1. Бағдарламаның паспорты 3




Название1. Бағдарламаның паспорты 3
страница7/34
Дата конвертации21.02.2016
Размер5.01 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.econom.kostanay.gov.kz/downloads/kz/prt11-15k.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34


Тамақ өнімдерін өндірумен 70-тен астам ірі және орта кәсіпорындар айналысады.

Негізгі кәсіпорындар: «Деп» ЖШС, «Милх» ЖШС, «Космис» ЖШС филиалы, «RG Drands Rkazakhstan» ЖШС, «Деп» ЖШС Лисаков филиалы, «Садчиковское» ЖШС, «Лидер 2010» ЖШС (сүт өнімдерін өндіру бойынша), «Ирина и К» ЖШС, «Аян-озат» ЖШС, «Қарасу-ет» ЖШС (ет өнімдерін өңдеу бойынша), «Қостанайский мелькомбинат» АҚ, «Romana-астық» ЖШС, «Саламат» Компаниясы» ЖШС, «Сенат» ЖШС, «Пешковский КХП» ЖШС, «Асалия» ЖШС, «Иволга Холдинг» ЖШС, «МАБ» ЖШС (ұн өндіру бойынша), «Арасан» Фирма ЖШС, «Лидер 2» ЖШС, «Алтын Өмір» ЖШС, «Арасан» ЖШС Рудный филиалы (сусындар өндіру бойынша), «Баян Сұлу» АҚ (кондитерлік өнімдер өндірісі бойынша), «Алтын май» ЖШС, «Перспектива» ЖШС. «Безбабный» ШҚ, «Қаржау» ШҚ, (өсімдік майын өндіру бойынша).


14-кесте

Тамақ өнімдері өндірісі көлемінің серпіні





Бір лік

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

Тамақ өнімдерін өндіру көлемі, сусындарды қоса алғанда, оның ішінде:

млн. теңге

73014

79371,7

74790

90186

104656

127695

127034,8

- етті өңдеу және консервілеу

млн. теңге

3162,7

4080,2

4789

6053,6

8156,2

8589,2

10546,9

- сүт тағамдарын өндіру

млн. теңге

13220,1

13891,9

18871

19212,7

19275

21832,6

26548,0

- ұн тағамдарын өндіру

млн. теңге

32209,8

33374,8

27572

37915,7

49407,8

57380,9

44193,2

- сусындарды өндіру

млн.

теңге

5470,4

5506,6

7284

8180,7

8709,6

8823,4

9432,7


Саладағы өндіріс көлемдерінің өсуіне инвестициялық жобаларды іске асыру жаңа өнім түрлерін игеру, өндірістерді жаңашаландыру, жаңа технологияларды енгізу есебінен қол жеткізілді.

Индустриаландыру картасының шеңберінде азық-түлік өндіретін кәсіпорындарда 2010-2012 жылдары «Қостанай қаласында тәулігіне 150 тонна сүт шикізатын қайта өңдейтін жаңа зауыт құрылысы және жабдықтар сатып алу»; «Қостанай қаласында «Баян Сұлу» АҚ-да «Жылына қуаттылығы 4 250 тонна штампталған орамадағы қатты карамель өндірісін ұйымдастыру»; «№ 2 шоколад цехінің құрылысы»; «Қарасу Ет» ЖШС «Қостанай ауданының Затобол кентінде жылына қуаттылығы 5,4 мың тонна ет беретін етті қайта өңдейтін кешеннің құрылысы»; «Қостанай мелькомбинаты» АҚ-да «Сағатына қуаттылығы 4,2 мың кг қысқаша кесілген макорон өнімдерін өндіретін цехтің құрылысы» сияқты ірі инвестициялық жобалар іске асырылды.

Сондай-ақ, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарының бірқатары күнбағыс майын өндіру, етті қайта өңдеу, диірмен кешендерінің құрылысы бойынша жобаларды іске асырды.

Облыстың жеңіл өнеркәсібін тоқыма бұйымдар өндірісі, киім, былғары өндірісі кәсіпорындары қамтиды.

Ірі кәсіпорындар: «Большевичка» ӨК (тігін бұйымдар, оның ішінде республиканың әскери құрылымдары үшін формалық киім-кешек, мұнайшылар, газ жұмысшылары, теміржолшылар, медицина қызметкерлері үшін арнайы киім және т.б.), «Алпамыс» аяқ-киім фабрикасы ЖШС (қарулы күштерге аяқ-киім, халыққа арнайы және жұмыс аяқ-киімі), «Қостанай киіз аяқ киімінің фабрикасы» ЖШС (басылған аяқ-киім, қышқылдан қорғайтын қолғап өндіру) болып табылады.

2007-2014 жылдары жеңілөнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 11,3%-ға ұлғайып, 3213,1 млн. теңге құрады. 2014 жылы жеңіл өнеркәсіп НКИ 93,6% құрады.


15-кесте

Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемінің серпіні





Бірлік

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж

2014 ж.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіру көлемі, оның ішінде:

млн. теңге

2886

2781

3236,3

3446,4

3840,5

4571

4703

3213,1

тоқыма бұйымдарын өндіру

млн. теңге

*

956,4

1312,3

1430

1753

2473

2454,3

1315,3

тоқыма бұйымдарын өндіру НКИ

%

**




113,9

108,4

99

118,2

80,9

84,0

киім өндіру

млн. теңге

*

1237,7

1173

1190

1327,7

1453,1

1718,8

1667,0

киім өндіруінің НКИ

%

**




80,9

105,8

98,1

78,4

99,5

95,9

тері және былғары өнімдерін өндіру

млн. теңге

949

586,9

751,1

826,5

759,8

644,7

530

230,8

тері және былғары өнімдерін өндіру НКИ

%

183,1

74,2

132,8

91,1

86,4

85,4

45,5

122,1

* Статистикалық деректер «тоқыма және тігін өнеркәсібі» кіші тарауға біріктірілді және 1937 млн. теңгені құрайды

** Статистикалық деректер «тоқыма және тігін өнеркәсібі» кіші тарауға біріктірілді және 118,9  құрайды

2012 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының бірінші бағыты «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен «Большевичка» өндірістік кооперативтің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауы жүзеге асырылды.

2013 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде аймақтық Үйлестіруші кеңесімен Қостанай облысының жеделдету индустриалды дамуы бойынша келесі жобалар мақұлданды: «Жастық, мамық, көрпе тігу және жаңалау ательесін құру», өтініш беруші ЖК Тулебаева (бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беру жағынан) және «Матрас және синтепон өндірісі: негізгі құралдарды сатып алу», өтініш беруші «Мебелькомп» ЖШС (банк несиелері пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау).

Машина жасау. Облыстың машина жасау негізін «Агромашхолдинг» АҚ, «Агротехмаш» ЖШС, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Болашақ А» ЖШС, «Дон Мар» ЖШС және басқалары құрайды.

Облыс өндеу өнеркәсібінің құрамында машинажасау саласының үлесі 2014 жылдың қантар-желтоқсан айындарын бойынша 24,5құрады.

Облыс машинажасау кәсіпорындармен 2014 жылы бойынша 61062,6 млн. теңгеге өнім өндірілді, бұл 33,7ға2013 жылдан артық. Нақты көлемі индексі 107,3құрады. Өткен мезгіл бойынша 390 комбайн, 8570 автомобиль (2215 – Ssang Yong, 125 – Chance, 895 – Peugeot, 128 – Iveco,87 – жүк таситын автомобильдер, Iveco-682, 129 – Iveco 10 және одан әрі адам тасымалдау үшін, 84 – Ssang Yong Nomad, 750 – Toyota, 3424 – Хюндай, 733 - Geely), 200 дәнсепкіш, 280 жатка құрастырылған.

Металлургия. Металлургия өнеркәсібінің үлесі 2014 жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемінде 14,4% құрады. 2014 жылы сала кәсіпорындары 36,1 млрд. теңге сомасына немесе 2013 жылға қарағанда 146,9% өнімдер өндірді, 2010 жылға қарай саладағы өндіріс көлемі 99,4%-ға ұлғайды(2010 жылы – 18,1 млрд. теңге).

«Доре» ертіндісін өндіру 2013 жылдың деңгейіне қарағанда 28,3%-ға ұлғайды (2010 жылы – 3178 кг, 2014 жылы – 4078 кг).

Облыстағы металл өнімдерінің негізгі өндірушілері: «ССКӨБ» АҚ, «Рудный металл құрылыс зауыты – Имсталькон» ЖШС, «МехЛитКом» ЖШС.

2010 жылдың маусымында «ССКӨБ» АҚ «Құны 7500 млн. теңге жылына қуаттылығы 75 мың тонна дайын өнім шығаратын металл прокат зауытының құрылысы» жобасын іске асырды, 513 жұмыс орны құрылды. Зауытты іске қосқан сәттен бастап жалпы 8,4 млрд. теңге сомасына 89475 тонна өндірді.

2013 жылы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС «Қостанай қаласында жылына 450 мың тонна ұсақ сортты прокат станының құрылысы» жобасы іске асырылды. Өнімнің өндірісі 2014 жылдың қаңтарынан басталды. Жобалық қуатына жету-2015 жылдың қазан айында. Аталған зауытты іске қосу ішкі нарықты және құрылыс индустриясы кәсіпорындарын сапалы прокатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыста құрылыс материалдары өндірісі қарқындауда. 2013 жылы сала кәсіпорындары 9,5 млрд. теңгеге (2012 жылы – 15,1 млрд. теңгеден артық) өнім өндірді.

2014 жылдың 12 айындарын қорытындылары бойынша құрылыс материалдар өндіріс көлемі 21,1 млрд., бұл өткен жылдың көрсеткішке қарағанда 107,2-ға құрайды.

Өткен жылғы сәйкес мезгіліне бойынша құрылыс арматураның өндіріс көлемі 7,3 есе ұлғайтылды, 108,8 мың тонна құрады, тауарлық бетон 22,9%-ға (823,7 мың тонна), этилен полимерлерден жасалған құбырлар 13,8%-ға (1034,0 тонна), құрылыс мақсаттар үшін бетондан жасалған бұйымдар 13,1%-ға (260,9 мың тонна), пластмассадан жасалған терезе мен есік блоктар 11,4%-ға (1819,2 тонна), бетондан жасалған құрылыс конструкциялар 6,5%-ға (8,2 мың тонна), шағыл 4,1%-ға (1256,0 мың куб.м.), отқа берік бұйымдар 0,6%-ға (17,3 мың тонна) ұлғайтылды.

Сонымен бірге өнімнің төмендегі түрлері бойынша өндірісі төмендеді: қаптау керамикалық кірпіш-94,5% (70,4 мың куб.м.), құрылыс құрамалардың металлдық конструкциялары-88,2% (6,0 мың тонна), жабылған құрыш қағаздан жасалған сэндвич-панельдар-62,2% (467 тонна).

Өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты негізгі себептері: өнімге сұраныстың төмендеуі.

Облыста қызмет ететін құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындармен қатар соңғы жылдары жаңа кәсіпорындар құрылды, оларда инвестициялық жобалар іске асырылады.

Қостанай облысында Индустриаландыру картасының шеңберінде құрылыс индустриясы саласында 8 жоба іске асырылды, олардан 2011 жылы «Иволга - Холдинг» ЖШС «Қостанай қаласында қуаттылығын 10 млн. дана кірпіш өніміне дейін ұлғайтып, кірпіш зауытын жаңғырту» (60 жұмыс орны құрылды); «Металл Инвест Сауда-Өнеркәсіп Компаниясы» ЖШС «Рудный қаласында диаметрі 110-450 мм полиэтилендік құбырлар және жалпы қуаттылығы жылына 1,6 мың тонна фитингтер өндірісін ұйымдастыру» (10 жұмыс орны құрылды); «Пластстандарт» ЖШС «Жылына қуаттылығы 12 мың тонна диаметрі 500-1200 мм полиэтилендік құбырлар өндірісін ұйымдастыру» (20 жұмыс орны құрылды); «Қостанай МБИ» ЖШС «Қостанай қаласында жылына қуаттылығы 33,5 мың текше м. ұсақ даналы бетондық өнімдер өндіретін автоматтандырылған зауыт құрылысы» (25 жұмыс орны құрылды) инвестициялық жобалары пайдалануға берілді.

2013 жылы мемлекеттік қабылдау комиссиясының 2013 жылдың 2 тамыздағы актымен құны 982 млн. теңге болатын «Жиналмалы темірбетон өндіретін зауытының құрылысы» «БК-Строй» ЖШС-нің жобасы іске қосылды.

2014 жылдың маусым айында «Қостанай МБИ» ЖШС-нің «Қостанай қаласындағы үй салатын комбинатының құрылысы» инвестициялық жобасы, 4370 млн. теңге құнымен (150 жұмыс орны құрылды) пайдаланымға енгізілді.

2015 жылдың желтоқсан айында «Рудный қаласындағы цементтік зауыты» ЖШС-нің 13615 млн. теңге құнымен, 224 жұмыс орындардың құрумен «Рудный қаласында цементтік зауыттың құрылысы» жобасының жіберілуі жоспарлануда.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

  1. Өндірістің тиімділігін арттыруды тежейтін көптеген өңдейтін сала кәсіпорындардың жабдықтарының жоғары тозғандығы.

  2. Бар өндірістік қуаттардың толық пайдаланбауы.

  3. Кәсіпорындарда айналым қаражатының тұрақты тапшылығы.

  4. Машина жасау кешені инфрақұрылымы дамуының жеткіліксіздігі: инфрақұрылымның айтарлықтай бөлігінің жоғалуы (ғылыми-зерттеу институттарын, конструкторлық бюроларын, тәжірибелік-эксперементалды базаларын, сынау және техникалық бақылау ортаықтарын);

  5. Қосымша құны жоғары болатын ғылымды талап ететін, жоғары технологиялық бұйымдар өнімдерін өндірісі үлесінің төменділігі.

Даму беталысы

  1. «Бизнестің жол картасы 2020» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғыртуын іске асыру.

  2. «Өнімділік-2020» бағдарламасы шеңберінде инновациялық технологияларды енгізу жолымен өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін арттыру.

  3. Индустриялық Өңірде инновациялық жобаларды енгізу және дамыту үшін индустриялық аймақты құру.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34

Похожие:

1. Бағдарламаның паспорты 3 iconМазмұны бағдарламаның паспорты
Кіріспе
1. Бағдарламаның паспорты 3 iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты 3 iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon1. Бағдарламаның паспорты
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметiн дамыту және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету 20
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon1. бағдарламаның паспорты
Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің...
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
1. Бағдарламаның паспорты 3 iconБағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушыларға электронды кестелерді пайдалану мүмкіндігі мен пайдасын, Microsoft Excel бағдарламасымен жұмыстың...
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon«Мойылдинцы» атты балалар ұжымының паспорты
Форма организации работы до: штаб «Лидер», штаб «Тимуровец», клуб «Вожатенок», центр «Радуга»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница