Лекция сабақтарының тезистері




Скачать 110.4 Kb.
НазваниеЛекция сабақтарының тезистері
Дата конвертации23.09.2012
Размер110.4 Kb.
ТипЛекция
источникhttp://portal.vkgu.kz:1010/4809/4.doc
Глоссарий

Экология - тірі организмдердің бір-бірімен және олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым.

Абиотикалық фактор – организмдерге тікелей не болмаса жанама әсер ететін бейорганикалық, өлі табиғаттың компоненттері.

Қоршаған ортаның мониторингі – антропогендік әрекеттің әсерінен қоршаған орта жағдайларының өзгерісін болжаудың, бағалау мен бақылаудың кешенді жүйесі.

Смог – улы тұман, тұманның тамшылары мен шаң бөлшектерінің қосылуымен сипатталатын атмосфераның қауіпті ластануы. (Көмір мен мазутты жаққанда пайда болады.)

Аутэкология – жеке ағзаның тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатнасын зерттейтін экология бөлімі.

Экологиялық жүйе – қоректік байланыстар мен энергияны алу тәсілдерінің негізінде бір тұтастықты құрайтын, тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардан тұратын табиғи кешен.

Ноосфера – ақыл-ой сферасы – биосфераның дамуында адамзат қоғамының ойлы және саналы әрекеттілігінің басты ролімен сипатталатын биосфераның даму кезеңі.

Биоиндикатор – тіршілігі мен жағдайына қарап ортаның қасиеттері, ластаушылардың концентрациясы туралы қортынды жасауға болатын организм, түр немесе бірлестік.

Түр - еркін будандасатын және жемісті ұрпақ беретін, морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерінің тұқым қуалаушылық ұқсастығына ие дарақтардың жиынтығы.

Дарақ, тұлға – тіршіліктің бөлінбес бірлігі.

Ағза (В.И.Вернадский бойынша) – құрылымы тұйық, сатылы ұйымдасқан, тепе-тең емес, өздігінен қалыптасатын, заттар мен энергия алмасулар бойынша ашық жүйе.

Популяция – түрдің тіршілік ету формасы, бір түрдің ортақ тектік қоры және мекендеу жағдайлары бірыңғай белгілі бір кеңістікке қоныстанатын дарақтарының жиынтығы.

Биоценоз – құрлықтың немесе су қоймаларының бірыңғай аймағына қоныстанған микроағзалардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтар мен жануарлардың өзара байланысқан жиынтығы.

Ластануқандайда бір ортаға оған тән емес (адамға, флора мен фаунаға кері әсер ететін) физикалық, химиялық және биологиялық агенттердің әкелінуі.

Мутация – табиғи, не мутагендердің әсерінен болатын генотиптегі сандық және сапалық өзгерістер.

Қалдық - әр түрлі өнімдерді өндіру немесе пайдалану барысында пайда болатын, бастапқы қасиетін жойған, енді қолдануға келмейтін заттардың, материалдардың қажетсіз бөліктері.


Лекция сабақтарының тезистері


1-тақырып. Кіріспе. Экология туралы түсінік.

Мақсаты: Экология ғылымының мазмұны, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі, құрылымы және даму тарихымен таныстыру

Жоспар:

  1. Экологияның мақсаты мен міндеттері.

  2. Зерттеу объектісі мен әдістері.

  3. Экология ғылымының даму тарихы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны: Экология ғылымының мақсаты мен міндеттері, зерттеу объекті, экологияның бөлімдері. Экологияның басқа іргелі пәндермен байланысы. Экологияның казіргі даму концепциясының негізгі кезеңдерінің сипаттамасы.Жеке ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен өз ара байланыстарын зерттеудегі Э.Геккелдің, А.Гумбольттың, Ч.Дарвиннің К.Ф Руленің,Н.А.Северцовтың еңбектері. В.Н.Сукачев, В.И.Вернадский мен М.И. Будыконың еңбектері.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Экология ғылымының негізгі міндеттері

  2. Теоретикалық, қолданбалы және жалпы экология нені зерттейді?

  3. Ч.Дарвиннің қандай еңбектерін білесіз ?

  4. Экология ғылымының даму кезеңдері.

Әдебиеттер: 1, 2, 5, 10.


2-тақырып. Қазіргі экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі экологияның орны.(2-сағат)

Мақсаты: Экологияның қазіргі экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі рөлін зерттеу.

Жоспар:

  1. Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайы.

  2. Тұрақты даму концепциясы.

  3. Табиғат қорларын үнемдеу мәселелері.

Тақырыптың қысқаша мазмұны: Қазақстандағы экологиялық жағдай. Тұрақты даму концепциясы. Трансшекаралық ластанулар.Радиациялық ластану.Семей полигонының қазіргі жағдайы.Урбандану.Қазақстанның қалалары және олардың экологиялық жағдайы.Табиғатты пайдаланудағы және адамзаттың ғаламдық болашағын дамытудағы экологияның саясаттық үрдістердегі орны мен рөлі. Табиғат қорларын ұтымды пайдалану мәселелері.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Қазақстанның экологиялық жағдайы.

  2. Трансшекаралық ластану . Ертіс өзенінің ластануы.

  3. Демографиялық жарылыс .

Әдебиеттер: 1, 2, 15, 16.


3-тақырып. Аутэкология – ағзалардың тіршілік ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.

Мақсаты: Орта мен ағзаның арасындағы қарым –қатынас пен байланысын ұғындыру.

Жоспар:

  1. Тіршілік орталары және тіршілік орны.

  2. Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикалық, антропогендік.

  3. Экологиялық факторлардың жіктелуі

Тақырыптың қысқаша мазмұны: Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы. Ағза және ортаның тіршілік жағдайы . Ұйымдасу белгілері. Мекен ету орталары мен қоршаған орта факторлары.Тіршілік орталары: су, топырақ, жер, ауа, ағза. Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикалық, антропогендік. Бергман және Аллен ережелері. Экологиялық факторлардың жіктелуі. Ағза мен ортанын бірлігі. Антропогендік фактор-экологиялық факторлардың ерекше тобы.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Ағзалардың қандай мекен ету орталары бар?

  2. Абиотикалық факторлар классификациясы.

  3. Шу- физикалық факторға жатама?

Әдебиеттер: 1. 2, 5, 24, 23, 10


4-тақырып. Экологияның негізгі заңдары

Мақсаты: Қоршаған орта факторларының ағзаға әерінің жалпы заңдылықтарымен танысу

Жоспар:

  1. Экологияның негізгі заңдары.

  2. Шектеуші факторлар заңы.

  3. Бейімделу, күйзелу, зарезеп.

  4. Фотопериодизм.

Тақырыптың қысқаша мазмұны: Оптимум ережесі. Факторлардың өз ара әсерлесу ережесі. Шектеуші факторлар. Ю.Либихтьщ минимум заңы. В.Шелфордтың толеранттық заңы. Фотопериодизм. Табиғат құбылыстары -ның ырғақтылығына бейімделу.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Ағзаның тіршілігіне қолайлы жағдай .

  2. Бейімделу дегеніміз не?

  3. Тіршілік үшін күресте төзімділіктің маңыздылығы .

  4. Табиғат құбылыстарының ырғақтылығына бейімделу.

Әдебиеттер: 1. 2, 5, 7, 23


5-тақырып. Демэкология – популяциялар экологиясы.

Мақсаты: Популяциялар, олардың құрлымы, таралуы, динамикасы

жөнінде түсінік беру. (2-сағат)

Жоспар:

  1. Популяция туралы түсінік, оның сипаттамасы

  2. Популяцияның демограмиялық құрлымы

3. Популяцияның эталогиялық құрлымы

Тақырыптың қысқаша мазмұны:Популяция туралы түсінік. Популяцияның статистикалық сипаттамасы. Жыныстық және жастық және аймактық. Экологиялық құрылымы. Территориялық принцип. Популяциядағы даралардың кеңістікте таралуы: кездейсоқ, бірқалыпты, топтық . Популяцияның сандық сипаттамасы және биомассасы. Популияцияның өсуі, туылуы, өлуі. Ортаның қарсылығы. Популяция тығыздығы. Санның түр аралық реттелуі. Экологиялық қуыс.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Популяциялардың таралу ерекшеліктері .

  2. Популяция динамикасы .

  3. Түр аралық бәсекенің ерекшеліктері

Әдебиеттер: 24, 25, 23, 18, 19. 17


6-тақырып. Синэкология - өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің қауымдастығын зерттейтін ғылым.

Мақсаты: Өсімдіктер дүниесінің, жануарлардың және микроорганизмдердің қауымдастығынның қалыптасуы, түрлер арасындағы қарым-қатынастар жайлы түсінік беру.

Жоспар:

  1. Биотикалық қарым-қатнастар.

  2. Түрлердің бір-біріне жағымды және жағымсыз әрекеттерінің негізгі түрлері.

  3. Бәсекелестік арқылы жою принципі.

  4. Экологиялық қуыс.

Тақырыптың қысқаша мазмұны: Синэкология туралы түсінік. Организмдер бірлестігінің қалыптасуы. Құрлымы , динамикасы, қарым – қатынастары, энергия және зат алмасулары, сандық-сапалық өзгерістері, бірлестіктер тұрақтылығы. Биогеоценоз,биоценоз, экожүйе туралы түсінік. Ағзалар арасындағы қарым-қатынас түрлері. Түр аралық бәсекелестік. Экожүйенің тұрақтылығы мен тұтастығы. Экологиялық сукцессия.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Топ, тобыр, үйір дегеніміз не ?

  2. Жануарлардың мінез құлқын зерттейтін ғылым.

  3. Жылы қандыларға не жатады?

Әдебиеттер: 1. 2, 23, 24, 19


7-тақырып . Биоценоз –күрделі табиғи жүйе

Мақсаты: Табиғи және антропогендік жүйелердің компоненттері мен олардың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, құрлымымен таныстыру.

Жоспар:

  1. Биоценоз туралы түсінік.

  2. Биоценоздың түрлік құрылымы.

  3. Биоценоздың төзімділігі.

  4. Экожүйелердің құрылу заңдылықтары.

  5. Экожүйе - тірі табиғаттың функционалдық бірлігі.

  6. Экожүйенің қоректік құрылымы.

  7. Қоректік тізбектер мен торлар.

Тақырыптың қысқаша мазмұны: Экожүйелер мен биоценоздардың зерттеуі.Экожүйе және оның компоненттері мен қасиеттері.Экожүйе концепциясы. Табиғи және антропогендік жүйелер. Биогеоценоз және биотоп ұғымы. Биогеоценоздың түрлік және кеңістіктік құрылымы. Экожүйенің трофтық деңгейлері: өндірушілер. консументтер, редуценттер, коректік тізбектер мен торлар. Ағзалардың қарым-катынасы жыртқыштық, паразитизм, симбиоз, комменсализм, аменсализм, нейтрализм.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Экожүйе деп нені айтады ?

  2. Экожүйенің трофтық деңгейлері.

  3. Қоректік тізбек дегеніміз не?

  4. Түр ішілік және түр аралық қарым-қатнастар.

  5. Биогеоценоз және биотоп ұғымына анықтама бер.

Әдебиеттер: 1, 2, 23, 24, 11.


8-тақырып. Тірі заттар және оның қызметі.


Мақсаты: Тірі заттың қызметі мен зат айналымы жайлы түсінік беру

Жоспар:

  1. Тіршіліктегі тірі заттың қызметі.

  2. Зат айналымы ( үлкен геологиялық және кіші биологиялық).

Тақырыптың қысқаша мазмұны: Тіршілік - бұл өздігінен өсіп-өнумен байланысты материяның өмір сүруіндегі козғалыстың ерекше түрі. «Барлық тірі зат тек тіріден ғана туады».Тірі заттың қызметі: концентрациялық, газдық, биохимиялық, қышкылдану, қалпына келтіру, хабарламалық. Зат айналымы: геологиялық, су және биохимиялық .

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. «Барлық тірі зат тек тіріден ғана туады» дегенді қалай түсінесің?

  2. Үлкен геологиялық айналым .

  3. Тірі заттың қызмет түрлері.

Әдебиеттер: 1, 2, 5, 10. 11. 15. 16


9-тақырып. Жер беті және су экожүйелері.

Мақсаты: Жер беті және су экожүйелерінің түрлерімен, олардың экологиялық жаңдайын анықтау тәсілдерімен таныстыру.

Жоспар:

  1. Экожүйе өнімділігі.

  2. Экологиялық сукцессиялар.

  3. Экологиялық пирамида.

  4. Экологиялық үлгілеу, мониторинг

Тақырыптың қысқаша мазмұны: Жер үсті және су экожүйелерінің типтері. Жер беті экожүйелері: тұндра, қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты. Қоңыржай, дала, саванна, шөл, тропиктік және экваторлық орман. Су экожуйелері: ағындык сазды, жағалаулық, апвелинг, эстуариялар және т.б.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Тропиктік және экваторлық ормандар қандай экожүйеге жатады?

  2. Су экожүйелерінің айырмашылығы .

  3. Экологиялық пирамида .

Әдебиеттер: 1,2.23,24,18.19


10-тақырып. Биосфера – Жердің ғаламдық экожүйесі.

Мақсаты: Биосфераның жер сфераларымен байланысы, тірі заттың биосферадағы ролі , ондағы зат айналымы жайлы түсіндіру.

Жоспар:

  1. Биосфераның құрамы және сипаттамасы.

  2. Тірі зат және оның биосферадағы қызметі

  3. Биосферадағы энергия айналымы.

  4. Биосферадағы азот, көміртегі, оттегі айналымы.

  5. Биогеохимиялық циклдар.

Тақырыптың қысқаша мазмұны: Биосфераны ғаламдық экожүйе ретінде карастыру. Биосферадағы адамзат қоғамының ерекше ролі. Тірі табиғат пен адамзат қоғамы - біртұтас динамиқалық жүйе.Биосфера туралы концепцияның қалыптасуы.Жердің құрылысы, оның қабаттары, олардың өзара байланысы. Биосфераның шекаралары.Экожүйедегі адамның орны мен рөлі. Өндірістің даму қарқыны және қоршаған ортаға түсетін салмақ.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Биосфера қандай жер сфераларымен шектеседі?

  2. Биосферадағы азот, оттегі, көмірқышқыл газы айналымы.

  3. Өндіріс орындарынан қоршаған ортаға түсетін ауыр металдардың биосферадағы ағзалар мен өсімдіктерге әсері.

Әдебиеттер: 1,2.3,18,24.10


11-тақырып. В.И. Вернадскийдің «Биосфера»туралы ілімі.

Мақсаты: В.И. Вернадскийдің «Биосфера»туралы ілімінің маңыздылығы және биосфераның ноосфераға өтуі жөніндегі тұжырымдар.

Жоспар:

  1. Биосфера мен оның биоалуантүрлілігі дамуының өзара қатнасы.

  2. Биотаның қоршаған ортаны реттеудегі ролі

  3. Ноосфера туралы түсінік

Тақырыптың қысқаша мазмұны: Биосфера туралы түсініктің қалыптасуындағы В.И.Вернадский жұмыстарының маңызы. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. Қуатты геологиялық және геохимиялық фактор ретіндегі антпропогендік ықпал концепциясы. Биосфера эволюциясының кезендері:биотикалыққа дейін,биотикалық.

В. И. Вернадский бойынша биосфераның ноосфераға өтуі.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Геохимиялық факторлар.

  2. Биосфера эволюциясының кезеңдері.

  3. Ноосфера –қандай сфера?

Әдебиеттер: 1.,3,8,7,23.

12-тақырып.Табиғат ресурстарын пайдалану (2-сағат)

Мақсаты: Табиғатты пайдаланудағы және адамзаттың ғаламдық болашағын дамытудағы экологияның орны мен рөлі.

Жоспар:

  1. Табиғат ресурстары, оның классификациясы.

  2. Табиғатты ресурстарын пайдалану мен қорғау .

  3. Табиғат ресурстарының экологиялық мәселелері.


Тақырыптың қысқаша мазмұны: Табиғи ресурстар - бұл материалды өндірістің барлық сұраныстарын қанағаттандыруға қолданылатын табиғи байлық.Табиғи ресурстардың шығу тегіне қарай жіктелуі. Биологиялық,минералдық, энергетикалык, топырақ және су ресурстары. Ресурстар туралы түсінік, олардың жіктелуі. Табиғат ресурстарының сарқылу мәселелері. Қалпына келетін және қалпына келмейтін ресурстар. Адамзатты ресурстармен қамтамасыз ету мәселелері.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Табиғат ресурстарының жіктелуі.

  2. Сарқылмайтын ресурстарға жататындар.

  3. Салыстырмалы қалпына келетін ресурстар.

  4. Жер қорына не жатады?

Әдебиеттер: 1, 2, 5, 10. 11. 15. 16






Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Лекция сабақтарының тезистері iconЛекция сабақтарының тезистері
Ботаника, зоология, микробиология тірі табиғаттың алуан түрлілігін зерттейтін ғылым

Лекция сабақтарының тезистері iconЛекция жинағы, тезистер, оқу құралдар Қр нотариаты (лекция тезистері) Қр жер құқығы (лекция тезистері) Отбасы құқығы (лекция тезистері) Мақала, баяндамалар «Құқықтық тәрбие берудегі сыныптан тыс жұмыстар»
«Құқықтық тәрбие берудегі сыныптан тыс жұмыстар». ХҚту хабаршысы №2 (67) мамыр-маусым 2009. 271-274бб

Лекция сабақтарының тезистері iconЛекция жинағы, тезистер, оқу құралдар Қр нотариаты (лекция тезистері) Қр жер құқығы (лекция тезистері) Отбасы құқығы (лекция тезистері) Мақала, баяндамалар «Құқықтық тәрбие берудегі сыныптан тыс жұмыстар»
«Құқықтық тәрбие берудегі сыныптан тыс жұмыстар». ХҚту хабаршысы №2 (67) мамыр-маусым 2009. 271-274бб

Лекция сабақтарының тезистері iconЛекция сабақтарының тезистері
Мақсаты: Студенттермен әлеуметтік экология пәнінің экология ғылымдарының маңызды саласы екендігін ұғындыру

Лекция сабақтарының тезистері iconЛекция: 15 сағат
Лекция сабақтарының мазмұны Семинар сабақтарының жоспары

Лекция сабақтарының тезистері iconЛекция жинағы, тезистер, оқу құралдар
Азаматтық іс жүргізу заңдарды қолданудың теориясымен практикасы (лекция тезистері)

Лекция сабақтарының тезистері iconЛекция кешені (лекция тезистері) Мамандығы: «Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
Экология адамның тіршілік ортасы мен онымен қарым- қатынастары, табиғат және қоғам туралы ғылым

Лекция сабақтарының тезистері iconЛекция кешені (лекция тезистері) Мамандығы : 050101 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Күн жүйесі – Күн және оны айнала қозғалатын 9 ірі планета және ұсақ денелер кіреді

Лекция сабақтарының тезистері iconЛекция -сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Лекция сабақтарының тезистері iconЛекция тезистері
Грамматика -сөздің сөйлемдегі өмірін, сөйлемде қолданылу заңдылығын зерттейтін ілім

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница