Астана қаласының Экономика және бюджеттік




Скачать 249.41 Kb.
НазваниеАстана қаласының Экономика және бюджеттік
страница1/3
Дата конвертации06.02.2016
Размер249.41 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.economika.astana.kz/UserFiles/new16/Itogi_06_kz.doc
  1   2   3

Астана қаласының Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы


2012 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша

Астана қаласының

әлеуметтік – экономикалық дамуының

ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ


Астана қаласы




Мазмұны

Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық жағдайын

сипаттайтын маңызды көрсеткіштер тізбесі



……………………………………3

1. Өнеркәсіп жағдайы

…………………………………….4


2. Көлік және байланыс

……………………………………6

3. Банк секторы

…………………………………….6


4. Қаржылық - бюджеттік сала


……………………………………7

5. Инвестициялар

…………………………………….7

6. Сауда және сыртқы сауда айналымы

......………………………….……8


7. Шағын бизнеске мониторинг жүргізу

………………………………........10







8. Тұтыну бағаларының талдамасы

...…………………………….........11



9. Әлеуметтік сала

……………………………………12

9.1. Халықты әлеуметтік қорғау және кедейлікті төмендету

9.2. Жұмыспен қамту

9.3. Білім

9.4. Денсаулық сақтау

…………………………………....12


…………………………………....13

…………………………………....14

…………………………………....15

10. Мәдениет және спорт


……………………………………16






1. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық

жай-күйін сипаттайтын маңызды индикаторлардың

ТІЗБЕСІ

2012 жылдың қаңтар-маусым айлары

р/с№

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштер

2011 жылдың тиісті кезеңіне %

1.

Өнеркәсіп өнімінің (тауарлардың, қызметтердің) қолданыстағы бағадағы көлемі, млн. теңге

86 461,3

96,5

2.

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі, млн. теңге

243 788,2

131,1

3.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі, млн. теңге

113 271,3

110,0

4.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді қолданысқа беру, шаршы метр


637 780

(6 136 пәтер)

100,7

5.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі, барлығы млн. теңге

376 211,1

194,4

6.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болжамының орындалу пайызы, барлығы млн. теңге

181,9

-

7.

Бюджетке түсім бойынша бересі (айыппұлсыз), млн.теңге

7 137,9

-

8.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері шығаратын өнімнің көлемі, млрд. теңге

164,0

102,1

9.

Шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтамасыз етілгендердің саны, адам

104,0

100,1

10.

Тұтыну бағаларының индексі (2011 жылғы желтоқсанымен салыстырғандағы 2012 жылғы маусым), %

102,9

-

11.

Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі, млн. теңге

188 880,2

114,2

12.

Экономикалық белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздардың үлесі, % (2012 жылдың маусымында)

1,1

-

13.

Өмір сүру минимумының мөлшері (маусымда), теңге

19 998

101,8

14.

Орташа айлық атаулы жалақы (2012 жылғы қаңтар – мамыр бойынша), теңге

135 976

117,9

Астана қаласының

әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы

АҚПАРАТ

2012 жылдың қаңтар – маусымы


1. Өнеркәсіптің жай-күйі


Астана қаласының өнеркәсіп секторының көпшілігі өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары (оның үлесі 79,5% құрайды) және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату кәсіпорындары 16,1% құрайды. Сумен жабдықтау өнімі (тауарлар, қызметтер), кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 4,4%-ды құрайды.

Жыл басынан бастап қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 86 461,3 млн. теңге сомасына өнім өндірді және қызмет көрсетті. Нақты көлем көрсеткіші (бұдан әрі - НКИ) 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,5%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде қала кәсіпорындары 68 742,8 млн. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірді. НКИ 97,9%-ды құрды.

Өндіру көлемінің мынадай салаларда:

- жиһаз, сабаннан жасалған өнімдер және өруге арналған материалдардан басқа ағаш және тығын өнімдері өндірісінде, – 50,6%;

- тоқыма өнімдері өндірісінде - 33,7%;

- сусындар өндірісінде - 25,9%;

- дайын металл өнімдері өндірісінде, машина мен құрылғыларды қоспағанда - 24,9%;

- киімдер тігуде – 21,0%;

- тамақ өнімдері өнеркәсібінде - 3,1%;

- машина жасауда - 1,9%;

-басқа метал емес минералды өнімдер өндірісніде 1%-ға төмендеуі байқалады.

Өнеркәсіптің өңдеу секторында ең көп үлесті машина жасау алады (51,6%). Осы сала кәсіпорындары есепті кезеңде 35 491,3 млн. теңгеге өнім өндірді, НКИ – 98,1%-ды құрайды. Таратушы қалқандарды өндіру 20,6%-ға, ауыл және орман шаруашылығына арналған машина бөлшектері - 25,8%-ға азайды. Сонымен қатар, сорғыштар шығару - 6,2%-ға, дизель локомотивтері өндірісі 3,6%-ға ұлғайғаны байқалады.

Өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісінде 12 509,3 млн.теңге сомасына тауарлар шығарылды және қызметтер көрсетілді, НКИ 99,0%-ды құрады. Бетон шығару – 5,7%-ға, плита және кірпіштер шығару 2,1%-ға, құрылыс ерітіндісі - 40,6 %-ға азайды.

Тағам өнімі өндірісінің көлемі 7 036,5 млн. теңгені, НКИ 96,9%-ды құрады. Макарон өндірісі – 13,3%-ға, нан – 6,3%-ға, жарма – 18,4%-ға, шұжық – 3,3%-ға, сүт– 0,4% төмендеді. Сонымен қатар, ұн өндірісі – 13,9%-ға ұлғайды.

Өнеркәсіп өнімін шығару көлемі:

- металлургия өнеркәсібінде – 90,8%-ға;

- тері және оған қатысты өнімдер өндіруде33,3%-ға;

- баспа ісінде және жазылған материалдарды қайта өндіруде – 11,5%-ға;

- жиһаз өндірісінде – 7,5%-ға;

- резина және пластмасса бұйымдарын өндіруде – 4,2%-ға;

- қағаз және қағаз өнімдері өндірісінде – 1,5%-ға ұлғайды.

Резина және пластмасса бұйымдары өндірісінде 7 069,2 млн. теңгені НКИ – 104,2%-ды құрады. Есіктер мен терезелер өндірісі – 15,9%-ға, тұрбалар жасау – 19,2%-ға ұлғайды. Сонымен қатар преформ өндірісі – 8,8%-ға азайды.

Баспа ісі және жазылған материалдарды қайта өндіруде 1 336,9 млн. теңге сомасына қызмет көрсетілді, НКИ – 111,5%-ды құрады.

Металлургия өнеркәсібінде 243,3 млн. теңгенің өнімі өндірілді, НКИ – 190,8%.

Тері және оған қатысты өнімдер өндірісінде шығару көлемі 2,4 млн. теңгені құрады, НКИ - 133,3%.

Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 392 млрд. теңге сомасына 19 жоба іске асуда, шамамен 7,1 мың жұмыс орны құрылды.

Анықтама: 2010 жылдың қорытындысы бойынша 2 зауыт іске қосылды - темірбетон бұйымдарын әзірлеу зауыты («АБК-Мақсат» ЖШС) және «сэндвич-панельдер» өндіру зауыты («Кровля НС» ЖШС), 2011 жылы – метиз өнімін өндіретін («Стальцинк» ЖШС), Talgo» жолаушылар вагондарын шығаратын («Тұлпар Talgo» ЖШС), жеміс-көкөніс өнімін өндіретін және қайта өңдейтін («АстанаЭкоСтандарт» ЖШС) зауыттар іске қосылды.

Енгізілген жобалардың жалпы сомасы 15,3 млрд. теңгені құрады, 850 шамасында жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде салу кезеңінде 124 жұмыс орны.

2012 жылы 2,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын (салу кезеңінде 700-ден астам орын) жалпы сомасы 59,8 млрд. теңге болатын 7 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қалған 7 жобаны, кестеге сәйкес, 2014 жылға дейін іске асыру жоспарланды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату саласында 2012 жылдың 1-жартыжылдығында өнеркәсіп сипатында 13 954,2 млн. теңге сомасына өнім өндірілді және қызмет көрсетілді (НКИ - 100,2%-ды құрады), оның ішінде электрэнергиясын өндіру, ұсыну және таратуда 8 725,5 млн. теңгеге (НКИ - 98,1%-ды құрады), газ отынын өндіру және таратуда 96,5 млн. теңгеге (НКИ - 102,7%-ды құрады), бу тарату және ауаны салқындату жүйесінде 5 132,2 млн. теңгеге (НКИ - 105,1% -ды құрады) қызмет көрсетілді.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 3 764,3 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіп сипатындағы қызмет көрсетілді. НКИ 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 89,1%-ды құрды.

Астана қаласының әкімдігі өнім сапасын арттыру мақсатында ИСО, OHSAS, SA, ХАССП сериясының халықаралық сапа стандарттарын (бұдан әрі – ХСС) енгізуді насихаттау жұмысын өткізу үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмысын жүргізуде.

Қала кәсіпорындарында ХСС талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу жөнінде мониторинг жүзеге асырылады. 2012 жылдың 1 жартыжылдығында қаланың кәсіпорындар мен ұйымдарының саны 515 бірлікті құрды. Өндіріс, сауда және қызмет көрсету саласында ХСС белсенді енгізіліп жатқанын айтып өту қажет.

Жергілікті тауар өндірушілерінің өнімін сату мақсатында қала кәсіпорындарының қатысуымен әр түрлі іс-шаралар, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық шеңберінде, дәлірек айтқанда, екі жақты қатынастарды реттеуге мүмкіндік беретін шетел өкілдерінің қатысуымен бизнес-форумдар, «дөңгелек үстелдер», тұсаукесерлер мен кездесулер ұйымдастырылуда.


2. Көлік және байланыс


Автомобиль көлігі. Бүгінгі күні 52 қалалық бағдар бойынша күн сайын 771 бірлік көлік жұмыс істейді. Қалалық бағыт желісінің ұзақтығы 2,459 км. Қалалық автобустардың жалпы саны 771 бірлік, оның ішінде сыйымдылығы үлкен автобустар саны 771 бірлік, сыйымдылығы орта автобустар саны 180 бірлік. Қызметкерлердің саны 2 500 астам адамды құрайды.

Қазіргі таңда Астана қаласында 5 мамандандырылған таксомотор компаниясы – «Сарыарқа», «Аруна», «Жебе», «Медео» және «Аққу» компаниялары жұмыс істейді, олардың жалпы көлік құралдары 282 бірлікті құрайды, күн сайын 250 бірлік желіге шығады.

Қала көлігі 2012 жылдың қаңтар – маусымында 47 684,9 мың тонна жүк тасылды, оның ішінде жалпы жүк айналымы 2 622,2 млн. ткм құрады. 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тасылған жүк көлемі 27,1%-ға ұлғайды.

Автомобиль көлігі есепті кезеңде 852,2 млн. жолаушы тасымалдады, оның ішінде қаланың көлік кәсіпорындары – 155,3 млн. адамды (18,2%), жеке кәсіпкерлер – 696,9 млн. адамды (81,8%) тасыды.

Әуе көлігімен 2012 жылдың есепті кезеңі бойынша 4,3 мың адам тасылды, бұл ретте барлық бағыттардағы жолаушылар айналымы 8,8 млн. текше/км құрады.

Қаланың байланыс кәсіпорындары 2012 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша 9 179,6 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл салыстырмалы бағаларда 2011 жылдың ұқсас кезеңінен 19,4%-ға жоғары.

Көрсетілетін қызметтерден түсетін кіріс құрылымында Интернет 38,9%, қалааралық, халықаралық байланыс түрлері – 16,2%, жергілікті телефон байланысы – 13,8%, өзге байланыс түрлері – 31,1% иеленген.


  1. Банк секторы


Астана қаласының банк жүйесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесінің орталық филиалымен, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ сияқты дербес банктермен, екінші деңгейдегі банктердің 32 филиалымен, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ екі филиалымен және екінші деңгейдегі банк филиалдарының 149 құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылып отыр.

Қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 2012 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің 163 айырбастау пункті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын өткізуге лицензиялары бар 63 өкілетті ұйымдар валютасының айырбас орны әрекет етеді.

2012 жылдың мамыр айының соңына екінші деңгейлі банктердегі резиденттер депозиттерінің жалпы мөлшері 1 426,9 млрд. теңгені құрды және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға төмендеді.

Банктердің Астана қаласының экономикасына несиелері бойынша негізгі қарызының жалпы мөлшері 2012 жылдың мамыр айының соңына 872,5 млрд. теңгені құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,6%-ға ұлғайды.


4. Қаржылық-бюджеттік саланың жай-күйі


Бюджет және төлем тәртібі. 2012 жылдың 1 шілдесіне мемлекеттік бюджетке түсім 206 815,1 млн. теңге болжамында 376 211,1 млн. теңгені, немесе болжамға қарағанда 181,9%-ды құрады.

Республикалық бюджетке (159 734,7 млн. теңге болжамында) 325 176,6 млн. теңге түсті, яғни болжам 203,6%-ды құрады.

Жергілікті бюджетке (47 080,4 млн. теңге болжамында) 51 034,5 млн. теңге түсті, болжамдық көрсеткіштердің орындалуы 108,4%-ды құрады.

Салықтық төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер 203 210,2 млн. теңгені құрады, болжамның орындалуы 103,9%-ды құрады, оның ішінде: республикалық бюджетке 154 979,8 млн. теңге болжанған жағдайда 157 979,8 млн. теңге түсті; жергілікті бюджетке 40 987,1 млн. теңге болжамында 45 230,4 млн. теңге немесе болжамға 110,4% түсті.

Салықтық емес төлемдер бойынша түсімдер 5 223,0 млн. теңге болжанған жағдайда 168 348,8 млн. теңгені құрады, болжам 163 025,8 млн. теңгеге артық орындалды, оның ішінде: республикалық бюджетке 5 228,8 млн. теңге болжанғанда 167 190,3 млн. теңге түсті; жергілікті бюджетке 94,2 млн. теңге болжанғанда 1 158,5 млн. теңге түсті.

2012 жылғы 1 шілдесіндегі жағдай бойынша қарыз 7 137,9 млн. теңгені құрды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қарыз (18 745 млн. теңге) 11 607,4 млн. теңгеге азайды.


  1. Инвестициялардың жай-күйі


Негізгі капиталға инвестициялар талдамалы кезең бойынша 243 788,2 млн. теңгені немесе 2011 жылдың тиісті кезеңіне 131,1%-ды құрады. Негізгі капиталға түсетін инвестицияның республикалық көлемінде Астана қаласы көлемінің үлесі 12%-ды құрады (өткен жылы 9,3%).

2012 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға инвестициялар салудың негізгі көздерінің үлесі 180 816,3 млн. теңге сомасындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың жеке қаражаты болып табылады (инвестицияның жалпы көлемінің 74,2%-ы). Бюджет қаражатының үлесі 19,4%, қарызға алынған қаражат 5,5% құрады.


Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға

инвестициялар құрылымы





Көздер

2012 жылғы қаңтар-маусым

2011 жылдың тиісті кезеңіне

млн. теңге

қорытындыға %

Негізгі капиталға инвестициялар, барлығы, млн. теңге, оның ішінде:

243 788,2

100

131,1

республикалық бюджет

41 030,6

16,8

65,0

жергілікті бюджет

6 391,0

2,6

86,3

кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаты

180 816,3

74,2

241,8

шетелдік инвестициялар

2 078,2

0,9

269,8 есеге

заем қаражаты есебінен

13 472,1

5,5

33,1
  1   2   3

Похожие:

Астана қаласының Экономика және бюджеттік iconАстана қаласының Экономика және бюджеттік
Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық жай-күйін сипаттайтын маңызды индикаторлардың тізбесі
Астана қаласының Экономика және бюджеттік iconАстана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық жай-күйін сипаттайтын маңызды индикаторлардың тізбесі
Астана қаласының Экономика және бюджеттік iconАстана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Астана қаласының Экономика және бюджеттік iconҚазақстан республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Астана: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, компания...
Астана қаласының Экономика және бюджеттік iconАстана қаласы мәслихатының
Астана қаласының 2012 жылға арналған бюджетінің орындалу процесінде секвестрге жатпайтын жергілікті бюджеттік
Астана қаласының Экономика және бюджеттік icon«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі туралы
Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджеттік және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық...
Астана қаласының Экономика және бюджеттік icon«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
Астана қаласының Экономика және бюджеттік iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – бұл экономикалық саясатты...
Астана қаласының Экономика және бюджеттік iconШығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма)...
Астана қаласының Экономика және бюджеттік iconАстана қаласының Инвестиция және сыртқы экономикалық байланыстар департаментi
Инвестицияны тарту саласында, сондай-ақ Астана қаласының Қазақстан Республикасынын қалаларымен және аймақтарымен, жақын және алыс...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница