Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі




Скачать 262.44 Kb.
НазваниеҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Дата конвертации07.02.2016
Размер262.44 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/51424.doc

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер кафедрасы


«19 ғасырдағы қазақ әдебиеті » пәнінен 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР


Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41




БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

(қолы) (аты-жөні)

20__ж. «___»____________


Қ
ұрастырушы: _____________ф.ғ.к, доцент Муталиева Р.М.

( қолы) (аты-жөні)


Филология, журналистика және өнер кафедрасы

(кафедра атауы)


«19 ғасырдағы қазақ әдебиеті» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау


Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

(факультет атауы)

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)


МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама


1-тақырып . Кіріспе

19 ғасырдағы ұлттық сөз өнері дамуының ерекшеліктері. Ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрі сабақтастығы мұрасындағы түркі өркениеті және ислам мәдениеті көріністері.

Қазақстан жерін отарлау жұмыстары: барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, ресми қазақ хандықтарының жойылуы, аға сұлтандық, болыстық, старшындық, ауылдық отарлық басқару жүйесінің енгізілуі. Ресей империясының қазақ елін отарлау саясатына бағытталған ресми құжаттары: «Сібір қазақтарының Уставы»(1822), «Орынбор қазақтарының Уставы»(1824).

Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы (1787-1797) және оның 18-19ғғ әдеби, фольклорлық шығармашылық мұралардағы көріністері.

19 ғасырдың бірінші жартысында отарлық езгіге қарсы Қазақстанда болған қарулы көтерілістер: Қаратай сұлтан (1797-1814), Арынғазы сұлтан(1816-1821), Исатай-Махамбет (1836-1838) бастаған көтерілістер, олардың әдеби шығармаларда бейнеленуі.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы (1824-1847) және оның қазақ әдебиеті жанрларындағы үлгілері. Кенесары, Наурызбай және олар бастаған қозғалысқа қатысқан батырлар туралы тарихи жырлар: Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай», Доскей Әлімбаевтің «Кенесары», Жүсіпбекқожа Шаихисламұлының «Қисса Наурызбай төре» дастандары, Досқожа ақынның «Кенесары қоныстан ауғанда айтқаны» өлеңі, «Кенесарының өлеңі», «Кенесары жырының бірнеше ауызы» атты халық өлеңдері.

Қазақстан жеріндегі Ресей патшалығы отаршылдығының (19ғ екінші жартысы) күшейе түсуі. Ресейдің отарлық саясатына және Хиуа,Қоқан хандықтарының басқыншылық соғыстарына қарсы көтерілістер:Есет батыр (1853-1859), Жанқожа батыр Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария бойындағы, 1867-1870 жылдары Орал, Торғай, Маңғыстау облыстары халқының көтерілістері туралы тарихи жырлар.

Зар заман ақындарының поэзиясы және оның әдеби дамудағы реалистік маңызы.

Ресейдегі капиталистік қарым-қатынастар дамуының Қазақстандағы табиғи байлық шикізаттарының көздерін игеруге ықпалы.Сауданың дамуы. Ақмола, Атбасар, Қарқаралы, Қарқара, Талды-Қоянды жәрмеңкелері және олардың қазақ өнерінің кең танылуындағы маңызы.

Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайы. 19 ғасырдың бас кезіндегі оқыту түрлері. Бұқара, Самарқан, Хиуа, Ташкент, Қазан, Өфе, Түркістан,Ақмешіт қалаларындағы медреселерден білім алған қазақ оқығандарының ағартушылық қызметі.

Отарлау саясатының мақсаты үшін әртүрлі оқу орындарының Омбыда, Семейде, өскеменде, Верныйда,Торғайда,Қостанайда,Ырғызда ашылуы.Монғол, қытай,парсы, т.б. Азия халықтары тілдерін оқытатын Азияттық училищенің ашылуы(1889).Орынбор қаласындағы Сібір кадет корпусының (1847), Неплюев кадет корпусының ашылуы. Бөкей ордасында орысша және татарша сауат ашумектебінің ашылуы. Омбыда (1872), Ташкентте (1879) мұғалімдік семинариялардың ашылуы.

19 ғасырдың 90 жылдарында Пішкекте, Қапалда, Жаркентте, Верныйда ауыл шаруашылығы мектептерінің ашылуы.

Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты: ең бастысы – патшалық өкіметтің отарлау саясатының мақсатын орындау, екіншісі – ғылымдық ізгі ниет.

Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын, фольклорын патшалық империяның отарлау пиғылына орай игеруді негізгі мақсат еткендер: Левшин, Семенов- Тянь-Шаньский,Ильминский,Алекторов, Паллас.

Ғылымдық ізгі мақсатта, адал ниетпен халық мұрасын жинап, зерттегендер: Радлов, Березин, Потанин, Диваев.

Қазақ-орыс әдеби байланыстарының ұлттық өзін-өзі тану мен қоғамдық ой-пікірдің дамуына қазақ даласында 19 ғасырда әр түрлі себептерсен болған орыс жазушыларының, ғалымдар мен ағартушыларының (Пушкин, Толстой, Достоевский, Даль, Плещеев, Дуров) игі ықпалы. Көптеген орыс жазушыларының шығармаларында қазақ халқы тұрмысының суреттелуі(Аксаков, Михайлов, Лесков, Успенский, Короленко).

Пушкиннің Пугачев көтерілісіне байланысты материалдар жинау мақсатымен Орынборға келгені. Пугачев бүлігі туралы кітабында қазақ, башқұрт және т.б. азиялық халықтар туралы жазуы. Оралда болғанда «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастанының мазмұнын жаздыртып алғаны.

Украйн ақыны Швченконың шығармашылығындағы қазақ халқы тақырыбы, оның Қазақстанда, Арал теңізінде айдауда (1847-1857) болуы. Ақынның «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қыз», «Байғұстар», т.б. суреттерінде қазақ ауылы тұрмысының реалистікпен бейнеленуі. «Менің ойларым» атты өлеңінде украйн-қазақ өмірін салыстыра суреттеуі.

Шетелдік ізгі ойлы зиялылардың қазақ халқы, оның әдет-ғұрпы, өнері туралы этнографиялық- публицистикалық жазбалары. Мысалы, американ журналисі Джордж Кеннанның «Сібір және жер аударылғандар», поляк революционері Янушкевичтің «Қазақ даласы бойынша саяхаттан күнделіктер мен хаттар», поляк суретшісі Залисскийдің «Қазақ сахарасына саяхат» атты кітаптары, қазақ тұрмысынан алып жазылған ағылшын Клер Клермонттың «Владимир мен Зара» поэмасы.

19 ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы реализм, романтизм тәрізді көркемдік әдістердің көріністері.Ауызша және жазбаша ақындық дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сілемдерінің сақталуы. Ежелгі түркілік, шығыстық жазба әдеби дәстүрлермен сабақтастық. Фольклордағы синкретизмнің әнші-ақындар шығармашылығы арқылы жаңғыра көрінуі. Жаңа реалистік жазба әдебиеттің лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза жанрларының , философиялық трактат, аудармалық және назиралық шығармалардың қалыптасуы, дамуы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [5], [8], [9]. [11], [17].


2-тақырып Дәстүрлі ақындық поэзия. Дулат Бабатайұлы

Дулат Бабатайұлының өмірі туралы мәлімет.Шығармаларының жариялануы, зерттелуі. Патшалық отарлау саясатының басқару жүйесін сынаған өлеңдеріндегі туған жерді, атамекенді құрметтеу әуендері: Дулатжарасың», «Ата қоныс Арқадан», «Әуелі қазақ деген жұрт».

Арнау,толғау өлеңдерінде өз ұлтының рухани әлеміндегі жағымсыз мінез-құлықты сынауы: «Сусағанда сулатып», «Бараққа», «Кеңесбайға», «Ешенге», «Сендер түгіл құмырсқа», «Туралыққа көшпеген», «Қылжың, қылжың туысқан», «Атаны бала алдады».

Дулат өлеңдеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі туралы ойлар: «Тегімді менің сұрасаң», «Ұста соққан темірдей», т.б.

Сатиралық тілмен, мысал мазмұнда бернелеу (аллегориялық) тәсілмен жырлаған шығармалары: «Айтпасымды айтқыздың», «Сары шымшық»,т.б.

«Еспембет» дастанының әдеби-фольклорлық сипаттары. Дастанның композициялық құрылысы. Еспембет бейнесінің сомдалу ерекшелігі. Дастандағы жанама кейіркерлер: Ер Қосай, Қабанбай, Ақтанберді. Дастан тілінің бейнелілігі.

«Шаштараз» дастаны. Халық аңызына құрылған дастан оқиғасының негізгі түйінінің сыр сақтай білушілікті уағыздау екендігі.

Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері. Өлеңдерінің өлшем-өріміндегі жаңашылдығы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [5], [8], [9]. [11], [21].


3-тақырып Махамбет Өтемісұлы

Махамбет өмірі туралы мәлімет. Махамбет шығармаларын жариялау,зерттеу жұмыстары туралы мәлімет (Х.Досмұхаммедұлы,Қ.Жұмалиев,Б.Аманшин).

Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік,романтикалық толғаудың ақыны.Ақын жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер («Ереуіл атқа ер салмай», «Беркініп садақ асынбай», «Атадан туған аруақты ер», «Ұл туса», «Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Арқаның қызыл изені», «Желден де желгір ақбөкен», «Күн қайда?», «Бағаналы терек жарылса», .т.б.)

Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі («Орай да борай қар жауса», «Арғымақ сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Жалған дүние», «Еменнің түбі – сары бал», «Аспандағы бозторғай», «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ», «Жалғыздық», «Қарағай шаптым шандоздан»).

Шығармаларында халық тұлғасы мен Исатай батыр бейнесінің жырлануы («Исатай деген ағам бар», «Кел, кетелік», «Жақия», «Әй, Махамбет, жолдасым», «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай», «Соғыс», «Тарланым», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Есіл ер», «Толарсақтан саз кешіп», «Мұңайма», «Айныман», «Біз ер едік», «Қызғыш құс», т.б.)

Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өзбейнесінің сомдалуы («Менің атым Махамбет», «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі», «Қылыштай қиғыр алмас ем», «Мен - тауда ойнаған қарт марал»).

Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық-ақындық дәстүр жалғастығының белгілері, сондай-ақ ақынның өзіндік төлтума ерекшеліктері. Ақын шығармаларындағы өлшем-өрім, тіл бейнелілігінің мәселелеоі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [6], [10], [9],[11], [12], [16]. [18]


4-тақырып Шернияз Жарылғасұлы

Шернияз Жарыласұлы өмірі туралы мәлімет.Шығармашылығының негізі – суырып салма ақындық. Ол – Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жыршысы.

Ақынның толғау-термелеріндегі өмірдің қайшылықтары (достық пен қастық, қайырымдылық пен зұлымдық, жомарттық пен сараңдық, ерлік пен ездік, т.б.) туралы философиялық толғаныстар, ақындық бағалаулар(«А,Қазы би, Қазы би», «Көл қылып құйдым талай судай ағын», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Тостағанды қолға алып».).

Шернияз шығармаларындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер: «Баймағамбет сұлтанның үйінде айтылған топтама жырлары», «Исатай мен Науша батыр».

Шернияздың Махамбетпен, Абылмен, Қашағанмен дидарласқандағы өлеңдері. Шернияздың шешендік өнері. «Шернияздың батасы», «Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы» атты өлеңдерінің мәні.

Шернияз шығармаларының көркемдік, бейнелілік мәселелері.

Ұсынылатын әдебиеттер :[1], [6], [10], [9],[11], [12], [16]. [18]


5-тақырып Шортанбай Қанайұлы

Шортанбай Қанайұлы өмірі туралы мәлімет. Шортанбай мұрасының жариялануы, зерттелуі. Шортанбай шығармаларын бағалаудағы бұрынғы сыңаржақ пікірлер. Ақынның шығармашылық тұлғасының қалыатасуындағы кезеңдер: Түркістанды, Арқаны мекендеген өмір кезеңдері.

Шортанбайдың ежелгі түркілік-мұсылмандық, сопылық әдебиет дәстүрі(Қожа Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани) тағылымында қалыптасқан ақын екендігі. Ақынның шығармашылығындағы негізгі сарын – имандылықты уағыздау: « Атамыз Адам пайғамбар», «Адамның жалған дүниесі», «Қалықтаған сұңқар ем»,т.б.

Шортанбай – патшалық отарлау саясатын әшкерелеуде реалистікпен жырлаған сыншыл, ойлы суреткер ақын. Шортанбайдың «Зар заман» толғауы- «... ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық күй сарынын бір арнаға тұтастырғандай жиынды өлең» (М.Әуезов). Заман зарын жырлаған толғауларындағы адамның да, табиғаттың да азып-тозатыны туралы мұңлы-шерлі толғаныстары : «Келер заман», «Заман ақыр».

Адамгершілік тәрбие қағидаларын уағыздаған толғаулары: «Бір насихат айтайын», «Сөз айтайын Асанға», «Бала зары».

Айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары : «Шортанбай мен Орынбай айтыстары», «Шортанбай мен Шөженің айтысы», «Шортанбай мен Асан бұғы айтысы».

Шортанбай шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер :[1], [6], [10], [9],[11], [12], [16]. [18]


6-тақырып Сүйінбай Аронұлы


Сүйінбай Аронұлы өмірі туралы мәлімет. Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі. Толғауларының тақырыптық-идеялық мазмұны:

  • елдің тарихы, л қорғаған батырлар туралы : «Бөрілі менің байрағым», «Қарасай батыр», «Өтеген батыр», «Ту алып жауға шықсаң сен», «Сұраншы батыр», «Жабай батыр», «Жақсының тұқымына»;

  • адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары : «Құсмұрын тастың үстінде», «Жақсы менен жаманның айырмасы», «Нақылдар», «Біз сонаршы түлкі қуған», «Жақсы болса ағайын»;

  • халыққа жәбір-жапа шектірген озбырлық жасаушыларды, сараңдарды , ұрыларды, екіжүзділерді сынаған толғаулары, өлеңдері: «Зар жылатып момынды», «Датқаларға», «Үмбетәліге», «Әділеттік орнаса», «Момын малын зұлымға алып беріп», «Ноғайбайға», «Атекеге», «Қайыпназарға», «Жүсіпқожаға».

  • әйелге, адамның жастық, кәрілік , жас кезеңдеріне арналған өлеңдері: «Әйелдердің нұр сипаты», «Жиырма беспен қоштасу», «Жиырма бестің айтқаны», «Өмір ағысы », «Әуелі кәрілік келіп түрімді алды»,т.б.

Сүйінбайдың айтыстары – қазақтың сүре мен түре айтыстарының үлгілері : «Сүйінбай мен қарғаның айтысы»(мысал айтыс), «Сүйінбай мен Қаңтарбай», «Сүйінбай мен Күнбала», «Сүйінбай мен Кескен кекіл», «Сүйінбай мен Тәті қыз», «Сүйінбай мен Уәзипа», «Сүйінбай мен Бақтыбай», «Сүйінбай мен Тезек төре», «Сүйінбай мен Қатаған» айтыстары.

Ұсынылатын әдебиеттер :[1], [6], [10], [9],[11], [12], [16]. [18]


7-тақырып Майлықожа Сұлтанқожаұлы


Майлықожа Сұлтанқожаұлы өмірі туралы мәлімет. Майлықожа – араб, парсы, ежелгі түркі классикалық әдебиетімен, қазақтың фольклорымен, жыраулық поэзиясымен жете таныс, білімдар ақын.

Шығармаларының жанрлық түрлері: толғау-термелер, арнау өлеңдер, мысал өлеңдер, айтыстар.

Толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар:

- адамзатты биіктікке , парасаттылыққа үндеу: «Райымқұлға», «Ноғай мырзаға»;

- жақсылық пен жамандық қасиеттерді даралау: «Ілімге толсын көкірек», «Дүниеге мейман көңілім», «Жөн білсең жолдасыңа жоба көрсет»;

- фәни жалғанның өткіншілігі, адамдардың бір-біріне қонақ екендігі: «Ажал бір келмес болсайшы», «Не жүйрік өтті дүниеден», «Дүние», т.б.

Арнау өлеңдеріндегі адалдықты уағыздау,озбырлықты әшкерелеу: «Тұрлыбекке», «Ескі мырза, манаптар, бегі, салы», «Алдаберген байға».

Мысал өлеңдерінде бернелеу (аллегория) арқылы адамзат өмірінің қайшылықты сырларын бейнелеуі: «Тотықұс», «Қасқыр», «Үш жігіт», «Бұлбұл».

Майлықожа – табиғат құбылыстарының шынайы суреттерін қазақ аулының тұрмысымен байланыстыра жырлаушы: «Жылдың төрт мезгілі».

Айтыстары: «Майлықожа мен Айман», «Майлықожа мен Гүлханым».

Ақын шығармаларының көркемдігі мен бейнелілігі.

Ұсынылатын әдебиеттер :[1], [6], [10], [9],[11], [12], [16]. [18]


8-тақырып Базар Оңдасұлы


Базар Оңдасұлы өмірі туралы мәлімет. Ақындық қалыптасу жолындағы негізгі кезеңдер. Шығармашылығындағы басты жанрлар. Жазба және ауызша дәстүрдегі жыраулық-ақындық өнер ерекшелігі.

Толғау-термелеріндегі тақырыптық-идеялық мазмұн ерекшелігі:

- көңіл-күйдің алуан сырларын айшықтайтын философиялық толғаныстары: «Құмарын тарқат алқаның», «Дүние қудым», «Әлі де сенде арман жоқ», «Тездетіп жігіт күнім өтіп кеттің», «Бір кезде Базар едім», «Бай да өткен, батыр да өткен», «Өсиет».

- халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары: «Жамиғы қазақ бір туған», «Түбі туыс байтақ ел», «Ел жақсылары», «Қарындастың қамы үшін», «Атасы жақсы қандай-ды».

Лирикалық өлеңдерінде сыршылдық пен махаббат («Ғашық жарым»), табиғат («Көктем») тақырыптарын жырлауы.

Сатиралық өлеңдеріндегі өткір ойлы,сыншыл-сықақшыл тіл өрнектері : «Келдім де түсе қалдым өзімсініп», «Қаражан болысқа».

Дастандарындағы («Айна-тарақ», «Әмина қыз», «Мақпал-Сегіз») фольклорлық сипаттар иен авторлық, реалистік көркемдік шешімдер.

Базар шығармаларындағы көркемдік нақыштар, бейнелілік.

Ұсынылатын әдебиеттер :[1], [6], [10], [9],[11], [12], [16]. [18], [13]


9-тақырып Мұрат Мөңкеұлы


Мұрат Мөңкеұлы өмірі туралы мәлімет. Мұрасының жариялануы, зерттелуі. Мұрат шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдік. Зар замандық сарындағы шығармаларындағы лирикалық кейіпкер – ақын тұлғасына тән биіктік, романтикалық әуенді гуманизм сипаты. Мұрат – патшалық отарлау саясатының зиянды зардаптарын анық болжаған ақын. Ежелгі түркі, Тұран тайпалары мен қазақ халқының атамекендерінің мәңгілігін, тұрақтылығын аңсауы, қайырсыз қоныстардан шошынуы. «Үш қиян», «Қазтуған», «Сарыарқа», «Әттең, бір қапы дүние-ай!» толғауларындағы халқының азып-тозбауын аңсаған романтикалық ой-армандары.

Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық : «Мұраттың жалпы айтқаны», «Топқа түскендегі толғауы», «Өлім».

Арнау («Қыз», «Боранбайға айтқаны»), хат-өлең («Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны»), тойбастар («Қаратоқай Беріш Есеттің баласы Арман мырзаның қыз ұзатуындағы тойбастар») жанрларындағы шығармалары.

Мұраттың жыршы-ақындығы, Сыпыра, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет, Махамбет, Шернияз, т.б. ақындар жырларының Мұраттың айтуында сақталғандығы. Мұрын жырауға Мұрат үйреткен он төрт батырлық жыр: «Қарадөң батыр», оның ұрпақтары «Жұбаныш батыр», «Сүйініш батыр», «Төгіс батыр», «Тама батыр», «Тана батыр», «Нәрік батыр», «Шора батыр», «Құлыншақ батыр», «Ақжонас батыр», «Кеңес батыр», «Жаңбыршы батыр», оның баласы «Телағыс батыр», «Оғыз батыр».

«Қарасай-Қази» дастаны. Дастанның композициясындағы қоштасу, жоқтау жырларының лирикалық әсерлілігі.

Айтыстары. Жылқышымен (1860), Бала Оразбекпен (1863), Жаскелеңмен (1868), Жантолымен, Тыныштықпен болған айтыстарының шығармашылық ерекшеліктері, тілдік-көркемдік нақыштары.

Мұрат ақын шығармашылығындағы романтикалық, азаматтық сарындардың қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер :[1], [6], [10], [9],[11], [12], [16]. [18]


10-тақырып Әбубәкір Кердері Боранқұлұлы


Әбубәкір Кердері Боранқұлұлы өмірі, шығармашылығы. Ақынның толғау, термелеріндегі заман зары, отарлық езгіден азып-тозып бара жатқан қазақ елінің тағдыры туралы күйзеліс («Заманның опасыз халіне айтқан өлеңі», «Өткен еркіншілік заманды жоқтап айтқан толғауы»).

Адам өмірінің тарихы туралы философиялық толғау («Сырқау болып жатқанда айтқан өлеңі»).

Айтыстары: «Кердері мен Құлымбет», «Қожахмет пен Кердері Әбубәкір», жұмбақ айтыстарындағы өмір құбылыстарын баламалай, мегзей бейнелеу шеберлігі.

Ақын шығармашылығының тілдік өрнектері, көркемдік ерекшеліктері, бейнелілік сипаттары.

Ұсынылатын әдебиеттер :[1], [6], [10], [9],[11], [12], [16]. [18] [4]. [15]


11-тақырып Сал-серілер, әнші-ақындар. Біржан сал Қожағұлұлы


Біржан сал Қожағұлұлы өмірі туралы мәлімет.Көңіл-күй («Жамбас сипар», «Біржан сал», «Орынбор», «Талай заман», «Ал, дүние,өтеріңді біліп едім»), философиялық («Ер жігіт дүниені көрген артық»), махаббат («Айтбай», «Ләйлім шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Алтын балдақ», «Ақтентек») тақырыптарындағы лирикалық өлеңдері.

Озбырлық жасаушыларды сынау: «Жанбота», «Адасқақ».

«Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны» - қазақтың халық поэзиясының классикалық үлгісі. Айтыстың 1898,1899,1902,1907 жылдары жарияланған төрт нұсқасы. Айтыстың эстетикалық- көркемдік тағылымы.

«Біржан мен Шөже», «Біржан мен қыз» тәрізді қыз бен жігіттің сөз қағысуы түріндегі айтыстарындағы қазақы қалжың ерекшеліктері.

Біржан сал шығырмашылығының көркемдік ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер :[1], [6], [10], [9],[11], [12], [16]. [18] [4]. [15]


12-тақырып Ақан сері Қорамсаұлы


Ақан сері Қорамсаұлы өмірі туралы мәлімет. Ақан сері – қоршаған ортадағы әсемдік әлемін, сұлулық тағылымын жырлаушы суреткер ақын. Тән сұлулығы мен рухани жан дүниелік тазалықты, пәктікті нәзік сезіммен аялай жырлаушы.

Лирикалық өлеңдеріндегі («Адамның біліміне ақыл серік», «Айтамын замандасқа біраз кеңес», «Әйелдер сипаты», «Жігіт сипаты», «Жастық шақтар», «Кәрілік», «Достарыма») көңіл күйлері мен философиялық тереңдікке негізделген мазмұндық ерекшеліктер.

Махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдері: «Сырымбет», «Үш тоты», «Қараторғай», «Кербез сұлу», «Ақкөйлек», «Мақпал», «Торыны таң асырып мінген қандай», «Сүйген жардан айрылдым», «Біздің көңіл қайда жатыр», «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы», «Сүйген қалқа».

Азаматтық әуенді сыншыл сарындағы өлеңдеріндегі заман қайшылықтары мен озбырлықты сынау («Заманға қарап», «Құлагер»).

Аңшылық-саятшылық тақырыбындағы өлеңдері : «Мылтық пен мергеншілік».

Айтыстары: «Ақан сері мен Әділ», «Ақан сері мен Ысмағыл Шаймерден айтысы», «Қожамбет пен Ақан сері», «Ақан сері мен Орынбай», «Ақан сері, Бекәлі және Сүлеймен молда». Ондағы қазақы қалжың бояулары, көркем тіл кестелері.

Ақын өлеңдерінің көркемдігі.

Ұсынылатын әдебиеттер :[1], [6], [10], [9],[11], [12], [16]. [18] [4]. [13]


13-тақырып Сегіз сері Шақшақов


Сегіз сері (Мұхамедханапия) Шақшақов өмірі.Лирикалық ән-өлеңдеріндегі азаматтық, романтикалық әуендер («Қашқын келбеті», «Үміт», «Үш жүзге атым шыққан Сегіз сері», «Көңіл күй»).

Махаббат тақырыбындағы ән-өлеңдері: «Қарлығаш», «Гауһар тас», «Әйкен-ай», «Еңлік», «Қызғалдақ», «Ғани». Табиғат туралы өлеңдері : «Айым - жаным».

Арнау өлеңдеріндегі ел қорғаған батырларды (Исатай батырға арналған «Өкініш», «Ақбұлақ» өлеңдері, «Үбі батырға») мадақтауы және опасыз, екіжүзді бисымақтарды («Шомбал биге») сынауы.

Дастандары : «Алуа -Жарылқамыс», «Зейне- Зайып», «Айсара- Шолпан», «Кер бие».

Суырып салма өнерінің негізінде туған әзіл-қалжыңды қағысулары: «Сегіз бен Дариға қыз», «Сегіз бен төре қызы», «Сегіз бен Шернияз», «Сегіз бен Мақпал».

Сегіз серінің нақыл сөздеріндегі достық, адамгершілік, ерлік, елдік туралы толғаныстар.

Ұсынылатын әдебиеттер :[1], [6], [10], [9],[11], [12], [16]. [18] [4]. [15]


14-тақырып Сара Тастанбекқызы


Сара Тастанбекқызы өмірі, шығармашылығы. Сара – қазақ әйелінің арманын, мұң-шерін поэзия тілімен өрнектеген ақын.

Әлеуметтік теңсіздік, заман зары тақырыбындағы лирикалық өлеңдері: «Жүрек», «Ашындым», «Ортақ мұң».

Табиғат тақырыбындағы өлеңдеріндегі («Шымылдық») лирикалық кейіпкер толғаныстарының мәні.

Арнау өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тағдыры хақындағы зар, мұң және оның әлеуметтік мәні : «Арсалаң алдында», «Аққу», «Қарлығаш», «Торығу», «Қош бол, елім».

Ақынның Біржан салмен айтысы, ондағы Сара өлеңдерінің көркемдігі. «Төребай мен Сара» - қыз бен жігіт айтысы.

Ұсынылатын әдебиеттер :[1], [6], [10], [9],[11], [12], [16]. [18] [4]. [15]


15-тақырып Әсет Найманбайұлы


Әсет Найманбайұлы өмірі, ақындық шығармашылығы.Толғау-термелерінің ,өлеңдерінің әншілік орындаушылықпен, сазгерлікпен тығыз байланыстылығы. Шығармаларындағы өрер,сұлулық,асыл мінез-құлық, еңбексүйгіштік,халық бақыты үшін еңбек ету («Ән басып мейір қандыра салғандай қып», «Жігіттің жігіт болар бейнесінде», «Жас жігіт надандықпен алданады») тақырыптарының жырлануы.

Өмірді сүю, өлімді мойындау жырлары («Болжаусыз осы екен ғой өлім деген»).

Айтыстары. Ақындар айтысының қоштасу-жұбату («Кемпірбай мен Әсет»), қағысу-қалжыңдасу («Әсет пен Кәрібай») мазмұнында сөз жарыстырудағы Әсет тілінің өрнектері. Қыз Бен жігіт айтысы пішініндегі «Әсет пен Рысжан» айтысының мазмұнындағы сөз жарыстырудағы халықтық әдет-ғұрыптарды жырлау ерекшелігі. Жұмбақ айту және оны шешу арқылы ақындық дүниетаным кеңдігінің танылуы.

Дастандары: «Салиха- Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім».

Аудармалық-назиралық шығармалары : «Евгений Онегин».

Ақын шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. Өлеңдеріндегі шешендік сөз үлгілеріне тән бейнелілік өрнектері.

Ұсынылатын әдебиеттер :[1], [6], [10], [9],[11], [12], [16]. [18] [4]. [15]


16-тақырып Шоқан Уәлиханов


Шоқан Уәлиханов өмірі туралы мәлімет. Отбасылық тәрбиедегі әжесі Айғаным мен әкесі Шыңғыстың өнегелі ықпалы. Шоқан мұрасының жариялануы, зерттелуі (Ә.Марғұлан, С.Мұқанов ). Шоқан – қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ғалым. Ол – публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтық көзқарастарындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары.

Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері: «Қазақ шежіресі», «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырғыз-қайсақтардың үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері».

Шоқанның қазақ ақындары Бұқар, Шал, Шөже, Жанақ,Түбек,Орынбай туралы, суырып салмалық өнері, Абылай ханға және қазақ батырларына арналған тарихи жырлар туралы жазғандары.

Шоқанның қырғыздың тарихы мен фольклорына байланысты зерттеулері. «Манас» эросына тұңғыш реет тарихи, әдеби талдаулар жасауы, «Көкетай ханның өлімі және асы» деген үзіндісін орыс тіліне аударуы.

Ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылық – публицистік суреткерлік шеберлік белгілері. Табиғат суреттері, адамның кескін-келбеті, мінез-құлқы, тұрмыс суреттері туралы бейнелі кестелері: «Құлжа күнделіктері», «Алты шаһар», «Қашқария туралы», «Іле өлкесінің географиялық очеркі».

Шоқанның өз ата-анасына, Достоевскийге, Майковке, Гудковскийге, Колпаковскийге жазған хаттары мен ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары.

Шоқан туралы орыс ғалымдарының (Потанин, Березин, Аристов, Веселовский, Бартольд, Ядринцев) еңбектері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9]. [10].


17-тақырып Ыбырай Алтынсарин


Ыбырай Алтынсарин өмірі туралы мәлімет. Ыбырай шығармаларының жариялануы,зерттелуі. Ыбырай – ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этнограф, аудармашы. Ыбырай шығармаларының философиялық, психологиялық қырлары.

Ыбырай – қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы (Киргизская хрестоматия).

Ыбырайдың қазақ мектебі үшін ислам дінінің қағидаларын түсіндіретін оқу құралын жазуы («Шариат – ул-ислам» - «Мұсылманшылық тұтқасы»).

Ыбырайдың қазақтың халықтық әдет-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері : «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі».

Қазақ халқының ауыр тұрмысына арналған мақалалары : «Жұт туралы», «Қазақ даласындағы аштық туралы».

Халық ағарту мәселелері хақындағы көсемсөздік мақалалары,хаттары. Оқыту жүйесі негізіндегі әдістемелік еңбектері.

Өлеңдері: оқу-білім, ағарту («Сөз басы», «Өнер-білім бар жұрттар»), адамгершілік тәрбиесі («Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым», «Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен», «Әй,достарым», «Әй,жігіттер»), озбырлықты, әлеуметтік теңсіздікті сынау, заман зары («Азған елдің хандары», «Азған елдің молдасы», «Азған елдің қожасы», «Береке кеткен елдерде», «Әділдік көрмегені үшін төреге айтылған сөз»), табиғат («Жаз», «Өзен») тақырыптары.

Ыбырай өлеңдеріндегі реализм – қазақ халқының тұрмыстық халін, өмір мазмұнын көркем тілмен бейнелеуі.

Ыбырай әңгімелері – ұстаздық тәлім-тәрбие құралы, қазақ жазба прозасының басы. Әңгімелерінің еңбексүйгіштікке, адамгершілікке баулудағы ықпалды қуаттылығы. «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Жан-жануарлардың жылға дауласқаны», «Бай мен жарлы баласы», «Ұлықпан әкім», «Малды пайдаға жарату», «Қыпшақ Сейтқұл», «Таза бұлақ», «Сараңдық пен жинақылық» әңгімелеріндегі Адам тәрбиесіне қатысты философиялық, психологиялық мәселелер.

Ыбырайдың аудармалары, Толстой, Крылов, Даль, Ушинский, Паульсон шығармаларын аударудағы өзіндік ерекшелігі. Қазақ халқының ұғымына сай еркін аударманы қолдануы.

Ыбырайдың халық әдебиеті мұраларын жинауы және оларды өзінің ұстаздық жұмысына пайдалануы («Орақ батырдың баласы Әлібек мырзаның бір ханға айтқан сөзі», «Нұржан бидің бір сөзі», «Жанақ пен баланың айтысқаны», «Қобыланды батыр мен Тайбурыл»).

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [3], [6], [5], [8], [9]. [11], [7].


18-тақырып Абай Құнанбайұлы


Абай Құнанбайұлының шығармашылық өмірбаяны. Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Абайдың қалыптасуы мен өсуі жолындағы өнегелі әкесі Құнанбай қажының, әжесі Зеренің, шешесі Ұлжанның және басқа да билердің, шешендердің, ақын-жыраулардың,оқымысты орыс достарының пайдалы әсер-ықпалы.

Абайдың шығармашылық қалыптасуына шешуші ықпал еткен үш арна: қазақ халқының рухани мәдениеті, шығыс әдебиеті, орыс әдебиеті және Еуропаның философиялық ғылымы.

Жас шағындағы өлеңдері : «Иузи -Раушан», «Фзули- Шамси», «Әлиф-би», «Сап-сап көңілім», «Тайға міндік». Өлеңдері :

- азаматтық көңіл күй, философиялық толғаныстар: «Көңілім қайтты», «Патша құдай», «Көкбайға», «Қартайдық, қайғы ойладық», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Келдік талай жерге енді», «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Лай суға май бітпес», «Өлсе өлер табиғат», «Сенбе жұртқа», «Өлсем орным қара жер», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Сегіз аяқ», «Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ».;

- махаббат, ғашықтық сезімдерімен өрілген тебіреністер : «Қор болды жаным», «Сен мені не етесің», «Жігіт сөзі», «Қыз сөзі», «Білектей арқасына өрген бұрым», «Қызарып,сұрланып», «Көзімнің қарасы»;

- табиғат суреттерін айшықтау: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры»;

- оқу, білім, ағарту, тәрбие мәселелерін жырлау: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интерната оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Жігіттер ойын арзан», «Бір дәурен келеді күнде»;

- ақындық өнер туралы: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Адамның кейбір кездері», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;

- ән өнері туралы: «Көңіл құсы құйқылжыр», «Құлақтан кіріп бойды алар»;

- табиғат пен адамды астастыра жырлау: «Желсіз түнде жарық ай», «Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай», «Көлеңке басын ұзартып»;

- сыншыл, сатиралық мазмұндағы өлеңдері: «Адасқанның алды жөн», «Байлар жүр», «Сабырсыз,арсыз, еріншек», «Көжекбайға», «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем наданды», «Бойы бұлғаң».

Ән өлеңдері: «Алыстан сермеп», «Сен мені не етесің», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы бұлғаң», «Сүйсіне алмадым, сүймедім», «Айттым сәлем, қаламқас», «Біреуден біреу артылса».

Аудармалық-назиралық өлеңдерге арнап шығарған әндері: «Татьянаның хаты», «Онегиннің жауабы»;

Аудармалық өлеңдерге шығарған әндері: «Қараңғы түнде тау қалғып», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Сұрғылт тұман дым бүркіп».

Абай – қазақ өлеңі өрімін жаңғыртқан жаңашыл ақын.

Абай – қазақтың жазба көркем әдеби тілін қалыптастырушы. Ақын шығармаларындағы бейнелілік.

Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары - әлемдік әдебиетті қазақша сөйлетудің үздік үлгілері. Лермонтовтың отызға жуық өлеңін аударуы. Оның өлеңдері мен поэмаларын аударудағы Абайдың шеберлік үлгілері. Лермонтов аударған Байрон, Гете өлеңдерін Абайдың қазақша аударуы.

Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан алынған хаттар негізіндегі махаббат жырлары – нәзира үлгісімен жырланған лирикалық дастан.

Крыловтың бір топ мысалдарын қайта жырлап шығу: «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға », «Шегіртке мен құмырсқа», «Түлкі мен қарға», «Піл мен қанден».

Поэмалары. Абай поэмалары – оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, ұстаздық ой туғызатын шығармалар. Абай поэмалары – дәстүрлі нәзира үлгісіндегі шығармалар.

«Масғұт» поэмасында адамгершілік мәселесінің философиялық тұрғыда көркем жырлануы. Қыдыр қарт ұсынатын жеміс және оның мәні.

«Ескендір» поэмасындағы Абайдың гуманистік ойлары.Поэмадағы адамның көз сүйегіне Аристотельдің берген бағасы арқылы дидактикалық , философиялық қорытынды жасау.

«Әзім әңгімесі» аяқталмаған поэмасының арқауы «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» екендігі. Поэманың опасыздықты танытушылық қуаты.

Абай шығармаларындағы көркем бейне, композициялық,сюжеттік құрылым,көркемдік, бейнелілік мәселелер.

Абайдың қарасөздері. Стиль,мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар көркем сөздің Абайдың өзі тапқан бір түрі екендігі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді.

Абайдың қара сөздері – ежелгі грек ойшылдарының шәкірттеріне айтқан әңгіме-сұхбат жанры түріндегі шығармалар. Олардың тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктеріне қарай түрлері:

- халық тарихы, қазақ еліндегі қоғамдық құрылыс, елді басқару мәселелері (3,8,22,38,41,42,46 – сөздер).

- оқу-ағарту, білім-ғылым, халықтық тәлім-тәрбие мәселелері (2,8,10,17,18,25,32,33,38,43- сөздер).

- еңбек, шаруашылық, тұрмыс туралы (29,33,42 –сөздер).

-адамгершілік тәрбиесі, мінез-құлық мәселелері туралы (4,14,15,17,18,21,22,28,34,42,44 –сөздер).

- дін, имандылық, өмір сырлары туралы (12,13,15,17,31,35,36,37 –сөздер).

Абайдың қара сөздерінің жанрлық түрлері : тарихтық мақала-очерк (46-сөз), мысал-өсиет әңгіме (27-сөз), афоризм (37-сөз), дидактикалық насихат кеңес (4,5,8,9,10,12,16,18,20,25,27,31,32,40 –сөздер), көркем сөздік памфлет (6,11,14,22,39,41 – сөздер), мемуарлық мақала (1-сөз).

Абай қара сөздерінің тілі,стилі. Абай қара сөздері – ұлттық сөз өнеріндегі публицистика, ғылыми-философиялық мазмұнды прозалық шығармашылық дәстүрінің бастау негізі.

Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Абайтану ғылымының тарихындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов және алаш зиялыларының бастама еңбектері.

М.Әуезов- абайтану ғылымының негізін қалаушы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [5], [8], [9]. [11], [17]. [2]. [17], [18],[19].


19-тақырып Ақылбай Абайұлы

Ақылбай Абайұлының өмірі. Ақындығына әкесі Абайдың әсері. Ақылбайдың домбырашылық, скрипкашылық, сазгерлік өнері.

«Жаррах» поэмасы, оның шығыс әңгімесі «Жеті үй» дейтін ұзақ ертегіден алынғандығы (жоғалып кеткен).

«Дағыстан» поэмасы. Поэмадағы адамдық сезім күйлерінің (қызғаныш,кек, махаббат) тартысты оқиғалар үстінде романтикалық әуенмен жырлануы. Қызғаныш пен кекке уланған Жүсіп, махаббатқа өмірлерін бағыштаған Зайра мен Жебірейіл бейнелері. Поэмадағы романтизм, тілі.

«Зұлыс» поэмасы – жоғалған нұсқадан қалған үзінді. Поэмадағы Омпапа бейнесі – отаршылыққа қарсы күрескер өкілі. Әуезов сөзімен айтқанда, «Зұлыс» - Ақылбайдың аса қою оқиғалы роман-поэма түріндегі көлемді шығармасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [5], [8], [9]. [11], [17].


20-тақырып Мағауия Абайұлы

Мағауия Абайұлы өмірі. Көңіл күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері. «Еңлік - Кебек», «Абылай» атты поэмалары (қолжазба күйінде).

«Медғат-Қасым» поэмасының романтикалық көркемдік әдіс тұрғысындағы ерекшеліктері. Қасым, Сәлім, Ғазиза бейнелері. Поэманың көркемдігі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [5], [8], [9]. [11], [17].


21-тақырып Шәңгерей Бөкеев

Шәңгерей Бөкеевтің өмірі. Лирикалық өлеңдеріндегі көңіл күй философиясы («Өмірдің өтуі», «Жалғаншы жарық дүние», «Таудағы тас ұядан», «Ол күндерді тапсырдым», «Бұл күнде жас көңілім судай тастың», «Сұңқардай шалықтаған тас ұяның», «Аллаяр жаздым, аға, Көлборсыдан»), махаббат («Қатшекейге», «Жігіттің жақсы болса алған жары»), табиғат («Қайран жерім», «Көлторғай», «Нарын туралы»), оқу-білім («Ғылым», «Эдисон»).

«Сардар Сегіз» тарихи дастаны . Дастанның композициялық құрылысы. Сегіз Сері бейнесін сомдаудағы тарихи шындық пен көркемдік жинақтау мәселесі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [5], [8], [9]. [11].


Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық.4-том. Алматы.2008


Қосымша:


  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 1995.

  2. Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. – Алматы. 1991

  3. Әбілұлы Меңдібай. Қазақ әдебиетіндегі діни-исламдық поэзия. – Тараз. 2003.

  4. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы. 1996

  5. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Т.1. – Алматы. 1989

  6. Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин. – Алматы. 1965

  7. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. Т.2. – Алматы, 1960.

  8. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Жазушы, 1994.

  9. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы. 1998.

  10. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы. 1993.

  11. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары. – Алматы: Ғылым, 1988.

  12. Жұмабаев М. Ақан сері. Ақанның өмірі. Базар жырау // Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы, 1989. Б. 318-345.

  13. Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996.

  14. Қоңыратбаев Ә. Тарихи жырлар. Айтыс поэзиясы // Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы, 1991. Б. 261-287.

  15. Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. – Алматы, 1997.

  16. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. – Алматы, 1982.

  17. Омаров Б. Зар заман поэзиясы. – Алматы, 2000.

  18. Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі. – Алматы, 1993

  19. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. – Алматы, 1983.

  20. Сыздықова Р. Дулатты танып болдық па? // Қазақ әдебиеті, №52, 25.12.1992

Похожие:

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница