Ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері




Скачать 146.64 Kb.
НазваниеАуданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Дата конвертации06.02.2016
Размер146.64 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://zaysan.vko.gov.kz/kz/files/analytic_13.doc



Зайсан ауданының әкімі С.З.Зайнулдиннің

ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының

тезистері


Ауданымыздың 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттары төмендегідей:

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3127 млн. теңгені құрап, табиғи көлем индексі – 102,6 % болды.

4026,1 тонна ет (өсім 5,3%), 20152,7 тонна сүт (өсім 0,3%), 1237,8 мың дана жұмыртқа (3,8% -ге төмен) өндірілді.

Ірі қара саны 80318 басқа (өсім 1,0 %), қой 110125 басқа (өсім 10,9 %), ешкі 63768 басқа (өсім 0,7 %), жылқы 15336 басқа (өсім 2,0%), құстар 55500 басқа (өсім 3,5%) жетті.

Биылғы жылы аудан бойынша егістік көлемі 15593 гектар, бұл өткен жылғыдан 1486 гектарға артық (10,5%). Дәнді астық өткен жылғыдан 250 гектар, мал азығындық дақылдар 1470 гектар, көкөніс 58 гектар, бақша дақылдары 35 гектар артық егілді.

Егіс алқаптарына 130 тонна минералды тыңайтқыштар (былтыр – 65 тонна), 6000 тонна органикалық тыңайтқыштар (былтыр – 5800 тонна) енгізілді.

Ылғал сақтау технологиясы бойынша 2950 га егілді (өсім 40%, былтыр 2100 га болған).

Көктемгі егіс жұмыстарына 300 тонна дизель отыны бөлініп, толықтай тасылып, ауыл шаруашылық құрылымдарына жеткізіліп берілді.

Лизинг арқылы дөңгелекті тракторлар сатып алуға 2 тапсырыс беріліп, комиссияда мақұлданды.

Кендірлік суландыру жүйесіндегі дюкер мен 4 км басты магистралды каналдың реконструкциясы аяқталып, 74,8 млн теңге қаражат игерілді.

Торбие учаскесіндегі 1667 га егістік жер толық сумен қамтамасыз етілді. Құрылыс жұмыстарын мердігер СМУ-Шығыс мекемесі атқаруда.

Үйдене су жүйесінің Р1 және Р2 магистралдық каналдарының 17 км-ін реконструкциялауға жатады. Жобаның сметалық құны 1200 млн.теңге.

Семейдің тері-былғары комбинатын тері, жүн өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында ауданда тері дайындау-сервистік орталығы ашылып, оған С.Оразбаев деген азамат СПК «Ертіс» ЖШС-мен келісім-шартқа отырып, жұмысқа кірісті. Осыған байланысты барлық ауылдық округтерде ауыл әкімдерінің тағайындауымен 8 дайындаушылар келісім-шартпен жұмыс жасайтын болады. Алдағы уақытта осы әдіспен жүн жинау да қолға алынады.

Өнеркәсіпте 556,9 млн теңгенің өнімі өндіріліп, табиғи көлем индексі 372,2% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 195,8 млн теңге өнім шығарылды, табиғи көлем индексі 56,5% болды. Былтыр 6 айда 251,4 млн теңгенің балық өнімдері шығарылса, биыл балық зауытының тоқтап қалуына байланысты өнім өндірілген жоқ.

Зайсан өңірінде «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-і газ қорын барлау және анықтау жұмыстарын жүргізуде. Қарабұлақ ауылынан Майқапшағай елді мекеніне дейін ұзындығы 80,5 км газ құбырын тарту жоспарланған. Жоба іске асқан жағдайда бірінші кезекте Зайсан қаласы мен Қаратал, Қарабұлақ ауылдарын газбен қамтамасыз ету мүмкіндігі тумақ. Газ қорының көлемі 5,1 млрд.м.куб. Бүгінгі күнге «Зайсан қаласының көшеаралық газ тарату жүйелері мен газ магистраліне қосу, қалаға жақындату және АГРС құрылысын» енгізу құрылысының жобалық-сметалық құжаты жасалған, құны 1251,5 млн теңге.

2012 жылдың 1 шілдесіне Зайсан ауданы бойынша шағын бизнес субъектілерінің тіркелген заңды тұлғалар саны – 68 (2011 жылы – 66 немесе өсім 3,0%), оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 39, бұл 2011 жылдың (35) сәйкес мерзімімен салыстырғанда 111,4%, соның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрғаны – 31, бұл 2011 жылмен (29) салыстырғанда 106,9%.

Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын орындау мақсатында Зайсан ауданы бойынша 2011 жылы «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытын ұлғайтуы және жаңалауы жобасы облыстың өңірлік картасына енді. Жобаның жалпы құны 648,3 млн теңге. Жобаны қаржыландыру «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 1 бағыты бойынша 210 млн.теңге несие қаражатына «Центр Кредит Банк» АҚ-мен келісім шарт жасалып, несие алынды. 30 адам жаңадан жұмыс орнымен қамтылды.

2012-2013 жылдары «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытын ұлғайтуы және жаңалауы жобасының 2 – кезеңін іске асыру жоспарлануда.

Жобаның жалпы құны 700 млн теңге, 560 млн теңгесі «БРК лизинг» арқылы. Жоба аясында темір бетонды үлкен диаметрлі трубалар шығаруға итальяндық «Корсетти» фирмасының жаңа технологиясын енгізеді. Жоба құжаттары дайындалу үстінде.

Қазақстандық мазмұнды арттыру бағытында «Зайсан Сулары» ЖШС-нің минералды сулары, «Рахат» кондитерлік цехының кондитерлік және нан өнімдері, «Бекзат» ЖШС-нің лимонад және газдалған сусындары, сонымен қатар 12 май сығу цехтарының өнімдері, 24 наубайхананың нан өнімдері, 1 кулинарлық, 2 тұшпара цехтарының өнімдері ауданның және көршілес аудандардың тұтұнушыларының сұраныстарына ие болуда.

Сонымен қатар, «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің темір-бетон және кірпіш, пластикалық есік, терезе өнімдерін, «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС-нің асфальт-бетон, пластикалық есік, терезе өнімдерін, жеке кәсіпкер Р.Қадырхановтың ағаш өнімдерін шығаратын цехы – құрылыс материалдарын шығарып, тұтынушыларға жеткізілуде.

Зайсан ауданы бойынша бағаны тұрақтандыруға байланысты аудандық құнсыздану үдерістеріне бақылау жасау жөніндегі штаб отырысы тұрақты өткізілуде. Азық-түлік, өндірістік тауарларының, көкөністің, жанар-жағар май өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп, үстеме бағаны 10%-дан асырмай тұтынушыға сату туралы жасалған 230 меморандумдардың орындалуы қадағалануда.

2011 жылы «Туған елге – тағзым» акциясын өткізу жалғасуда, аудан әкімімен «Сайқан», «СМУ-Шығыс», «Зайсан» құрылыс компаниясы», «Нұр-Сервис» ЖШС-терінің басшыларымен өзара көмек және өзара әрекет ету туралы меморандумға қол қойылды.

Аудан бойынша бөлшек тауар айналымы 1068,4 илн. теңге болып, өткен жылдан 119,9 %–ға артты.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3 млрд 674,9 млн.теңгені құрады, өткен жылғы сәйкес мерзімдегіден 22,8% жоғары.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 1123 ш.м. немесе өткен жылғы сәйкес мерзімдегіден 29,5% артық орындалды.

Осы кезең аралығында құрылыс жұмыстары 1 млрд 588,7 млн.теңгеге жетті, бұл былтырғыдан 148,2%.

Зайсан қаласының су жүйесін реконструкциялау жалғастырылуда. Құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 300 млн.теңге, облыстық бюджеттен 33,3 млн.теңге бөлініп, бүгінгі күнге 131,311 млн.тг. қаржы игеріліп отыр.

Айнабұлақ ауылының су жүйесін қайта жаңғырту жұмысына республикалық бюджеттен 108,0 млн.тг облыстық бюджеттен 4,5 млн.тг қаржы бөлініп, мердігер «СМУ Шығыс» ЖШС мекемесі ағымдағы жылдың маусым айынан бастап жұмыс кестесіне сәйкес құрылыс жұмыстарын бастады. Сметалық құны 274,19 млн.тг.

2012 жылға Зайсан қаласынан №2 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысына 172,0 мл.теңге облыстық бюджет есебінен бөлініп, осы нысан бойынша мердігер «СК Зайсан» ЖШС мекемесі құрылыс жұмыстарын қарқынды атқаруда. Сметалық құны 339,2 млн.теңге.

Сонымен қатар Зайсан қаласындағы бұрыңғы казарма ғимаратын пәтер типті шағын жатақханаға айналдыру және осы нысанның инженерлік желілері мен абаттандыру құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер «ПСК Өскемен-Құрылыс ЖШС мекемесімен келісім-шарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталды.

Сонымен қатар биылғы жылы төмендегідей жұмыстар жоспарланып, атқарылуда:

-Зайсан қаласындағы «Бейбітшілік» паркі, сметалық құны 23 млн 776 мың теңге;

-Орталық алаңды жөндеу, құны 1,5 млн теңге;

-Ұлы Отан соғысы ардагерлері алаңының құрылысы, сметалық құны 23 млн 324 мың теңге ;

-қала көшелерін жөндеуге 100 млн теңге;

-Спамбетов атындағы скверге 1 млн 215 мың теңге.

Шілікті және Үлкен Қаратал елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 10,5 млн.теңге, Қаратал ауылындағы мәдени-12әкімшілік орталығы ғимаратының құрылысына ЖСҚ-ға 3,0 млн.теңге, Зайсан қаласындағы 140 орынды балабақша құрылысының ЖСҚ-на 5,0 млн.теңге жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта жобалаушы «Востокагропромпроект» мекемесі өз жұмысын бастады.

Қала, ауыл көшелерін жарықтандыруға 21 млн 355 мың теңге қаржы бөлініп. Жангелдин, Маукенұлы, Баитов, Шегір, Спанбетов көшелерін, Мұқашы, Қарабұлақ, Қаратал, Дайыр, Сартерек ауылдарының көшелерін жарықтандыру жүзеге асырылады.

Зайсан қаласының көшелерінің қиылыстарына бағдаршам орнатуға және жөндеуге 7,2 млн теңге бөлініп, «Бекзат» ЖШС жұмыстарын жүргізіп, толығымен аяқтады.

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қалыпты жағдайда ұстауға 20,5 млн теңге, «Омск-Майқапшағай-Жіңішкесу» автомобиль жолын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4,5 млн теңге бөлініп, жұмыстарды «Зайсан Тазалық» ЖШС жүргізуде.

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына техникалық құжат жасауға 2,0 млн теңге бөлініп, Омск-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Сарыжыра, Шілікті-Комсомол, Көгедай-Жаңабаз, Омск-Майқапшағай-Жіңішкесу, Омск-Майқапшағай-Сәтпай, Омск-Майқапшағай-Мұқашы, Шілікті ауылына кіреберіс жолы, Омск-Майқапшағай-Қабырғатал жолдарына АМКМ жылжымайтын мүлік орталығы арқылы төлқұжаттар жасалуда.

Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету үшін 6,0 млн теңге бөлініп, «Зайсан» ККМК су құбырларын қалыпты жағдайда ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күнге 2,0 млн теңгенің жұмыстары жүргізілді.

Жер асты су қорын анықтауға 1,7 млн теңге бөлініп, Айнабұлақ, Дайыр ауылдарының жер асты су қорын анықтау жұмыстарын «Топаз» геологиялық зерттеу компаниясы жүргізді. Шілікті, Сартерек, Біржан ауылдарының, Зайсан қаласының суды пайдалануға рұқсат алу жұмыстарына қаржы бөлінді.

Зайсан ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 14 сәуірдегі №931 «Аудандағы елді мекендерді көгалдандыру, көркейту, санитарлық жағдайын жақсарту жөніндегі екпінді екі айлық өткізу туралы» қаулысы қабылданып, осыған сәйкес екпінді екі айлықты өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге арналған штаб құрамы және Ережесі бекітіліп, осы іс шаралардың орындалу барысын қадағалауға арналған жұмыс тобы құрылды.

Аудан бойынша жалпы 10330 дана ағаштар егіліп, 4900 погонный метр бұталар отырғызылды, 1935 квм жерге гүлзарлар егілді. Елді мекендердегі 147 км көшелер, 46 га парктер мен скверлердің аумақтары тазаланып, 851 мкуб қоқыс шығарылды.

Бұл жұмысқа барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұжымдардың жұмыскерлері, мектептерде «Жасыл ел» бағдарламасы аясында оқушылардан жасақтар құрылып, ұстаздар ұжымы, аудан тұрғындары жұмылдырылып отыр.

Зайсан қаласындағы Жангелдин көшесінің бойындағы гүлзарлар мекемелерге бөлініп беріліп, ол жерлерге гүл егу, маңайларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Желтоқсан, Боқажанов көшелерін көркейту, көгалдандыру жұмыстарына 3,096 млн теңге бөлініп, көгалдандыру жұмыстарын «Зайсан Тазалық» ЖШС жүргізуде.

Головченко скверін абаттандыру мақсатында Дәуленов мектебі, аудандық аурухана және орман шаруашылығы мекемелеріне бөлініп берілді.

Зайсан қаласындағы Закиев, Абай атындағы саябақтарда, Жанкелдин көшесінде сенбіліктер ұйымдастырылып, санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды, өсіп кеткен ағаштар, қураған бұтақтары кесіліп, шығарылды.

2012 жылға елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге 8 млн 500 мың теңге, абаттандыру мен көгалдандыруға 80 млн. 757 мың теңге қаржы қарастырылып, игерілуде.

Зайсан қаласының кіре берісіне 1,2 млн теңгеге Спамбетов атындағы сквер салынды.

Зайсан қаласындағы көпқабатты үйлерді терможаңғыртуға байланысты 7 үйде кондоминиум, пәтер иелерінің кооперативі құрылды. Осы үйлерді жөндеуге ЖСҚ жасалып. «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына өткізілді.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында Қаратал мектебін (79 млн 709 мың теңге, мердігер «Зайсанстройсервис» ЖШС-і), Мукарама мектебін (16 млн 500 мың теңге, мердігер ЖК А.Утебаев) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

6 айда 260 адам жұмысқа орналастырылып (2011 жылы 6 айда 252 адам), жаңадан 189 жұмыс орны (2011 жылы 6 айда 136 адам) ашылды.

Атаулы әлеуметтік көмекке 13,5 млн. теңге, балалар жәрдемақысына 15,6 млн.теңге төленді.

Аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 93%-ы мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамтылған. Ауданда 5 балабақша, мектептер жанынан құрылған 23 шағын орталық жұмыс істейді. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар үлесі 93%.

Туу деңгейінің көрсеткіші 6 айда 18,9 (былтыр – 21,6), жалпы өлім деңгейі 8,4 (былтыр – 8,6), 1000 тірі туылғандарға бала өлімінің деңгейі 11,7 болып, сәйкес мерзімдегіден (10,3) жоғарылады. Туберкулезбен ауыру деңгейі 100 мың адамға шаққанда 58,2 болып, 1,3 есеге азайды.

Аудандық бірлестікте кіші диагностикалық орталық ашылып, жаңа заманауи аппаратуралармен - ультрадыбыстық зерттеу сканері Milab -70, жүректің жұмысын және қан қысымын тәулік бойы бақылауға арналған Холтер аппараты - Астрокард, медициналық Тредмил жүйесі және жылжымалы жолы қамтамасыз етіліп, аппаратуралармен жұмыс істейтін дәрігер мамандар арнайы курстарда оқытылды. Аудан халқына мамандандырылған медициналық көмекті жақындату мақсатында «Саламатты Қазақстан 2030» бағдарламасы шеңберінде «Жылжымалы медициналық жиынтығы» алынып, аудан халқына көмек көрсете бастады.

Аудандық бюджетке түсімдер ішінде өз кірістерінің көлемі 266,6 млн. теңге құрайды, орындалуы 110,4% болды. Өз кірістер көлемі өткен жылғыдан 46,3 млн теңге артық.Шығыстар көлемі 1839,6 млн теңге болып, игерілуі 99,9%-ды құрайды.

Зайсан ауданы бойынша Қаратал, Сартерек, Дайыр ауылдары тірек елді мекендер қатарына енгізілді. Көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, белгіленген іс-шаралар жүзеге асырылуда. 2012-2014 жылдарға дамыту іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл бағытта 2012 жылға 585,1 млн теңге қарастырылып, жұмыстар атқарылуда.

Сартерек ауылында ауыл шаруашылығы бойынша:

1) қой өсіру бағытында Қизатова А, Раушанова Р. бүгінгі күнге несие алып, жұмыстар жалғасуда;

2) мал сою пунктін ашу (Ахметжанова А) - жұмыстар атқарылуда, қоршау тұрғызылған, су, электр желісін тарту жүргізілуде.

3) бал арасын өсіру (Қоқышева С.), 70 ұя бал арасын сатып алып, жұмысын жалғастыруда;

4) сиымдылығы 10 мың тонналық астық қоймасын салу «Икеп» ШҚ - жұмыс аяқталды;

5) ЗАВ-40 астықты механикалық тазалау қондырғысын салу жобасы («Зайсан астық») іске асырылуда.

Кәсіпкерлікте:

1) шаштараз ашу (Тоқтабаева Г), ашылып жұмыс істеп тұр;

2) кеңсе тауарлары дүкенін ашу (Тлеубердинова М), дүкен ашылып, халыққа қызмет етуде.

Абаттандыру мен инфрақұрылымды дамытуда:

1) Абай көшесін жарықтандыруға 1184 мың теңге берілді.

2) хоккей алаңын қоршау (914 мың теңге) мердігер «Зайсан-Қорған» ЖШС 800 мың теңгеге алды. Жұмыс басталып, шілде айында аяқтау жоспарлануда.

3) ретсіз қоқыс қалдықтарын жою (300 мың теңге), мердігер ЖШС «Зайсан-Қорған» 280 мың теңгеге алды, бүгінгі күнге жұмыс аяқталып, бөлінген қаржының 150 мың т. аударылған;

4) демалыс саябағын абаттандыру (4916 мың теңге), мердігер жеке кәсіпкер Зарипов О.Т. 3800 мың теңгеге алды, жұмыс басталды;

5) Сартерек көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу (12119 мың теңге), мердігер «Зайсан» құрылыс компаниясы» ЖШС 10460 мың теңгеге ұтқан, жұмыстар аяқталды.

Әлеуметтік салада:

1) Сартерек мектебін ағымдағы жөндеу (11200 мың теңге), мердігер «Зайсан строй сервис», 19 маусымда анықталып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде;

2) Балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу (33700 мың теңге), мердігер «Зайсан Нұр-Сервис» ЖШС, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бизнестің әлеуметтік серіктестігі меморандумы негізінде:

1) Сауықтыру демалыс базасына баратын 3 км жол мен 3 көпір салу (Б.Нұрасыл), жолды қыру, тас төгу жұмыстары атқарылуда.

«Зайсан» (А. Ковальков), «Зайсан тазалық» (Д. Тлеубердин), «СМУ Шығыс» (Қ. Әбжанов) кәсіпорындарымен меморандум жасалып, ауылға 10 орындық монша салынды.

Орман шаруашылығы мекемесімен меморандум жасалып 1000 түп ағаш өскіндері алынып, тұрғындар күшімен питомникке отырғызылды.

Ауылға кіре берісте тұрғындар күшімен жолдың екі жағына скверлер жасалып, қоршалып, 600 түп көк терек және алма ағаштары отырғызылды, «Қайнар» мектебінің сыйлаған марал мүсіні орнатылды.

«Тарбағатай мұнай» кәсіпорны 3 баннер орнатып берді.

Дайыр ауылында ауыл шаруашылығы бойынша:

1) ірі қара малын өсіру бағытында «Шәріпхан» шаруа қожалығы мен «Балжан» шаруа қожалығы несие алып, мал сатып алу жұмыстарын жалғастыруда;

Кәсіпкерлікте:

1) Дүкен ашу (Хамитов С), ғимарат ашылуға дайын, құжаттары рәсімделуде;

2) Дәріхана ашу (НасимоваТ), бүгінгі күнге жұмыс істеп тұр.

Әлеуметтік салада 1 жоба – Мукарама атындағы мектепті күрделі жөндеу, қаржы көлемі 17 млн теңге «Жол Картасы» бағдарламасымен, мердігер ЖК А.Утебаев 16500 мың теңгеге алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуде, бүгінгі күнге 8,4 млн теңгесі игерілді.

Мукарама атындағы мектепті ағымдағы жөндеу, қаржы көлемі 4,4 млн теңге, мердігер анықталып (ЖШС Ақтөбе-Е) 2920 мың теңгеге алған, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Инфрақұрылым мен абаттандыруда:

1) Аманжанов көшесін жарықтандыру (1989 мың теңге) мердігер «Семей электрострой»-2005» ЖШС 1780 мың теңгеге алды, жұмыс аяқталды.

2) ретсіз қоқыс қалдықтарын жою (300 мың теңге), мердігер ЖШС «Зайсан-Қорған» 290 мың теңгеге алған, жұмыс аяқталды;

3) хоккей алаңын қоршау (914 мың теңге) мердігер «Фламен» ЖШС 495 мың теңгеге алған. Жұмыс жүргізілуде, тамыз айында аяқталу жоспарлануда.

4) балалар ойын алаңын абаттандыру (2126 мың теңге), мердігер «Фламен» ЖШС 1226 мың теңгеге алған, жұмыс басталды, тамыз айында аяқтау жоспарлануда.

Бизнестің әлеуметтік серіктестігі меморандумы негізінде:

1) А.Утебаев бағын абаттандыру (11700 мың теңге) – бақ абаттандырылып, ағаштар отырғызылды, жұмыс аяқталды;

2) А.Утебаев атындағы көшені жарықтандыру (2100 мың теңге), бағаналар тұрғызылып, шамдар орнатылды;

Бүгінгі күнге тұрғындардың қатысуымен Қойшыбаев көшесіне құм-тас, шлак төгіліп, тегістелді, қатты қалдықтар шығарылып, ауылдың кіре берісіне, жол жиектеріне 500 түп ағаш отырғызылды.

Қаратал ауылында ауыл шаруашылығында:

1) ірі қара малын өсіру бағытында Оспанова Р, Бесембаев Б, Тожыбаев Р. несие алып, жұмыстарын жалғастыруда;

2) ірі қара малын өсіру бағытында Адибаев С, бүгінгі күнге 15 бас ірі қара малын сатып алып өсіруде;

3) ірі қара малын өсіру бағытында Рамазанов Д, бүгінгі күнге 12 бас ірі қара малын сатып алып өсіруде;

4) бал арасын өсіру бағытында Салбанов А, бүгінгі күнге несие алып, бал ұясын сатып алу бағытында жұмыс жүргізуде;

5) тауарлы сүт фермасын ашу жобасы бойынша «Амрен» шаруа қожалығы өз қаражатына 36 бас ірі қара малын сатып алған, жұмыстар жалғасуда.

Абаттандыру мен инфрақұрылымда:

1) Қаратал ауылының Омаров көшесін жарықтандыру (3727 мың теңге) конкурс өткізіліп, мердігер анықталды (ЖШС «Симаас» Семей қаласы), 3200 мың теңгеге алды, бағаналар орнатылуда;

2) Хоккей алаңын қоршау (914 мың теңге) мердігер ЖШС «Зайсан Қорған» 810 мың теңгеге алды, жұмыстар жүргізілуде;

3) Ретсіз қоқыс қалдықтарын жою (300 мың теңге), мердігер ЖШС «Зайсан-Қорған» 280 мың теңгеге алды, жұмыстар аяқталды;

4) Балалар ойын алаңын абаттандыру (2126 мың теңге), мердігер ЖК Чадаева Л.А 1800 мың теңгеге алды;

5) «Жастар» саябағын абаттандыру (23730 мың теңге), мердігер «СМУ Шығыс» ЖШС. 23030 мың теңгеге алды, жұмыстар атқарылуда;

Бизнестің әлеуметтік серіктестігі меморандумы негізінде:

1) Дюсембаев көшесін жөндеу және жарықтандыру (22200 мың теңге), 11700 мың теңгенің жөндеу жұмыстары атқарылды;

Тұрғындардың қатысуымен жолдың жағалауына, екі ауылдың ортасына, ауыл ішіне 5000 түп ағаш отырғызылды.

Әлеуметтік салада:

– Қаратал мектебін күрделі жөндеу («Жол картасы» бағдарламасы бойынша). қаржы көлемі 79 млн 709 мың теңге, конкурсты ЖШС «Зайсан строй сервис» ұтып алып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 36493 мың теңге қаржы игерілді.

Тірек ауылдық елді мекендер бойынша бекітілген іс-шаралар бойынша жобалардың іске асырылуы үнемі бақылауда. Қаржы уақытында игеріліп, күнделікті мониторинг жүргізілуде.

2012 жылы мал ұрлығымен 32 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша 93 бас жылқы, 13 бас ірі қара, 36 бас қой ұрланған. 4 қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданған, 5 қылмыстық іс рақымшылық заңына сәйкес қысқартылды. 5 қылмыстық іс қылмыскердің анықталмауынан уақытша өндірістен тоқтатылды. Осы тоқтатылған қылмыстық істер бойынша әзірге табылмаған 23 бас жылқы, 2 бас ірі қара, 31 бас қой.

Ашылған қылмыстар бойынша 70 бас жылқы, 11 бас ірі қара, 5 бас қой иелеріне қайтарылды. Бүгінгі күнге өндірісте 10 қылмыстық іс бар, оның 6 қылмыстық іс ашылып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

17.03.2012 жылы Шілікті ауылдық округіне қарасты Белбастау учаскесінен М. Талдыбаев, Ж. Түсіпов үшеуінен 25 бас жылқы жоғалып, қылмыстық іс қозғалған. Бүгінгі күні қылмыскерлер анықталып, олардың 15 бас жылқысы Алматы облысынан табылып, қайтарылды. Бір топ ұры қылмыскерлер 25 бас жылқымен ұсталып қамауға алынды.

Ағымдағы жылдың 6 маусым күні аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің, аудандағы құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандағы қала, ауылдық округтер әкімдері, барлық деңгейдегі бөлім, басқарма бастықтары, кәсіпорын, мекемелердің басшылары, мектеп директорлары, саяси партиялар, қоғамдық және үкіметтік емес ұжымдардың (ауылдық округтердегі «Нұр Отан» ХДП-ның филиалының төрағалары, әйелдер кеңестері, ақсақалдар алқасы, жастар ұйымдарының өкілдері, ауылнайлар, сарбаздар), БАҚ өкілдері, қала, ауылдық округтер аумағындағы елді мекендерінен тұрғындардың барлық жіктерінің өкілдерінің қатысуымен мал ұрлығымен күрес және алдын алу үшін үлкен жиын өткізілді. Жиында аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, 2017 әскери бөлімінің командирінің орынбасары мал ұрлығы жөнінде баяндамалар жасап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

2012 жылы 8-13 маусым аралығында аудан әкімі, аудандық мәслихат хатшысы барлық құқық қорғау органдарының басшыларымен Шілікті, Қарабұлақ, Айнабұлақ, Кеңсай, Дайыр ауылдық округтарының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесулерде тұрғындарды мазалап жүрген мәселелер көтеріліп, малдары жоғалған мал иелерінің пікірі тыңдалды. Сонымен қатар 18 маусым күні аудан әкімінің жанындағы шекаралық мәселелер жөнінде үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, шекара аумағындағы және жалпы аудандағы мал ұрлығына тосқауыл қою жолдары қарастырылды. Кеңесте аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы, аудандық прокурор ұсыныстарын ортаға салды.

Жалпы мал ұрлығына қарсы іс-шаралардың барысында тұрғындардан, мемлекеттік органдардан, қоғамдық ұйымдардан түскен ұсыныс-пікірлер қортындыланып, ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілді. Ауылдық округтердегі учаскелік полиция қызметкерлерінің қоғамдық көмекшілерін, ерікті жасақшы топтарын ынталандыру мақсатында аудандық бюджеттен қаржы қарастырылды, олардың жауапкершілігі белгіленді. Барлық елді мекендерде мал жаюды ұйымдастыру, таңбалау, тіркеуге алу, мал иелерінің жауапкершілігін арттыру сияқты шаралардың жоспары жасалып, нақты іске асыру шешімі қабылданды. Ауылдық округ әкімдерінің мал ұрлығына байланысты жауапкершіліктері белгіленіп, тұрғындар арасында түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Осы шешімдер, белгіленген шаралар аясында ауданда пәрменді жұмыс жасау жалғасатын болады.

2011 жылдың қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер туралы осы жылдың ақпан айында берген жылдық есебімде баяндағанмын. Сол міндеттер аясында атқарылып жатқан істер жөнінде есебімді тыңдадыңыздар. 2012 жылға қойылған міндеттерді ары қарай толық және сапалы атқарып, мақсат үдесінен шығу бәрімізге аса үлкен жауапкершілік жүктейді.



Похожие:

Ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері iconОтчет акима Сандыктауского района Суюндикова К. О
Сандықтау ауданының әкімі Қ. О. Сүйіндіковтің аудандық мәслихаттың ХХ сессиясындағы ауданның 2010 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық...
Ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
Ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері icon2011 жылға қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға міндеттер туралы
Ала әкімі С. Ш. Тәукебаевтың Өскемен қаласы тұрғындарының алдында есеп беру кездесуіндегі баяндамасының тезистері
Ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері iconШу ауданының әкімі І.Ә. Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі

Ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері iconҰлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі Құрметті кент ауылдық
Сіздерге 2011 жылда атқарылған жұмыстар туралы ой бөлісіп, алдағы жұмыстар туралы бөліскім келеді
Ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері iconБесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері
Ы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында сондай-ақ «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар,...
Ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері icon2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Ауданның салық төлеушілерімен жыл басымен салыстырғанда бюджетке салық берешектерінің өсуі болған жоқ, олардың қаржы жағдайларының...
Ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері iconОблыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы
Облыс әкімі А. Мұхамбетовтің «Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы»...
Ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері iconАқтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2016 жылға арналған міндеттер туралы есебінің тезистері
Елбасының 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес халықты елде жүргізіліп жатырған реформалар туралы хабардар етіп, мемлекеттік...
Ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері iconАуданның әлеуметтік-экономикалық дамуы
«вк рэк» АҚ Семей филиалы 4000,0 мың теңгенің өнімін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 94,4 құрайды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница