Зерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде




Скачать 153.54 Kb.
НазваниеЗерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде
Дата конвертации06.02.2016
Размер153.54 Kb.
ТипДокументы
источникftp://212.154.195.122/Obshaya medicina/2 kurs/Microbiology/kaz/lekcii/3.doc

ЗЕРТТЕУ


Сот-сараптама әдістерін

жетілдіру жӨнінде



Бауыржан ЖАУБАСОВ,

ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот академиясының магистранты


Еразақ ТІЛЕУБЕРГЕНОВ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дің криминалистика және сот сараптама кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты


Бүгінгі кезеңде криминалистикада нақты техникалық құралдар мен заттық айғақтарды зерттеу әдістерін кемелдендіруге аса назар аударылуда. Сонымен қатар, бұндай кемелденудің негізінде: қылмысты ашу мен зерттеу мақсатында қылмысқа бейімділген әрі онда кеңінен тараған техникалық және жаратылыстану ғылымдарының криминалистикамен интеграциялануы яғни бейімделуін көрсететін факт көпшілік арасында қолдау табуда.

Криминалистикада жаратылыстану ғылыми білімінің дамуы мен мамандануға бағытталуы автономиялық жекеғылымдық кешендерді бөліп көрсету жолын емес, оларды криминалистика ішінде қалыптастыру жолын ұстануда және әдеттен тыс, сонымен қатар, қайтадан пайда болатын криминалистік объектілерге қолданылатын типтік және типтік емес міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін оның теориясы мен әдістеріне негізделген бағыттар бар. Бұл процесс нақ сот сараптамасындағы теория мен тәжірибеде көрнекті түрде байқалады.

Егер сот сараптамасының даму тарихын шолып өтсек, сот медицинасы сияқты қолданбалы ғылымдармен қатар, физика, химия, математика және т.б. негізгі ғылымдардың үлкен, тіпті, негізгі рөл атқарғандығын атамай кетпеуге болмайды. Сот сараптамасының жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар арасындағы байланысы эксперименттік зерттеулер теориясы мен практикасындағы ғылыми танымның дамуының заңды нәтижесі болып табылады. Сот сараптамасы мен математика, физика және т.б. пәндер арасындағы байланыс туралы сөз ете отырып, біз оның басқа да ғылымдардағыдай зерттеліп отырған объектісінің сандық және сапалық сипаттамалары жайлы мәлімет алуға болатын әдістер туындайды. Әр түрлі ғылымдардың зерттеу әдістерінің дамуымен сот сараптамасының әдістері, құралдары және әдістемелернің дамуы тығыз байланысып жатыр. Бұл ғылымдардың жетістіктері сот сараптамасына беймеханикалық түрде ауысады. Оларға спецификалық сот-сараптама мақсаттарын ескере отырып, белгілі бір модификациялардан (түр өзгерушіліктерден) өтуге тура келеді.

Сот сараптамасына физика, химия, биология тікелей әсер етті және әлі де тікелей әсер етуде деп ойлау дұрыс емес. Дегенмен, бұл ғылымдардың әдістерін ғылыми және практикалық сот-сараптама қызметінде қолдану арқылы тек даму негізіне емес, сонымен қатар, сот сараптамасының жалпы теориясын дәлелдейтін эмпирикалық (тәжірибеге сүйенуші) фактілердің біршама санын жинақтауға қол жеткізіледі.

Сараптаманың өзіндік ішкі заңдарымен дамитыны белгілі, дегенмен, бұндағы анықтаушылық рөлді сараптамалық міндеттеменің тууы атқарады. Сот сараптамасының мақсат-міндеті оның тергеу-сот органдарына қажет адамдардың практикалық қызметіне байланысты тәжірибиелік бағыттылығымен анықталады. Бұл міндеттердің шешімі зерттеудің физикалық, химиялық, биологиялық тәсілдерін және құбылыстардың табиғатын теориялық тұрғыда түсіндіруді қолданған жағдайда ғана табылады. Мысал ретінде сот сараптамасының кез-келген мәселелерін көрсетуге болады. Мәселен, папилярлы өрнектер қол таңбасы бойынша шындықтың айқындалуын алайық. Осыдан біраз бұрын дактилоскопиялық сараптама жүргізудегі заттық айғақтарды зерттеудің негізгі тәсілі ретінде объектілер жайлы мәлімет берудің ұлғайту құралдарын (лупаны) қоданатын визуальды және де басқа да әдістері мен объектілерге әр түрлі жарықтар түсіру пайдаланылды. Нақты және теңестіруге лайық болатын іздер мен қол таңбалардың көп болуы оң нәтижеге жетудің қажетті шарты болып табылатын. Айта кететін жайт, оқиға болған жерде папилярлы өрнекті іздерді анықтау - зерттеудің физикалық, химиялық әдістерімен жүзеге асырылған-ды (қазір де жүзеге асырылып отыр). Папилярлы өрнектер теңдестігін шешу – терең білім, таным, сонымен бірге сараптаманың ішкі нанымына байланысты (қатысты) еңбекті көп қажет ететін процесс.

Физиктер жасаған ерекше селективті әсер ететін сапалы жаңа құрал – лазер сараптамалық зерттеулерді оптимизациялауға, оларды даму дәрежесіне жеткізуге ықпал етті. Атап айтқанда, дактилоскопиядағы оптикалық-кванттық генераторлардың қолданылуы (портативті және стационарлы) лазерлі флюографтың жасалуына, оқиға болған жердегі қол таңбаларының анықталуы мен тіркелуінің жаңа тәсілдерін қарастыруға, жеке сол дақтардың (ақиқатты білу мақсатында) зертханалық жағдайда зерттелуіне әкелді.

Лазерлік тәсілдің сараптамада қолданылатын басқа да тәсілдерге қарағанда артықшылығы басым. Біріншіден, бұл басқа да әдеттегі физикалық, химиялық, физика-химиялық әдістердің қолданылуына мүмкіндік беретін әдіс. Екіншіден, бұл кез-келген жерде қол таңбасын анықтауға жол ашатын аса ерекше әдіс. Үшіншіден, лазерлі әдісті қолдану тек зертханалық жағдайлардағы папилярлы өрнектерді зерттеуде уақытты аз әрі үнемді пайдалануды ғана емес, сонымен қатар, қылмыс болған жердегі қол дақтарын ізін суытпай анықтауды қамтамасыз етеді. Осы аталғандардың бәрі бұрын қолданыста болған әдістерден айырмашылығын көрсетеді.

Бүгінгі таңда оптикалық-кванттық генераторлардың қолданылуы кең диапазонды сараптама міндеттемелерін шешуге мүмкіндік туғызатындығын атап өткен жөн. Бұл: микрообъектілер мен бөлшектердің химиялық құрамын анықтау; көпқатпарлы беттерді, мысалы, транспорт құралдарының элементтік құрамын анықтау, қағазды түрлері мен сортына, жасап шығарушы-фабрикаларына (масс-спектрлік лазерлік талдауды қолдану арқылы) бөліп қарастыру. Сызылған, өшірілген, боялып тасталған жазбалар мен сызбаларды оқу, өшіп, суланып, көрінбей қалған мәтіндерді қайта қалпына келтіру нәтижелерін жақсартатын лазерлік сәуле шығару- құжаттарды техникалық зерттеуде лазерді қолдану болашағы зор бағыттардың бірі. (1)

Заттық айғақтарды зерттеудің профилографиялық әдістерін өңдеу сот сараптамасы саласында негізгі және перспективалы бағыттарының бірі болып табылады. Профилографияның алдына қойған міндет-мақсаты объектінің сыртқы құрылымы жайлы мейлінше толық, объективті және жетілген ақпарат алу, басқаша айтқанда, салыстырмалы зерттеу үшін профильдің (пилограмманың) графикалық бейнесін алу. Бұндай міндет көбінесе траксологиялық зерттеулерде туындайды, сондай-ақ баллистикалық, автотехникалық және де сондай инженерлік сараптамалар жүргізулерде де болуы мүмкін. Профилографияның микроіздерді зерттеудегі рөлі үлкен. Салыстырмалы объектілердің профилограммалары бірдей жағдайларда алынады. Профилограммаларды салыстыру сәйкестендіріп-салыстыру әдістерімен жүзеге асады. Профилограммаларды салыстыру зерттеліп отырған заттардың беткейлерінің формаларының дұрыстығы мен мөлшерлерін, олардың сыртқы құрылымы қасиеттерінің тұрақтылығы мен вариациалылығын анықтауға жол ашады. Сәйкес сараптамалық әдістердің негізі ретінде танылуы керек профилография әдістерінің әр түрлерімен жасалатын көптеген сараптама жұмыстары өз ішіндегі сараптама практикасының міндеттерін шешуге қолдануда аса тиімділерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Олар - профильдің сәулелік қима әдісімен зерттеліп отырған заттардан алынған көшірмелердің кескіндерін оптикалық және фотоэлектрлік зерттеу профилінің көлеңкелі қима профильдерін ұстап байқау әдістері.

Белгілі бір профилографиялық әдісті таңдау - объектілер мен шешілуге тиіс сараптама міндеттемелерінің сипаттамасына байланысты. Мысалы, сараптамалық практика үшін нақты әрі тиімді деп есептелетіні – профилографияның айғақтарды бірге тіркеп отыратын әдіс. Ұстап байқаушы профилограф – объектінің сыртқы құрылымының жекешеленген жиынтықтарын анықтап табуға сай келетін құрал. Іс жүзінде шексіз ұлғайту жолымен ұстап байқаушы профилографтар тікелей 200000 есе (молекулалық деңгейге жақындай келе) ұлғайтады, ал таспаның жылдамдығын таңдау арқылы зерттеліп отырған аумақты 20, 40, 200 есе ұлғайтуға болады. Профильдеу әдісі - сараптама әдістерінің негіздері қатарында. Оның бәрі практикада өз тиімділігін дәлелдеген. Әр түрлі ғылымдардың әдістері сот сараптамасына механикалық түрде емес, белгілі бір күйлерге еніп барып өтеді. Соңғылары, біріншіден, зерттеу мақсаттарымен, екіншіден, белгілі сараптама міндеттемесімен, үшіншіден, сарапшы әдісті қолдануды бейімдеуі керек шарттармен дәлелденген.

Сараптама жүргізу барысындағы сарапшылардың алдына қойған негізгі мақсаты – қылмыстық іске қатысы бар және зерттеу объектісінде байқалған нақты объектілерді анықтау. Нақты мәліметтердің анықталуы факторлардың қатарынан, сонымен қатар, сараптама зерттеулерінде арнайы қолданысқа қатысты қажетті өзгерістерге енетін басқа да білім салаларының әдістеріне байланысты болды. Әрине, кез келген алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін әдістің құрылуы өз бетімен пайда болмайды, ол алған білім мен жинақталған практикалық тәжірибеге сүйенеді. Мысалы, сараптама практикасының зерттеуді, шешуді қажет ететін келелі мәселелерінің бірі - әр түрлі объектілердің заттық айғақтарының дифференциялану мүмкіндіктерін белгілеу – жүргізілген сараптама зерттеулері нәтижесін пиролитикалық газды хромотография әдісімен, яғни, заттық-термикалық ыдырау үдерісі газ-хроматографиялық талдау әдісімен өңдеуге мүмкіндік берді. Ыстық температура әсерінен талданып отырған заттар химиялық ыдырауға (пиролиз) ұшырап, қайнау температурасы төмен қарапайым қосындыларға айналады. Пиролиз өнімдерінің құрамы бойынша зерттеліп отырған заттың табиғаты туралы жорып білуге болады.

Пиролитикалық хромотография – талшықтардың түрлерін, ұлпадағы әр түрлі талшықтардың салыстырмалы сандық құрамын, сонымен қатар, микроқоспалардың қатынасы мен болмысына байланысты бірдей талшықтарды дифференциациялауды іске асыратын текстильдік талшықтардың құрамын зерттеудің тиімді әдісі.

Бұл қарастырылып отырған әдіс өз тиімділігін шарикті қаламсаптардың сияларын, сондай-ақ түрлері ұқсас сияларды дифференциациялауда байқатты. (Түрлі-түсті сиялар пролизінің негізгі өнімдері – гептан, изооктан, параксилол және стирол. Бірақ олардың сияның әр түсті түрлеріндегі бөлігі әр түрлі). Осы әдісті қолдану арқылы кәдімгі қатардағы жағдайларда жоғарғы температура әсерімен хромотографиялауы өте қиын немесе мүмкін емес мұнай өнімдерінің түрлерін зерттеген өте тиімді. Мұның көмегімен синтетикалық жабысқақ заттар зерттеледі. Синтетикалық желімдердің пролизінің негізгі өнімдері: гексан, бензол, толуол, ксилол және стирол; желімнің әр түрінде олардың тиесілі үлес-қатынастары болады, олардың анықталуы осыған байланысты.

Пиролитикалық газ-хромотография жарылғыш заттарды зерттеуде аз қолданылмайды. Пирохроматограммаларды зерттеу нәтижесінде тротпил, тетрил, гексан, ниторцеллюлозалық және пироксилиндік оқ-дәрі сияқты жарылғыш заттардың тек өзіне ғана тән негізгі заттар жиынтығы болатыны анықталды.

Осылайша, талдау мәліметтеріне сүйене отырып, кейбір жарылғыш заттардың топтық тәуелділіктері жайлы қорытынды жасауға болады.

Сот сараптамасының мақсатымен қатар, міндеттері де сараптамалық практикадағы әдістерді таңдау мен қолдануға әсер етеді. Әр түрлі деңгейлердегі сараптама міндеттерінің мазмұны оның және әдістің шешімін таңдауды анықтайды, себебі ондай әдіс біреу-ақ немесе сараптама әдістерінің шектеулі шеңберіндегі бір әдісі болуы мүмкін. Қорыта келгенде, зерттеу әдісін таңдау - сол таңдау жасалатын жағдайларға тікелей байланысты болады. Сараптама объектісі мен оның соттың зерттеуінде одан ары қолданылу жолына байланысты тәсіл таңдалады. Оның объектіге әсер ету көрінісі ескеріледі. Объект зерттеуге қандай ахуалда келді, оны тура сол күйінде сақтау қажет болуы мүмкін. Бұдан зерттеудің ештеңені өзгертіп-бұзбайтын әдістерін қолдану мүмкіндігін бөліп көрсетуге болады.

Автокөліктердің ұрланғандығына байланысты зерттеу, оның сыртқы белгілері бойынша, мәселен, моторының боялғаны немесе басқалай өзгертілгені - көлікті байқап көру арқылы ешқандай қиындықсыз анықталады. Дегенмен, іс-дағдыда тек еш өзгеріс әкелмейтін тыңғылықты, бақылау құралдарын қолданғанда ғана - бөліктердің тұтастығын сақтай отырып, сараптама мақсатына ойдағыдай табысты жетуге болатындығын байқаймыз. Ондай құралдарға вихрлі, магниттік-ұнтақтық, рентгендік дефектоскоптар және магнитті-қалыңдық өлшеушілері жатады.

Вихрлі дефектоскоптар ВД-81Н және ВД-11ЛЦ бұйымның бетіндегі сызатты байқауға мүмкіндік береді. Анықталатын сызықтардың минимумдық мөлшері: ұзындығы-2 мм.-ден кем емес, ені: 0,5 мм.-ден кем емес, жарық 0,01 мм-ден кем емес. Ақауларды қалыңдығы 0,3 мм лак бояулардың астынан анықтауға болады. Сонымен қатар, оның көмегімен металдың құрылымының біркелкі еместігі (мысалы пісіру-сварка) және көзге көрінбейтін әр түрлі текті металдардың бөлінген шекарасы сияқты ақауларын анықтауға мүмкіндік бар.

Жоғарыда көрсетілген вихрлі токтарға негізделген дефектоскоптар маркерлеу мақсатында панель бөліктерінің өзгертілгені, бастапқы маркерлеуге екінші рет тағы басқа маркерлеу жүргізгендігін анықтауға жол ашады.

МДЭ-20Ц типтес магниттік-ұнтақтық дефектоскоптар маркерлеу мақсатында панель бөліктерін өзгерту, бастапқы маркерлеуге екінші рет тағы басқа маркерлеу жүргізгендігін анықтауға жол ашады.

Шанақ таңбаларындағы мүмкін болар өзгертулерді анықтау үшін зерттелетін жерге суспензияның (20-30 г. темір ұнтағы мен 1 л. су) біраз бөлігін қойып, магниттік өріс туғызу қажет. Егер панельдің сваркаланғаны немесе маркерленуінде өзгерістер байқалса, магниттік бөлшектер бұл зақымданған аймақты анық көрсетеді.

Рентген-30-2, МИРА-2Д рентгендік дефектоскоптар маркерлеу мақсатында панель бөліктерінің өзгертілгендігін, бастапқы маркерлеуге екінші рет тағы басқа маркерлеу жүргізгендігін анықтауға мүмкіншілік береді.

Автотранспорттық құралдардың маркерленуін зерттеуде біршама қиындықтар болатынын атап өткен дұрыс. Вихрлік дефектоскоптар сараптамалық орындардың ешқайсысында жоқ десек те болады. Қолда бар рентгендік құралдың қуаты өте аз, сол себепті маркерленген аумақ ауданын қарағанда, сәулелері мотордағы ерітінді қалыңдығынан өте алмайды.

Сарапшылар химиялық реакторларды белгілі бір шектелген шеңберде қолданады. Бұны біріншіден, қалған реактивтердің қолда жоқтығымен, екіншден, сол реактивтер мен оларды қолдану әдістерін сарапшылардың өздерінің білмейтіндігімен түсіндіруге болады. Жоғарыда келтірілген объективті және субъективті себептер автокөлік агрегаттарының маркерленген бейнелеулерін анықтау тек 56 % жағдайларда ғана кездесетініне әкеліп соқтырады.

Біз негізінде, сараптамалық іс-дағдыдағы бүгінгі күнгі физикалық, физика-химиялық тәсілдерді қарастырып өттік. Дегенмен, бұл сот сараптамасының дамуына зерттеудің тек физикалық тәсілдері ғана өз үлесін қосуда деген сөз емес. Біздің ойымызша, физика, ондағы жаңалықтар, онда қалыптасқан әдістер практикалық сараптамалық таным процесінде негізгі факторлар рөлін атқарады. Физика, физикалық құралдар және оның әдістері жаратылыстанудың барлық тармақтарына етене еніп кеткен. Ол әрбір ғылымда, соның ішінде, сот сараптамасында да байланыстырушы құрал іспеттес. Сараптамалық зерттеулер жүргізгенде, қандай да болмасын зерттеу объектісі сарапшы қолына түсіп, сан қилы өзгерістерге ұшырайтыны хақ. Осы жағдайдағы физикалық құралдардың сот сараптамасына енуі сарапшы әрекетінің пәрменділігін жоғарылатады. ны істің алға басуына әкелетіндігін аңғартады. Физиканың интеграциялық потенциалы сот сараптамасында зерттеліп отырған объект жөнінде және оның қандай өзгерістерге ұшырағаны туралы мәлімет алуға болатын процестер мен құбылыстар жайлы керекті білім жинақтайтын теориялық және практикалық әдістерінде көрінеді.

Зерттеудің химиялық және биологиялық әдістері сот сараптамасының теориясы мен практикасында үлкен орын алады. Тіпті, сот-сараптамасының объектілері химиялық немесе физикалық заттар болатынының өзі, мысалы, жануарлар және өсімдіктер әлемінің объектілері (мал жүндері, жапырақ, дән, ұрық, т.б. өсімдіктер бөліктері), немесе химиялық қоспалар (дәрі-дәрмек, мұнай өнімдері, басқа да сұйық заттар, т.б.), зерттеліп отырған объектілер табиғаты жайлы үлкен мәлімет беретіндігін көрсетеді, демек, сот сараптамасының да нәтижелі аяқталуына ықпал етеді. Химиялық, биологиялық әдістердің кемелденуі мен дамуы, оларды сараптама практикасына модификациялаеған түрде енгізу соңғы жылдары сот сараптамасының алдына қойған мақсаттарына табыспен жетуге мүмкіндік берді. Бұл – жарақаттаған құрал, адам денесі мен киімі арасындағы байланысты, өртенген тоқыма бұйымдарды зерттеу арқылы оқ атылған қашықтықты анықтау тәсілі.

Ғылым интергациясы тек оның әр түрлі ғылымдардың бірігуі нәтижесінде күрделенуінде ғана емес, интеграцияланушы ғылымдардың әдістерінің өзара сіңісіп кетуінде. Бұл белгілі бір сот сараптамасының негізін құраушы ғылымның осы салада қолданылатын әдістер қатары артады, сәйкесінше, бұл сараптама әдістерінің диапозоны кеңейе түседі.

Заттық айғақтардың соттық-медициналық сараптамасындағы бір бағыт - қанды зерттеу болып табылады. Қанды зерттеу сараптамасы әр түрлі деңгейде: топтық жүйелердің (төменгі деңгей) жекелеген қасиеттері бойынша (антигена); толық және толық емес фенотиптер бойынша; топтық жүйелердің гаплотиптері мен генопиттері бойынша жүргізіледі.

Қанның құрамынан атадан-балаға берілетін әр түрлі қан жүйесінің антигеналары анықталады. Антигеналардың үйлесуі қасиеттері сараптамада зерттелетін қан топтарын құрайды.

Генетикалық кодтың әмбебаптығы қылмыстық іс бойынша жүргізілетін сот сараптамасында маңызды мәнге ие болды. Адамды оның қанынан және бөлініп шыққан сұйықтар ізінен тауып алу 80-інші жылдардың басында табылған ДНК гибервариабельдігіне (ВБ) негізделген. (3)

Анықтау сараптамасының бұл жаңа кезеңінің дамуы адамды (жаңа алынған, қатып қалған) қанның, сперманың, түкіріктің, шаштың, т.б. микроіздері арқылы, әрине, егер олардың құрамында ДНК жасушалары болған жағдайда, табу арқылы күрделі қылмыстық істерді ашуға үлкен ықпал жасайды.

Бұл әдістің сараптамалық практикаға кеңінен енуін молекулалы генетика білімін меңгеріп қана қоймай, осы салада жұмыс істей алатын мамандардың өте аз болуы қиындатып отыр. Дегенмен, бұл тәсілдің сот сараптамасындағы орны мен тиімділігі ерекше.

Осылайша, бүгінгі күні қан қасиеттерін зерттеудің мүмкіндіктері кеңейе түсуде. Бұндағы негізгі фактор – зерттеудің сапа жағынан өзгеше басқа деңгейге: қанның топтық қасиеттерінен жекелеген қасиеттеріне өтуі болып табылады.

Сараптамалық зерттеулердің бүгінгі күндегі әдістері сол әдісте қолданылатын жабдықтама базасына, сот шешіміне тікелей әсер ететін сараптама нәтижелерінің қаншалықты нақты да дұрыс шаққандығын қамтамасыз ететін техникалық құралдарға тығыз байланысты болады. Техниканың дамуы сараптама әдістерінің дамуымен және кемелденуімен қатар жүреді.

Бұл белгілі бір заңдылықтарға сүйенген. Мысалы, техниканың қолданылатын материалдарға байланысты өзгеру заңдылықтары мынандай белгілермен сипатталады: а) техникалық қолданыс аясына енгізілетін табиғи материалдар қатарының кеңейе түсуі; б) жасанды материалдар қолданысының артуы; в) табиғи және жасанды материалдардың әркез жетілдіріліп отыруы.

Техникалық құрылғы-жабдықтардың қызметі мен құрылымы сияқты конструктивтік ерекшеліктеріндегі өзгерістер әсерінен техниканың өзгеру заңдылықтары мынандай тенденциялардан байқалады: а) еңбек құралдары мен оның элементтерінің дифференциациялану процесі мен арнайы бағытқа бағындырылуы; б) оның элементтерінің унификациясы процесімен қатар техникалық құралдардың күрделене түсіуі; в) автоматтандырылу.

Түрлі салалардағы техника бір мезгілде дамымағанмен, олар бәрібір өзара байланысты болады. Бұл жағдай зерттеліп отырған объектілердің қасиеттерін терең әрі кеңінен танып білуге мүмкіндік беретін, яғни бар тәсілдердің мүмкіндіктерін кеңейте түсетін кешенді сараптама әдістемелерінің қайта өңделуіне негізделген ғылыми білімнің интеграциясы мен диференциациясы үдерісін жеделдетеді.

Ақпарат тасушы-заттық дүниелердің табылуы мен зерттелуі, сот сараптамасының жаңа түрлерінің ғылыми негіздерінің жүйелі түрде қалыптасуымен қатар сот сараптамасының түрлеріне сәйкес ғылыми базасы бола алатын ғылым салаларында жүзеге асырылатын іздемелі зерттеу. Бұндай іздемелі зерттеу мақсаттары мынадай болуы тиіс:

1) мақсаты жағынан сот сараптамасы мен қылмыстық істі ашу міндеттемелерімен жақын әрі сәйкес келетін ғылым салаларын таңдау керек, мысалы, егер іс белгілі бір объектілерді табу туралы болатын болса, объектіні өзіне ұқсас басқа да объектілер қатарынан оның дара қасиеттерін бөліп көрсетіп, оның басқаларымен қатынасын анықтау мақсатында дәлелдемелер жинау;

2) білімнің нақты бір аумағында сот сараптамасында және дәлелдеу барысында тағы да қолданысы тиімді болатын әдісті таңдау;

3) таңдалып алынған әдіс тікелей әрі өзгеріске ұшырамай қолданыла бере ме, әлде сот сараптамасында белгілі бір түр өзгертушілікке, өзгеше қалыпқа енуі тиіс пе деген сұрақтардың шешімін тауып алу керек. Егер өзгеріске ұшырауы керек болса, онда бұндай процеске қандай құрал-жабдықтар және бұл әдісті қолданушының бойында қандай білім дағдысы болуы міндетті;

4) сот сараптамасында қолданылатын әдістердің анықтық-дұрыстық дәрежесі анықталатын “аналық” ортада іріктеліп алынған әдістердің нәтижелілігі жайлы деректер негізінде объектілердің кез-келген түріне қолданыла береді;

5) құрамындағы іріктеліп алынған әдістер бұрынғыдан да тиімді нәтиже көрсете алатын сараптама әдістемесін анықтау.

Жаңа зерттеу әдістерінің пайда болуы – ол сот сараптамасынан өз орнын таба кетеді деген сөз емес. Бүгінде ғылыми-техникалық құралдардың үйлесімді дамуы мен ұйымдастырудың кемелденуі - оларды практикалық қолданыста құқықтық басқару керектігі жайын бекер қозғамаса керек.

Ол – бүгінгі таңдағы қылмыстағы негізгі мәселелердің бірі.

Кейде бүгінгі таңдағы тәсілдер мен құралдар олардың қолданылуын құқықтық басқару және ұйымдастырудың, жүйелік ұйымның басқа да жағдайларында қабылданбайды және тозған деп танылады.

Өкінішке орай, бұндай тәсілдер сот сараптамасында тек оларға деген аса қажеттілік туғанда ғана қолданылады. Біз сот сараптамасының дамуының негізі болып саналатын қызықты парадоксты қарастырудамыз. Тек заң ғана емес, нақты және техникалық ғылымдар саласындағы білімдерді, сондай-ақ, жаңа заманның зерттеу тәсілдері бойынша білімдерді тек проблемалық жағдай туғанда ғана сот сараптамасына қолданады.

Біздің ойымызша, сараптама практикаларына қылмысты тез әрі дер кезінде ашуға көмектесетін ғылыми-техникалық жетістіктерді, жаңа әдіс-тәсілдерді, әдістемелерді енгізу жайлы мәселені бүгіннен бастап тыңғылықты қарастырған дұрыс.


Резюме

В настоящей статье авторы рассматривают вопросы совершенствования научно-технических средств и методов судебной экспертизы, их освоения криминалистической практикой. Показана интегрирующая роль естественных и технических наук в криминалистике, основные направления ее практической реализации в экспертно-криминалистической работе.

Предназначена для работников экспертных учреждений, правоохранительных органов, преподавателей и студентов юридических вузов.


Summary

Іn thіs artіcle author consіders the ways to іmprove research technіques and methods of judіcіal examіnatіon to be used іn crіmіnalіstіc practіce.

The artіcle emphasіzes іntegratіon of natural and technіcal scіences іn crіmіnalіstіc and dіscloses іts maіn practіcal realіzatіon іn crіmіnal examіnatіons.

Desіgned for crіmіnalіstіc experts, law protectіon bodіes, faculty and students of jurіdіcal specіaltіes.


Пайдаланылған әдебиет:


1. Ищенко Е.П., Иванов Н.А. Лазеры как средство получения и исследования материальных объектов в доказательственной деятельности //Доказывания по уголовным делам, Красноярск, 1986.

2. Василевский А.Н. Профилография вещественных доказательств, М. 1983.

3. Стегнова Т.В. Исследование крови методом генетископии, М. 1991.

4.Лейстер Л., Буйташ П. Химия в криминалистике, М. 1990.

5. Наумкин Ю.В. Научно-технический прогресс и проблемы борьбы с преступностью, М, 1990.

6. Актуальные вопросы использования достижений науки и техники в расследовании преступлений органами внутренних дел (вопросы криминалистики), Труды Академии, М. 1990.

7. Снеткова Т.В., Иоанесян Л.С. Изучение возможностей использования гена наследственности (ДНК) в криминалистических целях (“геномная” дактилоскопия) //Тезисы научного доклада по теме НИР – ВНИИ МВД, М. 1989.

Похожие:

Зерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде iconСот баллистикалық сараптама
Сот баллистикалык сараптама объектілерінін әр алуандығын ескергенде, ол мына түр тармақтарына жіктелуі мүмкін атыс қаруының (оның...
Зерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде iconСот биологиялық сараптама
Сот-сарапшылық биологиялық зерттеу көбінде жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, халықгар денсаулығы мен адамгершілікке қарсы қылмыстар,...
Зерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде iconПсихология пәнінің зерттеу объектісі
Психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін...
Зерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде iconВ республике казахстан
Азақстан республикасындағы сот-сараптама қызметін реттейтін нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ актілер
Зерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде icon16 Сот-сараптамалық биологиялық зерттеу
Биологиялық текті объектілерді сараптамалық зерттеу кезеңдері. Стадии экспертного исследования объектов биологической природы
Зерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде icon«Экологиялық нормалау және сараптама негізі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым
Пәнінің ұғымы мен мәні. Экологиялық нормалау және сараптама негізі сипаттамасы және деңгейлері. Гаж бұл деректер қоры, анықтамалық-ақпараттық...
Зерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде iconКурс № Циклы тк № Пәндердің атауы
Сот жүйесі сот органдарының құрылысының түсінігі; сот буындары мен инстанциялары; сот органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің...
Зерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде iconКурс № Циклы тк № Пәндердің атауы
Функцияны зерттеу және дифференциалды мен интегральды есептеу әдістерін меңгеруі тиіс
Зерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде iconҚарағанды мемлекеттік медицина университеті
Студенттердің ауру этиологиясын, патогенезінің негізгі бөлімдерін, клиникалық көріністердің, диагностика әдістерін,емдеу, профилактика...
Зерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде iconДастенова Лайля -валеология пәні мұғалімі Сыныбы
Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу, оқу құралдарының әзірлігін тексеру. Сынып оқушыларын мынадай рөлдерге бөлу: сот,сот кеңесшілері,қорғаушы,айыптаушы,жәбірленушілер,айыптылар,куәгерлер,психолог,милиция,сот...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница