«Қазақстан тарихы» пәнінен тест сұрақтары




Название«Қазақстан тарихы» пәнінен тест сұрақтары
страница1/5
Дата конвертации23.09.2012
Размер0.95 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://lordegraf.taba.ru/fid/ZmlsZToxMDA5NTA4Ly8/История Казахстана.DOC
  1   2   3   4   5
«Қазақстан тарихы» пәнінен тест сұрақтары.

1. Қазақстан территориясындағы ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады?

А) Ерте тас дәуірі

2. Орталық Қазақстаннан табылған ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткішін анықта.

А) Құдайкөл

3. Кейінгі палеолит дәуірінің хронологиясын ата.

А) Б.з.б. 40 мың – 12 мың жыл.

4. Жебелі садақ пен бумеранг қай дәуірде пайда болды?

А) Мезолитте

5. Кейінгі палеолит дәуірінде ежелгі адамның қайсысы қалыптасты?

А) Неандертальдық

6. Еңбек құралдарын дөңгелек өзектастан (нуклеус) жасау әдісі дәуірде кең тарады?

А) Мусьтер дәуірі

7. Неолит дәуірінде Қазақстанның қай аймағында яшма мен кварциттен еңбек құралдары жасалды?

А) Солтүстік-Шығыс Балқашта

8. Кейінгі палеолит қай кезеңді қамтиды?

А) 35-30 мың – 12-10 мың жыл бұрынғы

9. Мезолит дәуірінің ескерткіші – Дүзбай тұрағы Қазықстанның қай жерінен табылды?

А) Солтүстік Қазақстан

10. Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі қалай аталды?

А) Жарып түсіру техникасы

11. Орта палеолит дәуірінің ең көне тұрағын ата.

А) Обалысай тұрағы

12. Қай кезеңде шаруашылық еңбек қалыптасып өнім өндіру шықты?

А) Неолит

13. Рулық қауым кезінде меншіктің қай түрі қалыптасқан?

А) Ортақ меншік

14. «Қытай адамы» қалай аталады?

А) Синантроп

15. Кейінгі палеолит дәуірінің ескерткіші – Шақпақата тұрағы Қазақстанның қай аймағынан табылды?

А) Батыс Қазақстан

16. Жеңіл найза, ілмекті сүңгілер мен боластар қай дәуірде шыққан?

А) Кейінгі палеолит

17. Сатшықыз тұрағы қай кезеңге жатады?

А) Б.з.б. 5 мың – 3 мың жыл.

18. Неолит дәуірінде тас өңдеу техникасының қандай тәсілі пайда болды?

А) Жылтырата тегістеу тәсілі

19. Ерте палеолит дәуірінің мәдениетінің хронологиялық кезеңін тап.

А) Б.з.б. IV мың ж. аяғы – II мың жыл.

20. Мустьер деп қай дәуірді атайды?

А) Орта палеолит

21. Палеолит дәуірінің кезеңін анықта?

А) Б.з.б. 2 млн – 12 мың жыл.

22. Шаруашылық еңбектің қалыптасып, өнім өндіру кезеңі қай дәуірде шықты?

А) Неолит

23. Кейінгі палеолит дәуірінің ескерткіші қайсысы?

А) Ащысай, Үсіктас

24. Қазақстан территориясынан қанша неолиттік және энеолиттік ескерткіштер табылды?

А) 500

25. Неолит дәуірінде Ботай тұрағынан не табылды?

А) Жертөледен жылқы сүйектері

26. Кейінгі палеолит дәуірінде күрделі діни сенімнің болғандығын не көрсетеді?

А) Мәйітке қызыл бояу жағу

27. Тік жүретін адам қай дәуірде өмір сүрген?

А) Ежелгі палеолит

28. Андронов мәдениетінің басты ерекшелігін бөліп көрсет:

А) Көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты

29. Қола дәуірінің хронологиясын анықта

А) Б.з.б. XVIII – VIII ғасырлар

30. Андроновтықтар үшін ең қасиеттті орын не болып есептелді?

А) Ошақ

31. Андроновтық алғашқы ескерткіштер қайсы археологтың жазба жұмысы арқылы табылды?

А) Б.Андрианов

32. Қола дәуірінде Қаратау жартастарына ненің 49 суреті салынған?

А) Соғыс арбаларының

33. Беғазы қонысы Қазақстанның қай аймағынан табылды?

А) Орталық Қазақстан

34. Андроновтықтар қоғамында негізгі топ кімдер болып есептелді?

А) Жауынгерлер

35. Жетісу аймағындағы Мыңшұңқыр қабірінен табылған мырғалар қай кезеңге жатады?

А) Б.з.б. І мыңжылдықтың басы

36. Андроновтықтар қай нәсілге жатады?

А) Еуропалық нәсіл

37. Мәйіттің қол-аяғын бүгіп жерлеу дәстүрі қай дәуірге тән болған?

А) Қола

38. Қола дәуірінің Орталық Қазақстанда табылған археологиялық ескерткішін ата.

А) Ақсу-аюлы

39. Кейінгі қола дәуірінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. XII – VIII ғасырлар

40. Батыс Қазақстандағы андронов мәдениетінің ескерткіштерін тапқан археолог кім?

А) М.Грязнов – 1927 ж.

41. Андронов мәдениетінің тайпалары қай жерді мекендеді?

А) Батыс Сібір мен Қазақстанды

42. Андроновтық тайпалар мен қай тілде сөйлеген?

А) Үнді-ирандық тіл

43. Андроновтықтар кейінгі қола дәуірінде неге табынған?

А) Ай және жұлдызға

44. Орта қола дәуірінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. XV – XII ғасырлар

45. Қола дәуірі мәдіниетінің гүлденуіне қай елдер мәдениетін әсер етті?

А) Жерорта теңізі мен Кіші Азия елдері

46. Теңсіздіктің шығуы қай кезеңде болды?

А) Қола

47. Қола дәуірінің Батыс Қазақстандағы қоныстарын тап:

А) Бесбай, Тастыбұтақ, Ахмет-ауыл

48. Отпен уату арқылы кен өндіру әдісі қай дәуірде қолданылған?

А) Қола дәуірі

49. Қола дәуірінің Шығыс Қазақстаннан табылған ескерткіштерді анықта.

А) Малокрасноярска

50. Андроновтықтарда адамды көкпен жалғастырушы белгі болып не есептеледі?

А) Киіз үйдің тіреуіш діңгегі

51. Қола дәуірінде мыс кендері қай жерде өндірілді?

А) Жезқазған, Зырьян

52. Қыш ыдыстарды қалыпқа салып пішіндеу әдісі қай кезде болған?

А) Б.з.б. XVІІ – XVI ғасырлар

53. Қола дәуірінің ерекшелігі:

А) Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.

54. Андроновтықтар б.з.б. ХІІІ-VIII ғасырларда қыш ыдыстарға қандай өрнектерді көбірек салған?

А) Таспа, бүршік тәріздес бұдырлар

55. Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері кездесетін аймақ:

А) Минусинск-Орал-Батыс Сібір жазығы-Памир

56. Андроновтықтарда табиғат жануары дәстүріндегі мейрамның ең маңызды бөлігі не болып есептелген?

А) Алғаш жерге соқа салу

57. Андроновтықтар аралас шаруашылықпен қашан айналысқан?

А) Б.з.б. І мыңжылдықтың басында

58. Энеолит терминіне түсініктеме бер.

А) Мысты тас дәуірі

59. Соңғы сармат кезеңіндегі Аралтөбе қорымы қай аймақтан табылды?

А) Атырау облысынан

60. Сарматтар қай тілде сөйлеген?

А) Ирандық тіл

61. Темір дәуірінде жерлеу және ғибадат ету кешені қайсы қорымнан табылды?

А) Дықылтас

62. Сармат тайпалары қай елдерге жаулаушылық жорықтар жасаған?

А) Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказ

63. Сақ тайпаларында отырықшы мал шаруашылығы Қазақстанның қай аймағында кең тарады?

А) Талас, Шу, Сырдария, Келес өзендері бойында

64. Қазақстан далаларында полихромдық стиль қашан гүлденіп, өркен жайған?

А) Б.з.б. VII ғ.

65. Шеткі Александрия қаласы қай жерде салынған?

А) Сырдария жағалауында

66. Әсемдік заттарының бірі–салпыншақ шекелікті қай тайпаның әйелдері таққан?

А) Сармат

67. Түгіскен, Ұйғарақ қорымдары қай ғасырда салынған?

А) Б.з.б. VІІІ – V ғасырлар

68. Сармат қоғамының дамуына қай мәдениет әсер етті?

А) Грек

69. Савромат қорымдарының ерекшелігі неде?

А) Екі мәйітті бірінің үстіне бірін қойып екі деңгейде жерлеу

70. «Сармат» атауы қай ғасырдан белгілі?

А) Б.з.б. VII ғ.

71. Б.з.б. VII-V ғ. Полихромдық өнер туындылары Қазақстанның қай жерінен табылды?

А) Ертістің жоғарғы ағысы, Орталық және Батыс Қазақстан

72. Темір дәуірінің Дықылтас, Бәйте, Терең қорымдары Қазақстанның қай аймағынан табылды?

А) Маңғыстау және Үстірт

73. Полихромдық стильдің жасалу техникасын ажырат.

А) Инкрустация

74. Қайсы тайпада әйелдердің қабіріне қару-жарақ қойылған?

А) Сарматтар

75. «Патша қорғандар» қай қорымнан көп табылды?

А) Бесшатыр қорымынан

76. Сақ қоғамы 3 топқа бөлінді?

А) Жауынгерлер, абыздар, қауым

77. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?

А) Аргепейлер, исседондар, аримаспалар

78. Сақ тайпаларында күн күркіреу құдайы ненің бейнесінде берілген?

А) Қабанның

79. Шырық-рабат қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан кесенеден табылған гемма (мөр) қай ғасырға жатады?

А) Б.з.б. ІV- II ғасыр

80. «Мұртты обалар» қай мәдениетке тән ерекшеліктер?

А) Тасмола

81. Сақ тайпалары қай нәсілге жатады?

А) Еуропалық

82. Ерте темір дәуіріндегі майемер кезеңінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. VІІ – VІ ғасырлар

83. «Дала жолы» атанған сауда жолы қай кезде жұмыс істеген?

А) Б.з.б. І м.ортасында

84. Құлажорға мәдениетінің ерекшелігі неде болды?

А) Мәйітті тас сандықта жерлеу

85. «Аңдық стиль» өнері сақтарға қай аймақтан тарады?

А) Алдыңғы Азия мен Ираннан

86. Темір дәуірінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. VІІІ – б.з. VІ ғасырлар

87. Темір дәуірінің Дықылтас, Бәйте, Қарамөңке, Терең қорымдары Қазақстанның қай аймағынан табылды?

А) Маңғыстау және Үстріт аймағы

88. Сақ дәуірінің Орталық Қазақстаннан табылған қоныстарын ата.

А) Тасмола, Қарамұрын, Жыланды

89. Оңтүстік Қазақстанда таралған темір дәуірінің мәдениетін көрсет.

А) Отырар-Қаратау мәдениеті

90. Сақтардың құрбандық заттары қай аймақтан көбірек табылды?

А) Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Іле аңғары, Ыстықкөл маңынан

91. Құрбандыққа шалынған 13 жирен жылқы қаңқасы қай қорымнан табылды?

А) Берел

92. Сақ әйелдерінің қандай құқығы болған?

А) Ерлермен бірге соғысу құқығы

93. Ұлыбай-Тасмола мәдениетінің бірінші кезеңінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. VІІІ – VІІ ғасырлар

94. Сақ тайпаларының Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда табылған қоныстарын ата:

А) Қарғалы, Қадірбай-ІІ, Қарашоқы

95. Б.з.б. VIII-V ғасырларда салынған Түгіскен, Ұйғарақ қоныстарын қандай тайпалар мекендеген?

А) Массагеттер

96. Еділ әскері Шығыс Рим империясына қашан жорық жасады?

А) Б.з.. V ғасырдың ортасы

97. Үйсіндердің негізгі орналасқан жерін ата.

А) Іле даласы

98. Қаңлылардың тайпалық бірлестігі қашан құрылды?

А) Б.з.б. ІІІ ғасырда

99. Ғұндардың егіншілікпен айналысқаны туралы кімнің деректерінен білеміз?

А) М.Қашғари

100. Б.з.б. І ғасыр соңында Қазақстанда қандай тайпалық одақтар пайда болды?

А) Үйсіндер, қаңлылар, сарматтар

101. Үйсін тайпаларының ерте кезеңінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар

102. Қаңлылар туралы кімдердің дерктерінде алғаш рет жазылған?

А) Қытай деректері

103. Қауыншы мәдениетінің ең жақсы зерттелген қонысын ата.

А) Ақтөбе

104. Құлата қонысы ненің орталығы болған?

А) Металлургия

105. Ұлы Жібек жолының Сырдария, Жайық, Еділ бойы, Кавказ, Қара теңізге өтетін тармақтарын қайсы тайпа өз бақылауында ұстаған?

А) Қаңлылар

106. Б.з.б. 206 жылы Мөде шаньюй кімдерді бағындырды?

А) Қытайды

107. Үйсіндердің археологиялық ескерткіштерін ата.

А) Ақтас, Үңгірқора, Кеңсай

108. Үйсіндер қай мемлекетпен дипломатиялық-туыстық қатынаста болды?

А) Қытай

109. Қарғалы диадемасы қай ғасырда жасалынған?

А) Б.з.б. ІІ – б.з. І ғасырлар

110. Б.з. IV ғасырда ғұндар қай жерді қоныстанды?

А) Венгрия

111. Ғұн қоғамында құлдар қандай жұмыстар атқарды?

А) Үй қызметшісі, бақташы, қолөнерші, жер жыртушы

112. Қаңлыларды сауданың дамығандығын қандай деректер дәлелдейді?

А) Мардан және Шоңқаңқа қорымдарынан табылған Қытай, Кушан, Сасани теңгелері

113. «Ғұн - түркілердің арғы атасы» деп тұжырым жасаған қазақ зиялысы кім?

А) М.Жұмабаев

114. Үйсіндер Жетісуға қашан қоныс аударды?

А) Б.з.б. ІІ ғасыр

115. Б.з.б. 1 мың жыл ортасы – б.з. 1 мың жыл ортасы аралығында Арал теңізінің шығысында қандай мәдениет болған?

А) Жетіасар мәдениеті

116. Б.з.б. ІІІ ғасырдағы қаңлы бірлестігінің территориясын көрсет.

А) Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейін

117. Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасыр үйсіндердің ерте қорымдарын көрсет.

А) Қапшағай- ІІІ, Қызыллеспе

118. Үйсіндердің алғашқы қоныстары қай жерден табылған?

А) Шу алқабындағы Құлан қонысы

119. Гректердің қола құмырасы мен қыш амфорасы Қазақстандағы қай қорымнан табылған?

А) Аралтөбе қорымы

120. Қаңлылардың шаруашылығы қандай болды?

А) Мал шаруашылығы және суармалы егіншілік

121. Б.з.б. ІІ ғасырда Қытай деректеріндегі «көшпелі мемлекет» атауы қай тайпа туралы?

А) Үйсіндер

122. Қаңлыларда ел басқару ісін кім атқарған?

А) Уәзір

123. Үйсіндердің Қаратал кезеңінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. ІІI-I ғғ

124. Аттила (Еділ) туралы алғаш рет ғылымға енгізген қазақ ғалымы кім?

А) Ш.Уәлиханов

125. Қаңлылардағы Жетіасар мәдениетінің шоғырланған жері

А) Қуаңдария

126. Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еуропа халықтарының тарихына өзгеріс әкелген ұлы қоныс аудару оқиғасының хронологиясы.

А) ІІ-V ғ.ғ.

127. V ғ. өмір сүрген теле тайпасының оңтүстігіндегі көшіп қону жайылымдары қай жерге дейін жетті?

А) Амударияның жоғарғы ағысы

128. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты мақсаты Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі созылып жатқан күшті мемлекетті жаулау болды. Бұл кімдердің территориясы?

А) Эфталиттер

129. Қай жылы Иран мен Византия өзара келісімге келіп, Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктергі қарсы қойды?

А) 575 ж

130. Батыс Түрік қағанатын түріктің қандай тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі?

А) Ашина тайпасынан

131. Жеғүй мен Тоң-жабғу қағандар Батыс Түрік қағанатының территориясын кеңейту үшін қай жерлерге жорық жасады?

А) Тоқарстан мен Ауғанстан

132. 723 ж. түркештер қандай тайпамен бірігіп, арабтарға қарсы соққы берді?

А) Қарлұқтармен

133. V ғасырда жазылған деректерде қарлұқтарды қалай атанған?

А) Елтебер\ Яньмо

134. Қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдеген географ кім?

А) Әл-Маруази

135. Оғыз мемлекеті қай ғасырда өмір сүрді?

А) ІХ-ХІғ.ғ.

136. Жент, Сауран, Сүткент, Фараб қалаларының халқы қандай шаруашылықпен айналысты?

А) Егіншілік пен қолөнер

137. Оғыз одағында 24 тайпа болғандығы, олардың бұзұқтар мен ұшұқтарға бөлінгендігі туралы кімнің деректерінде кездеседі?

А) М.Қашғари

138. Х ғасырдың екінші жартысында оғыздарда халық көтерілістері жиілеп, оны селжұқтар пайдаланады. Бұл жағдайда қай жабғу тұсында болған?

А) Әли-Жабғу

139. «Ұлы Жібек жолы» қай ғасырларда алғаш сауда байланысы жасалған?

А) б.з.б. ІІІ – ІІ ғ.ғ.

140. Нефрит жолы:

А) Жаркентдария – Шығыс түркістан?

141. Қазақстан жерінде Ұлы Жібек жолы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, қанша тармаққа бөлінеді?

А) төрт

142. 1253 ж. Вильгельм Рубрук қай қалада ирандық көпестердің орындары болғанын айтады?

А) Екіоғыз

143. VIII ғ. деректер бойынша сауда байланысында «Хан жолы» деп аталатын соқпақ болған. Ол Қазақстанның қай аймағында?
  1   2   3   4   5

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

«Қазақстан тарихы» пәнінен тест сұрақтары iconҚазахстан тарихы пәнінен тест сұрақтары

«Қазақстан тарихы» пәнінен тест сұрақтары icon«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханға арналған тест сұрақтары І деңгей
...

«Қазақстан тарихы» пәнінен тест сұрақтары iconДүние жүзі тарихы пәнінен тест сұрақтары
ХҮіі ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай

«Қазақстан тарихы» пәнінен тест сұрақтары iconДүние жүзі тарихы пәнінен тест сұрақтары
ХҮіі ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай

«Қазақстан тарихы» пәнінен тест сұрақтары iconҚазахстан тарихы пәнінен тест сұрақтары
Одаќтас Республика ретінде Ќазаќ Кеңестік Социалистік Республика болып ќайта ќұрылған жылы

«Қазақстан тарихы» пәнінен тест сұрақтары icon2012-2013 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жоғары мектеп бітірушілерін Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестаттауға арналған тест
Тест деңгейлері күрделенген 30 тапсырмадан тұрады. Әр тапсырмаға бірнеше жауап нұсқалары берілген, ішінен дұрысын таңдау қажет

«Қазақстан тарихы» пәнінен тест сұрақтары iconАдам өндіруші еңбекке қашан көшті?
«Қазақстан тарихы» пәнінен «Әлеуметтік жұмыс» мамандығына арналған дайындық сұрақтары

«Қазақстан тарихы» пәнінен тест сұрақтары iconҚұқық негіздері пәнінен тест сұрақтары
Оқулық }= (Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы академиалық курс / Ғ. Сапарғалиев өңд., толықт., 3-бас. Алматы : Жеті...

«Қазақстан тарихы» пәнінен тест сұрақтары iconМемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен тест сұрақтары
Оқуға түскенде, басқа қызметке ауысқанда, кәсіби біліктілігін көтеру кезінде берілетін құжат?

«Қазақстан тарихы» пәнінен тест сұрақтары iconАудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары өзара байланысты қандай тізбекті бөлімдерден тұрады?
«Практикалық аудит» пәнінен 050509 – Қаржы мамандығының студенттеріне арналған тест сұрақтары

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница