Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы




НазваниеҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница6/27
Дата конвертации21.02.2016
Размер3.65 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.econom.kostanay.gov.kz/downloads/kz/prt04.12.2012kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

* Статистикалық деректер «тоқыма және тігін өнеркәсібі» кіші тарауға біріктірілді және 1937 млн. теңгені құрайды

** Статистикалық деректер «тоқыма және тігін өнеркәсібі» кіші тарауға біріктірілді және 118,9  құрайды

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында негізгі қорлардың тозу деңгейі жоғары, қазіргі уақытта тұтынушылық нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін жабдықтарды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу керек. Сол сияқты саланың кәсіпорындары айналым қаражаттарына тапшы.

Бұл проблемаларды шешу үшін мыналар қажет:

мемлекеттік инвестициялар, жеңілдетілген кредит беру жолымен қолдауды жүзеге асыру;

сала үшін жаңа көмекші материалдарды отандық өндірісте игеруге байланысты жыл сайын оларды қарастыруды қамтамасыз етіп, әкелінгені үшін кедендік баж мөлшерлемелерін бекіту;

өз өнімдерін экспортқа шығаруды жүзеге асырушы, сондай-ақ салықтарды азайту немесе грант бөлу арқылы импорттық шикізатты пайдаланатын отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету;

жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында ұзақ мерзімге (2-3 жыл) мемлекеттік тапсырысты орналастыру мүмкіндігін қарастыру.

Машина жасау. Облыстың машина жасау негізін «Агромашхолдинг» АҚ, «Агротехмаш» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Болашақ А» ЖШС, «Дон Мар» ЖШС және басқалары құрайды.

Негізінен ауыл шаруашылығының топырақ өңдейтін техникаларға, жабдықтарға, қосалқы бөлшектерге, тораптар мен агрегаттарға қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған машина жасау кәсіпорындары 2009 жылы 13882,4 млн. теңге сомасына немесе 2008 жылға қарағанда 82,2 өнімдер шығарған. Төмендеуінің себебтері үстеме құн салығының жоғары болуына байланысты «Агромашхолдинг» АҚ және «Агромаштехмаш» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындарда ішкі нарыққа арналып шығарылатын тракторлар мен комбайндарды сату көлемінің төмендеуі.

Кіші саланың қарқынды дамуымен қатар шешімін таппаған бірқатар проблемалар бар:

өндіріс тиімділігінің артуына кедергі жасайтын жабдықтар тозуының жоғары деңгейі;

қолда бар өндірістік күштерді толық қолданбау;

саланың төмен инвестиялық тартымдылығы және өнеркәсіптерде айналым қаражаттарының үнемі тапшылығы;

машина жасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның едәуір бөлігін жоғалту (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюро, тәжірибе-зерттеу базалары, сынақ және техникалық бақылау орталықтары);

үстеме құны жоғары ғылымды көп қажет ететін жоғары технологиялық өнім өндірісіндегі ғылымды қажет ететін бұйымдар өндіруде үлестің төменділігі;


жер қойнауын пайдаланушылардың техникалық жарақтануы, машина жасау өнімдерінде олардың ұзақ мерзімді, орта мерзімді және жыл сайынғы сатып алу қажеттіліктері туралы ақпараттардың болмауы;

өндірісті дамытуды қаржыландыруды тарту үшін жоғары пайыздық мөлшерлемелер.

Металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары 12647,6 млн. теңге сомасына өнім шығарды, бұл 2008 жылға қарағанда 177,3% құрайды, НКИ – 118,8% құрайды. Шойын, болат құю жөнінде қызметтер көрсетілді, 2757 кг Доре ертіндісі және т.б. өндірілді.


Электрмен жабдықтау

Облыс бойынша 2009 жылы электр энергиясын пайдалану көлемі 5070,18 млн. кВтс құрады.

Жергілікті көздерден электр энергиясын өндіру 2008 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға төмендеді және 1 465,8 млн. кВтс құрады. Бұл Рудный және Қостанай ЖЭС-да негізгі технологиялық жабдықтарды жоспардан тыс жөндеуден өткізуге байланысты.

«2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының электр жылу энергетикасын дамыту» өңірлік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде 2010 жылдың 1 қаңтарына республикалық бюджеттен 100 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 441,9 млн. теңге игерілді.

Облыс қалаларын электрмен жабдықтауды мынандай кәсіпорындар: Қостанайда – «ЭПК forfait» ЖШС; Рудныйда – «РудныйЭнергоКомпаниясы» ЖШС; Арқалықта – «Қостанайюжэлектросервис» МҚК; Жітіқарада – «Жітіқаракоммунэнерго» МҚК; Лисаковта – «Лисаковскгоркоммун-энерго» МҚК ШОҚ жүзеге асырады.

Облыстың ауылдық елді мекендерін электрмен жабдықтауды облыстың 14 солтүстік ауданына қызмет көрсететін «Қостанайский ЭнергоЦентр» ЖШС және Амангелді мен Жангелдин аудандарына қызмет көрсететін «Қостанайюжэлектросервис» МҚК жүзеге асырады.

35-220 кВ желілері бойынша облыста электр энергиясын жеткізуді «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, 0,4-10 кВ желілері бойынша – «ЭПК forfait» ЖШС, Рудный қаласы бойынша – «Жарық Жол» ЖШС жүзеге асырады.

Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 30 мың км жуық, оның ішінде кабельдік желілер – 1064 км. Облыс аумағында кернеулігі 35 кВ және 4775 РП, ТП, КТП 6-10/0,4 кВ құрайтын 326 қосалқы станса бар. Облыстың негізгі энергия өндіруші көздері: қуаттылығы 267 МВт «ССКӨБ» АҰ ЖЭС, қуаттылығы 12 МВт Қостанай ЖЭС, қуаттылығы 4 МВт Арқалық ЖЭС болып табылады. Олар өндіретін электр энергиясы стансалардың қажеттіліктерін жабуға пайдаланылады.

Қостанай облысы электр энергиясына тапшы болып есептеледі. Облыс аумағында орналасқан электр стансаларының электр энергиясын өндіруі жалпы пайдаланудың 30%-нан аспайды (жалпы облыс бойынша энергияны пайдалану – 5074,1 млн. кВтс) және 1 464,5 млн. кВтс құрайды. Қазіргі кезде облыс энергиясын тұтыну мен 1500 км қашықтықта орналасқан Екібастұз энергия кешенінен оны тасымалдау есебінен оны өндіру арасындағы айырмашылықты жабуға мәжбүр. Рудный ЖЭо-на қуаттылығы 63 МВт алтыншы энергоблокты енгізу облыстың энергияға деген қажеттілігін жаппайды.

Алдағы жылдарда энергия өндіретін кәсіпорындарды іске қосу, оның ішінде: металлдандырылған шекемтастар зауытын, сортопрокаттық өндірісті, цементтік зауыт, Шевченко кен орнындағы никель кендерін өндіру және қайта өңдеу кешенін және т.б. өндірістерді енгізу жоспарланып отыр. Бұл ретте облыс бойынша электр жүктемесі шамамен 1000 МВт дейін жетеді (Қазіргі кезде облыс бойынша электр жүктемесі жаз мерзімінде – 500 МВт, қыс мерзімінде – 740 МВт дейін құрайды).

Облыс энергетикалық көмір қорларына бай. Уралгипрошахт институтының мәліметтері бойынша облыстағы көмір кен орындарында қуаты жылына 119 млн. тонна көмір өңдеу разрезін салуға болады. Электр энергиясының тапшылығын жабу үшін экспорттық әлеуетті ұлғайту үшін қара көмір кен орындарын пайдаланып, облыс аумағында отын-энергетикалық кешенін салудың, оның ішінде «Приозерный» разрезінің базасында қуаттылығы 2000 МВт Торғай (Құсмұрын) ЖЭС салу мақсатқа лайық. 2009 жылы «Энергия» институты қуаттылығы 2000 МВт Торғай ЖЭС құрылысының мақсатқа лайықтылығын дәлелдейтін техникалық-экономикалық зерттеуді өткізді.

Осы жобаны іске асыру облыстың тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын ұзақ мерзімге қамтамасыз етуге, қосымша жұмыс орындарын құруға, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Энергетикалық жабдықтардың қатты тозуы облыс энергетиктерінің негізгі проблемасы болып табылады, пайдаланудағы электр жабдықтарының тозуы ВЛ-10 кВ – 82%, ВЛ-0,4 кВ – 85%, КЛ-10-0,4 кВ – 71% құрайды.

Қолданыстағы электржелілік шаруашылықтың тозуы жаңа қуаттарды енгізу қарқынынан асып түседі, бұл жабдықтардың апатты ақаулары санының ұлғаюына және желідегі техникалық ысыраптарға әкеліп соғады.

Электр энергиясын тұтыну деңгейінің өсуі байқалуда. Жалпы облыс бойынша қалалардағы желілердің кернеулігі жоғары. Алайда қала мен ауыл арасындағы электр-жылу желілері тығыздығының сәйкессіздігін айтып өту керек.

Қайта жаңартылып жатқан энергетика

Бүгінгі күні қайта жаңартылып жатқан энергия көздерін пайдаланып, энергетиканы дамытуға айрықша назар аударылуда. Қостанай облысы жалпы алғанда жақсы жел әлеуетіне ие. БҰҰ дамыту бағдарламасының мамандары біздің облысымыздың жел әлеуетін бағалау жөнінде зерттеу жұмысын өткізді. Осыған байланысты, жел электр стансасының құрылысына Арқалық қаласында жоғары жел жүктемелері аймағында орналасқан алаң таңдалды, бұл электр энергиясын үлкен ауқымда өндіру үшін жел энергетикасын пайдалану мүмкіндігін береді.

Арқалық қаласында жалпы қуаттылығы 48 МВт жел электр стансасының құрылысы жоспарланып отыр. «Synergy Astana» ЖШС 20.02.2012 жылғы № 0311-ПП-Т.1 техникалық-экономикалық негіздеме әзірледі, ол 24.04.2012 жылғы №01-48/12 мемлекеттік сараптамадан өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологияларлар министрлігі электр энергиясы тарифін бекітуге ТЭН келістірді.

Облыс әкімдігі қайта жаңартылатын энергияны пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыруға шетел инвестицияларын тарту жөнінде жұмыс жүргізуде.

Аграрлық-өнеркәсіп кешені

Ауыл шаруашылығы саласы облыс материалдық өндірісінің екінші жетекші саласы болып табылады.

2009 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 249,3 млрд. теңгені (оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 145,4 млрд. теңгені, мал шаруашылығы 103,9 млрд. теңгені) құрады, бұл 2007 жылға қарағанда 1,3 есе жоғары, нақты көлем индексі 2009 жылы – 102,6 (оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 103,1, мал шаруашылығы – 102).

Жалпы республикалық астық жинауда Қостанай облысы үшінші орынды алады. 2007-2009 жылдары астық өнімі 5 млн. межеден асты.

Облыстың егін шаруашылығын дамытуда астық өндірісі басым болып табылады, ол өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің 83,9 алады.

2007 жылы облыстың негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 4474,5 мың гектарды құрады, ал 2009 жылы алқап 527,3 мың гектарға көбейіп, 5001,8 мың гектарды құрады.

2010 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша облыста 6423 агроқұрылым, оның ішінде 5 ӨК, 5 АҚ, 537 ЖШС мен 5876 шаруа қожалықтары бар.

2007 жылмен салыстырғанда агроқұрылымдар саны 8 немесе абсолюттік көрсеткіште 559 субьектіге, оның ішінде: ӨК – 16,7-ға, АҚ – 16,7-ға, ЖШС – 5,8-ға және шаруа қожалықтары 8,1-ға азайды.

Облыста жарғы капиталы 813,6 млн. теңгені құрайтын 15 ауылдық кредиттік серіктестік құрылды, олардың жарғы капиталы – 813,6 млн. теңгені, қатысушылар саны – 416 құрайды. АНС қызметін бастаған күннен бастап 12260,6 млн. теңге кредиттік қаражат, оның ішінде 2009 жылы 2501,5 млн. теңге сомасына 362 кредит, 2010 жылдың 1 қазанына дейін – 674,7 мың теңге сомасына 148 кредит берілді.

Кредиттер айналым қаражаттар алу үшін беріледі, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 9 құрайды.


13-кесте

2007-2009 жылдардағы Қостанай облысы бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру

мың центнер




2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Астық, оның ішінде:

58 992,7

47 902,0

49 130,1

бидай - барлығы

54 426,8

44 156,2

46 264,3

одан:










күздік егіс

22,8

4,0

0,3

жазғы егіс

54404,0

44 152,2

46 264,0

күздік қара бидай

46,7

68,1

34,2

арпа

3 352,1

2 892,4

2 103,5

сұлы

706,9

551,5

526,0

тары

104,5

82,6

57,8

қарамық

97,2

6,7

9,1

дәнді бұршақ

202,3

119,1

108,0

күнбағыс

24,6

25,0

43,4

картоп

1 670,8

1 402,7

1 549,9

көкөністер

503,1

486,6

599,0

бақша дақылдары

22,9

29,5

38,5

жеміс-жидектер

42,1

35,1

30,7
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Похожие:

Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономикалық дамуын талдау
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның №8/104-v шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Павлодар облысы жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница