Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес




НазваниеБерілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес
страница1/8
Дата конвертации21.02.2016
Размер1.66 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umm/98552e58-6be3-11e5-9d50-f6d299da70eeМетодичка на казахском.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8
1. Жалпы жағдайлар:

Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес- жоспарлаудың практикалық дағдысын алу болып табылады. Студенттер үшiн курстық жұмыстың жалпы тақырыбы "Фирма қызметiнің бизнес-жоспарын құру және инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау" болып табылады. Берiлген тақырыптың қазіргі кездегі маңыздылығы бiрiншiден, қазiргi нарықтық экономика жағдайларында кез келген кәсіпорын өзінің қызметін тек пайда алуға ғана бағдарлау қажеттігімен, екіншіден өз бизнесіне несие, инвестиция, қаржы келтіру жұмысы міндетті түрде дұрыс, нақты және жан-жақты құрастырылған бизнес-жоспарды талап ететіндігімен түсіндіруге болады.

Берiлген курстық жұмыстың мақсаты - АӨК кіретін кәсiпорындарды қайта құру және қайтадан жасаудың бизнес-жоспарын құру және оның тиiмділiгiн потециалды инвесторлар үшiн дәлелдеу. Осылай студент алған бiлiмдерiн бекiтiп ғана қоймай, сондай ақ кәсiпорын қызметiн жоспарлаудың барлық бөлiмдерiн құрастыру дағдысын алады.

Жұмыс экономика және бизнес кафедрасымен берiлетiн тапсырмаға сәйкес орындалады және өндiрiстiң нақты жағдайларын ескеру керек. Бизнес жоспарды құрастыруға қажеттi материалдарды, мәлiметтердi және шамаларды студент арнайы анықтамалықтардан, оқулықтардан, кәсiпорынның статистикалық есебiнен, ғылыми басылымдардан, мақалалардан алады. Кейбір жағдайларда осы әдістемелік нұсқаулардың қосымшалар бөлімінде келтірілген мәліметтерді қолдануға болады.

Курстық жұмыс есептi-түсiндiрмелiк жазба (ЕТЖ) түрiнде орындалады. Бұл жазбада барлық қажет есептеулер, кестелер, графиктер болу керек. ЕТЖ көлемi қолмен жазылса - 40-45 бет құрайды (А4 формат беттерде). Жұмысты компьютермен басып орындауға болады (бет саны 25-30 бет).

Түсiндiрме қағазда жұмыстың орындалу тәртiбi және орындалған есептеулерге түсiндiрмелер болу керек. Жалпы курстық жұмыстың орындалуы стандарттар талаптарына сәйкес болуы қажет.

Жұмыстың орындалуынан кейiн студент оны мұғалiм мен топ студенттерiнiң алдында қорғауы керек.

Курстық жұмыс келесi бөлiмдерден тұрады:

Кiрiспе

1. Жоспарланатын саланың қазіргі жағдайын қысқаша сипаттау.

2. Өндiрiстiк бағдарламаны құрастыру және дәлелдеу.

3. Маркетинг стратегиясын және жоспарын құрастыру.

4. Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру.

5. Кадрлар және еңбек ақы төлеу жоспарын құрастыру.

6. Өнiмнiң өзiндiк құнын жоспарлау. Бағаның жасалуы.

7. Қаржы жоспары. Инвестиция тиiмдiлiгiн есептеу.

Қорытынды.

Қолданған әдебиеттер тiзiмi.


2. Курстық жұмыс бөлiмдерiнiң сипаттамасы

2.1. Кiрiспе:

Берiлген бөлiмде студент шаруашылық жүргізудің қазiргi жағдайларында бизнес жоспардың маңызын, мәнін және міндеттерін сипаттау қажет. Сонымен қатар зерттелетін салада осындай жоспарлаудың маңызын көрсету керек. Сонымен, крiспеде студент келесi сұрақтарға жауап беру керек.

Бизнес-жоспар деген не, оны кiм құрайды, бизнес жоспар не үшiн қажет және қашан қажет. Берiлген бөлiмнiң көлемi 2-3 беттен аспау крек.

2.2 Жоспарланатын саланың қазіргі жағдайын қысқаша сипаттау.

Берiлген бөлiмнiң мақсаты зерттелетiн саланың даму үрдістерін анықтау (дамып жатыр, дағдарыста, тұрақты) және жобаланған өндiрiстiң болашағын ашу. Студент берiлген салаға өзіндік талдау жасайды және осы саланың дамуына сыртқы фактолардың әсер етуiн көрсету қажет. Жалпы берiлген бөлiмде келесiлердi қысқаша және нақты көрсету қажет:

- жоспарланған бизнеске қатысты саланың сипаттамасы. Осы сала дамуының қысқа және ұзақ мерзімді болжамын жасау.

- жоспарланған фирма қызметтерiнiң негiзгi бағыттары мен мақсаттары. Нарықтың қанағаттандырылатын қажеттiлiктерiн көрсету.

- фирманың орналасуы, бизнестiң дамыы қандай географиялық шектерде жоспарналып жатыр.

- берiлген салада бәсекелестiктiң жағдайы. Берілген сала нарығындағы фирманың үлесi.

- берiлген салаға (заңдар, салық салу, мемлекеттiк реттеу және т.б.) әсер ететiн сыртқы факторларды зерттеу.

- жоспарланған кәсiпорынның ұйымдастырылушылық-заңдық формасы және оның ерекшелiктерi, артықшылықтары.

Берiлген бөлiмдi орындаудың ақпараттық көздерi арнайы журналдар, газеттер, мемлекеттiк мақалалар және өзiндiк зерттеулер болып табылады. Берiлген бөлiмнiң көлемi 3 - 4 бет.


2.3. Өндiрiстiк бағдарламаны құрастыру және дәлелдеу.

Берiлген бөлiмде фирма берiлген сала бойынша (ет, сүт және т.б.) шығаруға жоспарлаған өнiмнiң ең тиімді ассортиментін таңдау қажет. Ол студенттерге берiлген өңделетiн шикiзат көлемiне қарай жасалынады. Таңдалған ассортиментті қалдықсыз және шикізатты толық өңдеу белгілеріне қарай түсiндiру қажет. Өнiмнiң таңдалған ассортиментiн және өнiмнiң әрбiр түрiн шығару көлемдерiн 1-кестеге енгiзу қажет.

Кесте 1. – Фирма шығаратын өнімнің ассортименті және көлемі

Өнім аты

Шығару көлемі (тонна, кг., дана, шартты бірлік)

Жалпы өңдеу көлеміндегі үлесі (%)











Тұтынушылар көзқарасы бойынша таңдалған өнiм түрлерiн сипаттау және нарықтың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты берiлген өнiмнiң қабiлеттiлiгiн атап көрсету қажет.

Студент бұл бөлiмде өнiмдi экспорттау мүмкiндiгiн қарсатыру керек. Сонымен қатар, өнiмнiң заңмен қамтамасыз етiлуiн қысқаша сипаттау қажет, яғни патенттермен, саудалық белгiлермен қамтамасыздығы. Берiлген өнiмнің отандық және импорттық аналогтарынан айырмашылықтары бар ма екендiгiн анықтау қажет. Сондай-ақ, бұл бөлiмде негiзгi тұтынушыларды, шығарылатын өнiмнiң клиентерiн, олардың санын, құрамын, төлем қабілеттерін және тұтыну ерекшелiктерiн сипаттау керек. Берiлген бөлiмнiң көлемi 4-5 бет.


2.4. Маркетинг жоспарын және стратегиясын құрастыру.

Бұл бөлiмде маркетингтің негізгі құрамдас бөліктері сипатталады: баға жасау, өнімді өткізу саясаты, тауарды нарыққа енгізу стратегиясы. Мұнда студент зертелетiн бизнестiң нарықтық мүмкiндiктерiн анықтау және бағалау керек. Өнiмге қатысты бар және потенциалды қажеттiлiктерді бағалау керек. Өндiрiс жобасын іске асыруға дейiн және одан кейiн халықтың берiлген өнiм бойынша қажеттiлiктерiнің қанағаттану дәрежесi, нарықтың сыйымдылығы, жоспарланған кәсiпорынның нарықтық үлесi, сатудың мүмкiн көлемi сияқты көрсеткiштер анықталады. Халық қажеттіліктерінің қанағаттану дәрежесі (Уп) келесі формула бойынша табылады:

Уп= ОП1/Ч*Нп = ОП2/Ч*Нп;

мұндағы ОП1,2 – жобаны іске асыруға дейін және кейін сатылатын өнім көлемі, т., кг., дана

Ч – аймақтағы халық саны, адам;

Нп- берілген өнім бойынша бір адамға арналған тұтыну нормасы, т.,кг.,дана

Сонымен қатар, бұл бөлімде жоспарланатын кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті сипатталады, яғни нарықтағы бар бәсекелестердің саны, олардың шығаратын өнімдерінің ассортименті, ерекшеліктері. Бұл жерде студент жоспарланатын кәсіпорынның бәсекелестерге қарағанда артықшылықтарын, кемшіліктерін талдау керек.

Осыдан кейін студент болашақ фирманың маркетинг жоспарын құрастырады, яғни өнімді өткізуді ынталандыратын шараларды көрсету қажет: баға шегерімдері, жарнама түрлерін және құралдарын, өткізу жолдарын таңдау (делдал арқылы, өз дүкендері және с.с.), қызметін дамыту жолдарын (диверсификация, өндірісті кеңейту , т.б.). Осы айтылғанның негізінде өнімді өткізу шығындары анықталады. Бұл шығындарды анықтау үшін, ең алдымен бизнес-жоспардың басқа бөлімдерін құрастырып, санау қажет. Сондықтан да бұл есептеулерді бизнес-жоспардың соңында жасаған дұрыс. Жалпы алғанда өнімді өткізуге кеткен шығындар келесі түрде табылады (кесте 2)

Кесте 2.- Өткізу шығындары

Шығын баптары

Есептеу әдістемесі

Мәлімет, мың тг.

1. Сатушылардың еңбегін төлеу

15% нег.жұмысшылар еңбек ақысынан




2. Әлеуметтік төлемдер

30% П.1-ден.




3. Транспорттауға, тиеу-түсіруге кеткен шығындар

0,5% өндірістік өзіндік құннан




4. Маркетингтік зерттеулерге кеткен шығындар

70% П.1-ден.




5. Жарнама және өнімді өткізуді ынталандыру шығындары

1% өндірістік өзіндік құннан




6. Сатуға қажет құралдардың амортизациясы

120% П.1-ден




7. Делдалдық қызметтерді төлеу

25% П.1-ден




8. Басқа шығындар

5% П.1-7 сомасынан




Барлығы

Жалпы сомасы





Берілген бөлімді орындау үшін студент статистиканы, газеттердің, журналдардың мәліметтерін қолдану керек.

Берiлген бөлiмнiң көлемi - 6-7бет.


2.5 Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру.

Бұл бөлiмде фирманың мақсаттарына жету үшiн керектi материалдық ресурстардың барлық түрлеріндегі кәсiпорынның қажеттiлiктерiн анықтау қажет. Сонымен қатар кәсiпорынды жабдықтау жүйесi сипатталады. Берiлген бөлiмдi келесi пункттер бойынша орындау керек.

1) Жоспарланған кәсiпорынның негiзгi өндiрiстiк қорларының мөлшерін анықтау. НӨҚ жалпы құнын табу үшін келесі әдістеме қолданады. Шығарылатын өнiмнiң көлемдерi және олардың орташа нарықтық бағаларының негiзiнде, кәсiпорынның тауарлық өнiмiнiң жуықталған көлемі анықталады: ТПп=

мұндағы: ТПп - болжам боынша тауарлық өнім, м.тг

В - өнделетін өнiм көлемi, т., дана

Ц - өнiм бiрлiгiнің орташа нарықтық бағасы, м.тг.

Тауарлық өнiмдi анықтағаннан кейiн, НӨҚ бағасы одан процент бойынша есептеледi.

Ет өндiрісi үшiн -25%, шұжық және консервiлiк өндiрiс үшiн -30%, сүт және тері, былғары өңдеу өндiрiсi үшiн 30-35%. НӨҚ құрамы бойынша есептеулер келесі құрылымдар бойынша жүргізіледі (3 кесте).

Кесте 3. – НӨҚ құны және құрылымы

НӨҚ түрлері

Ет өңдіру

Шұжық, консерв өндірісі

Сүт, тері, былғары өңдеу

%

м.тг.

%

м.тг.

%

м.тг.

Барлығы НӨҚ

100




100




100




Оның ішінде а) Өндірістік ғимарат

30




25




20




б) Әкімшілік ғимарат

5




5




5




в) Технол. жабдық және машиналар

25




35




35




г) Күш машиналары

10




10




10




д) Транспор құралдары

15




10




15




е) Құрлыстар

10




10




10




ж) Басқа қорлар

5




5




5





2) Шикiзат және негiзгi материалдар шығындарын анықтау.

Шығарылатын өнiмнiң ассортиментi, көлемi және қолданылатын технология негiзiнде негiзгi өндiрiстiң шикізаттағы, негізгі материалдардағы натуралдық және ақшалай қажеттілігі анықталады. Шикiзатқа деген қажеттiлiктердi есептеу үшiн оны өңдеудiң технологиялық ерекшелiктерiн, жоғалтулар нормативтерiн және өнім шығу және шикізат жұмсау нормаларын ескеру керек. Есептеулерде әртүрлi өндiрiстiң өзiнiң ерекшелiктерi ескерiлуi керек. Шикiзатқа деген қажеттiлiк есебi өнiмнiң әрбiр түрi үшiн жеке есептелiнедi. Өнiмдi шығару көлемi және әрбiр өнiм бiрлiгiн өндеу үшiн кеткен шикiзаттың шығын нормалары (сүт, консерв өндiрiсi, тері, былғары өндірісі үшін), өнiмнiң шығу нормалары (шұжық өндiрiсi, ет өңдірісі үшiн) сияқты көрсеткiштердi қолдану керек. Сүт және тері, былғары өндiрiстерiнде шикiзатты өңдеуден шығатын қалдықтарды (пахта, кесінділер), ет өңдіру комбинаты бойынша пайдалынатын шикiзаттың бағасынан алып тасталынатын қосымша өнiмдердiң (субөнiмдер, майлар, терiлер, т.б) бағасын есептеп, ескеру керек. Жалпы есептеулер қосымшаларда әр өндіріс бойынша жеке берілген кестелер негізінде жүргізіледі. Негiзгi материалдардың (дайын өнiм құрамына қоспалар ретiнде кiретiн тұз, қант, т.б.) шығындары ұқсас әдістеме бойынша табылады: яғни натуралды бірлікпен келесі формула бойынша табылады:

Пнат = В * Нр,

мұндағы В – берілген өнім түрінің жылдық көлемі,

Нр - өнiм бiрлiгi үшiн негiзгi материал түрiнiң шығын нормасы;

Ақшалай бірлікпен:

Пқ = Пнат * Цм ;

  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес iconІ. Коммерциялық фирмалар және оны басқару құрылымы. Коммерциялық кәсіпорындар мен фирмалар түрі
Коммерциялық кәсіпорындарды және фирмаларды өндірушілер мен тұтынушылармен экономикалық өзара байланыстарының мінездемесі бойынша...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес iconРеферат жазуға Әдістемелік нұСҚау пән бойынша «Основы права»
Реферат жұмысының жазудың мақсаты студенттерді оқу материалдары мен басқада қайнар көздермен өзіндік жұмыс істеуге үйрету, өзіндік...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес icon«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы ПӘнінен лекция бiлiм саласы: 100000 Бiлiм
Бұл пән өз iшiне фонетика, лексикология, морфология, синтаксис салаларын қамтиды. Қазіргi қазақ тiлiнiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаты...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес iconҚазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өзі өмір сүрген кезеңде туған елінің болашағы үшін көп нәрсе жасады
Оған Ресейдің, Литваның, Қырғызстанның, Түркияның, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның, басқа да елдердің ғалымдары және білім беру мекемелері,...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес icon050905 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы үшін курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау Павлодар
«Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг» пәнін курстық жұмысының мақсаты – кәсіпкерлік білім берумен қатар, ондағы стандарт...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес iconМенің тақырыбының аты “Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері”
Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес icon1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты
...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес iconКурстық жұмыстын рәсімдеу және жазу бойынша нұсқаулықтар
«Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша курстық жұмыстарын орындау студенттердің пәнді оқу барысындағы студенттердің білімін...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Курстық жұмыстың мақсаты – студенттердің пәнді зерттеу барысында алынған теориялық білімдерін бекіту, сонымен қатар теорияның есепті...
Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес iconБағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушыларға электронды кестелерді пайдалану мүмкіндігі мен пайдасын, Microsoft Excel бағдарламасымен жұмыстың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница