Скачать 109.21 Kb.
|
Зайсан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 11 шілдедегі № 7-2 шешімімен бекітілген. 2008-2011 жылдарға арналған Зайсан ауданының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы Зайсан қаласы 2008 жыл 1.Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы. Әзірлеу үшін негіздеме: Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 11.10 №1459 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Облыстық білім департаментінің Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы. Әзірлеуші: Зайсан аудандық білім бөлімі. Мақсаты: Адам ресурстарын дайындау сапасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін білім беруді реформалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүйелі шаралар кешенін, білім беруді дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын, инновациялық процестерін басқару тетіктерін анықтау. Міндеттер:
Қажетті ресурстар және оны қаржыландыру көздері: жергілікті және республикалық бюджеттен жылдар бойынша бағдарламаны іске асыруға ұсынылған қаржыландыру. 2008 ж.- 875382,0 м.т. 2009 ж.- 1057499,0 м.т. 2010 ж.- 1281152,0 м.т. 2011 ж.- 1608360,0 м.т. Ескерту: Бағдарламаны іске асыруға бөлінетін қаражат көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджетті жоспарлау кезінде нақтыланатын болады. Күтілетін нәтижелер:
2. К і р і с п е Ауданда білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін 2005-2010 жылдары дамыту бағдарламасына, Қазақстан Республикасының 2005 -2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбие берудің кешенді бағдарламасына, Зайсан ауданының әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламасына сәйкес әзірленген. Білім беру жүйесін жас ұрпақты әлеуметтік қорғау, мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру жүйелерін дамытып, жетілдіру, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру үшін пайдалану қажеттілігі арта түсуде. Бағдарлама өңірдегі білім берудің қазіргі жағдайын талдау негізінде әзірленген. Бағдарлама аудандағы білім беру жүйесін дамытуды, әлеуметтік – экономикалық жобаның нәтижесі болып саналатын нормативтік және басқару құжаты. Бағдарлама білім беру жүйесінің барлық қызметкерлерінің мақсатты педагогикалық қорғауға жол алады. Бағдарламаны іске асыру барысында жоспарланған шаралардың мониторингі жүргізіледі, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіледі. 3. Білім беру жүйесінің қазіргі ахуалы. Ауданда 3 мектепке дейінгі мекеменің екеуі мемлекеттік, біреуі – ведомстволық 200 бала қамтылған. Мектепке дейінгі тәрбиемен барлық мектеп жасындағы балаларды қамтамасыз ету мақсатында 18 мектеп жанынан 2-4 жастағы балаларға арналған шағын орталықтар ашылды, аудандағы 5 – 6 жастағы балалар толығымен мектепалды даярлықтан өткізіліп отыр. Білім бөліміне қарасты екі бала -бақшаға жиһаздар алуға 3600,0 мың теңге бөлінсе, 2007 жылы бір бала-бақшаның жылу жүйесі мен жылу қазандығы ауыстырылып, 2008 жылға екінші бала-бақшаға 10000,0 мың теңге қаржы күрделі жөндеуге бөлінді. 2005 жылдан бала-бақшаның қуаттылығына, бала санына байланысты, штаттық кесте жыл сайын көбейтіліп отыр. Бүгінгі күні шешуге назар аударатын проблема мектепке дейінгі балалар мекемесінің жүйесін кеңейту, мектепалды даярлық бағдарламасын толық көлемде қаржыландыру. Мектепке дейінгі тәрбие берудің және мектепалды даярлықтың мазмұны мен педагогикалық технологиясын жетілдіру. Бүгінгі күні аудандағы 30 мектепке 7522 бала білім алып отыр. Ауыл мектептеріндегі балалардың санының азаюына байланысты шағын комплектілі мектептер көбеюде, олар соңғы үш жылда 17 – ге жетіп отыр. Бес мектепке 152 бала тасымалданып оқытылып отыр. Ауданда дарынды балаларға арналған арнаулы мектеп, гимназия, лицей жоқ болса да, соңғы екі жылда облыстық пән олимпиадасында 8 -10 балаға дейін жүлделі орындар алуда.Ұлттық бірыңғай тестілеуде аудан алғашқы үштікте келеді. Соңғы екі жылда облыста ең жоғарғы балл біздің аудан түлектері алып отыр. 12 жылдық білім беруге көшудің алғы шарттары жасалуда, бастауыш сынып мұғалімдері жоспары 12 жылдық білім беру курсынан өткізіліп отыр. Білім беру жүйесін ақпараттандыруға байланысты аудандағы барлық мектеп интернет желісіне қосылған. Аудан мектептеріне мультимедиялық, физика, химия, биология кабинеттерін, дәрігерлік, технология кабинеттерін алу ауданның өңірлік бағдарламасына сәйкес алынып отыр, 2007 жылы бір жаңа мектеп пайдалануға берілді. Аудан мектептерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру жүйелі жүргізілгенімен, жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі талап деңгейінде емес. Кәмілетке жасы толмағандар комиссиясында 29 жасөспірім есепке алынған, оқушылар арасында территорияға бөліну тоқтатылмауда. 2007 – 2008 оқу жылы ішінде екі суицид оқиғасы болды. Ауданда екі қосымша білім беру мекемесіне 809 бала тартылған. Мұнда шешімін таппай отырған проблема мектептен тыс мекемелердің материалдың және ақпараттың базаларының жетіспеуі, олардың қызметтерінің мазмуны уақыт талабына толық сәйкес келе бермеуі. Білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы арқылы аудандағы білім беру мекемелерінің материалдың – техникалық базасын нығайту қаржы және кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру. 4.Бағдарламаның мақсаты Білім беруді реформалау саласындағы Мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүйелі іс-шаралар кешенін, 2011 жылға дейін білім беруді дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын тұлға мен қоғамның білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім сапасын арттыру үшін, мектеп жасындағы балаларды жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін, инновациялық процестерді басқаруды анықтау. 5. Бағдарламаның міндеттері. 1. Ауданның әлеуметтік экономикалық ұлттық мәдени экологиялық ерекшеліктерін ескеріп білім беру жүйесін дамыту стратегиясы мен тактикасының негізгі бағыттарын әзірлеу. 2.Аудан халқының барлық әлеуметтік топтары үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету. 3.Қазақстандық елжандылыққа, төзімділікке, жоғары мәдениеттілікке адам құқықтары мен бостандықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. 4.Үш тілдік принципті іске асыру, мемлекеттік орыс және ағылшын тілдерін игеру. 5. Балалардың мектепалды тәрбиесі мен мектепке даярлауды жетілдіру. 6.12 жылдық жалпы орта білімге көшуді іске асыру. 7. Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, қаржы және кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру. 8. Оқу процесіне ақпараттық, коммуникациялық технологияларды енгізуді кеңейту. 9. Білім берудің және білім беру технологияларының жаңа мазмұны негізіне педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру. 6. Білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі. 6.1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту сапасын жоғарылатудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: - мектепте оқыту үшін қажетті практикалық дағдыларды, жеке тұлға мәдениетінің негіздерін қалыптастыру үшін жағдай жасау; - мемлекеттік тілді оқу, олардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту; - мектепке дейінгі білім беру бағдарламасымен қамтуды біртіндеп көбейту арқылы балалардың білім алуына бастапқы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; - мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы білім беретін мектептерде балалардың мектепалды дайындығын қамтамасыз ету, бұл міндеттерді шешу үшін педагогтардың біліктілігін арттыру; - балалардың, оның ішінде соматикалық және психикалық дамуында кемістігі бар балалардың өзін-өзі іс жүзінде көрсету үшін даму ортаны құру және жеке тұлғаны қалыптастыруға жеке бағытталған мектепке дейінгі мекеме моделін іске асыру үшін жағдай жасау ; - мектепке дейінгі және мектепте білім алудың сабақтастығын қамтамасыз ету; - мектепке дейінгі білім беруде инновациялық процестерді қарқындату; 6.2. Жалпы орта білім беру. Жалпы орта білім беру үшін үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыратын болады. І-саты – жалпы бастауыш білім беру, оқыту ұзақтығы -4 жыл, 1-4 сынаптар. Оқу 6 жастан басталады. Білім мазмұны ерте жастан (2 – сыныптан бастап) шетел тілін және информатика негіздерін оқытумен толықтырылатын болады. І-сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу негізі мектептің білім беру бағдарламаларын одан әрі игеру үшін балалардың оқу, жазу, есептеу практикалық дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, жеке гигиена және салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыруды көздейді. ІІ-саты- жалпы негізгі білім беру, оқыту ұзақтығы -6 жыл, 5-10 сыныптар. Білім беру процесі оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруге, оларда тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастағы мәдениеттілікті, өзін-өзі анықтауды және кәсіби бағдарды қалыптастыруға бағытталады. Таңдауы бойынша оқу пәндерін игеру, бейіналды даярлық енгізу үшін оқу жоспарының вариативті бөлімі кеңейтіледі. ІІІ-сатының бағдарламалары білім берудің мазмұнын саралап жіктеу, интеграциялау және кәсібилендіру негізінде әзірленетін болады. Оқушылардың кәсіптікке дейінгі тереңдетілген даярлануын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізу ІІІ-сатының түбегейлі жаңашылдығы болып табылады. 12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ мыналар көзделеді:
6.3. Білім беру мекемелеріндегі тәрбие процесі.
6.4. Қосымша білім беру. Қосымша білім беру мекемелер жүйесін дамыту және олардағы оқушылар құрамын көбейту;
6.5. Педагог кадрларының біліктілігін арттыру. Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлдау және біліктілігін арттыру саласында:
М А З М Ұ Н Ы
және бағдарламаны іске асыру тетіктері
арналған бағдарламаның іс-шаралары жоспары |
![]() | Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы Бағдарламаның атауы: Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты | ![]() | Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының төлқұжаты |
![]() | Зайсан аудандық мәслихатының Зайсан ауданының 2006-2008 жылдарға арналған "электрондық әкімшілік" құру туралы бағдарламасы | ![]() | «Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени... |
![]() | Зайсан ауданындағы білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспары Дамуында мүмкіншіліктері шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау, олардың білім алуына мүмкіндіктер жасау | ![]() | Мм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі |
![]() | Зайсан аудандық мәслихатының ... | ![]() | Зайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы Шығыс Қазақстан облысы. Зайсан ауданындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы |
![]() | Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналғАН | ![]() | Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық паспорты Зайсан қаласы 2011 жыл АЖӨ, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының, шағын кәсіпкерлік өнімінің көлемі, мемлекеттік бюджетке түсімдер көлемі, басқа да негізгі көрсеткіштер... |