Қостанай қаласының аумағын дамытудың




НазваниеҚостанай қаласының аумағын дамытудың
страница5/22
Дата конвертации21.02.2016
Размер2.48 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kostanay-city.kz/wp-content/uploads/2015/10/Programma-razvitiya-territorii-goroda-Kostana
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Аграрлық-өнеркәсіп кешені


Қазіргі уақытқа Қостанай қаласында 142 ауыл шаруашылық құрылымы және 53 шаруа қожалығы (фермерлік), соның ішінде жұмыс істейтін: 49 ауыл шаруашылығы құрылымы мен 13 шаруа қожалығы (фермерлік). Қаладағы мал шаруашылық өнімдерінің негізгі бөлшегі халықтың қосалқы шаруашылықтарында өндіріледі, ауыл шаруашылығы малдарының негізгі басы жеке секторда шоғырланған.

2014 жылы негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егін алаңы – 2648,7 га құрады, оның ішінде дәнді-дақылдар- 1572 га, 498,4 га – картоп, 258,7- көкөніс, 319,6 га- басқалары. Халық шаруашылығында мал басының тендеция саны өсті:

5-кесте

№ р/с


Атауы

Жылдар

2014 ж. 2010 ж. %

2010жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1.

ІҚМ (бас)

2711

2090

1737

1923

2360

87,1

2.

Шошқа (бас)

3265

3265

2300

2179

3278

100,4

3.

Қой мен ешкі (бас)

1279

880

1317

1301

1651

129,1

4.

Жылқы

205

201

208

281

374

182,4

5.

Құстар «мың бас)

58,9

55,9

56,3

56,3

56,8

94,4


Қостанай қаласының ауыл шаруашылық өнім үлесі облыстың жалпы көлемінде үлкен емес – 0,9%. Қостанай қаласы бойынша ауыл шаруашылықтың жалпы көлемі 2011 жылы – 2624 млн. теңге, 2012 жылы -2039,7 млн. теңге, 2013 жылы -2307,9 млн. теңге, 2014 жылы -1927,5 млн. теңге, нақты көлем индексі – 110,9 %. Өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің құрылымы келесі: 2012 жылы – 62% өсімдік шаруашылығының өнімдері, 38% мал шаруашылығы өнімдері, 2013 жылы сәйкесінше 70 % және 30%, 2014 жылы 66,6% және 33,4%.

Қостанай қаласының ауыл шаруашылығын бұдан әрі дамыту және шаруа, фермерлік шаруашылықтарды ірілендіру қиын, өйткені малдың жайылымы үшін аймақтар шектелген және ауыл шаруашылық өнімдерді өндіру қиындықтары. Соңғы жылдары объективті себептері бойынша (жеке тұрғын үйлер, қоғамдық тамақтандыру және мейрамхана бизнес объекттерін құрастыру, өнеркәсіп өндірісін ұлғайту) қаланың барлық қиыр аудандарында жайылым алаңдары азайды. Осы себептен жеке қосалқы шаруашылықтарда мал ұстау қиын. Асыл тұқымды мал басы үлесінің салмағы төмен, малды күту технологиялар да қажетті деңгейде емес.

Қостанайда 21 бақ қоғамы бар, учаскілердің жалпы саны – 22 610. 2014 жылы түгендеу аяқталды және тасталған саяжайларды мемлекеттік қорға қайтару басталды. 01.01.2015 жылға 1 330 жер учаскілері қайтарылды, соның ішінде 117 учаскі «Текстильщик-1» БҚ, 360 – «Дархан» БҚ, 40- «Жұлдыз» БҚ және 813 – «Урожай» БҚ. «Текстильщик-1» және «Дархан» бақ қоғамындағы учаскілер барлық тілек білдірушілерге жалға берілетін болады. Жалға алушылар үшін бір жағдайлары - шаруашылықты ұқыпты жүргізу.

Саяжайшылар өсірген өнімін іске асыра алады, осы мақсаттар үшін Қостанай қаласында 118 арнайы сөрелер орнатылды. Сауда орнының жалға алу құны- 50 теңге, зейнеткерлерге – тегін.


Ветеринария.


Қостанай қаласында «Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай ветеринарлық станциясы» мамандандырылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылған болатын, оның міндетіне мал шаруашылығының эпизоотикалық жағдайы мен өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстары кіреді, ветеринарлық- алдын алу шараларын өткізу, ауыл шаруашылығы малдарын идентификациялау, сонымен қатар, Қостанай қаласының аумағында қаңғыбас малдарды ұстау. 2014 жылы қаңғырбас иттер мен мысықтарды ұстау және жою үшін жынданудан алдын алу мақсатында


жергілікті бюджеттен 7 080 мың теңге, 2015 жылы -6080 мың теңге бөлінді.

Малдардың иммунитетті арттыру, мал шаруашылығы өнімділігі мен өнім сапасын арттыру мақсатында 2014 жылы эпизоотияға қарсы іс-шаралары 23 инфекциялы ауруларға қарсы профилактикалық егу бойынша 19356 манипуляция өткізілді, 4890 манипуляция қан үлгілерін алу бойынша. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 4512 мың теңге бөлінді. Ауруға шалдыққан малдардың диагностика мақсатында бруцелезге 4237 бас ірі және ұсақ малдың зерттелді, жұқтырғандар 0,4 % құрады. Инфекциялық малдарды жерлеу малды жерлеуі бар орында жүзеге асырады.

2015 жылы эпизоотияға қарсы шаралары 20 жұқпалы ауруларға қарсы орындалды, алдын алу екпелері бойынша 1640 манипуляция өткізілді ( жылдық жоспардың 9,2 % 2015 жылға жоспар 17826 манипуляция), қан үлгілерін алу бойынша 462 манипуляция (жылдық жоспардың 10,7 %). Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 4512 мың теңге бөлінді. Ауруға шалдыққан малдардың диагностика мақсатында бруцелезге 762 бас ірі және ұсақ малдың зерттелді, жұқтырған малдар анықталмады.

Қостанай қаласының аумағында эпизоотиялық, зоогигиеналық және ветеринар-санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында 2014 жылы «Яма Беккари» биотермиялық шұңқыры – объектісі енгізілді, ол өлген малдардың өліктерін жерлеу бойынша, сонымен қатар малдар мен адамдардың денсаулығы үшін аса қауіпті болатын малдарды, мал өнімі мен шикізатты жою үшін, қаңғыбас иттер мен мысықтардың өліктерін аулау және өлгендерін және басқа да биологиялық қалдықтарына қызметтерді көрсету үшін арналған. Осы мақсаттарға бюджет қаражатынан 32 млн. теңгеден аса бөлінді.

ҚР Үкіметінің 31.12.2009 жылғы № 2331 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының аумағында малдарды есепке алу және эпизоотикалық жағдайларды бақылау мақсатында ауыл шаруашылығы малдардың идентификациялауы өткізіледі. Идентификациялау рәсімдері малдарға жеке нөмірлерді меншіктеу мен ветеринар паспортын беруін қамтиды.


Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеу


Қалада барлық өндіріс салалары толығымен серпінді дамып отырады. Машина құрылысы және тамақ салаларын басымдылар қатарына жатқызуға болады.

2014 жылы азық түлік өндірісінің көлемі 69734 млн. теңгені немесе 2013 жылғы деңгейге 108,4% құрады. Аталмыш салада 64кәсіпорын жұмыс істейді, соның ішінде:

Шұжық және ет өнімдерін өндіру. Бүгінгі күнде қалада шұжық өнімдері мен деликатес өндірісінде жалпы қуаттылығы 9,3 тонна/тәулігіне 11 жуық шұжық цехтары,қуаттылығы 26,0 мың банка/ауысымға 2 консервілік цехтары жұмыс істеуде. 2014 жылы 561 тонна шұжық өнімдері шығарылды немесе 2013 жылдың деңгейіне өнім көлемі 80% және 2013 жылғы деңгейге 124 тонна еттен жасалған консервілер көлемі 49% бұл осы сегмент нарығындағы жоғары бәсекелестікті туғызды.

Сүт өнімдерін өндіру. Қазіргі уақытта Қостанай қаласында тәулігіне тұтас қуаттылығы 445 тонна шикізат 4 сүт өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді. Сүт өнімдерінің негізгі өндірушісі «Деп» ЖШС, «Космис» ЖШС және «Милх» ЖШС болып табылады. 2014 жылы 73876 тонна (2013 жылдың деңгейіне 121,6%), 1610 тонна (300,4%), 1432 тонна (131,5%) ірімшік пен сүзбе, 9150 тонна (132,4%) басқа да сүт өнімдері, және т.б. барлығы 17954,8 млн. теңге сомасына немесе 2013 жылдың деңгейіне 136,6 %.

Дәнді дақылдарды өңдеу және нан және нан өнімдерін өңдеу Қостанай қаласында тамақ өнеркәсібінің ең серпінді дамитын салалардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта қалада ұн өндірумен айналысатын 29 кәсіпорын жұмыс істейді, 2014 жылы олармен 24974 млн. теңге сомасына 572 мың тонна өндірілді, бұл 2013 жылдың деңгейіне 98,4 % құрайды.

Сондай-ақ қала аумағында 18 наубайхана және 10 нан цехтері есептелуде. Негізгі өндірушілердің санына «Алтын Нан» ЖШС, «Ыстық-нан» ЖШС, «Троянда» ЖШС, «Ласточка» ЖШС, ЖК Гаген және т.б. жатқызуға болады. 2014 жылы қалада 14 мың тонна нан және ұннан жасалған өнімдері 6732 млн. теңге сомасына өндірілді (2013 жылдың деңгейіне 103,4 %).

Басқа да азық-түлік өнімдерін өндіру. 10 кәсіпорыннан аса кондитер өнімдерін шығарумен мамандандырылады, мынадай «Кенихсброт» және «Сұңқар-15», «Ласточка», «Любимая Ева»ТМ, «Элита» ТМ, Лопатина ЖК, «Бұлақ».

Осыдан басқа, айына жалпы өндірушілігі шамамен 70 тонна өнім, қатырылған жартылай фабрикаттарды өндірумен айналысатын 20 кәсіпорын жұмыс жасайды, бұл «Дарус 2001» серіктестігі, «Крайс» ЖШС, «Сибиряк» ЖШС, «Хороший вкус» ЖШС және басқалары, оның ішінде 3 цех балықты өндеумен айналысады.

Сондай-ақ қалада өсімдік майының өндірісі бойынша 4 цех жұмыс істейді, 2014 жылға 7,8 мың тонна шығарылды.


Шағын кәсіпкерлік, сауда


Қостанай қаласында 2015 жылдың 1 қаңтарына 2716 шағын бизнес субъектілері жұмыс істейді немесе 2013 жылға 106 %. Жеке кәсіпкерлер нысанында 17 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қала кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер саны 2013 жылмен салыстырғанда 8 % өсті және 72 мыңнан астам адамды құрады.

Кәсіпкерлік белсенділік қала бойынша 1000 тұрғынға 94 шағын және орта бизнес субъектілерін құрайды, облыс бойынша- 72 бірлік.


Жыл басынан Қостанай қаласының шағын кәсіпкерлік субъекталармен 103,2 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, жұмыстар мен қызметтер көрсетілді, өткен жылдың деңгейіне 106% құрайды.

2014 жылға 323 жаңа ашылған кәсіпорындар тіркелді. 581 жаңа жұмыс орны құрылды.

Қалада кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасайтын барлық негізгі құрылымдар құрылды және жұмыс істейді, кәсіпкерлердің 14 қоғамдық ұйымдары жұмыс істейд (қорлар, ассоцияция және одақтар), Қостанай облыстық сауда-өнеркәсіптік палатасы және Қостанай облысы бойынша кәсіпкерлік палаталар жұмыс істейді.

  1. жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша қалада екінші деңгейлі 18 банк филиалы қызмет етеді. 2014 жылы 2013 жылдың деңгейіне . шағын бизнеске несиелерді беру мөлшері 31,4% төмендеді. Шағын бизнес боынша берілген несиелер бойынша орташа салыстырмалы ставкасы 12,4 % құрайды.

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңмен сәйкес кәсіпкерлік субъектілері жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын нормативті-құқықтық акті жобаларының сараптамасына қатысады.

Қалада «Қостанай қаласының шағын кәсіпкерлер одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі тіркелді. Осы бірлестіктің өкілдері Қостанай қаласының әкімдігі тұсындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестің құрамына кіреді. 2014 жылы 11 сараптамалық кеңестің отырысы болды, онда кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын нормативті- құқықтық актілер қарастырылды.

«Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» ММ бірге инвестициялық климатты жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Барлық инвестициялық жұмыстар тұрақты бақылауда жатыр. Инвестжобалар бойынша қала кәсіпкерлердің ұсынысы «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» ММ одан әрі қарастыру және ҮИИД бағдарламасына енгізу үшін келесіде іске асыруымен жолданады.

«Бизнестің жол картасы- 2020» Бағдарламасын іске асыру аясында.


1-ші бағыт «Жаңа бизнес-инициативті қолдау» іске асырылды:

«Пайыздық ставканы субсидиялау» жобасы, 2674,3 млн. теңге сомасына 52 жоба іске асырылды;

«Ішінара кепілдік» жобасы, 249,3 млн. теңге сомасына 12 жоба іске асырылды;

«Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» жобасы, 313,188 млн. теңге сомасына 3 жоба іске асырылды;

3-ші бағыты бойынша «Экспортерлердің қолда бар несиелері бойынша пайыздық ставкасын субсидиялау» -3733 млн. теңге сомасына 10 жоба іске асырылды. Бағдарламаға келесі банктер белсенді қатысты: «Банк Центр Кредит» АҚ ҚФ, «Халық банкі» АҚ ҚФ, «БТА» АҚ ҚФ, «Еуразиялық банкі» АҚ, «Қостанайдаға Сбербанк России» АҚ

4-ші бағыты бойынша «Кәсіпкерлік потенциалының күшейтуі», «Назарбаев Университеті» АҚ базасында шағын және орта бизнесінің топ-менеджментін Қостанай облысының үдемелі индустриалды дамытуы бойынша үйлестірме кеңесімен оқыту 2014 жылға Қостанай қаласының кәсіпкерлерінің 32 өтінімі мақұлданды, оның ішінде 9 адам оқуын өтті.

«Қолданыстағы бизнестің жүргізу сервистік қолдауы» жобасы, мемлекеттік қаржыландыру есебінен бухгалтерлік және салықтық есеп саласында, заң кеңесі мен менеджмент сапасы жүйесін енгізу бойынша, маркетинг және ақпараттық технологиялар бойынша қызмет көрсету саласында қолданыстағы бизнесті енгізуінде қолдау бойынша 542 субъектіге 855 қызмет түрін алды.

«Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 27 өтінім берілді, онда «Туран Профи» академиясында (Астана қ.) мен «Туран» университетінде (Алматы қ.) Қостанай қаласының 19 кәсіпкерлері оқуын өтті. «Народное» такси директоры 2014 жылдың маусым айында Германияда сынағын өтті.

Бағдарламаның төртінші бағытын іске асыру аясында «Бизнес Кеңесші» бағдарламасы шенберінде кәсіпкерлер негізі болып қысқа мерзімді оқыту курстары өткізілді, 196 адам оқуын өтіп және сертификат алды, «Бизнес Кеңесші-2» бағдарламасы бойынша - 66 адам сертификат алды.

«Жас кәсіпкердің мектебі» жобасы бойынша 2014 жылы 39 бастауыш кәсіпкерлер оқуын өтті және сертификат алды.

BAS бағдарламасы бойынша консультациялық жобаларды іске асыруында қолдау алуына кәсіпкерлердің 12 өтінімі мақұлданды.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселесі бойынша өткізілетін жұмысы мерзімді бұқаралық ақпарат құрадарында жарықтандырылады, бизнес субъектілеріне ақпараттық көмек көрсету бойынша қала әкімінің интернет-сайтының мүмкіндітері қолданылады, коммерциялық ұсынысы хабарландырылады.

Шағын және орта бизнеске бөгет жасайтын негізгі тосқауылдар:

қаржылық мәселелер: кепілдік қамтамасыз ету жоқтығына байланысты несие қорларының жоқтығы, зейнеттендіру ставкаларының жоғары пайызы, несие беру мекемелерде құжаттарды қарастыру мерзімінің ұзақтығы, салық салу саласындағы жеңілдіктер жоқтығы, несие қатынастар саласындағы жеңілдіктер жоқтығы.

кадрлық мәселелер, білікті мамандардың жетіспеушілігі;

өз ауыл шаруашылық өнімдерін облыстың ішкі рыногында және сондай-ақ Қазақстан бойынша өткізуге кедергі жасайтын өтім рыногының жоқтығы (немесе минималды мердігер есебімен);

шағын бизнеске қатысты НҚА шалағай мәселелері.


Ішкі сауда

Қалада соңғы уақытта ішкі сауда саласында орнықты даму динамикасы белгіленген: халыққа сату көлемін ұлғайту, сауда жүйе мен қызмет инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде қазіргі технологияларды пайдаланатын тауарларды жүзеге асыратын сауда объекттері.

Сауда саласындағы халықтың экономикалық белсенді көлемінен үлес салмағы 9,5% астам.

Жылдан-жылға бөлшек тауар айналымының көлемі ұлғаюда, тағамдық емес тауарлар үлесі келе-келе көтеріліп келеді, салдары - азық емес тауарларға баға өсуі және халықтың сатып алу мүмкіншіліктері көтеріледі.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындар қызметінің көлемі сондай-ақ тұрақты өсу тенденциясы бар.

Нәтижелі сауда саясатын өткізу Қостанай қаласының аймақтық даму, халықтың әл-ауқатын жоғарылату буыны болып табылады.

Жаһандану және қатаң бәсекелес жағдайында бәсекеге қабілеттілік мәселесі түйінді болып табылады. Кәсіпорындар, бар рыноктарын тежеп отыру және ішкі, әлемдік рыноктарының жаңа «ойықшаларын» жаулап алуға қажет болып жатыр.


6-кесте

млн. теңге


р/с

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Похожие:

Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономикалық дамуын талдау
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconПрограмма августовского совещания работников образования қостанай қ. 2010 ж. Білім беру Қызметкерлерінің пленарлық тамыздық кеңес бағдарламасы тақырыбы: «Қазақстан
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасында Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бастапқы бағыттарын іске асыру аясында Қостанай...
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Қостанай қаласының аумағын дамытудың icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы

Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconАлматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспары (бұдан әрі Даму жоспары)
Қостанай қаласының аумағын дамытудың icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы Өскемен қ

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница