Қостанай қаласының аумағын дамытудың




НазваниеҚостанай қаласының аумағын дамытудың
страница4/22
Дата конвертации21.02.2016
Размер2.48 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kostanay-city.kz/wp-content/uploads/2015/10/Programma-razvitiya-territorii-goroda-Kostana
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Қостанай қаласының сыртқы экономикалық қызметі


Қаланың экспортты жеткізуде бидай және бидай ұны басым болады.


Тауарлардың экспорттық тобына сондай-ақ кондитерлік өнімдер, сүт өнімдері, ауыл шаруашылығының бөлшектері, қара металл сүймені, макарон өнімдері жатады.

Экспортқа өз өнімдерін қаланың неғұрлым ірі өнеркәсіп кәсіпорындары жеткізеді, соның ішінде:

«Арасан» фирмасы» ЖШС минералды, асхана суы мен сыраны экспорттайды;

«ДЕП» ЖШС-2014 жылы экспортқа 955 тонна сүт өнімдерін жеткізді;

«Вадисса М» ЖШС экспортқа бидай, ұн, майлы дақылдарын шығарады. Барлығы 2014 жылға Ауғанстан, Қытай және Өзбекстанға 26 мың тонна өнім іске асырылды;

«Аруана-2010» ЖШС мен «Асалия» ЖШС 2014жылға экспортқа 66 мың тонна ұн іске асырылды;

«ЕвразКаспианСталь» ЖШС 23тонна металлпрокат жүзеге асырылды;

«АгромашХолдинг» АҚ 362 автомобиль экспортқа жеткізілді.

Қала өнімі, негізінде, Ресей Федерациясына, Қытайға, Ауғанстанға, Швейцарияға және тағы да басқа әлемдегі елдерге экспортқа шығарылады. Импорттық өнімді жеткізу әлемдегі елдердің 88-мен жүзеге асырылды, оның ішінде ең ірілері: Ресей Федерациясы, Германия, Қытай, Беларусь, АҚШ және басқалары.

Импорттағы тауарлардың негізгі үлесі машиналар және жабдықтау, дәрі-дәрмектер, азық-түлік өнімі, автобөлшектер, құрылыс материалдары, мұнай өнімдері орын алады.


Тұрғындардың тұрмысы деңгейінің негізгі көрсеткіштері


Статистикалық зерттеудің мәліметтері бойынша үй шаруашылығы, күнкөріс минимумы шамасынан төмен кірістері бар тұрғындардың үлесі, 2014 жылы 1 % дейін азайып халықтың 1,4 пайызын құрады; азық-түлік қоржынның құнынан төмен кірісі бар тұрғындардың үлесі 0,1 % артты және 0,3% құрады.

Тұрғындардың ақшалай кірістерінің құрылымында еңбек қызметінен кірістер басым болады, олар 75,9 % құрайды.

Ақшалай шығыстары құрылымында 89,6% тұтынушы шығыстарына келеді, соның ішінде:

азық-түлік шығыстары – 34,5 %;

азық-түлік емес - 24,7 %;

ақылы қызметтер – 26,8 %.

Қостанай қаласы бойынша 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанға орташа айлық атаулы еңбек ақы 94 423 теңгені құрады (облыс бойынша 89 971 теңге), минималды және максималды маңызы бар арасындағы айырмашылық-1,8 есеге (Рудный қ – 117 022 теңге, Денисов ауданы – 64 142 теңге).

Қостанай қаласында 2014 жылдың 4 тоқсанында ең төменгі күнкөріс деңгейі– 19 224 теңге.


Білім


Білім беру жүйесінде сапалы білімнің қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін мектептерді компьютерлермен, жаңа модификациясы бар кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен жабдықтау негізінде материалды-техникалық деңгей қарқынының жоғарлау қалпы байқалады.

Техникалық және кәсіби білім объектілері санының жоғарлауы мен оларда білім алушылар саны облыстың әр түрлі салаларындағы экономикасын білікті мамандармен қамтамасыз етілуін жоғарлатады.

Еңбекпен қамтылған кәсіби лицей мен колледж түлектерінің санының өсуі өңірдегі жұмыссыздар деңгейінің қысқаруына ықпал етеді.

Облыста балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамту өсімінің қалыпты оң қарқыны байқалады. Өңірде мектептерді қалпына келтіру, ағымды және күрделі жөндеу жүргізу, қазіргі заман нормаларына сәйкес жағдай туғызу үшін мемлекеттік тілде оқытатын жаңа мектептерді салу мақсатты жұмыстары жүргізілуде.

Осымен қатар, экономика дамуын тоқтатып, бар әлеуетті толық пайдалануға мүмкіндік бермей келе жатқан теріс жақтары да жоқ емес. Облыста ТжКО білім орындарындағы өндірістік шеберхана зертханаларының жабдықталу деңгейі төмен. Балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру және демалысын толық ұйымдастыру үшін қосымша білім беру ұйымдары желісі жеткілікті дамымаған.


2.2. Қала әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау


Қалада орналасқан банк институттарының сипаттамасы


2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша облыстық банктің жүйесінде екінші деңгейлі банктердің 18 филиалы жұмыс істейді (44 бөлімше).

Банктермен 2013 жылға қарағанда 3,4 % аз несие берілді, оның ішінде 67,4 % корпоративті секторға және 32,6 % халыққа берілді.

Салалық бөліністе неғұрлым несиелердің көлемін сауда- 47,3%, аыл шаруашылығы – 8,4 % және өнеркәсіп – 32,1% алды.

Долларизациялау деңгейі саласында несиелеу айтарлықтай төмен. Сонымен бірге, 2013 жылмен салыстыру бойынша шетел валютасында несиелердің үлес салмағының өсу тенденциясы қадағаланады:

2014 жылы беру мөлшері бойынша шетвалютасында жалпы беру көлемінен 12 % несиелер берілді. Дегенмен 2014 жылдың желтоқсанда несиелердің жалпы сомасынан шетвалютада 36% берілді.

Есеп беру кезеңіне шағын бизнеске 2013 жылға қарағанда 31,4 % аз берілді.

2014 жылға берілген кредиттер бойынша орташа салыстыру ставкасы 14,3 % (2010 ж.– 14,8%, 2011 ж.– 13,3%, 2012 ж.– 13%, 2013 ж.- 14,8) құрады.

Ипотекалық несиелеу бойынша берешектері 7,7 % артты, орташа ставкасы – 10,2 %. 2014 жылға тұтынушы несиелері бойынша берешегі- 13,5 % өсті, орташа салыстыру ставкасы – 21,2 %.

2014 жылдың басынан банктердің депозиттік базасы 12,9% артты.

Заңды тұлғалардың депозиттер мөлшері 1,7 есеге артты. Жеке тұлғалардың депозиттер мөлшері 5,6 есеге артты.

2013 жылмен салыстырғанда халықтың шетел валютада салымының үлес салмағы айтарлықтай 28,5%-дан 52,5% артты, бұл халықтың девальвация күтілімін күшеюіне байланысты. Нәтижесінде ұлттық валютада салым мөлшері бір жылға 30 % төмендеді, шетел валютада 1,9 есеге артты. Заңды тұлғалардың депозиттері 55,3 % ұлттық және шетел валютада 44,7% орналасқан.


Жеке тұлғалардың қолайлы жедел салымдары бойынша 2013 жылмен салыстыру бойынша ставкасы ұлттық валютада 8,3% бастап 7,4% дейін және шетел валютада 4,3% бастап 3,4% дейін төмендеді. Шетел валютадағы ставканың төмендеуі Қазақстандық кепілдік салым қорының сыйақы ставка мөлшерінің шегі туралы ұсынысына байланысты.


Облыста 147 шетелдік валютаны ауыстыру пункті жұмыс істейді: оның ішінде 93 – банктер, 52-өкілетті ұйымдар, соның ішінде- 2 «Қазпошта» АҚ.

2014 жылдың қорытындысы бойынша курстың түсуіне байланысты неғұрлым сұранысқа ресей валютасы ие болды, 2013 жылмен салыстырғанда облыстың ауыстыру пунктерінің сату мөлшері 2 есеге өсті, ал сатып алу тек 8 %. Таза сұраныс (сату минус сатып алу) 3,8 есеге артты. Максималды сұраныс қазан-желтоқсанда байқалды.

АҚШ доллары сатылды және сатып алынды 40% және 10% сәйкесінше 2013 жылдың сәйкес кезеңіне көп. Бұл ретте таза сұраныс көлемі 1,5 есеге өсті. Сұраныстың шығуы 2014 жылдың 1 тоқсанында және шілде-тамыз, желтоқсанда байқалды. Желтоқсанда қарашаға қатысты валюта 2 есе көп сатылды.

Евро 2013 жылға 26% көп сатылды, ОП сатып алынды 1% аз. Таза сұраныс 34 % өсті.

2014 жылы орташа курсы (сатып алу-сату) АҚШ доллар – 179,16-180,24; ресей рубль – 4,73-4,81 евро – 237,4-239,69 құрады.

2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша өтініште тұрған төлем карталарының саны 2013 жылдың 1 қаңтарына 12,4% артты. Оларды ұстаушылардың саны – 10%.

2014 жылға облыстың POS- терминалдар саны 33,1 % артты, сауда және сервис саласында жабдықтарды орнатқан кәсіпорындар саны 1,5 есеге артты. Банкоматтар саны 370 бірл. құрады. Одан басқа, облыста 2,8 есеге банктік киосктердің саны артты – 797, ол банк кассаларын өтуге төлемдерін жүзеге асырады.

2014 жылға төлем карталарын пайдаланып, 276,7 млрд. теңге (2013 жылға -245,1 млрд. теңге сомасына 13,1 млн. операция) 13,3 млн. операция жасалды.

Қолма қолсыз төлемдердің үлес салмағы сомасы бойынша 6,1% (2013 ж. 7,0%), транзакция саны бойынша 42,4% (2013 – 44,8%).

Қалада сақтандыру қызметтерін көрсететін 26 ұйым қызмет етеді.


Бәсекелестікті дамыту


Облыстағы тауар нарықтарындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін зерделеу мақсатында 49 тауар нарығын талдауы жүргізілді, олардың 40 бәсекелестігі дамымаған жоғары шоғырланған типке жатқызылды (электрмен қамтамасыз ету, жеткізу, сақтау және авиациялық керосинді сату, табиғи және сұйылтылған газды көтерме бағамен сату, көмірді көтермелеп сату, ҚТҚ шығару, нан қабылдау кәсіпорындарының қызметтері (жергілікті нарық шеңберінде).

Одан басқа, шағын кәсіпкерлік әлсіз диверсификациялау болып жалғаса береді, инновациялық белсенділігі төмен, Кедендік одақтың қолданыстағы бәсекелестік нарығына кіру барысында маңызды кедергі болып табылатыны танылды.

Экономиканың ерекшелігін ескеріп және нақты тауар нарығының әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, кейбір негізгі салалар бөлінді, оларға бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараны атқарушы органымен мақсатқа лайықты және барынша тиімді іске асыру:

агроөнеркәсіп кешені;

бөлшек сауда;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және байланыс;

отын-энергетикалық кешен.

Агроөнеркәсіп кешенінде бәсекелестікті дамытуға негізгі ерекшелік саласын маңызды әсер етуін көрсетеді. Бәсекелестіктің дамытуымен шектелетін бір қатар факторлар бар: материалды және қаржылық ресурстардың жетіспеуі, өндіріс өнімінде вертикальді интеграция дамуының жетіспеуі, бірлесу дамуының ең аз деңгейі, мемлекеттік жеке серіктестіктің болмауы.

Бәсекелестіктің жағдайына қоймалардың, алғашқы жинау өнімінің пункттерін сақталуының болмауы, ауыл шаруашылығы өнімінің биржалық саудасының дамымағаны кері әсерін тигізеді.

Бәсекелестіктің дамуына жол бермейтін негізгі барьерлер:

өткізетін жөндеу нарығының болмауы, шағын тауар өндірушілеріне өз бетінше (немесе аз делдалдардың санымен) сыртқы нарық саласында және олардың шегінде өндіретін ауыл шаруашылығын іске асыруға кедерін тигізеді;

әкімшілік барьерлер, ауыл шаруашылығын белгілеу жерін алу жөніндегі тәртіптің ұзақтығымен, нанды қабылдау кәсіпорындары кешендік қызметін көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат ететін құжаттарды алумен байланысты;

энергетикалық және инфрақұрылымды өткізудің болмауы.

Жергілікті атқарушы органдарымен өңірлік саясатты жүргізу шеңберінде олардың бәсекеге қабілетті өсуі мақсатында агро өнеркәсіп кешені саласын динамикалық дамыту бойынша сәйкесінше шаралар қабылданады, елді интеграциялау жағдайында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін және өндірістің аграрлық адаптациясын қамтамасыз ету және мыналар бойынша мүмкіндік қарастырылды:

ішкі нарықтың азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету (меморандумдарды жасау жолымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды


қатыстыру және т.б.);

өндірісте, қайта өндеу және ауыл шаруашылығы өнімін сақтау жаңа технологияларын енгізу (құрылыс, жылы жайларды қайта жаңарту және жетілдіру, құстардың фабрикасын, фермалардың, цехтердің сүт және ет өнімдерінің өндірісі және қайта өнделуі бойынша);

аграралық өндірістің саласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту.

Бөлшек сауда саланың жетіспеуіне көлік-логистикалық жүйені дамуының болмауына жатқызу қажет, қысқа мерзімдегі қабатты жүйенің дамымауы.

Бөлшек сауда саласы бәсекелестік деңгейін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау талап етіп отыр (кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін кедергілерді шығару және жою, тұтынушыларға берілетін қызметтің сапасын жақсарту).

Жергілікті атқарушы органымен ішкі сауданы дамыту саласында бәсекелестікті дамыту жөніндегі келесі шаралар қабылданатын болады:

халықаралық, өңіраралық және шектесу кезіндегі серіктестікті дамыту жолымен экспортқа бағытталған кәсіпорындар үшін жағдайларды құру (Кедендік одақтың шегінде өзара әрекеттесу субъектілерін жақсарту);

сауда орындары инфрақұрылымын жетілдіру мемлекеттік көмек беру шеңберінде нарық субъектілерін жалға беруге коммуналдық меншік объектілерін пайдаланбайтын жабық павильондардың құрылысы және беру).


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және байланыс. Кабельді теледидарының желісі бойынша телевизиялық бағдарламаларды ретрансляциялау қызметінің нарығы бәсекелестігі дамымаған жоғары концентратты нарығының түріне жатқызылады.

Осы нарыққа кіру кезінде әкімшілік барьерлер анықталды жаңа субъектілерге (лицензияның болуы және шетел бұқаралық ақпарат құралдарын хабарландыруға рұқсат ету).

Атқарушы органымен бәсекелестікті дамыту бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін негізгі бағыттар ретінде инфокоммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру және дамыту мүмкіндігін қарастырады, оның ішінде Индустриализациялау картасына қосылған инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жолымен.


Отын-энергетикалық кешені. Газбен жабдықтау және электрмен жабдықтау саласында бәсекелестікті шектейтін факторлар байқалады:

коммуналдық инфрақұрылымның тозудың жоғары деңгейі, жоғары капитал салымдарының қажеттілігіне байланысты әсемді емес тауар нарығына әсер етеді;

әкімшілік барьерлер (лицензияларды алу үшін біліктілік талаптарын орындауға бағытталған іс-шаралардың орындалуының қиындығы);

импортқа тәуелділік (өңірдің газификация деңгейінің төмендігі);

сыртқы жеткізушілерден энергетикалық тәуелділік;

энергияларды берушілермен энергожабдықтау компанияларды аффилирлеу (барьер әлеуетті бәсекелес нарығына кіру үшін – энергияны беретін ұйымдардың желісін қол жеткізу кезінде кедергі болуы);

тауар нарығында мемлекеттің қатысуы (мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар).

ЖЭК саласында бәсекелестікті дамытуды ынталандыруға бағытталған шаралар ретінде, бәсекелестік ортасында бәсекелес қызмет түрлерін беру мәселесі қарастырылады (Бәсекелестік туралы Заңының 77-бабы шегінде). Сонымен қатар бәсекелестікті дамыту деңгейінің жеткілікті болмауынан әлеуметтік маңыздылығы және тарифтердің (бағалардың) өсу қауіп қатері ескеріледі. Осыған байланысты, атқарушы органымен құқықты жолда регламенттік жұмысты жүргізуді күшейту қарастырылды.

Атқарушы органымен бәсекелестікті дамыту мақсатымен мына іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр:

әкімшілік барьерлер қысқарды (кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат ететін құжаттарды алу тәртібін (жою) жеңілдетуге нормативтік құқықтық актілерді талдау бойынша жүйелік жұмысты жалғастыру);

кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік органдардың тікелей қатысуын қысқарту;

жергілікті билік органдары қызметінің ақпараттық ашықтығын жоғарлату;

басымды салаларда тауар нарықтарының инфрақұрылымын дамыту.


2.2.1. Қала экономикасын талдау.


Өнеркәсіп


Ғылыми кең, жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өндірістер құруына бағытталған аймақтық өнеркәсіп саясатын жүзеге асыру арқылы экономиканың нақты секторын дамыту жұмысында оң беталыстар бекітілді.


4- кесте

Өнеркәсіп дамытудың негізгі көрсеткіштері




Өңір

Өнеркәсіп өндірісінің

(тауарлар, көрсетілетін қызметтердің) қолданыстағы бағалар көлемі

(млн. теңге)

Үлес салмағы, %.

Нақты көлем индексі, %.

2014 ж.

2013 ж.

Облыс бойынша барлығы

532 484,6

530 474,2

100,0

100,2

Алтынсарин

2 404,7

2 342,3

0,5

100,1

Амангелді

97,0

105,1

0,0

107,1

Әулиекөл

4 263,3

3 838,8

0,8

101,9

Денисов

3 690,7

3 309,2

0,7

108,6

Жангелді

110,1

79,5

0,0

86,4

Жітіқара

21 256,3

23 494,5

4,0

101,6

Қамысты

1 201,8

1 096,6

0,2

93,3

Қарабалық

2 887,6

2 304,9

0,6

119,9

Қарасу

2 764,0

2 778,5

0,5

100,2

Қостанай

17 207,4

18 185,9

3,2

100,2

Меңдіқара

2 820,3

3 146,8

0,5

96,5

Наурызым

1 671,1

1 497,9

0,3

108,7

Сарыкөл

3 134,8

2 752,1

0,6

115,1

Таран

27 405,4

28 864,4

5,2

82,5

Ұзынкөл

2 137,0

1 813,0

0,4

111,8

Федоров

3 604,7

3 385,7

0,7

103,7

Қостанай қ.

164 702,0

130 890,8

30,9

116,3

Арқалық қ. ә.

5 977,8

5 621,1

1,1

98,4

Лисаков қ.ә.

28 740,4

31 447,5

5,4

82,8

Рудный қ.ә.


236 408,2

263 519,6

44,4

97,3


Қала экономикасындағы үстемдік жағдайын өңдеуші өнеркәсіп алып жатыр. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі оның үлесі 90 пайызды құрайды.

Қаланың өнеркәсіп өндірісінің көлемінде елеулі салмағы тамақ өнеркәсібі кіреді, сусындар өнеркәсібін қосқанда -48,4%. Кәсіпорындардың негізгі саны ет өнімдерін, ұн-жарма және сүт өнімдерін өндіру саласында жинақталған. Бұл белгілі дәрежеде негізгі шикізаттың көздерінің жақын орналасуымен негізделеді. Қалада облыстық мөлшерден 94 % астам сүт қайта өнделеді, ірімшік -58% өндіріледі, ұн- 59 %, макарон өнімдері –82%, күнбағыс майы- 96%, сары май – 84%, кондитер өнімдері, шырындар, ет консервілері, жіп, пима және былғары аяқ-киімдері – 100 %.

Одан басқа, өнеркәсіп өндеуші құрылымында 35,9 % машина жасау, 6 %- металлургия өнеркәсібі, 1,6% - жеңіл өнеркәсіп, 4,7%- металл емес өндірісті, 1,8%- резеңке және пластикалық өнімдердің өндірісі және өнеркәсіптің басқа да саласы - 1,6% орын алады.

Физикалық көлем индексінің едәуір өсімі металлургия өнеркәсібіне келеді. «ЕвразКаспианСталь» заводын пайдалануға беру есебінен өндіріс көлемі 269 бастап 8919 млн. теңгеге өсті, ФКИ – 4018,7%. Машина жасау саласында ФКИ 109,9% , азық түлік өндірісі – 108,4 %, сусындар өндірісі - 116,5 %, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі – 111,6 %, металл емес өнімдерінің өндірісі – 127,7 % құрады.

Қостанай қаласында 293 өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді, олардың ішінде 46 ірі және орта кәсіпорындарға жатады, 247 кіші

өнеркәсіп орындары. 256 кәсіпорынның 95,6 % негізгі үлесі өндеуші өнеркәсіп келеді.

Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қызметкерлердің жалпы саны 14 мың адамды құрайды. Қалада сәулет жасайтын кәсіпорындар жоқ, бірақ бірнеше кәсіпорынға қызметтің негізгі бағыттарының әрбіреуі ұсынылған, қаланың экономикалық қауіпсіздігіне қажет.

2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды- инновациялық дамыту бағдарламасы шенберінде 5 жылға 61,5 млрд. теңге жалпы сомасына 25 инвестициялық жоба іске асырылды.

Инвестициялық жобаларды іске асыру негізгі капиталға түсетін инвестициялар көлемінің өсуіне айтарлықтай ықпалын тигізеді. 2013 жылы негізге капиталға түскен инвестициялардың жалпы көлемі 30,6 млрд. теңгені немесе 2012 жылғы деңгейге 4,3 есеге жоғары, соның ішінде үш инвестжобаның іске асырылған үлесі ҮИИД МБ аясында орындалды 45 % немесе 24,5 млрд. теңгені құрады («ЕвразКаспианСталь» ЖШС – 18,5 млрд. теңге және «Сарыарка Автопром» ЖШС – 13,6 млрд. теңге).

2014 жылға өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 26868 млн. теңгені құрады және өткен жылдың деңгейіне 17,4 % төмендеді.

Алдын ала есептер бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2015 жылға 176,3 млрд. теңгені құрайды, физикалық көлем индексі 103-105 % деңгейінде сақталды.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Похожие:

Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономикалық дамуын талдау
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconПрограмма августовского совещания работников образования қостанай қ. 2010 ж. Білім беру Қызметкерлерінің пленарлық тамыздық кеңес бағдарламасы тақырыбы: «Қазақстан
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасында Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бастапқы бағыттарын іске асыру аясында Қостанай...
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Қостанай қаласының аумағын дамытудың icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы

Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconАлматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспары (бұдан әрі Даму жоспары)
Қостанай қаласының аумағын дамытудың icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы Өскемен қ

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница