Жүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі




НазваниеЖүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі
страница7/13
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.3 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.alted.ru/oo1297/html_fragments/doc/eremina4.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Илюстрациялы материал Д-МІ-7

Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

  1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

  2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

  3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

  4. Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

  5. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

  1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

  2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов,МИА, 2002, 957 с.

2.Физиология человека, В.М. Покровский, Г.Ф. Коротько, М., 2004.

3. М.Р.Сапин, Г.Л.Билич Анатомия человека: Учеб. для студ. биол. спец. вузов. -М., Высшая школа, 1989. - 544 с.

4. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.«Физиология с основами анатомии человека». А.В.Логинов, 1983 .

Қосымша:

  1. 1.«Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  2. 2.«Руководство к практическим занятиям по физиологии человека с основами анатомии» М.Ф. Румянцева и др., Москва, «Медицина», 1986 .

  3. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

  4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

  5. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов. Под ред. А.А. Утепбергенова, Д.А. Адильбековой, Шымкент, 2006, 66 с.

  6. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .

  7. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.

  8. В.Я. Липченко, Р.П.Самусев Атлас нормальной анатомии человека: Учебное пособие.-2 изд., перераб. и дополн.-М.Медицина, 1988. 320 с.

  9. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.


Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Тыныс алудың негізгі кезеңдерін атаңыз.

  2. Хэдтің парадоксальді эффектісінің механизмін түсіндіріңіз.

  3. Тыныс алу орталығының негізгі құрылымын атаңыз.

  4. 2,3-дифосфоглицератының концентрациясы өскенде,қисық диссоциация оксигемоглобин қалай өзгереді?



«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ


Қалыпты физиология кафедрасы


8 Дәріс.

Дәріс тақырыбы: Асқорыту аппаратының қызметтері.

Мақсаты: АІЖ, асқазан секреция фазаларының әртүрлі бөлімдерінің қызметі туралы түсінік беру, секреторлы және моторлы механизмдердің негізгі асқорыту жолындағы қызметі жайлы білім беру; ашығу, тойынудың пайда болу механизмін түсіндіру.

Дәріс тезисі:

Тамақ ішу, ішкен астың ішек-қарында қорытылуы, денеге сіңуі аса күрделі үрдістер. Ас адамның арқауы - дейді халық.

Ас құрамындағы қоректік заттар (белок, көмірсу, май) адам денесіндегі тіндердің жаңарып жаңғырылуын, жасуша түзілуін, адамның өсіп-өнуін, дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі. Демек қоректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзылып, жасушалардың, тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп төнеді. Адам өзіне қажет қоректік заттарды әдетте сырттан алады. Бұл - экзогендік тамақтану.

Сырттан, қоректік заттар келіп түспесе де, адам біразға дейін тіршілік ете береді. Ол өз жасушаларындағы органикалық қоректік заттарды пайдаланып, құрамындағы ағзалар, тіндердің калыпты қызмет етуін қамтамасыз етіп отырады, яғни эндогендік тамақтану басталады. Мұндай жағдайда энергия қоры біртіндеп таусылады да адам әлсіреп, түрлі ауруларға шалдығады. Демек, эндогендік тамақтану тән тірлігін қамтамасыз ете алмайды. Асқорыту - өте күрделі үрдіс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді, соңынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өңдеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынмен шыланып, жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек-қарын ферменттері қатысады. Асқорыту ферменттері сусыз жерде әсер ете алмайтын ашытқы гидролазалар тобына жатады. Бұлардың әсерінен күрделі органикалық қоректік заттар ыдырап, қан мен лимфаға өтетіндей, денедегі жасушалар пайдалана алатындай қарапайым қосынды - мономерлерге айналады.

Су, минерал тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалык; заттар ішек-қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді. Гидролаза ферменттері түзілу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Аутолитикалық ферменттер - тағамдық заттар, мәселен, ана сүті құрамындағы ферменттер, симбионттық гидролазалар - бактериялар мен біржасушалы жәндіктердің қатысуымен гидролиздік үрдістерді іске асыратын, айталық, күйіс қайыратын малда клетчатканы ыдырататын ферменттер. Адамда симбионттық гидролиз тоқ ішекте ғана кездеседі. Меншікті гидролазалар - жан-жануар, адам денесінде ас қорытуға қатысатын ішек-қарын сөліндегі негізгі ферменттер.

Гидролиз үрдісінің орналасуына қарай жасуша ішіндегі және одан тысқары жердегі ас қорыту болып екіге бөлінеді.

Жасуша ішіндегі асқорытуда фагоцитоз, пиноцитоз арқылы жасушаға өтетін қоректік заттар лизосомалық ферменттердің қатысуымен гидролизге ұшырайды. Мәселен, лейкоциттер мен лимфоциттерде, ретикулоциттер және гистиоциттер жүйесінде ас осылай қорытылады.

Жасушадан тыс жерде асқорыту дистанттық (қуыстық) және контактық (мембраналық) ас қорыту болып екіге бөлінеді. Дистанттық ас қорыту ферменттер түзілетін жасушалардан оқшау жерде, ішек-қарын түтігінде өтеді, ал контактық ас қорыту дегеніміз ішек түтігінің ішкі бетінде, онымен жанасқан эпителий жасушаларында гликокаликстегі ферменттердің әсерінен болатын гидролиз. Қуыстық гидролиз кезінде пайда болған өнімдер гликокаликс қабатынан өтіп, мембрана бетінде бірнеше мономерлерге айналады да, ішек эпителиі бетіндегі микротүктер арасында орналасқан микроканалдар арқылы ішек жасушаларына өтеді. Сөйтіп сіңу үрдісі басталады.

Асқорыту жүйесі ауыз қуысындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан тұрады.

Асқорыту жүйесінің қызметі:

1. Сөл шығару (секреция) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалык, қоректік заттарды ыдырататын ферментер (гидролазалар) болады. Олар үш топтан, атап айтқанда, протеаза, липаза, карбогидролазадан тұрады.

Протеаза ферменті белоктарды пептид және амин қышқылдары сатыларына, липаза - әрбір май түрін май қышқылдары мен глицерид, ал карбогидралаза - полисахаридтерді (крахмал, гликоген) моносахаридтерге дейін ыдыратады.

2. Қимыл (жиырылу-жазылу) қызметін бірыңғай салалы еттер орындайды.

Жоғарыда аталған асқорыту жүйесі құрамына кіретін ағзалар бірімен бірі жалғасып (түйісіп) ұзыннан ұзын созылып, жоғарыдан төмен қарай тартылған ішек-қарын түтігін құрады. Өңеш, қарын, ішектер қабырғасының ортаңғы қабаты бірыңғай салалы еттерден тұрады. Салалы ет талшықтары сақина тәрізді және бойлай тартылған екі түрлі талшықтан құралған. Асқорыту жолының бір бөлімі екінші бөлімімен түйіскен жерінде салалы ет талшықтары сақина тәрізденіп топталып, сфинктер еттерін құрады. Өңеш, ішек-қарынның қимылы(моторикасы) осы еттердің біресе тартылып, біресе жазылып алма-кезек қимылға келуіне байланысты. Сақина тәрізді ет талшықтары жиырылса, өңеш, ішек-қарын түтігі (каналы) тарылып, ұзарады, ал ұзынынан орналасқан ет талшықтары жиырылса түтік кеңейіп, қысқарады. Бұл қимылдар ас кесегінің ішек-қарын сөліне шыланып ондағы ферменттер әсерімен ыдырауға, бұдан пайда болған өнімдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек-қарын біресе жиырылып, біресе жазылып толқын тәрізді қимылдар жасайды (перистальтика), мұның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан темен тоқ ішекке қарай жылжиды, қорытылмаған, бойға сіңбеген заттар ысырылып, артқы тесікке жақындай түседі, сөйтіп қажетсіз заттар біртіндеп сыртқа шығарылып тасталады.

3. Қоректік заттарды сіңіру қызметі, ішек-қарын түтігінде болады. Адамға қажет қоректік заттар әбден ыдырап қарапайым қосындыларға айналады да, түтік қабырғасындағы биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға сіңеді. Сіңу ішектің әр бөлігінде әртүрлі. Аш ішекте ас қорыту үрдісі аяқталады. Ас ішекте ұзақ кідіріп, сіңу сатысына жетеді, оның шырышты қабығы сіңіруге бейімделген ағза ретінде қызмет жасайды. Жалпы алғанда қоректік заттар (ыдырау өнімдері) негізінен ащы ішекте сіңеді.

4. Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі (экскре­ция). Қорытылмай қалған ас қалдықтары, қорыту барысында қанға, лимфаға сіңіп үлгірмеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне өткен заттар (несеп қышқылы, мочевина, дәрі-дәрмек, басы артық тұздар, су), от құрамындағы заттар нәжіске ілесіп сыртқа шығады. Кейбір заттар қанда кобейіп кетсе бөлініп, асқорыту түтігіне шығады, демек, асқорыту жүйесі қандағы қоректік заттар мөлшерін реттеп отырады, сөйтіп, денеде жалпы гомеостаз деңгейін сақтауға да қатысады.

5. Эндокриндік қызмет. Ішек-қарынның кілегейлі қабығында, әсіресе қарын пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен ас қорыту үрдісін, зат алмасу, өсіп-өну, есею үрдістерін реттеп, басқарып отырады. Қарын мен ішекте түзілетін мұндай гормондар гастроинтестинальдық гормондар деп аталады. Қазіргі кезде ішек-қарын шырышты қабығынан шамамен осындай 25 гормон бөлініп шығатыны анықталды. Олардың көбі пептидтер, ал бірқатары (гастрин, секретин, панкирезимин - холецистокинин, энтерокинин, гастрон т.б.) ежелден белгілі. Сонымен, ішек-қарын гастроинтестинальдық гормондары: а) асқорыту бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтіп, қоректік заттардың қорытылуын үдетеді; ә) арэнтерин деп аталатын гормон жасөспірім денесінде ассимиляция (түзіліс) үрдісін күшейтеді, сөйтіп, өсу, есею қарқынын үдетеді, адамның тәбетін жақсартады, диэнтерин гормоны зат алмасу қарқынын реттейді; б) түрлі ағзаларда қан айналысын қалпына келтіріп, биологиялық мембраналардың өткізгіштік дәрежесін реттеп отырады, сөйтіп трофикалық (қоректік) әсер етеді. Осыған орай асқорыту бездерінде гландулоциттер саны да көбеюі мүмкін.

Кейбір ішек гормондары (гастрин, секретин, ВИП, бомбезин) орталық жүйке жүйесінде де кездеседі, сондай-ақ онда түзілетін пептидтердің (соматостатин, энкефалин, эндорфин, П-заты) көпшілігі ішек гормондары қатарына жатады. Әзірше бұлардың қай жерде қандай роль атқаратыны толық зерттеліп біткен жоқ. Алайда ғалымдар арасында пептидтердің көпшілігі - медиатор деген пікір бар. Демек, ішек-қарын қабырғасында адренергиялық және холинергиялық жүйкелермен қатар пептидергиялық жүйкелер де бар деуге болады.

Асқорыту ауыздан басталады. Ауызға келіп түскен тағам мұнда 15-30 секундтей кідіреді. Осы уақыттың ішінде тағам (ас кесегі) шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, астың дәмі, физикалық қасиеттері туралы мағлұмат алынады. Көмірсулы заттар (көмірсулар) ыдырай бастайды. Ұсатылған ас кесегі сілекейге шыланып, шырышпен қапталып тілдің түбіріне карай жылжиды да жұтқыншаққа жетіп жұтылады.

Ауыз ішінде (шырышты қабығында) ас кесегінің ыстық-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын сезетін қабылдағыштармен қатар дәм сезетін қабылдағыштары да бар. Осыған орай ауыз шырышты қабығын қабылдағыш алаң деуге де болады. Қабылдағыштар ас кесегімен жанасып тітіркенеді, бұдан пайда болған қозу сигналдары бет (n.facialis), тіл-жүтқыншақ (n.glossopharingeus), үшкіл (n.trigeminus) жүйкелер мен кезеген жүйке (n.vagus) арқылы орталық жүйке жүйесіндегі рефлекстер орталығына барып жетеді. Сол жүйкелерден келген эфференттік серпіністер ас кесегінің ауызда шайналып, жүтылуын реттейді де ас қорыту бездерінің сел шығаруын, ішек-қарынның қимылын күшейтеді. Мұнымен қатар рефлекстік жолмен зат алмасуы, жүрек соғуы, қан айналысы, дем алу үрдістері де өзгереді.

Сілекейдің құрамы және оның маңызы

Сілекей дегеніміз - сілекей өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан үш сілекей безінің, атап айтқанда, шықшыт, жақасты, тіл бездерінің, сондай-ақ ауыздың шырышты қабығында бытырай орналасқан ұсақ бездердің сөлі (секреті). Жан-жануарда, адамда сілекей көбінесе тамақ ішкен сәтте шығады. Бір тәулік ішінде бөлініп шығатын сілекей көлемі әр түлікте әртүрлі. Мәселен, сиыр тәулігіне 50, адам 1,0-1,2 литр сілекей шығарады. Ит сілекейінің аз-көптігі ауа райына, оның ыстық салқындығына байланысты. Итте тер бездері болмайды. Сондықтан күн ыстық болып ыссыласа, ол дене қызуын бір қалыпты сақтау үшін тілін шығарып, кем мөлшерде сыртқа сілекей шығарады.

Адамда сілекей әсіресе тамақ ішкен кезде көбірек шығады, ол ба­ска уақытта да үзілмейді: ауыз іші үнемі дымқылданып тұрады, онсыз адам дыбыс шығара алмайды (сойлей алмайды). Сілекей қоймалжың, сұйық зат, Оның құрамында 0,5-1,5% құрғақ зат бар, қалғаны су. Сондықтан оның сыбағалы салмағы судан аз-ақ жоғары (1,001-0,017). Құрғақ зат органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық заттардан сілекейде натрий, калий, кальций, магний хлоридтері, сульфаттары, карбонаттары, иодит, бромид, фторидтер және аз мөлшерде роданит тұздары, микроэлементтер (темір, ни­кель, литий) бар. Сілекейдің қышқылдық дәрежесі (рН) көбінесе осы аталған заттар мен муциннің мөлшеріне байланысты. Әдетте рН -5,8-7,4 аралығында болады. Сілекейдегі кальцийдің тістің эмаль қабатына өтуі, одан шығуы рН мөлшеріне байланысты. Реакциясы қышқылдау болса (рН - 6,9) кальций эмальдан ауыз қуысына, ал рН - 7,0-8,0 болса эмальға қарай өтеді.

Сілекей құрамында органикалық заттар (альбумин, глобулин сияқты белоктар, муцингликопротеид, ферменттер) бейорганикалық заттардан 2-3 есе көп. Онда, сондай-ақ амин қышқылы, мочевина, несеп қышқылы, креатин, аз мөлшерде креатинин қалдықтары бар. Бұлар белок алмасуы кезінде пайда болатын заттар, сілекейге қаннан өтеді. Сілекейдегі әрбір қалдық заттың мөлшері қандағы мөлшеріне байла­нысты. Ондағы негізгі фермент α-амилаза. Амилаза сәл сілтілік жерде полисахаридтерді (крахмал мен гликогенді) декстрон сатысынан дисахарид сатысына дейін (мальтоза, лактоза, фруктоза, сахароза) ыдыратады.

Кейбір болжамдарға қарағанда сілекейде мальтозаны екі молекулалы глюкозаға дейін ыдырататын мальтаза ферменті де бар сияқты.

Ауыз қуысында ас кесегі сәл ғана кідіретіні жоғарыда айтылды, сондықтан бұл ферменттер қарында да әсер ете береді. Қарынға келіп түскен астың ішіне қарын сөліндегі тұз қышқылы сіңіп үлгіргенше, яғни ас кесегінің реакциясы (рН) өзгергенше, (реакция сілтілі күйінде қалған жерде) амилаза полисахаридтерді ауыздағыдай гидролиздей береді.

Сілекей құрамында сондай-ақ микроорганизмдерді өлтіретін лизо­цим ферменті болады. Лизоцим әсіресе ит пен мысық сілекейінде көбірек, сондықтан да олар жарасын жалап дертінен тез айығып кетеді. Адам сілекейінде лизоцим өте аз, ал аузында сапрофиттер көп, қолайсыз жағдайда олар зиянды микробтарға айналып, ауру тудыруы мүмкін.

Муцин - гликопротеид, шырышты сілтілі зат, ол шайналып ұсатылған ас кесегін жұмсартып, шырышпен қоршайды, жұтқыншақты ауыртпайтындай сырғанақ күйге келтіреді. Оның өңешке қарай жылжуын жеңілдетеді.

Сілекейде аз мөлшерде негізінен қаннан келіп түсетін жиырма шақты (кейбір пікірлерге қарағанда, 50-ге жуық) фермент (нуклеаза), сондай-ақ қан ұюын тездететін, тежейтін факторлар болады. Қан ұюына қажет заттар ауыз ішіндегі жараның тез жазылып кетуін қамтамасыз етеді (қан ұюын тездетеді).

Сілекей құрамындағы заттардың мөлшері әр безде әртүрлі. Мәселен, шықшыт безінің сілекейінде бейорганикалық заттар (NaCl, KCl) көп, бірақ муцин ферменттері аз, ал сілекейдің өзі сұйық, бірақ көлемді келеді, реакциясы сәл қышқылдау рН - 5,8. Жақасты безі шырынында органикалық заттар (муцин, амилаза) көп, аздаған калий, натрий және кальций, магний хлоридтері мен фосфаттары, бикарбонаттары, иодид, бромид, фторид, сульфаттар бар. Без сілекейінен қанның қай топқа жататынын анықтауға мүмкіндік беретін агглютининдер табылған, олар эритроцит агглютиногендеріне сәйкес келеді. Тіласты безі сілекейінде муцин көп, оның құрамында әсерлі фосфатазалар да бар.

Сілекей асқорыту үрдісіне қатысумен қатар қорғаныс қызметін де атқарады:

1) ауыздың шырышты қабығы мен тісті ұдайы дымқыл күйінде ұстап, физикалық және химиялық заттардың зардабынан сақтайды, ыстық тамақты суытып, салқын тамақты жылытып, тағам температурасын реттеп отырады;

2) ауызға түскен, тіске қонған заттарды жуып-шайып, оларды ұдайы тазартып отырады;

3) құрамындағы лизоцим ферментінің әсерінен ауыз ішіндегі бактериялар жойылады (бактериоцидтік әсер);

4) құрамындағы нуклеазалар (қышқылды және сілтілі), рибонуклеазалар, трансаминазалар, пероксидазалар вирустың нуклеин қышқылдарын бұзып ыдыратып, адам денесін вирустік аурулардан қорғайды;

5) ауыз ішіндегі капиллярларды кеңейтетін кининдер арқылы ауызда микроқанайналысын күшейтеді де лейкоциттер көп мөлшерде қаннан ауыз қуысына шығып, ауыз қуысындағы микробтарды қорытады;

6) сілекей құрамындағы тромбопластин, антигепариндік фактор, IV, V, VIII, X факторлар сияқты заттардың әсерімен қан тез ұйып, ауыздың шырышты қабығына түскен жарақаттар тез жазылып кетеді;

7) сілекейде, әсіресе шықшыт безі сөлінде фибрин ыдыратқыш (фибринолиз) заттар мен қан ұюына кедергі жасайтын заттар бар, бұл заттар без өзегінің бітеліп қалуына жол бермейді, ауыздың шырышты қабығын қабыршақтанған өлі эпителийден тазартып отырады, ондағы жаралардың тез жазылып кетуіне себепкер болады;

8) сілекейдің қоректік маңызы да бар. Сілекей тістер анатомиясы мен физиологиясына қажет қоректік зат. Ол жаңадан шығып өсіп келе жатқан тістерді кальций, фосфор, цинк сияқты микроэлементтермен қамтамасыз етіп отырады, бұл элементтер сілекейдің рН-ын өзгертіп, өздерінің эмальге өтуін реттейді;

9) сілекей құрамын тексеру белгілі бір ауруларды анықтау ісін жеңілдетеді. Мәселен, қарын, 12 елі ішектің ойық жарасы, нефрит кезінде сілекейде азот, инсульт кезінде белок көбейеді т.т.

Сілекейдің шығуы және оның реттелуі

Сілекей мөлшері мен құрамы жеген тамақтың физикалық қасиеттеріне байланысты. Кептіріп, ұнтақтаған ет, кепкен нан, талқан жеген кезде сілекей көп болып бөлінеді. Сүт ішкен сәтте шұбырған (муцині көп болғандықтан) сілекей шығады.

Тамақтық қасиеті жоқ кейбір заттар, мәселен, құм, қышқылды зат ауызға түссе де сілекей шұбырады. Мұның мәні сілекей ауыз ішіндегі сол заттарды жуып-шайып жібереді, қышқылды сұйылтады.

Сілекейдің құрамы мен көлемі тағам түріне, қасиетіне байланыс­ты, демек, бұл бездердің қызметін орталық жүйке жүйесі реттеп отырады.

Сілекей бездерінде парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер тарамданған. Парасимпатикалық жүйкенің бірінші нейрондарды сопақша мида, оның сілекей шығару орталығында орналасқан. Парасимпатикалық жүйке талшықтары (n.chorda thympani), жақ, тіласты (n.glossopharingeus) және шықшыт бездеріне дейін, бет (n.facialis) және құлақшеке (n.auriculotemporalis) жүйкелеріне ілесіп, сілекей бездеріне жетеді.

Симпатикалық жүйкенің бірінші нейрондары жұлынның көкірек бөлімінде, оның II-VI сегменттерінің бүйір ашасында орналасқан. Сол нейрондардың жүйке талшықтары жоғары мойын жүйке түйнегінен (ганглийден) өтіп сілекей бездеріне таралады. Парасимпатикалық жүйке ұшынан ацетилхолин медиаторы, симпатикалық жүйкеден адреналин бөлініп шығады. Парасимпатикалық жүйкені тітіркендірсе, көп мөлшерде құрамында органикалық заттары аз, бірақ бейорганикалық заттары көп сұйық сілекей, ал симпатикалық жүйке тітіркендірілсе, құрамында органикалық заттары көп, қою, аз көлемді сілекей шығады. Сонымен парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелердің екеуі де секрециялық (сілекей шығаратын) жүйкелер болып табылады. Сілекейдің құрамы, оның мөлшері осы екі түрлі жүйке орталығының қозу дәрежесіне (күшіне) байланысты.

Сілекейдің бөлінуі. Сілекей негізінен рефлекстік жолмен бөлініп шығады. Ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы сілекей шығару болып екіге бөлінеді.

Шартты рефлекс бойынша сілекей тағамның өзіне таныс белгілі бір түрін көрген, оның иісін сезген кездерде, дәмді тағам еске түскен сәтте, яғни тағамның тікелей қатысынсыз, ас ауызға түспей тұрып бөлінеді. Шартты рефлекс кезінде ауыз қабылдағыштары тітіркенбейді (қозбайды), бірақ көз, дыбыс, иіс қабылдағыштары мен еске алу нейрондары қозады. Қабылдағыштардан шыққан сигналдар ми қыртыстарына жетеді, одан әрі сопақша мидағы сілекей бөлдіруші орталыққа барып, оны қоздырады. Осы орталықтан кері қайтқан парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер, яғни сөл шығарушы жүйке талшықтары сілекей бездеріне оралады да, ауыздан сілекей бөлінеді. Сілекей шығарудың осы механизмі іске асу үшін, шарт­сыз рефлекс, айталық, тамақ ішу, тамақтың иісін сезу т.б. бірнеше рет қайталанып шартты рефлекске айналуы керек.

Шартсыз рефлекс тағам ауызға түскен сәттен басталады. Ауыздағы ас көптеген қабылдағыштарды тітіркендіріп, бет, тіл-жұтқыншақ, үшкіл кезеген жүйкелердің жұлын-миға қарай тебетін (афференттік) талшықтары мидағы сілекей орталығын қоздырады да эффренттік талшықтары арқылы сілекей бездерінің сілекей шығару қабілетін күшейтеді.

Сілекей шығаруға орталық жүйке жүйесінің басқа да бөлімдері -ми қыртысы, гипоталамус, лимбиялық қыртыс қатысады. Сілекейдің бөліну бөлінбеуі көптеген жағдайда көңіл күйге (эмоцияға) байла­нысты болатыны осыдан.

Сілекей бездері қызметінің рефлекстік жолмен реттелуі гомеостазға тығыз байланысты. Адам денесінде су азайса (дегидратация) сілекей де аз шығады (гипосаливация). Бұл да сілекей бездері қызметін реттеуге мидағы басқа орталықтардың қатысын көрсетеді.

Сілекей без жасушаларында түзіледі. Оның сұйық бөлімі қан плазмасынан алынады, ал құрамындағы әсіресе органикалық заттар без жасушаларының активті қызметінің нәтижесі.

Шайнау

Ауызға келіп түскен ас шайналып ұсақталатыны, сілекейге шыланып жұмсаратыны, осыған орай адам астың дәмі, сапасы туралы түсінік алатыны жоғарыда айтылды. Ас кесегін асықпай шайнау, оны әбден жұмсарту тағамның қарында одан әрі қорытылуын жеңілдетеді, мұның арқасында, қарынның шырышты қабығы (ішкі беті) жа­ра қаттанбайды, мұнымен қатар ас қорыту жүйесінің (сөл шығару, жиырылу) қызметтері тыныс алу, қан айналу қызметтеріне де әсер етеді.

Шайнау шартты, шартсыз рефлекстер арқылы шайнау еттерінің қатысуымен іске асырылады, бұл жақ қимылының нәтижесі. Ауызға түскен тамақты шайнауға, жақ еттерімен қатар, тіл және бет еттері де катысады. Ас кесегі ауыздағы қабылдағыштарды тітіркендіргенде, олардан шыққан қозу сигналдары афференттік жүйке талшықтарының бойымен сопақша мидағы шайнау орталығына жетеді де, торлы құрылым мен көз төмпешіктері арқылы ми сыңары қыртысының қозғалтқыш аймағында орналасқан шайнау еттерін жиырушы нейрондарды тітіркендіреді. Жақ сүйек жоғары көтеріліп, алға-артқа, солға-оңға немесе оңнан-солға қарай жылжып, төменгі жоғарғы тістер айқасып, ас кесегін ысқылап, ұсатады. Сілекейге шыланған асты тіл әрлі-берлі аударып, араластырып жинап жұтуға даярлайды.

Жұту - рефлекс арқылы іске асырылатын күрделі үрдіс. Жүтқыншақтың шырышты қабығына кокаин жағып, оның қабылдағыштарын жансыздандырса, яғни олардың тітіркену қабілетін жойса, адам аузындағы асын жұта алмай, қақалып-шашалады. Шайналған ас жұтуға даяр болысымен сопақша мида орналасқан үшкіл, тіл-жүтқыншақ, жоғарғы кезеген жүйкелер арқылы келіп жеткен серпіністер жұту орталығын тітіркендіреді де, тікелей жұту үрдісіне қатысатын еттерді белгілі бір тәртіппен жиырылтады. Жұту үрдісі бірінен соң бірі басталатын бірнеше рефлекстерден тұрады, осыған орай ол ауыз, жұтқыншақ және өңеш деп 3 кезеңге бөлінеді.

Ауызда шайналып бапталған асты адам өз еркімен жұтуға даяр­лайды. Көлемі 5-15 см3-дей ас кесегі шайналып бапталған соң, тілдің және ұрт еттерінің итермелеуімен тілдің үстіне қарай жылжытылады. Одан әрі тілдің түбірі көтеріліп ас кесегін тандайға тақап қысады да тандай доғасына, сонсоң жұтқыншаққа қарай ысырады, сөйтіп ауыз ішін жұтқыншақтан бөліп тастайды.

Жұтқыншаққа ас кесегі өткен кезде алдымен жұмсақ тандай мен тілшік, жұткыншаққа қарай көтеріледі де, оның мұрын бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды, сөйтіп жүтынған сәтте ас кесегінің мүрынға өтіп кетуіне кедергі жасалады. Мұнымен қатар көмекей көтеріледі. Тіл түбірі жұтқыншаққа өткен ас кесегімен көмей қақпақшасын үстінен басады да көмейді жауып тастайды. Одан әрі ас кесегі өңешке қарай жылжиды. Дәл осы кезде жұтқыншақ көтеріліп, өңештің кіреберісіндегі сфинктер босаңсып жазылады да оңеш ашылады. Сөйтіп ас кесегі өңешке барып түседі. Өңештің жиырылып, жазылу қимылымен (перистальтика) 6-8 секунд ішінде ас қарынға жетеді. Қарын кіреберісіндегі сфинктер босаңсып ашылады да ол қарынға өтеді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Похожие:

Жүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Дәрістің мақсаты: эндокринді жүйесінің құрылымдық-қызметтік ұйымдастырылуы туралы, гормондар жіктелуі, гормондардың тасымалдау ерекшеліктері,...
Жүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі iconАнатомия туралы түсініктеме, оның биологиялық ғылымдардың арасындағы орны. Адам эмбриогенезінің бастапқы сатылары
Дәрістің мақсаты: анатомиялық анықтамасын, оның мазмұны мен зерттеу методтарын беріп, адам организімінің құрылыс элементтерімен (тін,...
Жүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі iconС. Торайғыров атындағы пму-дың ғылыми кеңесімен ұсынылған
Оқу құралында мемлекеттік тілде іс жүргізудің қажеттілігі және ерекшеліктері жайында айтылған. Жеке адамдардың құжаттары мен қызметтік...
Жүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Оқыту мақсаты: Студенттерде психологияда айналысатын негізгі мәселелер туралы жалпы түсінік қалыптастыру: адам психикасының феномені,...
Жүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі iconФ кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г
Тақырыбы: Клиникалық медицинаға кіріспе. Ішкі ағза аурулары жалпы түсінік және ішкі медицинаның міндеттері. Дәрігерлік деонтология...
Жүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі iconСҚО, кмм «Тайынша қаласы№2ОМ»
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік...
Жүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі iconЕрітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі
Кредит-№1. Тақырып-1: Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің...
Жүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі icon1. Оқушыларды адамның тірі ағза ретіндегі ерекшеліктерімен,оның табиғатта және қоғамда алатын орнымен таныстырамын
Маймылдың адамға айналуына қуатты ықпал еткен табиғат өзгерістері туралы мағлұмат алады
Жүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Дәріс алдында онда баяндалатын материал туралы түсінік алу үшін осы дәрістің жоспарымен немесе тезистерімен танысқан жөн. Бұл теориялық...
Жүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі iconДәріс және семинар сабақтарын жүргізу жаднамасы
Дәрістің басты мақсаты – баяндалған пән бойынша студенттерде жүйелі түсінік қалыптастыру, болашақ мамандардың ғылыми-практикалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница