Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар




Скачать 36.28 Kb.
НазваниеДайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар
Дата конвертации07.02.2016
Размер36.28 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://zaysan.vko.gov.kz/kz/files/county5_01.doc
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы

атқарылған жұмыстар


Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыстар атқарылды.

Ауылдық округ әкімі аппараты бойынша 2011 жылы 75 өкім, 4 шешім қабылданды.

2011 жылы 13-18 қаңтар аралығында ауылдың округі әкімі Б. Балғабаев Дайыр, Жамбыл, Көкжыра ауылдары тұрғындарының алдында есеп беру жиналысын өткізді. Жиналыста 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы, жеткен жетістіктер,кеткен кемшіліктер айтылды. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс пікірлер тыңдалды. 20 қаңтарда аудан әкімі С. Зайнулдиннің есептік кездесуі болды. Осы жиналыста айтылған ұсыныс- пікірлер бойынша, аудан әкімі тапсырмалар берді. Осы тапсырма бойынша жұмыстар істелінді. Атап айтқанда : Жамбыл –Көкжыра тас жолы қардан үнемі тазаланып отырды. Көкжыра ауылының көшелерін жарықтандыруға бюджеттен 1 млн 500 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, сайтқа беру арқылы 682,5 мың тенгенің жұмыстары атқарылып, 367,5 мың тенге үнемделді. Қазір Көкжыра ауылының 2 көшесінде 30 шам жанып тұр. Ауылды көркейту, абаттандыруға байланысты бюджеттен 700,0 мың тенге бөлініп, оның 683 мың тенгесіне Дайыр ауылының кіре берісіне қақпа орнатылды. Көкжыра ауылындағы клуб үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдаланылуға берілді.

Округ бойынша аудан әкімінің 2011 жылдың 11 сәуір-11 маусым аралығы тазалық айлығын жариялауына байланысты әр ауылда әр аптаның жұма күндері тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, ауыл ішіндегі қоқыстар шығарылып, көшелер тазаланды. Әр үй өз ауласын, сыртқы қоршауларын жөндеп, әктеп, сырлау жұмыстарын жүргізді. Әкімшілік тұрған ғимараттың алдына әр түрлі мүсіндер орнатылып, гүлзарлар жасалды. Округ бойынша 2800-дей ағаш отырғызылды. Аудан бойынша тазалық айлығының қортындысында біздің округ 3- орынды иеленіп, 100 мың тенге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Аудан әкімі С.Зайнулдиннің ұйымдастыруымен аудандағы техникасы бар кәсіпкерлерді жұмылдырып, Жамбыл ауылындағы көшелерге құм-тас төгіліп, тегістелді. Дайыр ауылындағы Орманбетов көшесін ауыл әкімінің ұйымдастыруымен жөнделді.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ауылдық округ бойынша «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 20 жарқын істің жоспары жасалып, осы жоспар бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Дайыр ауылында жеке кәсіпкер Өтебаев Арғынғазының демеушілігімен саябақ қоршалды. Жамбыл ауылында осы ауылдың тумалары С.Ақтанов, М.Бошаков, С.Рамазановтырдың демеушілігмен ақын Нұрлан Маукенұлы атындағы саябақ жасалып, пайдалануға берілді.. Көкжыра ауылында жеке кәсіпкер Келгенбаев Ербол мешіт салып, пайдалануға берді. Сонымен қатар, Көкжыра ауылында ауыл тұрғындары Б.Тлеужанов пен К.Далабаевтың бастамасымен ауылдың кіре берісіне қақпа орнатылып, ауыл маңындағы зираттар қоршалды.

Мүкарама орта мектебі әкімішілігінің бастамасымен, 2011 жылдың наурыз айында мектеп жанынан шағын жылы жай іске қосылды.

Аудан әкімінің ұйымдастыруымен «Сайқан» ЖШС директоры А.Дудник демеушілік жасап, 20 т. көмір аз қамтылған 20 жанұяға тегін таратылып берілді.

2011 жылы ұйымдастырылған ауданда, облыс орталығында болған жәрмеңкелерге округ бойынша: 22 бас ірі қара (3350 кг.), 6 бас қой (100 кг.), 500 л. күнбағыс майы, 100 кг сәбіз, 1 т. картоп, 200 кг капуста, 100 кг құрт, 50 кг сүзбе, 100 кг тары, 10 кг жент, жиыны 3579500 тенгенің өнімі саудаланды. 2011 жылы ауыл шаруашылық саласы бойынша 4 кәсіпкер несие алды. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру жұмыстары бойынша 2011 жылы 5500 бас ірі қара қайта сырғаланып, компьютерлік базаға енгізілді.

20.12.2011 ж. жүргізілген санақ бойынша: округте ірі қара- 6639 бас, қой-ешкі -8979 бас, жылқы-1397 бас, құс- 5862 болды. 2010 жылдың осы мезгілімен салыстырғанда; ірі қара 123 басқа, қой-ешкі 785 басқа, жылқы 90 басқа, құс 220 –ға өскен.

Егін шаруашылығы бойынша: таза егістік жер -1667 га, оның ішінде 540 га жерге дәнді дақыл, 754 га жерге күнбағыс, 123 га жерге картоп, 54 га жерге көкөніс, 11 га жерге бақша егілді.

Ауылдық округ әкімі жанынан құрамында 12 адамы бар 3 ақпараттық насихат (АНТ) тобы құрылған. Оның құрамында ауыл әкімі, әкімшілік қызметкерлері, мектеп директорлары, мұғалімдер, медицина қызметкерлері бар. АНТ жыл басынан бері 11 кездесу өткізіп, 581 адам қамтылды. Негізгі тақырыптары: Елбасы Жолдауы, жолдаудан туындайтын мәселелер, Тәуелсізідігіміздің 20 жылдығы т.б.

Дайыр ауылдық округінде осы жылы әрбір мерекеге байланысты мәдени-көпшілік шаралар Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып, өз мәнінде өтті. Атап айтқанда, Наурыз мерекесі ұлттық мереке ретінде ерекше аталып өтті. 22 наурызда ауылдық окургке қарасты ауылдар арасында «Армысың әз-Наурыз!» өнер сайысы , спорттық шаралар өтті. Осы шараға 200-ден астам адам қатыстырылды.

Сонымен қатар, наурыз мерекесі әр ауылда аталып өтілді. Атап айтқанда, Жамбыл ауылында 21 наурызда ұлттық салт дәстүрді насихаттау мақсатында көшеаралық жарыс өткізілген. Оған ауыл азаматтары демеушілік жасады. Ал Көкжыра ауылында клуб үйінің алдында наурыз көже ұйымдастырылып, қазақтың ұлттық ойыны «Көкпар» ойналды.

Ауылдық окургі әкімі аппараты ауыл спортын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Наурыз айында волейболдан жеке кәсіпкер Л.Енсегенованың демеушілігімен турнир өтті. Оған басқа округтен де командалар қатысты.

Мамыр айында аудан әкімінің жүлдесіне арналған аудандық спартакиадада Дайыр ауылдық округ спортшыларының командасы жүлделі 2- орынды иеленді.

Ауылдық округте көрнекілікке байланысты жиыны 4 баннер ілініп, 8 баннерге тапсырыс берілді.

2011 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Соғысқа кеткен баласын тосқан кейуана» ескерткіші қайта жөнделіп, жаңа орынға көшірілді.

Похожие:

Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconАуылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған
...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconБасшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын әкімдердің халықпен кездесіп, атқарылған жұмыстарының есебін беріп отыруы бүгінде маңызды мәселелердің біріне айналды. Бүгінгі есепті кездесуге дейін қалаға қарасты ауылдық округтер, кент, мөлтек аудандар бойынша
М. Жайымбетовтің 2011 жылы атқарылған жұмыстар бойынша тұрғындар алдындағы есептік баяндамасы
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconАқсу ауданы әкімі Ә. Дүйсембаевтың және поселкелік, ауылдық округ әкімдерінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы 2012 жылдың ақпан наурыз айларында аудан
Ақсу ауданы әкімі Ә. Дүйсембаевтың және поселкелік, ауылдық округ әкімдерінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы 2012 жылдың ақпан...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconШілікті ауыл округі бойынша 2010 жылы і-ші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы анықтама
Округі көлемінде 12–қаңтар,18-қаңтар аралығында ауыл әкімінің халық алдында есеп беру жиналысы өтті. Сын-ескертпелер жинақталып,...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconБиржан ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2011 жылдың 1 қаңтарынан есептік кезеңге дейін мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 124 қатынас...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconАйнабұлақ ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconҰлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі Құрметті кент ауылдық
Сіздерге 2011 жылда атқарылған жұмыстар туралы ой бөлісіп, алдағы жұмыстар туралы бөліскім келеді
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconБіржан ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша 2012 жылдың I – ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар
Ың әкімдігінің 7 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен 3 қаулы бойынша ауылдық округінде су тасқынына, дала өрттеріне қарсы және округ...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconДолон ауылдық округі әкімінің есебінің тезистері
Долон ауылдық округі бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына халық саны- 1603 адам, шаруашылық аулалары- 481
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconҚарағаш ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі
Мемлекеттік қызмет көрсетуде жыл басынан 243 адамға 344 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 56 өкім шығарылып, 63 нотариалдық іс – әрекет...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница