1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері




Скачать 420.17 Kb.
Название1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері
страница2/2
Дата конвертации06.02.2016
Размер420.17 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minplan.kz/upload/iblock/76b/KR 2011 2015 zhildarga arnalgan eleumettk-ekonomikalik
1   2

5. Бюджет параметрлерінің болжамы



5.1 Салық – бюджет саясатының негізгі бағыттары


2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасының салық–бюджет саясаты басым емес шығыстарды қысқарту жолымен бюджетке түсетін шығыс жүктемесін төмендетуді, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін іске асыруды, сондай-ақ қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуді қоса алғанда, әлемдік экономикалық және қаржы дағдарысының елдің экономикасына әсер етуіне қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдауға бағытталған болатын.

Шағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде мемлекеттік және ұлттық холдингтердің күшімен іске асыруға айрықша көңіл бөлінді.

Көрсетілген кезеңде бюджеттік жоспарлауды мемлекеттік жоспарлаудың нақты жігіне сәйкес жүзеге асыруды болжайтын мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс басталды: мемлекеттік мақсаттар – мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары – тактикалық міндеттер – іс-шаралар – ресурстар – бюджет.

2010 жылы да ел азаматтарының тұрмыс деңгейінің жоғарылауын және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуді, елдің болашақ дамуы үшін негіз салуды қоса алғанда, әлеуметтік проблемаларды шешу салаларында осыған дейін қабылданған шараларды іске асыру жалғасын табуда.

Алдағы орта мерзімді кезеңде бюджеттік саясат экономикаға оң әсер ететін оңтайлы шаралар мен бюджет қаражатының көлемін айқындауда, бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз етуде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оның қаражатын пайдаланудың жаңа Тұжырымдамасына сәйкес мұнайлық емес тапшылықты дәйектілікпен төмендетуден құрылатын болады.

Елдің қаржы жүйесін дамыту, ағымдағы ғаламдық дағдарыстың негізгі тұжырымдарын ескере отырып әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына негізделеді.

Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа әдістемелеріне сәйкес Ұлттық қор қаражатын жинақтауды үкіметтік қарыз алумен ауыстыруға жол берілмейді. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік сектордың ғана емес, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордың қарыз алуын дұрыс жоспарлауды талап етеді.Оның ішінде, квазимемлекеттік сектордың борышын қауіпсіз деңгейде сақтап қалу мақсатында квазимемлекеттік сектордың қарыз алуын шектеуді реттейтін тетіктер әзірленеді.

Жаңа Тұжырымдама болашақ ұрпақ үшін жаңартылмайтын табиғи ресурстарды сатудан жинақталған қаржы ресурстарын жиынтықтау, бюджеттің әлемдік шикізат нарықтарындағы жағдайлардан тәуелділігін төмендету саясатын жалғастыруды болжамдайды.

Ұлттық қордың қаражатын пайдалануға жаңа көзқарас, 2010 жылдан бастап 8 млрд. АҚШ доллары деңгейінде абсолюттік мәндегі тіркелген кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджетке тарту болып табылады. Шығыстардың басқа түрлерін қаржыландыруға, оның ішінде республикалық бюджетке нысаналы трансферттер бөлу, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінің қазақстандық бағалы қағаздарын сатып алу, заңды және жеке тұлғаларға кредит беру, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде активтерді пайдалануға тыйым салынған. Көрсетілген шаралар Ұлттық қор қаражатының жинақталуын үкіметтік қарыз алумен алмастыруды болдырмауға бағытталған.

Бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігі жөніндегі саясат осы онжылдықтың аяғына қарай ЖІӨ-нің 3%-ынан аспай құрауға тиіс мұнай тапшылығын қысқартуға, сондай-ақ Ұлттық қор қаражатының кейіннен тек даму бюджетін қаржыландыруға көшетін ағымдағы шығыстарға жұмсалуын қысқартуға бағытталатын, бұдан әрі оның мәні нөлге теңелетін болады.

Жағдайға қарай, бюджеттік саясатты, оның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау жолымен түзететін шаралар жедел және қолайлы түрде алдын ала қабылданатын болады.

2011 – 2015 жылдарға арналған салық саясатының негізгі бағыттары экономиканың қажетті бағыттарын дамытуға ынталандыратын және мыналардан:

Қазақстанның Кеден одағына кіруіне байланысты салықтық әкімшілендіруді жетілдіру;

Қазақстан Республикасындағы халықаралық салық салу жүйесін жетілдіруден тұратын мемлекеттік функциялардың толық орындалуын қамтамасыз ететін әділ және ақталған құрал ретінде салықтардың әлеуметтік маңызды функцияларын нығайту қажеттігін ескере отырып, міндеттерді шешуге бағдарланатын болады.

Салық заңнамасын жетілдіру бойынша жоғарыда көрсетілген міндеттердің шешілуі оң инвестициялық климаттың құрылуына, халықаралық бәсекелестік күшейген және елдердің арасында капиталдың еркін қайта ағымының болуы жағдайларында экономиканың шикізаттық емес секторында бизнестің дамуын ынталандыруға, бәсекелестіктің дамуына ЖІӨ-нің, бюджеттік кіріс бөлігінің ұлғаюы мен халықтың экономикалық белсенділігінің өсуіне әсер етуге тиіс.

Бұл ретте, мемлекет қабылдаған міндеттемелердің орындалуы мен жаңа бастамаларды іске асыру фискалдық жүктеменің ұлғаюын талап етуі мүмкін.

Жүргізіліп отырған орта мерзімді кезеңдегі шығыстар саясаты бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген ең жақсы тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігіне сүйене отырып, бюджеттің әзірленуі мен оны атқару жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталады.

Осы мақсатта 2011 жылы нәтижелілік пен тиімділік индикаторларына негізделген бюджетті атқару және қалыптастыру жүйесі, сондай-ақ орталық мемлекеттік атқарушы органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жетекшілік ететін саладағы/аядағы/өңірдегі, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге түпкі қол жеткізілген дәрежесін (қол жеткізілмеген) соның ішінде түпкі нәтижесі мен тиімділік көрсеткіштеріне талдау жүргізу жүйесі енгізілетін болады.


5.2. Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдары


2008 жылға дейінгі, шоғырландырылған бюджеттің профицитін қамтамасыз етіп отырған экономиканың орнықты өсуі елімізге ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысының теріс әсерін жұмсартатын резервтер жинақтап алуға мүмкіндік берді.

Сол сияқты, дағдарыстың салдарын еңсеруге, басым емес шығыстарды қысқартуды, сондай-ақ инвестициялық жобалар бойынша шығыстарды оңтайландыру мен мемлекеттік ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға мүмкіндік берген даму бюджетін іске асыруға деген көзқарастарды қайта қарауды қоса алғанда, бюджетке түсетін шығыс жүктемелерін азайту жөніндегі үкімет қабылдаған шаралар да бағытталған болатын.


4-сурет


2008 – 2013 жылдардағы шоғырландырылған бюджеттің

теңгерімі мен мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы




2011 – 2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің кірістері Салық және Кеден кодекстерінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін, сонымен қатар Қазақстанның Кедендік одағына кіруін әсер етуін ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлері негізінде айқындалған.

2011 жылғы кірістерді есептегенде бюджет саласы кызметкерлерінің жалақыларын 30%-ға арттыру ескерілді.


2-кесте


Мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) ЖІӨ-ге %-бен


Көрсеткіштер атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Кірістер

16,8

17,0

17,4

Салықтық түсімдер

16,3

16,7

17,0

Салықтық емес түсімдер

0,4

0,3

0,3

Негізгі капиталды сатудан түсімдер

0,1

0,1

0,1


Мемлекеттік бюджеттің кірістерін болжамдау 2010 жылдан бастап мұнайға экспорттық кедендік баждың енгізілуін ескере отырып, есептелген және Кеден одағында кедендік баждардың сомаларын есепке жатқызу және бөлу тетіктерін қолдануды болжамдайды. 2011 жылға кірістерді болжамдауда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің таза табысының 18,4 млрд.теңге мөлшеріндегі бір бөлігінің түсімі ескерілген.


5-сурет


2008 – 2013 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің

кірістері мен шығыстары




Мемлекеттік бюджеттің шығыстарын болжамдау дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда ЖІӨ-нің өсу қарқынынан аспайтын деңгейдегі жүйелі өсу қарқынын көрсетіп отыр, бұл мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінен бас тартуды білдірмейді.


6-сурет


2008 – 2013 жылдардағы мемлекеттік бюджет шығыстарының

және ЖІӨ-нің өсу қарқыны




Кірістердің шамалап өскеніне қарамастан бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы орта мерзімді перспективада әлі сақталады және мемлекеттік шығыстарды жоспарлау кезінде негізгі басымдық, өзінен кейін бюджет тапшылығына әкеп соқтырмайтын жаңа көтеріңкі міндеттемелерді қабылдамастан орнықты өсу мен адамдардың өмір сүру деңгейлерін жақсарту болып табылатын болады.

Мемлекеттік шығыстарды болжамдау кезінде Мемлекет Басшысының «Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», «Дағдарыстан жаңару мен дамуға», «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында айтылған тапсырмаларды iске асыру жөнiндегi іс-шаралар ескерілді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарын, ҮИИДМБ-ны, 2011 – 2020 жылдарға арналған білім беруді және 2011 – 2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламаларын, Қазақстан Республикасындағы тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арнап әзірленіп жатқан бағдарламасын іске асыру үшін әзірленген іс-шаралар.

Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде бұрынғы жылдардағыдай қаржылық тұрақты зейнетақы жүйесін қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінетін болады.

2011 жылы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 30%-ға ұлғаятын болады.

2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемінен 60%-ға дейінгі деңгейде арттырылады, ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері - 2010 жылға қарағанда 1,2 есеге ұлғаяды.

Ұсынылған шараларды іске асырудан күтілетін нәтижелер зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа, неғұрлым жоғары стандарттарына көшу мен орташа зейнетақының орнын алмастыру пайызының орташа жалақының 40%-ынан төмен болмаған деңгейде тұрақты сақталуы болып табылады.

Одан әрі дамуды арнайы әлеуметтік қызметтерді берудің, оны тұтынушыларға жақындату және олардың жеке қолайсыздықтарын неғұрлым толық есепке алу бағытында институционалдық жүйесі алады. Кепілдендірілген арнайы әлеуметтік қызметтердің тізбесін және олардың көлемін кеңейтуге әлеуметтік қызметтерді берудің, мемлекеттік-жеке әріптестіктің нарықтық принциптерін енгізу негізінде қол жеткізілетін болады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде науқастануды төмендету және халықтың денсаулығын одан әрі нығайту, дәрігер мен ұйымды еркін таңдау жолымен медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, медициналық және фармацевтикалық білім беруді мен инновациялық технологиялар әзірлеу мен оларды енгізуге бағдарланған медицина ғылымын жетілдіру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінетін болады.

Болжамда «100 мектеп пен 100 аурухана» жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан өңірлерінде денсаулық сақтау объектілерін, сондай-ақ ауылда дәрігерлік амбулаториялар салуды жалғастыру көзделген.

Білім беру саласындағы шығыстар 2011 – 2013 жылдары электрондық оқыту жүйесін құруды болжамдайтын 12 жылдық мектеп жағдайларында орта білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталатын болады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толығынан қамтуды қамтамасыз етуге 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын қаржыландыру бағытталады.

ҮИИДМБ шеңберінде халықаралық стандарттарға жауап беретін мамандарды даярлық жүргізуге мүмкіндік беретін техникалық және кәсіптік білім берудің жаңғыртылған жүйесін енгізу көзделген.

Осыған байланысты жұмыс берушілердің қатысуымен жаңа кәсіптік стандарттар әзірленетін болады, біліктілікті жұмыс берушілердің өздері тәуелсіз бағалауы, яғни мамандарды сертификаттау толыққанды енгізіледі.

Көрсетілген стандарттарға жауап беретін мамандарды даярлау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңарту болжамдалып отыр.

Мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуы экономиканың салаларында техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті және бәсекеге қабілетті мамандарының, ЮНЕСКО-ның Лиссабон Конвенциясы мен Болон процесінің талаптарына сәйкес келетін мамандар даярлау қажеттігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Ғылымның өндіріспен байланысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады, түлектерді жұмысқа тұрғызу тетігі жетілдірілетін болады.

Шығыстар болжамында сол сияқты, Қазақстанның әлемдік аренада тәуелсіз егемен мемлекет ретіндегі өскелең рөлі туралы куәландыратын, біздің мемлекетіміздің тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі ретінде 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын өткізу бойынша іс-шаралар да ескерілген.

Сондай-ақ спортшылардың сапалы даярлығы мен халықаралық аренада табысты шығуы үшін жағдай жасау бойынша бір тараптан және екінші тараптан бұқаралық спортты дамыту және дене шынықтыру - сауықтыру қозғалысын дамыту бойынша үйлестірілген жұмысты жалғастыру.

Алдағы орта мерзімді кезеңдегі инвестициялық саясат, Стратегиялық жоспар – 2020-ның екінші негізгі бағытына сәйкес индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту арқылы әртараптануды жеделдету есебінен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелілік сипаттағы ұзақ мерзімді шаралармен тығыз байланысты.

Экономиканы әртараптандыруды жеделдетуді мынадай бағыттар бойынша үдемелі индустрияландыру жолымен жүзеге асыру болжамдалып отыр:

1. Шикiзат өндiрiстерiнiң кейiннен барынша жоғары қайта бөлiстерге өтуiмен, дәстүрлi салаларды: мұнай-газ секторын, тау-кен-металлургия кешенiн, атом және химиялық өнеркәсiптi дамыту;

2. Жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттiң сұранысына негiзделген секторларды: мәшине жасауды, құрылыс индустриясын, қорғаныс өнеркәсiбiн, фармацевтиканы дамыту;

3. Шикiзат секторына байланысты емес және көп жағдайда экспортқа бағытталған өндiрiстердi: агроөнеркәсiптiк кешендi, жеңiл өнеркәсiптi, туризмдi дамыту;

4. Әлемдiк экономикада кейiнгi 15-20 жылда басым рөл атқаратын «болашақ экономика» секторларын: ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, биотехнологияларды, баламалы энергетиканы дамыту.

Орта мерзімді кезеңде экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру арқылы орнықты және теңгерiмдi өсуiне қол жеткізуге ҮИИДМБ іс-шаралары бағытталған.

ҮИИДМБ міндеттері мыналар:

  • экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабiлеттiгiнiң

өсуiн қамтамасыз ететiн басым секторларын дамыту;

  • экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтiк тиiмдiлiгiн күшейту және инвестициялық жобаларды iске асыру;

  • индустрияландыру үшiн қолайлы орта жасау;

  • экономикалық әлеуеттi ұтымды аумақтық ұйымдастыру негiзiнде экономикалық өсу орталықтарын құру;

  • экономиканың басым салаларын дамыту процесiнде мемлекет пен бизнестiң өзара тиiмдi iс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.

Инвестициялық саясаттың алдында тұрған міндеттерді жедел шешу Қазақстанның индустрияландырудың жиынтық картасын әзірлеу негізінде шешілетін болады, онда салалық бағдарламалар мен шеберлік жоспарларында көзделген ірі инвестициялық жобаларды іске асырудың оңтайлы орындары айқындалады.

Осы бағдарламаны іске асыруда негізгі рөлді ойнауға республикалық деңгейде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, жергілікті деңгейде – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, сондай-ақ мамандандырылған сервистік ұйымдар тартылған.

ҮИИДМБ-ні қолдаудың жобалық шаралары республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әзірлеп жатқан: қолданыстағы өндірістерді үдемелі жаңғырту және жаңаларын құру – «Өнімділік - 2020», экспортты дамыту және жылжыту – «Экспорт - 2020», тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау және ынталандыру – «Инвестор» бағдарламалары.

Жергілікті деңгейде – аумақтарды дамыту бағдарламалары мен «2020 жылға дейінгі Бизнестің жол картасы» бағдарламасы болып табылатын болады.

ҮИИДМБ-нің міндеттерін табысты шешу отандық экономиканың циклдық дағдарыстарға қатысты орнықтылығын арттырады және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырады.

Ұлттық қорға түсетін түсімдердің 2011 – 2013 жылдарға арналған болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлері негізінде есептелген: мұнай өндіру, мұнайға әлемдік баға, АҚШ долларына теңгенің бағамы, сондай-ақ бұған дейінгі жылдардағы түсімдердің серпіні, ағымдағы жағдайды талдау.

Ұлттық қорға тікелей салықтардың түсімдері 2011 жылы ЖІӨ-ге 7,8 %, 2012 жылы 7,2 %, 2013 жылы 6,4 % деңгейінде болжанып отыр.


7-сурет


Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына тікелей салықтық түсімдердің 2011  2013 жылдарға арналған болжамы



Ұлттық қордың қаражатын елдің экономикасына бағыттаудың 2006 жылдан бері қолданылып келе жатқан схемасы республикалық бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферттерді, сондай-ақ қаражатты отандық бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді инвестициялауды болжамдайтын. Бұл ретте Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджет әзірленетін жылдың алдындағы жылдың аяғына қор активтерінің 1/3-мен шектеліп отырған.

Көрсетілген саясатты жүргізу дағдарысқа қарсы саясатты жүргізу үшін резервтер жасауға мүмкіндік берді, оның шеңберінде 2008 – 2009 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке 607,5 млрд. теңге және тиісінше нысаналы трансферт түрінде 955,4 млрд.теңгені құрады.

2008 жылы нысаналы трансферттердің 607,5 млрд теңге қаражаты бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикасын орнықты дамыту үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған, көрсетілген қаражат толығымен игерілді.

2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» (Жол картасы) Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының іс-шараларын іске асыруға бағытталып отыр, іс-жүзінде 347,9 млрд. теңге нысаналы трансферттердің меңгерілген 261,5 теңгені құрады.

2009 жылдың аяғындағы жағдай бойынша Ұлттық қор активтері 4,5 трлн. теңгені құрады, одан 750,0 млрд.теңге ішкі активтерге («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамының облигациялары) орналастырылған.


8-сурет


Ұлттық қор активтерінің серпіні




Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу -Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оның қаражатын пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді.


9-сурет


Мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлеміндегі Ұлттық қордың кепілдік берілген және нысаналы трансферттер түріндегі тартылатын қаражатының үлесі




Жоғарыда айтылған көзқарастарды ескере отырып, Ұлттық қордағы қосымша жинақтау 2020 жылға 40 млрд. АҚШ долларынан астамды құрайды, ал активтер 90 млрд. АҚШ долларына дейін өсуге тиіс, бұл ЖІӨ-нің кем дегенде 30%-ын құрайды.

Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу елдің егеменді рейтингінің өсімін қамтамасыз етеді. Бұл өз алдына инвестициялар өсімін ынталандыруға ықпал ететін неғұрлым жеңілдікті қаржы шарттары бойынша жаңа қарыздарды тартуға мүмкіндік береді.

Республикалық бюджет тапшылығының параметрлері бюджеттің түсімдері мен шығыстарының болжамдық көлемдеріне сүйене отырып, бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, айқындалған.


10-сурет


Үкіметтік қарыздар есебінен республикалық бюджет

тапшылығын қаржыландыру




Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің 2011 – 2013 жылдарға арналған параметрлерінің болжамы қосымшада берілген.

1   2

Похожие:

1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері iconАҚТӨбе облысының 2013 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму бетбұрыстары
Ақтөбе облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (әрі қарай – әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы)...
1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері icon2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес...
1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері icon2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Ауданның салық төлеушілерімен жыл басымен салыстырғанда бюджетке салық берешектерінің өсуі болған жоқ, олардың қаржы жағдайларының...
1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері iconФ кгму 1/8-21/02 му 04. 07. 2007ж «2006 жылғы мжбс сәйкес әдістемелік жұмысты ұйымдастыру»
Экономикалық қоғам жүйесіндегі жекеменшіктің мағынасы. Әлемдегі қоғамды азық түлікпен қамтамасыз етудің негізгі мәселелі жағдайларына...
1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері iconӘлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы
Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы n 827 Жарлығына...
1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері iconОблыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы
Облыс әкімі А. Мұхамбетовтің «Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы»...
1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері iconОңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған
Облыстың 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері iconАудан әкімі А. И. Тохтасуновтың Ұйғыр ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылғы дамуының негізгі бағыттары туралы баяндамасы
Аудан әкімі А. И. Тохтасуновтың Ұйғыр ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылғы дамуының негізгі...
1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері iconҚызылорда облысы әкімдігінің
Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница