Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы




НазваниеҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница9/27
Дата конвертации21.02.2016
Размер3.65 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.econom.kostanay.gov.kz/downloads/kz/prt04.12.2012kaz.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

Инновациялар мен инвестициялар


2007-2009 жылдар кезеңінде инвестициялар көлемінің серпіні жыл сайынғы өсімнің оң қарқынына ие. 2009 жылы облыстың негізгі капиталына 122,2 млрд. теңге салынды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,3 есе артық.

Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі қайнар көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың меншікті қаражаттары болып табылады. Осы қайнар көздің инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 70% құрады. Бюджетік қаражаттар есебінен инвестициялардың үлесі 2007 жылғы 11,4 %-дан 2009 жылы 16,4%-ға ұлғайды.

2009 жылы негізгі капиталға салымдардың басым бөлігі өнеркәсіпке – 60,3 млрд. теңге (негізгі капиталға ивестициялардың көлемінен 49,4%) бағытталды, оның ішінде тау-кен өнеркәсібіне – 34,8 млрд. теңге (28,5%), өңдеу өнеркәсібіне – 16,7 млрд. теңге (13,7%), электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауа реттеуге 5,2 млрд. теңге (4,3%), сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қоқыстарды жинақтау мен таратуды бақылауға – 3,6 млрд. теңге (2,9%). Ауыл, балық және орман шаруашылығына инвестициялар – 19,5 млрд. теңгені (16%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 11,2 млрд. теңгені (9,1%), көлік және жинақтауға – 9 млрд. теңгені (7,3%), көтерме және бөлшек сауда, автокөліктерді және мотоциклдерді жөңдеуге және т.б. – 5,9 млрд. теңгені (4,9%) құрады.

2015 жылға дейінгі кезеңде елді индустрияландырудың үдемелі саясатының негізгі басымдылығы экономиканың әр түрлі салаларындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылады.

2010-2014 жылдарға арналған ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Үйлестіру кеңесі құрылып, қызмет етуде, Республикалық және Өңірлік индустрияландыру карталарының шеңберінде инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Қазақстанды индустрияландырудың республикалық картасына жалпы құны 185,6 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба енгізілді.

Өңірлік индустрияландыру картасына жалпы құны 6,8 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба енгізілді.

Қазіргі кезде облыс бойынша республикалық басқару орталықтарының шеңберінде жалпы бағасы 192,4 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобаны іске асыруды бақылау жүзеге асырылып жатыр.

2010 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жалпы құны 13,9 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба (1 жоба – индустрия саласында және 6 жоба –агроөнеркәсіп кешенінде) пайдалануға берілді, 780 жұмыс орны ашылды:

  1. Рудный қаласында («ССКӨБ» АҚ) жылына 75 мың тонна дайын өнім өндіретін қуаттылығы бар металл прокаттау зауытының құрылысы;

  2. Қостанай ауданының Затобол кентінде («Қарасу-Ет» ЖШС) жылына 5,4 мың тонна ет өндіретін қуаттылығы бар етті қайта өңдеу кешенінің құрылысы;

  3. Қостанай ауданының Садчиков кентінде («Садчиковское» ЖШС) сүт сауатын залы бар 400 бас ІҚМ арналған сүт-тауарлық фермасының құрылысы;

  4. Федоров ауданының Чистый Чандак селосында («Тұрар» ЖШС) 1 мың бас ІҚМ арналған сүт кешенінің құрылысы;

  5. Қостанай ауданының Жданов селосында («Жас – қанат бройлерлік фабрикасы» ЖШС) жылына 1,9 мың тонна қуаттылығы бар өндірісті кеңейту және бройлердің етін қайта өңдеу бойынша жоба;

  6. Қостанай қаласында тәулігіне 256 тонна ұн шығаратын қуаттылығы бар диірмен кешенінің және тәулігіне 4 тонна зығыр майын өндіретін цех құрылысы («Алтын- Май» ЖШС);

  7. Қостанай қаласында сағатына 4,2 мың кг қуаттылығы бар ұсақ-кесілген макарон өнімдерінің өндірісі бойынша цех құрылысы («Қостанай ұн комбинаты» ЖШС).

Жалпы бағасы 5,4 млрд. теңге 4 жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде (1 жоба – индустрия саласында, 3 жоба – агроөнеркәсіптік кешенінде):

1. Ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету және сату жөніндегі сауда-қызметін көрсететін орталықтарды кеңейту және жаңғырту («Агромаш Холдинг» АҚ). ҚР ИЖТМ іске асыру мерзімін 2011 жылға ауыстыруды ұсынды;

2. Қарасу ауданының Восток селосында 2,5 мың ІҚМ басына және 1,0 мың тұқымдық мал басын бордақылау алаңының құрылысы («Караман - К» ЖШС);

3. Қостанай қаласында тәулігіне 150 тонна сүт шикізатын қайта өңдеу бойынша жаңа зауыт құрылысы және құрал-жабдықтар сатып алу («Милх» ЖШС);

4. Рудный қаласында жылына қуаттылығы 65 млн. дана жұмыртқа өндіретін осы заманғы жаңашаландырылған құс фабрикасын дамыту және құру («Жас-Қанат 2006» ЖШС).

Сол сияқты, 2010 жылы құны 25,0 млрд. теңге тұратын 4 жобаны іске асыру басталды (1 жоба – индустрия саласында және 3 жоба – агроөнеркәсіп кешенінде):

1. Қарабалық ауданының Гурьянов селосында жылына қуаттылығы 12,0 мың тонна бройлер етін өндіруге бағытталған өндірісті жаңарту («Комсомол құс фабрикасы» ЖШС);

2. Әулиекөл ауданының Тимофеев кентінде инфрақұрылымы дамыған қуаттылығы 2,5 мың бас әулиекөл тұқымды ІҚМ мал бордақылау алаңын салу («Тимофеевка-Агро» ЖШС).

3. Арқалық қаласының Айдар кентінде қуаттылығы жылына 9,0 мың тонна бройлер етін өндіретін құс фабрикасын жөндеу («АгроИнтерҚұс» ЖШС);

4. «Қостанай қаласында жылына қуаттылығы 450 мың тонна ұсақ сортты прокат құрылысы» жобасы бойынша («Евраз Каспиан Сталь» ЖШС) қаржыландырудың шешілмеген мәселесіне байланысты ҚР ИЖТМ-не Қазақстанның индустриаландыру картасынан жобаны шығару ұсынысы жіберілді. ҚР ИЖТМ іске асыру мерзімін 2011-2013 жылдарға ауыстыруды ұсынды.


Индустриялық-инновациялық даму

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде 2004-2009 жылдары облыс бойынша 66,1 млрд. теңге сомасына 83 инвестициялық жоба іске асырылды, 3529 жұмыс орны құрылды.

2009 жылы өнеркәсіп саласында 8,3 млрд. теңге сомасында 5 инвестициялық жоба іске асырылды, 199 жұмыс орны құрылды. Агроөнеркәсіптік секторында 2009 жылы құны 7,9 млрд. теңге 8 жоба іске асырылды, 204 жұмыс орны құрылды.

2010-2015 жылдары облыс бойынша 500 млрд. теңге сомасында 43 индустриялық-инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланды. Барлығы 8 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Олардың ішінен индустрия саласында 475,2 млрд. теңге сомасында 17 жоба іске асырылуда, 7,3 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда; агроөнеркәсіптік кешенінде 25 млрд. теңге сомасына 26 жоба іске асырылуда, 1,5 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Қазақстанды индустрияландырудың республикалық картасына жалпы құны 185,6 млрд. теңге 11 жоба енгізілді, Өңірлік индустрияландыру картасына құны 6,8 млрд. теңге 6 жоба енгізілді.

Қазіргі таңда облыстың Республикалық Басқарушы орталықтарының шеңберінде жалпы құны 192,4 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобаны іске асыруға бақылау жүзеге асырылуда. 2010 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша құны 13,9 млрд. теңге 7 жоба қолданысқа енгізілді, 780 жұмыс орны құрылды.

Облыс Қазақстан Республикасы бойынша инновациялық дамуы бойынша 3,7 үлесімен 9 орынды алады.

2009 жылы облыс кәсіпорындырының инновациялық белсенділігі 2007 жылғы 2,5 қарағанда 1,5, төмендеу 40 құрады.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық өнімдері ішіндегі ең үлкен үлес салмағын қайта енгізілген немесе біраз технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімдер алады – 99,8, жетілдірілген өнімдер – 0,2 құрайды.

Аяқталған инновацияларға ие кәсіпорындардың инновациялық іс-әрекеттерінің негізгі түрлері: жаңа технологиялар, жабдықтар, материалдар енгізу – 83,3 және ноу-хау технологиялары мен өндірістік меншіктердің басқа түрлерін сатып алу – 16,7  болып табылады.

Облыс айтарлықтай жоғары өндірістік әлеуетке ие. Мұнда еліміздің барлық өнеркәсіптік өндірісінің 3,5 орын алған.

Күшті жақтары

Облыстың өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі.

Минералдық шикізаттық-ресурстардың болуы.

Облыста өнеркәсіп кәсіпорындары санының ұлғаюы.

Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігі.

Әлсіз жақтары

Өнеркәсіптің шикізаттық (темір кені, бокситтер, асбест және т.б.) бағыты.

Өңдеу өнеркәсібінің жеке салалары өнімдерінің бәсекеге жеткіліксіз қабілеттілігі.

Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары жабдықтарының физикалық және моральдық жоғары деңгейде тозуы, оларды жаңартуға қаражаттың тапшылығы.

Қауіп-қатерлер

Өңірлік экономиканың шикізатқа тәуелділігінің артуы.

Тау-кен секторы өнімдері бағасының төмендеу мүмкіндігі.

Мүмкіндіктер

Өнеркәсіптің шикізаттық емес секторының дамуы (бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнеркәсіптерді құру және дамыту).

Отандық тауарлардың өндірушілеріне сыртқы экономикалық қолдау көрсету (кедендік жеңілдіктер).

Өтім нарықтарын көбейту, өндірісті кеңейту, машина жасау мен тамақ өнеркәсібін дамыту.


Қазақстандық үлесті дамыту

Облыс аумағында импорттық іспеттес өнімдерімен бәсекелесе алатын өнімдердің ірі тізімі шығарылады.

Мемлекеттік органдар ғана емес, олармен қатар ұлттық компаниялар, ірі компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар жүргізетін тауар сатып алу кезінде бұл тауарлардың спектрі қазақстандық құрамның негізі болып табылды.

Өңірде көмір, темір кені, асбест, бокситтер өндіріледі.

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріледі және кәсіпорындардың оларды қайта өңдейтін өнімдер тізімі (астық, ұн, жарма, сүт және ет өнімдері, өсімдік майы) кеңеюде.

«АгромашХолдинг», «Агротехмаш», «Дормаш», «Болашақ - А» және басқа машина салу кәсіпорындары ауылшаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер, егін орғыштар жасайды, тракторлар, комбайндар жинауды жүргізеді, маневрлық тепловоздар жөндейді.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары («Алпамыс» аяқ-киім фабрикасы, «Большевичка» тігін фабрикасы, «Қостанай тоқыма-трикотаж фабрикасы») арнайы киімдердің, трикотаж бұйымдары мен аяқ-киімдердің үлкен тізімін шығарады.

«Баян-Сұлу», «Алтын өмір», «ДЕП», «Милх», «Ирина и К» және басқа тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында азық-түлік өнімдерінің түр-түрі өндіріледі.

Барлық аталған салалардың кәсіпорындары Қазақстан Республикасының әр түрлі құрылымдарымен жұмыс істеуде тәжірибелері бар.

Арнайы киім, ұсталық бұйымдар, оттегі сияқты тауарлар, кейбір құрылыс материалдары, баспа және бланктік өнімдер сияқты тауарлар жергілікті жеткізушілерден сатып алынады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау обьектілері үшін азық-түлік өнімдері негізінде жергілікті жеткізушілерден сатып алынады.

Әлеуетті жеткізушілер туралы қызығушылық танытатын тұлғаларды ақпараттандыру және Қазақстандық тауар өңдеушілердің өнімдерін сатып алуды ынталандыру мақсатында әр түрлі өнеркәсіп саласының кәсіпорындарын, сондай-ақ олардың көрсеткен қызметтері мен жұмыстарының, өндірген тауарларының номенклатурасы көрсетілген облыс тауар өңдеушілерінің суретті каталогы басып шығарылды. Осы каталог қазақстандық құрам мәселелері жөнінде өткізілетін облыстық кеңестер, форумдар және республикалық облыстық әр түрлі көрмелер шегінде ұсынылып отырады.

Өткізілген іс-шаралар жаңа байланыстарды орнатуға және орын алған іскерлік байланыстарды нығайтуға, шағын және орта бизнестің өкілдерінің ірі компанияларға өздері туралы жария етуіне, бәсекеге қабілетті отандық өнімдерді өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Қазақстандық үлес мәселесі жөнінде өткізілген іс-шаралар шеңберінде 2010 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыс кәсіпорындары 1481,4 млн. теңге сомасына 49 меморандум жасады және 6553,3 млн. теңге сомасына 188 келісім-шартқа қол қойды, оның ішінде:

жер қойнауын пайдаланушылар 229,2 млн. теңге сомасына 19 меморандумға қол қойды, 3747,5 млн. теңге сомасына 55 келісім-шарт жасады;

ірі өнеркәсіп орындары 785,3 млн. теңге сомасына 18 меморандумға қол қойды, 2277,6 млн. теңге сомасына 116 келісім-шарт жасады;

басқа өнеркәсіп кәсіпорындары 466,9 млн. теңге сомасына 12 меморандумға қол қойды, 528,2 млн. теңге сомасына 17 келісім-шарт жасады.

«Баян-Сұлу» АҚ және «ДЕП» ЖШС сияқты облыстың жүйе құраушы екі кәсіпорны бойынша тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуда қазақстандық қамту жөнінде мониторинг жүргізіледі.

2010 жылдың жеті айындағы қорытындылар бойынша қазақстандық үлесі «Баян-Сұлу» АҚ-да 48,9 құрады. Кәсіпорын «Мелькомбинат» АҚ (ұн), «АзияАгроФуд» ЖШС (сірне), «Алатау шырыны ХХІ» ЖШС (алма езбесі), «АпогейКоммерц» ЖШС (коньяк) және т.б. облыс кәсіпорындарымен жұмыс істейді.

«ДЕП» ЖШС (сүт өнімдерін өндіру) 2010 жылдың қаңтар-шілде айларында қазақстандық үлесі 91,2 құрады. Кәсіпорын шикізатты негізгі өзінің үлесінде облыс ауылшаруашылығы өндірушілерінен сатып алады. Сүт пленкасы, гофр қораптары, этикеткалық материалдар сияқты тауарлар отандық жеткізушілерден сатып алынады.

Қазақстан Республикасында қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі бағдарламаға сәйкес мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жалпы сатып алу көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесін тауарлар бойынша 60-ға, жұмыстар мен қызметтер бойынша 90-ға жеткізу жоспараланып отыр.

Қазақстандық үлестің дамуына кедергі жасайтын себептер

Қазақстандық үлестің дамуына кедергі жасайтын негізгі себебі өнім шығарушы зауыттардың болмауы (кеңсе, шаруашылық тауарлары, тұрмыстық және компьютерлік техника, медициналық жабдықтар, арнайы көлік, сонымен қатар кейбір азық-түлік тауарлары және т.б.) болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта қазақстандық тауар өндірушілердің көбісі қазақстандық үлестің болуын растайтын СТ-KZ сертификаттарын алмаған және алдағы тауарларды, жұмыстарды сатып алуда қазақстандық үлесті есептеу кезінде, бұл жағдай өнімдердегі қазақстандық қамтудың үлесіне әсер етеді.

Бұл ретте тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық үлесін артыру мақсатында мыналар қажет:

1. Өнімдерге СТ-KZ нысанындағы сертификаттарды беруге байланысты сараптама жүргізу үрдісі шығынды болып табылады және шаруашылық ететін субъектілердің ұзақ уақытын алады. Көрсетілген проблеманы шешу үшін шаруашылық ететін субъектілердің кейбір санаттарына СТ-KZ сертификаттарын беру тәртібін одан әрі жеңілдету мақсатында ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазаңдағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

2. Қазақстандық үлес дамуының тұрақты идеологиясын қалыптастыру тетігін заңды түрде, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен идеяны насихаттау арқылы бекіту қажет. Қазақстандық үлесті дамыту саласында мемлекеттің жәрдем көрсетуі туралы мақалаларды орналастыру, каталогтар, анықтамалар және отандық өндірушілердің өнімдері туралы басқа да нұсқаулық материалдарды жариялау қажет.

3. Облыс мемлекет ұйымдарының барлық қызметкерлеріне нормативтік-құқықтық актілердің, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды тек қана қазақстандық жеткізушілер мен тауар өндірушілер арасында жүргізуді қарастыратын талаптарды қатаң ұстауы қажет.

4. Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірушілерін кепілдік тапсырыспен қамтамасыз ету, экономиканың басым салаларының өнімдерін сатып алу үшін халыққа жеңілдетілген тұтынушылық кредиттерді ұсыну, қазақстандық кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесетін салық тәртібін құру.

5. Сондай-ақ, әлеуетті жеткізушілер ұсынатын қызметтерде, жұмыстар мен тауарларда қазақстандық қамтуды ұлғайтуды ынталандыратын негізгі шарттар: шетелден әкелінген өнімдерді шектеу, кәсіпкерлік субьектілеріне шектеусіз көлемде жеңілдетілген кредиттердің болуы және оларды ұсыну, жеке кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесетін салық тәртібін құру болып табылуы мүмкін деп есептейміз.

Тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі

қазақстандық қамтуды арттыру жөніндегі іс-шаралар





Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

Республикалық деңгейде өткізілген іс-шараларға қатысу (форумдар, мәжілістер, семинарлар)

Іс-шаралар өткізгенде үнемі

КӨБ, ҚБ,

облыс кәсіпкерлері

2

Отандық тауар өндірушілер мен әлеуеттік жеткізушілердің қатысуымен көрмелер өткізу және қатысу

Іс-шаралар өткізгенде үнемі

КӨБ,

облыс кәсіпкерлері

3

Отандық тауар өндірушілердің каталогын қайта басып шығару мүмкіндігін қарастыру

Каталог шығаруын қаржыландыру барысында

КӨБ, ҚБ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

Похожие:

Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономикалық дамуын талдау
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның №8/104-v шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Павлодар облысы жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница