Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы




НазваниеҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница4/27
Дата конвертации21.02.2016
Размер3.65 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.econom.kostanay.gov.kz/downloads/kz/prt04.12.2012kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Мәлімет көзі: 2009 жылы Қазақстан өңірлері статистикалық жинағының деректері бойынша саналған

Облыс бойынша ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі 847,25 мың теңгені құрайды, яғни республикалық көрсеткіштен (449,38 мың теңге) 397,87 мың теңгеге жоғары, бірақ өңірдің басқа секторларына қарағанда бұл көрсеткіш жоғары емес. Облыс бойынша бір қызметкерге шаққанда өнімділік 1417,94 мың теңге, бұл республикалық көрсеткіштен (2151,94 мың теңге) 734 мың теңгеге төмен.

2009 жылы орташа айлық атаулы жалақы облыс бойынша мынандай секторларда жоғары деңгейге ие болды: қаржылық және сақтандыру қызметінде – 81437 теңге, тау-кен өнеркәсібінде – 74983 теңге. Ең төмен деңгей тамақтану мен тұрақтау қызметін көрсететін қызметкерлерде – 30560 теңге, өнер, ойын-сауық пен демалу саласында қызмет ететін қызметкерлерде – 33354 теңге. Төмен және барынша жоғары арасындағы айырмашылық 2,7 есе.

Қызмет түрлері шегінде өнеркәсіпте қызмет ететін қызметкерлердің жалақысы – 60656 теңге, құрылыста – 53544 теңге, мемлекеттік басқаруда – 52225 теңге, білім беруде – 38469 теңге, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетуде – 43946 теңгені құрайды.

Маңызды әлеуметтік проблемалардың бірі бюджет саласындағы жалақының төмен деңгейі болып қала бермек.

2008 жылымен салыстырғанда 2009 жылы әйелдердің орташа айлық жалақысы 16%-ға өсіп, 41811 теңгені құрады, ер адамдарда – 9,3%, 56102 теңгені құрады. Әйелдердің орташа айлық жалақысы ер адамдардікінен 25,5%-ға төмен. Ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, өнер мен ойын-сауық орындарында қызмет ететін ер адамдардың орташа айлық еңбекақысы сол салаларда істейтін әйелдердікінен 1,5 есе жоғары. Тек қана білім беру саласында қызмет ететін ер адамдардың жалақысы әйелдердің жалақысынан 2% төмен.


Өнеркәсіп

Облыстың жер қойнауында бай пайдалы қазбалардың болуы облысты ірі минералдық-шикізаттық базаға айналдырды.

Облыста 90-дан жоғары темір кені өнімдері, 100 темір кені шекемтастары мен асбест өндіріледі. Облыс аумағында лигнит, көмір, құрылыстық құм, балшық, тас, құрамында алтын бар кен және т.б. өндіріледі.

Өз кезегінде тың және тыңайған жерлерді игеру облыс өнеркәсібінің дамуына қолдау берді. Облыс жер қойнауында шикізат ресурстарының орасан мөлшерде болған кезде тау-кен өндірісін дамытуда ғана емес, сол сияқты жеңіл, тамақ, қайта өңдеу өнеркәсіптерінің дамуына және қызмет көрсету саласына ықпалын тигізді.

Облыс Қазақстанның өндірістік дамыған аймақтарының бірі болып табылады. 543 кәсіпорын өнеркәсіп өнімдерін өндірумен айналысады, олардың ішінде 104 ірі, сол сияқты шағын және орта бизнес кәсіпорындары осы салада қызмет етеді. Өнеркәсіпте 48,9 мың адам қызмет етеді. Өнеркәсіп кәсіпорындарында жалақы облыс бойынша орташа жалақыдан 1,2 есе артады.

Облыста тау-кен, өңдеу өнеркәсіптері және электр энергиясын, газ және су өндіру мен бөлу жөнінде кәсіпорындар қызмет етеді. Қазіргі көп салалы өндірісті комбинаттар, зауыттар, заманға сай шағын кәсіпорындар қамтиды.

2009 жылы 307,9 млрд. теңге сомасына тауарлық өнімдер өндірілді, бұл 2007 жылға қарағанда 1,3 есе артық (1-диаграмма).

1-диаграмма

2007-2009 жылғы өнеркәсіп өндірісінің көлемі



2008 жылы өндірістің нақты көлем индексі негізгі экспорттық тауарларға дүниежүзілік сұраныстың түсуінен туындаған қаржылық дағдарысқа байланысты өнімдерге сұраныстың бәсеңдеуінің әсер етуінен төмендеді, бұл облыстың ірі тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмысына әсер етті (2-диаграмма).

2-диаграмма

2007-2009 жылғы нақты көлем индексі, өнеркәсіп



Облыста осыған байланысты ірі тау-кен өндіру кәсіпорындарының проблемаларын ескере отырып, экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі дағдарысқа қарсы шаралардың жоспары әзірленді және іске асырылды, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөнінде іс-шаралар жасалды және іске асырылды.

Кәсіпорындардың басшыларымен жұмыс істейтіндердің еңбек құқықтары, әлеуметтік-экономикалық кепілдіктері мен қызығушылықтарын қамтамасыз ету жөнінде меморандумдар жасалды. Өндірістік әлеуетті және жұмыс ұжымдарын сақтау мақсатында кәсіпорындарда дағдарысқа қарсы шаралар жоспарлары әзірленді. Осының нәтижесінде облыс кәсіпорындарында өндіру үдерістері тоқтатылған жоқ, жұмыс орындары қысқартылған жоқ.

2010 жылы 450,9 млрд. теңге сомасына тауарлық өнім өндірілді. Өнеркәсіптегі нақты көлем индексі 112,6 құрады.

Облыста соңғы жылдары өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі капиталдарына инвестициялар өсуінің оң серпіні байқалды. 2009 жылы инвестициялар көлемі 56,2 млрд теңгені құрады, ол 2007 жылмен салыстырғанда 43,4 артық, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 40,4 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібінде 9,1 млрд теңге, электр энергиясын, газ және суды өндіру мен бөлу бойынша – 6,7 млрд. теңге (3-диаграмма).


3-диаграмма

2007-2009 жылдардағы өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялар



2010 жылы негігі капиталға инвестициялар 120,9 млрд. теңгені құрады. Тау-кен өндірісінің негізін мынандай кәсіпорындар құрайды: «ССКӨБ» АҚ, «Варваринская» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «Метал Трэйдинг» ЖСШ, «Өркен» ЖСШ Лисаков филиалы, «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы КБРУ, «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы ТБРУ және басқалар.

Тау-кен өндірісі облыс экономикасының жалпы жағдайын айқындайды және облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында маңызды үлесін қамтамасыз етеді – 50% астам, тау-кен өнеркәсібінің өнімдері облыс экспортының басты бабы және валюталық түсімдердің негізгі көзі.

9-кесте

Тау-кен өнеркәсібі өндірісінің серпіні



Көрсеткіштер

Жылдар

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

1

2

3

4

5




1

Өнеркәсіп өнімнің көлемі, млрд. теңге

232,2

340,8

307,9

450,9

2

өткен жылға қарағанда НКИ, %

108,1

97,4

101,6

112,6




Өндірістің жалпы көлеміндегі тау-кен өнеркәсібінің үлесі, %

55,4

58,1

49,9

62,1

3

Тау-кен өнеркәсібінің өндіру көлемі, млрд. теңге

128,8

197,2

153,9

279,9

4

Тау-кен саласының негізгі өнім түрлерін өндіруі:
















- темір кені концентраты, мың тонна

8600,7

8731,9

10303,7

10699,8




- шекемтастар, мың тонна

8572,0

6951,8

6182,4

8150




- бокситтер, мың тонна

4962,6

5160,1

5130,0

5310




- асбест, мың тонна

292,6

230,1

230,0

214,1


Қазақстанның тау-кен саласының ірі кәсіпорны – «ССКӨБ» АҚ. «ССКӨБ» АҚ өнімдерінің негізгі тұтынушылары Магнитогор металлургиялық комбинаты, «Миталл Стил Теміртау» АҚ және Қытай кәсіпорындары болып табылады.

Тау-кен өндірісінің дамуы экспорттық бағыттың негізгі саласы ретінде саланың сауда балансында жетекші рөл атқарады.

Қазіргі таңда «ССКӨБ» АҚ-да жоғары сапалы болат түрін өндіру барысында қолданылатын құрамында 90% кем емес темірі бар металл шекемтастарын өндіру жөнінде цех салу – ірі инвестициялық жобасын іске асыру мақсатында жұмыс жүргізілуде.

«Өркен» ЖШС Лисаков филиалы темір кені концентратын өндіру бойынша ірі кәсіпорын. Кәсіпорында «Темір кенін бөліп алу, шығару және байыту» инвестициялық жобасы іске асырылды. Бұл технологияны енгізу фосфор құрамын 0,7%-дан 0,2%-ға төмендетуге жол ашады, темір кені концентратындағы темірдің құрамын 49%-дан 60%-ға арттырады.

«Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы Торғай және Краснооктябрьское бокситтік кен басқармалары – Павлодар алюминий зауытын шикізатпен қамтамасыз ететін, боксит өндіру бойынша ірі кәсіпорындар болып табылады.

Жітіқара қаласындағы «Қостанай минералдары» АҚ – Қазақстандағы жалғыз асбест комбинаты, оның негізгі қызметінің түрі – хризотил-асбест кендерін өндіру мен байыту және олардың негізінде тауарлық асбест өндіру. Комбинат өнімдері әлемдік асбест нарығымен қатар ТМД елдерінің нарықтарында тұрақты сұранысқа ие.

Облыста алтын, мыс, титан, никель, көмір, қорғасын-цинк кендерінің пайдалы кен орындары барланды.

Сонымен қатар облыс отқа төзімді балшық, құрылыстық тас, құрылыстық құм сияқты металл емес пайдалы қазбаларға да бай.

Облыстың өңдеу өнеркәсібінің негізін мынадай кіші салалар құрайды: тамақ өнімдерін өндіру, оның ішінде сусындар (65,9%), металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл өнімдерін өндіру (11,8 %), басқа металл емес минералды өнімдерді өндіру (3,5 %), машина жасау (5,9%), жеңіл өнеркәсіп және тігін өндірісі (2%), резина және пластмасс бұйымдарын өндіру (1,8%), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және баспа ісі (1,2%), жиһаз жасау (0,6%), тері және тері бұйымдарын жасау (0,60%) және өнеркәсіптің басқа салалары (6,7%).

Облыстың 2009 жылғы жалпы өнеркәсіп әлеуетінің көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 39,1% құрайды.

10-кесте

Өңдеу өнеркәсібінің өндіру серпіні

Р/с №

Көрсеткіштер

Жылдар

2007

жыл

2008

жыл

2009

жыл

2010 жыл

1

Өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі, млрд. теңге

232,2

340,8

307,9

450,9

2

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің көлемі, млрд. теңге

80,8

116,9

120,4

131,1

3

Өңдеу өнеркәсібінің НКИ, %

121,4

110,4

106,6

10,3,8

4

Жалпы өнеркәсіп көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %

34,8

34,4

39,1

29




Өнімнің негізгі түрлерін өндіру
















Ет және тамақ ішек-қарын өнімдері, тонна

2733

3087

4230

5545




Шұжық өнімдері, тонна

2059

2439

2678

2775




Таралған жүн, тері және жас тері, тонна

50

963

1069

1075




Тазартылмаған күнбағыс майы, тонна

2

146

988

1774




Өңделген сұйық сүт және кілегей, тонна

26393

31062

34924

46063




Сүт және кілегей қатты түрінде, тонна

1606

1390

697

680




Сары май, тонна

2086

2113

2109

2285




Ірімшік және сүзбе, тонна

2482

1906

2017

2130




Дәнді дақылдардан жасалған ұн, тонна

726860

859469

1023596

927809




Жаңа піскен нан, тонна

28742

31920

32004

35761




Шоколад және одан жасалған өнімдер, тонна

20690

21533

27085

30218




Макарон және ұн өнімдері, тонна

9786

9921

10929

14165




Жеміс және көкөніс шырындары, мың литр

23105

26284,0

27536,0

35435




Арақ және азықтық спирт, мың литр

3272,6

2612,8

2468,6

2588,3




Этил спирті, мың литр

1244,8

1215,6

1121,5

1147,9




Сыра, мың литр

19089,0

18027,1

24845,0

38179,6




Жүн жіп, кардо және таралған, тонна

67

57

60

55




Сырты теріден жасалған аяқ-киім, мың жұп

337,1

367,3

502,6

399,4




Түсқағаздар, мың шаршы км

17875,5

10293,0

2768,7

-




Терезе мен есік, мың шаршы км

27,2

43,8

50,1

52,1




Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар, дана

48

204

44

12




Астық жинайтын комбайн, дана

492

467

365

299




Қатарлық жатка, дана

227

306

168

76




Ауыл шаруышылығына арналған машиналардың бөлшектері, млн. теңге

282,0

426,0

390,0

449,1




ағаштан жасалған жиһаз, ас үй, кеңсеге арналған, мың дана

23,9

55,9

49,5

53,4




Тауарлық бетон, мың тонна

305,4

264,8

387,5

414,6




Доре ертіндісі, тонна

1,1

2,2

2,8

3,2

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Похожие:

Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономикалық дамуын талдау
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның №8/104-v шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Павлодар облысы жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница