Жубатова камшат молдабаевна




Скачать 266.46 Kb.
НазваниеЖубатова камшат молдабаевна
страница1/2
Дата конвертации06.02.2016
Размер266.46 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/zhubatova.doc
  1   2


ӘӨЖ 371.335 : 37.016 : 546 Қолжазба құқығында


ЖУБАТОВА КАМШАТ МОЛДАБАЕВНА


БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ


6М011200 - Химия мамандығы бойынша

педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ


Кызылорда, 2012 ж.

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Химия және химияны оқыту әдістемесі» кафедрасында орындалды


Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының кандидаты Арынова К.Ш.


Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты

Набуова Р.А.


Қорғау 2012 жылдың « » маусым күні сағат _____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. (Мекен – жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Аманкелді көшесі, 9-оқу ғимараты, 3-қабат, 303 аудитория)


Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ – нің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


Мемлекеттік Аттестаттау

комиссиясының хатшысы: К.Ш.Арынова


Кіріспе


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдыстыруды талап етеді» - деген болатын. [1]

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енігзу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Елімізде қазіргі кездегі саяси-әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру саласында, соның ішінде мектептердегі жеке пәндерді оқыту үрдісінде көп жаңалықтарды енгізуді талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда жаратылыстану ғылымдарының арасында химияның алатын орны ерекше болмақ. Себебі химия оқушыларға жан-жақты химиялық білім мен тәрбие беретін негізгі пәндердің бірі болып саналады.

Қазіргі қоғам өз мүшелерінен тек тапсырманы орындаушы ғана емес, олырдан бәсекеге қабілетті, белсенді, шапшаң, өмір өзгерістеріне тез бейімделе алатын, дұрыс шешім қабылдай отырып, мәселелерді шеше алатын мамандардың болуын қажет етеді. Ол үшін бүгінгі мектеп оқушысын өмір өзгерістеріне тез бейімделіп, әр түрлі жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатындай тұлға ретінде қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі кездегі әдістемелік, педагогикалық және ғылыми еңбектерде оқытудың жаңа технологияларына, интерактивті құралдары мен ұғымына, оны жүйелеуге, оны пайдаланудың тиімділіктері туралы көптеген еңбектер жарық көруде. Жаңа технологиялық әдістердің әдіснамалық негіздері С.Н.Лысенкова, В.М.Шаталов, М.Ж.Арыстанов, А.Е.Әбілқасымова, Г.В.Лаврентьев, зерттеулерінде, оқытудың жаңа технологиялары В.М.Гареев, В.П.Беспалько, Ж.Қараев, М.М.Жанпейісова, Г.В.Васильева, А.Қисымова еңбектерінде, химиялық білім берудің жүйелілік негізін жасау И.Н.Нұғыманов, Н.Н.Нұрахметов, С.Ж.Жайлау, Ж.Ә.Шоқыбаев, Қ.А.Аймағамбетова, К.А.Сарманова, Х.М.Рахымбек, А.М.Мырзабаев, Г.Н.Жадрина, Ш.Т.Таубаева т.б. еңбектерінде зерделенген. Оқытудың интерактивті әдістемелерімен Қазақстандық ғалымдар А.Х.Әлімов, Б.М. Қосанов, А.Қ. Рысбаева жан-жақты айналысуда. Оқыту құралдарын теориялық және практикалық тұрғыдан шетелдік ғалымдар Ж.Пиаже, С.Френе, С.Г.Шаповаленко, Д.Д.Зуев, Б.Г.Бейлинсон зерттеді.

Химия пәнінен интерактивті оқыту құралдарын – оқушы жұмыс дәптерін орта мектепте білім беру барысында пайдалануға талдау жасап, интерактивті оқыту құралдарын білім беру барысында қолданудың әдістемелік ерекшеліктерін саралап, интерактивті әдістермен кіріктіре пайдаланудың тиімді жолдары мен әдістерін зерттеу мақсатымен жұмысымыздың тақырыбын «Бейорганикалық химияны оқытуға арналған интерактивті оқыту құралдарын жасау әдістемесі» деп алдық.

Ғылыми зерттеудің мақсаты – орта мектепте химияны оқыту үдерісінде интерактивті оқыту құралдарын – оқушы жұмыс дәптерін пайдаланудың жолдары мен тиімділігін әдістемелік тұрғыда негіздеу.

Ғылыми зерттеудің нысаны – жалпы орта бiлiм беретiн мектептегi химияны оқыту үдерісі.

Ғылыми зерттеу пәнi – орта мектеп химиясын оқытуда интерактивті оқыту құралдарын пайдаланудың педагогикалық негiздерi.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы мен ғылыми жаңалығы:

  • бейорганикалық химияны оқытудың әдістемелік жүйесі жасалды;

  • бейорганикалық химияны оқытуға арналған интерактивті оқыту құралы - оқушы жұмыс дәптерінің әдістемелік жүйесі жасалды;

  • интерактивті әдістермен оқытудың сабақ жоспарлары жасалды.

Ғылыми зерттеудің мiндеттері:

1. Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық – психологиялық, дидактикалық – әдістемелік, ғылыми әдебиеттерге талдау жасап, жаңа оқыту технологияларының мәнін ашу.

2. Жаңа оқыту технологияларының қазіргі кездегі түрлерін анықтай отырып, олардың химия пәнінде пайдаланылу ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін айқындау.

3. Орта мектепте химияны оқыту үдерісінде интерактивті оқыту құралдарын пайдаланудың жолдарын анықтау және осыған сәйкес оқу-әдістемелік құрал жасау.

4. Орта мектеп химиясын оқытуда интерактивті оқыту құралдарын пайдаланудың әдістемесін жасап, оны практикада пайдаланып, тиімділігін дәлелдеу.

Ғылыми жұмыстың болжамы – интерактивті оқу құралы – зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерін оқу үдерісінде жаңа технологиямен ұштастырыла жүргiзiлсе, оқытудың бiлiмдiк, тәрбиелiк, дамытушылық мiндеттерi бiрлiкте шешiлсе, әдiстемелiк кешендер бiр-бiрiмен сабақтастықта кiрiктiрiле отырып қолданылса, нәтижесiнде оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, ғылыми химиялық ұғымдарды қалыптастыру мүмкiндiгi артады, теориялық бiлiм мен практикалық iс- әрекеттiң арасындағы байланыс нығаяды.

Орта мектеп химиясының теориялық материалдарын саналы меңгеруi оқушылардың кәсiби бағдарын қалыптастырып, жоғары оқу орнына түсуге дайындық деңгейiн көтередi.

Зерттеудiң ғылыми жаңалығы:

  • химия пәнiнен интерактивті оқыту құралы – зертханалық және сарамандық жұмыс дәптері негiзiнде оқытудың әдiстемелiк жүйесi жасалды;

  • химия пәнiнен интерактивті оқыту құралы – зертханалық және сарамандық жұмыс дәптері арқылы оқыту негiзiнде оқушыларда ғылыми химиялық ұғымдарды қалыптастырудың өлшемдерi мен деңгейi анықталды;

  • интерактивті оқыту құралын жаңа технологиялармен ұштастырыла пайдалану арқылы оқушылардың ғылыми ұғымын қалыптастырудың тиiмдi жолдары мен әдiстерi сараланып, әдiстемелiк нұсқау берiлдi.

Зерттеудiң практикалық мәнi

  • зерттеу нәтижелерi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқу үдерісінде;

  • интерактивті оқыту құралы – зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерімен жұмыс iстеу әдiстерiн мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институтында;

  • химия мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарында қолдануға болады.

Қорғауға мынадай тұжырымдар ұсынылады:

  1. Оқыту құралдарының химия пәнiнен бiлiм берудегi педагогикалық негiзi;

  2. Орта мектептегi интерактивті оқыту құралы – оқушы жұмыс дәптерінің қолданудың қазiргi жағдайы;

  3. Интерактивті оқыту құралы – зертханалық және сарамандық жұмыс дәптері арқылы оқыту негiзiнде химиялық ұғымдарды қалыптастырудың өлшемдерi мен деңгейлерi;

  4. Интерактивті оқыту құралы – зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерін оқу үдерiсiнде қолданудың әдiстемелiк нұсқауы.

Зерттеу жұмысының зерттеу әдiстерi:

  • философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми зерттеулерге, оқулықтар мен бағдарламалаларға, әдiстемелiк құралдарға талдау жасау;

  • химия пәнiнiң оқыту үдерісiн бақылау;

  • оқушылардың химиялық бiлiмi мен бiлiгiн саралайтын диагностикалық сауалнамалар жүргiзу,

  • алынған нәтижелердi қорытындылау, талдау жасау;

  • педагогикалық эксперимент жүргiзу және оның нәтижесiн сандық және сапалық талдау.

Зерттеу жұмысының әдiснамалық негiзi: Табиғат – адам – қоғам, қоғам дамуы туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулер; педагогика мен психологиядағы жеке тұлғаны дамытудың негiзгi заңдылықтары.

Зерттеу көзi: Педагогика-психологиялық iс-әрекет теориясы туралы iлiмдi В.В. Краевский, А.Н. Леонтьев, С.А. Рубинштейн, Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, Г.И. Щукина т.б. еңбектерiнде қарастырылады. Осы теорияға негiзделген белгiлi ғалымдар әдiскерлер еңбектерi В.И. Верховский , Н.С. Ахметов, Ю.В. Ходаков, Д.А. Эпштейн, П.А. Глориозов, И. Нұғыманов, Н. Нұрахметов, Ж. Шоқыбаев, Н. Ахметов, Қ. Аймағамбетова, К. Сарманова, А. Сармурзина, Б.А. Мансұров және т.б. зерттеулерi мен оқу құралдары мен төл оқулықтары басшылыққа алынды. Сонымен бiрге ресми құжаттар «Қазақстан Республикасының жалпы бiлiмдi дамыту түжырымдамасы» (2004) және «Қазақстан Республикасының тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы», «Бiлiм туралы заң» (1999) пайдаланылды [3-21].

Зерттеу нәтижелерiн сынақтан өткiзу және ендiру.

Зерттеу жұмыстарының негiзгi нәтижелерi мен көкейкестi мәселелерi Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, п.ғ.к., профессор Әли Мүсілімұлының 70 жылдығына арналған «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында және Қорқыт Ата мемлекеттік университетінің «Хабаршысы» 2011 ж., №2, «Химия мектепте» журналында (2012 ж, № 3) жарық көрген.

Диссертацияның құрылымы: диссертациялық жұмыс кiрiспе, екі тараудан, төрт бөлiмнен, тұжырымдамадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады.

Кiрiспеде зерттеудiң көкейкестiлiгi, мақсаты, нысаны, пәнi, мiндеттерi, болжамы, зерттеу әдiстерi мен негiзгi бағыттары берiлiп, диссертацияның практикалық маңыздылығы, ғылыми жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.

Бірінші тарауда жалпы білім беретін мектептерде химияны оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңдері, оқытудың интерактивті әдістері, оқытудың ақпараттық технологиялары және интерактивті оқытудың негізігі ұстанымдары мен түрлері қарастырылды.

Екінші тарауда интерактивті оқыту құралы – зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерінің мазмұны (8-9 сынып), оларды пайдалану әдістемесі, бейорганикалық химияны интерактивті құралдармен оқытудың тиімді жолдары, олардың нәтижелері берілді.

Қорытындыда педагогикалық эксперименттің ұйымдастырылуы, интерактивті жұмыс дәптерінің тиімділігі тексеріліп, нәтижелері берілген.

Қосымшада интерактивті әдістермен құрылған сабақ жоспарлары мен интерактивті жұмыс дәптерінің нұсқауы берілген.


Жұмыстың негізгі мазмұны


Елiмiз егемендiк алғаннан берi болып жатқан терең өзгерiстер қоғам тiршiлiгiнiң барлық салаларына, оның iшiнде бiлiм жүйелерiне де әсерiн тигiзiп отыр. Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» заңы, бiлiм саласының мемлекеттiк саясатын айқын көрсетiп, осы жүйедегi өзектi проблемаларды реформалауды көздедi.

Болашақ қоғам мүшелерiн бiлiмдi, парасатты етiп қалыптастыруда химия пәнiнен бiлiм берудiң алатын орны ұшан-теңiз. Себебi, химия ғылымы адам баласын күнделiктi өмiрде қоршап қана қоймай, күнбе-күн олардың керегiне, мұқтажына, қажетiне, өмiр тiршiлiгiне жарайтын заттар мен құбылыстар туралы бiлiм беруге бағытталған. Сондықтан да орта мектеп химиясынан берiлетiн бiлiм мазмұны мен оның көлемi замана талабына қарай өзгерiп отырады.

Бүгінгі күннің басты ерекшеліктерінің бірі ақпараттың шамадан тыс көп мөлшерде дамуы. Сондықтан да оқу қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғары деңгейде меңгеретін және тәжірибеде бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім саласында инновациялық өзгерістерді алып келіп, оқудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады. Таным әрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интерактивті оқыту мен құралдары білімді игеру үдерісінде білім алушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді.

Интерактивті оқыту – бұл ең алдымен диалогты - сұхбаттасып оқыту. Диалог дәстүрлі оқытуда да кездеседі, бірақ бұл кезде диалог тек «оқушы-оқушы» немесе «мұғалім - оқушылар тобы (сынып)» арасында ғана болады. Ал интерактивті оқытуда диалог «оқушы-оқушы» (жұптасып жұмыс істеу), «оқушы – оқушылар тобы» (топпен жұмыс), «оқушы – аудитория» немесе « оқушылар тобы - аудитория» (топта жұмысты презентациялау), «оқушы – компьютер», «оқушы – жұмыс дәптері» бағыттарында кездеседі [58].

Интерактивті оқытуда білім үдерісі төмендегідей ұйымдастырылады:

1) Барлық білім алушылар бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасайды;

2) Әрбір білім алушы өзінің үйренгені мен білімін, түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, өз ойларын қорытындылайды;

3) Білім алушылар білімді өздігімен құрастыратын орта жасау.

Бейорганикалық химияны интерактивті құралдармен оқытудың тиімді жолдарын экспериментке қою және оның нәтижесі диссертацияның 2.2 бөлімінде баяндалады.

Жалпы бiлiм беретiн мектепте химия пәнiн оқыту үдерісінде интерактивті оқыту құралы – зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерін қолданудың тиiмдi жолдары мен әдiс-тәсiлдерiн талдап көрсетуге және оның артықшылығын дәлелдеуге тырыстық. Эксперименттiк-тәжiрибелiк жұмыстар үш кезеңде жүргiзiлдi.

I-кезең (2010 -2011 жж.) педагогикалық эксперимент сабақтары жүргiзiлу үшiн сыныптар таңдалынып, оқушылардың химиялық бiлiмдердi меңгеруi, теориялық бiлiмдi практикада пайдалана бiлуi, оқушының пәнге қызығушылығы, бiлiмдi есте сақтау қабiлеттiлiгi деңгейi анықталды. Сонымен қатар эксперименттiң I-шi кезеңiнде педагогикалық, психологиялық, ғылыми әдебиеттермен танысып, оқулық мазмұнының өзгеруiне байланысты химия пәнiн оқытуға қазiргi кездегi қойылатын дидактикалық талаптарды анықтауға тырыстық. Оқушылар бiлiмiн байқау үшiн сауалнама, әңгiме, байқау, қорытындылау әдiстерiн пайдаландық.

II-кезең (2011 ж.) теориялық әдiстемелiк материалдар жинақтау жұмысы жалғасты. Эксперименттiң мақсаты айқындалды. Зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерінің ерекшелiктерi анықталды. Эксперименттiк сабақтардың тақырыптық жоспары жасалды.

III-кезеңде (2012 ж.) Қызылорда қаласындағы №171 және Қызылорда облысы Шиелi ауданы №228, Сырдария ауданы №147 мектептерiнде эксперименттiк жұмыстар жүргiзiлдi. Эксперименттiк топ пен бақылау тобы анықталып, эксперименттiк топта химияны оқыту кешендермен зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерін, интерактивті әдіс-тәсілдермен кiрiктiре отырып пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Ал, бақылау тобында бiлiм беру бұрынғы пайдаланылып жүрген оқулықтар, жұмыс дәптері негiзiнде дәстүрлі әдістермен ұйымдастырылды.

Негiзiнен ғылыми-зерттеу кезiнде мектептегi бақылау жұмысы екi бағытта жүргiзiлдi:

Бiрiншiсi – анықтаушы бағыт. Мұнда – жеке оқушының химия пәнiне деген ынтасын және жалпы сынып ұжымының пәнге қызығушылығын зерттеп бiлуге тырыстық. Мектептiң педагогикалық үдерісiн, атап айтқанда, жалпы бiлiм беретiн мектеп бағдарламаларында (химия) және оқулықтарындағы химиялық ұғымдар мен түсiнiктердiң берiлуi және зертханалық білік, дағдыларының қалыптасуы тұрғысынан қарастырдық.

Екiншi бағыт бойынша оқу үдерісінде мектеп химиясы курсының оқу-әдiстемелiк құралмен қамтамасыздану деңгейiн және эксперименттiң оң нәтиже беруiне ықпал жасайтын педагогикалық мүмкiндiктердi айқындау, тиiмдi әдiс-тәсiлдердi саралау жүзеге асырылды.

Оқушылардың ой-өрiсiн дамыту мақсатында оқу құралдарын, кешендердi пайдалана отырып, зат туралы ұғымды толық игертiп, олардың белсендiлiгiн арттыру мақсатымен сабақ барысында тәжiрибе қою, бақылау жүргiзу, талқылау жасау, қорытындылау жұмыстары кеңiнен ұйымдастырылды. Бұл оқушылардың теориялық бiлiмдi дұрыс меңгерiп, оны қолдану бiлiктерiнiң қалыптасуына әсер еттi. Ұғымның мазмұнын, елеулi белгiлерiн, мәнiн ашу үшiн мысалдар келтiру, анықтама беру, ұғымдар жүйесiндегi орнын табу арқылы оны iс-жүзiнде қолдану бiлiктерiн дамытатын жаттығулар орындалды. Интерактивті оқудың түрлі : «Т-кестесі», «Үш қадамды сұхбат», «Кластерлер», «Шағын топтағы жұмыс», «Пікірталас», «Топтық зерттеу», «Эссе» сияқты тәсілдері оқушы жұмыс дәпетімен бірлікте пайдаланылып, сабақ барысында барынша пайдаланылды.

Үйретушi эксперименттiң алғашқы iздестiру бөлiмi 2011 жылдарда жүргiзiлдi. Бұл сатының мақсаты – теориялық зерттеу жұмысының нәтижесiнде анықталған, оқушыларда жаңа оқыту құралдары ерекшелiктерiн қалыптастыруға қойылатын талаптарды қанағаттандыратын оқу әдiстемесiн жасау.

Үйретушi эксперименттiң мақсаты - анықтаушы эксперимент кезiнде байқалған кемшiлiктiрдi ескерiп, химияны оқытуда интерактивті оқыту құралдарын пайдалана отырып, оқушылардың бiлiктiлiгiн қалыптастыруға қойылатын талаптарды қанағаттандыратындай оқыту әдiстерiн ұсыну. Сондықтан да үйрету экспериментi кезiнде оқу-әдiстемелiк кешендер мен интерактивті оқыту құралын интерактивті әдістермен пайдаланып жасаған сабақтар жүйесi, сабақтың түрлерi мен оны ұйымдастырудың әдiс-тәсiлдерiн көрсететiн әдiстемелiк нұсқау, сабақта пайдаланылатын қосымша материалдар алдын-ала дайындалып берiлдi.

Үйрету экспериментi кезiнде әр тақырып оқушылардың материалды саналы меңгеруiне көмектесетiн бақылау жүргiзу, жеке дидактикалық карточкалармен жұмыс, үй тәжірибесі, шығармашылық тапсырмалары, тәжiрибе жасау оның нәтижесiн қорытындылау сияқты оқу-әдiстемелiк құралдарда берiлген бағыттар толығымен қамтылып отырылды. Сабақ барысында оқулықтағы материалдар мен есептер және жаттығулар жинағындағы тапсырмалар, оқушы дәптерiндегi оқушылардың өздiгiнен орындауға арналған тапсырмалар мазмұны кiрiктiрiлдi. Сонымен қатар, қай материалды сабақтың қандай бөлiмiнде пайдаланудың тиiмдiлiгi сараланды.


16 – кесте. Үйрету экспериментiнен кейiн оқушылар бiлiмiнiң нәтижесi

Топтар


Оқушылар саны

Жауаптар

толық

толық емес

терiс

жауабы жоқ

1. Эксперимент

96

63% (61)

29% (29)

4% (5)

4% (5)

2. Бақылау

99

35% (34)

28% (29)

22% (22)

15% (15)


Бұл кестеден бақылау жұмысындағы бiлiм нәтижелерiнiң сандық көрсеткiштерi эксперимент сынып оқушыларында жоғары дәрежеге жеткенiн байқатады. 96 оқушы сабақта оқулықпен, оқу-құраладарымен интербелсенді әдістермен жұмыс iстеп, жаңа бiлiмдi жоғары дәрежеде игергендiгiн көрсеттi. Осыған қарап, химия сабағында оқу-құраладарын интербелсенді әдіс-тәсілдермен толық және жүйелi пайдаланылса, оқушылар ғылыми жорамал жасау, оны негiздеу және сынау жолдарын табуды толығымен меңгере алады деген қорытынды жасадық. Сондай-ақ, бақылау жұмысының оң нәтижесi деректi тақырыптарды ғана емес, кейбiр эмпирикалық заңдарды да осындай жұмыстар нәтижесiнде саналы меңгеруге болатындығын көрсеттi.

Осындай жұмыс түрлерiнен соң эксперимент және бақылау топтарына сұрақтар берiлiп, жауап алдық (кесте 17).


17 – кесте. Үйрету экспериментiнен кейiнгi оқушылардың бiлiм деңгейi


Берiлген сұрақтар

Эксперимент сынып жауаптары

Бақылау сыныбы жауаптары

толық

толық емес

терiс

жауабы жоқ

толық

толық емес

терiс

жауабы жоқ

1. Физикалық құбылыстарды зерттеу кезінде оқушы шыны түтікті қатты қыздырып, оны

66

29

19

12

42

37

33

10

кафель плитканың үстіне қою салып, келесі тәжірибені орындауға кірісті. Ол қандай қауіпсіздік ережесін бұзды? Бұл қателік неге әкелуі мүмкін?

























2. Зертханалық тұрғымен қалай жұмыс жүргізіледі?

79

38

5

4

33

51

27

11

3. Заттарды тазартудың қандай әдістерін білесің?

83

37

6

-

17

27

45

33

4. Тұз қышқылы ерітіндісіне мырыш түйірін салу арқылы сутекті алу кезінде оқушының ебедейсіз қимылынан, сынауық үстел үстіне құлап, сынды. Оқушы не істеу керек?

77

35

10

4

64

43

9

6

5. Өртті көміртегі (ІV) оксиді көмегімен өшіруге болады. Бірақ та мұндай өрт сөндіргіштерді неліктен жабық бөлмелерде қолдануға тыйым салынған.Неліктен?

87

25

10

4

58

30

26

8

6.Спирт шаммен жұмыс істеу тәсілдерін айт

89

30

5

2

10

17

75

20

Барлығы:

576

190

61

28

288

246

226

94




855

854



















17-кестеде келтiрiлген мәлiметтерге сүйенсек, эксперимент сынып оқушыларының бiлiм деңгейiнiң бiршама дәрежеде жоғарылағандығын көремiз. Оқушылардың жауаптарын саралай келе, ұғым қалыптасуының екi жақты үдеріс екендiгiне көзiмiз жеттi, оның бiрi қалыптастыру барысы, осы екеуiн бiрiнен соң бiрi жалғастыра жүргенде ғана тиiмдi жақтары болатыны байқалды. Бақылау нәтижесiнде оқушылар жауаптары бойынша байқағанымыз, эксперименттiк топ көрсеткiштерiнiң сан жағынан да, сапа жағынан да жоғары дәрежеге ие болғандығы. Олар әрбiр сұрақтың жауабын ой-елегiнен өткiзiп, өздiгiнен нақты мысалдар келтiре отырып, саналылықпен ғылыми – дәл жорамал жасай бiлгендiгi. Экспериментке алғашқы дайындық кезiнде алынған бақылау нәтижесiне қарасақ, осы екi сыныптың екеуiндегi жағдай шамалас болатын. Соңғы бақылауда эксперимент сынып оқушыларының көрсеткiштерi жоғары дәрежеге жетуi интерактивті оқыту құралдары мүмкiндiктерiнен байқатып отыр. Өйткенi эксперименттiк сыныптарда сабақ формалары түрлендiрiлiп, бағдарлама талаптарын орындай отырып, мазмұн жағынан интерактивті әдістермен кеңейтiлiп, толықтырылды. Ал, бақылау сыныптарында бағдарлама талаптарын орындағанымен, интерактивті оқыту құраладары пайдаланылмай, дәстүрлi сабақтар деңгейiнде берiлдi.

18-кестеде эксперимент жүргiзiлген мектептер, оқушылар саны және олардың бiлiм деңгейлерiнiң өзгерiсi көрсетiлген. Барлығы 3 мектеп, 99 оқушы қатысқан.

Эксперимент жұмысы Қызылорда қаласының №171 мектеп, Қызылорда облысының Шиелi ауданы №228, Сырдария ауданы №147 мектеп оқушыларын қамтыды.

Бiрiншi бақылау жұмысы кезiнде бақылау және экспериментке алатын мектептердiң оқушылары арасында өткендiктен, бұл топтардағы нәтижелер арасында айырмашылық шамалы болды. Себебi, ол кезде әлi ешбiр мектепте эксперимент жұмысы жүргiзiлмеген болатын. Бақылаудың мақсаты-оқушылардың химиядан алған бiлiмдерiнiң деңгейiн байқау және экспериментке сыныптар таңдау болатын. Экспериментке сыныптар таңдаған кезде мұғалiмдердiң дайындық деңгейлерi бiрқатар болғанмен, iзденушiлiкке ыңғайлы, талпынысы бар, үйренгiсi келетiн мұғалiмдердi алуға тырыстық. Себебi, эксперимент жұмысына керектi материалдарды дайындауға көмектескенмен, мұғалiмдердiң оны қолдануға шеберлiгi өте керек жағдайлардың бiрi екенi мәлiм.

Екiншi және үшiншi бақылау нәтижелерi кезiнде эксперименттiк сынып оқушылары мен бақылау сынып оқушыларының тек бiлiм мазмұнына байланысты ғана емес, бiлiктiлiк жағынан, алған ұғымдарын тиiстi жерiнде қолдану шеберлiктерi жағынан да айырма жасады. Бұл нәтижелер қорытындысын төмендегi кестеден көруге болады (18-кесте; 7, 8 - суреттер).


18 – кесте. Эксперимент жұмысының қорытындысы


Топтар

Оқушы саны

Толық

Толық емес

Терiс

Жауабы жоқ

1. Эксперимент

96

60% (58)

30% (29)

7,5%(7)

2,5 %(2)

2. Бақылау

99

35%(34)

28%(27)

22%(20)

15%(18)




7 – сурет. Эксперимент сыныбы



8 – сурет. Бақылау сыныбы


  1   2

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница