Ф со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі




НазваниеФ со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
страница1/8
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.94 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/25931.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8

Ф СО ПГУ 7.18.1/02




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті




Компьютерлік желілер пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР





Павлодар

Ф СО ПГУ 7.18.1/14

БЕКІТЕМІН

ФМ және АТ факультетінің деканы

_______________Тлеукенов С.К.

«__»________________200___ж.


Құрастырушы: АжБ магистрі Исабекова Б.Б.

Информатика магистрі Тоқжігітова Н.Қ.

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы


Компьютерлік желілер пәнінен


050703" - Ақпараттық жүйелер" мамандықтарының студенттеріне арналған

зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар




Кафедра отырысында құпталды
“______” _____________200__ж. Хаттама №_________
Кафедра меңгерушісі________________________ Ж.К.Нұрбекова
«ФМжәнеАТ» факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
“______” _____________200__ж. Хаттама №_________
ӘК төрағасы _____________________________А.З.Даутова






1 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Ақпаратты алғашқы өңдеудің материалдық модульдік жүйесі.

Жұмыстың мақсаты: Желілік топологияның динамикалық имитациялық моделін жасау. Желілердегі мәліметтерді берілген жөнелту үрдісі үшін имитациялық моделді жасау үлгісінде желінің әртүрлі топологияларына арналған мәліметтерді беру ортасына қатынау әдістерімен танысу.


Теориялық ақпарат

Желіні құрастыру

  1. Желінің топологиясы – бұл компьютерлердің, кабельдердің және бақа желілік құрауыштарының орналасуының физикалық мінездемесі. Желінің тополгиясы компьютердің желідегі әрекеттестігінің тәсілін анықтайды. Барлық желілер үш базалық топологияның негізінде құрылады:

  • Шина (Bus);

  • Жұлдыз (Star);

  • Сақина (Ring).

  1. Егер компьютерлер бір кабельдің бойында қосылып тұрса мұндай топология шина деп аталады.





PC-1 PC-2 PC-3 PC-4 PC-5

PRINTER


Сурет. 1. «шина» типінің желісі

Шина топологиясының желісінде мәліметтер желіге тек бір компьютермен уақыттың бір сәтінде беріледі.

Ақпаратты алушының ақпаратты берушінің және берілген ақпараттың мекен-жайы көрсетілген электрлік сигналдар түрінде беріледі. Берілетін ақпаратты барлық компьютерлер «естиді», бірақ оны тек алушының мекен-жайы сәйкес келетін ғана қабылдайды. Ақпаратты беру кезінде қалған компьютерлер мәліметтерді бере алмайды, олар тек желіні «тыңдап» және берудің аяқталуын күтеді. Желі «босаған» кезде (мәліметтерді беру аяқталғанда), бірінші, болып ақпаратты берем деушілер өзінің ақпаратын беруді бастайды.

  1. Шина – пассивті топология, онда компьютерлер желі бойынша беріліп жатқан мәліметтерді беріп, тыңдайды, бірақ оларды күшейтпейді, сондықтан желілік кабельдің ұзындығы және желідегі компьютерлердің саны сигналдың өшуімен шектелген. Активті топологияларда компьютерлер мәліметтерді күшейтеді және оларды ары қарай желі бойынша береді.

  2. Шина типіндегі желілерде желінің жұмыс істеу қабілеттілігін бұзушылыққа әкелетін кабельдің екі шетінде сигналдың көп бөгеуілдер пайда болады. Электрлік сиганладрдың бейнесінің алдын алу үшін кабельдің шеттерінде осы сигналдарды бойына сіңіретін «терминаторлар» қойылады. Кабельдің екі үзігін қосу үшін «BNC-баррел-конектор», деп аталатын арнайы ауыстырғыш қолданылады, кабельді аяқтау үшін «BNC-конектор» ажыратқышы қолданылады, ал компьдердің екі кабелін көрші компьютерлерден желілік платаға қосу үшін «BNC-T-конектор» қызмет етеді.

  3. Кабельдің ұзындығын көбейту үшін «репитерлер» қолданылады, екі бағытта күшейтетеін және қайта жаңартатын әлсіз сандық сигнал. Репитерлерді белсенді BNC-баррел-конектор ретінде пайдалануға болады.




репитер


Сурет 2. Репитер

  1. Егер компьютерлер бір нүктеден шығып тұрған кабель сегменттеріне қосылып тұрса, (HUB концентраторы) мұндай топология жұлдыз деп аталады. «Жұлдыз» топологиясында барлық компьютерлер желінің сегменттерінің көмегімен орталық құрауыштарға қосылады, бұл (HAB) концентраторы деп аталады. Беріп тұрған компьютердің сигналдары концентратор арқылы барлық қалған компьютерлерге түседі. Бұл желінің тез әрекетін көбейтеді. «Жұлдызда» мәліметтерді беру технологиясы әдетте «шина» топологиясымен ұқсас. Сондықтан «жұлдыз» - бұл орталық күшейтетін және комутациялайтын жабдығы бар «шина» деп есептеуге болады. Концентраттар активті (күшейтетін) және пассивті (желіні күшейтусіз қосатын), сонымен қатар гибридтік (пассивті жіне активті режимде жұмыс істей алатын) болады.




Сурет 3. «Жұлдыз» типінің желісі

  1. Егер компьютерлер қосылған кабельдер сақинамен бекітілсе, мұндай топология «сақина» деп аталады.






Сурет. 4. «Сақина» типінің желісі

Сақина топологиясында сигналдар бір бағытта сақина бойынша беріледі (сағат тілі бойынша) және әрбір компьютер арқылы өтеді. Бұл технологияда әрбір компьютер репитер болып табылады, ал мәліметтерді «маркерді» пайдалану арқылы «сақина» бойынша ақпараттарды беру деп аталады. Маркерді беру кезінде (мәліметтері бар арнайы микрофайл) ол бір ізділікпен бір компьютерден басқаға оны мәліметтерді беретін қабылдамайынша беріліп отырады. Маркерді қабылдаған («алып алған») компьютер оған берілетін ақпаратты, өзінің мекен-жайын және алушының мекен-жайын орналастырады. Бұдан кейін маркер ары қарай сақинаға жіберіледі. Маркермен мәліметтер әрбір компьютер арқылы маркерде көрсетілген алушының мекен-жайымен мекен-жайы сәйкес келмейінше өтіп отырады. Қабылдаушы компьютер маркерді алады, одан мәліметтерді алып, маркерге сәтті қабылданған ақпараттың кодын орналастырады және өзгертілген маркерді ары қарай сақина бойынша жіберген компьютерге жібереді. Жіберген компьютер расталған маркерді алып оны сақинадағы келесі компьютерге (маркерді «босатып») береді.

  1. «Сақина» топологиясында мәліметтерді беруде әрбір компьютер жіберу үшін тепе-тең уақыт квантын алады, мәліметтерді жіберуге деген бәсекелестік және монополия болмайды.


Мәліметтерді кабель бойынша беру. Қатынау әдістері.

  1. Компьютердің желіге қатынауының әдісі – бұл компьютердің қалай және қай кезде хабарды желі бойынша жіберуі немесе қабылдауын анықтайтын ережелер жинағы. Егер жұмыс кезінде бірнеше компьютерлер бір уақытта желіде мәліметтерді беріп жатса, онда «коллизия» (жаңылысу) болады, және мәліметтер пакеті осы компьютерлерден бұзылады. Қатынау әдістері бірнеше компьютерлер бір уақытта мәліметтерді бере алмауы үшін мәліметтерді қабылдау мен беруді реттей отырып желідегі колллизияның болмауын кепілдендіреді.

  2. Қатынаудың негізгі әдістері келесілер:

  • Көптік қатынау («шина», «жұлдыз»);

  • Коллизияны анықтаумен (CSMA/CD);

  • Коллизияны алдын алу (CSMA/CA);

  • Маркерді берумен қатынау («сақина»);

  • Тапсырыстың артықшылығы бойынша қатынау («жұлдыз» типінің кейбір топологиялары).

  1. Коллизияны анықтау мен көптік қатынас кезінде желідегі барлық компьютерлер беріліп жатқан мәліметті табуға тырысып кабельді тыңдайды. Желі бойынша мәліметтерді беру тоқтап және ақпаратты кабель бойынша беру болмаған кезде:

  • барлық компьютерлер кабельдің бос екенін түсінеді;

  • мәліметті бергісі келген компьютер беруді бастайды;

  • мәліметті жіберіп жатқан компьютер кабельді босатпайынша басқа ешқайсысы жөнелте алмайды.





PC-1 PC-2 PC-3 PC-4 PC-5

PRINTER





  1. Егер бірнеше компьютердің мәліметтерді бір уақытта жөнелтуі аңғарылса (коллизияға ұшырады), онда жөнелтіп жатқан компьютерлер мәліметтерді беруді кездейсоқ уақытқа тоқтатады, ал сосын оны қайтадан бастайды. Берілген қатынау әдісіндегі коллизия саны желідегі компьютерлер санымен қолданылатын желілік бағдарламалар санына пропорционалды ұлғайып отырады; бұл желінің өндірушілігін төмендетеді және оны «тұрып қалуға» әкелуі мүмкін.

  2. К
    оллизияның алдын алуымен көптік қатынау әдісі коллизияны анықтаудан гөрі ақырындау, бірақ жетілдірілген. Олардың айырмашылығы мәліметтерді жіберемін деген компьютер мәліметтерді желіге жөнелту алдында барлық қалған компьютерлерге өзінің мақсаты туралы сигнал жібереді, олар дайындалып жатқан жөнелту туралы хабардар болып, тек сонан кейін ғана жөнелту басталуында. Бұл желідегі коллизияның алдын алады.

  3. Маркерді беру технологиясы «сақина» типінің топологиясында қолданылады. Маркер – бұл желі бойынша бір компьютерден бір компьютерге көшіп отыратын арнайы микр офайл. Маркерде желі бойынша берілетін ақпарат, компьютер – жөнелтушінің мекен-жайы, қабылдаушы компьютердің мекен-жайы және т.б. ауысып отырады. Ақпарат пен толған маркер «иемденген» деп аталады. Берілетін ақпараты жоқ маркер «бос» деп аталады; ол желі бойынша өз бетімен көшіп отырады. Желіде тек бір маркердің көшіп отыруына болады және тек қана бір бағытта (сағаттың тілі бойынша бір компьютерден басқаға).

  4. Мәліметтерді желіге маркермен жөнелту үшін компьютер бос маркерді күтіп оны тартып алу керек, содан кейін мәліметтер маркермен бірге сақина бойынша алушыға беріледі. Алушы мәліметтерді алғаннан кейін сәтті қабылдау туралы ақпараты бар өзгертілген маркерді жөнелтушіге жібереді. Қабылдауды растағаннан кейін босатылған маркер келесі жөнелтушіге дөңгелек бойынша беріледі. Маркермен қатынау әдісінде коллизия болмайды, өйткені бір компьютер берілген уақытта маркерді пайдалана алады.

  5. Тапсырыстың артықшылығы бойынша қатынаудың әдісі коллизияны анықтау әдісімен ұқсас; айырмашылығы бір концентратордың екі немесе одан көп компьютері бір уақытта ақпаратты жөнелтуді бастағысы келген кезде байқалады. Бұл жағдайда коллизия болмайды, өйткені концентратор артықшылығы жоғары компьютерді таңдайды және сол ғана мәліметтерді жөнелтеді. Барлық қалғандары жөнелтуден уақытша сөндіріледі. Артықшылық компьютер қосылған концентраттағы айырушының нөмірі анықталады.

  6. Мәліметтерді бір уақытта әртүрлі концентраттардағы бірнеше компьютерлерден жөнелтуге мүмкіндік жасауда коллизия болмайды, өйткені жөнелтуді басқа концентраторлармен салыстырғанда жоғары артықшылығы бар концентраторлы компьютер іске асырады. Осылайша концентраттар арсныда және әрбір хабтар арасында иерархия болады.



Тапсырма

Имитациялық модель жоғары деңгейлі «Pascal 7.0» немесе «Delphi» бағдарламалар тілінде жасалыну керек. Модель болу керек:

  • берілген топологияның детальдық иллюстрациясын экранда салу керек;

  • экранда берілген бір компьютерден келесі компьютерге мәліметтерді беру үрдісін толық модельдеу керек;

  • толық түсіндірілген тез, әдемі және ықшамды болу тиіс.




N

в-а

ТАПСЫРМА

Топология

Компьютерлер саны

Мәліметтерді беру

1.

Шина

5

1 > 4 және 4 > 2

2.

Шина

3

1 > 3 және 3 > 2 және 2 > 1

3.

Шина

4

1 > 3 и 2 > 4

4.

Шина

5

2 > 4 және 5 > 1

5.

Шина

4

1 > 2 және 3 > 4

6.

Хабсыз сақина

5

1 > 4 және 4 > 2

7.

Хабсыз сақина

3

1 > 3 және 2 > 1 және 3 > 2

8.

Хабсыз сақина

4

1 > 3 және 2 > 4

9.

Хабсыз сақина

5

2 > 4 және 5 > 1

10.

Хабсыз сақина

4

1 > 2 және 3 > 4

11.

Хабсыз сақина

5

1 > 4 және 4 > 2

12.

Хабсыз сақина

3

1 > 3 және 2 > 1 және 3 > 2

13.

Хабсыз сақина

4

1 > 3 және 2 > 4

14.

Хабсыз сақина

5

2 > 4 және 5 > 1

15.

Хабсыз сақина

4

1 > 2 және 3 > 4

16.

Жұлдыз

5

1 > 4 және 4 > 2

17.

Жұлдыз

3

1 > 3 және 3 > 2 және 2 > 1

18.

Жұлдыз

4

1 > 3 және 2 > 4

19.

Жұлдыз

5

2 > 4 және 5 > 1

20.

Жұлдыз

4

1 > 2 және 3 > 4

21.

2 және 3 арасындағы репитерлі шина


5

1 > 4 және 4 > 2

22.

1 және 2 арасындағы репитерлі шина



3

1 > 3 және 3 > 2 және 2 > 1

23.

3 және 4 арасындағы репитерлі шина


4

1 > 3 және 2 > 4

24.

2 және 3 арасындағы репитерлі шина


5

2 > 4 және 5 > 1

25.

2 және 3 арасындағы репитерлі шина


4

1 > 2 және 3 > 4
  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Ф со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі
Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі Т. рұсқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница