Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы
страница6/13
Дата конвертации06.02.2016
Размер1.82 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/1222k.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


Ескерту:

1) * бөлме мүкәммалы мен санитарлық-гигиеналық мүкәммал нормативтері стационарлық үлгідегі ұйымдарды арнаулы әлеуметтік қызметтерді алатын балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарға ғана қолданылады;

2) ** 4-тармақтағы бірінші сан жалпы бөлiм үшін орындау мерзімін, ал екінші сан ауыр науқастар үшін орындау мерзімін көрсетеді.

Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға киім мен аяқ-киім мынадай көлемде беріледі:




Атауы

Өлшем бiрлiгi

Балаларға

(психоневроло-гиялық ауытқулары бар)

Он сегіз жастан асқан адамдарға

Норма

Мерзiмi (жыл)

Норма

Мерзiмi (жыл)

1

2

3

4

5

6

7

Киім

1

Пальто немесе куртка

дана

1

2

1

3

2

Жадағай немесе жел өткiзбейтiн күрте

дана

1

2

1

2

3

Жүн матадан тiгiлген костюм

дана

1

2

1

3

4

Мақта матадан тiгiлген костюм

дана

1

1

1

1

5

Спорттық костюм

дана

1

1

1

1

6

Шалбар немесе джинсы

дана

¾*

1

4

1

7

Көйлек, сарафан немесе халат

дана

3/4 *

1

4

1

8

Жүн матадан тiгiлген юбка

дана

1

2

1

2

9

Мақта матадан тiгiлген юбка

дана

¾*

1

2

1

10

Мақта матадан тiгiлген блузка

дана

2

1

2

1

11

Свитер, жекет, жемпiр, кофта немесе трикотаж

дана

1

2

4

2

1

2

3

4

5

6

7




жаймадан тiгiлген желет
















12

Трико

дана

2

1

2

1

13

Футболка

дана

3

1

3

1

14

Мақта матадан тiгiлген кеудеге киетiн жейде

дана

¾*

1

¾**

1

Іш киім

15

Труси немесе дамбал

дана

6/4*

1

4/8**

1

16

Түнде киетiн жейде немесе пижама

дана

2/3*

1

2/3**

1

17

Майка

дана

2

1

3

1

18

Мақта матадан және иiлiмдi трикотаж жаймадан тiгiлген киiм-кешек бұйымы (бюстгальтер)

дана

2

1

4

1

19

Кальсондар

дана

-

-

2

1

20

Гамаштар

дана

1

1

1

1

Орамал-шарф бұйымдары мен бас киiмдер

21

Шарф

дана

1

1

1

1

22

Бөрiк немесе берет

дана

1

2

2

2

23

Панама, фуражка немесе күнқағар

дана

1

1

1

1

24

Әйелдердiң бас орамалы

дана

1

1

1

1

25

Тақия

дана

-

-

1

2

26

Қолғап немесе биялай

дана

1

1

1

1

27

Жүн орамал (жартылай жүн)

дана

-

-

1

1

28

Тоқыма бөрік

дана

1

1

1

1

Ұйық-шұлық бұйымдары

29

Колготки

дана

6

1

6

1

30

Шұлық

дана

-

-

12

1

31

Ұйық

дана

6/12*

1

12/10**

1

32

Қысқа шұлық

дана

3

1

-

-

Аяқ киім

33

Қысқы етiк немесе киiзден тiгiлген аяқ киiм

дана

1

1

2

3

34

Пима

дана

1

1

1

1

35

Маусымдық етiк

дана

1

1

1

2

36

Қысқа етiк

дана

1

1

1

2

1

2

3

4

5

6

7

37

Бәтеңке немесе туфли

дана

1

1

1

1

38

Қысқа бәтеңке

дана

1

1

1

1

39

Жалаңаяқ киетiн аяқ киiм немесе сандали

дана

2

1

1

1

40

Спорттық аяқ киiм

дана

1

1

1

1

41

Бөлмеде киетiн тәпiшке

дана

¾*

1

4

1

42

Сланцы

дана

1

1

2

1


Ескерту:

1)* 6, 7, 9, 14, 15, 16, 31, 41-тармақтардағы бiрiншi сан – он төрт жасқа дейiнгi балаларға арналған кию нормасын, екiншi сан – он төрттен он сегіз жасқа дейiнгі балаларға арналған кию нормасын көрсетеді;

2) ** 14, 15, 16, 31-тармақтарда ересектерге арналған бiрiншi сан – еркектерге арналған кию нормасын, екiншi сан – әйелдерге арналған кию нормасын көрсетедi.

Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан

адамдарды стационарлық үлгiдегi ұйымдарда оқыту ұзақтығы


Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейiне, танымдық қызметi мен жас ерекшелiктерiне қарай құрылады:

1) балалардың әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейiн созылады;

2) әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi төмен деңгейде болғанда – 20 минутқа дейiн;

3) әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi қалыпты деңгейде болғанда – сабақ 30 минутқа дейiн;

4) әлеуметтiк дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметiнің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда – 45 минутқа созылады.

Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзiрленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткiзіледi.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «28» қазандағы

№ 1222 қаулысымен

бекітілген

Халықты әлеуметтік қорғау саласында

жартылай стационарлық жағдайда

арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді.

2. Осы стандарт тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемін және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның жұмыс істеу тәртібін, мыналарға:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі – балалар);

2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі – мүгедектер), егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.

Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызмет алушылар деп аталады.

3. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар деп қызмет алушылардың ұйымда тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуына арналған күндіз болу бөлімшелері, аумақтық және оңалту орталықтары, өзге де ұйымдар (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар) танылады.

4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық субъектілер сақтайды.

5. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым:

1) мыналардың:

жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде тиісті мамандырылған мектеп интернаттардың көмекші сыныптарында оқуға қиындық туғызатын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін) болуы;

ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;

бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі салдарынан жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың;

Балалардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына медициналық қарсы көрсеткіштер:

жеке адам дефектісі айқын білінбейтін өнімді симптоматикалы шизофренияның;

жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім эпилепсияның;

кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың;

бала мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;

ауру процесінің белсенді сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады;

2) мыналардың:

жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін) болуы;

ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;

жіті психотикалық симптоматиканың болмауымен, жарыместігінің немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;

жарыместік белгілері бар бас-ми жарақаттары;

жарыместік белгілері бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және бас мидың басқа да инфекциялық және органикалық аурулары);

айқын білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;

айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе қайталанатын жарыместік белгілері бар қан-тамыр және сенильдік;

жарыместік белгілері мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттері бар эпилепсияның түрлі нысандары салдарынан жартылай стационарлық үлгіде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж он сегіз жастан асқан адамдардың.

Он сегіз жастан асқан адамдардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына медициналық қарсы көрсеткіштер:

жіті және қатты сатыдағы психикалық аурулардың;

созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;

айқын білінетін психотикалық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда: мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өршімелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулардың;

эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдромның;

тұрақты алкоголизмнің, нашақорлықтың, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулардың;
айқын білінетін түрлі генездегі депрессиялық және қияли жай-күйлердің, созылмалы реактивті жай-күйлердің;

айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдардың, эксплозивті, параноидті, паранояльдік, қояншық ауруларының;

ауру процесінің белсенді сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады.

3) жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің, оның ішінде бір жарым жастан ТҚА бұзылған балалардың (бұдан әрі – ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалар).

ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына медициналық қарсы көрсеткіштер:

психикалық аурулардың;

ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;

жиі эпилептиформалық ұстамалардың (айына бес реттен артық);

мінез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтарының;

қайтымсыз гидроцефалияның;

нашақорлық пен жіті психотикалық симптоматикалы алкоголизмнің;

мінез-құлықтың психоұқсас түрлерінің болуы және (немесе) интеллектуалды-мнестикалық қабілетінің зақымдануы;

ауру процесінің белсенді сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады;

4) мүгедектердің және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың тәуліктің күндізгі уақытында (күніне төрттен он сағатқа дейін), қажетіне қарай басқа қаладан келген қызмет алушылардың түнде болуын қамтамасыз ете отырып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.

Мүгедектер мен қарттардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуына:

ауру процесі белсенді сатыдағы туберкулездің;

психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда);

карантиндік инфекциялардың, тері мен шаш жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.

6. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оны құрылтайшы құрады және өз қызметін құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

7. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар:

1) күндіз болу бөлімшелері (орталықтары);

2) мүгедектерге және (немесе) мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы;

3) мүгедектер мен қарттарға арналған аумақтық орталық;

4) күндіз болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде құрылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №1415 қаулысы
РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы
Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 26 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы icon2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница