Сон ен хун қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.)




НазваниеСон ен хун қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.)
страница1/4
докторы А Т
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.51 Mb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.iie.kz/userfiles/son_en_hun.doc
  1   2   3   4
ӘОЖ 94 (574): 325.1 Қолжазба құқығында


СОН ЕН ХУН




Қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және

әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.)


07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)


Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде орындалды.


Ғылыми жетекшісі: тарих ғылымдарының

докторы, профессор

Мажитов С.Ф.


Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы,

профессор Ермекбаев Ж.А.

тарих ғылымдарының кандидаты

Қалыбекова М.Ч.


Жетекші ұйым: «Қайнар» университеті


Диссертация 2010 жылы «28» желтоқсанда сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).


Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28) танысуға болады.


Автореферат 2010 жылы «26» қарашада таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы А.Т. Қапаева


КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында 1935-2009 жылдардағы Қазақстанға жер аударылған ұлттардың әлеуметтік-саяси жағдайы мен республиканың экономикалық, мәдени дамуына қосқан үлесі саралана қарастырылады. Кеңес үкіметінің аз ұлттар мәселесіне байланысты саясаты, қоныстанған аз ұлттар мен этностардың Қазақстан төңірегіне орналасуы мен ұлттардың құқықтық ақталуы және мәдени даму үрдісі, Қазақстан Халық Ассамблеясы мен ұлттық-мәдени орталықтардың қызметі нақтыланады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әртүрлі этностардың қоғамда бірігіп өмір сүріп, біркелкі дамуы әрбір көпұлтты мемлекет, соның ішінде Қазақстан үшін күрделі мәселе болып табылады. Егеменді елімізде тұратын ұлттардың өткені мен бүгінін зерттеу, республикада болып жатқан үрдісті жіті қадағалау мемлекеттің ары қарай дамып қалыптасуы үшін қажет. Тарих ғылымының тамаша бір ерекшелігі - адамзаттың өткен жолдары мен жылдарында кездескен кезеңдерді, оқиғаларды оңды-солды бұрмаламай нақты деректермен дәлелдеп көрсетуі.

Посткеңестік кеңістік кезеңіндегі тәуелсіз республикалардың даму тәжірибесі ұлтаралық қатынастардық тұрақтылығының маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан бүгінгі күннің ең маңызды талабы бойынша – ұлтаралық тұрақтылықты сақтау мәселесін өз дәрежесінде ұстап келеді. Мұнда ұлттық саясаттық негізгі бағыттары ретінде «азаматтық бейбітшілік пен ұлттық татулықты» ерекше атап өтіп, Қазақстан халқын «біртұтас этносаяси қоғам» деп айқындаған Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбегі зор деп айта аламыз. Алайда, 130 ұлттар мен ұлыстардың мәдениетінің бірігуі, қазақ халқының төзімділігінің арқасы. Көпұлтты Қазақстанның ұзақ жылдар бойғы қалыптасу тарихында республикаға қандай жағдайда болмасын, саяси жер аудару, депортация, тың игеру, т.б. қазақ халқы оң қабақ танытып, жақсы қарсы алды.

Соңғы жылдары Қазақстан тарихнамасында республиканың қоғамдық-саяси, әлеуметтік экономикалық жағдайына қатысты ғылыми зерттеу жұмыстары жазылу үстінде. Солардың ішінде өткен ғасырдың басынан Қазақстан территориясына қоныстанып, Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғысынан жедел дамуына өзіндік үлес қосқан әртүрлі ұлттардың тарихы болып табылды. Себебі, әртүрлі этностар бүгінгі таңда қоғамда бірігіп өмір сүріп, Қазақстанның егеменді тұтқасын берік ұстанып келеді. Өткен тәжірибелер көрсеткендей, ұлтаралық татулық, мемлекеттік тұрақтылық елдегі экономиканы өркендетуге, ғылым мен мәдениеттің дамуына жәрдемдесетіндігі маңызды мәселе дей аламыз.

Ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлтаралық қатынастар ХХ ғасырдың 20-50-жылдары республикада сталиндік қуғын-сүргін тұсында да, одан кейінгі жылдарда да өз беріктігін сақтап, ынтымақтастықты нығайтты. Этносаралық қатынастардың үйлесімділігі тақырыбының маңыздылығы Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына халқына жолдауында: «Біз ұлтына және діни сеніміне қарамастан, әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін, әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз», - деп айырықша атап көрсетті [1, 7-б.].

Кеңестік Қазақстан территориясына өткен ғасырдың 30-жылдары қоныс аударылған ұлттар, Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезінде қоныс аударған әртүрлі ұлттар мен этностар саяси қысымшылыққа қарамастан жергілікті халықпен бірлесе отырып, республиканың бүлінген шаруашылығын қалпына келтіруде, тың және тыңайған жерлерді игеруде ерен еңбегімен үлес қосты. 30-жылдардың соңынан бастап КСРО шекарасы маңындағы ұлттар ішкі аймақтарға жер аударыла бастады. Ұлттық ғылым академиясының академигі М.Қ. Қозыбаев «Ақтаңдақтар ақиқаты» еңбегінде «1937 жылы Қазақстанға 18526 корей семьясы (шамамен 100 мың адам) зорлық-зомбылықпен жер аударылды. 1943-1944 жылдары қасиетті қазақ жеріне Солтүстік Кавказдан қуғындалған жарты миллионнан астам қарашай, балқар, шешен, ингуш, күрд, қалмақ т.б. халықтар пана тапты. Қуғын-сүргінге ұшыраған осы халықтардың қайсысының болмасын күмән келтірмейтін бір ақиқат нәрсе: мейірбандық пен бауырмалдық, жомарттық пен дарқандық қанына сіңген қазақ халқының жазықсыз жапа шеккен халықтарды жатырқамай, достық құшаққа алуы, ғылым тілімен айтқанда, шынайы интернационалдығы», - деп жазды [2].

Қоғамның дамуы әртүрлі этностық топтардың бірігіп өмір сүруінің ең үздік үлгілерін іздеумен келеді. Бұрынғы кеңестік жүйе құлағаннан кейін көптеген этникалық қоғамдар маргиналды жағдайда қалды. Жаңа жағдайда ұлттардың салт-дәстүрінің, тілінің, ұлттық сананың қайта өркендеуіне жағдай туғызды. Нәтижесінде посткеңестік кеңістікте полиэтникалық мемлекет тұрғындары бір жағынан нақты этникалық мәдениет өкілдері болса, екінші жағынан көпұлтты мемлекет азаматтары болды.

Бұрынғы кеңестік социалистік жүйе құлағаннан кейін қалыптасқан жаңа жағдайда ұлттардың салт-дәстүрінің, тілінің, ұлттық сананың қайта өркендеуіне жағдай туды. Қоныстанған халықтардың Отанынан, тілінен, дінінен айырылуы олардың мәдени дамуында көп кедергі болды. Бұл жәйт бүгінгі күні айқындалып отыр. Екінші Дүниежүзілік соғыс және Ұлы Отан соғысы жылдарында республикаға жер аударылған поляк, кәріс, шешен, ингуш, күрд, қарашай, балқар, түрік және басқа халықтар мен этникалық топтардың өкілдері басына түскен қиыншылыққа қарамастан, халық шаруашылығының барлық саласында еңбек етіп, оның өркендеуіне өз үлестерін қосты.

50-жылдары әртүрлі ұлттарға қатысты құқықтық шектеулері жойылып, республика халқымен тең дәрежеде өмір сүруге жағдай жасалынды. Дегенмен кеңестік жүйе ұлттардың еркін өмір сүруіне, мәдени дамуына кедергі жасап бақты. Республика тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстанда тұратын барлық этностарға әрекет етуші Конституция негізінде білім мен еңбек саласында табыстарға қол жеткізіп, ана тілін, мәдениетін, дәстүрлерін өркендетуге, өз меншігін қорғауға жағдай туды. Қазақстан Республикасының Ата Заңы этносаралық қарым-қатынасты реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың заңдық негізін қалап берді. Сондықтан бұл тақырыптың өзектілігіне еш күмән жоқ деп айтуымызға болады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қоныс аудару үрдісін зерттеу, оның зардаптары, туған жерлеріне қайта оралу, орналасу және ортаға бейімделуін жөнге салу, ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелердің бірі екені сөзсіз. Қоныстанған ұлттар мен этностардың жеке тарихын зерттеу – тарихи отанын, құқықтарын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін дамытуға әкелумен бірге, қоныс аударған халықтардың өткен тарихын жарыққа шығарып және болашақта өркендеу жолын анықтау мүмкіндігіне жол табу. Бертінге дейін Кеңес үкіметінің тарих ғылымында қоныстанған халықтардың трагедиялық тағдырына, жер аударудың зардаптары, халықтарға тағылған кінәнің үстірттігі және көшірілген топтар туралы жазылған үлкен еңбектер жоққа тән еді. Күштеп жер аударылғандарды тарихи тұрғыдан ғылыми негізде жазу тек 80-жылдардың екінші жартысында ғана қолға алына бастады. Бірақ жаңа заман зерттеулерінде күштеп жер аудару екпіні жазылғанымен, онымен тығыз байланыста жатқан зардаптары, қудалауға ұшырауы, жеке-жеке орналасуы, бейбіт өмірлерін тәртіпке келтіру, экономикасы мен мәдениетін зерттеу жеткіліксіз деңгейде жазылды.

Қазақстандағы ұлттар мен этностардың тарихын ғалым Ф.Н. Базанова зерттеуінде айқындауға тырысты. Өзге ұлт өкілдерін күштеп қоныстандыру саясатының себептерін нақты сараланбаса да, Қазақстан халқының этникалық құрылымының қалыптасуының тарихи, өсім үрдісі жайында толымды мағлұматтар бере білсе, Кеңестер Одағына күштеп жер аударылған ұлттар мен этностардың саяси тарихын ең алғаш болып көтерген Ресей ғалымдары Н.Ф. Бугай, В.Н. Земсков, А.М. Некрич ғылыми зерттеулерінде қоныстандыру саясатының ішкі астарын құжаттық негізде айқындады [3].

Республика территориясына күштеп қоныс аударылған аз ұлттардың өткен тарихының көлеңкелі тұстарының ашуға байланысты 90-жылдары бірқатар еңбектер жарық көрді. Соның ішінде академик М. Қ. Қозыбаевтың ғылыми зерттеулерінің маңызы зор. Ғалым зерттеу еңбектерінде қоныстанған ұлттардың қуғындалу барысына қатысты нақты мысалдар келтіре отырып, аз ұлттардың тарихи тағдырына байланысты тұжырымдар айтқан [4].

Әртүрлі ұлттар мен этностардың Кеңестер Одағының шекара маңынан ішкі аймаққа қарай көшіру себептерін тарихшы ғалым Қ.С. Алдажұманов «Күштеп көшіру: жымысқы саясат, басқыншылық әрекет», «Депортация народов – преступление тоталитарного режима» зерттеулерінде айқын түрде көрсете отырып, олардың Қазақстан экономикасына қосқан үлесін саралауға тырысса, ал тарихшы Т.О. Омарбеков «ХХ – ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» еңбегінде халықтарды күштеп жер аударудың демографияға тигізген әсері, соның ішінде, корей халқының осы тарихи үрдіс барысында басынан кешкен қасіретін зерделеп көрсеткен [5].

Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі жылдардағы күштеп жер аударылған халықтардың азаматтық құқықтарын шектеу жағдайындағы өмірі мен олардың жер аударылу себептерін, олардың бостандық алып, өз елдеріне қайтарылуы, ақталуы мәселелерін тұжырымдаған бірнеше мақалалар жариялаған академик М.Т. Баймаханов болды [6].

Ұлы Отан соғысының басталуы кеңестік немістердің қайғылы тағдырларының негізгі себебіне айналды. Қудалануы, кінәсіз айыптар тағылуы, олардың болашақтарына ауыр соққы болып тиді. Жалпы қудалаудың негізгі нысанасы болған немістердің тарихына орай Л.А. Бургарт, А.Н. Кичихин, Г. Вормсбехер, А.В. Фитц сияқты авторлардың еңбектері, құнды деректермен тарихнамаға қосылған үлес екені аян [7].

ХХ ғасырдың 30-жылдардан бастап жер аударылған халықтар мен қазіргі кездегі Қазақстанда мекен етіп жатқан ұлттардың тарихи демографиялық үрдістерін білу аса маңызды. Бұл ретте М.Х. Асылбеков, А.Б. Ғалиев, А.Н. Алексеенко, А.И. Құдайбергенова, В.В. Козина және т.б. ғалымдардың зерттеулеріне жүгінуімізге болады. Аталмыш ғалымдардың еңбектерінен жер аударылып келген халықтардың есебінен республикада халқының құрамы демографиялық өзгерістерге ұшырауы, олардың облыстарда қоныстандырылу барысы, аз ұлттардың өсімі жайында толымды мәліметтер алуымызға болады [8].

Сталиндік қуғын-сүргін аз ұлттардың, тоталитарлық жүйенің тұсында арнайы жазалау орындарының қызметі, еңбекпен түзеу колонияларының ішкі тәртібі мен үкіметтің қолданған саясаты, жер аударылғандардың саяси тағдыры ғалымдар Қ.С. Алдажұманов, С.Д. Ділманов, Г. Бельгер және т.б. еңбектерінде айқын түрде саралана айтылса, ал Қазақстанға жер аударылғандардың соғыстан кейінгі өмірі мен тағдыры, олардың ауылшаруашылығы, өнеркәсіп және транспорт саласындағы қызметі Т.Көлбаев, А.Хегай және А.Т. Орымбаев сияқты ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапқан [9].

Ұлы Отан соғысына дейін және соғыс кезінде күштеп жер аударылған ұлттардың, атап атқанда корей, иран, поляк, фин, күрд, неміс қарашай, балқар және шешендер мен ингуш, түрік, Қырым татарлары, грек, қалмық сияқты ұлттардың тағдыры «Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы» деп аталған ғылыми кітапта нақтылана баяндалды [10].

Ғалымдар Н.Э. Масанов, Ж.Б. Әбілхожин, И.В. Ерофеева, А.Н. Алексеенко, Г.С. Баратованың ұжымдық және С.М. Мәшімбаев, Л.Т. Иісованың еңбектерінде әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың тарихи-мәдени дамуы, ортақ тағдырлары, олардың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-өркениеттіліктің бірлігі негізінде, өзара байланыста өмір сүріп, даму үрдісін тарихи фактілерге сүйене отырып сараланған [11].

Қазақстан территориясында өмір сүріп жатқан күрд ұлтының жағдай мен даму тенденциясы, мәдени, экономика саласындағы жетістіктерін саралауда Н. Надиров, М. Мамедовтың еңбектеріне сүйенуге болады. Бұл еңбектерде ХХ ғасырдың 30-жылдың соңында күрд халқының қазақ жеріне күштеп қоныс аударуы, орналасуы мен олардың тұрмыс жағдайы түрлі мысалдар арқылы берілсе, ал республикаға аталмыш жылдары қоныстанған неміс ұлтының жалпы жағдайын В. Кригердің еңбегінен алуымызға болады [12].

Қазақстанға күштеп жер аударылған халықтардың орналасуы, саны, қилы тағдыры, республика облыстарында тұрақтап қалуын М.Ч. Қалыбекова еңбегінде ғылыми негізде саралап, сол кездегі жүргізілген үкімет саясатын айқын түрде ашуға тырысады [13].

Қазақстан территориясына қоныстанған шешен, ингуш, қарашай, поляк және тағы басқа аз ұлттардың депортациялануы мен тұрмыстық жағдайы С.Ф. Мажитов, И. Агаев, Н.Ф. Бугай, Т.У. Ғалиев, А.А. Гунашев, Л.Н. Сапонова, С.К. Есетов, О. Карташова, М. Мамаев, А.С. Мурадов, А.Т. Орымбаев, Т. Көлбаев, Л. Хочиева және т.б. еңбектерінен көрініс тапты [14].

Соңғы жылы жарық көрген Ж.А. Ермекбаев, Ф. Осадчийдің ғылыми зерттеулері аса құнды [15]. Ғалым Ж.А. Ермекбаев ХХ ғасырдың 40 жылдарында үкімет саясатымен Қазақстанға қоныс аударылған шешен-ингуш ұлттарының саяси тағдырын нақтылы мұрағат құжаттар негізінде ашқан. Бұл еңбекте олардың әлеуметтік, мәдени жағдайы және халық шаруашылығына қосқан үлесі құқықтық тұрғыда ақталуы және мәдени, даму үрдісі, жалпы Қазақстандағы ішкі ұлтаралық қатынастар мәселесі жайында мағлұматтар берілсе, ал Ф. Осадчийдің еңбегінде аз ұлттардың үкімет тарапынан қуғындалу барысы мысалдар арқылы жазылған.

Қазақстанға күштеп көшірілген корей ұлтының бұрынғы КСРО мен Қазақстан территориясына корейлердің қоныстандырылу себебі, тұрмыстық жағдайы кеңестік, ресейлік, қазақстандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектерінен көремізге болады. Ресейдің Қиыр шығысына қоныстанған корейлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын алғаш зерттеген Н. Насекин болды. Оның «Корейцы Приамурского края» еңбегінде кәрістердің тұрғын үйі, тамағы, киім-кешегі, тұрмыстық бұйымдары, үйлену, т.б. салт-дәстүрлері жайында этнографиялық мәліметтер берілген.

Кеңестік кезеңде, нақты айтқанда 60-жылдары КСРО-да тұратын корейлердің саяси, әлеуметтік, мәдени тарихына арналған Ким Сын Хваның зерттеу еңбегі жарық көрді. Автор бұл еңбегінде ұлттардың саны, әлеуметтік құрылымы, өмірі, тұрмысы, шаруашылығы, білім беру жүйесінің қалыптасуы, ұлттық театрдың пайда болуы, әдебиеттің даму барысы жайында құнды деректер береді [16].

Республиканың егемендігін алғаннан кейінгі жылдары кеңестік корейлердің тағдырына Оңтүстік Корея зерттеушілері де қызығушылық таныта бастады. Ең алғашқылардың бірі болып Ли Кван Гю мен Тен Генг Су Кеңестер Одағына корейлердің қоныс аударуының себептерін, олардың 40-60 жылдардағы Қиыр Шығыстан Орта Азияға қоныс аударуының негізгі мақсатын анықтап 1989 жылғы Бүкілодақтық санақ мәліметтеріне сүйене отырып, Кеңестер Одағындағы корейлердің демографиялық өсіміне сипаттама берсе, ал Оңтүстік Корея ғалымы Банг Сан Хе мен өзбекстандық ғалым П.Г. Ким «История переселения советских корейцев» атты монографиясында кеңестік корейлердің қоныс аударуы тарихын мұрағат құжаттары арқылы талдауға алған.

Қазақстанның тарихшы-корейтанушысы Г.В. Кан ХХ ғасырдың 80-жж. соңынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстанға күштеп қоныстандырылған корей ұлтының саяси тағдыры, әлеуметтік-мәдени дамуы, экономика саласына тигізген үлесі, корей диаспорасы, Корея мен Қазақстан арасындағы ұлтаралық қатынастар мәселелеріне арналған еңбектер жазды және жазу үстінде. Оның алғашқы толыққанды ғылыми-құжаттық зерттеуі «История корейцев Казахстана» тарихи очеркінде корейлердің Орта Азия аймағымен байланыстары, корейлердің Қазақстанға қоныс аударуы және оның салдарлары туралы мұрағаттық құжаттар негізінде қызықты мәліметтер береді. Корей диаспорасының қазіргі кезеңдегі мәдени қайта жаңғыруын, көпұлтты Қазақстанда ұлттық татулық мәселелерін қарастырады. Мерзімді басылым беттерінде де депортация мәселесіне байланысты, соның ішінде Қазақстандағы корейлердің күштеп қоныс аударылуы мәселелерін қарастырған мақалалары жарық көрген [17].

Қазақстан корейлері тарихын зерттеуде жетекші орын алатындардың бірі Г.Н. Кимнің ғылыми еңбектері болып табылады. Оның ғалымдар Г. Ханмен, Д.В. Менмен және Сим Енг Соб, Чан Вонг Чанг, Пэк Тхэ Хен бірігіп жазған еңбектерінің маңызы зор [18]. Бұл еңбектерден қазақ жеріндегі корейлер диаспорасының әлеуметтік-мәдени өмірінен толымды мағлұматтар ала аламыз.

Қазақстанда мекендеп корей ұлтының отбасылық салт-дәстүрі, ырым-жоралғылары жайлы, атап айтқанда баланың дүниеге келуінен бастап жасалатын түрлі әдет-ғұрыптары тарихшы Л.В. Миннің жұмысында қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстанға қоныстанған корейлердің мәдениеті, оқу-ағарту саласындағы жетістіктері, салт-дәстүрін зерттеу барысында ғалымдар Ю.В. Ионованың зерттеулері мен Цой Ен Гын, Ян Вон Сиктің құрастыруымен шыққан еңбегі мен түрлі жинақтарға шыққан мақалалар пайдаланылды 19.

Қазақстан республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін, әсіресе қоныс аударылған халықтар тарихына байланысты диссертациялар да қорғалды. С.Д. Ділмановтың докторлық диссертациясында нақты тарихи материалдар негізінде Кеңес мемлекетінің қуғын-сүргін саясатының құқықтық негіздері мен оның жазалау органдарының құрылымы, Қазақстан аумағындағы еңбекпен түзеу лагерлерінің тарихы зерттелінсе, ал Қ.К. Қожаханованың кандидаттық диссертациясы 1946-1960 жылдар аралығындағы депортацияға ұшыраған халықтардың халық шаруашылығын дамытуға қосқан үлесін саралайды. 2008 жылы кандидаттық диссертация қорғаған Н.А. Әбуовтің зерттеу нысаны 1936-1957 жылдары Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарына жер аударылған және осы жерлерде арнайы қоныс аударылғандар мәртебесінде мекендеген халықтардың құрамы, жер аударылған халықтардың өміріндегі болған үдерістер болып табылды. Ал Қазақстан корейлері мен басқа ұлттар арасындағы неке мәселесі жөнінде 2004 жылы Н.Б. Ем «Межнациональные браки корейцев Казахстана в 30-90-е годы ХХ века (историко-демографический аспект)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, осы мәселе төңірегінде тарихи-демографиялық зерттеу аясында талдау жасады [20].

Қазақстандағы корей диаспорасы мәселесі Д.В. Меннің ғылыми еңбегінде жан-жақты сараланып, Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасының арасындағы халықаралық байланыс және екі ел арасындағы демократиялық үрдістердің қалыптасуы мен даму барыстары нақталана көрсетіледі 21.

Қазақстан территориясында мекен еткен 125-тей аз ұлттардың этникалық қалыптасуы мен Қазақстандағы ұлттық диаспоралардың құрылуы, демографиялық үрдіс, тіл саясаты мәселесі, конфессиялық қоғам жөнінде «Қазақстан халықтары» атты энциклопедиялық анықтамалықта қысқаша болса да нақты түрде мәліметтер берілді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдары ұлттардың басын біріктірген Халық Ассамблеясы мәселесінің қызметі мен аз ұлттар арасындағы бірлік, ынтымақтастық мәселелері материалдар жинақтарында жарық көрді 22.

Қазақстанға қоныс аударған аз халықтардың әлеуметтік жағдайы, экономикаға қосқан үлесі мен мәдени дамудағы жетістіктерін әлі де болса саралай түсу қажеттігін көрсетеді. Бұл тақырыпқа әлі талай ұлттың өкілі, бірнеше ұрпақ ғылыми еңбек жазары анық.

Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Қазақстан тарихнамасында Кеңес өкіметі тұсындағы Қазақстанға аз ұлттардың қоныстануы мен олардың тұрмыс жағдайы, республиканың экономика, мәдени салаларға қосқан үлестерін айқындауда зерттеу жұмысының деректемелік негіздері бірнеше бағытқа топтастырылды. Атап айтқанда Кеңес өкіметінің реттеуші заңнамалық құжаттары, үкімет пен партияның шешімдері мен қаулы-қарарлары, қоғамдық-саяси, тарихи оқиғаларды айғақтайтын құжаттық деректердің жинақтары, тақырыпты ашатын ғылыми, саяси және көркем шығармалар, Статистикалық құжаттар және республикалық мерзімдік басылымдар, тақырыпқа қатысты материалдар жинағы мен мемуарлық еңбектері пайдаланылды.

Деректік негіз ретінде мұрағат материалдары, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатының Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің құжаттары жинақталған 141, 708-қорларының материалдары қолданылды. Бұл қордан Жоғарғы үкімет пен партияның аз ұлттарды қоныстандыру, жерге орналастыру және оларды жұмыспен қамтамасыз етуге олардың әлеуметтік, мәдени жағдайларына байланысты құжаттық материалдар кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатының 74, 698, 1137, 1488, 1881, 1987, 1208 қорларында Қазақ КСР-нің қоныс аударған ұлттар мен этностардың жалпы жағдайына қатысты қабылданған қаулы-қарарлары, шешімдері, Қазақ ОАК-і президиум мәжілістерінің хаттамалық құжаттарының көшірмелері талдау нысанына айналды. Сонымен қатар Ресей Федерациялық мемлекеттік мұрағатының 9401, 9479 қорларында сақталған шекара маңындағы ұлттарды көшіру ісіне қатысты құжаттық материалдар мен Солтүстік Қазақстан облыстық мұрағатының 1187, 1208, 1490 қорларындағы, Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағатының 9, 18, 719 қорларындағы 40-жылдары осы облыстарға қоныстандырылған неміс, шешен, ингуш және басқа ұлттардың әлеуметтік жағдайлары жайындағы құжаттық материалдар қолданысқа алынды.

Аталған мұрағаттардан алынып қарастырылған құжаттар мен деректік материалдар авторға зерттеу барысында аз ұлттардың қазақ жеріне орнығуын айқындауда және оларға қатысты жергілікті партия, кеңес органдарының, билік құрылымдардың жүргізген саясатын талдап, оған ғылыми баға беруге мүмкіндік жасады.

Қазақстан жеріне қоныс аударған аз халықтардың соғыстан кейінгі жағдайы мен олардың халық шаруашылығына қосқан үлесі Кеңес өкіметі мен үкіметінің, Коммунистік партия шешімдері мен қаулы-қарарлары, кеңес, кәсіподақ және комсомол органдарының директивалық материалдарын жинақтап шығарған құқықтық құжаттар жинағында жарияланды [23]. Міне, осы материалдардан да қажетті деректер алынды және т.б. құжаттар мен материалдар және мақалалар жинақтары зерттеу барысында кеңінен қолданылды. Сонымен қатар статистикалық құжаттар мен ғылыми, саяси және әдеби көркем шығармалар да зерттеу жұмысына тартылды.

30-жылдың аяғында және қазіргі таңда шыққан одақтық, республикалық «Правда», «Қазақ тарихы», «ҚазҰУ хабаршысы», «Местное время», «Мысль», «Жұлдыз», «NOMAD-KAZAKHSTAN», «Заң», «Ақиқат», «Центральная Азия и Кавказ», «Президент және халық», «Алматы ақшамы» және т.б. басылымдарда аз ұлттардың тағдырына қатысты құнды мақалалар жарық көрді. Міне, сондықтан бұл деректемелік негізде маңызы ерекше.

Жоғарыда аталған материалдарды талдау барысында, атап айтқанда, 30-50 жж. аралығындағы ресми құжаттарда кеңестік саяси жүйе мен оның басқару құрылымдарының, аз ұлттарға қатысты ұстанымдары мен идеологиялық қызметінде күштеу үстем болғандығын байқауымызға болады.

Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақстанға қоныстанған ұлттардың қоғамдық саяси өміріндегі ерекшеліктерін саралап көрсету.

Зерттеу жұмысының пәні. ХХ ғасырдың 30-жылдардың соңында Қазақстанға қоныстанған әртүрлі ұлттар мен этностардың саяси тағдыры, әлеуметтік жағдайы және олардың республика экономикасы мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесін айқындай отырып, тәуелсіздік жылдарындағы аз ұлттар қатынастарын қарастыру болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысы Қазақстанға қоныс аударған аз ұлттардың тарихи тамырын, көшу себептерін, орналасуы мен ел шаруашылығына қосқан үлестерін, жергілікті халықпен үйлесіп кетуін тарихи, теориялық-әдістемелік және деректемелік негізінде қарастыра отырып, объективті түрде баға беруді мақсат етіп қояды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер белгіленді:

- ХХ ғ. 30-40 жж. Қазақстан территориясындағы аз ұлттар мен этностардың қоныстану барысын тарихнамалық тұрғыда талдау, жаңа методикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде зерттеу;

- ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы КСРО-дағы саяси жағдай және шекара маңындағы ұлттарға қатысты ұстанған үкімет шешімдерін айқындай отырып, аз ұлттарға қатысты ұстанған кеңестік идеологияны дәйектеп көрсету және оған баға беру;

- аз ұлттар мен этностардың Қазақстан облыстарына көшірілу барысы мен оларды орналастырудағы жүргізілген іс-шаралар мен кездескен қиыншылықтарды нақтылау және олардың материалдық-тұрмыстық жағдайын зерделеу;

- Қазақстанға қоныстандырылған ұлттар мен этностардың Ұлы Отан соғысы, одан кейінгі және тәуелсіздік жылдарындағы елдің экономикасын дамытуға қосқан үлесін айқындай отырып, бағалау;

- Кеңестік кезең мен тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан территориясындағы аз ұлттардың әлеуметтік-мәдени дамуы мен ерекшеліктерін саралау, ұлттар мен этностардың құқықтық және еркіндік принциптерін дәйектеу;

- Корей халқының қазақ жеріне қоныс аударуының себептерін айқындау және әлеуметтік-мәдени дамуының ерекшеліктерін ашу, салт-дәстүрлері ұстанымын зерделеу;

- Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі аз ұлттардың татулық, бірілігінің сақталуындағы Қазақстан Халық Ассамблеясы мен ұлттық мәдени орталықтардың рөлін айқындау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында Қазақстанған қоныс аударған аз ұлттар мен этностардың әлеуметтік жағдай мен халық шаруашылығын қалпына келтіріп, дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарындағы мәдени дамуының ерекшеліктерін нақты деректер негізінде зерттеліп, тың мұрағат құжаттары арқылы зерттелді. Осыған байланысты зерттеу жұмысының мынадай маңызы мен жаңалықтарын атап көрсетеміз:

- ХХ ғ. 30-40 жылдарындағы республикаға аз ұлттар мен этностардың қоныстану барысын жаңа методологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жүйелі түрде тарихнамалық талдау жасалына қарастырылды;

- ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы КСРО-дағы саяси жағдай және шекара маңындағы ұлттарға қатысты ұстанған партия мен үкімет шешімдерінің мәнісі айқындалып, аз ұлттарға қатысты ұстанған кеңестік идеология барысы тарихи тұрғыда саралана баға берілді;

- Қазақстан облыстарына аз ұлттар мен этностарды орналастыру барысындағы кездескен қиыншылықтар, билік тарапынан қолданылған күштеу барысы мен олардың олардың материалдық-тұрмыстық жағдайы мұрағат құжаттары және ғылыми зерттеулермен салыстырыла отырылып зерделенді;

- алғаш рет Қазақстанға қоныстандырылған ұлттар мен этностардың Ұлы Отан соғысы, одан кейінгі және тәуелсіздік жылдарындағы елдің экономикасын дамытуға қосқан үлесі республика және аз ұлттан шыққан қайраткердердің пайымдаулары мен тұжырымдары негізінде жүйелілікпен саралана, бағаланды;

- Қазақстан территориясындағы аз ұлттар мен этностардың кеңес дәуірі мен тәуелсіз жылдардағы әлеуметтік-мәдени дамуы мен құқықтық ерекшеліктері мен еркіндік принциптері тұңғыш рет жан-жақты талдауға алына дәйектелді;

- Қазақстан территориясына қоныстанған корей халқының республиканың экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуына қосқан үлесі жаңа деректер негізінде ашылып, салт-дәстүрлері ұстанымдары қазақ ұлтымен салыстырылмалы түрде зерделене көрсетілді;

- республикадағы аз ұлттар мен этностардың өзара үлесімділігі, бірлігі, татулығы мен ұлт диаспораларының қызмет барысы, ұлттық мәдениеттегі орнын айқындауда осы күнге дейін қолданылмаған көптеген материалдар ғылыми айналымға қосылды.

Диссертацияның хронологиялық шеңбері. Қазақстанға қоныс аударылған ұлттар мен этностардың 1935-2009 жылдар аралығындағы тарихы алынды.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Диссертациялық жұмысының теориялық және методологиялық негізін айқындауда бірнеше әдіс-тәсілдері қолданылды. Тарих ғылымында қалыптасқан мәселені, болған оқиғаны зерттеуде нақты фактілер мен дәлелдерді мұрағат және ғылыми зерттеулер арқылы салыстыра көрсету басшылыққа алынды. Сонымен бірге зерттеу барысында саралау, талдау және қорыту, тарихи-салыстырмалы, жүйелік-құрылымдық, теориялық таным, модельдеу мен типтендіру сияқты жалпы ғылыми, тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды. Тарихи оқиғаларды немесе саяси жағдайларды баяндауда естеліктер, баспасөз материалдары мен мұрағат құжаттары және ғылыми зерттеу материалдарын салыстыра зерттеу әдісі кең қолданылды.

Аз ұлттар мен этностарға қатысты қалыптасқан ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарға, сонымен қатар қоғамтанушы ғалымдардың еңбектеріндегі көзқарастарға сүйенілді. Сондай-ақ, зерттеу барысында кеңестік қуғын-сүргін саясаты тәуелсіздік тұрғысынан талданып, бүгінгі Қазақстанды мекендеуші ұлттардың жарасымдық пен бірлік тұрғысында өмір сүріп отырғандығы баяндалады. Тарихи құндылықтар мен жалпы адамзаттық қоғамдық қатынастар негізінде, қоныс аударған аз ұлттардың Қазақстанға келу себептері мен орналасып, елге үйренісіп кету кезеңдеріне, еңбекке араласу негіздеріне құрылған.

Қорғауға ұсынылған тұжырымдар. 1935-2009 жылдар аралығында Қазақстанға қоныстанған аз ұлттар мен этностардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тағдыры жөнінде мынадай тұжырымдар жасалды:

- Қазақстан территориясындағы аз ұлттар мен этностардың қоныстануының зерттелу барысы тарихнамалық тұрғыда жан-жақты талданып, зерттеудің теориялық негіздемесі мен әдістемелік негізі арнайы қарастырылды;

- ХХ ғ. 30-40 жж. Кеңестер Одағындағы саяси жағдай мен аз ұлттарға қатысты партия мен үкімет қаулылары, шешімдері басты ерекшеліктері, алғышарттары және мақсаты мен міндеттері айқындалып, оларға өзіндік баға берілді;

- Осы кезге дейін белгісіз зерттеулерге қолданылмай келген деректік материалдар негізінде Қазақстан облыстарына аз ұлттар мен этностардың көшірілу барысы мен оларды орналастырудағы іс-шаралар, қиыншылықтар және олардың материалдық-тұрмыстық жағдайлары нақтыланды;

- 1935-2009 жж. Қазақстандағы аз ұлттар мен этностардың республика экономикасын дамытуға қосқан мерзімді баспасөз материалдары мен мұрағат және ғылыми зерттеулер негізінде дәйектелінді;

- Кеңестік кезеңдегі аз ұлттардың әлеуметтік-мәдени дамуы мен ерекшеліктері тәуелсіздік жылдармен салыстырмалы түрде сараланып, республика ұлттарының құқықтық және еркіндік принциптері дәйектеліне көрсетілді;

- Қазақстанға қоныстанған корей ұлт әлеуметтік-мәдени дамуындағы жетістіктер нақылана жаңа мұрағаттық негізде ашыла отырып, алғаш рет олардың салт-дәстүрлері қазақ ұлтымен салыстырмалы түрде қарастырылды.

- Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі аз ұлттардың ұлттық мәдени жетістіктері және өзге ұлттармен өзара байланысы, Қазақстан мен Корей республикасы арасындағы ынтымақтастық барысы сараланып, тарихи тұрғыда бағаланды.

Диссертацияның практикалық құндылығы. ХХ ғасырдың 30-жж. Қазақстанға қоныстанған аз ұлттар мен этностардың жағдайы мен тарихына байланысты мерзімді басылымдардағы материалдар мен мұрағат және өзге деректік материалдар негізінде жасалған негізі тұжырымдар мен қорытындыларды, алынған нәтижелерді ұлтаралық қатынастарға байланысты ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындауға, сол сияқты әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы болашақ доктор, магистр, бакалавр мамандары үшін Отан тарихының теориялық және әдістемелік мәселелеріне байланысты арнайы курстар дайындауда қолдануға болады.

Сонымен бірге диссертация материалдарын, отаншылдық рух жолындағы сұқпаттарда қолданудың да маңызы бар. «Халықтар достығы», «бірлік», «ынтымақтастық» тақырыптарындағы сөзжарыс, БАҚ-та пайдалануға болады.

Зерттеудің сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыс БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде орындалып, осы бөлімнің мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды .

Зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары жалпы 20 ғылыми еңбектерде, оның ішінде Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті бекіткен ғылыми басылымдар тізіміне сәйкес 3 ғылыми басылымдарда жарияланып, халықаралық және республикалық конференцияларда 6 баяндама көпшілік назарына ұсынылып, материалдар жинақтарында басылды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1   2   3   4

Похожие:

Сон ен хун қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.) iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылып бекітілді
Сон ен хун қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.) iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылып бекітілді
Сон ен хун қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.) iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
Кіріспе
Сон ен хун қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.) iconУмкд 042-14-5-08. 01. 20. 03/03-2009 №1 басылым 02. 09. 2009
«Қазақстанның саяси процесі және саяси қатынасы» пәнінің оқу –әдістемелік материалдары
Сон ен хун қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.) iconҚазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі
Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын...
Сон ен хун қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.) iconСписок книг, поступивших в библиотеку Казну им аль-Фараби
Цин патшалығының саяси-дипломатиялық қатынастары туралы қытай мұрағат құжаттары/ ҚР білім және ғылым м-гі, Р. Б. Сүлейменов атын...
Сон ен хун қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.) iconДүниежүзілік тарихжәне әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды
Сон ен хун қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.) iconӘшімова ГҮлназ бейсенбайқызы қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихы (1991-2009 жж.)
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Сон ен хун қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.) iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Силлабус «Құқық негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде “Мейірбике ісі” 5В110100 мамандығы үшін құрастырылған
Сон ен хун қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.) iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница