Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары




Скачать 447.94 Kb.
НазваниеАягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
страница1/4
Дата конвертации06.02.2016
Размер447.94 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://ayagos.vko.gov.kz/kz/files/strategy_05.doc
  1   2   3   4
Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


Мазмұны


1. Аудандық білім бөлімінің миссиясы мен пайымдауы.

2. Ағымдағы жай-күйді талдау.

3. Аудандық білім бөлімінің қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеті мен нысаналы индикаторлары.

4. Аудандық білім бөлімінің функционалдық мүмкіндіктері мен ықтимал қатерлер.

5. Аудандық білім бөлімінің стратегиялық жоспарының әзірленуіне негіз болған бағдарламалық құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілердің тізімі.

6. Бюджеттік бағдарламалар.



  1. Аудандық білім бөлімінің миссиясы мен пайымдауы.



Миссиясы: бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

Пайымдауы:білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт.



  1. Ағымдағы жай-күйді талдау.



«Аягөз аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 60 білім мекемелері қарасты: 35 орта мектеп, 2 мектеп-балабақша, 17 шағын комплектілі бастауыш мектеп, 1 әдістемелік кабинет, 1 орталықтандырылған бухгалтерия, 1 өнер мектебі, 1 ақпараттандыру орталығы, 2 бала бақша-бөбекжайы.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту


2009-2010 оқу жылында Аягөз аудандық білім бөлімі бойынша 2 мектеп-балабақша (762 бала), 27 шағын орталық (897 бала), 2 балабақша-бөбекжайы (100 бала) жұмыс істейді. Аудан бойынша 2-6 жас аралығындағы балалар саны-6 862. Оның қамтылу пайызы 57,2 пайызды құрайды. Білім бөлімінде мектепке дейінгі мекемелерге балаларын орналастыруға ата-аналардан түскен өтініштер саны-1120.

2008 жылмен салыстырғанда балабақшаның саны 2 бірлікке 100 орынға, 1 шағын орталық 20 орынға өсті. Бұл 1,7 пайызға мектепке дейінгі мекемелермен балалардың қамтылу деңгейі жоғарлады. Толық күн кестесімен жұмыс істейтін шағын орталық саны 3 бірлікке өсті. 0-7 жас аралығында мектепке дейінгі жастағы балалар саны 2007 жылмен (8550) салыстырғанда 2008 жылы 467 балаға өскен болса (9017), 2009 жылдың соңында 9541 баланы құрады.




Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту үшін 2015 жылғы дейін іс-шаралар жоспарланған. 2009 жылдың 1қазан айында ауыл аймағында 100 орындық 2 балабақша-бөбекжайы және қалалық №6 орта мектептің жанынан 20 орындық шағын орталық ашылды.

2010-2011ж аралығында Аягөз қаласында 200 орындық 10 топқа есептелінген балабақша салыну жоспарланған. Сонымен қатар берілген мемлекеттік мекемелерден 2 типтік балақша ғимараттарын қайтарып алу арқылы 420 орындық балабақша ашылуы және 3 шағын орталықты толық күн кестесімен жұмыс істеуге ауыстыру жоспарланған.


Жалпы орта білім беру


Аудандағы жалпы орта білім беретін мектептердің жүйесінің динамикасы мен контингенті


Оқу жылдары

2004

2005

2006

2007

2008

2009

Барлық мектептер саны

59

57

57

57

55

54

Орта мектептер

36

36

36

36

36

35

Бастауыш мектептер

23

21

21

21

19

19

Оқушылар

контингенті

19703

17775

16900

15220

13377

13003


2005-2006 оқу жылының басында 59 мектепте 19703 оқушы білім алған. Ал биылғы 2009-2010 оқу жылымен салыстырғанда 5 білім беретін мекемеге қысқарған. Қазіргі кезде жалпы орта білім беретін мектептердің саны 54, оқушылар контингенті 6700-ге азайған.Сол себептен аудан бойынша оқушы орны жетіспеушілігі жоқ.

Жыл сайын 1000 баланың азаюуына байланысып мектептің санының қысқаруына немесе мектепті қайта құру, сыныптарды біріктіруге мәжбүр етті.

Оқушылардың санының азаюына байланысты шағын комплектілі мектептердің саны жыл сайын өсуде. Аудандағы 54 жалпы орта білім беретін мектептердің 36-сы шағын комплектілі, бұл 66,6% құрайды. Халықтың кейінгі 10 жылда көшіп-қонуына байланысты, аудан көлемінде 36 елді мекенде мектеп жоқ, оның ішінде 9-да мектеп жасындағы балалардың жоқтығына байланысты. 17 елді мекенде мектеп жоқ.

Мектебі жоқ ауылды мекендердегі балаларды оқумен қамту мақсатында 1 мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді, онда қамтылған оқушылар саны 103, 9 ауылдық мекендерінен 163 оқушыға тасымалдау ұйымдастырылған. Пайданылатын 9 автокөліктің 1-і мектеп меншігінде, ал 8-і жалға алынады.


3 км дейінгі жақындықтағы ауылдар саны

Онда тұратын оқушылар саны

Оның ішінде
















Мектеп жанындағы интернатта тұрып оқиды

Тасмалдау ұйымдастырылған

Тасмалдау мен мектеп жанындағы интернатқа орналасуды қажет етеді
















Ескі Майлин

38

 

38

0
















Ст. Тансык

21

 

21

0
















С.Биесимас

9

 

9

0
















С. Карабулак

11

 

11

0
















С. Каражал

10

 

10

0
















С.Актубек

10

 

10

0
















С. Копа

26

 

26

0
















С.Каракум

6

 

6

0
















С.Малтугел

32

 

32

0
















Всего

163

 

163

0


















Кейінгі жылдары ауданымыздағы білім саласында оң үрдістер байқала бастады. Елімізідің білім беру әлеуеті дамып, азаматтардың білім алуға Конституциялық құқығы толық қамтамасыз етіліп, қаржыландыру деңгейінің тұрақтануына қол жеткізілді.

Оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру-білім сапасын арттыру шарттарының бірі ретінде ауданымыздың ұстаздары жеке тұлғаны қалыптасыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында жаңа технологияларды кеңінен пайдалануда.


Қазіргі уақытта ақпаратты технологияларды қолдану білім сапасының артуына, яғни жеке оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпалы зор. Аягөз ауданында білім мекемелерін толық компьютерлендіру жұмыстары жүйелі өткізілуде. Соның нәтижесінде 2009 оқу жылында 1 компьютерге 13 оқушыдан келеді.

ҚР-ның Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет», - деп көрсеткен болатын. Осы міндетті орындаудан да тысқары қалмай электрондық оқулықтар мен он-лайн режиміндегі сабақтарды мұғалімдер оқу үрдісінде пайдалануда.

Сапалы білім беру ісі жеке тұлғаға бағытталады. Осы жұмыстардың нәтижесі олимпиада көрсеткіштері болып табылады. Былтырғы жылы облыстық олимпиададан оқушыларымыз командалық есеппен ІІІ орынды иеленсе, бастауыш сынып оқушылары командалық есеппен II орынды иеленді.

«Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өтетін интеллектуалдық марафондарға ауданымыздың оқушыларын үзбей қатыстыруымыз білім сапасын арттыруымызға септігін тигізді.

Оқушы тұлғасына бағытталған білім беру, адамның белсенділігін, шығармашылық қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін, өмірде өз білімін іске асыру мүмкіндігін дамытуға Аягөз ауданының педагог – қызметкерлері өз үлесін қосуда. Оның нәтижесін биылғы оқу жылындағы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу айқындады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі болып табылады. 2008 оқу жылында ҰБТ – ң көрсеткіштері бойынша ауданымыз 19-орынды көрсеткен. Бұл көрсеткіш 2009 жылында білім берудің сапасын арттыру жолында көптеген іс-шаралар жасауға қозғау салды.

Қорытындылап отырған 2009 жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге 768 оқушы қатысты. Орта балы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 15,2 балға өсіп 74,8 балл құрады. «Алтын белгі» мен «Үздік» аттестат иегерлері – 28, грант иегерлері – 221. Бұл мектеп бітіруші түлектердің 29 пайызын құрады.

4-кластар бойынша МАБ-қа қатысқаны 1137 оқушыдан 1113, қатыспағаны 24 оқушы, барлығы себепті жағдайлармен.

9-кластар бойынша аудан мектептерінде 1576 оқушы, оның 26 қатысқан жоқ, себебі 19 оқушы денсаулықтарының нашарлығына байланысты қатыспады, 7 оқушы ақыл-есі жетістіктерінің кемшіліктеріне байланысты, жалпы себепсіз МАБ-қа қатыспаған оқушы болған жоқ. 4-кластар бойынша МАБ-ң қорытындылары бойынша қатысқан оқушылардың 1108 –і шекті деңгейді өтті, 99,5 пайызды құрайды. Игере алмаған оқушылар саны – 5, демек 0,4 пайыз: Жалпы аудан бойынша ортақ балл 16,6 пайызды құрайды, демек берілген тапсырманың 83 пайызы орындалған.

9 - кластар бойынша МАБ-ң қорытындысы төмендегідей: шекті деңгейді игергені 1534 оқушы, игермегені 16 оқушы. Бұл 1,03 пайызды құрайды.


Биылғы 2010 жылында да ауданның педагогикалық ұжымдары оқушыларға сапалы білім беруде жұмыстарын жандандыруда, аудандық білім мекемелерінің білім сапасының саралау қорытындысы бойынша тоқсан сайын жоғарылап келеді.

Аудан мектептерінде жасөспірімдерге жан-жақты саналы тәрбие беруде әртүрлі іс-шаралар атқарылып жатыр.

Балалардың әл – ауқаттылығы және олардың өмірінің сапасы қоршаған ортаның, нәтижелі басқарудың және мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі индикаторлары болып табылады.

Ыстық тамақпен қамтылған бала саны – 8951, бұл 69,8% құрайды. Оның ішінде 1-4 кластар бойынша – 4632 оқушы тегін тамақтанады, бөлінген бюджет 51 507,2 мың теңге. Жаппай білім беру қоры арқылы тұрмысы төмен отбасы балаларына 16 574,0 мың теңге қаражат бөлініп отыр. Бүгінгі күні 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен 97,8 пайыз қамтылып отыр.


Басым бағыттағы инвестициялық 2010-2014 жылдарға арналған жоспары бойынша Аягөз ауданында Ақши ОМ құрылысы Ақши ауылы 180 орындық соммасы 200000,0 мың теңге, құрылыс 2008 жылы басталған, 291621,0 мың теңгеге орындалды, 2010 жылы аяқтау жоспарланған.

2008 жылы 13 объектіге 36883,1 мың теңге күрделі жөндеуге бөлінді.

2009 жылы 3 объектіге және жобалық сметалық құжаттарға 1859,8 мың теңге күрделі жөндеуге бөлінді.


Материалдық техникалық базаны жарақтандыру

2010-2014 жылдары 925577,0 мың теңге жоспарланған, негізінен қайта кәсіптік дайындықтан өтетін мектептерге. Оның ішінде 345961,0 мың теңге республикалық бюджет қаражаты есебінен және жергілікті бюджеттен 579616,0 мың теңге. Негізінен 2010-2014 жылдары қайта кәсіптік даярлықтан өтетін мектептерге қаралған. 169 кабинеттер алуға қажеттілік сұраныс бар, 2010-2014 ж аралығында жоспар бойынша 169 кабинет алынып, жарақтандырылады немесе 100 пайыз қажеттілік қанағаттандырылады.

2005-2009 жылдары аудан мектептеріне 19 мультимедиялық кабинет, 26 физика кабинетттері, 6 химия кабинеттері, 4 биология кабинеттері жабдықталды.

Мектептердің мультимедийлық кабинеттермен жабдықталуы 51,3 %, физика кабинеттерімен 72,2 %, химия кабинеттерімен 16,6 %, биология кабинеттерімен 11,1 %.

2010-2014 жылдары оқулықтарды алу және жеткізуге 179791,0 мың теңге жоспарланып отыр,ақпараттандыруға 2013 жылы 18 кабинетке 122760,0 мың теңге, 2014 жылы 10 мектепке интерактивті кабинет алуға 68200,0 мың теңге жоспарланған.

Елбасының тапсырмасына сәйкес Республика Үкіметі қабылдаған «Жол картасы» стратегиясына ұдайы жаңашылдық пен ізденімпаздық және үнемі дамып отыру үрдісі тән. Бағдарламаны жүзеге асыру бүгін де Елбасының тапсырмасын орындаумен ерекшеленетін аса маңызды іс болып табылады. Ауданымызда «Жол картасы» аясында қолға алған істердің оң нәтижелері анық байқала бастады. Бөлінген 92326,9 мың теңге толық игерілді. Ауданымыздағы 26 мектеп толық ағымды, күрделі жөндеуден өтті. Осы бағдарламаның аясында қазан айының бірінші жұлдызында 50 орындық бала-бақша Баршатас ауылында, 50 орындық бала-бақша Ақтоғай бекетінде ашылды.

  1   2   3   4

Похожие:

Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon2010-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2010-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің миссиясы және алдағы уақытта көрінуі 1
Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Аягөз қаласы
Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) маңызды міндеті – ауданда кәсіпкерлікті дамыту, бинестің дамуына қолайлы...
Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconМм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған
Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі
Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconКатон-Қарағай аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жаспары Мазмұны
Катон-Қарағай аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жаспары
Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconКәсіпкерлік бөлімінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Новоишим селосы
Миссиясы: Аудан аумағында кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қолайлы жағдайларды жасау. Аудан өнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін...
Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconКодексінің 62-бабына
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Астана қаласы 2008 жыл Мазмұны
Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница