МазмұНЫ




НазваниеМазмұНЫ
страница7/24
Дата конвертации21.02.2016
Размер3.08 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://akmo.gov.kz/sites/akmo.gov.kz/uploads/rabota_s_naseleniem/PRT_Akmo_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

Шығымдылықты көтеру мақсатында барлық агротехникалық іс-шаралар кешенін сақтау және барынша жәңа агротехнологияларды енгізу қажет.

Ауылшаруашылық техниканың жоғары тозу дәрежесі (2012 жылы - 75%) және жоғары өнімді арнаулы техникасының тапшылығымен көрсетілген саладағы төмен материалдық техникалық жабдықтау ауыл шаруашылығының дамуын тежеуші болып тұр.

Осылайша, жем өндірісі саласының дамуы үшін арнаулы жем нанау техникасы қажет. Табиғи азықтандырудың қызқа мерзімдері, құрғақ жаз ауа райы жағдаларында шөп құндылығының азаюы жемдерді қайта өңдеу және көкшөп сүрлеу жөнінде өндірістерді дамыту талап етеді.

2012 жылы 464,6 мың тонна пішен және көкшөп сена и зеленых кормов жинап дайындалды (2011 жылмен салыстырғанда 11% көп).




Жемшөп дақылдарының жалпы түсімі, мың тонна

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Сүрлемге және көкшөпке арналған жүгері

13,1

6,8

15,0

4,2

22,9

Жемшөп тамыр жемістері

15,3

-

-

-

-

Пішен және көкшөп

248,9

368,6

239,0

418,6

464,6

көп жылдық көкшөп

67,4

142,3

-

83,9

32,8

бір жылдық көкшөп

8,9

30,1

6,9

28,7

24,0

Табиғи шабындық жерлердің және дақылдар жайылымдарының пішені

6,1

9,2

8,0

-

-

2011-2012 жылдарды агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспорты өсімдік шаруашылығының өнімімен ұсынылады. Экспорт құрылымында негізгі үлес, немесе 85%, шікі зат өнімімен көрсетіледі: астық - 60%, зығыр тұқымдары - 17%, арпа - 6%, рапс және күнбағыс - 1%-дан. Өңделген өнімінен бидай ұны және кебек экспортталады. Тәжікстан, Өзбекистан, Иран, Әзірбайжан, Литва, Қырғызстан (бидай, ұн), Бельгия, Германия (зығыр тұқымдары), Дания (рапс тұқымдары) облыс ААК өнімінің негізгі импортшылары болып табылады.

Мал шаруашылығы. Облыстың барлық өңірлерінде мал шаруашылығын даму үшін жағдай бар. Аршалы, Атбасар, Бурабай, Зеренді, Ерейментау және Целиноград аудандарының келешектері неғұрлым мол.

Облыста толымды жемшөп базасын дамыту және 23 тұқымдық мал шаруашылықтары базасында тұқымды мал санын көбейту жөнінде іс-шаралар мен инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр.

2011-2012 жылдарда өткізілген ауылшаруашылық малын сәйкестендіру нәтижесінде, ірі қара мал жнә шошқа саны азаю жағына түзетілді: 2009 жылғы және 2011 жылғы ІҚМ саны 91 мың бас, соның ішінде сиыр саны – 52 мың бас, шошқа саны да – 52 мың бас. Қой мен ешкі саны 74 мың бас артып көбейю жаққа түзетілді. Осыған байланысты мал шаруашылығының 2011-2012 жылдардағы кейбір көрсеткіштері 2008-2010 жылдардағы жағдайымен салыстырғанда саланың дамуын дұрыс көрсетпейді.

2012 жылы негізгі ауыл шаруашылық мал саны 2011 жылмын салыстырғанда көбейді: ірі қара мал саны - 8,7% (334,8 мың басқа дейін), жылқы - 6,3% (119,7 мың басқа дейін), қой мен ешкі - 5% (434,2 мың басқа дейін), шошқа - 2,8% (148,3 мың басқа дейін), құс саны 2011 жылғы деңгейде - 3,1 млн. бас.

ІҚМ санының артуы ең бірінші кезекте ауылшаруашылық кәсіпорындары есебінен пайда болды - 15,2 мың басқа, шаруалар және фермерлер қожылықтары - 7 мың басқа, халықта - 4,6 мың басқа.

Сондықтан, ауылшаруашылық кәсіпорындардағы мал үлесі 21,6 % дейін өсті, (2011 жыл - 18,6%), шаруалар және фермерлер қожалықтарда - 9,2% дейін (2011 жыл - 7,7%). ІҚМ-н негізгі үлесі бұрынғыдай халықтың қоражайларында ұсталып жатыр - 69,2% (2011 жыл - 73,7%).




Барлық саны, мың бас:

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары

Шаруалар және фермерлер қожалықтарында

Халық қоражайларында




2011ж

2012ж

2011ж

2012ж

2011ж

2012ж

2011ж

2012ж

ІҚМ

308

334,8

57,2

72,4

23,8

30,8

227,0

231,6

сиыр

137,3

154,3

19,8

27,1

11,4

15,2

106,1

112,0

Қой мен ешкі

413,6

434,2

38,5

39,4

41,6

53,6

333,5

341,2

Шошқа

144,3

148,3

19,7

21,0

7,5

10,4

117,1

116,9

Жылқы

112,6

119,7

21,0

22,9

16,9

20,6

74,7

76,2

Түйе

0,1

0,1

0,1

0,1

-

-

0,0

-

Құс, млн. бас

3,1

3,1

2,1

2,1

-

-

1,0

1,0

Тірі салмақта ет өндірісі 2012 жылы 75,9 мың тонна құрады, сойыс салмақта – 41,8 мың тонна, бұл 2011 жылға 102% құрайды, өсу жалқы, шошқа, қой еті есебінен қамтамасыз етілді. Ең көп ет мөлшері Зеренді (11,8%), Ерейментау (10,6%), Бұланды (7,6%), Атбасар (6,7%), Аршалы (6,5%), Целиноград (6,3%) аудандарында өндірілді.

2012 жылы 305,7 мың тонна сүт өндіріліді, бұл 2011 жылғыдан 15,6% аз. Ең көп сүт мөлшері Зеренді (12,4%), Бурабай (10,5%), Ерейментау (9,4%), Жақсы (7,1%), Бұланды (6,9% ), Атбасар (6,7%), Целиноград (6,5%) аудандарында өндірілді.

Негізгі ет (85,2%) және сүт (90,2%) үлесі халықтың қоражайларында өндірілді, ауылшаруашылық кәсіпорындарда тиісінше 9,9% және 7,5%, шаруалар және фермерлер қожалықтарында – 4,9% және 2,3%.




Негізгі мал шаруашылығы өнімі

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Мал және құс еті, мың тонна

54,2

53,7

51,6

41,0

41,8

ІҚМ

29,4

29,6

27,9

20,7

18,4

қой мен ешкі

3,3

3,2

3,2

3,2

3,7

жылқы

5,7

5,6

5,4

4,7

6,1

шошқа

14,0

13,4

13,0

10,6

12,0

құс

1,8

1,9

2,1

1,8

1,6

Сүт, мың тонна

452,6

452,9

453,6

362,4

305,7

Жұмыртқа, млн. дана

225,4

342,0

448,0

437,7

495,6

Ауылшаруашылық қалыптасулардағы сүт сауымы өнімділігінің маңызды өсуіне қарамастан, облыс ауқымында өнімділіктің өсу маңызды емес, бұл ІҚМ негізгі үлесін, және, соның ішінде, 72,6% сиыр, ұстайтын халықтың қожалықтарындағы сауын малының төмен өнімділігімен байланысты.




Мал шаруашылының өнімділігі, кг

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

ІҚМ басының орта салмағы

285

288

287

280

291

Бір сиырдың сүт өнімі

2637

2572

2563

2314

2493

Ұсақ тауар өндірісі және ірі қара малдың жалпы қорасында тұқымды малдың шағын үлесі мал шаруашылығында төмен көрсеткіштердің себебі толып табылады.

Үй шаруашылығы секторында малдың өнімділігін арттыру мақсатында халықтың қожалықтарында, шаруалар және фермерлер қожалықтарында ұсталған ірі қара малды жасанды ұрықтандыру және тұқымды малмен будандастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сиыр еті экспорттау әлеуетін құру мақсатында облыста етті мал шаруашылығын дамыту бойынша өңірлік бағдарлама іске асырылып жатыр.

Бағдарлама шеңберінде жалпы қуаттылығы 12,5 мың бас бордақылау алаң құру көзделген, қазіргі күнге дейін жалпы қуаттылығы 13,5 мың бас 5 жұмыс істейтін бордақылау алаңы құрылды: Еңбекшілдер ауданында «KazBeaf» LTD» ЖШС, Қорғалжын ауданында «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Атбасар ауданында «Бастау» ЖШС, Жақсы ауданында «Новокиенка» ЖШС, Астрахан ауданында «Колутон-04» ЖШС.

2015 жылдың соңына дейін тағы да 3 бордақылау алаңы құрмақ: Бұланды ауданында «Партизанское» ЖШС, Ақкөл ауданында «SC Food»ЖШС, Еңбекшілдер ауданында «КХ Шариповых». Соңымен, 2015 жылдың аяғында жалпы бордақылау қуаттылығы 16,5 мың бас 8 ірі бордақылау алаңы жұмыс істейтін болады.

Асыл тұқымды етті малды көбейту үшін 2010-2012 жылдарда Ақмола облысына шетелде шығарылған 11,7 мың бас тұқымды мал әкелген. Етті мал өсіру бойынша 23 репродуктор-қожалық құрылды.

Бағдарламаны іске асыруда маңызды рөлді тауар мал табынының кеңейтілген ұдайы өндірісіне және дамытуға, сондай-ақ етті тұқымды өгіз пайдалану арқылы табынның тұқымдық және өнімділік сипаттарын жақсартуға бағытталған «Сыбаға» кредиттік бағдарламасы ойнайды. 2013 жылдың 1 қаңтарына «Сыбаға» бағдарламасына облыстың 180 шаруалар және фермерлер қожалықтары қатысты.

2012 жылдың қорытындысында облыс бойынша ІҚМ тұқымдық мал басы 51,1 мың бас, немесе жалпы мал басының 15,3% құрды. Соның ішінде 15,6 мың бас тұқымды сауын малы, 35,5 мың бас тұқымды етті мал. Етті және сауын малын дамыту бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде 2020 жылға дейін жалпы табындағы тұқымды малдың үлесін 25% дейін қол жеткізу жоспарлануда.

Ақмола облысында сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2014-2015 жылдарда әр бір ауданда ІҚМ сүт табынын сатып алумен 20-дан 200 басқа дейін тауарлы сүт фермаларын құру жоспарлануда. Осымен бірге ТСФ қаржыландыруы мемлекеттік-жеке ынтымақтастық базасында жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта облыс бойынша 23 тауарлы сүт ферма жұмыс істейді.

Жалпы алғанда мал шаруашылық өнімінің өндірісін арттыру және етпен сүттің экспорттық әлеуетін жүйелі күшейту бойынша шаралар қолданып жатыр.

Өңірдің агроөнеркәсіптік секторын дамыту басымдылығынығ бірі болатын Астана қаласы маңындағы азық-түлік белдігін құру шеңберінде 2009 2012 жылдарда ауыл шаруашылық саласында 62 инвестициялық жоба іске асырылды. Индустрияландыру картасына 22,8 млрд. теңге сомасына 25 жоба енгізілді: мал шаруашылығы бойынша - 5 жоба, ет өңдеу - 1, сүт өңдеу - 2, астық қоймасы - 9, астықты өңдеу - 5, майлы тұқымдарды өңдеу - 1, жылыжай кешені - 1, көкөніс қоймасы - 1.

2013 жылы іске асыру барысында 18,3 млрд. теңге сомасына 20 жоба.

Ауыл шаруашылық өнімін өңдеу.

Облыстың АӨК-нің өңдеуші кәсіпорындарымен 2012 жылда 36417,3 млн. теңге сомасына өнім өткізілді, бұл 2011 жылғы көрсеткішті 31,5% асады.

Облыста ет өңдеу бойынша 80 кәсіпорын және цех жұмыс істеді. 6068 тонна көлемінде ет және түрлі ет өнімдері өндірілді және өткізілді, бұл 2011 жылғыдан 1397 тоннаға, немесе 29,8%, артық.

Ет және түрлі ет өнімдері өткізуінен жалпы сомасы 10799,8 млн. теңге құрды, бұл 2011 жылғыдан 2,7 есего көп.

Жүктелуі 37,4% құрды, бұл бір жақтан ауыл шаруашылығының өңдеу саласы үшін үлкен даму әлеуетін білдірсе де, басқа жақтан өңдеу үшін сапалы шікі зат тапшылығын сездіреді.

Сүт өнімін 451 кісі жұмыс істейтін 29 кәсіпорны мен цех өңдеді. 84400,7 тонна сүт өнімі өндірілді және іске асырылды, бұл өткен жылғы деңгейінен 18047,7 тонна, немесе 27,2%, артық. Жалпы өткізу сомасы 9005,4 млн. теңге құрды, бұл өткен жылғы деңгейінен 36,9%, артық.

Облыста ұйымдастырылған шікі сүт жиыны бар қуаттарын жалғыз 61,8% жүктей алады, өйткені жиналған шікі сүттің маңызды бөлігі облыс сыртында (Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары және Астана қ.) өткізіледі.

Астық өндіру саласында проблемалардың сипаттылығы дән дақылдарының өнімділігі деңгейіне тәуелді: құрғақ жаздарда өсімдік шаруашылығының және сабақтас салалардың жалпы өнімінің азаюы, еңбек өнімділігінің азаюы, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халықта табыс деңгейінің төмен түсуі, астыққа жоғары бағаларды оң жаққа да, жағымсыз жаққа да жатқызу болады. Өнімді жылдарда - астықты жинау және сақтауды қамтамасыз ету, астық қабылдау орындары мен астық қоймалары қуаттарының тапшылығы.

2013 жылғы 1 қаңтарына қолданыстағы элеваторлар және астық қабылдау орындарының (АҚО) пайдаланған сыйымдылығы 3832,6 мың тоннаны құрды, бұл 2011 жылғыдан 115,6 мың тонна, немесе 3,1%, жоғары.

Облыста 1277 кісі жұмыс істейтін 85 ұн тарту кәсіпорны мен цех жұмыс атқарады. Жүктелуі 27,1% құрды. 2011 жылғыдан 34,8% жоғары 325943,8 тонна өнім өндірілді және өткізілді. Өнімді өткізу сомасы 14730,4 млн. теңге құрады, бұл 2011 жылғыдан 24,7% астам.

2012 жылы 1425,6 тонна өсімдік майы өндірілді, 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Қуаттылықтар жүктелуі 12,3% құрды.

Жайылым ресурстары бойынша жағдай талдау

Ақмола облысының дала экожүйесіне ең жағымсыз және кешенді әсер еткен - тың жерлерді жаппай жырту еді. Құнарлы жерлердің басымды бөлігі жыртылды, бұл малды, көлдер маңындағы ойпаттар мен шұңқырлардағы ылғалды сортаңды шабындықтарды қоса алғанда, құнарлылығы аз құрғатылмаған тұзды жерлерге ығыстырып шоғыралды.

Ауылдық елді мекендер, шалғайдағы жайылымдар, сауу жабдығы және құдықтар маңындағы жайылымдарға ең көп азуы басты.

Өңірдің мамандандырылған шаруашылықтарымен азықтық базасын нығайту үшін түрлі шөптердің тұқым шаруашылығын ұйымдастыруы жүзеге асырылады.

Осы мақсаттармен Бұланды ауданының «Журавлевка-2» ЖШС басқа шаруашылықтарына әрі қарай өткізу үшін көпжылдық дәнділер (бидайық шөп) тұқымдарын өндіреді.

Атбасар ауданының «Сочинское» ЖШС біржылдық дәнділер (судан шөпі) тұқымдарын, Есіл ауданының «Заречное» ЖШС - көпжылдық бұршақ тұқымдастары шөптерін (эспарцет) өндіреді.

Бұдан басқа, Шортанды ауданының «А.И.Бараев ат. бидай шаруашылығы ғылыми-тәжірибе орталығы» ЖШС түпнұсқалық азықтық дақылдар тұқымдарын өндіру және өткізу оригинаторы болып табылады. Ол ағымдағы жылда облыстық бюджет есебінен инновациялық тәжиребені енгізу және тарату іс-шаралары шеңберінде 2 жобаны іске асырады:

- «Батыр бидайығы, Ақмолалық 91, Лимандық қылтанақсыз бидай басы және көкшіл арпағанның Қызыл Жар жаңа сорты сияқты көпжылғы дәнді өсімдіктердің аудандандырылған және перспективті сорттарын енгізу және Ақмола облысындағы шаруашылықтарда таңдаулы дән өндірісін ұйымдастыру»;

- «Райхан жоңышқасы, Фламинго эспарцеті, Сарбас сары түйежоңышқасы, Ақбас еділдік түйежоңышқасы сияқты көпжылғы бұршақты өсімдіктердің аудандандырылған және перспективті сорттарын енгізу және Ақмола облысындағы шаруашылықтарда таңдаулы дән өндірісін ұйымдастыру».

Осы ғылыми-өндірістік орталық тұқым өсіруші шаруашылықтарына тұқымдарды сатады, олар өз кезегінде өндірілген тұқымдарды одан да көп көлемде сауда шаруашылықтарына сатады.

Астана қаласы маңындағы азық-түлік белдігін құру жобаларын іске асыруы мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік туғызады, осыған байланысты азықтық дақылдардың тұқымдарына қажеттік өсе береді.

Қазіргі уақытта облыстың азықтық өндірісінде 3 тандаулы-тұқым шаруашылығы жұмыс істейді.

Келешекке 2011-2015 жылдарда жайылымдық жерлердің өнімділігін қалпына келтіру мақсатында келесі шараларды іске асыру қажет:

- мал жаю кезінде ауыспалы жайылым енгізу (жайлымдық жерлерді ауыстыруымен реттелген мал жаю ұйымдастыру);

- жыл сайын 10 мың га-дан жайылымдық жерлерді түбегейлі жақсарту жұмыстарын жүргізу;

- инновациялық тәжірибе тарату және енгізу бойынша 2 жобаны (1. «Батыр бидайығы, Ақмолалық 91, Лимандық қылтанақсыз бидай басы және көкшіл арпағанның Қызыл Жар жаңа сорты сияқты көпжылғы дәнді өсімдіктердің аудандандырылған және перспективті сорттарын енгізу және Ақмола облысындағы шаруашылықтарда таңдаулы дән өндірісін ұйымдастыру», 2. «Райхан жоңышқасы, Фламинго эспартеці, Сарбас сары түйежоңышқасы, Ақбас еділдік түйежоңышқасы сияқты көпжылғы бұршақты өсімдіктердің аудандандырылған және перспективті сорттарын енгізу және Ақмола облысындағы шаруашылықтарда таңдаулы дән өндірісін ұйымдастыру») жүзеге асыруды жалғастыру;

- 2015 жылға дейін таңдаулы-дән шаруашылықтарының санын арттыру.

АӨК дамуын тоқтататын проблемалар ішінде көкейтесті болып тұратын мәселелер. Өсімдік саласындағы тежеуші факторларға келесілерді жатқызуға болады: табиғи-климаттық жағдайлардан тәуелді болу, дәнді сақтау және өткізу барысындағы мәселелер; қолданылатын құрал-жабдықтардың тозу деңгейінің жоғары болуы.

Мал шаруашылығындағы негізгі проблема ретінде шығарылатын өніммен шикізаттың төмен сапасы болып табылады, өйткені барлық мал басының басымды бөлігі жеке шаруашылықтарында ұсталады, тұқымдық малдың үлесі төмен. Тұрақты азықтық базаның жоқтығы жоғары өнімді мал шаруашылығының дамуын тоқтатады.

Ауылшаруашылық шікізатты өңдеуде негізгі проблемалар – ауылшаруашылық өнімін өңдеу саласында кәсіпорындар қуаттылықтарының толық емес жүктеуі және өнеркәсіптік мал сою орындарының жеткіліксіз саны, бұл ет сапасының төмендетеді. Облыстың ұн тарту өнеркәсібінің өнімін импортшы елдерде кедендік реттеу шараларының қолданылуы нәтижесінде астықты сатып алуға артықшылық беріледі.

Гидротехникалық құрылыстар жағдайын талдау

Облыста 38,5 мың га суармалы жерлер тіркелуде, соның ішінде 15,8 мың га, немесе 41%, егістік жер. Республика бойынша жағдай сияқты, облыстағы суармалы жер алаңы соңғы жылдар ішінде нақты алғанда өзгерілген жоқ.

Суармалы жерлер алаңын кеңейту, өнеркәсіпті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылықтарының талаптарын қанағаттандыру үшін гидротехникалық құрылыстардың жұмыс істеуі қажет. Олар бойынша қазіргі таңда мынандай жағдай қалыптасқан.

30 және одан көп жыл бұрын салынған су шаруашылығының құрылыстары физикалық тозу және лайықсыз пайдалану кесірінен гидротехникалық құрылыстар қауіпсіздігінің ережелері мен нормалары талаптарына сай болмай қалатын жағдайда болып табылады.

Гидротехникалық құрылыстарды ұзақ мерзімде қажетті жөндеу жұмыстарын жасамай пайдалану, су бұрып ағызу және су өткізу құрылыстарының жеткілісіз өткізу қабілеттілігі, төмен пайдалану деңгейі, мамандардың білікті қадағалауының жөқтығы, құрылыс барысында жорамал ақаулар нәтижесінде су шаруашылығы құрылыстарының көпшілігі қанағаттанарлық жағдайда болып табылады. Бірақ қолданыстағы кейбір гидротехникалық құрылыстар қауіпті болуға ықтимал, яғни тоғандар мен су қоймалардың төменгі бьефтерінде елді мекендер, экономика және әлеуметтік инфрақұрылымдары объектілері орналасқан. Қауіпті болуға ықтимал гидротехникалық құрылыстар арқылы көктемгі тасыма суды өткізу барысында бөгеттер талқандалу және елді мекендерге, ауылшаруашылық жерлерге, өнеркәсіптік кәсіпорындарға су басу сияқты төтенше жағдайлар болу мүмкін.

Қажетті қаражаттын жоқтығы объектерді тиісті техникалық жақтан түзу жағдайда ұстауға, уақытында алдын алатын профилактикалық және күрделі жөндеу өткізуге мүмкіндік бермейді. Мамандардың білікті қадағалауының жөқтығы құрылыстардың жағдайын тұрақты бақылауға және оларды қауіпсіз жағдайда ұстау бойынша уақытында іс-шаралар әзірлеп орындауға мүмкіндік бермейді. Құрылыстар қанағаттанғысыз жағдайда болу мүмкін және көктемгі су тасуы және жауын су тасуы кездерінде су объектілерін ластау және төтенше жағдайларының шығуына қауіп-қатер көздері болып табылады.

Ұтымды су пайдалануды және суару жерлердің мелиоративтік жағдайын қамтамасыз ету үшін шаруашылық және ішуге жарайтын маңызы бар гидротехникалық құрылыстар бойынша түгендеу және төлқұжаттандыру жұмыстары өткізілді. Түгендеу барысында 113 су шаруашылық құрылыс тіркелді.

Соның ішінде: республикалық мүлікте «Казводхоз» балансында 11 құрылыс; облыстың коммуналдық мүлігінде - 42; 55 жеке; 5 иесіз бөгет. Иесіз гидроқұрылыстар бойынша оларды коммуналдық мүлікке алу үдерісі өткізіліп жатыр.

Облыс басшылығы сыйымдылығы 1 млрд. куб. м астам Бұзылық су қоймасының құрылысы және Атбасар ауданында Самарская бөгетін қалпына келтіру мәселелерін бастама етті.

Бұзылық су қоймасы

Ақмола облысында Есил өзенінде Бұзылық су қоймасы құрылысының мақсатқа сәйкестігі және уақыттылылығы келесімен расталады:

Біріншіден, табиғи климаттық жағдайдың өзгерілуімен. Және Астана қ., Ақмола; Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары халқын сапалы сумен жабдықтауды жақсарту, суару жерлерін игеру есебінен ауылшаруашылық өнімнің өндірісін арттыру қажеттілігімен, сондай-ақ өңір индустриализациясында мультипликативтік нәтижесімен негізделеді.

Екіншіден, Қазақстан Республикасының көршілес мемлекеттер аумағынан су түсімінен тәуелдігін азайтуға және тәукелдерді алып тастауға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, Есіл өзені ағынын бассейнаралық аударуды үйлесімді реттеу және Үкіметаралық келісімге сәйкес Ресей Федерациясына реттелген су бұрып ағызуды қамтамасыз ету проблемасы шешілетін болады.

Төртіншіден, Бұзылық су қоймасы жоғарыда баяндалған үш облыстың мелиоративтік мақсаттарында пайлануға жарамды жерлерінің маңызды алаңын айналымға қосуға, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптің кен өндіруші және өңдеуші салаларын дамытуда бар үміттерді іске асыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Су ресурстарын басқару бағдарламасын іске асыру бойынша Іс шаралар жоспарына қаржыландыру көзі – республикалық бюджет, бағдарлы құны – 200 млн. теңге «Бұзылық су қоймасының құрылысына техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу» тармағын енгізу ұсынысы берілді.

«Ертіс-Астана және Бұзылық су қоймасы» Су ресурстарын басқару бағдарламасын іске асыру бойынша Іс шаралар жоспары жобасына 5.2. «Инфрақұрылымды дамыту жоспарына сәйкес жобаларды іске асыру» тармағына енгізілді.

Атбасар ауданының «Самарская» көлдетіп суару жүйесі

Осы жүйе 1952 жылы Есіл өзенінде құрылды. Негізгі арналуы - жылдың су тасуы кезінде көлдетіп суару және жаз кезінде Есіл өзенінің су деңгейін тіреу.

1992 жылға дейін «Самарская» көлдетіп суару жүйесі Облыстық Водхоз балансында тұрды (барлық құрылыстарды пайлану және жөндеу ісімен Верх-Ишимское УОС айналысты). Облыстық Водхоз таратылғаннан кейін көлдетіп суару жүйесі 1992 жылда бұрынғы Самарский совхозының балансына аударылды, бір жылдан соң осы шаруашылық банкрот болды, содан кейін құрылыс жөнделген жоқ және толығымен жойылған.

Соңғы жылдарда Атбасар ауданы аумағында ағып өтетін Есіл өзенінің бөлігінде су деңгейі апаттай түсе береді, және де Самарка селосы маңындағы бөгет қасында 4 метрге дейін төмен түсті, соның кесірінен құдықтардағы су деңгейі төмен түсті, бұл маңындағы ауыл тұрғындарының әлеуметтік наразылығын тұғызады.

Атбасар ауданы тұрғындары мен аудандық мәслихаты депутаттарының бірнеше рет айтылған арзысы бойынша «Самарка селосы қасындағы Есіл өзенінде су бұрып ағызу құрылысын бұрынғы қалпына келтіру» жобасына ЖҚҚ әзерленді. Мемлекеттік және экономикалық сараптамасының оң қорытындылары алынды.

Осы жоба арқылы 13,5 мың га алаңында шабындық жерге көлдетіп суаруді жеткізу көзделуде (жобаның іске асыруы ірі қара мал санын 4500 басқа дейін, ет өндіру көлемін 500 тоннаға дейін және сүт көлемін 11 200 тоннаға дейін арттыру мүмкіндігін береді).

Бұл іс шара 2014 2016 жылдарға арналған табиғат қорғау іс шаралары жоспарына енгізілді.

Гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру

Жыл сайын облыс аудандарында бөгеттерді қайта құру, күрделі жөндеу, қалпына келтіру, бекіту жұмыстары өткізіледі.

Қазіргі уақытта су шаруашылығы құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу қажет, соның ішінде: су шаруашылығы құрылыстарының жыл сайын тексеру, су шаруашылығы құрылыстарының күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, жөндеу жұмыстарын жасау.

2013 жылы су тасуына қарсы шаралар барысында Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасының, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Есіл бассейні инспекциясы, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар бойынша департаменті өкілдерінен аудандар әкімдіктерінде су тасуына дайындалу жөнінде жүргізілген жұмысты, және де гидротехникалық құрылыстардың 2013 жылғы су тасуын апатсыз өткізуге дайындығын тексеру бойынша жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының және Төтенше жағдайлар бойынша департаментінің тексеру нәтижелері бойынша келесі іс-шаралар ұсынылды:

1. Зеренді ауданында Ивановская, Айдабульская, Алексеевская және де Шортанды ауданында Пригородненская және Мыктыкольская иесіз бөгеттерін коммуналдық мүлікке алу рәсімдерін аяқтау;

2. Зеренді ауданында Подлесненская, Жарқайың ауданында Тасты-Талды №1, Валиханов бөгеттері, Жақсы ауданында Чапаев бөгеті, Шортанды ауданында Сарыкамыс (Новопервомайская) бөгеті және Аршалы ауданында Батпақкөл бөгеті бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын өткізу.

3. Су шаруашылығы құрылыстарын білікті маманымен көп факторға қарап тексеру нәтижелері бойынша, құрылысты қалпына келтіру мақсатқа сәйкестігін, қаржыландыру шығындарының мөлшерін және жұмыс көлемін белгілеу үшін, Ақмола облысындағы жөндеуді талап ететін басқа су шаруашылығы құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттамасын құрастыру.


Шағын және орта бизнес, сауда

Облыста шағын және орта кәсіпкерліктің 30 мың белсенді субъектілері қызмет етеді, бұл 2011 жылға қарағанда 1,7% артық. ШОК субъектілері 304,6 млрд. теңгеге тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірді, 2011 жылғыдан 18,4% астам. 7,1 мың жаңа жұмыс орындары құрылды, 90-ға жуық шағын және орта бизнес объектілері пайдалануға берілді.

Белсенді кәсіпорындардың – заңды тұлғалардың басым бөлігі қызмет көрсету саласында айналысады, оның ішінде саудада, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды жөндеуде – 36 %, қызметтің басқа түрлерімен – 18,5 %, құрылыста – 17,5 %, ауыл шаруашылығында – 16 %, өнеркәсіпте - 12% айналысады.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны ұлғаюға жеткілікті тенденцияға ие. 2012 жылы 1,5 %-ға өсіп 116,5 мың адам құрды. Шағын және орта кәсіпкерлікте экономикалық белсенді халықтың жалпы санының төрттен бір бөлігінен астам (26%) қамтылғанын атап айтуымыз керек: соның ішінде ШОК кәсіпорындарында - 14,3%, жеке кәсіпкерлікте - 9,8%, шаруалар және фермерлер қожалықтарында - 1,9%.

Кіші және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың басымды бөлігі ауыл шаруашылығында және қызметтер көрсету саласында топтасқан және олардың инновациялық даму жағынан үлесі жоғары емес. Ауыл шаруашылығы, астық шықпай қалу тәукелінен және қызметінің маусымдық сипатынан, коммерциялық құрылымдарға қаржыландыру үшін тартымды сала емес.

Ақмола облысының шағын және орта бизнес субъектілері келесі қаржы проблемалармен ұшырасады: кепілзаттық қамсыздандырма жоқтығынан, сый ақының жоғары пайыздық мөлшерлемелерінен, несиелік мекемелердегі құжаттарды қарастыру ұзақ мерзімге созылуынан, салық салу саласындағы жеңілділіктер болмауынан, несиелік қатынастардағы жеңілділіктер болмауынан несиелік ресурстарға шектеулілігі.

Осыған байланысты кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетіледі: «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына республикалық бюджеттен 913,6 млн. теңге бөлінді, 791,5 млн. теңге игерілді (86,6%).




2011ж

2012ж

Сұраным, ед.

Сома, млн. теңге

Сұраным, ед.

Сома, млн. теңге

«Жаңа бизнес-бастамаларын қолдау», мақұлданған/қаражаттандырылған

30/

25

4100/

93,2

79/

89

8700/

259,8

«Банк кредиттеріне ӨҮК ішінара кепілдік беру», мақұлданған/қаражаттандырылған

2/

1

46/

0,6

5/

2

72,4/

11,7

«Өңірлердегі өндірістік инфрақұрылымын дамыту», мақұлданған/қаражаттандырылған

11/

5

1000/

197,8

13/

9

556,4/

189,9

«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету», мақұлданған/қаражаттандырылған

5/

4

3800/

102

15/

13

7100

197,6

«Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту»: «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша оқыту/ шағын және орта бизнестің топ менеджменті «Назарбаев Университеті» ДБҰ/ «Іскерлік байланыстар»


669/

8/

38


125


777/

8/

55


132,5
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

Похожие:

МазмұНЫ iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
МазмұНЫ icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
МазмұНЫ iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
МазмұНЫ iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
МазмұНЫ iconМазмұНЫ

МазмұНЫ iconМазмұны

МазмұНЫ iconМазмұНЫ

МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
МазмұНЫ iconМазмұны
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница