Скачать 233.33 Kb.
|
| №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы Кітапхананың жылдық жұмыс жоспары 2010-2011 оқу жылы Бекітемін №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназия директоры Ж. Баймұратова І. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары Саяси- идеологиялық бағыттағы жұмыстар Кітапхана міндеті мен ережесі Негізгі бақылау көрсеткіштері Балалардың ынтасы мен оқу ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары Оқырманды кітапханаға тарту жұмысын ұйымдастыру Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстары Эстетикалық этикалық тәрбие негізінде сұлулық, нәзіктік жайлы және өлке тануға байланысты насихаттау Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, тілімізді насихаттауға бағытталған жұмыстар Активтермен жұмыс Оқулыққа байланысты жүргізілетін жұмыстар 2. Саяси- идеологиялық бағыттағы жұмыстар. Жас ұрпақтың өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында туған өлке туралы білімін кеңейту. Ондағы мақсат ғасырлар бойы қасірет тұтып келген ар-намыс, ождан имандылық, инабаттылық, ата-анаға, отанға, туған өлкеге, туған елге, жерге, тілге ,дінге сүйіспеншілікке сияқты асыл қасиеттерді сіңіру. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 06.04.2009 жылғы Қазақстан халқына жолдауымен таныстыру, Қазақстан – 2030 стратегиясының бағытындағы тапсырмаларын насихаттау. Қазақстанның жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік прогресі жайлы әңгімелесу, кітаптарға шолу жасау. Мектеп кітапханасының міндеттері мен ережесі Мектеп кітапханасы- мектептің құрамды бір бөлігі. Ол оқушылардың білім негіздерін үйренуге көмектеседі, бағыттайды. Оқу тәрбие жұмысына белсене араласуына ықпал жасайды. Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, олардың оқуға деген талғамын қанағаттандырып отырады. Кітап оқуға құштарлығы бар оқушылардың жаңа ұжымын құрайды. Кітапханашы жан-жақты тәрбие жұмысын мектеп педагогикалық ұжымымен біріге отырып оқырмандардың қоғамдық белсенділігін, творчестволық дербестігін қалыптастырып отыруға міндетті. Кітапхана балалардың қоғамдықұйымдарымен тікелей байланыста болуы керек. Сондықтан әрбір кітапханашы өз міндеттерін түсініп оқушылардың жүйелі түрде кітап оқуларына басшылық жасап отыру керек. 3. Балалардың ынтасы мен оқу ерекшелігін зерттеу жұмыстары «Кітап-білім бұлағы, оны сүйіңдер!» -деп М.Горкий айтқандай, кітап балалар үшін қуаныш-қызық қана емес, тәрбие бастауы. Кітапқа деген құштарлық балаға алғаш мектеп есігін ашқаннан пайда болады. Әліппені қолға алып, бірінші әріппен танысқаннан бастап, кітап әлеміне, оқуға деген құштарлық оқушыны кітапханаға қарай жетелейді. Кітапханада әр оқушының жеке кітап оқуы ынтасы мен ерекшелігі зерттеліп, қабілетіне қарай әдебиеттер ұсынылады, библиографиялық шолу, дауыстап оқу, ауызша әңгіме айту тағы да басқа библиографиялық жұмыс түрлері жүргізіледі. Оқырмандарды кітапхана тіршілігімен қызметімен таныстырады. Кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алып ғылыми, кәсіби және саяси санасының қалыптасып, білім дәрежесінің дамуына әсер ету, оқушыларға кітап таңдап алуға және онымен жұмыс жасай білуге көмектесу. Сондай – ақ оған түсініксіз мәселелер мен фактілерді табуға жетекшілік ету. Олардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Адамзат қауымында жиналған білім қазынасына таныстыру. Творчестволық ізденісті, белсенділікті зерттеушілік қасиетті қалыптастыру. Сонымен қатар оқырмандардың талап-тілектерін қанағаттандырып, оқу мәдениетіне тәрбиелеу. Қажет болған жағдайда тиісті шешім қабылдай білуді үйрету. 4. Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстары. Тәрбиенің міндетін, оқырманның ерекшелігін кітапхана қорын ғана біліп қою кітапханашыға аздық етді. Мысалы: Ересек балаларды биік адамгершілік қасиеттерге баулуға тамаша еңбек ерлері туралы адамның сұлулығын халық бақыты жолындағы күрескерлер туралы кітап көрмелерін ұйымдастыру көрмедегі кітаптарға шолу жасау арқылы адамгершілік тәрбиелікке баулуға болады 5.Эстетикалық этикалық тәрбие негізінде сұлулық, нәзіктікжайлы және өлке тануға байланысты насихаттау Адамның жеке басының эстетикалық мәдениеті – оның жалпы мәдениеттілігінің көрінісі. Адамның асыл қасиеті эстетикалық сезімді өсіретін эстетикалық талғаммен көзқарасты қалыптастырып кісінің эстетикалық мәдениетін дамытып жетілдіретін фактілердің ішінде ең үлкен орын алатын шешуші роль атқаратын әдебиет пен өнер сондықтан да мектеп кітапханасының педколлективпен біріге отырып, оқушыларға жазушылардың , суретшілердің ақындардың музыканттардың , театр мен кино қайраткерлерінің өмір жолдарын баяндайтын шығармаларымен және еңбектерін кеңінен насихаттап оқушылардың оқуына ұсынып отыру керек. 6. Оқулыққа байланысты жүргізілетін жұмыстардың түрлері 1 Оқу жылының басында сынып жетекшілерімен пән мұғалімдерімен біріге отырып сыныптарды оқулықпен қамтамасыз ету. /1-11 сыныптар/ 2 Оқулықтардың таза ұсталуын сынып жетекшілерімен оқушылардан үнемі талап етіп отыру. 3 Оқулықтардың тазалығын айына 1 рет, оқушылардан ұйымдасқан активтермен біріге тексеріп отыру. 4 Жыл бойына оқулықтарын таза ұстаған оқушылардың оқулықтарын «Сіздерге рахмет» атты көрмеге қою. 5 Оқулықтарды таза ұстауға сынып аралық жарыстар өткізу. 6 Жыртылған оқулықтарды «Кітап емханасынан » өткізу /түптеу/ 7 Кітабыңды күтіп ұста! Деген тақырыпта еркін әңгімелесу. 8 Кітап- білім бұлағы атты ертеңгілігін төмен сынып мұғалімдерімен бірігіп өткізу 9 Аудандық білім бөлімінен бөлінген оқулықтарды дер кезінде алып, кітапхана есеп кітабына тіркеп, белгі соғып отыру. 10 Кітапхана қорынан көнерген, жыртылған оқулықтардан, оқу бағдарламасы ескірген, оқуға жарамсыз әдебиеттерден тазартып отыру. 7. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді, тілімізді насихаттауға бағытталған жұмыстар.
8. Оқырманды кітапханаға тарту жұмысын ұйымдастыру Кітап балалар үшін қуаныштың ғана күші емес жан-жақты тәрбиенің қайнар бұлағы. Ол ұрпақты айналадағы өмірмен таныстырады, адамгершілік қарым-қатынастар, жақсылық пен жамандық, шындық пен әділдік жөніндегі түсініктерін қалыптастырады. Кітапқа деген сүйіспеншілік одан алған білімін өмірге қолдана білу балаға өзінен - өзі келе қоймайды. Бұл жерде кітапханашының, мұғалімнің, ата-ананың белсенді көмегі керек. Жан азығы кітапты оқуға жас ұланды «Балалық» аталатын балғын шақтан тәрбиелеген абзал. Кейбір кітап оқымайтын оқушылардың ата- аналарымен сөйлесу педсоветте сынып жетекшілеріне айту, ұйымдасқан түрде талқылау, экскурсияға шығу және тағы басқа әдістерді қолдана білу арқылы мектепте бірден –бір оқымайтын оқушы болдырмау үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізу керек. Оқушыларды кітапханаға тарту мақсатында олармен жүргізілетін көпшілік жұмыстардың мынадай түрлерін жүргізуге болады. 1. Кітап көрмесі 2.Әңгіме 3. Дауыстап оқу 4. Оқырмандар конференциясы 5. Библиографиялық шолулар 9. Активтермен жұмыс. Активтермен жұмыс нағыз оқырман коллективін тәрбиелеу болып табылады. Активті тәрбиелеу ісі кітапханашының күнделікті жұмысында балалармен әртүрлі көпшілік жұмыстарын өткізу барысында жүзеге асырылып отырады. Актив оқырмандар арқылы көптеген балаларды кітаппен жұмыс істеуге үйреніп кітапхана әлеміне қызықтырып оларды кітапқа деген ынтасын арттырады. Оқу жылы басында активтерді қайта сайлап, оған жетекшілік ететін оқырмандар жетекшісін сайлап алу. Активтердің күн сайын кітапханаға кезекшілік етуін қамтамасыз етіп отыру. Кітапхана жұмысы түрлерін активтерге таныстырып оларға жұмыстар беріп отыру 10. Кітапхана кеңесінің мүшелері 1 Жолдиева Роза - кітапхана меңгерушісі 2. Нысанбаева Айман – кітапханашы
4. Қалкөзов Т. – кәсіподақ төрағасы. 5. Шәлекеева Н. – тәлімгер 6. Мадиева Айгүл – орыс тілі пәнінің мұғалімі 8 «Ә» сынып Кітапхана актив мүшелері
Мақсаты: Білім беру процесі субъектілерінде білім сапасын арттыру Міндеттері: 1. Оқырман мәдениетін қалыптастыру 2.Оқырман қажеттілігін анықтау 3.Ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету Жұмыс бағыттары:
Қыркүйек айының жоспары
Қазан айының жоспары
Қараша айының жоспары
Желтоқсан айының жоспары
Қаңтар айының жоспары
Ақпан айының жоспары
Наурыз айының жоспары
Сәуір айының жоспары
Мамыр айының жоспары
|
![]() | Идеологиялық жұмыс жергілікті атқарушы орган жұмысының жылсайынғы Жоспарына сәйкес жүргізіледі, бұл Қазақстан Республикасы Президентінің... | ![]() | Кафедраның оқу әдістемелік жұмысының негізгі бағыттары (Оқу әдістемелік нұсқау, құралдарды, силлабустарды баспадан шығару жоспары,... |
![]() | Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті сіздерді 2011 жылдың 25-26 наурыз күндері өтетін «Тілдер әлемі және мәдинетаралық... | ![]() | Халыққа білім берудегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады |
![]() | Сәйкестік шкаласы. Өндірушінің және тұтынушының тәуекелдері. Сертификаттауды дамытудың жағдайы және негізгі даму бағыттары: Сәйкестікті... | ![]() | Білім күні” Көмекші құралдармен көрме ұйымдастыру. Мұғалімдерді жаңа оқулықтармен таныстыру. Көрме ұйымдастыру |
![]() | Азаматтардың ақпаратқа құқығын қамтамасыз ете отырып, кітапхана оқырмандарға Интернетті пайдалануды ұсынады | ![]() | |
![]() | Инвестициялық іс-әрекет қиыншылықтарын шешу жолдары және негізгі жетілдіру бағыттары 57 | ![]() | Р. экономикасының қазіргі салалық құрылымы және оны қайта құрудың негізгі бағыттары |