МазмұНЫ




НазваниеМазмұНЫ
страница4/24
Дата конвертации21.02.2016
Размер3.08 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://akmo.gov.kz/sites/akmo.gov.kz/uploads/rabota_s_naseleniem/PRT_Akmo_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

2005-2011 жылдарда Қазақстанда жасалған жүк автокөліктердің 97% Ақмола облысында құрастырылып шығарылды. 2011 жылда Алматы облысында жүк автокөліктерді құрастырып шығару бастағанына байланысты 2012 жылғы үлес 52,5% дейін төмен түсті. Осымен бірге Ақмола облысында құрастырылатын автокөліктер жергілікті автожолдарға көбірек бейімделген.

«Тыныс» АҚ – өрт сөндіру құралдарын, авиация техникасын, медициналық жабдықты жасап шығару, өлшеу аспаптарын, газ бекіту арматурасын, полиэтилен құбырларын жасап шығаруды жүзеге асырады.

2009 жылда қуаттылығы 1 сағат ішінде 90-500 кг су және газ өткізу құбырларын үшін ПЭ-80 және ПЭ-100 маркасы полиэтиленінен 110-500 мм диаметрiмен құбырлар жасау бойынша қосымша линия iске қосылды. Жабдық Германияда «LRS Plannung@ Technologie GmbH» сатып алынды. Құбырларды пайдалану мерзiмі 50-ден 80 жылға дейін аралығын құрайды.

2010 жылы 560-1000 мм диаметрiмен құбыр жасау бойынша үшiншi жол пайдалануға қосылды.

2012 жылы өндіріс көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге өсті және 5660,1 млн. теңге құрды.

Атбасар электровоз жөндеу зауытының филиалы «Камкор-Локомотив» ЖШС электровоздарды күрделі жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

2012 жылғы өндіріс көлемі 6918,3 млн. теңгені, немесе 2011 жылға 108,4%, құрды.

Химия өнеркәсібі

Химия саласындағы кәсіпорындарына «Astana-Nan Chemicals» ЖШС, «Айдабульский спиртзавод» АҚ, «Биокорм» ЖШС, «SARECO»  БК» ЖШС жатады. Олар пестицид пен гербицидтерді, этил спирті, аммиак, көмір қышқылы, сирек жер металдарының концентраттары сияқты өнімдер жасап шығарады.

Ақмола облысы химия саласының кәсіпорындарымен 10995,0 млн. теңге сомасына тауар өнімдері шығарылды, немесе 2011 жылға 4,5 есе артық. Нақты көлем индексі 286,2% құрды.

Химия өнеркәсібінде 2012 жылғы еңбек өнімділігі 7,4 мың теңгені, немесе 2011 жылға 776,2% құрды.

«Astana-Nan Chemicals» ЖШС – жобалық қуаттылығы жылда 15 млн. литр, өсімдіктерді қорғау заттарын жасап шығаруда мамандандырылған химия саласының негізгі кәсіпорны болып табылады.

Жоба 2011 жылы 9 желтоқсанда Ел басыға Индустрияландыру картасының жобаларын таныстыру рәсімі бойынша Жалпы ұлттық телекөпір шеңберінде жүзеге асырылды.

Экологиялық, өнеркәсіптәк және санитарлық қауіпсіздігінің талаптары мен нормаларын ескере отырып пестицидтер жасап шығаратын ірі батыс өндірушілердің (Bayer CropScience, Syngenta, New-Pharm) талаптары мен стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды. Жасап шығарылатын өнімдер астық дақылдарының өнімділігін арттыруға және 1 га шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпорын жыл сайын 7 млн. литр Ресей Федерацияға және Орта Азияға (Батыс Сібір, Алтай аймағы, Өзбекистан, Түрікменстан, Тәжікстан) экспортқа шығару жоспарлап отыр. Өнімді Тәжікстанда, Түрікменстанда, Өзбекистанда тіркеу жұмыстары басталды. Осы мемлекеттерде сынамалық өнім сату 2015 жылда басталады.


«Биокорм» ЖШС «Альфа» және «Люкс 2» маркалы тазартылған этил спиртті жасап шығарады. «Айдабұл спиртзауыты» ЖШС де «Экстра», «Люкс», «Альфа» сыныптағы тазартылған этил спирт өндіруді іске асырады. Алкоголь өнімдерін өндірушілері мен медициналық мекемелер өнімнің негізгі тутынушылары болып табылады. 2012 жылда осы кәсіпорындарымен 8,8 млн. литрдан астам спирт өндірілді.

2012 жылдың аяғында «SARECO» БК» ЖШС-мен химия саласының мүлдем жаңа экспортқа бағытталған өнім - қуаттылығы жылда 1,5 мың тонна сирек жер металдарының жинақы концентраттары - өндіру жобасы іске асырылды.

Ағымдағы жылда «Mining Chemical Company» ЖШС компаниясы таукен өнеркәсіп бұрғылау-жару жұмыстарында қолдану үшін қауіпсіз және экология жағынан таза жарылғыш эмульсия заттарын өндіру бойынша жоғары технологиялық зауытты салу және іске қосуды жоспарлайды.

«Mining Chemical Company» ЖШС «Өнімділік-2020» Бағдарламасының қатысушысы болып табылады.

«Қазатомпром» КҚЗ БК» ЖШС күкірт-қышқыл зауытының құрылысы жобасын іске асыруы химия өнеркәсібі өнімінің мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.

Құрылыс индустриясы

Ақмола облысының құрылыс индустриясы ірі және орта өндіріс кәсіпорындарымен («КазШпал» АҚ, «ENKI» ЖШС, «Степногорский трубный завод «Арыстан» ЖШС, «Аркада-Индастри» ЖШС, «Неруд-Көкшетау» ЖШС, «Ардагер-Неруд» ЖШС, «Нефрит-Голд» ЖШС, «Буландынский каменный карьер» ЖШС), және де кірпіш, тауар бетоны, ұсақталған тас, құм, балшық, табиғи тас өндіретін шағын кәсіпорындарымен ұсынылады.

2012 жылда құрылыс индустриясы саласында 9243,9 млн. теңге сомасына өзге метал емес минерал өнімдері (құрылыс материалдары) өндірілді. Қызмет түрінің үлесі өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінде 4,9% құрды. Нақты көлем индексі – 95%.

Облыстың құрылыс индустриясы кәсіпорындарының мүмкіндіктері жыл сайын келесі көлемде өнім шығара алады:

Құрылыс кірпіші – жылда 111,6 млн. дана.

Пластик құбырлары – жылда 33 мың тонна.

Темірбетон конструкциялары – жылда 156 мың тонна.

Түрлі фракциялы ұсақталған тас– жылда 4079,4 мың куб. м.

Ірге тас блоктары – жылда 27 мың дана.

Шлакоблок, құмблоктар – жылда 960 мың дана.

Тауар бетоны – жылда 69 мың тонна.

Бордюр, поребрик, тас төсеуіш, плиткалар – жылда 16,7 мың шаршы м.

Ағаш заттары – жылда 12 мың куб. м.

Облыста құрылыс материалдарын негізгі шығарушы-кәсіпорындары: «КазШпал» АҚ, «ENKI» ЖШС, «СТЗ «Арыстан» ЖШС.

«КазШпал» АҚ жылда 156 мың тонна темірбетон заттарын шығару жобалық қуаттылығына ие. Одан басқа өз тас ұсақтау зауыты және құм карьері бар. Жұмыспен қамтылғандардың саны – 500 кісі.

Өндірілетін өнім сертификатталған, тығыз таужыныс ұсақталған тасқа, табиғи ұсақталған тасқа сәйкестік сертификаттары бар. Зауытта қажетті бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталған және аттестатталған өз лабораториясы бар.

Қазіргі уақытта кәсіпорын темір-бетон шпал шығару бойынша және жол бұру брустарын өндірісі бойынша 2 технологиялық жол пайдаланады.

2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 1990,2 млн. теңгеге өнім өндірілді, барлық өнім ішкі нарықта өткізілді.

«ENKI» ЖШС, керамикалық кірпіш өндіру зауыты. Жобалық қуаттылығы – жылда 60 млн. дана. Жұмыспен қамтылғандардың саны – 177 кісі.

Жоба өңірлік Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асырылды.

Кәсіпорынның тауар жинағында түрлі түсті керамикалық кірпіштің 6 түрін шығаруы көзделген.

2012 жылда кәсіпорын 1310,7 млн. теңге сомасына 80,6 мың куб. м кірпіш жасап шығарды, 1,5 есеге өсуімен.

«СТЗ «Арыстан» ЖШС, қуаттылығы жылда 20 мың тонна су және газ өткізуге арналған пластик құбырларын өндіру кәсіпорны. Жұмыспен қамтылғандардың саны - 269 кісі. Жоба өңірлік Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асырылды.

Зауыт Қазақстан бойынша көлемі де, номенклатурасы мен қолдану салалары бойынша да полимер құбырларын жасайтын ірі өндірушілер мен жабдықтаушылардың бірі болып табылады.

Өндірілетін өнім: диаметрі 20-дан 1200 мм дейін газ үлестiру, сумен жабдықтау және су тарту желiлерiнің құрылысы үшiн қазіргі заманға сай полиэтилен маркалардан (ПЭ 80 және ПЭ 100) жасалған құбырлар, полиэтилен құбыр желілері үшін құйып және пісіріп жасалған қосушы және фасонды бөлшектер, полиэтилен құбыр желілерін пісіру және құрастыру үшін жабдық.

2012 жылда өнеркәсіп төрт қосымша жол (тегіс құбыр бойынша 1 жол, «Корсис» гофрелген құбыр бойынша 3 жол) іске қосу бойынша инвестициялық жобаны іске асырды. Бұл жоба өнеркәсіптің қуаттылығын жылда 30 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

2012 жылда кәсіпорын 8979,9 млн. теңге сомасына 17,5 мың тонна құбыр жасап шығарды, 20,1%-ға өсуімен.

ҚР Үкіметінің үй құрылысы комбинаттарын салу тапсырмасын орындауда облыста «РегионСтрой» ЖШС ТБЗ зауытының құрылысы жүзеге асырылады.

Ақмола облысында кірпіш өндірісі 5 жыл ішінде 9,3 есеге көбейіп, 2012 жылда 169,8 мың куб.м-ге жетті, осы нәтиже арқылы өңір республика бойынша көш басшы орнына ие болды (жалпы көлемнің 1/6)

Регионы

Керамикалық кірпіш өндіру

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Қазақстан Республикасы

695,2

674,5

646,5

850,0

904,7

Ақмола облысы, мың куб.м

18,3

95,0

57,3

117,0

169,8

Ақмола облысының үлесі, %

2,6

14,1

8,9

13,8

18,8

Қарқынды салынатын астананың жақындығы, шікі зат пен өнеркәсіп базасының бар болуы құрылыс индустриясының бұдан әрі дамуына өң шарттарын жасайды.


Легкая промышленность

Өңдеушi өнеркәсiп құрылымда жеңiл өнеркәсiптiң үлесi 1,1% құрайды. Жеңiл өнеркәсiптiң нақты көлем индексі 111,4% құрайды.

Облыстың жеңiл өнеркәсiптiң кәсiпорындарымен 2012 жылда 3624,4 млн. теңге сомасына, немесе 2011 жылға 125,1%, өнiм жасалған.

Облыста жеңіл өнерксіп саласына жататын үш орта кәсiпорын жұмыс жасайды: «Новопэк» ЖШС, «Войлочная фабрика» ЖШС, «Швейная фабрика «Силуэт» ЖШС.

«Новопэк» ЖШС – полипропиленді матадан жасалатын буып орау тарасын жасайтын Ақмола облысының ірі кәсіпорындарының бірі. Кәсiпорын батыс Еуропа елдерiнің және Тайваньда жасалған қазiргi заманға сай жабдығымен жабдықталған. ЖБК-2020 шеңберінде инвестициялар көлемі 5 млрд. теңге шамасында құрды. Фабриканың өнiмдiлiгi айда 10 млн. қап және 100 мың «Биг-Бэг» түріндегі контейнер.

Кәсiпорын осы өнiммен Қазақстан Республикасының iшкi нарығын толық қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болады.

«Новопэк» ЖШС өнiмі әр түрлi салаларда мүмкiн пайдалануға әмбебап, соның ішінде «КТЖ» АҚ талаптары үшiн (сусымалы жүктердi тасымалдау үшiн), құрылыс саласында (цемент сақтау үшiн).

2012 жылда өндірілген өнiм көлемi 2338,9 млн. теңге, немесе 2011 жылға 114,1%, құрды.

«Войлочная фабрика» ЖШС - кәсiпорны жұмысының негiзгi түрi киiзден жасалған бұйымдар өндiрiсi (киіз, қарпылған аяқ киiм, резеңке табанды киiз қарпылған аяқ киім) болып көрiнедi.

2012 жылда өндірілген өнiм көлемi 226,0 млн. теңгені, немесе 2011 жылға 101,7 %, құрды.

«Швейная фабрика «Силуэт» ЖШС – кәсiпорны жұмысының негiзгi түрi тiгiн бұйымдарын тiгу (арнайы киiм, төсек киімі, ТНП) болып көрiнедi.

2012 жылда өнiм көлемi 110,4 млн. теңге, немесе 2011 жылға 59,7%,құрды.

Өнеркәсiптiк кәсiпорындары өндiрiс қуаттарының толық емес жүктеуi; негiзгi өндiрiстiк қорларды толық жаңғырту қажеттiлiгі; айналым қаражатының тапшылығы және төмен пайыздық ставкамен ұзақ мерзiмдi кредиттерге қол жетпеушілігі, ел iшiнде әлсiз салааралық экономикалық бiрiгу, әлем нарығыдағы өнiмнiң бәсекеге қабілеттілігінің жоқтығы - өнеркәсiп салалары дамуының негiзгi проблемалары болып көрiнедi.

Көмiр және құрылыс материалдарын (құм, ұсақталған тас, гранит) өндіру кәсіпорындарымен таныстырылған кен өндiру өнеркәсiбі үшін келесi проблемалармен сипатталады: экспортқа бағытталған өнімнің тар номенклатурасы, тау-кен кешенінде жоғары деңгейде қайта өндірудің жоқтығы, негізгі құралдардың технологиялық ескіру және физикалық тозудың жоғары деңгейі, сыртқы нарықтарда сұраныстың азаюына байланысты өнеркәсіптік өндiрiс көлемінің төмен түсуі.

Азық-түлік өнеркәсібі

Азық-түлік тауарларын шығару үшін шікізат және өндірістік базасының бар болуы Ақмола облысының бәсекелестік артықшылығы болып көрінеді.

2012 жылы бар шарттарына және азық-түлік өнімі көлемінің 37 млрд. теңгеге дейін өсуіне қарамастан, республика ауқымында облыстың үлесі 4,3% ғана құрды.




Азық-түлік өнеркәсібі

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Қазақстан Республикасы, млн. теңге/НКИ, %

623488

(102,7%)

629756

(102,2%)

695245

(105,8%)

828005

(100,7%)

865570

(102,5%)

Ақмола облысы, млн. теңге

18680,6

17335,8

21226,4

34394,7

36970,7

Жалпы көлемде облыс үлесі, %

3,0%

2,8%

3,1%

4,2%

4,3%

Азық-түлік өнеркісібінің ең дамиған салалары сүт және спирт өнеркәсіптері болып табылады. Осыған сәйкес «КМЗ «Молоко Синегорье» ЖШС (Көкшетау қ.), «Есиль Агро» ЖШС (Бурабай ауданы), «Milk Projekt» ЖШС (Зеренді ауданы), «Асыл Сут АК» БКК (Целиноград ауданы); «Кокшетауминводы» АҚ, Айдабұл спиртзауыты жетекші кәсіпорындар болып табылады.




Сүт және сусындар өндірісі

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Өңделген сүт және қаймақ, тонна/ ҚР бойынша үлес %

15786 (5,9%)

18564 (7,4%)

43999 (14,9%)

67442 (19,9%)

70945 (19,0%)

Арақ және ликерарақ бұйымдары,мың литр/ҚР бойынша үлес %

11662,4 (19,1%)

12527,6 (26,1%)

15208,4 (24,4%)

17699,3 (31,5%)

17979,6 (30,3%)

Арақ және ішетін спирт 45,4% дейін, мың литр/ҚР бойы үлес

11610,8 (25,8%)

12423,7 (31,7%)

15109,7 (33,3%)

17562,7 (43,5%)

17831,4 (41,3%)

Азық-түлік өнеркәсібі агроөнеркәсіптік кешен жүйәсінің бір бөлігі болып табылады және ауыл шаруашылығымен жақын байланыс ішінде: 1) шікі зат жабдықтаушысы болғандықтан оған тәуелді болады; 2) ол үшін жем өнімдерін өндіреді (дайын жемдер, қоспалар, қосындылар, концентраттар).

Өңірде дайын жем өндірісі дамиған емес, онсыз мал шаруашылығында жоғары өсу қарқындарына қол жеткізу мүмкін емес. Салыстыру үшін, 2012 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 202,3 мың тонна дайын жемдер өндірілді, Ақмола облысында жалғыз-ақ 52,3 мың тонна.




Дайын жемдер өндірісі

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Ауыл шаруашылық жануарларына арналған дайын жемдер өндірісі (люцернадан ұны мен гранулардан тыс), тонна

352696

304044

397728

445428

536226

Ақмола облысының үлесі, %

1,9

1,0

8,4

8,4

9,7

СҚО үлесі, %

27,2

37,5

29,6

28,0

37,7
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Похожие:

МазмұНЫ iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
МазмұНЫ icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
МазмұНЫ iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
МазмұНЫ iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
МазмұНЫ iconМазмұНЫ

МазмұНЫ iconМазмұны

МазмұНЫ iconМазмұНЫ

МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
МазмұНЫ iconМазмұны
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница