«Колледж оқушыларына арналған информатика пәнінен электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясы»




Скачать 247.46 Kb.
Название«Колледж оқушыларына арналған информатика пәнінен электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясы»
страница1/3
Дата конвертации23.09.2012
Размер247.46 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/kuanbaeva.doc
  1   2   3


ӘОЖ 004.087:316.774:373.5

Қолжазба құқығында


ҚУАҢБАЕВА МАРТА МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ


«Колледж оқушыларына арналған информатика пәнінен электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясы»


6М060200 – Информатика мамандығы

бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

рефераты


Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Е.Ы.Бидайбеков


Қызылорда, 2012 ж.


Дессертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және ИОӘ» кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Е.Ы.Бидайбеков


Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының докторы,

профессоры К.М. Беркімбаев


Қорғау өткізіледі:

Диссертация 20______жылы «______»_______________сағат_________ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады (120014, Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі, 6 оқу ғимараты, Физика-математика факультеті, №211ауд.)


Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


Диссертациялық кеңестің хатшысы

информатика магистрі Өтетілеу А.


Кіріспе


Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі делінген.

Ақпараттық-қатынастық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және қатынастық технологияларын (АҚТ) меңгеру және жапай тарату үдерістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Қазіргі оқытушы АҚТ төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс. Ашық және басқа білім беру формаларында қолданылатын АҚТ құралдарының негізгі түрінің бірі элетрондық басылымдар болып табылады.

Компьютерді оқытушы қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалық формулалар, физикалық шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық құбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе кұрамында электрондық құрырғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Жаңа ақпараттық технология құралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Мұндай мүмкіндіктерді қазіргі кездегі бар және жаңадан қалыптасып келе жатқан электрондық оқыту құралдары бере алады.

Осы келтірілген ережеге сай электрондық оқыту құралдарын (ЭОҚ) компьютерлік техника көмегімен өңделіп көрсетілетін, кез-келген электрондық тасымалдаушыда немесе компьютер желісінде жарияланған, білімнің сәйкес ғылыми-практикалық саласынан оқушыларға білімді, біліктілік пен дағдыларды шығармашылық тұрғыда белсенді меңгеруді қамтамасыз ететін осы сала бойынша жүйеленген материалдардан тұратын графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөздік, музыкалық, бейне-, фото-, және басқа да ақпараттар жиынтығы ретінде анықтауға болады.

Сонымен, информатика бойынша электрондық оқыту құралдарын жасау үдерісінде мұғалім қандай рөл атқармасын, оның мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жасауға қажет мәселелерді жеткілікті кәсіби деңгейде шеше алатындай білім мен дағдылары болуы тиіс. Алайда, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы информатика саласы маманын педагогтық кәсіби қызметке дайындаудың қазіргі жүйесінде болашақ мұғалімдер информатика бойынша электрондық құралдар жасаудың негізін оқып-үйренуден тыс қалып жатады. Осы айтылғандардың бәрі информатика саласы мамандарына мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жасау мен пайдалануды оқытудың қажеттігін білдіреді.

Электрондық оқулықтар негізгі білім беру электрондық басылымдары болып табылады. Электрондық оқулықтар жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалады және бағдарлама мен стандарттың дидактикалық бірліктерін анықтайтын, мамандықтың білім беру стандарттарына толығымен сәйкес келуі керек. Одан басқа, электрондық оқулықтар интерактивті кері байланысты жүзеге асыратын информатиканы оқыту барысында дидактикалық жүйенің үздіксіздігін және толықтығын қамтамасыз ету керек. Электрондық оқулықтардың негізгі қасиеттерінің бірі оның мазмұнын қағаз жүзінде шығаруға мүмкіндік жасау болып табылады.

Электрондық оқулық – ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың тиімділігі:

  • теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;

  • сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі;

  • сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.

Мультимедиалық технологиялардың қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауды және де басқа оқып үйренуге арналған құралдар жасауда көп қолданылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялардын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі оқышуның жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Оқу үдерісінде ақпараттық және қатынастық технология құралдарын кешенді пайдалану мүмкіндігін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру бұрыннан таныс бағдарлама құралдары мен дүниежүзілік алғы шепке сәйкес келетін жаңа құралдар болып табылатын көп функционалды білім берудің электрондық басылымдарын жасау және қолдану арқылы да жетуге де болады.





1.1. 1 - сурет. Оқыту технологияларына байланысты түсініктер


Зерттеудің нысаны. Информатика пәні бойынша электрондық оқулық жасау және пайдалану.

Зерттеудің мақсаты. Электрондық оқыту бағдарламаларын жасаудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын және оларға қойылатын талаптар кешенін анықтау.

Зерттеудің міндеттері.

  1. Білімді ақпараттандыру саласы бойынша ақпараттық технологияларға негізделген білім беру стандарттарына, оқыту әдістері мен оқу бағдарламаларына ғылыми талдау жүргізу негізінде информатиканы оқыту қызметін анықтау.

  2. Оқытуда білім берудің дидактикалық негіздерін анықтау арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдерін айқындау.

  3. Колледжде оқушыларына электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясын анықтау.

Зерттеудің жетекші идеясы. Білім беруді ақпараттандыру және колледждің информатиканы оқу жүйесін енгізу информатиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға жаңа жағдай жасап, үлкен мүмкіншіліктер туғызуда. Бұл арнаулы орта білім беру жүйесіндегі оқытудың тиімділігін арттырып, білім дәрежесі жоғары, сапалы мамандар даярлауға жағдай жасайды.

Зерттеулердің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

Электрондық оқыту құралдарын жасауда дұрыс жолды пайдалану жағдайында тек қарапайым тілдесу ғана алынып қоймайды, оқушының тұлға болып дұрыс қалыптасуы мен мотиацияны дамыту үшін жағдай жасалатын педагогикалық тілдесу алынып, оқушыға ыңғайлы көңіл-күй қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің практикалық құндылығы:

Информатика бойынша электрондық оқыту құралдарын жасауда пайдаланатын ақпараттық технология бірнеше басты қызметтерге негізделеді, олар:

  • қабылданатын оқу ақпараттарының саналығы мен тереңдігін қамтамасыз ететін көрнекілік, түсініктер мен ұғымдардың қалыптасуы;

  • ақпараттық, өйткені, оқу құралдары - қандай да бір ақпаратты тасымалдаушы білімнің негізгі көзі болып табылады;

  • оқыту үдерісін жеңілдетіп және алға қойған мақсатқа күш және уақытты үнемді жұмсап жетуге бейімдейтін компенсаторлық қызмет;

  • оқыту үдерісіне ыңғайлы жағдайлар жасайтын, демонстарция, өзіндік жұмыс ұйымдастыратын үйренгіштік қызмет;

  • нысана немесе құбылысты біртұтас та, бөлшектеп те қарай алатын интерактивтік қызмет.

Зерттеу базасы. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және ИОӘ» кафедрасының және Ақмешіт гуманитарлық, техникалық институтының оқу-материалдық базасы. Қорғауға зерттеудің төмендегі қорытындылары ұсынылады:

    1. Білімді ақпараттандыру саласы бойынша ақпараттық технологияларға

негізделген білім беру стандарттарына, оқыту әдістері мен оқу бағдарламаларына ғылыми талдау жүргізу негізінде информатиканы оқыту қызметін нақтылау.

2. Оқытуда білім берудің дидактикалық негіздерін анықтау арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдерін дәлелдеу.

3. Колледжде оқушыларына электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясын ұсыну.

Диссертацияның құрылымы:

Диссертация кіріспеден, екі тараудан, зерттеудің тұжырымдамасы келтірілген қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, басты идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу әдістері көрсетіледі, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеулер нәтижелерінің дәйектілігі баяндалады.

«Білім беру жүйесіндеге ақпараттық технологиялар» деп аталатын бірінші бөлімде ақпараттық технологияның көмегімен оқыту,электрондық оқыту бағдарламаларын жасаудың заманауи технологиялары мен оны пайдаланудың әдістері,Web-дизайн мен браузерлер, HTML-дың гипермәтіндік беттері,Web-беттердің қолайлылығын қамтамасыз ету, Мәтінді Web-беттерде ұсыну және графиканы көрсету қаралып, талданған.

«Колледж оқушыларына арналған информатика пәнінен электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясы» атты екінші бөлімде электрондық оқулықтар және олардың оқу процесiндегi ролi, электрондық оқулықты дайындаудың талаптары, электрондық оқулықты құру ерекшелiктерi, білім беру жүйелерінің сатыларына сәйкес электрондық оқулықтар құру, болашақ маманның электрондық оқыту бағдарламаларын жасау мен пайдалануға, дайындау қолданылуға ұсыну

Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері тұжырымдар көрсетілген.

Қосымшада Информатика пәнінің жұмыс бағдарламасы, Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешені және электрондық оқулық жасау.

Диссертация көлемі 80 беттен және 81 әдебиеттер тізімінен тұрады. Онда 2 сурет және 2 кесте келтірілген.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Компьютерлiк оқыту жүйесiнiң бiрi электрондық оқулық, оның мүмкiндiгiне байданысты әртүрлi типке жатады. Көптеген авторлардың пiкiрi бойынша электрондық оқулық бiлiмдi меңгергенiн тексерiп, ақпараттың жаңа түрлерiн көрсете бiлуi керек. Соған сай электрондық оқулық автоматты оқу жүйесiмен бiр деңгейде болады.

Электрондық оқулық - компьютерлiк педагогикалық проблемалық құрылғы, бiрiншi ретте жаңа ақпаратты алу үшiн, жеке және жекеленген оқытуда қолдану мен қажеттi бiлiмдi алу үшiн қолданылады.

Электрондық оқулық жаңа оқыту құралы сияқты толық, ашық және жартылай ашық жүйе бола алады. Ол мәлiметтердiң мағынасын және кiтаптың тарауларын өзгерте алады. Осылай бола отырып ол кiтаптың өзгертiлген бөлiмiн талдайды. Бiрiншiден электрондық оқулықта автордың жiберген қателiгiн өзгерту үшiн пароль немесе жүйелiк пароль қажет. Екiншiден егер қандай да бiр мүмкiндiк болса, жақсы маман немесе бiлiмдi ұстазға ғана қолдануға болады. Өйткенi электрондық оқулықтың мағынасы өзгермеуi қажет. Электрондық оқулық тек жазбаша басылымда ғана қайталанып қана қоймай, барлық компьютерлiк технологияларда қолдану керек.

Электронды оқулықтың кейбiр бөлiктерiне тоқталайық.

Электрондық оқулық кiшкене ғана мәтіндік мәлiметтердi сақтап, ұзақ уақытқа дейiн экранға шығарып бiлiмдi жетiлдiредi. Мазмұнының көлемi және қарiптiң өлшемi болады. Электрондық оқулық кейбiр сөздi бөлiп алуды, түрлi түстерге бояуды толықтырады, болмаса оқуды қиындатып немесе жеңiлдетiп көрсетедi. Мұндай оқулықтар көптеген мәлiметтердi өзiнде сақтайды.

Дәстүрлi оқытуда жаңа материалдарды түсiндiргенде вербальды түрге енедi. Осыған байланысты аудио фрагменттердi электрондық оқулықта пайдалану ақпараты игерiп қана қоймай, сонымен қатар жаңа материалды жақсы түсiнiп, мидың жұмысын, есту және көру мүшелерiнiң жұмыс iстеуiн жақсартады. ЮНЕСКО берiлгендерi бойынша қабылданатын ақпарат аудио-қабылдау арқылы 12%, визуальды – 25%, ал егер аудио-визуальды–65%-iн қабылдайды. Қазiргi кезде мультимедиялық жүйенiң жақсы дамуына байланысты оқытуда пайдаланылатын компьютердiң көп бөлiгi дыбыстық жүйемен қамтылған. Аудиториялық сабақ кезiнде дыбысты құлаққаптар (наушник) арқылы естуге болады.

Электрондық оқулықтың оқу элементтерiне гиперсiлтемесi және басқа бөлiмдерi мен анықтамаларға сiлтемесi болуы керек. Керек бетке тез ауысу мүмкiндiгi болады. Мәтіндік, графиктiк және басқа материалдар бойынша дидактикалық түсiндiрмесi болады. Жаңа ақпаратты қабылдау сапасы, сараптау және саралау мүмкiндiгi, сақтау жылдамдығы, оқу материалын толық қамтылғаны бетте (компьютер экранында) орналасқанына ғана емес, сонымен қатар бiрiнен кейiн бiрi орналасқан беттерге де қатысты. Қағаз кiтапта бiр мезгiлде екi бетке бiрдей қарауға болады, ал электрондық оқулықта бұлай етуге болмайды. Бiрақ жоғарыда айтылғандарға байланысты электрондық оқулықта кез келген жерге қыстырма қоюға болады .

Электрондық оқулықта пайдаланған әдебиеттер тiзiмi болуы керек. Жоғарыда ескерткендей электрондық оқулық белгiлi бiр ЖОО-ның оқу жоспарына байланыста болады және әдебиеттер тiзiмi де соған байланысты болады.

Электрондық оқулық ешқашан да кiтаптың орнын ауыстыра алмайды. Әдебиет туындысының сахнада көрiнуi басқа жанрға жатады, сол сияқты электрондық оқулық та оқудың басқа жанрына жатады. Электрондық оқулық құру үшiн тек қана жақсы кiтапты алып қана қоймай, оған сай иллюстративтi материалды, мультимедиялық мүмкiндiктi және жаңа ақпаратты қамтамасыз етiп қана қоймау керек. Электрондық оқулық суретi бар мәтiнге немесе анықтамалық функцияға айналып кетпеуi керек. Электрондық оқулық қағида мен мысалдарды бiлудi және есте сақтауды жеңiлдету керек. Мәтіндік құраушы шектелген болуы керек – компьютер материалын оқығаннан кейiн оны тереңiрек түсiну үшiн кiтапты оқу керек.

Информатика пәнi бойынша электрондық оқулықты құрудың кейбiр принциптерi.

Кванттық принциптерi: көлем бойынша минимальды, бiрақ мазмұны көрiнбей тұратын материалдарды тарауға бөлу.

Толықтыру принципi: кез-келген модульды келесi компоненттерге бөлу керек.

1. Теоретикалық негiз;

2. Теория бойынша бақылау жұмысы;

Мысалдар, өзiндiк жұмыс үшiн тапсырма мен жаттығулар, барлық модульге арналған бақылау сұрақтары мен жауаптары, бақылау жұмысы, қосымша анықтамалар (HELP) тарихи пiкiрлер.

Көзқарас принциптерi: мұнда әр модуль аз мәтiн мен визуализация арқылы құрылуы керек, ол жаңа түсiнiктер, қағидаларды, әдiстердi оңай есте ақтау керек.

Тармақталған принциптерi кез келген модульге еркiн енетiндей етiп, әр модуль келесi модулге гипермәтiндiк сiлтеме арқылы байланысу керек.

Сәйкестендiру принципi: оқушы кадрдың ауысымын өздiгiнен басқара алады, экранда кез келген мысалды шақыра алады, тапсырманың шешуiн, сонымен қатар өзiн-өзi тексеру, бақылау сұрақтарына жауап беру және бақылау жұмыстарын орындай алады.

Компьютерлiк қолдау принципi: кез келген уақытта оқушы компьютерлiк қолдау көре алады, ол оқуға берген материалдарды тез игеруге, есептердi және мысалдарды тез шешу жолдарын көруге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар компьютердегi үлкен жұмыстарды атқарып қана қоймай, әртүрлi есептеулер мен графикалық салуларды орындайды, және кез келген деңгейдегi математикалық операцияларды орындайды.

Жинақтау принципi: Электрондық оқулық форматта орындалуы керек, оларды бiр электронды комплекске бiрiктiрiп, үлкейтiп және жаңа тараулар мен тақырыптарды толықтырып, сонымен қатар әр пән бойынша электрондық кiтапханаларға немесе оқушының, оқытушының және зерттеушiнiң жеке электронды кiтапханаларына талдау керек.

Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi.

  • негiзiн таңдау;

  • қайта жасау құқығы туралы автормен келiсiм жүргiзу;

  • модульдi тарау бойынша тесттi қайта жасау немесе құрылуы;

  • электрондық формада гипермәтiндi қолдану;

  • компьютерлiк қолдау құру;

  • мультимедиялық жаулау үшiн материалдар теру;

  • дыбыстық тасымалдау құру;

  • визуальдау үшiн материал даярлау.

Электрондық оқулық - бұл ақпаратты жүйенi ұсынушы кiтап, әдiстемелiк және бағдарламалық құрал-жабдықтарды нақты тәртiппен оқыту болып табылады. Оның құрылымы мен мазмұны оның қолдану мақсатына байланысты.

Оқу процесiн негiзгi факторлармен қарқындандыру электрондық оқулықтың көмегiмен жасалады:

  1. Жоғары мақсаттық бағыттау;

  2. Мотивацияны күшейту;
  1   2   3

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

«Колледж оқушыларына арналған информатика пәнінен электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясы» iconҚолжазба құқығында садуақасова қарлығаш орысбайқызы «Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» пәнінен электрондық оқулық жасау технологиясы және пайдалану әдістемесі
Информатика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

«Колледж оқушыларына арналған информатика пәнінен электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясы» iconАбушеева Жулдыз Аруновна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәні мұғалімі
Бұл бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға информатика пәнінен қолданбалы курс оқытуға арналған. Анимациямен...

«Колледж оқушыларына арналған информатика пәнінен электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясы» iconПрезентациялар жасау
Оқулық, аты, авторы, жылы: Информатика. Жаратылыстану – математика бағыты. 11-класс, Н. Т. Ермеков, В. А. Криворучко, С. Ж. Ноғайбаланова...

«Колледж оқушыларына арналған информатика пәнінен электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясы» iconПрезентациялар жасау
Оқулық, аты, авторы, жылы: Информатика 10- класс, Н. Т. Ермеков, В. А. Криворучко, С. Ж. Ноғайбаланова, Жазушы, 2006 жылы

«Колледж оқушыларына арналған информатика пәнінен электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясы» iconҚұқық негіздері пәнінен тест сұрақтары
Оқулық }= (Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы академиалық курс / Ғ. Сапарғалиев өңд., толықт., 3-бас. Алматы : Жеті...

«Колледж оқушыларына арналған информатика пәнінен электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясы» icon«акиг электрондық сауда жүйелері» жшс-тің электрондық сауда алаңының клиенттерінің бағдарламалық-аппараттық қамсыздандыруына қойылатын талаптар
«акиг электрондық сауда жүйелері» жшс-тің электрондық сауда алаңы жүйесімен жұмыс жасау үшін келесідей аппараттық және бағдарламалық...

«Колледж оқушыларына арналған информатика пәнінен электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясы» icon«Бағдарламалау» пәнін оқытуда студенттердің білімін бақылаудың электрондық құралын пайдалану әдістемесі
Информатика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

«Колледж оқушыларына арналған информатика пәнінен электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясы» icon57 орта мектеп мемлекеттік мекемесі
...

«Колледж оқушыларына арналған информатика пәнінен электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясы» iconИнформатика курсынан оқушылар үйренуі тиіс
Оқулық, аты, авторы, жылы: Информатика -8 класс, Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева, Н. Н. Завертунова, Алматы «Мектеп» 2008 жыл

«Колледж оқушыларына арналған информатика пәнінен электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясы» icon615 Дәрітану. Фармакология. Токсикология. Жалпы терапия
Ботаника : оқулық / Ә. Ә. Әметов; ҚР білім және ғылым министрлігі. Алматы : Дәуiр, 2005. 512 бет с ил. (Унив ауылшаруашылық оқу орын-ң...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница