Реферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»




Скачать 308.95 Kb.
НазваниеРеферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
страница1/3
Дата конвертации06.02.2016
Размер308.95 Kb.
ТипРеферат
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/dauzhanova.doc
  1   2   3


ӘОЖ 37.013.43:372.8:5 Қолжазба құқығында


ДӘУЖАНОВА ЛАЗЗАТ МҰРАТҚЫЗЫ


ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ (ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ НЕГІЗІНДЕ)


6М010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның


Р Е Ф Е Р А Т Ы


Қызылорда, 2012 ж


Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында орындалған


Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының

кандидаты Л.Д.Жамансариева


Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының

кандидаты Ә.А.Досмаханова


Диссертация 2012 жылдың «___» маусымында сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Музыка-педагогикалық факультетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36 А, №7 оқу ғимараты, №____ дәрісхана) қорғалады.


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


КІРІСПЕ


Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі жеделдету, демокрияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту жане жетілдіру. «Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы ... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын ... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады» (Ы. Алтынсарин). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясының кеңеюі, қазақ мектептері санының көбеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзіндік бағыт-бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді күтуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың қажеттігін мойындап отыр. Себебі, адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни, педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық үдерістерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.

Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім беру технологиялары мен әдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді.

Соңғы жылдары ТМД мен Қазақстанда орындалған ғылыми еңбектерге жасаған талдау оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті бағыттарының (Б.Баймұқанов, А.Е.Әбілқасымова, Ж.Икрамов, К.К.Жампейсова және т.б.), болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың теориясы мен практикасының (В.Л. Бенин, Т.Е.Исаева, В.В.Краевский, В.А.Сластенин, Л.Б.Соколова, В.Кузьмина, Н.А.Павелко, Р.М.Фатыхова, Н.Д.Хмель, Ш.Таубаева, А.П.Сейтешев, Г.Ж.Меңлібекова, М.С.Молдабекова, С.С.Маусымбаев, А.А.Жайтапова, Г.Т.Хайрулин, О.У.Мұсабеков, К.М.Беркимбаев, С.М.Кеңесбаев т.б.), жеке тұлғаның қазақ этнопедагогикасы негізінде жан-жақты дамуының (С.А.Ұзақбаева, Р.К.Төлеубекова, Қ.Б.Жарықбаев, Қ.Б.Бөлеев және т.б.) педагогикалық мәдениетпен байланыстырыла отырып, қарастырылғанын көрсетеді.

Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау жоғары білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселесінің бірқатар бағыттарының (қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер жеке тұлғаның педагогикалық мәдениетті болуын талап еткенімен, оқу үдерісінде бұл мәселені заманауи тұрғыда шешудің ғылыми-педагогикалық негізі жасалмағандығы; болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауға бағытталған арнайы даярлық жұмыстарының ұйымдастырылмауы, мұғалімдердің қарастырылып отырған мәселе бойынша біліктіліктерінің жеткілікті болмауы негізінде, мектеп бітірушілер білімдерінің төмен көрсеткіштері, қазіргі кезде оқушы жастардың басым көпшілігінің білім алуға деген ынталарының азаюы, тұлғаға бағытталған білім берудегі арнайы әдістемелердің тапшылығы және т.б.) әлі де болса шешімін таппай отырғанын дәлелдейді.

Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемасын анықтауға және тақырыпты «Оқу үдерісінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру (жаратылыстану пәндері негізінде)» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы мен даму үдерісін ашу және оның теориялық негіздерін анықтап, қазіргі жоғары педагогикалық оқу орындары жүйесінде қалыптастыру жолдарын айқындау.

Зерттеу нысаны: мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті.

Зерттеу пәні: мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы және даму үдерісі.

Зерттеудің болжамы:  Егер мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы мен даму үдерісі жүйеге келтіріліп, теориялық негіздері анықталса және оны қазіргі жоғары педагогикалық оқу орындарында пайдалануға байланысты тұжырымдама жасалып, арнайы оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыздандырылса, онда болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениеті қалыптасады, ал, бұл болса оған осы проблеманы кәсіби іс-әрекеттерде тиімді шешуде септігін тигізеді.

Зерттеудің жетекші идеясы: Мұғалімнің педагогикалық мәдениетін болашақ мұғалімдерге арнайы тұжырымдама мен оқу-әдістемелік кешендер арқылы меңгерту олардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыруда септігін тигізеді.

Зерттеу міндеттері:

1. Мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің мәнін, мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін теориялық тұрғыда негіздеу.

2. Мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын негіздеу және оған ықпал еткен шарттарды анықтау.

3. Мұғалімнің педагогикалық мәдениетін жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде қалыптастыру тұжырымдамасын жасау.

4. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделін жасау және педагогикалық шарттарын анықтау.

5. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесін жасау және оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері болып, білім беру мен тәрбиеге тұлғалық, іс-әрекеттік көзқарас; педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелілік, тұтастық, тарихи-салыстырмалылық, кешенділік тұжырымдамалары, жеткіншектер мен жастарға қоғам талабына сай жан-жақты тәрбие берудегі философиялық, педагогикалық, психологиялық, этнопедагогикалық қағидалар; қазақ халқының ұлттық мәдениетінде, соның ішінде рухани мәдениетінде көрініс алған құнды идеялар, озық дәстүрлері, тәжірибесі саналады.

Зерттеудің көздері болып Қазақстан үкіметінің ұлттық рухани құндылықтарды жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану және мәдени-этникалық білім беруге байланысты ресми құжаттары (ҚР-ның Конституциясы, Заңдары, тұжырымдамалар, этномәдениет баяндамалары), зерттеу проблемасы бойынша басылым көрген отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының (философ, тарихшы, этнограф, филолог, өнертанушы, педагогтар мен психологтардың), қазақ ғұлама ойшылдарының еңбектері; қазақ халқының мәдени мұралары; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқушылар мен жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беру тұжырымдамалары, оқу құжаттары, оқу орындарының озық тәжірибелері, сондай-ақ диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі болып табылады.

Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерге (педагогикалық, философиялық, мәдениеттану, тарихи-этнографиялық, әлеуметтану, психологиялық-педагогикалық, филологиялық) тарихи-теориялық талдау; деректі материалдарға салыстырмалы талдау, қазақ халқының озық мәдени педагогикалық дәстүрлерін зерделеу; жоғары оқу орындарына арналған оқу-әдістемелік құралдарға, озық тәжірибелерге, студенттердің зерттеу проблемасына қатысты жазба жұмыстарына талдау жасау, жүйелеу, қорытындылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, педагогикалық эксперимент, алынған нәтижелерді өңдеу, диссертацияны талапқа сай рәсімдеу.

Зерттеудің тәжірибе – эксперименталдық базасы ретінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және Ғ.Мұратбаев атындағы №171 қазақ орта мектебі алынды. Экспериментке «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 17 оқытушы, 108 студент және 20 мектеп мұғалімдері қатысты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1. Мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы негізделді және оған ықпал еткен әлеуметтік-педагогикалык шарттар анықталды.

2. Мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің мәні, мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері теориялық тұрғыда негізделді.

3. Мұғалімнің педагогикалық мәдениетін жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы жасалды.

4. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделі жасалды және оны жүзеге асыруда ықпал ететін педагогикалық шарттар анықталды.

5. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жүзінде дәлелденді.

Зерттеудің теориялық маңызы:

- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделді;

- студенттердің педагогикалық мәдениетін қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды;

- студенттердің педагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды;

- студенттердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі жасалып, тәжірибелік-эксперименттен өткізілді.

Зерттеудің практикалық маңызы:

Зерттеу нәтижелері негізінде жоғарғы оқу орны студеттерін болашак бастауыш сыныпта жаратылыстану пәніне дайындау бағдарламасын жетілдіруге мүмкіндік береді. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін арнайы тұжырымдама мен оқу-әдістемелік кешендер арқылы меңгерту олардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыруда септігін тигізеді. Зерттеу нәтижелерін жоғары, арнайы орта педагогикалық оқу орындарында және жалпы білім беретін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, педагог кадрлар біліктілігін жетілдіретін институттарда пайдалануға болады.

Күтілетін нәтижелер:

Зерттеу проблемасын жан-жақты әдіснамалық және теориялық талдаумен, педагогикалық зерттеудің логикасымен, зерттеу барысында педагогика әдіснамасының талаптарының сақталуымен, зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде нақты қолдануымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестігімен, олардың тиімділігінің эксперимент жүзінде тексерілуімен қамтамасыз етіледі.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1. Мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің мәнін, мазмұны мен ерекшеліктерін теориялық тұрғыда дәлелдеу оның студенттердің қазіргі білім беру мен тәрбиелеу үдерісін жетілдірудегі потенциалды мүмкіндіктері туралы айтуға негіз болады.

2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделі мақсатын, даярлық элементтерін, мазмұнды, компоненттерді, өлшемдер мен көрсеткіштерді және деңгейлерді қарастырады. Педагогикалық шарттар (мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыздандырады.

3. Студенттердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі оларды кәсіби білімді меңгеруге байланысты өздігімен дербес, шығармашылықпен орындалатын кәсіби іс-әрекетке бағыттайды.

4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі эксперимент барысында дәлелденген тәжірибеге негізделеді және олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруға бағытталады.

Зерттеу жұмысының құрылымы.  Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, мақсаты, зерттеудің нысаны, пәні, ғылыми болжамы, зерттеудің жетекші идеясы, міндеттері, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, зерттеудің тәжірибе – эксперименталдық базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы, зерттеудің теориялық маңызы, зерттеудің практикалық маңызы, күтілетін нәтижелер, қорғауға ұсынылатын қағидалар беріледі.

Бірінші тарауда  «Мұғалімнің педагогикалық мәдениетін зерттеудің теориялық негіздері»: мәдениет түсінігі (философиялық, социологиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыда); мәдениеттің педагогикалық іс-әрекетте қалыптасуының әлеуметтік негізі; педагогикалық мәдениет түсінігінің мәні; педагогикалық мәдениеттің компоненттері; болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру үрдісінің педагогикалық, психологиялық негіздері баяндалады.

«Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздері»: жоғары мектеп теориясы мен практикасында педагогикалық мәдениетін қалыптастыру мәселелері; мұғалімдердің және педагогикалық мамандық студенттерінің қалыптасқан педагогикалық мәдениетінің жай – күйі; болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін қалыптастырудағы ғылыми – жаратылыстану цикліндегі пәндердің мүмкіндіктері қарастырылады.

Екінші тарауда «Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін жоғары білім беру жүйесінде қалыптастыру» тұжырымдамасының мазмұны және  болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтау, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастырудың жағдайы, тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижесі және зерттеліп отырған проблеманың перспективасы беріледі.

Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері, қағидалары тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде зерттеу барысында қарастырылған философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттер қамтылды.

Негізгі бөлім

Бүгінгі жоғары білім берудің көп деңгейлі құрылымы, жоғары оқу орнының халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы және оларды қоғамның талаптарына сай басқару мәселелері білім беру саласына жаңа тәсілдерді енгізуді талап етуде. Білім саласына ендірілетін жаңалықтың қайсыбірі болмасын арнайы даярлықты талап етеді. Сондықтан жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың кәсіби даярлығына, педагогикалық мәдениетінің дамуына және олардың жаңа педагогикалық технологияларға терең түсіністікпен бейімделуіне жағдай жасау қажет. Білім берудің мазмұнын модернизациялау, педагог мамандарды даярлаудың мазмұны мен құрылымын саралап қайта ой-елегінен өткізу оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатуды, болашақ мамандардың жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді.

Мәдениеттану теориясының проблемасы саласындағы еңбектерге талдау жасау арқылы біз «мәдениет» ұғымының қазіргі қоғамтануда іргелі зерттеулердің қатарына жататынын анықтап, оны ұғымдық түсінігінің ерекшелігіне қарай танымның әрқилы саласында пайдалануға болатынын айғақтаймыз.

Мәдениет арабша «маданият» – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты.

Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды алътерінативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтканда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы «тереңнен жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдедиет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «кұрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманның сөздіктерінде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).

Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі - мәдени әрекет. Әрекеттену - жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.

Ал осы ұғымдардың ішіндегі мәдениеттану пәніне алғашқы
екі ұғымды, тікелей қатысуы екендігін аңғаруға болады. Мәдниет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір модельденген термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн көрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы - дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала адамдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар Гелилік эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Полис дегеніміз — шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын (халық, жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да мекемелерінің жұмыстарына жәие т.б. қатысуы мүлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өндеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл үдерісті «пайдейя» (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға ие. Адамзат мәдениеті үздіксіз дамып өркендей отырып, революция мен прогрестің жалпы заңдарына сөзсіз бағынады. Бірақ біз қарастырған мәдениеттің материалдық негізіне мән берілмей, мәдениетті тек құдайдың шапағатымен ғана байланыстырып, бұл ұғымға мәдениеттің ғылым, адамгершілік, өмір, философия, құқық және т.б. сияқты салаларын ғана енгізген.

Әлемдік және отандық мәдениеттің теориясы мен тарихын зерттеген Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева болса, қазақтың төл мәдениетін батыстық мәдениетпен салыстыра отырып, оның өзіне тән ерекшеліктеріне тоқталады, қазақтың әлем туралы түсінігін алып бәйтерекке салыстыра отырып, мәдениеттің әлемдегі орнын қоршаған орта мен өркениет аясында қарастырады. Қоршаған ортаны әлем мәдениетінің өрістеу аймағы деп түсіндіреді және ұлттық мәдениетті бос кеңістікте емес, ол - адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді және тарихи ағымның өрісі болып табылады деген пікірді ұстанады. Табиғи ортаға халықтың санасында киелі мекені болып қалыптасқан тауларды, өзен-көлдерді, аңғарлар мен төбелерді, тіпті аруақтар жатқан молаларды да жатқызады. Демек, олар қазақ халқының ұлттық мәдениетіне айрықша экологиялық мазмұн беріп, адам мен табиғаттың арасында нәзік үндестік болатындығын дәлелдейді. Мәдениет мәселесін қазақ халқының дүниетанымында этиканың «жақсылық» пен «жамандық» ұғымдары аясында түсіндіреді, сонымен бірге әртүрлі халықтардың көне мәдениеттен алғашқы өркениеттерге өтуі – мәдениеттегі дамудың заңды құбылысы деген қорытындыға келеді.

Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау бүгінгі таңда «мәдениет» ұғымына берілген анықтамалар бар екенін, олардың жылма жыл жаңа анықтамалармен толықтырылып отыратынын көрсетеді. Бұл анықтамаларды былайша жүйелеуге болады: «Мәдениет дегеніміз – тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағыттаушы және жүзеге асырушы әмбебап механизмі (В.Момов, А.Здравомыслов, А.Ядов, О.Дробинцкий және т.б); заттық және рухани құндылықтардың жиынтығы (В.Тугаринов, Ю.Ефимов, И.Громаов, А.Арнольдов, Н.Чавчавадзе және т.б); іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі (М.Коган, В.Давыдович, Ю.Жданов, О.Хванова және т.б.); қоғамның әртүрлі әлеуметтік және рухани саласында тұлғаның өзін-өзі шығармашылықпен жетілдіру әдісі (В.Библер, Н.Злобин, А.Леонтьев, И.Ильяева және т.б.); адамның табиғи биологиялық табиғаты, ондағы рухани бастаманың дамуын асқақтату дәрежесі (В.Розов, Д.Лихачев және т.б.).

Жоғарыда айтылғанның бәрі «мәдениет» ұғымы аясының кең әрі күрделі екендігін көрсетеді. Егер, оны кең көлемде қарастырсақ, онда қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруда адамның қолымен жасалған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы қалыптасқанын байқаймыз. Мұндай түсінік Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңында да кездеседі. Онда «Мәдениет – адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы» - деп түсіндіріледі.

1 – сурет. Мәдениеттің функциясы (қызметі)


Аксиологиялық







Ақпараттық (коммуникативті)




Танымдық (гносеологиялық)




Мағыналы құрастырушы

(смыслообразующий



нормативті




Ақпараттық (информационная)








Іс-әрекеттік (праксиологическая)




Адамдық шығармашылық (социализация)




Мәдени идентификация функциясы
  1   2   3

Похожие:

Реферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» iconДиссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасында орындалды
Диссертация 2012 жылы маусымда сағат 00-де Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы,...
Реферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» iconРеферат Ғылыми жетекші: п.ғ. д., профессор Е. Ы. Бидайбеков Қызылорда, 2012 жыл Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және иоә»
Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру әдістемесі
Реферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» iconДиссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті және...
Реферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» iconДиссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда
Диссертация 2012 жылы маусымда сағат 00-де Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы,...
Реферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақ тілі кафедрасында орындалды
Реферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» iconРеферат Қызылорда, 2012 ж Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің «физика және фоә»
Бейінді оқытатын сыныптар мен мектептердегі физика пәні мұғалімінің әдістемелік бағыттарын зерттеу
Реферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады
Диссертация 2012 жылы маусымның «25» күні сағат 10. 00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика магистрі...
Реферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» iconРеферат ы қызылорда, 2012 ж. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультеті «Биология, география және экология»
Биология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Реферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» iconДиссертациямен Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті және...
Реферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» iconҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің смж ішкі құжаттарының тізімі
Е 01-14 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі туралы ереже
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница