Кеңес Одағының Батырлары Спицын Василий Петрович




НазваниеКеңес Одағының Батырлары Спицын Василий Петрович
Дата конвертации23.09.2012
Размер62.9 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://balkhashlib.kz/files/meet_1_4_3.doc
Кеңес Одағының Батырлары


Спицын Василий Петрович


1941 жылы Балқаш қаласына көшіп келіп, мыс қорыту зауытына жұмысқа түскенде, ол келешекте қаламыздың құрметті азаматы атағын алады, оның аты көшелеріміздің біріне беріледі деп ешкім де ойламаған болар. Бірақ оның пешенесіне осылай жазылған болып шықты.

1941 жылы июльде В.П. Спицын Қызыл Армия қатарына шақырылды. Василий Петрович Қазақ КСР-і Ақмола (қазіргі Астана) қаласында құрылған 310-шы атқыштар дивизиясының құрамында жүріп соғысқа кірді. Жауынгерлік жолын Ленинград түбінде бастады. Артиллерия зеңбірегінің нысанашысы болды. Ұлы Отан соғысы кезіндегі оның майдангерлік жолы ұзақ болды. Ол Ленинград қаласын қорғап, Псковты, Новгородты, Прибалтиканы, Польшаны, Пруссияны азат етуге қатысты. 1944 жылғы 31 наурыздан 2 сәуірге дейін Псков облысының Кузьмино және Воронино деревнялары маңындағы жаудың қорғанысын бұзу кезінде 76 миллиметрлік зеңбіректер артиллеристері жаяу әскерлермен бірге ұрысқа шықты. Василий Спицын дәл атып, жаудың бір зеңбірегін, расчетімен екі пулеметін жойды, бақылау пунктін қиратты және жиырмаға жуық жаяу солдаты мен офицерін жер жастандырды. Сөйтіп, жаяу әскердің тапсырмасы ойдағыдай орындалуына көмектесті. Бұл ерлігі үшін дивизия командирі Спицынге үшінші дәрежелі Даңқ орденін тапсырды.

1945 жылы 27 ақпанда Шығыс Померанияның Хаммерштейн қаласының маңайында жаудың ірі күші біздің әскерге тұтқиылдан шабуыл жасады. Жарылған артиллерия снарядтары мен қарша бораған пулеметтердің оқтарының астында қала тұрса да, сержант Спицыннің расчеті батареяда бірінші болып жауға қарсы оқ жаудырды. Бүкіл батареялар олардан үлгі алып, жаудың екі танкісін, бірнеше атыс ұяларын талқандады. Жау шабуылы тоқтатылып, неміс группировкасы ыдыратылып жіберіледі. Осы шайқастағы ерлігі үшін Василий Петрович Спицын екінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. В.П. Спицын ірі өнеркәсіп орталығы әрі порт Гдыня қаласын алудағы ұрыстарда да тайсалмай, батылдықпен қимылдады. Польшаның бұл көне қаласын азат етудегі ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша аға сержант Спицын бірінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды, яғни Кеңес Одағы батырларының қатарынан орын алатын болды.

Василий Петрович Спицын Жеңістен кейін Балқаш қаласына оралып, мыс қорыту зауытында жұмыс істеді. Мұнда ол 30 жылдан астам еңбек етті. Өндіріс озаты ретінде 1971 жылы «Октябрь Революциясы» орденімен марапатталды, 1975 жылы оған «Балқаш қаласының құрметті азаматы» деген атақ берілді.


Дереккөзі: Жаңабекұлы С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары [Мәтін]: Тарихи-өмірбаяндық очерк – Почетные граждане города Балхаша [Текст]: Историко-биографический очерк. – Балхаш, 2000. – 152 с.


Николай Павлович Калмыков


1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Ол Ұлы Отан соғысын Москва түбінде бастап, Берлинде аяқтады. Н.П. Калмыков Қиыр Шығыста артиллерист болып қызмет атқарды. Майданға 1941 жылы ноябрьде келіп, Серпухов маңында Ұлы Отанымыздың астанасын қорғады. Қырық бес миллиметрлік зеңбіректер взводы Днепрден өткенде алдыңғы қатардағы отряд құрамында болды. Плацдарм үшін ұрыстың алғашқы сағаттарында нысанашы Николай Калмыков біздің жаяу әскерлерге жақсы көмектесті. Жаудың екінші рет қарсы жасаған шабуылы кезінде взвод пен бөлімше командирлері жараланды. Командирлікті сержант өзіне алды.

Белоруссия операциясы кезінде Кеңес әскері алға жедел жылжыды. Бұл ұрыстарда аға сержант Н.П. Калмыков өзін ерекше көрсетті. Подречье деревнясы жанындағы бір ғана ұрыста ол өзінің зеңбірегімен отызға жуық гитлершілерді, қару-жарақ тиеген автомашинаны жойып жіберді. Бірнеше күннен кейін Николай тағы да айрықша көзге түсті. Оның пушкасы Свилочь елді мекеніндегі қоршаудағы группровканы жоюға ұмтылған біздің жауынгерлердің өзеннен өтуін қамтамасыз етті. Зеңбірек расчеты соңғы снаряды қалғанша жаудың барлық шабуылын табандылықпен тойтарып отырды. Бұл ұрыста көрсеткен ерлігі мен табандылығы үшін коммунист Н.П. Калмыков үшінші Даңқ орденімен марапатталды. Калмыков бастаған зеңбірек расчеты жойқын ұрыста да болды. Жау қоршаудан шығуға жанталасып жекпе-жек ұрысқа келгенде, зеңбірек командирі бес фашисті жайратып, ержүректік пен батырлықтың үлгісін көрсетті.

1945 жылы 16 апрельде Кеңес Армиясының бөлімдері Берлинге шабуылға шықты. Гольцов қаласы бағытынағы плацдармы үшін болған бір ұрыста Калмыковтың расчеты жаудың екі дзотын қиратып, үш пулеметті және онға жуық гитлершілерді жойып жіберді. Берлинге барар жол ашылды. Бұл ерлігі және Бобруйск қаласы түбіндегі қоршаудағы жау группировкасын талқандаған. Березин өзенінің плацдармын ұстап тұрғаны үшін коммунист Н.П. Калмыков бірінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Бұдан басқа да «Қызыл Жұлдыз» ордені және 9 медальдің иегері болды. Оның Балқаштағы еңбек жолы 1955 жылы басталды. Алғашқы күннен бастап ең қиын да күрделі мамандықты таңдайды. Түсті металл өңдейтін зауытта балқытушы болады. Технологиялық өдістердің сырын тез үйренеді. 1971 жылы жеңілдік берілетін тізім бойынша зейнеткерлікке шығады. Н.П. Калмыковтың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен еңбек майданындағы қажырлы, сапалы жұмыстары ескеріліп, оғаң 1975 жылы «Балқаш қаласының құрметті азаматы» деген атақ берілді.


Дереккөзі: Жаңабекұлы С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары [Мәтін]: Тарихи-өмірбаяндық очерк – Почетные граждане города Балхаша [Текст]: Историко-биографический очерк. – Балхаш, 2000. – 152 с.


Асфандьяров Закир Лутфрахманович


1918 жылы Башқұрт АССР-інің Красноуюль ауданындағы Утяк селосында туған. 1939 жылы ол Омбы әскери училищесінің курсанты болды. Одан кейін Қиыр Шығыста әскери қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде артиллерия орудиесінің командирі ретінде алғы шепте болды.

1965 жылы 9 мамырда «Балхашский рабочий» газетінде Ч. Михайловичтің «Батыр өз арамызда» мақаласы басылды. Оның мазмұны ержүрек, батыл, батыр, Отаны мен халқын сүйетін адам туралы. Ал дәлдеп айтсақ, орудие расчетының командирі З.Л. Асфандьяров өзінің жаумен алғаш шайқасуын Москва үшін шайқаста Тихвин қаласы түбінде бастады. Жауға Курск түбінде Днепрде соққы беріп, Винница мен Львов қалаларын жаудан босатты және Висла мен Одерден өтіп, соғысты Берлинде аяқтады.

Сержант Закир Лутфрахманович командир болған орудиенің расчеты соғыс кезінде фашистердің ондаған танкісін, машиналарын, зеңбіректерін, пулеметтерін және көптеген солдаттары мен офицерлерін жойды. Төрт күнде, яғни, 1943 жылғы 5-9 шілде аралығында оның расчеты Курск шайқасында жаудың тоғыз танксін қиратып, көптеген жауынгерлерін қырды. Осы ұрыстағы ерлігі мен жауынгерлік шеберлігі үшін ол «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Закир Лутфрахманович, әсіресе Корсунь-Шевченко операциясында батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетті.

Жау 1944 жылы 25 қаңтарда Винница облысының «1 Мая» совхозы жерінде қарсы шабуылға шықты. Жаудың жаяу әскерін көптеген самолеттер мен танктер сүйемелдеді. Асфандьяровтың расчеты жаудың танктеріне қорықпастан қарсы соғысты. Расчет жаудың 10 танкісін және көптеген солдаттарын жойып, олардың шабуылын тойтарды.

Міне, осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 1 шілдедегі Жарлығы бойынша Закир Лутфрахмановичке Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді. Батыр мұнан кейін де фашистік басқыншыларға қарсы ерлікпен күресті. Львовты азат ету ұрыстада шеберлік пен ержүректік көрсеткені үшін ол 1 дәрежелі Отан соғысы орденімен, Берлинді алуда «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Асфандьяров Польша үшін болған ұрыста да көзге түсіп, «Варшаваны азат еткендігі үшін» медалімен, польшалық «Польшаның азаттығы және тәуелсіздігі үшін» медалімен марапатталды.

Соғыстан кейін көп уақыт Балқашта тұрып, Шығыс Қоңырат руднигінің № 6 шахтасында тіркеуші, смена мастері, смена бастығы болып істеді.

1975 жылы оған «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.


Дереккөзі: Жаңабекұлы С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары [Мәтін]: Тарихи-өмірбаяндық очерк – Почетные граждане города Балхаша [Текст]: Историко-биографический очерк. – Балхаш, 2000. – 152 с.

Похожие:

Кеңес Одағының Батырлары Спицын Василий Петрович iconРеферат дайындау
Мақсаты: Фашистік Германия кезіндегі Жеңіске үлес қосқан дәрігерлермен танысу, Совет Одағының дәрігер батырлары, Ұлы Отан соғысына...
Кеңес Одағының Батырлары Спицын Василий Петрович icon2. 1 тмд-ғы интеграция тарихы
Жалпы алғанда, сексенінші жылдардың екінші жартысындағы экономикалық, саяси жағдайлар Кеңес Одағының тоқырауы мен күйреуіне негіз...
Кеңес Одағының Батырлары Спицын Василий Петрович iconҰшқан ұя
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег...
Кеңес Одағының Батырлары Спицын Василий Петрович icon9 орта мектеп, І санатты тарих пәнінің мұғалімі
Жеңіс. Ұлы Отан соғысының ІІ дүниежүзілік соғыстағы орны. Соғыстың нәтижелері. Соғыс шығындары мен зардаптары, зияндары, әлемнің...
Кеңес Одағының Батырлары Спицын Василий Петрович iconҚазақ халқының ұлы перзенті, қаhарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы-xx ғасыр биігінде тұрған дара тұлға
Алық шағын Қаратау, Алатау қойнауларында өткізіп, асау заманмен арпалыса жүріп есейген, қоғамның небір сұралып, қиян-кескі кезеңдерінде...
Кеңес Одағының Батырлары Спицын Василий Петрович iconМоскаленко Иван Васильевич
Республикадан соғысқа жіберілген ең алғашқы әскери жасақ құрамынан шыққан оның әскери дәстүрі, Кеңес Одағының Батырларының данқты...
Кеңес Одағының Батырлары Спицын Василий Петрович iconҚожапенес Қошчанов
Кеңес одағының тарқауы оның аймағына кіретін мемлкеттердің егемендік алуларына себеп болды. Өз тәуелсіздігін жариялаған әрбір мемлекет...
Кеңес Одағының Батырлары Спицын Василий Петрович iconСемёнов-Тян-Шанский, Вениамин Петрович
Вениамин Петрович Семенов-Тян-Шанский (8 апреля 1870, Санкт-Петербург — 8 февраля 1942, Ленинград) — русский и советский географ,...
Кеңес Одағының Батырлары Спицын Василий Петрович icon2-бап. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы және кедендік шекара
Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт ҚР 2010 жылғы 25 маусымдағы №293-іv заңымен ратификацияланды
Кеңес Одағының Батырлары Спицын Василий Петрович icon18 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан атамыздың өмір жолдары, ерлік күресі, халқына сіңірген еңбегі жайлы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница