Рекомендации по нравственно-духовному образованию общеобразовательной программы «Самопознание» «Здравствуй, человек!» для педагогов дошкольных организаций старших групп Введение




Скачать 326.35 Kb.
НазваниеРекомендации по нравственно-духовному образованию общеобразовательной программы «Самопознание» «Здравствуй, человек!» для педагогов дошкольных организаций старших групп Введение
страница3/3
С А Назарбаева
Дата конвертации23.09.2012
Размер326.35 Kb.
ТипПояснительная записка
источникhttp://ipkro.kz/files/samopozn_doc/kalendar-tematich_plan_samopozn_starsh_gruppa_2010.doc
1   2   3

«Өзін-өзі тану» пәнін ұйымдастырудың ерекшеліктері

«Өзін-өзі тану» бағдарламасының әдістемелік жаңалығы - мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту үрдісін өзін-өзі тану құралдарын пайдалана отырып, интерактивті оқыту әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асыру.

Сабақтарда көзделетін мақсат - әрбір баланы өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, өзінің эмоционалдық көніл күйі мен мінез-құлық уәждерін (мотивтерін) ұғына білуге, өз әдет-қылығы мен тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне мүмкіндік туғызу.

Ересектер тобына арналған рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының оқу-әдістемелік кешені (ОӘК) тәрбиешіге арналған әдістемелік құралдан, хрестоматиядан, дәптерден, дидактикалық материалдар жинағынан тұрады.


Оқу-әдістемелік кешеннің барлық компоненттері өзара байланысты және дамыта оқытудың мақсаттарын арнайы сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, балабақшада, үйде іске асыру көзделген (дәптердегі кейбір тапсырмаларды тәрбиеші нүсқауымен үйде орындауға болады, хрестоматияны қосымша ата-аналармен бірге оқиды).

«Өзін-өзі тану» бағдарламасы сабақтары 10-15 баладан қүралған шағын топтарда үйымдастырылады.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасы баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты. Сабақ жүргізілетін арнайы бөлме кең, жарық, сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы керек. Балалар өзін емін-еркін, психологиялық тұрғыдан жайлы да жағымды сезіне-тіндей, көзтартарлықтай көркем безендірілуі тиіс.

Бөлмеде сабақтың мақсат-мазмұнына, дәптермен жұмыс істеуге ыңғайлы болатындай үстелдерді алуан түрлі етіп (шеңбер, қатар, қарама-қарсы және т.с.с.) орналастыру қажет.

Сондай-ақ міндетті түрде музыкалық шығармаларды тыңдау және бейне көріністерді тамашалау үшін дыбыс бейнежазба қүралдар, дидактикалық материалдар мен фотосуреттерді іліп көрсету үшін тақта болуы керек. Мүндай бөлмелер балалардың жақсы жұмыс істеуіне, тамаша әсер алуына ыкпал етеді.

Тәрбиешінің балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауындағы басты мақсаты - баланың өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы әңгімелеуге, оны ой елегінен өткізіп, баға бере білуге, тек өзіне ғана емес, жанындағы адамдарға да көңіл аудартып, оларды өзіндік табиғи болмысымен қабылдау, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйрету.

Қарым-қатынас барысында әр баланың жанарына жылы шыраймен қарап, өзінің қимыл-қозғалысы, ым-ишарасы арқылы оған оң көзқарасын байқата отырып, сенімге ие болу керек.

Әрбір сабақта төмендегідей негізгі үш мәселе ескерілуге тиіс:

• сабақтың тақырыбын балалардың түсінуіне және оған өзіндік көзқарасын жағымды эмоциясымен байқатуына кол жеткізу,

• адамгершілік ережелер мен құндылықтар жөніндегі ұғымдарды балалармен бірге нақтылай отырып бекіту;

• бала бойында тек жақсылық жасауға деген ниет, ынта-ықылас туғызу, өзі өмір сүретін ортада жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыру.


«Өзін-өзі тану» курсының интерактивті әдіс-тәсілдері

Бағдарламаның мазмұны төмендегідей оқытудың дәс-түрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: «Шаттық шеңбері», «Әңгімелесу», «Әңгіме-леу», «Дәйексөз», «Ойын», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Дәптермен жұмыс», «Шығармашылық жұмыс», «Ғажайып сөздер», «Қорытындылау», «Жүректен жүрекке».

Сабақтарды ұйымдастырудағы ең маңызды кезеңінің бірі «Шаттыц шеңбері» болып табылады.

«Шаттык шеңбері» рөсімін өткізудегі тәрбиешінің міндеті - балалардың күнделікті сабақта бір-біріне қандай қарым-катынас пен көңіл күйде болатындарына бақылау жасау, балалардың барлығының кдтысуына, өз ойын білдіруіне жағдай туғызу.

Жүмыстың бұлайша жоспарлануы баланың зейінін белгілі бір ой жүйелілігіне түрақтандыруға және олардың көңіл күйлерін жағымды арнаға бүруға мүмкіндік береді. Өйткені алға қойған мақсатка жету және еңбектің нәтижелі болуына қол жеткізу үшін топтағы балалардың шашыраңқы ойларын жинақтап, бір арнаға тоғыстырып жүйелеп алу аса маңызды болып табылады.

Аталған рәсім әрбір сабакқа ұсынылып отыр. Тәрбиеші өзінің қалауы бойынша сабактың тақырыбына сәйкес олардың мазмұнын өзгертуге және тәжірибе барысында балалардың ойлау мүмкіндіктеріне қарай орайластыра өткізуіне де болады.

«Шаттық шеңбері» - тәрбиеші балалармен бірге амандасып, тақпақ оқып, ән айтатын, жылы сөздер сыйлайтын маңызды шеңбер болып табылады.

Әңгімелесу. Балалар әңгімелесу әдісі арқылы тақырыптың мазмұнын саналы турде меңгереді.

• Тәрбиешіні және бір-бірін тыңдауға, тыңдаған шығарманы түсінуге үйренеді.

• Әр бала тақырыпқа байланысты қойылған сұраққа жауап беріп, өз ой-пікірін айтады.

• Тәрбиеші балалардың ойын, пікірін мадақтап, түрлі жағдайларға баға беруге үйретеді.

Әңгімелеу. Көркем әдебиет шығармаларын, өмірдегі жағдаяттар, балалардың күнделікті түрмыста кездесетін жеке әрекет-қылықтарын тыңдауда жетекші рөл атқарады.

• Бала шығарма арқылы адам бойында болуға тиіс құнды қасиеттермен танысып, негізгі ойды түсінуге үйренеді.

• Бала адамгершілік жөнінде жаңа ережелер мен үғымдарды түсініп, бойына сіңіреді.

• Шығармадағы кейіпкерлер бойындағы түрлі қасиеттер туралы түсінік алып, олардың жақсы немесе жаман екенін талдауға үйренеді.

Мұндай әдеп әңгімелерін тұрақты жүргізу балаға қоршаған ортадағы болмысты тани түсуге кызығушылық тудырып, өз тарапынан ұсынысын, ойын байқатуға жетелейді.

Дәйексөз. Дәйек сөз ретінде алынып отырған халық мақал-мәтелдері, нақыл сөздер сабақта айтылатын негізгі ойды білдіреді.

Ойын. Ойындар (іскерлік, сюжеттік-рөлді, қимыл-қозғалыс, дамытушылық) баланың ойлау, есте сақтау, қабылдау, қиял сияқты психикалық үрдістерінің дамуына көмектеседі.

• Ойын арқылы бала адамгершілік қүндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтайды, оқылған жадығатты жақсы меңгереді.

• Ойын арқылы балалар өздерінің қүрбы-қүрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді.

• Ойын сабақ мазмүнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп, нақты қорытынды алуға көмектеседі.

Өзіммен-өзім. Сабактың «Өзіммен-өзім» деп аталатын құрылымы арқылы баланың эмоциялық жағдайлары мен көңіл күйін бейнелеп жеткізуіне және өзінің ішкі ойымен бөлісуіне жағдай туғызылады.

Тәрбиеші баланың көніл күйін көтеру негізінде төмендегі мәселелерді ескеруі қажет:

• балалармен бірге айтылатын тақырыпқа сәйкес ойды, сұрактарды, мәтінді бірқалыпты үнмен, жағымды эмоциялық көңіл күй туындайтындай түрде айту керек;

• мәтін мазмүнын баяндап түрғанда сазды музыка әуені баяу ойнап тұрғаны тиімді;

• әуен сазы, баланың көңіл күйіне эсер ететіндей, ойлануға, өткенді елестетуге, киялдауға, моральдық, этикалық ережелердің мінез-құлықтын жағымды жақтарына ықпал етуі қажет.

Жаттығу аяқталғаннан кейін тәрбиеші балалармен қыскаша әңгіме өткізеді.

Тыныштың сәті, Балаларға күн сайын бірнеше минут «тыныштыққа бой алдыра» білу өте маңызды. Бұл әрекетті кез келген жерде және кез келген уақытта жасап көруге болады. Балалардың ыңғайлы жағдайда отыруын ескертіп, қадағалап отыру керек. Арқаны тік үстап еркін отырады. Бүкіл денені босаңсытып, қолды тізеге қояды. Ойды ізгілік күйге бейімдеу дегеніміз өзіне және жақын-дарына іштей игі тілек білдіру болып табылады.

Сергіту сәті. Бүл жүмыс балалардың шаршағандығы байқалған, эмоциялық көңіл күйлері төмендеген жағдайда олардың белсенділігін арттыру үшін қолданылады.

• Сергіту сәті балалардың қызығушылығын арттыру үшін алынып отыр.

• Сергіту жаттығуларының алуан түрлі болуы баланың көңіл күйін көтеріп, іс-әрекетке белсенділігін арттырады.

• Қозғалыс жаттығулары баланы сезе білуге үйретеді.

Дәптермен жумыс. Дәптердегі тапсырмаларды орын-даудағы негізгі мақсат - жағдаяттарға сәйкес ойлау қабілет-терін қалыптастыру, өз іс-әрекетінің нәтижесін білуге баулу.


Сонымен қатар төмендегідей бірнеше міндетгерді шешуді көздейді:

• өзіндік талдау жасай білудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру;

• дәл осы мерзімге сәйкес өзінің іс-әрекетін тексере білу (бағалай алуы);

Тәрбиешілер дәптердегі шығармашылық тапсырмалар-ды орындау үшін ата-аналарға арнайы кеңес беруі керек:

• ата-ананы сол күні өткізілген сабақ мазмұнымен та-ныстыру;

• дәптердегі тапсырмаларды орындаудың ретін түсінді-ру және орындалу барысына бағыт беру, оны балаға қара-пайым түрде түсіндіру.

Шыгармашылың тапсырма. Шығармашылық тап­сырмаларды орындаудағы негізгі мақсат-кызығушылығын туғызу, серіктермен қарым-қатынас жасай білуге үйре-ту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру, өз іс-әрекетінің нәтижесін білуге баулу.

Ғажайып сөздер. Бүл әдістемелік тәсілде сабақ бойы айтып үйренген жақсы сөздер мен сөз тіркестерін айтқызып, үйренген адамгершілік қүндылықтарын пысықтап бекіту мақсатында пайдаланылады.

Қорытындылау. Сабақтың соңында жасалған қоры-тындыда тақырыпқа байланысты негізгі ой жүйеленеді.

Журектен жүрекке - сабақ қүрылымындағы негізгі міндетті әдістемелік тәсіл. Мүнда:

• балалар тәрбиешімен бірге көңіл күйді көтеруге бағыт тап қысқаша такдақтар, өлеңдер айтады;

• шеңбер қүра отырып, сөз алмасу арқылы өз ой пікірле рімен бөліседі, бірінің ойын бірі жалғастыруға жаттығады

• бет әлпеті, қимыл қозғалысы аркылы көңіл күйі байқатуға үйренеді;

• бір-біріне жылы тілектерін шын жүректен үсына оть рып мейірімді қарым-қатынастары орнығады.
1   2   3

Похожие:

Рекомендации по нравственно-духовному образованию общеобразовательной программы «Самопознание» «Здравствуй, человек!» для педагогов дошкольных организаций старших групп Введение icon«Взаимодействие школы и семьи в процессе нравственно-духовного становление личности в учебно-воспитательном процессе»
Цель: формирование нравственно-духовного воспитания в семье через новую учебную дисциплину «Самопознание» — источник духовности,...
Рекомендации по нравственно-духовному образованию общеобразовательной программы «Самопознание» «Здравствуй, человек!» для педагогов дошкольных организаций старших групп Введение iconМетодические рекомендации по расчету индексов цен на строительную продукцию для подрядных строительно монтажных организаций введение
Методические рекомендации предназначены для определения размера текущих (прогнозных) индексов стоимости цен, затрат по строительно...
Рекомендации по нравственно-духовному образованию общеобразовательной программы «Самопознание» «Здравствуй, человек!» для педагогов дошкольных организаций старших групп Введение iconПедагогические условия интегративного обучения в старших классах общеобразовательной школы (на примере языковых дисциплин)

Рекомендации по нравственно-духовному образованию общеобразовательной программы «Самопознание» «Здравствуй, человек!» для педагогов дошкольных организаций старших групп Введение iconОбразовательный и оздоровительный центр «бобек» нравственно-духовное образование «самопознание» Рекомендательный список литературы
О правах ребенка в Республике Казахстан: Закон Республики Казахстан. Алматы: юрист, 2004. 22 с
Рекомендации по нравственно-духовному образованию общеобразовательной программы «Самопознание» «Здравствуй, человек!» для педагогов дошкольных организаций старших групп Введение iconРабочая программа общеобразовательной
Рабочая программа общеобразовательной дисциплины – физика разработана на основе примерной программы по общеобразовательной дисциплине...
Рекомендации по нравственно-духовному образованию общеобразовательной программы «Самопознание» «Здравствуй, человек!» для педагогов дошкольных организаций старших групп Введение iconФедеральное агенство по образованию
Указанные качества принципиально важны, поскольку фундаментальным условием развития, а потому и благополучия социума является способность...
Рекомендации по нравственно-духовному образованию общеобразовательной программы «Самопознание» «Здравствуй, человек!» для педагогов дошкольных организаций старших групп Введение iconО детско-юношеском объединении «адреналин» маоу успенской средней общеобразовательной школы. Общие положения
Детско-юношеское объединение «Адреналин» это добровольное объединение учащихся, выпускников и педагогов моу успенской средней общеобразовательной...
Рекомендации по нравственно-духовному образованию общеобразовательной программы «Самопознание» «Здравствуй, человек!» для педагогов дошкольных организаций старших групп Введение iconАнализ рейтинга результатов деятельности дошкольных учреждений г. Семей
Из 15 государственных дошкольных учреждений оценка эффективности работы 14 учреждений проводилась по представленным показателям самооценки,...
Рекомендации по нравственно-духовному образованию общеобразовательной программы «Самопознание» «Здравствуй, человек!» для педагогов дошкольных организаций старших групп Введение iconМетодические рекомендации для школ нацменьшинств Введение
Проект подготовлен в соответствии со вторым пунктом 41 статьи закона об образовании, где сказано, что программы образования для нацменьшинств...
Рекомендации по нравственно-духовному образованию общеобразовательной программы «Самопознание» «Здравствуй, человек!» для педагогов дошкольных организаций старших групп Введение iconФинансовые результаты деятельности коммерческих организаций Удмуртской Республики, не относящихся к субъектам малого предпринимательства за январь-сентябрь 2010
Республики, не относящихся к субъектам малого предпринимательства за январь-сентябрь 2010 года (кроме организаций с численностью...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница