МазмұНЫ




НазваниеМазмұНЫ
страница3/7
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.86 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/prog.doc
1   2   3   4   5   6   7

1.2.6.Шағын қаржыландыру



Шағын несиелеу облыста өзін-өзі жұмыспен қамту жəне аз қамтамасыз етілген жəне жұмыссыз азаматтардың материалдық жағдайын жақсарту жөнінде басымды шаралардың бірі болып табылады. Ол кəсіпкерлікте, жанұялық жəне жеке бизнесте тиімді ынталандыру рөлін атқарады, сондай-ақ жұмысты жаңа бастаған бизнесмендерге тəжірибе жинақтауға, пайда табуға, кедейлік шегінен шығуға көмектеседі.

Облыста үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың қаражатын тарту жолымен шығын неселеуден оңды тəжірибе бар.

Қормен, шағын несиелеу бағдарламасы енгізілгеннен бері облыс бойынша тұтастай алғанда 6255 адам жалпы сомасы 196,7 млн. теңге кредит алды, мұнымен 2682 заем жинаушы – қайтарылатын сома есебінен (1999ж.-177, 2000ж-1028, 2001ж-1024 жəне ағымдағы жылы-453 несие) несие алған. Облыстың барлық аймақтарының ауыл халқы шағын кредитпен қамтылды. Мұнда артықшылықты əйел адамдар мен көп балалы отбасылар (барлық кредиттің 65%-ы), жастар, сондай-ақ репатрианттар (оралмандар) алды. Бастапқы кезде шағын несиелеу жеке адамдарға берумен жүзеге асырылды, келешекте Қор топпен несиелеуге көшті, несие бірнеше заем алушыны біртұтас жобаға біріктіру, бұл алынған кредиттің қайтарылмау қаупін белгілі бір дəрежеде төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде облыста 200-ге жуық шағын несиелеу тобы 2-ден 10 -ға дейінгі адам санымен құрылған. Сондай-ақ, заем алушылардың іске көзқарасы, жобалар сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін, несие берудің шарттары мен тетіктері өзгертілді. 2000 жылдан бастап берілген шағын кредиттер 90-100% мөлшерінде қайтарылуда.

Қауымдық несиелеудің Қазақстандық қоры (ҚНҚҚ) 1997 жылы қарашада Халықаралық даму жөніндегі (ЮСАИД) Америка Агенттігімен жəне Қазақстанда шағын несиелеу бағдарламасын іске асыруға бағытталған Сорос қорымен бөлінген грант қаржысымен құрылған.

ҚНҚҚ-ы айналым капиталын арттыруға жəне негізгі құрал- жабдықтар алуға несие береді. Несие сонымен қатар мамандар тарапынан тікелей заем жинаушылармен бірге жұмыс істейтін кредит беретін техникалық көмек қоса көрсетіледі. ҚНҚҚ –ның бастапқы өнімі – топпен несиелеу, топпен кепіл беру жүйесі арқылы айналым капиталын толықтыруға аз мөлшердегі несиелер ұйғарылады.

2001 жылы ҚНҚҚ-ы клиенттерінің сұранысы негізінде жеке кредит беру бағдарламасын жасады. ҚНҚҚ-ның заем жинаушыны таңдау кезіндегі негізгі бағыты - əйел кəсіпкерлерді қолдау. ҚНҚҚ-ы клиентурасының 80%-ы əйелдерден тұрады. 2001 жылы ҚНҚҚ-нан 3 млн. АҚШ доллары сомасында 11 мың адамға несие берілді.

Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі қор ҚР Президентінің 1997ж. 10 – желтоқсандағы «Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі жалпы ұлттық қор туралы» № 3791 Жарлығына сəйкес құрылған. 1998-2001 жж. мерзімінде 30,1 млн теңге сомада шағын кредит берілген. Алайда, қор жұмысының тиімділік көрсеткіштерінің бірі - қайтарымы 70%-ды құрады.

Сонымен қатар, облыста мемлекеттік қаржы ресурстарын тарта отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің пилоттық несиелеу жобасы жүзеге асырылуда. ҚР-ы Үкіметінің 2001 жылға «Аграрлық секторды несиелеу мəселесі туралы» №137 Қаулысына сəйкес облыстың ауыл шаруашылығы департаментінде аймақтық жəне ауылдың несие серіктестіктерінің əлеуметтік қатысушыларын анықтау үшін Ауыл шаруашылығы Министірлігіне ұсыныстар əзірлеу жөніндегі Комиссия құрылды.

Жоғарыда көрсетілген Қаулыға сəйкес 2001 жылы 29 құрылтайшысымен жəне 368,0 мың теңге сомада жарғылық капиталымен Ескелді ауданында «Шаруа-Несие» АНС (ауылдық несиелік серіктестік) құрылды. Қазіргі кезеңде жарғылық капитал 10737 мың теңгеге дейін арттырылған 48 құрылтайшысы бар, құжаттары қайта тіркелуге өткізілді. «Шаруа-несие» Ауылдық несиелік серіктестігі 14 шаруашылық- құрылтайшыларына 17770 мың теңге сомада кредит берілді.

Панфилов ауданында 21 құрылтайшысымен жəне 3701 мың теңге жарғылық қорымен «Жаркент» ауылдық несиелік серіктестігі құрылды. (ҚР Ауылшарминінің 2001ж. 24 желтоқсанындағы № 401 бұйрығы). Құрылтайшылар құжаттары облыстың əділет басқармасынан тіркеуден өткен.

Ауылдық несиелік серіктестіктер Қарасай ауданында 22 құрылтайшысымен құрылады, жарғылық қоры 3200 мың теңге. Ауылдық несиелік серіктестіктерін құру жөніндегі барлық қажетті құжаттар Ауыл шаруашылығы Министірлігіне жəне «Аграрлы кредит корпорациясы» ЖАҚ-на берілді.

Ауылдық несиелік серіктестіктер облыстың ауылдық жерлері үшін несиелік жəне қаржылық қызмет көрсетуді дамытудың құптауға болатын əдісі болып табылады. Несиелік серіктестіктер құру ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің өздерінің қаражаттарын тарту арқылы, ауыл шаруашылығы өндірісін несиелеу жүйесін ұйымдастыруға жəне осы мақсатқа бөлінген мемлекеттік несиелік ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Шағын кредит ұйымдарының жұмыс мерзімі ішінде облыста шағын кредит бағдарламасын енгізудің оңды тəжірибесі жинақталды. Оларды енгізу жұмыс орындарын, құру, шағын бизнесті дамыту, өзін-өзі жұмыспен қамту , өндірісті ұлғайту сияқты біршама нəтижелерге қол жеткізіп, тұтастай алғанда халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге əсерін тигізді.

Сонымен қатар, аз қамтамасыз етілген азаматтарды шағын несиелеу, əлі де болса ойлаған нəтижелерге қол жеткізуге толық мүмкіндік бермей отыр. Оның негізгі себебі шағын несиелеуді қаржыландырудың шағын кредит ұйымдарында айқын нормативтік – құқықтар базасының жеткіліксіз болуы. Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде шағын несиелеу бағдарламасын тиімді үйлестіру жəне шағын несиелеу ұйымдары қызметіне қолдау көрсету жөніндегі жұмыс нашар жүргізіледі.


1.3.Əлеуметтік сала


1.3.1. Демография жəне көші-қон


Облыстағы халық саны 2002 жылдың 1 қаңтарына 1558,2 мың. адам болды, оның ішінде қалалық жерлерде 444,4 (28,5%), ауылдық жерлерде 1113,8 (71,5%). Республика бойынша біздің облыста ауыл халқының үлес салмағы жоғары, сондай-ақ халықтың кедей тобының үлес салмағы - (9,7%).

1992 жылдан бастап облыста халық санының азайғандығы байқалды. Туу коэффициенті 1991 жылы 1000 адамға шаққанда 23,3-тен, 2001 жылы 14,4-ке дейін төмендеді, өлім деңгейі 7,9-дан 8,6-ға дейін өсті, табиғи өсім, 15,4-тен 5,8-ге дейін азайды. Əрбір 1000 туылған балаға шаққанда 2001 жылы нəрестелер өлімінің коэффициенті 12,1-ге төмендеді.

Кедейшіліктің гендерлік қырлары (аспектілері).

Облыс халықтың жалпы санынан 51% əйелдер құрайды. Əйелдердің өмір сүру деңгейі ер адамдарға қарағанда 8,8 жасқа жоғары. Сонымен қатар, əйелдердің білімділік деңгейі де жоғары, жоғарғы жəне арнайы оқу орындарындағы оқитын əйелдердің үлес салмағы жоғары. Алайда, ер аамдарға қарағанда жалпы жұмыссыздық деңгейі əйелдер арасында жоғары, сондай-ақ əйелдер үшін ұзақ жұмыссыздық ерекше сипат алуда. Еңбек рыногында əйелдер еңбегіне сұраныс аз: олардың үлесі жалдалмалы жұмысшылар арасында төмен жəне өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдар арасында жоғары. Кедейшіліктің гендерлік аспектісі сондай-ақ табыс табуда да айқын көрініп отыр, мысалы əйелдердің еңбек жалақысы ер ааматтар жалақысының 65,6% құрады (2001 жылы). Мұндай жағдай облыста толық емес отбасылардың кедейшілігіне əкеліп соқтырды. Облыста некесіз туылған балалар саны 1991 жылғы барлық туылған 14,7% қарағанда 2000 жылы 25,5% құрады.

Облыста «Қазақстан Республикасындағы əйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарын» орындау шеңберінде бірінші кезекте көп балалы аналардың, мүгедек əйелдердің, жұмыссыз əйелдердің мүддесін қорғау көзделді. Облыста сондай-ақ, əйелдер басқаратын 400-ге жуық шағын кəсіпкерлік құрылымдары өздерінің қызметін жүзеге асыруда. 685 əйел 21,3 млн. теңге сомасында шағын кредит алды.

Облыста əйелдер басқаратын 2 саяси партия, 7 ұлттық мəдени орталықтар, 18 əйелдер құқығын қорғау жөніндегі қоғамдар жұмыс істейді.

Əйелдерге қатысты зорлықпен күрес жүргізу мақсатында отбасылар ісі жөніндегі облыстық комиссия жұмыс істейді. Комиссия өзінің жұмысын криминалды полиция бөлімшелерімен жəне басқа да жеңгетайлықты анықтау жəне болдырмау, парнографиалық бизнес жөніндегі қызметтермен өзара байланыста жұмыс жүргізеді. Əйелдер жəне балалар үшін 2 дағдарыс орталығы жəне 2 жетімхана құрылған, оған 2000-нан астам əйел келіп көмек сұраған, алайда мұндай жұмыс тек облыс орталығында жүргізіледі.

Кедейшіліктің жасына қарай аспектілері. Облыста отбасылардың орташа саны (4 адам) республика бойынша орта көрсеткіштен жоғары. Туу деңгейінің төмендігіне қарамастан халықтың жастық құрылымында балалар (32,7%) жəне 30-ға дейінгі жастар ие болады. Кедейшілік негізінен осы жастағы адамдарға тəн. Халықтың егде жастағы аздаған тобы кедейлік шегінен асатын зейнетақымен қамтамасыз етілген (9,8%).
Кедейшіліктің көші-қон аспектілері. Облыста көші-қонның теріс сальдосы сақталуда. 1991-2001 жылдары көші-қон есебінен облыс 183,9 мың адамды сыртқа жіберді, оның ішінде ішкі республикалық көші-қон 21,7 мың адам. Соңғы жылдары ауыл жастарының жаппай қалаға кетуі байқалуда, бұл еңбек рыногында əлеуметтік қиындықтардың жəне əлеуметтік мəселелердің шиеленісуіне əкеліп соғады.
Сондай-ақ, жасырын көші-қон проблемасы – еңбек рыногында қосымша бəсеке тудыратын, Қырғызстан жəне Өзбекстаннан келген арзан жұмысшы күші бар.

Облыста жақын жəне алыс шетелден келген 24914 репатриант тұрады. Олардың көпшілігі (85%) Алматы жəне Талдықоған қалаларына жақын орналасқан аймақтарда тұрады. Олар құжаттар ресімдеуде, азаматтық, тұрғын-үй, жер учаскелерін алуда мемлекеттік жəрдеммен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 223 оралмандар отбасы тұрғын-үй алу кезегінде тұр, отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін 531 отбасы тіркелген. Əлеуметтік жағдайы бойынша репатрианттар қоғамның ең кедей тобына жатады.

Маргиналды топтар. Соңғы жылдары анықталғандардың ішінен қылмыс жасаған адамдар жұмыссыздар санының 80% құрайды, олардың 20% жуығы - бұрын қылмыс жасағандар. Əйелдермен жəне кəмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны өсуде.


1.3.2. Халықтың денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз етілуі


Əлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайының нашарлауы облыстағы науқастану деңгейінің жалпы өсуіне негізгі себеп болды. Облыс бойынша халықтың жалпы науқастануы едəуір жоғары күйінде қалып отыр – 100 мың адамға 45 мың, оның ішінде туберкулезбен науқастану – 115,3, республика бойынша орта көрсеткіш -153,2, жаңа пайда болған аурулар – 191,7-нің орнына 148,8, бруцеллезбен – 12,9-дың орнына 26,0.

Халықтың науқастану динамикасының тенденциясы мынадай əлеуметтік мəні бар аурулар, мысалы алкоголизм, нашақорлық, жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулар, ВИЧ-инфекциясы, т.б. сипатталады.

Облыс халқын ауыз сумен қамтамасыз ету бүгінгі күнгі актуальды міндет болып табылады. Бұл ішек ауруларымен – 2000 жылғы 60,5-ке қарағанда 2001 жылы 71,5 100 мың адамға жəне вирусты гепатитпен – 2000 жылғы 148,2-нің орнына 2001 жылы 127,5 жоғары науқастанушылық жағдайлары анықталды.

Нəресте өлімінде 22,1% іштен туған жүрек қабыну аурулармен науқастануы алдыңғы орында, бұл халықтың тұрмыс деңгейі төмендеуінің нəтижесі болып табылады.

Облыста денсулық сақтау саласын «реформалау» жылдарында медицина кадрлерінің саны 33 пайызға, ауруханалар, жедел жəрдем бөлімшелерінің саны күрт қысқарды, республикада медицина қызметкерлерінің айлық жалақысы ең төмен дəрежеде болды.

Соңғы жылдары қабылданған халыққа алғашқы дəрігерлік-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар, ауылдық денсаулық сақтау салаларын дамытуды жақсарту жолдарын белгілеп берді. 2001 жылдан бстап облыста емдеу-профилактикалық мекемелер жүйесін қайта ұйымдастыру жүргізілді. Емханалар, дəрігерлік амбулаториялар жəне ауруханаларды біріктіру жолымен орталық аудандық аурухана, ауылдық учаскелік ауруханалар ұйымдастырылды, фельдшерлік пункттер ашалды. Соның нəтижесінде, облыста емдеу-профилактикалық мекемелерінің саны 682 бірлікке жетті. 2001 жылы медициналық қызмет көрсетуді 2940 дəрігер жəне 7012 медбикелер жүзеге асырды.

Облыста емдеу-профилактикалық мекемелерден басқа, салауатты өмір салтын насихаттау орталығы, 2 туберкулезге қарсы снатория, 4 балалар үйі, 2 қан құю орталығы, 2 медицина колледжі, 20 санитарлық-эпидемиологиялық станса жұмыс істейді.

2002 жылы облыстың денсаулық сақтау бюджеті 1260 млн. теңгеге көбейтілді – 2,5-тен 3,6 млрд. теңгеге дейін, бұл облыстың емдеу-профилактикалық мекемелеріне қосымша 936 штаттық бірлік беруге, 28 реанимация жəне интенсивтік терапия бөлімдерін, 11 жедел жəрдем бөлімдерін, 5 бұрын жабылып қалған учаскелік ауруханаларды жəне 56 елді мекендерде фельдшерлік пунктерді ашуға мүмкіндік берді.
1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

МазмұНЫ iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
МазмұНЫ icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
МазмұНЫ iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
МазмұНЫ iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
МазмұНЫ iconМазмұНЫ

МазмұНЫ iconМазмұны

МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
МазмұНЫ iconМазмұны
Кіріспе
МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница