Скачать 295.67 Kb.
|
Шортанды ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62 бабына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Шортанды ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 2. Шортанды ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын: 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №А-5/303 «Шортанды ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы»; 2010 жылғы 20 сәуірдегі №А-1/86 «Шортанды ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №А-5/303 «Шортанды ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»; 2010 жылғы 25 мамырдағы №А-1/122 «Шортанды ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №А-5/303 «Шортанды ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»; 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А.Атабаевқа жүктелсін. 4. Осы қаулы 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Шортанды ауданының әкімі С. Қамзебаев Миссия Ауданның елді мекендеріндегі еңбек ұжымдары ұйымдары, мекемелерінде дене тәрбиесі және спортты дамыту. Пайымдау Ақмола облысының мықты селолық аудандар командаларының сегіздігіне кіруге жағдай жасайтын аудан тұрғындарының дене шынықтыруын дамыту. ІІ. Ағымдағы жағдайды талдау 1 стратегиялық бағыт. Шортанды ауданында жаппай спорттың және дене тәрбие-сауықтыру қозғалысының дамуы. 1.1.Сала дамуының негізгі параметрлері Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жене шынықтыру және спортпен айналасатындардың санының өсу тенденциясы байқалуда. 2009 жылы спортпен айналысатындардың саны 5751 адам құрады, немесе аудан халқының жалпы санына 19 пайыз. 2008 жылмен салыстырғанда дене тәрбиесі және спортпен айналысатындардың саны 58% ұлғайды. Ауданда БЖСМ қызмет жасайды, онда 288 бала қазақша күрес, футбол, волейбол, шаңғы және дойбы секцияларына қатысады. 2009 жылы БЖСМ тоғыз жаттықтырушысы 44 жалпы разряд спортшыларын дайындады. Дене тәрбиесі және спортпен айналысу үшін ауданда 79 спорт құрылғылары бар, олардың 1 спорт кешені, 29 спорт залдары, 3 хоккей корты, 46 жазық құрылғылар (20 футбол алаңы + 17 волейбол алаңқайлары + 9 баскетбол алаңқайлары) бар. Жалпы білім беретін мектептерден басқа «Петровское» АҚ, «Новокубанское» ЖШС өздерінің спорт залдары бар. Шортанды МҮ 2008 жылдың күзінен бастап жұмыс істейтін жастар арасында ауыр атлетика секциясы жұмыс жасайды, онда 22 адам спортпен шұғылданады. 1.2.Негізгі проблемаларды талдау Позитивтік өзгерістерге қарамастан, жаппай спорттың дамуы, әсіресе жаппай және балалар-жасөспірімдер спорттың дамуы өзекті болып қалуда: ауданда тұрғындардың тұрғылықты жері бойынша жұмыстар мардымсыз ойылған, жасөспірім клубтары жоқ, тұрғылықты жерлері мен жалпы демалыс орындарында қарапайым спорттық алаңқайлар мен құрылғылар жетіспейді. 1.3.Негізгі сыртқы және ішкі факторларына баға беру Жаппай спорттың дамуына ел ішіндегі ахуалы тікелей әсерін тігизетін болады: -қоғамдық өмірдің демократияландырылуы, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтіе тұрақтылық; -экономикалық өсуі және оның әлеуметтік бағыттылығы; -экологиялық және демографилық ахуалы. Бұл жағдайда әлеуметтік сала жоғарыда көрсетілген факторлардың әсерін сыналап отырмай, және керісінше қоғамдық дамуының негізгі салаларына әсерін тігизеді. 3. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері 3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі
|
![]() | «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы | ![]() | Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі Аласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне... |
![]() | Ген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында... | ![]() | Ген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында... |
![]() | Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында... | ![]() | «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже «Дене шынықтыру және спортты дамыту» саясатын жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган |
![]() | Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан... | ![]() | Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында аудан көлемінде тиімді мемлекеттік басқаруды... |
![]() | Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ” «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пәні кредитгік технология бойынша оқытьщ студенттерге 050108- «Дене... | ![]() | «Аягөз аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм ШҚО, Аягөз аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндеттері мен көріністері |