшілігінің шет тілінде сөйлеп үйренгісі келетіндерін байқадық, яғни ол олардың жаңа нәрсені(материал,мағлұмат) танып білуге деген қызығушылығынан көрінді. Кез келген жасқа адам өмірінің өзіндік және ерекше кезеңі ретінде белгілі бір әрекет типі сәйкес келетіні, әрбір негізгі әрекетте тиісті психологиялық жаңа құрылымдар пайда болатыны барлығымызға белгілі. Тоғызыншы сынып жасөспірімдеріне сай әрекет түрі - оқу-еңбек әрекеті. Осы кезеңдерде оқушылар балалық шақтан арылып, есеюді армандайды. Мұғалім оқушылардың жас кезеңіне байланысты психологиялық ерекшеліктерді ескеруі тиіс. Сонымен қатар, мұғалімнің ең басты міндеті – ол әрбір сабақты өз дәрежесінде ұйымдастырып отыруы, тек сол кезде ғана ол оқушылардың қызығушылығын ұстап тұра алады.Сол себепті біз оқушыларға түрлі тапсырмалар бергенде олардың психологиялық ерекшеліктеріне, деңгейлеріне сай беруіміз қажет. Шетел тілін үйрету барысында рөлдік ойынды қолдану – бұл барлық жас кезеңдерге сай келеді.

Эксперимент жүргізудің алғашқы аптасында сынып оқушыларымен танысып, олардың сабақтарына қатысып, үлгірімін жан-жақты бақыладық. Жоғарыда айтып өткеніміздей, біздің бақылауымызға жиырма төрт оқушы түсті, яғни екі тоғызыншы сыныптың оқушылары: бір топта он үш оқушы болса, екінші топта он бір оқушы болды. Ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың үлгірімі әртүрлі. Олардың ішінде пәнді жақсы меңгерген үлгірушілер саны пәнді орташа деңгейде меңгерген оқушылар санынан аз деп айтсақ, ал пәнді орташа деңгейде меңгерген оқушылар саны пәнге қызығушылығы жоқ, үлгірімі төмен оқушылар санымен тең болды. Эксперимент өткізу барысында біз арнайылап кей сабақтарда рөлдік ойындарды қолданып отырсақ, ал кей сабақтарды ешқандай рөлдік ойындар қолданбай жүргізіп отырдық. Ондағы мақсат - ойындар қолданылған және қолданылмаған сабақтарды салыстыру, оқушылардың белсенділігіндегі өзгешеліктерді анықтау. Осы жасалған эксперимент барысында байқағанымыз – оқушылардың басым бөлігі әрбір сабақтың бірқалыпты өтілуінен сабақ барысында қолданылатын амал-тәсілдердің әрдайым жаңарып отырғанын және олардың өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік беретін әдістердің қолданылғанын қалайды. Рөлдік ойындар қолданылған сабақтарда оқушылар белсенділік танытып, сабақты жақсы өтуіне өз үлестерін қосып жатты. Бастапқы уақытта пәнге аса қызығушылық таныта қоймаған оқушылар жәймендеп ойындарға кірісе бастады. Олар жаңа материалдарды оңай қабылдап, жаңа тақырыптармен танысып жатты. Рөлдік ойындар қолданғаннан кейін оқушылар сабақтан соң бір-бірімен өз көңіл-күйлерімен, ойларымен бөлісті.

Сынып оқушыларының фонетикалық, грамматикалық, лексикалық білім деңгейлерін жалпы жүз пайыз деп алар болсақ, алғашқы екі апта көлемінде оқушылардың сөйлеуіндегі грамматикалық білім деңгейін 67% пайыз деп, фонетикалық білім деңгейін 62% пайыз деп, ал лексикалық білім деңгейін, яғни оқушылардың сөздік қорын 72% пайыз деп есептеген болатынбыз. Келесі екі апта ішінде күнделікті және қосымша сабақтарда рөлдік ойындарды жиі қолдана отырып, біз жоғарыда көрсетілген оқушылардың грамматикалық, фонетикалық және лексикалық білім деңгеін мынадай көрсеткішке дейін өзгерте алдық:

Грамматикалық білім деңгейі : 70% пайызға дейін

Фонетикалық білім деңгейі : 65% пайызға дейін

Лексикалық білім деңгейі: 78% пайызға дейін өсті.

Сабақтарда қолданылған әрбір рөлдік ойынның барысында оқушылар сол рөлді сомдап шығуға қажетті түрлі жаңа сөздерді жаттап жатты, бақыланатын рөлдік ойындарда оқушылар рөлдік ойынды дайын диалог негізінде құрып отырғандықтан, олар сол тірек диалогтың грамматикасына сүйеніп, оны өздері сөйлегенде ескеріп отырды. Осылайша біз оқушылардың грамматикалық, лексикалық және фонетикалық білім деңгейлерінің өзгергеніне көз жеткіздік. Демек, рөлдік ойындардың тіл үйретуге тигізер ықпалы зор.

Тоғызыншы сынып оқушыларына ағылшын тілі пәнінен сабақ беріп жүргенімізде біз рөлдік ойындарды сабақ үдерісінде және қосымша сабақтарда да жиі қолдануға тырыстық. Себебі рөлдік ойын – бұл оқушылардың пәнге қызығушылығын оятатын және оларды шет тілінде сөйлеуге мәжбүрлейтін бірден-бір әдіс болып табылады. Бекітілген бағдарлама бойынша бұл мектеп ағылшын тілі сабағында Т.Аяпова, З.Әбділдаева, Ж.Тұтбаева жазған «English» оқулығын пайдаланады. Ал қосымша сабақтарда аталған оқулықтан бөлек Oxford баспасынан шаққан «Headway pre-intermediate» оқулығын қолдандық. Жүргізілетін әрбір сабақтың 10-12 минутын рөлдік ойындар ойнатуға арнаған болатынбыз.

Рөлдік ойынды пайдалану – мұғалім тарапынан үлкен дайындықты талап етеді. Орындалатын рөлдік ойынды таңдап, ондағы кейіпкерлерге қажет болатын көрнекіліктерді дайындау да мұғалімнің міндетіне кіреді. Мысалы, төтінші бөлімнің бесінші тарауында жоспар бойынша Phrasal Verbs тақырыбы өтілуі тиіс болатын. Тақырып түсіндіріліп, түрлі мысалдар келтіріліп, жаңа тақырыпқа қатысты жаттығулар орындалғаннан кейін біз оқушыларды топ-топқа бөліп, олардан бесінші тапсырмада берілген рөлдік ойынды орындауларын сұрадық. Яғни, ондағы тапсырма : In most schools teachers ask parents to come to parents-teacher conferences. The teacher and parents discuss the child’s progress as well as any other problems. Role play the following situations.

Teacher

Complain about: - the pupil’s discipline- the recent argument about putting on make up-being late for the lessons

Parent

Say that the teacher complained about : - discilpline-putting on making up-bieng late

Parent

Listen to the teaher’s complaints. Respond to the complaints

Pupil

Listen to your parent about the teacher’s complaints . Respond to the complaints.

Осы рөлдік ойынды орындау үшін жоғарыда аталған рөлдер оқушыларға үлестірілді. Рөлдерді үлестіру барысында біз басты назарды оқушылардың қызығушылықтарына, психологиялық ерешеліктеріне, олардың мінез-құлықтарына, сонымен қатар олардың сыныптағы позицияларына да аудардық. Осы аталғандардың барлығын ескере отырып, біз сыныпта үнемі инициативаны жаулап алатын оқушыға қарапайым оқушының рөлін ұсынсақ, ал ұялшақтау, сабақта пассивті болып жүретін және пәнге аса қызығушылығы жоқ оқушыға мұғалімнің, ата-ананың рөлін ұсындық. Кез келген бала ертерек балалық шақтан арылып, ересек адам болуды армандайтыны белгілі, сол себептен ұяңдау, пассив оқушыларға басты рөлдерді, яғни мұғалім,ата-ана рөлін орындауды сұрадық. Мұндағы басты мақсат - осы рөлдер арқылы оқушыларға артылған үлкен жауапкершілікті сезіндіру, сол арқылы осы рөлдерді барынша жақсы орындауға итермелеу, қалай да болса оларды шет тілінде сөйлету. Сыныптағы қалған оқушыларға екінші рөлдік ойын бірілді. Ондағы тапсырма:

What are the features of a good school?

In groups have a meeting to discuss your ideal school. Choose someone to chair the meeting and a reporter to take notes.

Deside on the agenda which might include:

-the size of classes

-the school timetable

-the amount of homework

-the choice of subjects

-school security

-the decoration of classrooms

-the school canteen

Бұл рөлдік ойынды оқушыларға түсіндіріп, әрқайсысына рөлдер үлестірілген соң, оларға дайындалуға бес минут уақыт берілді. Дайындыққа берілген уақыт аяқталған соң, оқушылар өздері даярлаған рөлдік ойынды орындап шықты. Осы рөлдік ойынға дайындалу барысында оқушылар жаңа сөздермен танысып, өздерінің сөздің қорын кеңейтті десек те болады, себебі олардың диалог құру барысында сөздікпен жұмыс жасап жатқанын да байқадық.Оқушылар тапсырманы барынша жақсы деңгейде орындауға тырысты және нәтиже жақсы деуге болады. Рөлдік ойын орындалып жатқан кезде біз әдетте сабақ үстінде өздерін тұйық ұстайтын, үнемі пассивті отыратын оқушылардың өзі өздеріне ұсынылған рөлдерді беріліп орындап жатқанын, яғни ешқандай да қысылусыз,қамығусыз, ең бастысы өздерін белсенді ұстауға тырысып жатты.Себебі ұсынылған рөл олар үшін бетперде тәрізді,осы рөл арқылы олар өздерінің осал тұстарын жасырып, өздерін басқа қырынан танытуға тырысып жатты. Сонымен қатар, олардың сабақта танытқан мұндай белсенділігінің басты себебі - оларға ұсынылған рөлдер. Бір оқушы мұғалімнің рөлін сомдап жатса, екінші оқушы ата-ананың рөлін сомдады. Бұл рөлдер оларға артылып отырған үлкен жауаркершілікті сезіндіруге көмектесті. Кез келген оқушы мұғалімнің немесе өз ата-анасының орнында бір рет болса да болуды армандап көрмеген емес. Осындай мүмкіндікті пайдаланып олар неге сөйлемеске? Әрине, кез келген оқушы мұндай тапсырмаға қуана-қуана келіседі және жақсы орындап шығуға бар күшін салады. Екінші рөлдік ойынды орындау барысында да біз оқушылардың бойынан өз рөлдеріне деген жоғары қызығушылықты, рөлдерді орындауда белсенділікті байқадық. Бұл рөлдік ойын оқушылардың арман-қиялына негізделген болатын. Аталған тапсырмада оқушылардан жақсы мектеп қандай болуы керек деген сұрақ ұсынылып, олардан өз ойларын айтуды сұрадық. Осыған орай, бір оқушы мектеп мұғалімі болса, екіншісі мектеп директоры және басқасы мектеп оқушылары болып рөлдерін орындап жатты. Ешқандай оқушы үндемей қалған жоқ, әрқайсысы бір сөйлемнен болса да айтуға тырысты. Әрбір оқушы өз қиялындағы мектепті сипаттады, бірі мектептің тәртібі жайлы айтса, екіншісі сыныптардың жаңашалануын қалайтынын ,мектеп асханасында тамақ тегін болғанын, тіпті кейбіреулері үйге тапсырма берілмігенін қалайтынын айтты. Осылайша оқушылар өз ойларын айтып, арман-қиялдарымен бөлісіп жатты. Рөлдік ойындарды қолданғанда аңғарғанымыз, оқушылар рөлдік ойынды тек ойын ғана деп қабылдап, оның оқытушылық қызметіне назар аудара бермейді. Біз ойын ойнату арқылы оларды үйретіп жатқанымызды байқамайды. Демек, бұл тілді үйренгісі келмейтін оқушылар үшін маңызды.

Әрбір сыныпта тек жақсы оқушылар ғана бола бермейтіні белгілі, сонымен қатар үлгірімі төмендеу оқушылар болады. Біздің ойымызша, оқушылардың белгілі бір пәннен үлгірімі төмен болуы – ол пәнге деген қызығушылықтың жоқтығынан. Сынып оқушыларын бөлгенде әрдайым үлгірімі жақсы оқушымен үлгерімі төмендеу оқушыны жұп етуге тырысатынбыз. Ойын барысында күшті оқушылар әлсіздерге көмектеседі. Мұғалім оқушылардың қарым-қатынасын басқарады, көмекті қажет ететін оқушыларды басқа оқушыға жақындатып, жұмысқа қажетті түзетулерді ендіреді.

Қай кезде де оқушы өзіне берілген тапсырманы орындап, жақсы баға алғысы келетіні белгілі. Біз оқушыларды бағалағанда оларды жеке-жеке емес, топтық жұмысы үшін бағалап отырдық. Сол кезде әрбір топ мүшесі жақсы баға алу үшін өз жұбына көмектесуге, оны да сөйлесуге тырысатын. Осы әдісті қолдана отырып, эксперимент өткізген төрт аптада жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Үлгірімі төмен балалардың пәнге қызығушылығы оянып, бойларында өздеріне деген сенімділік пайда болды. Оқушылар бойынан “ мен барлығымен бірдей екенмін, мен де басқалары сияқты сөйлей алады екенмін ғой ” деген ойдың пайда болғанын байқадық.

Жүргізілген эксперимент нәтижесі. Рөлдік ойындарды орындауға берілген түрлі тапсырмалар, біріншіден, оқушылардың жоғары мотивациялық қызығушылығын тудырады, екіншіден, тапсырмаларды орындау барысында топтағы оқушылардың өзара интерактивті тілдесу әрекеті жүзеге асады, үшіншіден, оқушылардың шынайы тілдік жағдаяттар үшін қажетті коммуникативтік және тілдік біліктері дамиды. Рөлдік ойын тиімділігінің дәлелі осылар. Біз рөлдік ойындар арқылы балаларды оқытып қана қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейміз. Кез келген оқушы өзіне тапсырылған рөлді мүмкіндігі келгенше барынша жақсы орындап шығуға тырысады, бұл оқушы өзіне артылған жауапкершілікті түсініп отыр дегеніміз. Яғни, рөлдік ойындар балаларды жауапкершілікке шақырады.

Алынған бақылау жұмыстарының нәтижелері мен қорытындылары сыныптарда шетел тілін оқытуда рөлдік ойындарды қолдану әдістемесінің оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін бір-бірімен байланыста меңгертудегі тиімділігін дәлелдеді.

Сабақ үдерісінде рөлдік ойындарды қолдану арқылы көп нәрсеге қол жеткіздік:

-қысқа уақыт ішінде оқушылардың тыңдау, оқу, айту, жазу, лексика-грамматикалық дағдылары қалыптасты;

-өзін оқу қызметінің субъектісі ретінде сезінді;

-оқу үдерісін ұйымдастырудағы жағымды психологиялық ахуалдың арқасында еркіндікті сезінді.

Рөлдік ойындарды сабақта пайдаланғаннан кейін оқушылар үшін сабақтың келесі тілдік біліктерін дамыту кезеңінде жұмыс жасау аса қиындық келтірген жоқ. Себебі оқушылардың тілдік ортадағы сөйлесу, тілдесу әрекеті үшін қажетті тілдік және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру рөлдік ойынды қолдану барысында тиімді жүзеге асырылды.

Оқу барысында қолданылған рөлдік ойындар келесідей үш маңызды фактормен анықталды:

• тиімділік

• жемістілік

• нәтижелік

Рөлдік ойынды пайдаланудың тиімділігінің көрсеткіші:

-оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарының өзгеруінде;

-рөлдік ойынның оқушыларға тек білім алуға ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан әсер етуі;

-мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынастың нығая түсуі,балалардың үйреніп жатқан тілге деген көзқарастарының одан әрі жақсаруы, сабақта жағымды ахуалдың орын алуы.

Ал рөлдік ойындарды қолданудың жемістілігі оқушылардың өтіп жатқан сабақтарға деген қанағаттық сезімінің күшеюінен байқалды.

Рөлдік ойындарды қолданудың нәтижелілігінің көрсеткіші:

-оқушылардың ағылшын тілін білу деңгейінің көтерілуімен;

-оқушылардың сөйлеу дағдысының дамуымен;

-олардың оқу-танымдық мотивациясының жоғарылауымен байқалды.

  1   2

Похожие:

6М011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы iconКіріспе
«6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша магистратурада оқып, «педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін...
6М011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы iconДиссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды
М011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
6М011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы iconЖанибекова гүлдана бекбайқызы ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту
Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
6М011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Аударма ісі», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Шетел филологиясы» мамандықтарының студенттеріне арналған
6М011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы icon050119 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы даярлау жүйесінде «Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемес»
Осы курстың мақсаты: студенттерде ұлттық тіл білімінің даму перспективасы мен қазіргі жағдайы, қазіргі жалпы орта мектептердің оқушыларына...
6М011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы iconДиссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Роман герман кафедрасында орындалды
М011900 шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
6М011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы iconТоктамысова Гульназ Асетовна Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары
М011900-Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
6М011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы iconЛекция: 15 сағ
Педагогика тарихы пәні” бойынша 050119 “Шетел тілі: екі шетел тілі” – мамандығының студенттері үшін
6М011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы iconРеферат бақылау жұмысы глоссарий
Жас ерекшелік психологиясы” пәні бойынша “050119” – “Шетел тілі: екі шетел тілі” мамандығының 2-курс студенттерінің білімін бақылауға...
6М011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы iconДуйсенова Мөлдір Мейрамханқызы Ағылшын және қазақ тілдеріндегі зоонимдік метафоралардың танымдық сипаты
Шетел тілі: екі шетел тілі педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница