1. Бағдарламаның паспорты 3




Название1. Бағдарламаның паспорты 3
страница14/34
Дата конвертации21.02.2016
Размер5.01 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.econom.kostanay.gov.kz/downloads/kz/prt11-15k.doc
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34

Күшті жақтары:

апаттық жағдайда тұрған және 3 ауысымдық мектептердің жоқтығы;

қосымша мектептердің құрылысы есебінен оқу орындарының тапшылығын жою;

жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер-түлектер санының өсуі және екінші жылға қалатын оқушылар санының төмендеуі;

Интернет желісіне мектептердің 100%-ы қосылды.

тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың 100% ақысыз ыстық тамақпен қамтылды.

Ағымдағы және ықтимал мәселелер:

халықтың көшуі есебінен педогикалық кадрлардың перманентті жетіспеушілігі (әсіресе математика, физика, информатика, химия, ағылшын тілі мұғалімдері);

экономикалық трансформация кезінде – 80-жылдардың соңынан 2001 жылға дейін бала туудың азаюына және халықтың көшіп-қонуына байланысты мектеп оқушыларының саны қысқаруда;

мектептердің жеткіліксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі;

ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептердің болуы.


Қауіп-қатерлер:

тұрғындардың жақсы еңбекақы және тұру жағдайларына тырысуы жоғары біліктілігі мен балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар педагогикалық кадрлардың білім беру жүйесінен жүйелі түрде кетуіне апарып соғады, бұл орта білімнің сапасын төмендетеді;

осы заманғы жаңа үлгідегі мектептердің құрылысына арналған шығындардың жеткіліскіз қаржыландырылуы ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақтауды негіздейді.

Даму ірдісі:

бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және орта білім объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты шығындарды қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;

ыңғайластырылған жайда мектептердің орналасу тәжірибесін жою мақсатымен орта білім берудің осы замандық объектілерін салу саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;

жас педагогикалық кадрлардың өз істерін беріліп істеуіне және елді мекенге, оның ішінде ауылдық жерге сіңісіп кетуін ынталандыратын шаралар жүйесін әзірлеу.

ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан білім беру ұйымдарының орнына, сондай-ақ нақты қажеттілікті қанағаттандыруды, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептерді ескере отырып, білім беру объектілерінің құрылысын бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;

алыс ауылдық-елді мекендерде тұратын оқушылардың тұруы үшін кәсіби мектептердің; мектептердің жанындағы ресурстық орталықтардың құрылысын кеңейту;

мектептерді, мектептердің жанындағы интернаттарды күрделі жөндеуден өткізуге және қайта жаңғыртуға байланысты шығыстарды қаржыландыруды кеңейту;

12 жылдық оқытуға толыққанды көшуді қамтамасыз ету мақсатында және оқудың жаңа формаларын дамыту үшін білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға (физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша лабораториялық кабинеттер, басқа да компьютерлік техника, интерактивтік тақта сатып алу, кітапханалық қорды толықтыру мен жаңарту, мультимедиялық кабинеттер сатып алу; кең жолақты Интернет желісіне қосылу, интерактивтік тақта, спорттық бұйымдар сатып алу) шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;

ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология және информатика пәндері мұғалімдерінің перманентті жетіспеушілігін, оның ішінде ауылдық жерлерде жетіспеуін болдырмауға бағытталған іс-шаралардың өңірлік жоспарын әзірлеу жөнінде жұмыс тобын қалыптастыру.

Білім берудің арнайы түзету ұйымдары

Облыста соңғы алты жыл (2012-2014) ішінде 7 арнайы түзету ұйымдары, оның ішінд 3 мектеп және 4 мектеп-интернат тұрақты жұмыс істейді. Мектептердің және мектеп-интернаттардың материалдық базалары жақсарып келеді (барлығы сенсорлық бөлмелермен, осы заманғы есту құрал-жабдықтарымен, ішінара интерактивтік тақталармен және т.б. жабдықталған).

Түзету сыныптарында оқитын дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың саны төмендеді. 2012 жылы жалпы білім беру мектептерінде 1575 баланы қамтитын 234 сынып, 2014-2015 оқу жылдары мүмкіндігі шектеулі 1432 бала оқитын – 205 сынып қызмет етті.

Жалпы білім беру сыныптарына 5023 бала берілді (2012 жылы – 5200 бала), 2325 баланың тіл кемістігін түзетуге мүмкіндігі бар 95 логопедиялық пункт жұмыс істейді.

2014-2015 оқу жылдары 219 балаға (2012ж.-301, 2013ж.-219, 2014ж.-219) үйде жеке тегін оқыту ұйымдастырылды.

2012-2014 жылдары 7 білім берудің арнайы ұйымдардан облыс колледжтарда (мемлекеттік тапсырыс) 9 сыныптағы 268 бітірушілер оқуын жалғастырды (басқа 35 бала (13%) деңсаулық жағдайы себебінен оқуын алуға жатпайды).

Аудандық орталықтарда ашылған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі – ППТК) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестердің ұсынымдары бойынша (бұдан әрі – ПМПК) арнайы біліммен қамтылмаған дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар түзету сыныптарында оқиды.

2012-2014 жылдар аралығында дамуында мүмкіндігі шектеулі 9334 балаға түзету көмектері, оның ішінде 2600 астам консультативтік көмек көрсетілді (2012ж. - 3384, 2014ж. – 2989).

Барлық уақыт ішінде облыста дамуында кемшіліктері бар балаларға көмектің тиімді жүйесін дамытудың оң серпіні, оларды тәрбиелеуге, оқытуға, еңбек және кәсіби даярлауға, балалар мүгедектігінің алдын алуға байланысты проблемалар шешілуі байқалып отыр.

Балаларға білікті көмек көрсетудің сапасын жоғарылатудағы аса маңызды мәселелердің бірі мамандардың білім алуы және олардың біліктілігін жоғарылату болып табылады. Арнайы білімі бар педагогтардың болмауына байланысты ППТК-ның, мектептердің кемістіктерді түзету қызметтерін толығымен көрсетуге мүмкіндіктері жоқ. ПМПК мен ППТК қажет құралдармен жабдықтау қажет. Білім берудің түзету ұйымдары оқулықтармен және ОӘКмен жеткілікті жабдықталмаған.

Күшті жақтары

барлық интернаттық ұйымдар СанЕН осы заманғы талаптарға сәйкес келтірілген;

дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқуына мүмкіндік беретін, инклюзивтік білім алуын дамытуға көмектесетін жалпы білім беру ұйымдарында түзету сыныптарының саны ұлғаюда;

мектептерде логопедиялық пункттердің саны өсіп жатыр, бұл балалардың, әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл кемістігінің түзетілуінде оң нәтижелер көрсетіп отыр;

білім берудің түзету ұйымдары осы заманғы жабдықтармен жабдықталуда, бұл дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуды тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;

дамуында мумкіндіктері шектеулі балаларға ППТК-да түзету көмектерін алу мүмкіндіктері ұсынылған.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалар

1. жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілде оқытатын түзету сыныптарының желісі жеткіліксіз дамыған;

2. 5 ауданда (Алтынсарин, Жангелдин, Қамысты, Қарасу және Таран) ППТК ашылмаған.

Қауіп-қатерлері

педагогикалық кадрлардың тапшылығы (дефектологтар, сурдологтар, тифлопедагогтар, олигофренопедагогтар);

инклюзивтік жағдайларда балаларды оқыту үшін педагогтардың біліктілігін жеткілікті жоғарылатпау;

арнайы түзету ұйымдарының оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (бұдан әрі – ОӘК) жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.

Даму үрдісі

1. мектептерді арнайы мамандармен қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ППТК ашуға, (аудандар, қалалар әкімдерінің гранттары бойынша) педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

2. мектептерді арнайы мамандармен, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытуды қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ППТК ашуға, аудандар, қалалар әкімдерінің гранттары бойынша педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

3. білім берудің түзету ұйымдарын ОӘК мен оқулықтармен қамтамасыз ету;

4. білім берудің түзету ұйымдарын интерактивті тақталармен толық қамтамасыз ету үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

5. ППТК мен ПМПК қажетті жабдықтармен аяғына дейін жабдықтау үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесі

2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста 3145 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. Осы қатардан 1863 бала қамқорға алынды және асырап алынды, 127 бала – қазақстан азаматтары жанұяларының қамқорлық тәрбиесінде, 1155 бала 16 білім беру, денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйелерінің мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде.

Отбасылық құрылымның баламалы нысандарын насихаттау жөніндегі шаралардың жүйелік сипаттамасы осы үлгідегі ұйымдар санының қысқарумен және тәрбиеленушілер санының түсуімен дәлелденіп отыр (2012-2014 жылдары жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім жүйелері білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің саны 1109-дан 962 балаға дейін қысқарды). Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-интернаттар әкімшіліктері қазақстан азаматтарының қонақ отбасыларына (балаларды асырап алатын отбасылар) балаларды беру жөніндегі шараларды іске асырады: 2014 жылы құрылымның осы нысанымен 278 бала қамтылды.

Күшті жақтары

құрылымның отбасылық нысандарымен қамтылған ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетім-балалардың саны ұлғаюда;

«Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде енгізілген балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мамандар санының ұлғаюына байланысты 2009 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың анықталу жағдайы (мамандардың саны 23-тен 36-ға дейін өсті) көбейді.


Ағымдағы және әлеуетті проблемалар

1. қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының жиі ауысуы;

2. кәмелетке толмағандарға қатысты ата-аналар құқығынан айырылғандар ата-аналардың жауапкершілігі (материалды және басқа да) шаралары, алимент төлету тетігі реттелмеген.

Қауіп-қатерлер

мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдардың штат санын оңтайландыру шеңберінде қамқорға алу және асырап алу ұйымдары мамандарының қысқаруы.


Даму үрдісі

1. отбасы құрылымының баламалы формалары мен отбасы құндылықтарын насихаттау.

2.қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім-балалардың құрылымын деинституционалдандыру стратегиясын іске асыру жөніндегі курстардан өтуін қамтамасыз ету;

Техникалық және кәсіби білім

2015 жылдың 1 қаңтарында облыста 43 техникалық және кәсіби білім оқу орындары (бұдан әрі – ТжКБ) қызмет етеді, оның ішінде 32 мемлекеттік, 11 мемлекеттік емес. Соңғы бес жыл ішінде колледждердің контингенті сәл ғана өзгерді (2012-2013 оқу жылдары – 29 мың, 2013-2014 оқу жылдары – 27 мың, 2014-2015 оқу жылдары – 25 мың).

166 сыныптама бойынша мамандарды даярлау жүргізіліп отыр. Техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын арттыру жөнінде жұмыстар жүргіліп жатыр. 2014-2015 оқу жылдарына 5743 адам көлемінде мемтапсырыс бекітілді (2007-2008 оқу жылдарымен салыстырғанда 746 адамға өсті).

Облыста апаттық ғимараттарда орналасқан оқу мекемелері жоқ. Оқу корпустарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті. 2013 жылы соңғы жылдардың ішінде алғашқы рет Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі оқу корпусын күрделі жөндеу аяқталады. Жұмыспен қамту 2020 жол картасының 1-ші бағыты шеңберінде Тобыл кәсіптік-техникалық колледж ғимаратының күрделі жөндеуі қарастырылған.

Соңғы 3 жылдары ішінде жатақханалардың саны өсуде. 2014-2015 оқу жылдарының басында 27 жатақхана жұмыс істейді, олардан 24-і мемлекеттік болып табылады. Жатақханаларда орындардың жалпы саны 3963-ке дейін жеткізілді. 2012 жылы қайта жаңарту есебінен 2 жатақхана: 102 орындық Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі және 126 орындық Рудный тау-кен технологиялық колледжі пайдалануға берілді. 2013 жылы 100 орындық «Мендіқара кәсіптік-техникалық колледжі» МКҚК жатақханасының күрделі жөндеуі өтті. 2014 жылы 50 орынға Тоболдық кәсіби-техникалық колледждің жатақханасы пайдаланымға енгізілді.

Соңғы 3 жылдары оқу мекемелері желілерінің серпіні 2012 жылғы 48-ден 43-ке осыжылға дейін өзгеріп отыр. 2013 жылдың қаңтарынан бастап облыстың 15 кәсіби лицейлері колледждерге ауыстырылды, осылайша білім мекемелерінің мәртебесі артты. Білім ұйымдары кәсіби кадрларды даярлау жүйесіне жаңа тәсілдерін енгізуге ұмтылуда.

2012 жылдан бастап оқу мекемелерінде оқудың дуалдық жүйе элементтері енгізіліп жатыр, оның шеңберінде оқу процессінің 70%-ы өндірісте өткізіледі. Әулиекөл аудандағы ауыл шаруашылығы колледж негізінде 2 мамандық бойынша дуальдік оқуының Қазақстандық-неміс жобасы іске асыруда. 2015 жылдың аяғына дейін осы жобаға тағы 4 колледж 4 мамандық бойынша қосылады.

Таяу және қиыр шетелдермен халықаралық ынтымақтастық дамуда: Германия (Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі), Франция (Қостанай политехникалық колледжі), Сингапур (Қостанай автомобильді көлік колледжі). Беделді ұйымдармен ынтымақтастық ең жақсы халықаралық бағдарламаларды енгізуге мүмкіндік береді, олар қазақстандық білім қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға себепші болады.

Білікті жұмыс кадрларын даярлау мәселелерінде ТжКБ ұйымдары мемлекеттік және жеке құрылымдармен жұмыс жасайды. Әлеуметтік әріптестік мынадай бағыттар бойынша іске асырылады: білікті мамандар даярлаудағы қажеттілікті болжау, арнайы пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын бірігіп түзету, кәсіби тәжірибені ұйымдастыру. 2015 жылдың 1 қаңтарына колледждер кәсіпорындармен және ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы 2113 шарт жасасты.

Оқушылар мен жұмысшылармен қатар NEET тұқымы бар – 15-28 жас аралығындағы жастар, олар әр-түрлі экономикалық, әлеуметтік және саяси факторлардың себебімен оқымайды және жұмыс істемейді.

Білім, жұмыспен қамтуы немесе оқу жүйесінің тысында астар үлесінің ұлғаюы – жастардың нақты жұмысқа орналастырумен байланысты жастардың жұмыссыздықты шағылыстыратын индикатор.

Қостанай облысының техникалық және кәсіби білім жүйесінің бітірушілердің саны 2014 жылы 8722 студент (2013ж. - 9187 адам) құрады, соның ішінде мемлекеттік білім тапсырыс бойынша-4908 адам (2013ж. - 4615 адам). Жаулап алынған бітірушілердің үлесі 88% (2013ж.-88%), соның ішінде: 5745 адам (66%) (2013ж.-6880(75%) кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылған, 1025 адам ЖОО-да оқу жалғастырып жатыр (11%) (2013ж.-814 адам (8,9%), 72 адам техникалық және кәсіби білімінің ұйымдарында оқуды жалғастырып жатыр (2013ж.-116 адам). Ағымдағы жылдың бітірушілердің санынан әскерге 335 адам (4%) (2013ж.-141 адам (1,5%) шақырылды, Қазақстан Республикасының сыртына 160 адам (2%) шықты (2013ж.-98 адам (1,1%). Декреттік демалыста 320 адам. Жұмысқа орналастыруына 1065 бітіруші (2013ж.-1135 адам) жатады, соның ішінде мемлекеттік білім тапсырыс бойынша оқытылған 601 адам (2013ж.-136 адам).

Білім, энергетика және электроэнергетика, медицина және фармацевтика, тамақ өнімдерін өндіру технологиялар саласының мамандықтары жоғары көрсеткіштер көрсетеді.

Ауыл шаруашылық бағыттың мамандарды даярлайтын колледжтер жұмысқа орналастыру төмен пайыз көрсетті.

«15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі» көрсеткіштің орындамауына нарықтық қарым-қатынастардың құбылмауы сыртқы әсер етеді.

Жалпы, облыс бойынша техникалық және кәсіби білім дамуының оң үрдістері байқалуда. ТжКБ объектілері мен әлеуетті және нақты жұмыс берушілер арасында стратегиялық әріптестікті дамыту қажеттілігін, сондай-ақ еңбек нарығында нақты қажет мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мақсатында олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды аталған саланың субъектілеріне тән келетін даму келешегі бар бағыттардың бірі деп айтуға болады.

2015 жылдың 1 қаңтарында 43 оқу орны техникалық және кәсіби білімді іске асырды, оның ішінде 32 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес. 25 колледжде жұмыс кәсіптері бөлімдері қызмет етті. 135 мамандық бойынша дайындық жүргізілді. Техникалық және кәсіби білім оқу орындарында оқитындардың жалпы контингенті 25,5 мың адамды құрады.

Күшті жақтары

мемлекеттік білім тапсырысын ұлғайту;

әлеуметтік әріптестікті дамыту;

дуалдық оқу жүйесін енгізу.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалар

1. лабораториялар мен өндірістік шеберханаларды жабдықтаудың жеткіліксіз деңгейі.

2. ТжКБ жүйесінен кетуін негіздеп отырған өндірістік оқу шеберлерінің төмен еңбек ақысы сол немесе басқа да мамандық бойынша білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі көзқарасымен білім беру үдерісі сапасының төмендеуіне әсер етеді және еңбек нарығында колледждер түлектерінің қажет болуын қиындатады;

3. бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі колледждер желісінің кеңеюін шектейді және облыстың кейбір елді мекендерінде олардың болмауын шектейді, бұл әлеуетті білім алушылардың тұрғылықты жерінің аумағында оқу мүмкіндіктерін шектейді.

15-28 жас аралығындағы жастар жалпы санындағы NEET үлесі бар.

Даму үрдісі

1. колледждердің желілерін кеңейтуде мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;

2. білім беру жүйесінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың тығыз байланысын жорамалдайтын, сонымен қатар дайын мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелерін алып тастайтын корпоративтік білім қағидаттарын енгізу;

3. білікті кадрлардың ТжКБ жүйесіне, әсіресе ауылдық жерлерде ағымын ынталандыру шараларының жүйесін әзірлеу;

4. жұмыс берушілермен ТЖКБ ұйымдары мұғалімдерінің тағылымдамадан және білім алушыларының тәжірибеден өтуі туралы шарттар жасасу;

5. жұмыс берушілерді КЛ-дың оқу-материалдық және ақпараттық базаларын нығайтуға тарту.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34

Похожие:

1. Бағдарламаның паспорты 3 iconМазмұны бағдарламаның паспорты
Кіріспе
1. Бағдарламаның паспорты 3 iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты 3 iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon1. Бағдарламаның паспорты
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметiн дамыту және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету 20
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon1. бағдарламаның паспорты
Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің...
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
1. Бағдарламаның паспорты 3 iconБағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушыларға электронды кестелерді пайдалану мүмкіндігі мен пайдасын, Microsoft Excel бағдарламасымен жұмыстың...
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon«Мойылдинцы» атты балалар ұжымының паспорты
Форма организации работы до: штаб «Лидер», штаб «Тимуровец», клуб «Вожатенок», центр «Радуга»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница