Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы




НазваниеҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница2/27
Дата конвертации21.02.2016
Размер3.65 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.econom.kostanay.gov.kz/downloads/kz/prt04.12.2012kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ


2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы


Географиялық орналасуы

Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, 1936 жылы құрылған. Облыс Қазақстан Республикасының төрт (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектеседі. Облыс орталығы – Қостанай қаласы, 1879 жылы қаланған, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан.

Жер бедері. Облыс аумағы негізінен жазық бедерімен сипатталады. Солтүстік бөлігін Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік-шығыс түкпірі, оның оңтүстігінде Торғай үстірті, батысын Орал үстірті, ал оңтүстік-батысын Сарыарқа тау ұшығы алып жатыр.

Климаты шұғыл континенттік және өте қуаң. Қысы ұзақ, аяз, өте желді және қатты боран, жазы ыстық және құрғақ болып келеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігінде 250-300 мм, оңтүстігінде 240-280 мм шамасында. Вегетациялық кезеңі солтүстігінде 150-175 тәулік, оңтүстігінде 180 тәулік.

Су ресурстары. Өзен желісі сирек. Облыс шегінде 310 жуық ұсақ өзендер бар. Неғұрлым ірі өзендер – Тобыл және Торғай. Тобыл өзенінде Жоғары Тобыл, Қаратомар, Аманкелді су бөгеттері орналасқан. Облыста 5 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде ең ірілері Торғай жылғасында орналасқан Құсмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және т.б.

Топырағы. Облыс топырағының құрамы күрделі механикалық, құндылығы жоғары және тұздылығымен ерекшеленетін қара және қоңыр болып келеді. Тың жерлерге байланысты алқабтың көбісі жыртылған. Облыстың жалпы жер аумағы 19600 мың гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы 18123,4 мың гектарды егістік, оның ішінде 5659,3 мың гектарды құрайды немесе 31,2 %, 12068,0 мың гектарды (67%) жайылымдар алып жатыр.

Өсімдігі. Облыстың солтүстік бөлігінде көбінесе қызыл селеу және әр түрлі шөпті қара топырақ, ақ қайыңды-көктеректі бұталар және қарағайлы ормандар болса (Арақарағай, Аманқарағай); орталық бөлігінде – қызыл селеу және әр түрлі шөпті қоңыр топырақ, Науырызым қарағай көктеректі орманы, оның аумағында аттас қорық орналасқан, оңтүстік бөлігінде топырағы ашық қоңыр, бетегелі-селеу және жусан шөпті болып келеді.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы. Облыс құрамына 5 қала (1 қала – аудандық маңызы бар), 16 аудан, 8 кент (5 ауылдық және 3 қалалық), 252 селолық және ауылдық округ кіреді.

Облыс аумағында жүзден астам ұлт өкілдері және ұлыстар тұрады. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс тұрғындарының саны 886,3 мың адам, олардың ішінде: 35,6% – қазақтар, 40,8% – орыстар, 11,6% –украиндіктер, 3,8% – неміс, 8,2% – басқа ұлт өкілдері. Халықтың тығыздығы – бір шаршы километрге 4,5 адамнан келеді. Халық тығыздығының жоғары деңгейі Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары, ал халық тығыздығының төмен деңгейі – оңтүстік аумақтар, олардың тығыздығы бір шаршы километрге 0,5 адамнан 0,8 адамға дейін келеді.

Қазақстанның дамуында Қостанай облысының алатын орны

Облыстың стратегиялық мақсаты қолайлы тұрғылықты орта құру және халықтың өмір сүру сапасын дамыған елдердің деңгейіне жеткізу болып табылады.


2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.2.1. Өңірдің экономикасын талдау

Өңірлік макроэкономика

Халықтың өмір сүру деңгейінің интегралды көрсеткіші – жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 2007-2010 жылдары 624,5 мың теңгеден 975,4 мың теңгеге немесе 1,6 есе ұлғайды.

1-кесте

2007-2009 жылдардағы жалпы өңірлік өнім

Атауы

Өлш. бір.

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

ЖӨӨ

млрд. теңге

560,4

704,3

723,9

860,5

Өткен жылға қарағанда өсу қарқыны

%

144,7

125,7

102,7

102

Жан басына шаққанда ЖӨӨ

мың теңге

624,5

789,7

815,3

975,4

Елдің жалпы өңірлік өніміндегі облыстың үлес салмағы 2007-2010 жылдары тиісінше 4,36%, 4,39%, 4,26 %, 4% құрады. ЖӨӨ көлемі бойынша облыс Қазақстан өңірлерінің ішінде 12, ал жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша 10 орынды алып отыр.

2-кесте

Ел экономикасындағы Қостанай облысының орны

Жылдар

ҚР ЖӨӨ, млрд. теңге

Қостанай облысының ЖӨӨ, млрд. теңге

Облыстың республикадағы үлес салмағы, %

2007

12849,8

560,4

4,36

2008

16052,9

704,3

4,39

2009

17007,6

723,9

4,26

2010

21647,7

860,5

4,0

Облыстың ЖӨӨ серпінін талдау 2007-2008 жылдары ауыл шаруашылығының (2007 ж – 1,5 есе, 2008 ж – 1,2 есе), өнеркәсіп (тиісінше 1,3 және 1,5 есе), құрылыс саласының (1,5 және 1,4 есе), сауда (1,5 есе және 13,8%- ға), көлік және байланыс (1,3 және 1,2 есе) көлемдерінің ұлғаюы есебінен өсім қамтамасыз етілгенін көрсетіп отыр. 2009 жылы ауыл шаруашылығының көлемі 3,2%-ға, өнеркәсіп 1,7%-ға, көлік және байланыс 13,7%-ға өсті, құрылыс саласында көлем 9,4%-ға және сауда көлемі 10,2%-ға азайды.


3-кесте

Қостанай облысының ЖӨӨ құрылымын талдау

млрд. теңге

Жыл-дар

Бар-лығы

Ауыл шаруашылығы

Өнеркәсіп

Құрылыс

Сауда

Көлік және байланыс

Басқа-лары

2007

560,4

132,8

105,4

22,2

72,8

70

157

Үл. сал.,%

100

23,7

18,8

4

13

12,5

28

2008

704,3

160,3

157,1

31,9

82,8

84,3

187,8

Үл. сал.,%

100

22,8

22,3

4,5

11,8

12

26,6

2009

723,8

165,5

159,8

28,9

74,4

95,9

199,3

Үл. сал.,%

100

22,9

22,1

4

10,3

13,2

27,5

2010

860,5

139,3

255,5

40,8

92,4

83,3

249,2

Үл. сал.,%

100

16,2

29,8

4,7

10,7

9,7

28,9

2009 жылы облыс ЖӨӨ құрылымын талдау айтарлықтай көп үлес салмақ ауыл шаруашылығына (22,9%), өнеркәсіпке (22,1%) көлік және байланысқа (13,2%) тиесілі екенін көрсетіп отыр. 2010 жылы өте үлкен үлес салмақты өнеркәсіп (29,8%), әрі қарай ауыл шаруашылығы (16,2%) және сауда (10,7%) алады.

2007-2010 жылдардағы кезең ішінде өнеркәсіптің, көлік және байланыстың үлес салмағы жоғарылап, сауда азайған.

Облыс ЖӨӨ-нің өзгеруіне үлесіне ЖӨӨ көлемінің жартысы келетін ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларының дамуы әсер етеді.


4-кесте

Өңір салаларының жалпы республикалық өндіріс көлеміндегі үлес салмағы

млрд. теңге


Жыл-дар

Бар-лығы

Ауыл шаруашылығы

Өнеркә-сіп

Құрылыс

Сауда

Көлік және байланыс

Басқа-лары

2007






















ҚР

12849,8

727,3

3635,1

1213,2

1587,7

1481,6

4204,7

Облыс

560,4

132,8

105,4

22,2

72,8

70

157

Үл.

сал., %

4,36

18,26

2,9

1,83

4,59

4,73

3,73

2008






















ҚР

16052,9

853,3

5162,6

1298,7

1965,7

1769,1

5003,5

Облыс

704,3

160,3

157,1

31,9

82,8

84,3

187,8

Үл.

сал, %

4,39

18,79

3,04

2,46

4,22

4,76

3,75

2009






















ҚР

17007,6

1045,4

5194,8

1341,5

2076,0

1874,4

5475,5

Облыс

723,8

165,5

159,8

28,9

74,4

95,9

199,3

Үл.

сал, %

4,26

15,84

3,08

2,15

3,58

5,12

3,64

2010






















ҚР

21647,7

945,4

7101,8

1676,3

283,4

1746,5

9894,3

Облыс

860,5

139,3

255,5

40,8

92,4

83,3

249,2

Үл.

сал, %

4,0

14,7

3,6

2,4

3,3

4,8

3,7
Облыс 2009 жылы республикалық ЖӨӨ-де ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша 15,84% алып, бұл елдің өңірлері арасында жоғары көрсеткіш болып табылады. Жалпы республикалық көлемде қалған салалардың үлес салмағы 2,15%-дан 5,12%-ға дейін құрады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Похожие:

Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономикалық дамуын талдау
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның №8/104-v шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Павлодар облысы жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница