Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес




НазваниеБерілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес
страница2/8
Дата конвертации21.02.2016
Размер1.66 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umm/98552e58-6be3-11e5-9d50-f6d299da70eeМетодичка на казахском.doc
1   2   3   4   5   6   7   8
мұндағы Цм - материал бiрлiгiнiң бағасы, тг.

Шикiзаттың және материалдардың шығынын есептеу үшiн рецептураларды, анықтамалықтардың, салалық оқулықтардың, әдiстемелiк нұсқаулардың мәліметтерін қолдану қажет.

3) Көмекші материалдарға кететiн шығындар есебi. Көмекші материалдарға өнiмнiң сақталуын, тасымалдануын, маркiленуiн, ыдысталуын қамтамасыз ететiн материалдар жатады. Көмекші материалдарға кететін шығындар келесi формуламен анықталады:

Зк.м = В * Нр * Ц

мұндағы В - шығарылатын дайын өнім көлемi; Нр - өнiм бiрлiгi үшiн көмекші материалдардың шығындалу нормасы; Ц – көмекші материалдар бiрлiгiнiң бағасы.

Есептеулер қосымшада келтiрiлген кестелер бойынша жасалынады.

4) Энергия және отынның барлық түрлерiне кететiн шығындар есебi.

Энергияға (электр энергиясы, су, суық, жылу, бу, және т.б.) және отынға шығындар есебi негiзгi және көмекші материалдарға кеткен шығындар сияқты анықталады, яғни энергияның шығындалу нормалары, энергия түрлерінің бағалары қолданылады. Энергияға, отынға кеткен шығындар екi бөлiкке бөлiнедi: технологиялық мақсатқа кеткен шығындар, сонымен қатар жалпы шаруашылық мақсаттарға кететiн шығындар. Егер технологиялық мақсаттағы шығындар жоғарыда көрсетiлген формуламен анықталса, жалпы шаруашылық мақсаттағы шығындар жалпы энергетикалық шығындардың 30 %-н құрайды. Жалпы энергетикалық шығындар технологиялық мақсаттарға кететiн энергетикалық шығындардың көлемiн 0,7 коэффицентіне қатынасымен анықталады. Одан кейін жалпышаруашылық мақсаттағы шығындар анықталады.

Барлық есептеулер қосмымшада келтірілген кестелерде жүргізіледі.

Барлық көрсетілген есептеулер фирма үшін барлық материалдық қорлардың жабдықтаушыларына берілген қысқаша сипаттамамен толықтырылу керек. Қорларды жеткізу, материалдарға баға қою шарттары сипатталады.

Берілген бөлімнің көлемі өндіріс түріне байланысты 8-12 бет.


2.6. Кадрлар және еңбек ақы төлеу жоспарын құрастыру.

Бұл бөлімде студенттер есептеулер жүргізгенде негізгі және көмекші жұмысшылардың, басқарушы персоналдың және қызметкерлердің қажетті контингентін анықтайды. Сондай-ақ, еңбек ақы қорын және одан төленетін төлемдерді анықтауға есептеулер жүргізеді.

Өндірістің барлық түрлері бойынша негізгі жұмысшылардың санын есептеу үшін әрбір жұмысшының жұмыс уақытының тиімді қорын анықтау керек, яғни жұмыс уақыттың балансы құрылады.

Кесте 4.- Жұмыс уақытының балансы (барлық өндірістерге)

Көрсеткіштер

Есептеу әдістемесі

Мәлімет

1. Жұмыс уақытының күнтізбелі қоры, күн




365

2. Демалыс және мейрам күндері




58

3. Жұмыс уақытының номиналды қоры, күн

Пункт 1 – пункт 2

307

4. Жұмысқа шықпау күндердің саны, күн




35

оның ішінде а) сырқатқа байланысты




6

б) босануға байланысты




4

в) оқумен байланысты




3

г) кезекті және қосымша демалыстар




15

д) заңмен рұқсат етілген басқа себептер




2

5. Жұмыс уақытының нәтижелі қоры, күн

П.3 – П.4

272

6. Сменаның орташа ұзақтығы, сағ.




7,8

7. Жұмыс уақытының қоры, сағат

П.5*П.6

2122

8. Смена ішіндегі үзілістер, сағат




122

9. Нәтижелі жұмыс уақыт қоры, сағат

П.7 – П.8

2000


Негізгі жұмысшылардың санын анықтау үшін келесі формула қолданылады:

Чнег = Т / Фэф

мұндағы: Т - белгілі бір өнім түрін шығарудың еңбек сіңіргіштігі, адам - сағаттар;

Фэф - жыл бойынша жұмысшы уақытының тиімді қоры, сағат.

Еңбек сіңіргіштік берілген өнім түрінің жалпы көлемін (В) берілген өнім бірлігін шығаруға қажет уақыттың ірілендірілген нормасына (Нвру) көбейту арқылы анықталады:

Т = В * Нвру;

Әртүрлі өнім бірліктерін шығарудың уақыт нормалары қосымшаларда берілген. Есептеулер нәтижесін кестеге енгізуге болады.

Кесте 5.- Негізгі жұмысшылар санын есептеу

Өнім түрі

Өңдіру көлемі, тн.

Іріленген уақыт нормасы,адам-сағ

Жалпы еңбек сіңіргіштік, адам-сағ

Негізгі жұмысшылар саны, адам

1

2

3

4

5










П.2 * П.3

П.4 / 2000


Көмекші персоналдың саны өндірістің жеке учаскелері бойынша, сондай-ақ негізгі жұмысшылардың санынан процент түрінде есептелінеді. Жеке учаскілер бойынша санын есептеу үшін келесі кесте қолданылады.


Кесте 6. Көмекші персоналдың санын есептеу.

Өндіріс учаскесі

Учаске-нің жұмыс істеу режимі

Жыл-дық нәтижелі уақыт қоры, сағат

Қызмет көрсету нормасы адам

Жылдық еңбек сіңіргіштік, адам/сағ,

П.3 * П.4

Бір жұмысшының нәтижелі уақыт қоры, сағат

Көмекші персонал саны, адам

П.5/П.6

1

2

3

4

5

6

7

Жөндеу цехы

2 смена

4900

2

9800

2000

4,9 =5адам

Және т.б.




















Қосымша персоналдың санын есептеу негізгі жұмысшылардың санынан % түрінде алынуы мүмкін. Ет өндірісі бойынша - 25%, шұжық өндірісі бойынша - 30%, консервілік өндіріс бойынша - 30%, сүт өндірісі бойынша - 35%, былғары, тері өңдеу комбинаты - 35%. Жұмысшылар санын анықтағаннан кейін осы жұмысшыларының еңбек ақыларының қорын анықтау есебін жүргізу керек. Есептеулер мынадай көрсеткіштер негізінде жүргізіледі: ірілендірілген еңбек бағасы (кесімді жұмыс істейтін жұмысшыларға) және сағаттық тарифтік ставка (мерзімді жұмысшыларға). Еңбекті төлеудің тарифтік қоры 7-кесте бойынша анықталады.


Кесте 7. Жұмысшылардың еңбектерін төлеудің тарифтік қорының есебі.

Өнім түрі

Өңдіру көлемі, тн.

Іріл. еңбек бағасы

теңге

Кесімді ақы қоры, м.тг.

Мерозімді жұмысшылардың уақыт қоры, сағат

Орташа тарифтік ставка, тг/сағ

Мерзімді қор,

м.тг

Тариф. қор,

М.тг.

1

2

3

4

5

6

7

8










П.2*П.3

Мерзімді жұмысшылар са-ны*2000




П.5*П.6

П.4+П.7


Одан кейін негізгі жұмысшылар еңбек ақыларының жалпы қоры тарифтік қорға әртүрлі төлемдердің қосылуы арқылы анықталады, осылай еңбек ақының негізгі қорын, одан кейін қосымша еңбек ақының қорын аламыз. Есептеулер кестеге енгізіледі.


Кесте 8. Негізгі жұмысшылардың жалпы еңбек ақы қорының есебі.

Өнім түрі

Тарифтік қор

Қосым-ша төлем-дер

Негізгі еңбек ақы қоры

Қосым-ша еңбек ақы қоры

Жалпы еңбек ақы қоры

Әлеуметтік төлем-дер

Жалпы еңбек ақы қоры

1

2

3

4

5

6

7

8







25% П.2-ден

П.2+П.3

20 % П.4-тен

П.4+П.5

30% П.6-дан

П.6+П.7


Көмекші жұмысшылардың еңбек ақысы "Үстеме шығындар" статьясы арқылы жанама жолмен өнімнің өзіндік құнына қосылғандықтан, негізгі жұмысшыларға қолданылған әдістеме бойынша анықталады. Учаскенің жалпы еңбек сіңіргіштігін орташа тарифтік ставкаға көбейтіп, еңбек ақы төлеудің тарифтік қорын алады. Сондай-ақ қосымша төлемдерді және қолсымша еңбек ақыны қосып, еңбекақы төлеудің жалпы қорын алады. Одан кейін әлеуметтік мақсаттарға кеткен төлемдерді қосады.


Кесте 9. Қосымша жұмысшылардың еңбекақыларының есебі.

Учаске аты

Еңбек сіңіргіштігі, адам-сағат

Орташа тарифтік ставка, тг/сағ

Тариф. қор, м.тг

Қосым-ша тө-лемдер, 25% тариф.

қордан, м.тг

Қосым-ша еңбек ақы, 20% нег.еңб. ақыдан, м.тг

Жалпы қор, м.тг.

Әлеум.төлемдер-мен қоса жалпы қор (30%), м.тг.


Уақыттың ірілендірілген нормалары, еңбек бағалары, тарифтік ставкалар қосымшаларда көрсетілген.

Әкімшілік, цехтік персонал саны және олардың еңбек ақы қорлары зауыт басқарудың және цехтардың штаттық кестелері негізінде анықталады. Басқарушы персоналдың, мамандардың, қызметкерлердің саны кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымына, студент таңдаған кәсіпорынның меншік формасына, негізгі және көмекші жұмысшылардың санына тәуелді болады. ӘБП және цехтік персоналдың саны және олардың айлықтары бар штаттық кестені студент өзі құруы керек. Төменде штаттық кестенің мысалы келтірілген.

Кесте 10. ӘБП штаттық кестесі.

Лауазымы

Саны, адам

Айлық, теңге

Жылдық еңбек ақы қоры, м.тг

1. Мүдір

1

40000

480

2. Бас инженер

1

30000

360

3. Бас технолог

1

30000

360

4. Бас экономист

1

30000

360

5. Бас бухгалтер

1

30000

360

6. Бас механик

1

30000

360

7. Экономистер

2

20000

240

8. Бухгалтерлер

2

20000

240

9. Қызметкерлер

4

15000

360

10.Хатшы

2

12000

144

11.Техн.персонал

1

9000

108

Барлығы

17




3372


Кесте 11. Цехтік персоналдың штаттық кестесі.

Лауазымы

Саны, адам

Айлық, теңге

Жылдық еңбек ақы қоры, м.тг

1. Цех бастығы

2

30000

720

2. Аға механик

1

25000

300

3. Механиктер

3

20000

720

4. Аға технолог

1

25000

300

5. Технологтар

2

20000

480

6. Қызметкерлер

3

15000

540

7. Техн.персонал

2

9000

216

Барлығы

14




3276


Сонымен қатар студент жұмыс күшінің (келісімдер, уақытша немесе тұрақты жұмысқа алулар негізінде) құрамына қысқаша сипаттама беру қажет. Сондай-ақ кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы сипатталуы керек. Жұмысшыларды (еңбек биржалары арқылы немесе өзіндік іздеу нәтижесінде) жалдау формасы түсіндіріледі және еңбек нарығының қазіргі жағдайларында сәйкес мамандығы бар жұмысшылар жеткілікті ме, жоқ па деген мәселеге қысқаша сипаттама берілу керек. Берілген бөлімнің көлемі 7-8 бет.


2.7. Өнiмнiң өзiндiк құнын жоспарлау. Бағаның жасалуы.

Бұл бөлімде студент өндіріс үшін жоспарланған өнімнің барлық түрлерінің өзіндік құнын анықтау мақсатында калькуляция құруы қажет. Берілген жұмыс Қазақстан Республикасында бекітілген жаңа әдістемелік нұсқауларға, стандарттарға сәйкес орындалуы керек. Өнімді өндіруге кеткен барлық шығындар есебін жасағанда, олардың тура (өнім бірлігінің өзіндік құнына тікелей қосылатын) және жанама (тарату арқылы өнімнің өзіндік құнына қосылатын) шығындарға бөлінуін ескеру керек. Өнімнің өзіндік құнының құрамын, шығындар статьяларын келесі тәсілмен анықтайды және есептейді.


Кесте 12. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы (мың тг.)

Шығын баптары


Есептеу әдістемесі

Өнім түрлері

Барлы-ғы

1

2



N

1. Шикізат және нег.материалдар

2.5. бөлімінен
















2. Транспорттау шығындары

5% П.1.-ден
















3. Көмекші материалдар

2.5. бөлімінен
















4. Энергия шығындары

2.5. бөлімінен
















5. Еңбекті төлеудің нег.қоры

2.6. бөлімінен
















6. Еңбекті төлеудің қос.қоры

2.6. бөлімінен
















7. Әлеуметтік төлемдер

2.6. бөлімінен
















8. Үстеме шығындар

Кешенді статья
















9. Өндірістік өзіндік құн

П.1-П.8 сомасы
















10. Мерзім шығындары


Кешенді статья
















11. Қосымша өнім

Ет өндірісі б-ша (2.5. бөлімінен)
















12. Толық өзіндік құн

П.9+П.10-П.11
















13. Өнім бірлігінің өзіндік құны

П.12/Өнім көлемі

















Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей өнімнің өзіндік құнын калькуляциясының шығын статьяларының көбісі алдыңғы бөлімдерде есептелінген, берілген калькуляцияда нәтижелік көрсеткіштер ғана келтіріледі. Берілген калькуляцияда "энергия және отын" статьясы бойынша технологиялық мақсаттарға энергетикалық шығындар келтіріледі. Ал "Негізгі, қосымша еңбек ақы және төлемдер" стаьясы бойынша негізгі жұмысшылардың еңбек ақы төлеу шамалары енгізіледі.

"Транспорттау шығындары", "үстеме шығындар" және "мерзім шығындары" статьяларын жеке қарастыру қажет.

Транспорттау шығындарын шикізатқа және негізгі материалдарға кеткен шығындар бағасынан санап 5 % шамасында есептейді.

"Үстеме шығындар" статьясы өндірісті қамтамасыз етудің және басқарудың шығындарымен байланысты және кешенді сипатта болады, анықталған тура шығындарға пропорционалды жанама тәртіппен өнім түрлері бойынша бөлінеді (берілген жұмыста бұл шығындарды "Негізгі еңбек ақы" статьясына пропорционалды өнім түрлері бойынша бөледі). "Үстеме шығындар" статьясына шығындардың келесі түрлері кіреді.


Кесте 13. Үстеме шығындар сметасы.

Шығын түрі

Есептеу әдістемесі

Мәліметтер, мың тг.

1. Шикізатпен, материалдармен қамтамасыз ету шығындары

0,5 % шикізат және нег.материалдар шығындарынан




2. НӨҚ жөндеу шығындары

3 % НӨҚ құнынан




3. Көмекші жұмысшылардың жалпы еңбек ақы қоры

кесте 9-дан.




4. Әлеуметтік төлемдер

Кесте 9-дан




5. Жалпы қажеттіліктерге арналған энергия шығыны

40% П.3.-тен




6. Қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шығындары

20% П.3.-тен




7. Жабдықтарды күту, қолдану шығындары

4% технол.жабдық пен транспорт құнынан




8. Жабдық және транпорт амортизациясы

14% технол.жабдық пен транспорт құнынан




9. Өндірістік ғимарат амортизациясы

4% өндір.ғимарат пен құрлыстар құнынан




10.Басқа шығындар

5% П.1-П.9. сомасынан




Барлығы

П.1-П.10 сомасы





Өзіндік құны калькуляциясы бойынша аталған шығындар статьяларының қосындысы ("Мерзім шығындары" статьясына дейін) өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайды. Бірақ әрбір өндірісте тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнына қосылмайтын, "Мерзім шығындары" атауын алған шығын статьясы бар. Берілген шығындар кешенді сипатта болады және келесі шығындардан тұрады:

- жалпы және әкімшілік шығындар;

- өткізуге кеткен шығындар;

- проценттерді төлеу шығындары.

Барлық көрсетілген шығындар өз кезегінде әртүрлі шығындардан тұрады. Өткізуге кеткен шығындар есебінің құрамы мен әдісі жоғарыдағы 2.4 бөлімінде көрсетілген (2-кесте). Әкімшілік және жалпы шаруашылық шығындар келесі әдіспен анықталады.

Кесте 14. Әкімшілік және жалпышаруашылық шығындар (мың теңге).

Шығын түрі

Есептеу әдістемесі

Мәлімет-тер

1. Әкімшілік, цехтық персоналдың еңбек ақысы

кесте 10,11 жиындарының сомасы * коэф-т 1,3




2. Басқарудың техн.құралдарын күту шығындары

10% П.1.-ден




3. Жалпы шаруаш-қ мақсаттағы ғимараттарды жөндеу шығыны

3 % әкімш. ғимарат құнынан




4. Ғимараттардың амортизациясы

4% әкімшілік ғимарат құнынан




5. Банк қызметтерін төлеу

3% П.1.-ден




6. Іссапарларға кеткен шығын

5% П.1.-ден




7. Конторалық, типогр-қ, пошталық, телефон және басқа шығындар

15% П.1.-ден




8. Жұмыс күшін жалдау шығындары

5 % П.1.-ден




9. Мүлікке салынатын салық

1 % НӨҚ құнынан




10. Коммуналды қызметтерді төлеу

25% П.1.-ден




11. Ақпараттық және кеңестік қызметтерді төлеу

15% П.1.-ден




12. Басқа шығындар

2 % П.1-П.11 сомасынан




Барлығы

П.1.-П.12 сомасы




Проценттерді төлеу шығындарына келесі жатады:

- банктердің несиелері бойынша проценттерді төлеу. Банктердің жобаны несиелеудің жоспарлы көлемін анықтау қажет. Оның өлшемін студент өзі анықтайды. Келесі әдіс ұсынылады: өндірісті негізгі құралдармен қамтамасыз ету үшін ішкі көздері (негізгі қор, акционерлік капитал, салымдар, т.б.) қолданылады, алғашқы айналым қаржыны қажетті көлемін қамтамасыз ету үшін банктен 1 жылға, проценттік төлемі 10% болатын несие алу көзделеді. Сонда, несиелер бойынша проценттерді табу үшін айналым қаржының орташа жылдық бағасын 0,1 коэффицентіне көбейтеді. Студент қаржыландыру жүйесін өзі таңдайды және банк несиелері үшін проценттерді есептеуді өзі жүргізеді.

- жабдықтаушылардың несиелері бойынша проценттерді тасу. Кәсіпорынды несие алусыз материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жоспарланады.

- меншікті жалға алуға байланысты проценттерді төлеу. НӨҚ бағасынан 0,05% өлшемінде анықталады. Көрсетілген есептерден кейін өткізуге кеткен, әкімшілік, жалпы шығындар, және проценттерді төлеу бойынша шығындар қосылып, "мерзім шығындары" статьясында жазылады. Калькуляцияда бұл шығындар өнім түрлері бойынша "Өндірістік өзіндік құны" статьясына пропорционалды бөлінеді. Өнімнің толық өзіндік қүнын есептеу үшін өндірістік өзіндік құнға мерзім шығындарын қосу керек. Ет өңдіру өндірісі бойынша толық өзіндік құн шамасынан қосымша шығарылатын өнімнің бағасы алынады. Толық өзіндік құнды тапқаннан кейін студент өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтайды, ол үшін жалпы толық өзіндік құн өнімнің жылдық көлеміне бөлінеді. Одан кейін болашақ өнімнің бағалары анықталады.

Кесте 15. Өнім бағаларын есептеу.

Өнім түрі

Өзіндік құн, теңге/тн, кг, дана, млн.дм3

Жоспарлы рентабельділік, %

пайда, теңге

Көтерме баға (ҚҚС-сыз), теңге

Көтерме баға (ҚҚС-пен), теңге

1

2

3

4

5

6




Кесте 12-ден




П.2*П.3/100

П.2+П.4.

П.5 * 1,15


Жоспарлы рентабельділікті студент өздігінен 10-25% шектерінде алады. Қосымша құн салығы (ҚҚС) 15% -ке тең, 15 кестедегі 6-пункттің есептелуі кезіндегі 1.15 коэффиценттін сипаттайды.

Етті өңдіру өндірісінде дайын өнім (әртүрлі мал бойынша) бірнеше сорттарға және категорияларға бөлінеді, сондықтан берілген айырмашылықтар есебімен өнімнің бағасын есептеу үшін ең алдымен категориялар бойынша өнімнің өзіндік құнын есептеу керек.

Кесте 16. Категориялар бойынша еттің өзіндік құнын есептеу.

Өнім

Шығару көлемі, тонна

Келтіру коэф

Келтір.

бірліктер

Өзіндік құн

барлығы, мың тг

1 тн, теңге

1

2

3

4

5

6

Сиыр еті

1 категория





1,0


П.2*П.3


П.6.*П.2

П.5жиыны/ П.4жиыны * П.3

2 категория




0,61

П.2*П.3

-«-«-

-«-«-

Жиыны

П.2.б-ша сома




П.4 б-ша сома

Калькул.б-ша толық өзіндік құн





Шошқа еті бойынша дәл осы әдіс келесі коэффиценттермен қолданылады: терісіз майлы шошқа еті -1,1, терісі бар етті - 1,0, терісі бар бекондық - 1,1.

Одан кейін 15-кестеге сәйкес өнімнің бағалары анықталады.

Есептелген бағаларды студент сәйкес өнімнің іс жүзіндегі нарықтық бағаларымен, бәсекелестердің бағаларымен салыстыруы қажет және салыстыру кезінде шығарылған өнімді өткізу бойынша қортындылар жасауы тиіс. Сонымен қатар студент бағаларды оңтайландыру, шығындарды азайту бойынша өз ұсыныстарын бере алады.

Берілген бөлімнің көлемі 6-7 бет.


2.8. Қаржы жоспары. Инвестициялардың тиімділігін есептеу.

Берілген бөлім басқа бөлімдердегі барлық ақпаратты қорытындылайтын, сондай-ақ барлық бизнес-жоспардың негізін жасайтын қаржылық көрсеткіштерден тұрады. Сонымен қатар, бұл бөлімде жоспарланған кәсіпорын қызметінің барлық негізгі көрсеткіштері келтіріледі. Берілген бөлімді орындауды студент қаржылық жоспарды құрастырудан бастайды.

Кесте 17. Кәсіпорынның қаржылық жоспары.

Өнім

Шығару көлемі, тн, кг, дана, млн.дм3

Толық өзіндік құн, м.тг.

Пайда, м.тг.

Тауарлыө өнім (ҚҚС-сыз), м.тг

Тауарық өнім (ҚҚС-пен), м.тг

1

2

3

4

5

6







Калькуляциядан

П.3*Р/100

П.3 + П.4

П.5 * 1,1

1
















2
















… және т.б
















Жиыны




П.3 сомасы

П.4 сомасы

П.5 сомасы

П.6 сомасы

Мұндағы Р - өнімнің жоспарлық рентабельділігі, %.

Одан кейін студент жобаны іске асыру үшін қаржыдағы жалпы қажеттіліктерді және олардың алыну көздерін анықтайды.

Жоғарыда көрсетілгендей, келесі қаржыландыру жүйесі ұсынылады: негізгі құралдардың (НӨҚ) бағасын өзіндік капиталдың немесе акционерлік капиталдың (егер бизнестің ұйымдастырылуы акционерлік қоғамға негізделсе) есебінен төлеу, қажетті алғашқы айналым капиталдың бағасын кәсіпорынның меншігін кепілге салып, банк несиесі арқылы төлеу. Айналым қаржының қажетті мөлшерін шикізат және негізгі материалдар шығындарының жалпы сомасынан процент түрінде санауға болады. Оны сол шамадан 10 % -ке тең етіп алуға болады.

Одан кейін кәсіпорынның бір жыл ішіндегі баланстық және таза пайда есебі жүргізіледі.

Кесте 18. Фирма қызметінің қаржылық нәтижелерінің есебі.

Көрсеткіштер

Есептеу әдістемесі

Мәлімет, мың тг.

1. ҚҚС пен тауарлы өнім, м.тг

Кесте 17-ден –П.6.




2. ҚҚС, т.тг

П.1 – (П.1./1,15)




3. ҚҚС-сыз тауарлы өнім, м.тг

П.1 – П.2




4. Қосымша табыс, м.тг

5% П.3-тен




5. Толық өзіндік құн, м.т.тг

Кесте 17-ден. – П.3




6. Қосымша шығын, м.тг

4% П.5.-тен




7. Баланстық пайда, м.тг

П.3+П.4-П.5-П.6




8. Пайдаға салық -30%, м.тг

П.7 * 0,3




9. Таза пайда, м.тг

П.7-П.8





Одан кейін студент кәсіпорын қызметіндегі барлық негізгі техникалы-экономикалық көрсеткіштерінің есебін жүргізу керек және берілген көрсеткіштер негізінде қарастырылған жобаны іске асырудың мақсатқа сайлығын анықтайды.

Кесте 19. Бір жыл ішіндегі негізгі техникалы-экономикалық көрсеткіштердің есебі.

Көрсеткіштер

Есептеу әдістемесі

Мәлімет

1 Шығарылатын өнім көлемі, түр бойынша:







А)







Б)







… т.б







2. ҚҚС-сыз тауарлық өнім, м.тг

кесте 17.




3. ҚҚС-пен тауарлық өнім, м.тг

кесте 17.




4. Толық өзіндік құ, м.тг

кесте 17.




5. Баланстық пайда, м.тг

П.2-П.4




6. Өнім рентабельділігі, %

П.5*100/П.4




7. Инвестиция құны, м.тг

Кесте 3.




8. Айналым қорларының құны, м.тг

Шикізат шығыны*0,1




9. Өндіріс рентабельділігі, %

П.5.*100/(П.7+П.8)




10. Жұмыскерлер саны, адам

Нег, қосымша жұм.саны + ӘБП және цех перс.саны




оның ішінде жұмысшылар

П.10- ӘБП саны




11. Қор қайтарылымдылығы, теңге

П.2/П.7




12. Айналым қорларының айналымдылығы, рет

П.2/П.8




13. Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығын, теңге

П.4/П.2




14. Еңбек өнімділігі, м.тг/адамға

П.2/П.10




оның ішінде жұмысшылардың

П.2/(П.10-ӘБП саны)





Көрсетілген көрсеткіштерден басқа, студент келесі көрсеткіштерді есептей алады:

- қор қайтарымдылығының кері шамасы ретіндегі (Фс = 1 / Фо) қор сыйымдылығын, теңге;

- айналым құралдарының бір айналымының ұзақтығы (Д = 365 / айналымдылық), күндер;

- ӘБП және тағы басқа жұмысшылардың еңбек ақыларының жалпы қорының жұмыс істеушілер санына қатынасымен және 12 айға бөлу арқылы анықталатын бір жұмысшының орташа айлық еңбек ақысы (П10 19-кестеден);

- Жұмысшыларға ғана қатысты берілгендермен анықталатын жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы.


Содан кейін студент ақшаны альтернативті салумен (берілген жағдайда ақша құралдарын альтернативті салу ретінде жылына 15% төленетін банктің депозитті шотына салу болып табылады) салыстырғанда берілген жобаның мақсатқа сайлығы мен тиімділігін бағалайды. Жобаның тиімділігін бағалаудың барлық көрсеткіштерін уақытқа қарай ақша құнының өзгеруін есебке алып анықтайды. Есептеу шарты реінде - өнімді шығару көлемі және оның бағалары барлық жылдар бойынша бірдей болып қалады, сол сияқты барлық көрсеткіштер әрбір жыл сайын өзгеріссіз, біркелкі болады. Ақша ағынын уақыттың ағымдағы мезетіне келтіру үшін дисконттау әдісі бойынша келесі формула қолданылады.

ТС = ,


мұндағы ТС - болашақтағы ақша ағындарының ағымдағы құны;

БС - ақша ағындарының болашақтағы құны;

t - есептеу жүргізілетін жыл номері, 0,1,....n.

к - ақша ағындарының табыстылық ставкасы, %.

Келесі көрсеткіштер есептелінеді:

1. Жобаның ақталу мерзімі (РР). Есептеу келесі тәсілмен жүреді. (Түсім ставкасы 15%-ке тең етіп алынады).

Кесте 20. Инвестициялардың ақтау мерзімін есептеу.



жыл

Таза пайда

 

Дисконт

коэф.

Келтірілген

құн

Инвестициялардың

ақталатын бөлігі

Инвестициялардың

ақталған бөлігі

0

0

1

0

32000

0

1

10000

1,15

8696

23304

8696

2

10000

1,323

7559

15745

16255

3

10000

1,52

6579

9166

22834

4

10000

1,749

5718

3448

28552

5

10000

2,01

4975

- 1527

32000


Келтірілген мысалда инвестициялар толық 4 жыл ішінде және 5-ші жылдың белгілі бір бөлігінде ақталады. Берілген жылдың бөлігін анықтау үшін келесі есептеу жүргізеді: 4 жыл ішінде (3448 мың теңге) ақталмаған инвестициялардың қалған бөлігін 5-ші жылы таза пайданың келтірілген құнына (4975 мың теңге) бөліп және шыққанды 12 айға көбейтеді.

(3448 / 4975) * 12 = 8,3 ай, берілген мысал бойынша инвестицияның ақталу мерзімі 4 жылға және 8,3 айға тең болады. Берілген ақталу мерзімі 5 жылға тең ақталудың нормативті мерзімімен салыстырылады. Егер ақталудың іс жүзіндегі мерзімі нормативті шамадан кем (Тф < Тн) болса, берілген жоба тиімді болып саналады, егер үлкен (Тф > Тн) болса, керісінше болады.

2. Таза келтірілген құн (NPV). Есептеу формуласы

NPV= ,

мұндағы СҒt - мерзім сайын түсетін таза пайда мөлшері;

lо - алғашқы инвестициялар.

Курстық жұмыс бойынша берілген көрсеткішті 15% табыс ставкасы бар кәсіпорын қызметінің болашақтағы 5 жылға есептелінеді.

Жоғарыда берілген шартқа сәйкес таза ақшалық түсімдер барлық жылдар бойынша бірдей болғандықтан, студент есепті жеңілдету үшін аннуитет формуласын қолдануына болады. Аннуитет коэффиценті:

Ka = , мұндағы k =0.15, t = 5,

Аннуитет коэффиценті 3,35 -ке тең. Онда таза келтірілген құнның есептелуі келесіге сәйкес жүргізіледі: NPV = CFt * 3.784 -lо ;

Егер көрсеткіш 0-ден үлкен болса, (NPV > 0), онда жоба тиімді, егер кіші болса керісінще.

3. Табыстылықтың ішкі нормасы (IRR), %. Бұл NPV = 0 кезіндегі к көрсеткіші. Бұл көрсеткішті анықтау үшін келесі әдісті қолдану керек. Табыс ставкасының мәнін (к) біртіндеп өсіру арқылы NPV < 0 болатындай шамасын тауып алады. Одан кейін келесі теңдеу бойынша IRR анықталынады:

,


мұндағы Х1,2 - NPV > 0 (Х1) және NPV < 0 (Х2) жағдайлары үшін сәйкес табыстылықтың проценттік ставкалары.

У1,2 - Х1 ставкасы қолданылатын, Х2 ставкасы қолданылатын жағдайларға сәйкес NPV мәні.

Бөлімнің көлемі 5-6 бет

2.9. Қорытындылар.

Берілген бөлімде студент жасаған жұмыс, оның нәтижелері бойынша жалпы қорытындылар жасайды және берілген жобаны нақты өмірде іске асыру мүмкіндігін сипаттайды. Оның негізінде берілген өндіріс бойынша инвестициялар жобасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасайды. Берілген бөлім 1-2 бет.

2.10. Жұмыстың соңында студент қолданған әдебиеттер, әдістемелік нұсқаулар, статистикалық есеп берулер және т.б. қажетті ақпарат көздерінің тізімін көрсету қажет.


1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес iconІ. Коммерциялық фирмалар және оны басқару құрылымы. Коммерциялық кәсіпорындар мен фирмалар түрі
Коммерциялық кәсіпорындарды және фирмаларды өндірушілер мен тұтынушылармен экономикалық өзара байланыстарының мінездемесі бойынша...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес iconРеферат жазуға Әдістемелік нұСҚау пән бойынша «Основы права»
Реферат жұмысының жазудың мақсаты студенттерді оқу материалдары мен басқада қайнар көздермен өзіндік жұмыс істеуге үйрету, өзіндік...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес icon«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы ПӘнінен лекция бiлiм саласы: 100000 Бiлiм
Бұл пән өз iшiне фонетика, лексикология, морфология, синтаксис салаларын қамтиды. Қазіргi қазақ тiлiнiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаты...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес iconҚазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өзі өмір сүрген кезеңде туған елінің болашағы үшін көп нәрсе жасады
Оған Ресейдің, Литваның, Қырғызстанның, Түркияның, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның, басқа да елдердің ғалымдары және білім беру мекемелері,...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес icon050905 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы үшін курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау Павлодар
«Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг» пәнін курстық жұмысының мақсаты – кәсіпкерлік білім берумен қатар, ондағы стандарт...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес iconМенің тақырыбының аты “Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері”
Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес icon1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты
...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес iconКурстық жұмыстын рәсімдеу және жазу бойынша нұсқаулықтар
«Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша курстық жұмыстарын орындау студенттердің пәнді оқу барысындағы студенттердің білімін...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Курстық жұмыстың мақсаты – студенттердің пәнді зерттеу барысында алынған теориялық білімдерін бекіту, сонымен қатар теорияның есепті...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес iconБағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушыларға электронды кестелерді пайдалану мүмкіндігі мен пайдасын, Microsoft Excel бағдарламасымен жұмыстың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница