Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы (25 1893, Солт. Қазақстан обл., қазіргі Мағжан Жұмабаев ауд., Сасықкөл жағасы 19 1938, Алматы)




Скачать 88.62 Kb.
НазваниеЖұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы (25 1893, Солт. Қазақстан обл., қазіргі Мағжан Жұмабаев ауд., Сасықкөл жағасы 19 1938, Алматы)
Дата конвертации23.09.2012
Размер88.62 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://temakosan.net/_ld/3/340___.doc
Мағжан Жұмабаев

Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы (25.6. 1893, Солт. Қазақстан обл., қазіргі Мағжан Жұмабаев ауд., Сасықкөл жағасы — 19.3.1938, Алматы) — Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Атасы — Жұмабай қажы. Әкесі Бекен сау-дамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі — Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 — 10 ж. Ю>ізылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттық жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихына дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоу-си, Сағди, Хафиз, Омар һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 ж. шыққан Абай өлеңдерін оқып, "Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға" деген өлең жазды. 1910 — 13 ж. Уфа қ-ндағы "Ғалия" медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ'. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас

орнатады, болашақ көрнекті жазушы Ъ.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 ж. Қазан қ-ндағы Кәрімовтер баспасында "Шолпан" атты тұңғыш өлеңдер жинағыт басылып шығады. "Садақ" журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 — 16 ж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. :'Бірлік" ұйымы жұмысысқа белсене араласып, " Балапан" қояжазба журналын шығару-ға қатысады. Э.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, М.Жұмабаев "Қазақ"газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Акмола облыстық, қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола обл. қазақ к-ті құра-мына сайланды. Мәскеу қ-нда өткен Бүкілресейлік мү-сылман съезіне қатысты. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Щүрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. "Алаш"пар-тиясының Ақмола обл. к-тінің мүшесі болды. "Үш жүз" партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуык абақтыға отырып шық-ты. Екінші жаллы қазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалык етті. 1918 — 19 ж. Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919

— 23 ж. Ақмола губ-лық "Бостандық туы" газетінде, "Шолпан", "Сана" журналдарында, "Ақжол" газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жүмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы "Батыр Баянды" жазып, жарыққа шығарады. 1923 — 27 ж. Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркем өнер ин-тында оқиды. Онда орыс өдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достыққарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сыяға ұшырады. 1924 ж. 24 қарашада Мәсксу қ-ндағы Шығыс еңбскшілсрі коммунистік ун-тінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Ж-тың 1922 ж. қазанда, 1923 ж. Ташкеште басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы "Еңбекші қазақ" газетінің 1925 ж. 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жа-быққан ақын "Сәлем хат" деген өлең жазды. Ол "Тілші" газетінде жарияланды. "Еңбекші қазақ" газетінің 1924 ж. 19 желтоксанындағы санында С.Мұқановтың"Св-лем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына" деген ескертпемен "Сәлемге сәлем" деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, "уралап айқайламадың" деген кінәмен, тап күресіне белсе-не араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Ж. қатаң сынға алынды. Ж. 1927 — 29 ж. Бурабайда, одан соқ Қызылжарда оқытушьшық қызметтер атқдрады. 1929 ж. Ж. "Алқа" атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айьтптаулармен Мәскеудегі Бутырқа түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 ж. М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қ-нда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабак беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгеру-шісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қыз.меттен босатады. 1937 ж. наурызда Ж. Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 ж. қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеум. тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзия-М. Жүмабаевтың Петропавл қа-сындағы ескерткішінін өшпес маңызын бірден танып, оны "хакім" деп атады, ұлы ақынның "мың жыл жұтса дәмі кетпес" сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байьпты. Ж. ел ішіндегі әлеум. мәселелерді көтерді ("Шын сорлы"), халқын өнер-білімге шақырды ("Ләззат қайда?", "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", "Балалықшақ", "Казағым", "Қарағым'', "Осы күнгі күй", "Мен сорлы"). Бірқатар өлендерін махаббат тақырыбына арнады ("Жас келін", "Зарлы сұлу", "Сүйгеніме", "Алданған сұлу"). Өз поэзиясының алғашқы қа-дамдарынан бастап ақтық. демі біткенге дейін Ж. ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктсрге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі — отаршылдық деген шешімге келді. Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды ("Туған жерім — Сасықкөл"). Ақын халқымсн бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленді халыктарының бірлігі тақырыбы Ж. поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті. Авдн дүние-танынына Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті. Ол жас өрсн жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды. "Шолпан" жинағындағы "Орал тауы" өлеңінде: "Қосылғыш батыр түрік балалары, Таптатпа, жолын кесіп тізгінге орал", — деп жазды. Ерекше атап өтетін бір жайт — Ж-тың түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, ро-

Петропавл қаласындағы М. Жұмабаев көшесіндгі жорық идеясы туды ("Жарыма", "Есімде... тек таң атсын", "Жаралы жан", "Мен жастарға сенемін", т.б.). Ж. шығармаларындағы романшылдық сарын, әсіресе, оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ақын символизмі болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, ке-лешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардын қолында деген сенімге айналды ("От", "Пайғамбар", "Күн-шығыс", "Жаралы жан", Айға", т.б.). Ақын дыбыс-буынның соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті ("Шолпы"). Ж. поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі — түркі тақырыбы. Түрмантикалык сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады. Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық та-қырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді ("Орал тауы", "Алыстағы бауырыма", "Жср жүзінде", "Қазақ тілі", "Тез ба-рам!", "Түркістан", "Орал"). Сондай-ақ, Ж. "Пайғамбар" өлеңінде "Ғұн — түріктің арғы атасы" десе, "Түркістан" атты өлеңінде 'Түркістан — ср түріктің бесігі ғой" деп асқақ рухпен жырлады. Ж-тың түрікшілдік сезімі 1919 - 23 ж. Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік халқының азаттык соғысына арналған "Алыстағы бауырыма" атты өленінде айрықша байқалады. Оның бұл өлеңін Мұстафа Шоқай "Яш Түр-кістан" журналында (1930, №1) жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты және ең пайдалы өлең деп бағалады. Ж. — философ ақын. Ақынның филос. көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-кайшылықты филос. ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені бір-тұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жа-ратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпінеді, үстем болғысы келеді ("От")- Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың ішкі құпия астарын ұғынғысы келеді. Ж-тың тұжыруынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бөрінен безінетін жан ("Қиял құлы мен бір ақын"). Ақын "Қорқыт" поэмасында философиядағы мәңгілік ташрып

— өмір мен өлім мөселесін Қорқыт пен ажалдың суы түрінде суреттейді. Ажалт хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді бол-май қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол.

Ж. қазақ лирикасының сыршылдыгын тсрендетгі, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына төн ("Сүй, жан сәулсм", т.б.). Ж. — әлемдік поэзияда экол. тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі ("Айда атынды, Сәрсембай", "Шойын жол"). Ол тех. прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді. Ж. қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәне-рін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психол. әлемінің құпия сырларын, иірімдсрін, даму диалектикасын шеберлікпен

Анкарадағы (Түркия) М. Жұмабаевқа қойылғап ескерткіш

кестелеіп өрнектей білді. Ж. поэмаларына лирикалық тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән. Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуанышпен жырлай білді ("Ба-тыр Баян", "Оқжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", "Өтірік ертегі", "Шын ертегі"). Акын шығарм-ғының үлкен бір арнасы — халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мүғалімдерге арнап "Педагогика" (1922, 1923), "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні" (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубокір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті. Ж. аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Клльцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мят-лов, А.А. Блок өлеңдсрін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударлы. Таңдаулы прозалык шығармалар аударумен қоса Ж. "Шолпанның күнәсі" әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психол. талдау, сана ағымы әдістерін енгізді. Кеңестік жүйенін қуғын-сүргінінің кұрбаны болған Ж. есімін ақтау ісі 1958 ж. қолға алынлы. Осы жылы ресми комиссия қүрылып, ақынның тандамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай, Ж. шығармалары басылмай қала берді. 1960 ж. Түркістан әскери окр. оскери трибуналының алқасы шешімімен Ж. толығымен, біржола ақталды. Ж. есімі ақталса да ол жөнінде Қазақстан Жазушыдар одағы мен ғылыми мекемелергс хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзак уақыт бойы Ж. шығармаларымен жете таныса алмай келді. Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. 1969 ж. Ж-пен қызметтес, таныс болған адамдар Ж-ты ақтау, шығармаларын жариялау керсктігі жөнінде Қазақстан басшыларықа хат та жолдаған болатын. Бірақ Ж-тың шығармалары 1989 ж. ғана қайтадан жариялана бастады. 1995 жылдан М.Базарбаев, С.Қирабаев, Х.Абдуллин, Ш.Елеукенов, Б.Дәрімбет, Ш.Сариев бастаған ғалымдар тобы Ж-тын 3 томдық шығармаларын шығаруды қолға алды. Ж. шығарм-ғын теренірек зерттеу еліміздің егемендік алуынан бергі кезсңде ғана нақтылы жолға қойылды. Ж. есімін мәңгі есте қалдыру бағытында да бір-шама жұмыстар атқарылды. Алматы жәнс Петропавл қ-ларында бір-бір көшеге Ж. есімі берілді. Петропавл қ-нда және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солт. Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауд. Мағжан Жұмабаев ауданы болып аталды (2000).

Шығ.; Қазақтың көңіл күйі. өлең, "Үзік" жинағында, Орал, 1912; Шолпан, өлсңдер, Қазан, 1912; Өлеңдері, Қ.-О., 1922; Әлең-дері, Таш., 1923; Шығармалары, А., 1989; Таңдамалы, А., 1992; Шы-ғармалар, 3 г., А., 1995.

Әдеб:. Аймауытов Ж., Мағжанның ақындық туралы. "Лениннін жас" журналы, №5, 1923; Тоғжанов Ғ., Жүсіпбектің сыны. Мағжанның ақындығы туралы, М., 1926; Тоғжанов Ғ., Әлебиет және сын меселелері, К..-0., 1929; Мұқанов С, XX ғасырдағы қазақ әдебисті. І-бөлім, Ұлтшылдык, байшыдық дәуірі, А., 1932; Мағжан Жұмабаевтың. Ахмет Байтұрсыновтың және Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволык мұрасын зерттеу жөніндегі комиссияыың қорытындысы. "Социалистік Қазақстан" газеті. 198У, №29М; Елеукенов Ш.. Магжам. А., 1995; Қойгелдиев М., Алаш қозғадысы, А., 1995; Нүр-п е й і с о в К., Алаш һөм Алашор-да, А., 1995.


www.TemaKosan.netПодготовка к ЕНТ, книги, рефераты т.д. Все для студента!

Рефераты на русском, казахском, украинском, английском, узбекском!

На сайте все бесплатно, скачивание без регистрации, качественные материалы

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы (25 1893, Солт. Қазақстан обл., қазіргі Мағжан Жұмабаев ауд., Сасықкөл жағасы 19 1938, Алматы) iconӨмірбаны
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы...

Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы (25 1893, Солт. Қазақстан обл., қазіргі Мағжан Жұмабаев ауд., Сасықкөл жағасы 19 1938, Алматы) iconАкция «Бір ел – бір кітап» Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырлары
«…мен Күн ұлы, Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар»: Мағжан Жұмабаев шығармашылығына арналған әдеби панорама

Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы (25 1893, Солт. Қазақстан обл., қазіргі Мағжан Жұмабаев ауд., Сасықкөл жағасы 19 1938, Алматы) icon2012-2013 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жергілікті бюджет)
«Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы (25 1893, Солт. Қазақстан обл., қазіргі Мағжан Жұмабаев ауд., Сасықкөл жағасы 19 1938, Алматы) iconПресс-релиз 2010 жылғы мамырдың 11-і мен 14-і аралығында Мағжан Жұмабаев аудандық сотында қаралатын кейбір сот істерінің өту уақыты
Булаев қаласынан Петропавл қаласына шыққан. Б., өзінің немқұрайлылығы мен менмендігіне басып, қоғам мүшелеріне қауіп төндіретінін...

Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы (25 1893, Солт. Қазақстан обл., қазіргі Мағжан Жұмабаев ауд., Сасықкөл жағасы 19 1938, Алматы) iconСҚо мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Конкурстық комиссия төрағасының орынбасары: Шишкова Наталья Яковлевна – «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм...

Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы (25 1893, Солт. Қазақстан обл., қазіргі Мағжан Жұмабаев ауд., Сасықкөл жағасы 19 1938, Алматы) iconМАҒжан жұмабаевтың «батыр баян» поэмасы
Абылайды айтпай кетуге болмайды. Жастайынан Төле бидің қолында өскен Сабалақ жорықтарға қатысып, ерлігінің арқасында елдің айбатты...

Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы (25 1893, Солт. Қазақстан обл., қазіргі Мағжан Жұмабаев ауд., Сасықкөл жағасы 19 1938, Алматы) iconТәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар Азаттықтың ақ таңы атқалы он бес жылда облысымызда орнатылған ескерткіштер елдік еңсемізді биіктетіп тұр
З тіріліп, жлоғымыз түгенделуде. Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Тұрар, Мұстафа сынды арыстарымызды алыш болып ардақтап, талай...

Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы (25 1893, Солт. Қазақстан обл., қазіргі Мағжан Жұмабаев ауд., Сасықкөл жағасы 19 1938, Алматы) iconОрганизация методической работы в соответствии с госо 2006 года
Жұмабаев У., Әубәкіров Ә. Б., Досаев Т. М. ж т б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005

Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы (25 1893, Солт. Қазақстан обл., қазіргі Мағжан Жұмабаев ауд., Сасықкөл жағасы 19 1938, Алматы) icon«Қазіргі әлемдегі ислам: Даму барысы мен болашағы» Халықаралық ғылыми симпозиум Алматы, Қазақстан, 2012 жыл, 18-22 сәуір
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Қазақстан), Мармара университеті (Түркия), Шет тілдер және іскерлік каръера университеті...

Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы (25 1893, Солт. Қазақстан обл., қазіргі Мағжан Жұмабаев ауд., Сасықкөл жағасы 19 1938, Алматы) icon9. 1931. Алматы обл., Нарынқол ауд., "Қара саз", қазіргі "Энгельс" к-зы, 1976, Алматы ақын. Орта мектепті бітірген соң, ауыл-дық Кеңестің
Көптеген өлеңдеріне ән шығарылды. Д. Дантенің, У. Шекспирдің, У. Уитменің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница