Қостанай қаласының аумағын дамытудың




НазваниеҚостанай қаласының аумағын дамытудың
страница10/22
Дата конвертации21.02.2016
Размер2.48 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kostanay-city.kz/wp-content/uploads/2015/10/Programma-razvitiya-territorii-goroda-Kostana
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі


Қостанай қаласы бойынша қылмыстардың жағдайы 2014 жылы қылмыстар саны 0,3% төмендеуімен сипатталады.

2014 жылға ішкі істер органдарымен 11167 қылмыстар тіркелді. Автокөліктің ұрлық саны 30,7 % өсті, айдау 13 %, ұрлық 3,8%, есірткіні заңсыз айналымына байланысты 3 %, бұзушылық 1,9 % өсті. Сол уақытта адам өлімінің саны 50 % азайды, денсаулыққа қасақана келтірген ауыр зардаптары 31,6 %, алаяқтық 19%, қарақшылық 12,5%, тонау 1,5%.

Бір жылға 302 жол-көлік оқиғалары жасалды, онда 21 адам қаза тапты және 358 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды, өткен жылға қарсы ЖКО саны 1,6 % азайды.


2.2.3 Қаланың инфрақұрылымдық кешені дамуының талдауы.


Байланыс және коммуникация.

Азаматтарға телефондандыру бойынша қызметтерін «Қазақтелеком» телекоммуникация дирекциясы көрсетеді. 01.01.2015 ж. жағдайы бойынша Қостанай қ. монтаждау станцияның жалпы сыйымдылығы 118 811 нөмірлерін құрайды, нөмір сыйымдылығының жұмыс істейтін пайызы- 76,5%. Қостанай қ. бойынша орташа 100 тұрғындарға телефон тығыздығы ОТА 41,9 құрады. Үй шаруашылығының телефондандыру-99%. 2013 ж. қатынасы бойынша клиенттік базасының өсімі 101,1 % құрады.

01.01.2015 ж. жағдайы бойынша Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділігіне қолданушылардың саны 40 000 аса коммерциялық нүктелерді құрады, өткен жылдың қатынасы бойынша өсімі 107 % құрады.

Қазіргі уақытта Қостанай қаласында 5 оператор ұялы байланыс

қызметтерін ұсынады: Beeline, Activ, Tele2, Altell, Kcell.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақпараттық Қазақстан – 2020» 2013-2017 жылдарға бағдарламасы бекітілді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 101 қаулысымен осы бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты болып ақпараттық қоғамға көшу үшін жағдайлар жасау; мемлекеттік басқару жүйесін тиімді қамтамасыз ету; ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылым қолжетімділігін қамтамасыз ету; қоғамның әлеуметтік –экономикалық және мәдениетті дамыту үшін ақпараттық ортаны құру; отандық ақпараттық кеңістікті дамыту болып табылады.


Ұйымдастырушылық құрылымның дамуы

Бағдарламаның негізгі ережелерін іске асыру мақсатында қала әкімінің аппаратында ақпараттық – коммуникациялық технологиялар бөлімі құрылды, аталған бөлімнің қызметі Қостанай қаласы әкімдігінің web-порталын құруға және қолдау көрсетуге, ұсынылып жүрген электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңейтуге, электрондық құжат айналым жүйесін енгізуге, ақпараттық теңсіздікті төмендету бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға, қоғамдық қол жетім пунктерінің желісін ұйымдастыруда қатысу және т.б. бағытталған.

Қостнай облысы әкімінің 30.09.2013 жылғы № 352-ө өкімімен Қостнай облысының қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары мен облыстық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың автоматтандыруға жататын қызметтер тізбесі бекітілді. Тізбеге автоматтандыруға жататын 111 қызметтер кірді.

Қостанай қаласында үш ХҚКО жұмыс істейді.

Сапаны бағалауға мемлекеттік қызметтердің 85 қызмет түрі кіреді.

  • 11 мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсететін ішінара автоматтандырылған болып табылады, сондай-ақ «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейтін орталықтары арқылы;

  • 7 мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсететін ішінара автоматтандырылған болып табылады, бірақ «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейтін орталықтары арқылы көрсетілмейді;

  • 7 мемлекеттік қызметтер «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейтін орталықтары арқылы ғана дәстүрлі тәсілмен көрсетіледі;

  • 20 мемлекеттік қызметтер балама негізде көрсетілмейді дәстүрлі тәсілмен көрсетіледі (мемлекеттік органда және «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейтін орталықтарда);

  • 40 мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органда ғана дәстүрлі тәсілмен көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мақсатында қызметтерді бағалау карточкасын толтыру процедуралары енгізілді. Осылайша, 2014 жылы көрсетілген қызметтер бойынша 12,6 мың карточка толтырылды, барлық карточкалар «жақсы» көрсеткішімен белгіленді.

01.01.2015 жылға 7 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды:

  1. Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;

  2. Тұрғын үй көмегін белгілеу;

  3. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру үшін құжаттарды ресімдеу;

  4. Балалар мектепке дейінгі мекемелерге жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды тіркеу;

  5. Қамқорлық және қорғаншылық бойынша анықтамалар беру;

  6. Кәмелетке толмаған балалардың салымын иелену үшін банктерге, зейнетақы қорларына, ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшесінде кәмелетке толмаған балалардың мұрагерлігін ресімдеу үшін анықтамалар беру;

  7. Кәмелетке толмаған балалардың меңшік құқығына жататын мүлікпен келісісм ресімдеу үшін қамқоршы немесе қорғаншылық бойынша қызметтерін жүзеге асыратын органдармен анықтамалар беру.


Мемлекеттік органдар арасында байланыс орнату

Облыстық әкімдік «Қазақтелеком» АҚ ОДТ бірге Қостанай қаласы әкімдігінің ЭҚАБЖ қосу бойынша жобаны іске асырды, аталған жоба аясында облыстық және қалалық әкімдіктердің ғимараты арасында оптико – волокондық желі өткізілді.

2014 жылы Қостанай қаласы әкімдігінің 15 мемлекеттік мекемелердің барлық мемлекеттік қызметшілері ЭҚАБЖ ведомстволық ақпараттық жүйесінде жұмыс істеді, сондай-ақ «Айқын» жүйесі бапталды.


Мемлекеттік Деректер Базасын Енгізу

Мемлекеттік «Мекен-жайлық Тіркеу» АЖ деректер базасын енгізу және интеграциялаумен, өңірлік ақпараттық ресурстарды құруға бағытталған жұмыс 2007 жылғы тамыз айында басталды. Жауапты орындаушылар – «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ және қалалық ономастикалық комиссиясы. Облыс бойынша аталған бағдарламаның кураторы – Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы.

«Мекен-жайлық Тіркеу» АЖ - Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын объектілердің мекенжай мәліметтерінің жалғыз ресми көзі болып табылады, «Мүлікті тіркеу» мемлекеттік дереккөз АЖ - тиісті аймақта орналасқан барлық жылжымайтын объектілердің толық мәліметтерінің электрондық базасы, сондай-ақ иемденуші құқықтары туралы. Мәліметтер жүйесінің ақпараттық өзара әрекеттері – бұл бір жүйеден екінші жүйеге осы мекенжайларды тіркеу кодтарымен бірге жылжымайтын объектілердің мекенжайларын беру электрондық процедурасы.

Бүгінгі күнге ақпараттық жүйенің дереккөздері қалыптасты. Жылжымайтын объектілерге мекенжайларды тағайындау бойынша халыққа қызметтерді ұсыну электрондық мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жүзеге асады.


Мемлекеттік органдардың тұрғындармен және сыртқы субъектілермен байланыс ұйымдастыру

Қаланың мемлекеттік органдарының тұрғындар мен заңды тұлғалармен байланысты ұйымдастыру мақсатында Интернет желісінде Қостанай қаласының web-порталы: www.kostanay-city.kz. қызмет атқарады, Электрондық ресурстардың мемлекеттік тізімінде тіркелінді, Қостанай қаласы әкімдігінің web-сайтының қызмет ету тұжырымдамасы мен регламенті бекітілді.

Сайттағы ақпарат үнемі жаңартылады. Сонымен бірге сайттың дизайны үнемі өзгертіліп тұрады, жаңа техникалық талаптарға және навигация қолайлығына сәйкес келеді.

Қостанай қаласы әкімдігінің басқа мемлекеттік органдардан өзінің web-сайты білім бөлімінде бар.

Web-сайттардан басқа тұрғындардың электрондық ресурстар мен мемлекеттік қызметтерге қоғамдық қол жетім пунктері (ҚҚжП) арқылы жүзеге асырылады.

Жұмыстар «Ақпараттық Қазақстан – 2020» Бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес жүргізіледі және келесі бағыттар бойынша бастысы:

- қала әкімдігінің web-порталын әзірлеу, ресімдеу және толықтыру;

- ұсынылатын электрондық мемлекеттік қызметтердің көлемін және сапасын арттыру (жоғары тұрған Бағдарламалар мен нұсқаулықтарға сәйкес);

  • техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру;

  • әкімдіктің мемлекеттік органдарында бірыңғай транспорттық желіні кеңейту және электрондық құжат айналым жүйесін енгізу.

Алдағы жылдары аталмыш жұмыстар белгіленген бағыттар бойынша қарқынды және экстенсивті, мемлекеттік органдардың қызметінің жаңа салаларын тереңдетіп және қамтып жалғасатын болады.

Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталуда:

  1. Мемлекеттік органдар ұсынып жүрген электрондық мемлекеттік қызметтердің саның бағдарламалық құжаттармен белгіленген деңгейге дейін жеткізу.

  2. Әкімдікті мемлекеттік қызметшілердің - жұмысында және тұрғындардың - күнделікті өмірінде электрондық қол қою пайдалануды кеңейту.

  3. Ақпараттық технологиялар арқылы тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу.

  4. Қол жетім пункттердің желісін кеңейту және олардың толық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету.

  5. Тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді қамтамсыз ету үшін және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін қажетті деңгейге дейін компьютерлік, желілік және ұйымдастыру техниканы жаңарту.



Құрылыс


Қостанай қаласының тұрғын үй қоры жеке меншік және абаттандырылған көп қабатты сектормен ұсынылған, абаттандыру секторы шамамен 3 млн. 184 мың 335 ш.м. тұрғын үйді қамтиды. Қостанай қаласында 1056 көп қабатты тұрғын үйлер бар, негізгі үлесіне 1960-1970 жылда құрылған 2, 5 және 6 қабатты үйлер; 14615 жеке үйлер мен 3557 жеке 2, 6 пәтерлі үйлер.

Электрмен жабдықталған, орталық жылытумен, телефон байланысымен 100 % пәтер қамтамасыз етілді, сумен және су бұру жүйесімен – 98,9% газбен – 84,8%. Қаланың тұрғын үй қоры 86 тұрғын үй кооперативімен қызмет көрсетіледі.

Тұрғын қорын ұстау шығытардың пайдалану есебінен жүзеге асады. Тұрғын үйді ұстауына шығыстар жалпы аумағының 1 ш.м. 17 бастап 55 теңгеге дейін келеді.

2014 жылы тұрғын үйді енгізу 156 182 ш.м. құрады немесе 2013 жылғы деңгейге 103,1%, соның ішінде бюджет қаражаты есебінен 46 413 ш.м. ( 2013 жылғы деңгейден 28% жоғары- 36 180), жеке меншік 109 769 ш.м., оның ішінде халықпен 67 484 ш.м.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша республикалық және жергілікті бюджеттен ақшалай қаражат 4 млрд. 770 млн. теңге сомасында игерілді, соның ішінде 2 млрд. 646 млн. теңге тұрғын үй құрылысына, 2 млрд. 124 млн. теңге инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуына.

Құрылыс көлемінің жыл сайын артуына қарамастан жекелеген санаттағы азаматтарды тұрғын үйіне алуына кезектілік өсімі сақталады (01.04.2015 жылға 10 273 адам). Осыған байланысты құрылыс көлемінің артуы бойынша жаңа жолдары мен көзқарастардың іздеуін қажеттілігі туындайды.

Солтүстік-батыстық ауданында «БК Строй» компаниясымен «Арман» тұрғын үй кешені салынады, сауда орталығы мен жабық бассейннің құрылысы жоспарлануда.

Тұрғын үй құрылысына «Казахстанская ипотечная компания» ипотекалық ұйымы» АҚ қатыстырылды. 2012 жылдан бастап бөлшекті жоспарлау жоспарын әзірлегеннен кейін Әуежай ауданы игеріле бастады.

2015 жылы сондай-ақ «Қонай» және «Мерейлі» жаңа шағын аудандарының бөлшекті жоспарлауы әзірлене бастайды. Осы аудандарда жеке тұрғын үйлерді салу ға мүмкіндік болады. Қонай к. манында оңтүстік тұрғын үй ауданының аумағы–1300 гектар. Аймақты игеру кезең-кезеңмен болжанады. Бірінші кезекте - массивтің бөлшекті жоспарлауы жобасын әзірлеу 400 га. Бұл болашақта жеке тұрғын үйлерді салуына 2600 жер учаскілері бөлуге мүмкіндік береді.

Қостанай қаласы бойынша 2010-2014 жылдарға тұрғын үй салу қарқыны ұсынылды


№10- кесте


р/с

Көрсеткіш

өлш.бірл.

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар

млн. теңге

8985

9422

11404

12428

14260




Тұрғын үй құрылысына НКИ инвестициялар

%

114,1

97,6

115,3

104,6

107,5

2

Тұрғын үй салынды

ш.м.

111209

111219

119137

151527

156182




Өткен жылдың деңгейіне тұрғын үй құрылысы қарқыны

%

100,1

100

107,1

127,2

103,1

3

Тұрғызылған пәтерлердің жалпы саны

дн.

961

979

1161

1399

1426




соның ішінде:



















1)

-кезекте тұрғандар үшін арендалық тұрғын үй (коммуналдық)

ш.м.

4598

1258

4799

6313

4974




пәтерлер саны

дн.

68

18

70

114

69

2)

-несие тұрғын үйі (ипотекалық)

ш.м.

24342

2969

22528

23033

27405




пәтерлер саны

дн.

325

36

228

276

288

3)

-жас отбасылар үшін арендалық

ш.м.










6834

14034




пәтерлер саны

дн.










87

177

4.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. іс жүзіндегі орташа құны

мың

теңге

77,9

85

84,6

91,9

91,9
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

Похожие:

Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономикалық дамуын талдау
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconПрограмма августовского совещания работников образования қостанай қ. 2010 ж. Білім беру Қызметкерлерінің пленарлық тамыздық кеңес бағдарламасы тақырыбы: «Қазақстан
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасында Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бастапқы бағыттарын іске асыру аясында Қостанай...
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Қостанай қаласының аумағын дамытудың icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы

Қостанай қаласының аумағын дамытудың iconАлматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспары (бұдан әрі Даму жоспары)
Қостанай қаласының аумағын дамытудың icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы Өскемен қ

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница