МазмұНЫ




НазваниеМазмұНЫ
страница5/7
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.86 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/prog.doc
1   2   3   4   5   6   7

Тұрғындарды сумен, оның ішінде таза ауыз сумен қамтамасыз ету


Облыста суды пайдаланудың басты проблемалардың бірі - жер үсті су ресурстарын құрайтын табиғи су көздерін ұтымды пайдалануда және суды тұтынуда толық есептің жоқтығы. Бұл проблема Балқаш көлінің деңгейін ұстап тұрудың қиындығына әкеп соғуда. Соңғы 30 жыл ішінде көлдегі судың деңгейі 2,18 метрге төмендеп, 341 м шектік деңгейде тұр. Бұл Балқаш көлінің ең үлкен тереңдігі 26 метр деп есептегенде, өте үлкен көрсеткіш.

2002 жылы қолданылған судың қөлемі 3438,8 млн куб метрге тең, бұл 2001 жылға қарағанда 426 млн. куб метрге артық. Суды тұтыну жайлы сөз көтерілгенде, жерді суландыратын жүйелердің қанағаттанарлықсыз жағдайын айтқан жөн. 2001 жылы тасу кезінде жоғалған судың көлемі 829 млн куб. метр (жалпы алынған судың көлеміне шаққанда 27,5 пайыз) құрады. Болжам бойынша 2002 жылы судың жоғалатын көлемі 1014,2 млн. куб метрді (жалпы алынған судың көлеміне шаққанда 29,5 пайыз) құрайды.

Облыста жер беті суларының тапшылығына қарамастан, оларды ұтымды пайдалану және жер асты суларын игеру жұмыстары жүргізілмей келеді. Барлық 26216,3 млн. куб метр сөткелік баланс қорының (жылына шамамен 9,56 млрд. куб метр) жер астынан шығарылған судың жалпы көлемі сөткесіне 884,32 мың куб. метрді ғана (барлық баланс қорының 3,4 пайызы) құрап отыр. Қазіргі уақытта 736 бұрынғы істеп тұрған скважиналардың 285-і жұмыс істемейді және оларды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Облыс бойынша тасымал суды (14481 адам) және жер бетіндегі ағын су мен құдық суларын пайдаланатын (73565 адам) 64 елді мекендерді сапалы су жүйелерімен қамтамасыз ету керек.

Көптеген су құбырлары жүйесі санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Санитарлық қорғау зонасы қанағаттанарлықсыз жағдайда, не болмаса олардың мүлде жоқ болуында. Ашық суаттар ішінен сумен жабдықтау объектілерінде сүзу қондырғыларын орнатуды қажет етеді.

Адам денсаулығына кері әсер ететін және ауыз судың сапасын төмендететін үздіксіз хлорлау көлемі азайтылды.


1.4.3. Халықты жолмен, көлікпен, байланыс қызметімен қамтамасыз ету.


Облыста автомобиль жолдары көптеген аймақтар үшін тауарлар, өнеркəсіп жəне ауылшаруашығы жүктерін түсіретін, сондай-ақ жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын бірден - бір артықшылығы бар қатынас құрамы болып табылады. Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде барлық аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің 80 пайызы автомобиль жолдарымен қамтамасыз етілген.

2002 жылдың басында облыс автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 9681 шақырымды құрады, оның ішінде 2728 – республикалық, 6953 - жергілікті маңызы бар.

Жолмен қамтамасыз етуді сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі - аумақтың 1000 шаршы шақырымға жолдарының тығыздығы болып табылады.

Облыста бұл көрсеткіш тұтастай алғанда республика бойынша 29,7 шақырымның орнына 42,5 шақырымға тең.

Жыл сайын азаматтардың жеке меншігіндегі барлық автомобиль түрлерінің саны артуда.

Тұрғындардың жекеменшігіндегі жеңіл автокөліктермен қамтамасыз етілуі 100 адамға 5,5 бірлікті құрайды. Облыста 2002 жылы 2001 жылға қарағанда автомобилдердің жалпы саны 6,4% артты.

Автомобиль көліктерімен негізгі жүк тасымалдаушылар болып коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын кəсіпкерлер болып табылады, олармен 9,1 млн.тонна (2001 жылғы деңгейге 154,5%) жүк тасымалданды.

Көліктің барлық түрімен 126,7 млн. адам жолаушылар тасылды (2001 жылғы деңгейге 122,7%). Жолаушылар тасымалдаудың 90,4% жеке тасымалдаушылардың үлесіне тиеді.

Ауылдық жерлердің байланыс қызметімен қамтамасыз етілуі əлі де төмен жағдайда қалып отыр. Халқының саны 50 ден 900 адам болатын 218 елді мекендерде телефон жүйелері жоқ. Бұл жағдайға негізінен, қалааралық жəне ауылдық байланыс жүйелерінің жетіспеушілігіне аймақтық қайта құру əсер етті.

Қазіргі уақытта облыста 322 телефон стансалары жұмыс істейді. Орташа телефон тығыздығы жүз адамға 10 телефон, (орташа республикалық көрсеткіштен 3 телефонға аз) құрайды.

Елді мекендердің араларының қашықтығы, қосалқы бөлшектердің жоқтығы, əуе жолы байланыстарының көптігі ауыл тұрғындарына тиісті сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жол бермеуде.


1.5. Кедейшіліктің аймақтық жəне экологиалық аспектілері


1.5.1. Кедейшіліктің аймақтық ерекшеліктері


Əр түрлі географиялық жағдайы, климаты жəне өндірістік қуаттардың орналасуы облыс аймақтарындағы халықтың тұрмыс деңгейін анықтайды. Сондықтан, қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөнінде күрт ерекшелік болмағанмен, халықтың жұмыспен қамтылуында жəне табыс табуында айырмашылықтар кездеседі. Халықтың экономикалық белсенді тобын жұмыспен қамту деңгейі Ақсу ауданында 83,3 пайыз блса, ал Еңбекшіқазақ ауданында 92,3 пайызға дейін көтерілген. Бұдан еңбекпен қамту деңгейі бойынша көрсеткіштердің аз да болса өзгерісте болуы халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту есебінен қамтамасыз етілгендігін байқауға болады, оның себебі олардың көпшілігі уақытша жəне аз табыс табатын жұмыста істеуінен. Ірі жəне орта кəсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы облыстың 13 аймағында 9 мыңнан 12 мың теңгеге дейін, 4–де 12000-нан 15000-ға дейін, 3-де 15000-нан 20000-ға дейін, тек Іле ауданында 24508 теңгені құрады. Сəйкес, халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы Райымбек ауданында 12916 теңге, Текелі қаласында 6960 теңге мөлшерінде өзгеріп отырды (2002 жылғы маусым айындағы бағалау бойынша).

Ауыл халқы табыс деңгейінің ең төмен болуымен, жұмыспен қамтамасыз етілу, сапалы білім алу жəне денсаулық сақтау қызметін пайдалану, коммуналдық қызметтердің жоқтығымен ерекшелінеді (2001 жылы орташа жалақы 8077 теңгені құрады, бұл қалалардағы жалақы мөлшерінен 1,5 есе төмен). Бұл проблемалар автомобиль жолдары мен телефон байланысының нашарлығынан шиеленісуде.

Облыста болашағы жоқ елді мекендер бойынша жұмысшы комиссиясы құрылған. Облыстың 45 елді мекендеріне шығу арқылы халықтан сауалнама жүргізіліп, соның нəтижесінде облыстың бос қалған жəне халқы аз елді мекендерінің тізімі жсалынып, сауалнамалар əзірленді. ПРООН жұмысшы тобының консультанттары əзірлеген əдістемені пайдалана отырып, 547 жанұядан сұрақ алынды.

Облыстық жəне аудндық маңыздағы 9 шағын қалаларға жатқызылатын қалалардың проблемалары бар. Оларды дамыту жөнінде жеке бағдарлама əзірленеді. Сонымен қатар облыста проблемалық мəселелері анықталған басқа да қалалар бар - оларда негізінен, канализация, су құбырлық жүйелері, тұрғын-үй қоры, жол істен шыққан, сондықтан республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеген жағдайда бұл мəселелердің шешімі табылмайды.


1.5.2. Кедейшіліктің экологиялық аспектісі.


Алматы облысы – экономиканың жоғары даму деңгейіне тиімді әсерін тигізетін табиғи ресурстарға бай аймақ. Алайда, тарихи қалыптасқан және ресурсты шикізатты, табиғат пайдаланудың дара жүйесі, табиғи жағдайларды есепсіз жүзеге асырудың салдарынан көптеген экологиялық проблемалалардың пайда болуына әкеп соқты және оны өтпелі кезеңнің күрделілігі тереңдете түсті.

Облыстағы табиғи орта, энергетикалық кәсіпорындардың, өндіру және қайта өңдеу мекемелерінің, аграрлық кешеннің жоғары техногендік ауыртпалығын жеткілікті түрде бастан кешіруде. Бірқатар аудандарда адам денсаулығына әсерін тигізетін экологиялық қолайсыз жағдай қалыптасқан. Оның ішіндегі аса қауіптісі – шөлейттену, топырақ құнарлылығының нашарлауы, су ресурстарының азаюы мен ластануы, биологиялық түрлерінің бұзылуы, атмосфералық ауаның ластануы болып табылады.

Облыста халықтың тұрмысы төмен тобының өміріне мынадай факторлар әсер етеді;

Жайылымдардың нашарлауы. Облыста жайылым 14449,9 мың га жерді алып жатыр. Жайылымдарды интенсивті пайдалану олардың антропогендік бұзылуына әкеп соқты. Қазіргі уақытта шектен тыс жайылымдарды дұрыс пайдаланбау, бұталы өсімдіктерді, әсіресе сексеуіл шабудың нәтижесінде жердің құнарлығы 50 пайызға дейін орташа және көп мөлшерде деградацияға ұшырады. Суармалы жерді және таулы жерлердегі суарылмайтын жерлерді бірге пайдаланудың нәтижесінде 700-ден 1000 м биіктіктегі тау бөктеріндегі жайылымдар орташа және көп мөлшерде деградацияға ұшырады. Облыстың шабындықтары да өте қатты деградацияланған. Оның басты себебі су объектілерінің гидрогеологиялық режимінің өзгеруі мен шабындықты дұрыс пайдаланбағандықтан болып отыр.

Атмосфералық ауаның ластануы. 2001 жылы тұрақты көздерден атмосфераға шығарылған барлық зиянды заттардың көлемі 71,3 мың тоннаны құрады. Атмосфераға шығарылған зиянды заттардың ең көбі автокөліктерден, Алматы қаласының маңындағы-Талғар, Қаскелең, «Энергетика» елді мекендеріндегі өнеркәсіп орындарынан шығарылады. Ауаны ластаушылардың ішінде электр энергетикасы мекемелері алдыңғы қатарда болып саналады.

Осы уақытқа дейін облыста бірде-бір жұмыс істеп тұрған стационарлық қадағалау орындарының жоқтығынан, атмосфералық ауаның жағдайын бақылау жұмыстары жүргізілмейді.

Судың ластануы. Қолданылған ағынды сумен өзен суының жоғарғы қабатын негізгі ластаушылар Іле, Қаратал, Шарын өзендері алқабында орын тепкен күріш өндіретін ауылшаруашылығы кәсіпорындары болып табылады (Бақбақты, Бірлік, Ақбала, Береке, Бесқарағай, Ленина, Кирова, Дихан АҚ). Жыл сайын облыстың ауылшаруашылық кәсіпорындары коллекторлы-құрғату жүйесі арқылы өзендерге жоғарғы органикалық, азот қосындысы және ерімейтін өлшемді заттары бар 200 млн. шаршы метр қолданылған су ағындарын жібереді.

Ластаушылардың екінші тобына қалалар және елді мекендер аумағында орын тепкен әртүрлі өндірістік, коммуналдық кәсіпорындар жатады. Бұл топқа облыстың қолданылған су ағындарының жиынтық көлемінің 15 пайызын құрайтын Алматы қаласы да кіреді.

Облыста су қорларын ластаушылардың бірі болып тамақ өнеркәсібімен айналысатын Қарабұлақ, Алматы қант зауыты, «Көксу шекері» ААҚ-ы, «Талғарспирті» ААҚ-ы және құс фабрикалары болып табылады.

Топырақ бетінің ластануы. Жер беті топырағының техногендік бұзылуы облыс аумағына тән нәрсе. «Южказнедра» АБ-ның әр жылдарда өткізген экологиялық-геохимиялық зерттеулерінің мәліметі бойынша Алматы агроөнеркәсіп аудандарының аумағында топырақ құрамында қорғасын, фосфор, хромы бар және олар белгілі мөлшерден 1,5-3 есе асып түсетін аномалды учаскелер анықталған.

Облыстың ауыл шаруашылығына арналған жері 13550,5 мың га құрайды, оның ішінде 2177,3 мың га әртүрлі дәрежедегі сорға айналған, су эрозиясының нәтижесінде 841,8 мың га тозған және 4383,1 мың га жерлер дефляцияға ұшыраған.

Өнеркәсіп және тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ). Облыс территориясы бойынша ең көп қалдықтар өнеркәсіп қалдықтары болып есептеледі. Қалдықтардың жалпы саны 2790 мың тонна, оның ішінде ТҚҚ- 1774 мың тонна.

Ең ірі өндірістік қалдықтар полигонына күл үйінділері жатады. Олар ТЭЦ-2, ТЭЦ-3, «Казцинк» ЖАҚ-ы, «Казцинк» ТКБ ЖАҚ-ы, «Тельманский», «Қайнар» АҚ-ы полигондары.

Тұрмыстық қалдықтардың негізгі жинақтаушы қатарына ауылдық аудандар мен селолық окруктер жатады. Облыс аумағында көлемі 1155 мың тонна 838 полигондар бар, оның ішінде көлемі 1084,4 мың тонна 261-і тіркелген және көлемі 60,5 мың тонна 577-і тіркелмеген қоқыстар үйіндісі бар. Облыстағы ең ірі полигон «Парасат» АҚ-ы. Оның қауіптілігі 3 класс санатына жатады.

Қоршаған ортаның экологиялық тұрақсыздығының деңгейін көрсететін есептер бойынша, 16 әкімшілік аудандар ішінен 8-і өте күшті, 6-ы орташа, тек 2 аудан төмен дәрежедегі табиғи-шаруашылық жүйелер өзгерістеріне жатады.


1.6. Халықтың кедейшілік деңгейін төмендетудегі қоғамдық институттардың ролі


1.6.1. Халықтың кедейшілік деңгейін төмендетудегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі


Облыстық жəне аудандық мемлекеттік өкімет органдары өздерінің қызметтері шеңберінде тікелей немесе қосымша кедейшілік мəселелерін шешіп отырады. Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарының санын арттыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, шағын несиелеуді кеңейту үшін ең қолайлы жағдайлар құрылуда. Жыл сайын денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, инфрақұрылым саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге бюджетті арттыру жөнінде шаралар қабылданады. Мектептер салынуда, əлеуметтік-мəдени салалардың барлық бъектілерінде күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Жалақы жөніндегі қарыздарды жою, еңбек жəне еңбекті қорғау туралы заңнамаларды сақтау жөнінде шаралар қабылдануда. Кедей жəне азаматтардың əлеуметтік-əлсіз топтарын тікелей əлеуметтік қамтамасыз ету жүзеге асырылуда.

Облыста экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету есебінен халықтың əл-ауқатын одан əрі жақсартуға бағытталған облысты əлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді бағдарламасы əзірленген жəне жүзеге асырылуда. Осындай бағдарламалар барлық əкімдер деңгейінде əзірленіп, осы бағдарламаларды іске асыруға жауап береді.

2002 жылы əлеуметтік қамсыздандыруға облыстық бюджеттің шығыны 3738,8 млн. теңгені (2001 жылға 195,2%) құрады. 2002 жылы шығындар білім беруге (1293,3 млн. теңге) жəне денсаулық сақтауға (1260,0 млн. теңге) артты немесе сəйкес 9952,4 жəне 3569,4 млн. теңгені құрады. Жергілікті атқарушы органдар шағын бизнес жобаларын бюджеттік жеңілдікпен несиелеумен жүзеге асыруда.


1.6.2. Кедейшілікті төмендетудегі үкіметтік емес және кəсіподақтық ұйымдарының ролі.


Облыста 24 кәсіподақтық ұйым, 11 мүгедектер қоғамы, 5 соғыс ардагерлер ұйымдары, 3 әйелдерді қолдау ұйымы, 2 жастар, 5 халықты әлеуметтік қолдаумен айналысатын ұйымдар тіркелген. 1998 жылдан бастап Талдықорған аймақтық жұмысбастылыққа көмектесу қорымен әрекеттестік жүзеге асырылуда. Техникалық жәрдемдесу жөніндегі неміс қоғамының қолдауы жағдайында, осы үкіметтік емес ұйым арқылы тиімді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесі белгіленген. Пилоттық жобаны аяқтағаннан соң, қормен ынтымақтастық жалғасуда. Қазіргі кезде қордың қызметі ұлғаюда, оның жанында жастарға болашақ жұмысты дұрыс таңдауда көмек көрсететін ақпараттық-кеңестік орталық ашылды, бұл жерде өз бетімен жұмыс іздеу әдеттерін оқытады. «Қарлығаш» әйелдер оқыту-кеңестік орталығы» қоғамдық ұйыммен аз қамтамасыз етілген отбасылардағы балаларды қолдауға бағытталған қоғамдық жұмыстарды өткізу туралы келісімге жеттік.

Облыс Әкімі, Алматы кәсіподақтар одағы және Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы арасында үш жақты келісімді жүзеге асыру шеңберінде біршама жұмыстар жүргізілді.

Алайда, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі аймақтарда өз дəрежесінде емес.

Кедейшілікті төмендетуде жеке бизнестен түсетін қаражаттар үлкен роль атқарады. Сол қаражаттар есебінен облыстың 16 ауданында және 3 қаласында 158 арнайы дүкен ашылды, олар 7000-нан астам аз қамтамасыз етілген азаматтарға төмен бағамен және несиеге азық-түліктер және басқа да қажетті тауарларды өткізеді. Облыстың аудандарында, қалаларында киілген киім, аяқ киім жинау және беру жөнінде 214 үйлестіру орталықтары ашылды. Бірақ, әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында жеке бизнес əлеуеті толық пайдаланылмады.

Кедейшілік проблемаларын шешуде халықтың өзінің қатысуы, оның ішінде жергілікті қауым деңгейінде көркейту проблемаларын, өзара көмек жəне қоғамдық бақылауды ұйымдастыру әлі де болса шамалы күйінде қалып отыр.


2. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, қағидалары және басымдықтары


2.1. Бағдарламының мақсаты жəне міндеттері


Бағдарламаның мақсаты - азаматтардың әл-ауқатын көтеру, кедейшілікті қысқарту жолымен әлеуметтік қорғаудың атаулылығын, əділеттілігін жəне берілген əлеуметтік көмектің тазалығын жақсарту, денсаулық сақтау жəне білім беру қызметтеріне халықтың əлеуметтік əлсіз топтарының қол жеткізуін көтеру, кедейшіліктің әлеуметтік-демографиялық, экологиялық, инфрақұрылымдық факторларының жағымсыз әсерін азайту үшін жағдай жасау.


Бағдарламаның міндеттері

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін облыстық бағдарламамен келесі міндеттерді шешу көзделді:

- тұрақты еңбек қызметіне ынталандыруды қалыптастыруға мүмкіндік беретін жəне рыноктық шарттармен сəйкес келетін тиімді жəне ықпалды бағдарламаны қызмет еткізу;

  • халықты өнімді жұмыспен қамту, жұмысшы күшінің сапасын жəне бəсекеқабілеттілігін көтеру, жұмыссыз халықты жұмысқа тұрғызу деңгейін арттыру, жұмыссыздық көлемін қысқарту үшін жағдай жасау;

  • төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды одан əрі дамыту жəне оны жетілдіру, кəсіби оқу, жұмыссыздардың біліктілігін көтеру жəне оларды қайта дайындау;

  • атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетігін және халықтың кедей тобының табыс деңгейін бағалау әдісін жетілдіру;

  • шағын кəсіпкерлікті дамыту, азаматтардың аз қамтамасыз етілген тобына басымды несие беруді қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

  • денсаулық сақтау, білім беру секторларында мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін жəне қол жетімділігін көтеру.



2.2. Кедейшілікті төмендетуге арналған басымдықтар

Кедейшілікті төмендетудің негізгі басымдықтары болып мыналар табылады:

  • жұмыспен қамтуды өсіру үшін жағдай жасау жолымен жұмыссыздықты төмендету, одан əрі экономикалық өсуді қамтамасыз ету;

  • облыста кедейшіліктің жайын объективті түрде бағалауды қамтамасыз ету;

  • базалық білім алуға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге қол жетімділігін көтеру, мемлекеттік əлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығын күшейту;

  • ифракұрылым қызметтерімен халықтың қамтамасыз етілуін жақсарту;

  • аймақтық деңгейде кедейшілікті жəне кедейшілікке қолайсыз экологиялық факторлардың əсерін төмендету;

  • халықтың кедейшілік деңгейін төмендетуде қоғамдық институттардың қызметін жақсарту жөніндегі шаралар;



2.3. Бағдарламаны іске асыру көрсеткіштері
1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

МазмұНЫ iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
МазмұНЫ icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
МазмұНЫ iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
МазмұНЫ iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
МазмұНЫ iconМазмұНЫ

МазмұНЫ iconМазмұны

МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
МазмұНЫ iconМазмұны
Кіріспе
МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница