Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы




НазваниеҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница7/27
Дата конвертации21.02.2016
Размер3.65 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.econom.kostanay.gov.kz/downloads/kz/prt04.12.2012kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27

Мәлімет көзі: Қостанай облысы бойынша статистика департаменті, интернет ресурс: www.kostanai.stat. kz;


2010 жылы егістік алқаптардың құрылымына қарай дәнді және дәнді бұршақ дақылдары 4272,3 мың гектарға егілді, бұл 2009 жылғыға қарағанда 190,9 мың гектарға аз. Өндірісті әртараптандыру мақсатында егістік алқаптары (жаздық бидай алқаптары 4023,9 мың гектарды құрады, бұл 2009 жылғымен салыстырғанда 186,9 мың гектарға аз) азайтылды және 153,4 мың гектар алқапта орналастырылған майлы дақылдардың алқабы ұлғайды, бұл 2009 жылға қарағанда 98,5 мың гектар артық. Сонымен қатар 23,4 мың гектарға мал азығындық егістік алқаптары азайтылды және 211,7 мың гектарды құрады, жарма дақылдарының егістік алқабы 8,97 мың гектарға ұлғайтылып, 14,67 мың гектарды құрады, дәнді бұршақ дақылдары – 10,2 мың га ұлғайтылып, 21,8 мың гектарды құрады. Картоп алқабы 35,1 гектарға ұлғайтылып, көкөністер алқаптары 2009 жылғыға қарағанда 42,8 гектарға азайды.

2010 жылдың 1 қазанына дейін 2011 жылдың егісі үшін 561,5 мың тонна тұқым немесе қажеттіліктің 96,7-ы құйылды. Сұрыпты алмастыру және жаңарту мақсатында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 16,3 мың тонна элиталық тұқым сату үшін элиталық-тұқым шаруашылықтарымен келісім-шарттар жасады.

2010 жылы тұқым шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен 350,5 млн. тенге субсидиялар, оның ішінен: 312,8 млн. теңге – элиталық тұқымдардың құнын жартылай арзандатуға, 37,7 млн. теңге – біртума тұқымдарды өндірудің құнын жартылай арзандату үшін бөлінді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруды қолдауға минералдық тынайтқыштардың құнын арзандату үшін республикалық бюджеттен 933 млн. теңге бөлінді.

2010 жылдың 1 қаңтарында облыста 26124 трактор, 12078 астық жинайтын комбайн, 24200 тұқым сепкіш, 73262 тырма, 180 тұқым тазартушылар, 39,21 культиватор, 645 жоғары өндіруші егістік кешендері мен басқа ауылшаруашылығы техникалары болды.

2010 жылдың 9 айында «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы лизингке облыстың ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 934 млн. теңге сомасына 98 бірлік техника, оның ішінде 21 трактор, 16 астық жинайтын комбайн, 2 егістік кешені, 20 тұқым сепкіш және басқа техникалар сатып алды.

Облыста шағын және орта ауылшаруашылығы құрылымдарына механикаландырылған қызмет көрсетуге мамандандырылған 3 машина-техникалық станса қызмет етеді.

Ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсету мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 5,9 млн. текше метр су беру үшін суаруға арналған суларды жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын төлеу үшін 2010 жылы республикалық бюджеттен 1490 мың теңге (2009 жылы – 1363 мың теңге) бөлінді.

Қостанай облысы – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 14,5 беретін, дамыған мал шаруашылығы бар өңір болып табылады. Мал шаруашылығының табысты дамуы көбінесе оның жемшөп базасының мықтылығымен айқындалады. Облыс егіншілік пен тамақ өнеркәсібі қалдықтарының арқасында табиғи азықтық жайылымдары мен азықтық базаларының аса бай ресурстарына ие.

Мал саны мен мал шаруашылығының негізгі өнімдері бойынша облыс өңірлер арасында жетекші орындардың бірін алып отыр. Өңірде мал шапуашылығының негізгі өндірушілері – ауыл шаруашылығы кәсіпорындары –42,3, тұрғындардың шаруашылығы – 38,7, шаруа (фермерлік) қожалықтары – 19 болып табылады.

Облыстың мал шаруашылығында ет-сүт мал шаруашылығы (ірі қара мал басы), шошқа шаруашылығы мен құс шаруашылығы, сонымен қатар жылқы өсіру саласы дамыған.


14-кесте – 2007-2009 жылдардағы Қостанай облысының мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері





2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Өсу қарқыны, %

Ірі қара мал,

537

556,8

563,2

103,9

оның ішінде сиыр

260,4

279,6

284,4

105,1

Шошқа,

288,3

301,9

307,5

103,9

оның ішінде ұрғашы шошқа

76

81,8

81,4

104,4

Қой мен ешкі,

307,8

324,7

333,7

106,0

Оның ішінде ұрғашы қой

179,5

186,5

192,6

107,4

Жылқы,

75,5

79,7

82,3

104,4

Оның ішінде бие

31,5

33,1

33,8

105,7

Құс

3949,3

4131,1

4263,7

104,1

Ұрғашы (тұқымдық) мал басының үлес салмағы ( %)

Сиыр

48,5

50,2

50,5

102,0

Ұрғашы шошқа

26,4

27,1

26,5

100,5

Ұрғашы қой

58,3

57,4

57,7

101,3

Ұрғашы жылқы

41,7

41,5

41,1

101,2

Алынған төл, мың бас

Бұзау

271,9

281,3

285,1

101,2

Қозы мен лақ

119,4

140,6

163,2

108,2

Торай

1214,4

1457,1

1593,5

105,5

Құлын

32,1

34,4

34,5

102,5

100 ұрғашы басқа шаққанда алынған төл басы

Бұзау

98

100

95

99,7

Қозы мен лақ

87

94

96

104,2

Торай

1757

2022

2026

102,9

Құлын

98

98

89

98,7

Мәлімет көзі: Қостанай облысы бойынша статистика департаменті, интернет ресурс: www.kostanai.stat. kz;

2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының барлық түрлерінің мал басының: ірі қара мал – 4,9, қой мен ешкі – 8,4, шошқа – 6,7, жылқы – 9, құс – 8 өсуіне қол жеткізілді.

Барлық меншік нысанындағы шаруашылықтар 2009 жылы 237,9 мың тонна – тірі салмақта ет; 636,3 мың тонна – сүт, 441 млн. дана – жұмыртқа өндірді. 2008 жылға өндіріс көлемінің өсуі ет – 1,0, сүт – 1,4, жұмыртқа – 8 құрады.

Облыста сүтті мал шаруашылығы өте күрделі және ерекше сала болып табылуына қарамастан, жеткілікті тиімді дамып келеді. Бұл салада оң қарқын байқалуда, сүт өндірісінде үлес салмақ (барлық санаттағы шаруашылықтарда) 12,1 құрайды және 2007-2009 жылдары бір сиырдан орта жылдық сүт сауу 168 кг ұлғаюы байқалып отыр.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы

Облыс бойынша 36 аттестацияланған асыл тұқымды мал шаруашылығы субьектілері бар. 2010 жылдың басында асыл тұқымды мал шаруашылығы зауыттары мен шаруашылықта барлығы 39420 бас ірі қара мал ұсталды, бұл жалпы мал басының 7,0 құрайды. Сүт бағытындағы мал басының саны – 16868 басты, ет бағытында – 22552 ІҚМ басын; жылқы – 445 бас, құстар: үйрек – 18653 бас, түйе құс – 134 бас, тауық – 81247 басты құрайды.

2010 жылы малдың қайта өндірісінде биотехнологиядағы ғылымның озат жетістіктері негізінде алынған мүлде жаңа асыл тұқымдық материалды (ұрық трансплантациясы мен біржыныстық тұқым) қолдану жөнінде жұмыс жалғастырылуда.

148 аттестацияланған аналық мал басын қолдан ұрықтандыру пункттері қызмет етеді.

Мал шаруашылығын әрі қарай дамыту мақсатында облыста малды ұстау мен бағу технологияларын жетілдіру жөнінде мақсатты жұмыс жалғасуда. 4 мал бордақылау алаңдары, 2 сүт-тауарлық фермасын салу және 3 құс фабрикасын жаңарту бойынша ивестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Облыстың мал шаруашылығының дамуына 2010 жылы көлемі 237,6 млн. теңгені құрайтын «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша, сондай-ақ әрекет етуі 2007 жылдан басталып, қазіргі күні қаржыландыру көлемі 5 есе ұлғайып, 1023 млн. теңгені құрайтын «Мал шаруашылығы өнімінің сапасы мен өнімділігін арттыру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаржылық қаражаттың бөлінуі ықпал етуде. Сонымен қатар жыл сайын облыстық бюджеттен «Мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша 20 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.

Ауыл шаруашылығы малдарын теңдестіру жүргізіліп тұрады, оны 2012 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр.


Ветеринария

Облыста мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен эпизоотикалық қолайлылықты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметі 250 мал дәрігерімен қамтамасыз етілген, қажеттілігі 324 (77). 260 округте 198 мал дәрігерлері еңбек етеді (қажеттіліктің 76).

2010 жылы 25 жұқпалы ауруға қарсы алдын алу іс-шаралары, алдын-ала егу бойынша 3,2 мыңнан астам әртүрлі әрекеттер, қан тексеру бойынша 948 мың әрекеттер жүзеге асырылуда. Бұл мақсаттарға республикалық бюджет қаражатынан 175,3 млн. теңге бөлінді.

Мал ауруының диагностикасы мақсатында 364 мыңға жақын ірі қара мал басы бүрселез ауыруына тексерістен өткізілді, ауру жұқтыруы – 1,9 құрайды.

Облыста 26 мал сою пункттері қызмет етеді, олардың жұмыс жүктемелігі 40-50 құрайды және 60 мал сою алаңдары бар.

Инфекцияланған малды жерлеу 303 мал моласында жүзеге асырылады, олардың ішіндегі 37-сі – қалыпты болып табылады.

Облыста жабайы және үй жануарларының құтыруы бойынша шиеленіскен жағдай сақталып отыр. 2010 жылы құтырудың алдын алу үшін қаңғыған ит пен мысықтарды ұстау және жоюды ұйымастыру үшін жергілікті бюджеттен 10,1 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінен 6,3 млн. теңге игерілді.

Азық базасы

2009 жылы азық дақылдарының алқабы 468,2 мың гектарды құрады, 2015 жылға қарай 529,1 мың гектарға жеткізілетін болады (өсуі 13). 2010 жылдың қыста малды қорада ұстау кезеңіне 793,9 мың тонна көлемінде шөп, 53,6 мың тонна пішендеме, 817,6 мың тонна сабан, 73,4 мың тонна сүрлем, 432 мың тонна азықтық жем дайындалды, бұл азық мұқтаждығын толық қамтамасыз етеді.

2015 жылғы қарай азықтың барлық түрлерін дайындау көлемі 1 малдың шартты басына шаққанда 25-30 центнер азықтық бірлікті құрайды.


Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Облыста 400-ден астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысады.

15-кесте

Қайта өңдеу кәсіпорындары

2008 жыл

2009 жыл

бар-лы-

ғы

жобалық қуатты-лығы

тәулігіне/т

жұмысбастылық

%

бар-лы-

ғы

жобалық қуатты-лығы

тәулігіне/т

жұмысбастылық

%

Диірмендер

105

5715

60

102

5617

62

Наубайханалар

221

218,2

82

219

193,3

82

Макарон цехтары

22

39,9

58

16

36,7

60

Өсімдік майын өндіру цехтары

4

5,4

25

4

5,5

43

Жарма өндіретін цехтар

5

22,5

76

7

56,92

76

Сүт қайта өңдеуші цехтар

15

693,5

40

15

693,5

41

Шұжық цехтары

37

43,4

33

36

46,2

33

Консервілеу цехтары

4

29000

15

4

29000

30

Жүнді қайта өңдеуші цехтар

3

3,1

70

3

3,1

70

Теріні қайта өңдеуші цехтар

2

6,5

0

2

6,5

0
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27

Похожие:

Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономикалық дамуын талдау
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның №8/104-v шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Павлодар облысы жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница