Психологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы




Скачать 99.28 Kb.
НазваниеПсихологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы
Дата конвертации06.02.2016
Размер99.28 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://special-edu.kz/files/normbaze/prawpmpk-kaz.doc
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


БҰЙРЫҚ

Астана қаласы №744 14 қыркүйек 2004ж.


«Келісемін»

Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице- министрі

А.Ақанов


Психологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы


«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1.Қоса беріліп отырған психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (бұдан әрі-ПМПК) қызметін ұйымдасыру тәртібі туралы ереже бекітілсін.

2. Орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ҚР Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап өзкүшіне енеді.

4. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары (департаменттері) аталған бұйрықты білім беру ұйымдарының барлық аудандық, қалалық бөлімдеріне жеткізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін.


Министр Ж.Күлекеев


«Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы» ҚР білім және ғылым министрлігі 2004ж. 14.09. № 744 бұйрығына қосымша


Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже

1.Жалпы ережелер

1. Осы ережелер ПМПК қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді, даму проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру арқылы халыққа көмек көрсетеді, оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін шешу, кемтар балаларға әлеуметтік және психологиялық-медициналық-педагогикалық тузеу арқылы қолдау көрсету құқығын белгілеу үшін құрылады.

ПМПК- арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады және 18 жасқа дейінгі 60 мың балаға бір кеңес облыстық, Астана және Алматы қалаларының әкімінің шешімімен ашылады.

2. ПМПК-ның ашылуы, қайта ұйымдастырылуы, тартылуы, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуі ҚР заңында белгіленген тәртіппен наықталады. Республикалық ПМПК қызметіне бақылауды білім беру саласындағы орталық атқарушы орган, ал облыстық, ауданаралық және қалалық білім басқармалары (департаменттері) жүзеге асырады.

Облыстық, қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерге Республикалық ПМПК әдістемелік көмек көрсетеді.

3. ПМПК заңды тұлға болып табылады, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, кеңестің атауы жазылған мөртаңбасы және белгіленген үлгіленген үлгідегі маңдайша жазуы бар.


2. Негізгі міндеттері

4. ПМПК-ның негізгі міндеттері:

1)туғаннан 18-ге дейінгі балалар мен жасөспірімдердің даму ерекшеліктерін анықтау, диагнозын белгілеу және оларды емдеу, оқыту мен тәрбиелеудің лайықты жағдайларын анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру;

2) баланың арнайы қажеттіліктерін анықтау және оның медициналық, арнайы білім, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге берілген құқығын белгілеу;

3) баланың жай-күйіне байланысты оған бұрын қойылған диагнозды және арнайы қызмет көрсетуге берілген құқығын қажет болған жағдайда растау, нақтылау және өзгерту;

4) қажеттілігіне қарай балалар мен жасөспірімдерді мұқият тексеру, емдеу және динамикалық бақылау жасап тоыру үшін оларды ғылыми-зерттеу орталықтар мен профилактикалық-емдеу мекемелеріне жіберу;

5) балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар әзірлеу, екмтар балаларды оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және оларды арнайы білім беру ұйымдарында емдеуді, тәрбиелеуді, оқытуды ұйымдастыру;

6) дамуында әр-түрлі ауытқушылықтары бар: мектепте үлгермейтін, тәртібі, эмоциялық-ерік аясы бұзылған, басқалармен қарым-қатынасы қиындық көретін, оның ішінде арнайы түзеу ұйымдарына жіберуге жатпайтын балаларды емдеу, тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша олардың ата-аналарына (не оларды алмастырушыларға), педагогтарға, дәрігерлерге консультациялық көмек көрсету;

7) дамуында әр-түрлі ауытқушылықтары бар және мамандырылған жәрдемді қажет ететін балаларды, оның ішінде ерте сәби жастағы балаларды дер кезінде анықтау мәселелері бойынша білім, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу;

8) кемтар балаларды білім, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарымен бірлесіп, олардың медициналық, арнайы білім мен әлеуметтік қызмет көрсету қажеттіліктерін еспке алу және есеп жүргізу. Білім беру, әлеуметтік қоғау және денсаулық сақтау басқару органдарына кемтар балаларға арналған арнайы түзеу мекемелер желісін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу;

9) кемтар балалардың физиологиялық психологиясы жай-күйінің ерекшеліктері туралы халық арасыда білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстары;

10) тәрбиелеу және оқыту процесінде балалар мен жасөспірімдердің даму динамикасын зерделеуде арнайы түзеу ұйымдарының педагогтарына әдістемелік басшылық жасау және көмек көрсету;

11) кемтар балаларға арналған арнайы түзеу ұйымдарының желісін дамыту жөнінде білім беру басқармаларының ұсыныстар енгізу болып табылады.

5. ПМПК өз жұмысында ҚР Үкіметінің, ҚР Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.


3. ПМПК-да балаларды қабылдау және тексеру тәртібі

6. Балалар мен жасөспірімдерді консультацияларға жіберу білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарының, қоғамдық ұйымдарының бастамасы, сондай-ақ ата-аналардың (не оларды алмастырушылардың) мынадай құжаттарды көрсету бойынша жүзеге асырылады:

тууы туралы күәлік;

маман-дәрігерлердің қорытындылары мен тексеру нәтижелері қоса көрсетілген баланың даму тарихынан толық көшірме;

мектепке дейінгі білім мекемелері мен жалпы білім беретін мектептердің және өзге де ұйымдардың баланың осы ұйымдарда болған уақытын, оның дамуына талдауды, эмоциялық аясы мен мінез-құлқын, сондай-ақ дамуы мен үлгерімін арттыруды жақсарту мақсатында жүргізілген іс-шараларды (жеке көмек, емдеу) қамтып көрсеткен педагогикалық мінездеме;

баланың ана тілі, математика, сурет бойыша жазба жұмыстары мен басқа да қызметінің жемісі.

7. Ата-аналардың (не олады алмастырушылардың) ықыласы бойынша консультацияға келген балалар мен жасөспірімдерді тексеру құжаттарсыз да жүргізіледі.

8. ПМПК-ға балаларды қабылдау тек ата-аналарының (не оларды алмастырушылардың) еріп келуімен жүзеге асырылады. Ал өз ықыласы бойынша келген 14 жастан асқан жасөспірімдерді ата-аналарынсыз қабылдауға болады.

9. Толық бірінші тексеруге барлық тексерулер ( неврологиялық, психологиялық-педагогикалық, логопедтік) кіреді, сондай-ақ анамнез жинау, тексеру нәтижелерін картаға жазу мен тұжырымды рәсімдеу, бұл ретте оның ұзақтығы бір сағаттан аспауы қажет, ал бала тез шаршайтын кезде ол 20-30 минуттан аспауы қажет.

Толық бірінші тексеру оның барысында барынша толық анамнез жинау, баланың жағдайын ПМПК-ның барлық мамандарының бағалауы жүргізілетін болып саналады және нәтижесінде кеңейтілген диагноз қойылады немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық тұжырым жаслады. Бірінші тексеру диагноз қою мақсатында 1-4 қабылдау барысында жүргізілетін болады.

10. Қайта тексеру ПМПК-ның жалпы тұжырымын нақтылау немесе өзгертү мақсатында жүргізіледі, ең адымен, жеке кемістігінің деңгейін нақтылау қажеттігі жағдайында ол диагностикалық оқу-түзеу сабақтарынан (диагностикалық сыныптар (топтар), білім беру ұйымдарындағы сынама оқыту) кейін жүргізіледі.

11. Қосымша тексеру диагнозды нақтылау үшін және толық медициналық және психологиялық-педагогикалық ұсынымдар үшін негіз болатын баланың жағдайы туралы қосымша мәліметтер алу үшін жүргізіледі.

12. Тексеру кезінде мәліметтер баланың даму картасына түсіріледі. ПМПК-да баланың жеке тексеруден өткен мәліметтері негізінде оның дамуындағы ауытқушылықтың сипаты туралы барлық мамандардың ортақ қорытындысы жасалынады. Оның физиологиялық психологиясының мүмкіндіктеріні мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балаға коррекциялық тәрбие беру мен оқытуды ұйымдастырудың тұрпаты мен нысаны алқалық шешім қабылданады. Қажетті медициналық, білім беру және әлеуметтік қызмет көрсетуді қарастыратын жеке оңалту бағдарламасы жасалады, қажетіне қарай жасөспірімдерге кәсіптік бағдар беру мен жұмысқа орналасу, әлеуметтік және еңбекпен бейімделу жөнінде ұсынымдар беріледі.

13. Ата-аналар облыстық (қалалық, аудандық) ПМПК-ның тұжырымымен келіспеген жағдайда, олар ркспубликалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясына жүктенуіне болады.

14. Тексеруден өткен балалар мен жасөспірімдердің тізімі олардың олардың білім алу, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету қажеттіліктерін және консультацияның ұсынымдарын көрсете отырып, оларға қажетті көмек көрсету үшін тиісті білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және т.б. ұйымдарға жіберіледі.

15. Оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың нысаны мен мекеменің түрі мен тұрпаты туралы консультацияның қорытындысы ұсынымдық сипатта болады, ата-аналарының ( не оларды алмастырушыларының) және өзге де заңды өкілдердің келісімімен балалар мен жасөспірімдерді арнайы түзеу және басқа да білім беру ұйымдарына орналастыру үшін негіз бола алады. ПМПК ұсынатын білім беру ұйымының түрі мен тұрпаты қорытынды ұйғарым білім басқармасына (департаментіне) жіберіледі.


4. ПМПК жұмыстарының мазмұны және оны ұйымдастыру

16. ПМПК 150 шаршы метрден кем болмайтын жеке үй-жайда ашылуы керек. Тексерудің барлық түрлерін өткізу үшін медициналық құрал жабдықтар, әдістемелік және диагностикалық материалдар, тиісті жихаз, кілемдер, компьютерлік техника, автокөлік болуы керек.

17. ПМПК бекітілген кесте тікелей консультацияның өз үй-жайында жұмыс істейді. Консультация мамандары балаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру үшін аудандарға да шығып тұрады.

18. Әрбір ПМПК штаттарына міндетті түрде мынадай мамандар кіреді: дәрігер-психиатр, дәрігер-невропатолог, дәрігер-сурдолог, дәрігер-офтальмолог, педагог-психолог, мұғалім-логопед, дефектологтар (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), әлеуметтік педагог, медициналық статист, бухгалтер, санитарка.

Медициналықжәне өзге де бейіндегі басқа мамандар жұмысқа еңбек саласындағы заңнамалық актілерге сәйкес тартылады.

19.ПМПК жұмысының негізгі мазмұны:

1) балада бар патологияның медициналық диагнозын анықтау мақсатында баланы кешендік психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру;

2) сырқатының ерекшеліктері мен оған қатысты патологиялық өзгерістерді айқындау;

3) айқындалған ерекшеліктері мен ақыл-ой, сөйлеу кемістіктеріне негізделген даму ауытқушылығының психологиялық-педагогикалық диагнозын қою;

4) білімдерінің, біліктерінің, дағдыларының жасына, оқұ сатысына сәйкестігін анықтау, оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау;

5) баланың даму проблемалары бойынша ата-аналарға кеңес беру болып табылады.

20. ПМПК БҰҰ Бас Ассамблеясының бала құқығы туралы конвенциясында және «ҚР –ғы бала құқығы туралы» ҚР Заңы мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген балалар мен олардың ата-аналарына деген ізгілікті қарым-қатынас принциптерін басшылыққа ала-отырып, баланы кешенді тексеруді жүзеге асырады. Кемтар балаларға жан-жақты көмек көрсету мәселелері бойынша білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер ұйымдарымен, сондай ақ басқа да ұйымдармен тығыз байланысты жұмыс істейді.

21. Балаларды мұқият зерттеу және соңғы диагнозын қою үшін ПМПК-да түзеу-диагностикалық сыныптары (топтары) ашылады.


5. ПМПК-ны басқару

22. ПМПК-ға облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары (департаменттері) тағайындаған консультация меңгерушісі тағайындайды, ал республикалық ПМПК меңгерушісін – бәләм саласындағы атқарушы орган тағайындайды.

23. ПМПК –ның барлық мамандары (дәрігерлер, педагогтар, психологтар) үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 24 сағатқа белгіленеді, меңгерушілер мен медициналық статистиктер үшін аптасына – 30 сағат.

ПМПК-ның психологиялық-педагогикалық құрамының еңбек демалысының ұзатығы ҚР-ның заңдарына сәйкес беріледі.

24. ПМПК мамандарының еңбегіне ақы төлеу ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Дамуында және оқуында мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс үшін ПМПК-ның мамандары базалық лауазымдық айлықақыдан 30% мөлшерінде қосымша ақы алады.

25. ПМПК-ның қаржы-шаруашылық қызметін бюджеттен бөлінген қаржы мөлшерінде шығыс сметасына сәйкес, сондай-ақ заң бойынша рұқсат етілген бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асырып отырады.


6. ПМПК-ның құжаттамаларын сақтау және беру тәртібі

26. ПМПК-да мынадай құжаттар жүргізіледі: консультацияға алдын-ала жазылу журналы, тексеруден өткен балаларды есепке алу журналы, барлық мамандардың тексеру барысы мен нәтижелері жазылатын баланың даму картасы, ПМПК-ның ұсынымдары мен қорытындылары қоса көрсетілген картаның көшірмесі.

27. ПМПК-ның мамандары тексерудің барлық түрлерінің нәтижелерінде көрсетілетін баланың даму картасын (анамнестикалық мәліметтер, неврологиялық, психиатриялық және басқа да медициналық тексерулердің басқа да түрлері, параклиникалық зерттеулер, психологиялық, педагогикалық, логопедтік) толтырады және ПМПК-ның жалпы тұжырымын шығарады. Мамандар толтырған баланың даму картасы шығарылған психологиялық-педагогикалық консультациясының тұжырымының негіздемесі болып табылады.

Әрбір баланың даму картасын жүргізу және оларды , лоарды 5 жыл бойы сақтау, одан кейін мұрағатқа өткізу қажет.

28. Тұжырым (даму картасының көшірмесі) ата-аналарына немесе оларды ауыстырушыларға беріледі. Тұжырымда немесе көшірмеде даму картасынан алынып, мыналар көрсетіледі:

1) баланың интелект жағдайы;

2) кеңейтілген неврологиялық диагноз;

3) психиатриялық диагноз: баланың психикалық ауруы және бұзылыстары бар болған жағдайда, қажет болса тиісті МКБ 10-мен белгіленеді;

4) сөйлеу бұзылыстары бар болған жағдайда- логопедтің тұжырымы;

5) қосарлана жүретін аурулар мен синдромдар (органдар мен жүйелердің созылмалы аурулары, нерв жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративтік аурулары, сондай ақ патопсихологиялық, нейропсихологиялық синдромдар, мектепке бейімделмеу).

29. Қажет болған жағдайда ата-аналарға (оларды ауыстырушыларға) сондай ақ педагогтарға, тәрбиешілерге, дәрігерлерге балалар мен жасөспірімдерді емдеу, оқыту және тәрбиелеу жөнінде толық ұсынымдар беріледі.

30. Ата-аналарға (оларды ауыстырушыларға) баланың даму картасы мен ұсынымдардан толық түрдегі көшірмесі берілуі мүмкін, оның ішінде бала интелекті мен сөйлеу қабілетінің бұзылыстары мен ауырған жағдайда бала баратын мекеменің мамандары баланың оқуы мен тәрбиесі жөнінде жазбаша түрде егжей-тегжейлі тұжырымдама мен ұсынымдарға мұқтаж болады.

Баланың жағдайы психикалық бұзылыстар ретінде сараланған жағдайда оның қатарына МКБ бойынша психоз, психопатия, невротикалық реакция жағдайы мен дамуы, тұлғаның патохарактерологиялық қалыптасуы, ПМПК-ның кеңейтілген тұжырымы тергеу орындарының, психикалық денсаулық орталығы, психиатриялық аурухана мен ҚР-ның Білім эәне ғылым , Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің сауалы бойынша ғана беріледі.

Похожие:

Психологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы iconПсихологиялық- медициналық- педагогикалық консультациялардың қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже
Проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық- медициналық- педагогикалық тексеру арқылы халыққа көмек көрсетеді, оқыту...
Психологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы iconҚредиттік бюроның қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР ҚҚа басқармасының 2010. 29. 03. №50 қаулысын қара (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа...
Психологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы iconБілім беру қызметін лицензиялаудың Ережесі Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы
Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 7 маусымындағы Заңына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995...
Психологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы iconІшкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу және сату
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру...
Психологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Психологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы iconДәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру және олардың сапасын бақылау, сондай-ақ тұрақтылығына сынақтар жүргізу және сақталу мерзімі мен қайта бақылау мерзімін белгілеу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №740 Бұйрығы
Психологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Психологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы №409 қаулысы
Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Психологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Психологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница