МазмұНЫ




НазваниеМазмұНЫ
страница15/24
Дата конвертации21.02.2016
Размер3.08 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://akmo.gov.kz/sites/akmo.gov.kz/uploads/rabota_s_naseleniem/PRT_Akmo_kaz.doc
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

АУМАҚТЫҚ (КЕҢІСТІКТІК) ДАМУ


Ауылдық аймақтар

Ақмола облысы жерінің аумағы бойынша Қазақстанның тоғызыншы облысы болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша өңір 17 ауданға және облыстық маңызы бар 2 қалаға (Көкшетау, Степногорск), 236 селолық (ауылдық) округтерге бөлінеді. Облыс аумағында 15 кент, аудандық маңызы бар 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Есіл, Ерейментау, Макинск, Степняк, Щучье), 626 ауылдық елді мекен орналасқан.

2012 жылда Ақмола облысы ауыл халқының саны 388,5 мың адам, немесе жалпы санының 53,3% құрайды.




2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Ақмола облысының халқы, адам

741897

735135

733212

731328

732719

облыстың ауыл халқы, %

55,1

53,4

53,3

53,3

53,0

Жоғарыда баяндалғандай, 2008-2012 жылдарда облыс бойынша 31,7 мың адам көлемінде теріс жиінтік миграциялық сальдо шығады. Тиісті кезеңде халықтың табиғи жиінтік өсімі жалғыз 20 мың адам құрды. Соңымен миграциялық үдерістердің өңірдегі халық санының өзгерілуіне маңызды әсері анықталады.

Алғашқы рет 1382 адам көлемінде халықтың оң жалпы өсім сальдосы, соның ішінде табиғи өсім - 4811 адам (2011 жылғыдан 26,6% көп) және 3429 адам көлемінде миграциялық жылыстау (2011 жылғыдан 39,9% аз), 2012 жылдың жағымды нәтижесі болып табылады.




2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Табиғи өсім, адам

3336

4379

3708

3799

4811

Көші-қон өсімі, адам

-8886

-8089

-5581

-5706

-3429

Халықтың жалпы санының көбею көрінісінде ауыл тұрғындар санының 2008 жылғы 54,1%-дан 2008 жылғы 53%-ға дейін азаюы байқалады. Ауыл халқы үлесінің азаю болжамына қарап, осымен байланысты ауыл жерлерінде тұрмыс жағдайларын жақсарту және көші-қонын азайту шаралары қолдануда.

2013 жылда жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде аумақтық-кеңістік тұрғыдан ұтымды орналасқан, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы дамиған және бұдан әрі даму болашағы бар 23 тірек ауылдық елді мекен тізбесі қалыптасқан. Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде қолданыстағы өндірістерді кеңейту және жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объекттерді, тұрғын үй құрылысын дамыту, ТАЕМ-де мемлекеттік, қаржы, сервистік және басқа қызметтерді дамыту бойынша шаралар көзделетін болады.

Ауылдық елді мекендер саны 2011-2012 жылдарда 626 бірлік, оның ішінде 185 АЕМ-де дамудың жоғары әлеуеті бар (29,6%). 2010 жылға қарағанда, жоғары даму әлеуеті бар АЕМ санының азаюы, 2011 жылда АЕМ даму деңгейін белгілеу өлшемлерін есептеу әдістемесінің өзгерілуіне байланысты.

2013 жылда жаңа өлшемдер бекітілді, бұл да жоғары даму деңгейі бар АЕМ-ің санының 144 бірлікке дейін азаюына әсер етті. Сондай-ақ, ең көп еленетін көрсеткіштер бойынша ұпай мөлшері төмен түсірілді: топырақ құнарлылығы (сапа балы); өткізу нарықтарынан алыстығы дәрежесі (ұзақтық, км); ауылшаруашылық өнімі өңдеуінің дамуы (бар/жоқ); ирригация (суармалы) жүйелердің қолданылуы; егін (егін алаңы); жайылым (табиғи жайылым және азық дақылдарының егіні); жолдар (қатты жол төсемі бар жолдар ұзақтығы %); электр энергиясы (қамтамасыздық); телефон байланысы (АТЖ бар болуы).

Әлеуметтік сала мен ветеринарияның мамандарын ауылда тұру және жұмыс істеу үшін тарту және жұмысқа орналастыру мақсатында 2009 жылдан бері «Дипломмен ауылға!» республикалық жобасы іске асырылып жатыр.

Осы жоба шеңберінде 70-еселі МЕК (121,17 мың теңге) көлемінде бір жолғы көшерақы және 1500-еселі МЕК (2 596,5 мың теңге) көлемінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 15 жылдық кезеңіне бюджеттік кредит беруді көздейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар іске асырылады.

2012 жылдың қорытындысында жалпы сомасы 44,3 млн. теңгеге 391 маман көшерақы алды, соның ішінде білім саласында 288 маман, денсаулық сақтау саласында - 83, мәдениет саласында - 15, әлеуметтік қамтамасыз ету саласында - 2, спорт саласында - 2, ветеринария саласында - 1.

Бюджеттік кредитті 394,6 млн. теңге жалпы сомасына 189 маман алды, соның ішінде 132 білім маманы, 43 – денсаулық, 10 – мәдениет, 2 – әлеуметті қамтамасыз ету, 1 – спорт, 1 – ветеринария маманы.

«Дипломмен ауылға!» жобасын төрт жыл ішінде іске асыруда бір жолғы көшерақы түрінде әлеуметтік көмек 1755 маманға көрсетілді, соның ішінде 485 маман жеңілдікті бюджеттік кредит алды.

2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары және орта әлеуеті бар ауылдық елді мекендер «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының пилоттық кезеңін іске асыру шеңберінде көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, қоқыстарды шығару, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою, иесіз нысандарды сырып тастау, ТҚ полигондары мен мал қорымын абаттандыру, ауладағы ойын алаңдарын орнату бойынша 56 жоба іске асырылды.

Облыс дамуының өзекті қауіп-қатері халықтың астанамен облыстық орталығына, болашағы зор өнеркәсіптік аймақтарға, сондай-ақ облыс және ел сыртына жылыстау болып табылады. Сондықтан, халықты тарту үшін облыстың алыс және халқы аз аудандарында жағдай тұғызу, жаңа өндірістерді құру, соның ішінде оралмандарды тарту, миграциялық саясаттың маңызды міндеті болып табылады.


Өңірлік даму

Облыста орналасудың ауылдық типі басым. Сонымен қатар, қалалану деңгейі, яғни облыста қала халықың үлесі 2001 жылғы 46 %-дан 2012 жылы 47%-ға ұлғайды.

Облыс аумағында 1 ірі қала (Көкшетау, 1 орта (Степногорск), 2 шағын (Атбасар және Макинск) және халқының саны 12 мың адамнан кем 6 ұсақ қала бар.

Көкшетау және Степногорск қалаларының үлесі қалалық типтегі бернеше кенттер ауыл мәртебесін алуына, Щучье және Макинка қалаларынан басқа барлық шағын және ұсақ қалаларда халқының саны азаюына байланысты 26,8-ден 29,5 %-ға ұлғайды.

Халықтың тығыздылығын үйлестіру, елді мекендерді орналастыру сипаты, халықтың табиғи және механикалық қозғалысының арақатынасы бойынша халықты орналастырудың 6 типі:

Бірінші тип. Қаланың ең жоғары демографиялық әлеуеті және Астана агломерациялық аймағының аудандары. Бірінші үш топқа кіретін және қарқындылықтың түрлі деңгейімен халықтың жалпы өсімін сипаттайтын барлық қалалар мен аудандар Астана-Петропавл өсімінің коридоры болып табылатын, қалалану аймағына жатады. Көкшетау қаласы және оны қоршаған Зеренді ауданы, Щучье қаласы және Бурабай ауданы, Макинка қ., сондай-ақ, Астанаға жақын орналасқан Целиноград және Шортанды аудандары демографиялық өсу әлеуетіне ие. Демографиялық өсудің барынша жоғары қарқыны «Бурабай» АЭА байқалуда. Осы аудандарда және Бұланды және Ақкөл ауданының батыс бөлігінде халықтың ең үлкен тығыздылығы басым, олар экономикалық кеңістіктің барынша жоғары сапасына ие.

Екінші тип. Бұланды және Ақкөл аудандарының батыс бөлігінің және астаналық қалалық агломерациясын және барлық басқа аумақтарға қарағанда берік демографиялық әлеуеті бар басқа орталық – Степногорск қаласын жалғастыратын Ақкөл қ. ауытқымалы қалалық және ауылдық таралып орналасумен ұсынылған. Ауыл халқының 1-1,2 % көлемінде көшуі әлемнің дамыған елдері үшін қалаланудың қалыпты қарқыны болып саналады, яғни екінші типтегі ауылдық аудандарда халықтың көшуі қалыпты болып танылады.

Үшінші тип. Астрахан, Есіл және Атбасар аудандарының Оңтүстік Орал темір жолының бөлігі болып табылатын, Астана-Тобол темір жолындағы Есіл және Атбасар шағын қалаларымен ауытқымалы ошақтық таралып орналасумен ұсынылған. Аудандар халықтың 1 %-ынан 1,25 %-ға дейін кетудің қолайлы қарқынына және Атбасар ауданының оңтүстік бөлігінен басқа, жеткілікті жоғары тығыздылыққа ие.

Төртінші тип. ауылдық таралып орналасуы Сандықтау және Жақсы аудандарымен ұсынылған, халықтың тығыздылығы үшінші типке қарағанда барынша төмен және халықтың кету қарқыны жоғары – 1,8-1,9 %.

Бесінші тип тығыздылығы төмен халықтың ауытқымалы таралып орналасқан облыстың шығыс бөлігімен және халық саны жылына 2 %-дан көп кететін қалалармен Степняк қ. 2,67 %, Ерейментау қ. – 2,1% ұсынылған. Облыстың осы саласында біркелкі орналаспаған, халықтың төмен тығыздылығы байқалады.

Алтыншы тип. халықтың таралып орналасу типін сирек ретінде белгілеуге болатын, Қорғалжын, Егіндікөл, Жарқайың аудандарын қамтиды, себебі осында халықтың төмен тығыздылығы шаршы метрге 1,3 адам. Оңтүстік батыс бөлігінде 1%-ды 2,5 және одан да көп есеге асатын, халық кетуінің ең жоғары қарқындары байқалуда, бұл қалалану эмпиригіне сәйкес дамыған елдерде қалыпты қарқын деп санауға болады.

Аумақтық-кеңестік құрылымның күшті жағы өңіраралық және өңірлік көші-қонның көрсетілген орталықтарының бары болып табылады, олар Көкшетау қ., Степногорск қ. және өсу полюстерінің маңында тиімді геоэкономикалық жағдайы бар 5 аудан (Бурабай, Целиноград, Шортанды, Зеренді және Аршалы).

Әлсіз жағы облыс аумағы қалалануының төмен деңгейі - 44% болып табылады, бұл Астана қаласының шегінде ауыл халқы санының басымдылығын көрсетеді, сондай-ақ, Щучье және Макинка қалаларынан басқа барлық шағын және ұсақ қалаларда халық санының қысқаруы. Қорғалжын, Егіндікөл, Жарқайың аудандарында халықтың көшуінің жоғары қарқыны (жылына 2,5 %-дан артық) әлсіз жағы болып табылады, бұл халықтың төмен тығыздылығы болған жағдайда аумақтың шөлге айналуына әкелуі мүмкін.

Таралып орналасу үшін сыртқы қауіп БҰҰ шеңберінде тұрғылықты орынды ауыстыруға қол жетімділік және Ресей азаматтығын қабылдаудың оңтайлы тәртібі болып табылады, бұл өңірдің барынша білікті, жас және мобильді халқын тартуға тұрақты орталықтың барын белгілейді.


Экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Адамның техногендік қызметі индустриялық дамуын, өнеркәсіптік және коммуналдық инфрақұрылымын құру және пайдаланудын ілесіп жүреді және материалдық игіліктер жасаудан тыс, қоршаған орта мен адам үшін жағымсыз зардаптарын артуына да себепші болады.

Қоршаған ортаның жағдайы халықтың денсаулығына тікелей әсер етеді және өмір ұзақтығының қысқаруына және халық көші-қонына бір себепші болады.

Ауаны тұрақты ластаушы көздерден шыққан ең көп таратылған зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы 2012 жылда 105,7 мың тонна құрды, бұл 2011 жылғыдан 35,9%жоғары.

Сонымен бірге ластаушы заттарды шығаратын кәсіпорындар саны 2012 жылда 827 бірлік құрды, бұл 2011 жылғыдан 1,7 есеге жоғары. Ең көп көздер Көкшетау және Степногорск қалаларында болып табылады.




2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Барлық тұрақты ластаушы көздерден шыққан ластағыш заттардың көлемі,

436,7

524,9

589,9

518,1

436,3

Тұрақты ластаушы өнеркәсіптік көздерден зиянды заттардың шығарылуы, мың тонна

75,3

71,5

72,9

77,8

105,7

Ластағыш заттардың шығарындылары бар кәсіпорындар және олардың бөлімшелер саны, бірлік

311

309

334

482

827

Ластағыш заттар шығаратын көздердің жалпы саны 2012 жылда 2011 жылмен салыстырғанда 37,9% өсіп, 10566 бірлік құрды. 1041 шығарындылар көзі тазалау ғимараттарымен жабдықталған (2011 жыл - 561).

2012 жылдағы тазалау ғимараттары жұмысының тиімділігі түсті: ауланған және зиянсыздандырылған ластайтын заттардың үлес салмағы, тазалауға түскендерге, 20,9% дейін өсті (2010 жыл – 9,6%, 2011 жыл – 10,9%); Ауланған және зиянсыздандырылған ластайтын заттардың үлес салмағы, тазалауға түскендерге, 95,8% құрды (2010 жыл – 97%, 2011 жыл – 95,4%).

Облыста 2012 жылда 31 коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару кәсіпорындары мен ұйымдары тіркелді (2011 жыл – 30 бірлік).

177,9 мың тонна коммуналдық қалдықтар жиналып шығарылды, бұл 2011 жылдағыдан 31,1% кем.

2011-2012 жылдарда қалдықтарды іріктеу, пайдаға асыру және сақтауды 23 ұйым жүзеге асырды. 2012 жылда сақтауға 175,4 мың тонна қалдықтар түсті, бұл 2011 жылғыдан 9,4% кем.

Қалдықтардың ұқсатылуы облыстың жалғыз 2 өңірінде жүзеге асырылады: Көкшетау қ. және Бурабай ауданында. 2012 жылы 2178,4 тонна коммуналдық қалдықтар ұқсатуға жіберілді.

Жасыл экономиканы дамытуға, денсаулық пен қоршаған ортаның компоненттеріне антропогендік әсерді азайтуға, табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіруге «Жасыл даму» бағдарламасы мүмкіндік туғызады.

Ақмола облысының 6 аудандарымен 2 қаланың аумағында облыстық әкімдіктің идаралық бағыныстағы орман шаруашылығының 13 мекемесінің мемлекеттік орман қорының алаңы 404 630 га құрады, соның ішінде орманды 218 858 га. Орман шаруашылығы қызметкерлерінің штаттық саны 516 адам құрайды, соның ішінде орман күзеті - 491 адам.

2012 жылда өртке қарсы және орман қорғау іс-шаралары шеңберінде ұзындығы 3614 км минералданған тілімдер құрылғысы жасалған (2011 жыл - 2030 км), ұзындығы 33715 км минералданған тілімдерге күтім жүзеге асырылған (2011 жылда – 25536 км). Орман шаруашылығы мекемелерінде табиғатты қорғау полициясымен бірлесе отырып орман алаптарын күзету бойынша әрекет топтар ұйымдастырылды.

Орман өрті алаңы 2012 жылда 13 га кұрды (2011 жылда – 14 га).

2011 жылда 9,8 млн. дана біржылдық екпе көшет, 6,8 млн. дана ағаш және бұта түрлеріндегі екіжылдық стандартты екпе көшет және стандартты 52,8 мың дана екпе көшет көлемінде көшет материалдары өсірілді. 2012 жылда орман шаруашылығы мекемелерінің көшеттіктерінде 10,2 млн. дана көшет материалдары өсірілді: ағаш және бұта түрлеріндегі көшет пен екпе көшет, соның ішінде 4,3 млн. дана біржылдық екпе көшет.

Орманды табиғи жаңғыртуға болысу шаралары 2012 жылда 839 га алаңында өткізілді, бұл 2011 жылғыдан 10,4% жоғары (760 га).

2012 жылда 2503 га алаңында тікелей орман егу жоспары орындалды, соның ішінде ақылы қызметтер есебінен 182 га, орман дақылдарының толықтыруы 445 га алаңында жасалды, бұл жоспары 360 га болса 160% құрайды.

Астана-Щучье автожолы бойынша Шортанды-Щучье учаскесінде 1637,1 га алаңында орман дақылдары отырғызылды.

Облыста орман шаруашылығының мекемелерімен бірлесе отырып ЖОО мен колледжтердің студенттерін көгалдандыру және күту жұмыстарына орналастыратын «Жасыл Ел» жас еңбекші жасақтарының облыстық штабы жұмыс істейді.


Өңірдің экологиялық проблемалары

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған, 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздіқ тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 9 жергілікті экологиялық проблемалары көрсетілген, Ақмола облысының экологиялық проблемалар тізімі жасалды.

  1. Көкшетау қ. Қопа көлінің тұнба қабаттарымен ластануы

  2. Зеренді ауданының Зеренді көлінің тайыздануы («Көкшетау» МҰТП

аумағы).

  1. Көкшетау қаласындағы полигонның қатты тұрмыстық қалдықтарымен (ҚТҚ) толып кету қаупі.

  2. Ақмола облысының елді пункттерінде су тарту нысандары

желісінің тозуы.

  1. Щучье-Бурабай курорттық аймағының (ЩБКА) ағын суларын

тазалау жүйесінің құрылысы қажет.

  1. Елді мекендер мен ЩБКА көлдері мен өзендерінің

жағалауларында орналасқан шипажайларда кәріз жүйелерінің тозуы

  1. Ақмола облысында бұзылған жерлердің бар болуы.

  2. Ақмола облысының су қоймаларын қорғау және тиімді пайдалану

  3. Көкшетау қ. су тарту және ағынсуларын тазалау нысандарының құрылысын қайта жүргізу қажет.

Бұдан басқа, атмосфераны ластаудың ірі стационарлық көздері

Степногорск ЖЭО және №2 аудандық қазандық (Көкшетау қ.) болып табылады. Жалпы, шығару көлемдерінің артуы 2009 жылы 38,4 % ұлғайып, 103,9 мың тонна құрғанын атап өту қажет. Облыстың барынша ластанған өнеркәсіптік орталықтары Степногорск және Көкшетау қалалары, олардың үлесіне 2009 жылы ластайтын заттардың барлық шығаруларының 50 %-дан артығы тиесілі.

Күл, шлак қалдықтарының негізгі көлемі жылу энергиясын өндіретін кәсіпорындардан қалыптасады. Облыс аумағында екі ірі кәсіпорындар – «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК және «Джет-7» ЖШС бар.

Облыс аумағында қалыптасатын өнеркәсіптік қалдықтар, оларды қайта өңдеу кәсіпорының жоқтығынан пайдаға асырылмайды. Сондай-ақ, 4 қолдық сақтау орындары бар, оның ішінде 3 бірлік «Қазақалтын» АҚ (Степногорск қ.) және 1 бірлік «Васильков ТБК» АҚ (Көкшетау қ.) балансында. 2009 жылы өндірістік қызметтің нәтижесінде облыс кәсіпорындарында 101 млн. тонна қауіпті қалдықтар жиналған, 2004 жылдың деңгейінен 18,6 % артық.

Өндірістің улы және радиоактивті қалдықтарының біртіндеп жиналуы облыс үшін үлкен экологиялық проблема болып табылады. 2009 жылы облыс аумағында 15 млн. тоннадан артық радиоактивті қалдықтар жиналған. Қалдықтардың құрамында (байыту қалдықтары) радиоактивті және химиялық улы элементтер бар. Облыс аумағында 90-жылдардың ортасына дейін уран кен орнын барлау және өндіру жүзеге асырылған. Қазіргі уақытта, радиоактивті қалдықтар «Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС қызметінің нәтижесінде қалыптасады.


МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ


Мемлекеттік қызметтер

Ақмола облысының аумағында 22 халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) жұмыс істейді.

Шалғай орналасқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді ұсыну мақсатында, халыққа қызмет көрсетудің жедел орталықтары (бұдан әрі – жедел ХҚКО) құрылды. Ақмола облысында жедел ХҚКО «ХҚКО» РМК филиалының директорымен бекітілген, көші-қон полициясының және жергілікті атқарушы органдармен келісілген іссапарға шығу кестесіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Тұтастай алғанда, 2013 жылы облыс бойынша 17 аудан және Степногорск қ. бойынша іссапарларға шығу кестелері бекітілді.

БАҚ, баннерлер, хабарландырулар, стендтер арқылы жедел ХҚКО жұмысын танымал ету жөніндегі жұмыс жүргізіледі.

2013 жылғы 18 қыркүйекте әкімдіктің 127 мемлекеттік қызметін қамтитын Мемлекеттік қызметтің жаңа тізілімі қабылданды, ол ескі тізілімдемеге қарағанда 1,6 есеге артық (2012 жылы – 77 қызмет).

Мемлекеттік қызметтің тізілімін кеңейту, стандарттарға және регламенттерге сәйкес тұрғындардың қызмет алуына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтердің регламенттері облыс әкімдігінің қаулысымен мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіткеннен кейін 30 күннің ішінде бекітіледі. 2013 жылғы 01 желтоқсандағы жағдай бойынша бекітілген стандартар жоқ, себебі ол орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жатады.

2012 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 2579,8 мыңды құрады және ол 2011 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға төмен (2750,1 мың қызмет). Сонымен қатар, ХҚКО арқылы 51,2 мың қызмет көрсетілді, ол 2011 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге көп (27 мың қызмет).

Соңғы 4 жылдың ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер мен тұтынушылар саны өсуінің оңтайлы серпіні байқалады. 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы санының төмендеуі, 2011 жылы ветеринарлық төлқұжаттардың белсенді түрде берілуімен түсіндіріледі.




2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, мың дана

139,4

1107,5

2750,1

2579,8

о.і. ХҚКО арқылы, мың дана

1,5

7,0

27,0

51,2

о.і. «электрондық үкімет» порталы арқылы

0

0

0

467

Мемқызметті көрсету мерзімдерін бұзу, рет

19

169

21

70

Мемқызметті көрсету сапасына шағымдану, рет

5

73

6

18

2012 жылдың қорытындысы бойынша «Дәрігердің қабылдауына жазылу» (2094,4 мың) және «Дәрігерді үйге шақыру» (173,4 мың) сияқты денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету, барынша талап етілген қызметтер болды.

2012 жылғы жағымсыз қорытындыларының ішінен 2011 жылмен салыстырғанда қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және шағымдану санының тиісінше 49 және 12 уақиғаға артқандығын атап өту қажет.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын және уақытылы көрсетілуін арттыру жөніндегі іс-шаралардың барысында мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер санының өзгермелі серпіні байқалады (2010 жылы – 169, 2011 жылы – 21, 2012 жылы - 70).

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жақсарту және қызметті тұтынушылардың көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында, 2011 жылғы қаңтар айынан бастап мемлекеттік қызмет көрсететін облыстың барлық уәкілетті органдарында мемлекеттік қызмет көрсету карточкасы енгізілді.

2012 жылдың қорытындысы бойынша қызмет көрсету сапасымен қанағаттанған әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың пайызы 24%-ға артты және 99%-ды құрады (2011 жылы -75%). 2011 жылдың қорытындысы бойынша, сұрау салынған 37186 әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар және солар бойынша толтырылған карточкалардың ішінен 27890 респондент мемқызметті ұсынуды «жақсы» деп бағалады, 2012 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің 17242 карточкасы толтырылды, оның ішінде «жақсы» бағасымен - 17118, «қанағаттанарлық» - 118, «нашар» - 6.

Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін оңтайландыру, олардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, қызметтерді Е-әкімдік және Е-ХҚКО ақпараттық жүйелерін қолдану жолымен сандық форматқа көшіру қарастырылды.

Электрондық қызметтерді танымал ету жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады: облыстық және өңірлік газеттерде жариялау, баннерлерді және анықтамалық ақпаратты мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру.

Ақмола облысы әкімдігінің электрондық қызмет порталында облыстың мемлекеттік органдарымен көрсетілетін қызметтер, мемқызмет көрсету тәртібі, қызмет берушілердің байланыс мәліметтері, сондай-ақ egov.kz порталына сілтеме жасай отырып онлайн-қызметтер туралы ақпарат орналастырылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсететін қызметшілердің жеткіліксіз біліктілігі, тұтынушылардың мемлекеттік қызмет регламенттері және нұсқаулықтарды алу тәсілдері туралы төменгі деңгейдегі ақпараттануы, интернет-технологияларды пайдалана білмеуі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде орын алатын түйткіл мәселеге жатқызылады, ол қызмет көрсетудің сапасына және мерзіміне теріс ықпал етеді.

Халықтың ақпараттандырылуын, құқықтық сауаттылығын және тұрғындардың қызмет көрсететін мемлекеттік органдарға талап қоюын, мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшінің кәсіби деңгейін арттыру, халыққа құқықтық қызмет көрсетудің сапасын арттырудың бір жолы болып табылады.

Бүгінгі күні, мемқызмет көрсету стандартының болмауы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы түйткіл мәселелердің бірі болып саналады.

Сонымен қатар, тұтынушы меморганға, немесе порталға, немесе ХҚКО өтініш білдіруін өзі таңдайтын баламалы қызмет, ХҚКО арқылы немесе электронды түрде қызмет көрсетудің бір мәселесі, ол қызмет алушы үшін қолайлы, сонымен қатар «Электрондық үкімет» порталы және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік қызмет пайдаланушылардың үлесі» өлшемін есептеу барысында мемқызмет көрсету бағыты бойынша меморган қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалаудың нәтижесіне ықпал етеді.


2.3 Орташа жедел перспективада аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелері, қауіп-қатерлері, іркілу факторлары, бәсекелік басымдылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Басымдылық А*

  • Ауыл шаруашылығының дамуына қолайлы топырақты-климаттық жағдайлар, дәнді дақылдар өнімділігінің 35%-ға, ал көкөністер өнімділігінің 21,4%-ға жоғарылауы, азық-түлік өнімдерінің көпшілігімен іштей қамтылу;

  • Құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсібі өндірісін дамытуға пайдалы қазбалар мен минералды ресурстардың бай кен орындарының, жергілікті шикізаттың болуы;

  • Аграрлы сектор - медицина және фармацевтика – экология және табиғатты тиімді пайдалану сияқты биотехнология салаларындағы жоғарғы инновациялық әлеует;

  • Халықтың тууының жоғарылауы мен өлімінің төмендеуі негізіндегі облыстағы табиғи өсімнің тұрақты жағымды даму беталысы.

Басымдылық B

  • Туризмнің дамуына жағдай жасаушы «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының болуы.

  • Шағын кәсіпкерліктің дамуы және Астана және «Бурабай» АЭА есебінен өтім нарығының ұлғаюы;

  • Тіркелген ҮЕҰ санының жағымды өзгерісі және олардың қызметтерінің әр түрлі салаларға бағытталуы (2005-2009 жж. ҮЕҰ саны 199-ға өсті);

  • Облыстағы елді-мекендердің ¾ бөлігінде (629) ЖИТС ауруына шалдығу жағдайларының жоқтығы.



Басымдылық С

  • Мектептерді компьютерлермен, жаңа модификацияланған кабинеттермен және кең тарапты Интернет желісімен жабдықтау есебінен материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейінің тұрақты өсуі;

  • Адамдардың мәдениет объектілеріне бару деңгейінің 1,6 есе өсуі (орындар санының бір қалыпта қалу жағдайында);

  • Электр және жылу желілеріндегі шығындардың (12% және 16,6% тиісінше) салыстырмалы түрдегі төмен деңгейі




Басымдылық А

  • Өнеркәсіп диверсификациясының және инновациялық жобаларды іске асырудың төмен деңгейі;

  • Мал шаруашылығы өнімділігінің төмен деңгейі (асыл тұқымды емес мал үлесінің көп болуына, санитарлық бақылау талаптарының орындалмауына және жем қорының аздығына байланысты) және қайта өңдеу кәсіпорындары зоналарындағы дайындау пунктерінің жеткіліксіздігі;

  • Облыстың 84%-ға жуық елді-мекендеріндегі (629) дәрігер мамандардың аздығы;

  • Біртекті емес аумақтық-кеңістіктік даму: өсудің жоғары темптерінің тек «Бурабай» АЭА және Астана қаласының маңында байқалуы;

  • Халықтың туберкулезбен және жүрек-тамыр ауруларымен ауыруының жоғары деңгейі.

Басымдылық B

  • Инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінің жоғарғы тозу деңгейі;

  • Өнеркәсіп қалдықтарын және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, жою және жерге көмуге қажетті өндірістік қуаттардың жоқтығы және облыстағы жалпы экологиялық жағдайдың нашарлауы;

  • Мектепке дейінгі білім беру қызметімен қамтылмаған балалар саны облыс бойынша 58,1%, оның ішінде қалаларда - 58,1%, ауылдарда 54,8%; ауылдардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен жеткіліксіз мөлшерде қамтылуы: салынғанына 40 жыл өткен мектептер (195 АЕМ); соңғы 10 жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген мектептер (501 АЕМ);

  • Денсаулық сақтау объектілері бейімделген ғимараттарда орналасқан (493 АЕМ); салынғанына 40 жылдан астам уақыт өткен денсаулық сақтау объектілері (162 АЕМ); соңғы 10 жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген денсаулық сақтау объектілері (569 АЕМ); жалға алынған ғимараттарда орналасқан денсаулық сақтау объектілері (416 АЕМ);

  • Орталықтанбаған сумен қамтамасыз ету көздері (277 АЕМ); жеткізілетін су (37 АЕМ);

  • Аудан орталығына дейінгі жолдардың жағдайы қанағаттанарлықсыз (159 АЕМ);

  • Жол тығыздығының төмендігі және жақсы жағдайдағы жол үлесінің салыстырмалы түрде аз болуы.

Басымдылық С

  • Еңбек нарығындағы теңсіздік, инновациялық менеджмент саласындағы мамандардың, дәрігерлердің, металл пісірушілердің, электриктердің, жүргізушілердің, машинисттердің, трактористтердің аздығы;

  • Халықтың көшуі, жалақы мөлшерінің аздығы және мамандардың қартаюы салдарынан пайда болған педагог мамандардың үздіксіз түрдегі жеткіліксіздігі;

  • Мәдениет саласындағы ғимараттар мен құрылыстардың жоғарғы тозу деңгейі – 92,3%;

  • Облыста өндірілетін электр энергиясы оған деген қажеттілік көлемінің 14% ғана қанағаттандырады.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Басымдылық А

  • Астана қала агломерациясы зонасында ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау және тасымалдау үшін қажет көліктік-логистикалық терминал салу;

  • Облыс халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету және Астана қаласының маңында азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасы шекарасында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, бұл ауыл шаруашылық саласының дамуына жағымды әсер етеді;

  • Шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенді рөлі бар экономиканың кластерлік үлгісін дамыту, соның салдарынан туындайтын малдың тұқымдық сапасын жақсарту бойынша (оның ішінде шетелдік гендік қор, импорттық селекция тұқымдарын әкелу және мықты жемдік қор жасау есебінен) селекциялық-тұқымдық мақсаттары бар жұмыстар жүргізу, қызмет көрсету-дайындау орталықтарының тәжірибесінен арттыру;

  • Үдемелі индустриалдық даму Бағдарламасы және Жол картасы 2020 шеңберінде инновациялық жобаларды іске асыру негізінде экономиканы диверсификациялау.

Басымдылық B

  • АӨК-не қажетті жоғары білікті мамандарды дайындау;

  • Туристтік қызмет көрсетулерге деген сұранысты арттыру және облыстағы туризмнің тартымдылығын жоғарылату, қазіргі заманғы туристтік инфрақұрылымды, оның ішінде экотуризмді, аң аулау туризмін дамыту;

  • Жұмыс істеп жүрген дәрігер мамандарды және білім беру саласындағы мамандарды жұмыс орындарына ұзақ уақытқа бекіту мақсатында іс-шаралар жүйесін жасау және ауылдық елді мекендерге жас мамандарды тарту;

  • Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту;

  • Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, көлік салаларындағы шағын жән орта бизнесті дамыту.

Басымдылық С

  • Облыстың жоғарғы транзиттік әлеуетін, халықаралық әуе коридорына ену мүмкіндіктерін пайдалану.

  • Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру деңгейін 100%-ға жеткізу мақсатында қазіргі заманғы мектепке дейінгі мекемелерді салуды бюджет тарапынан қаржыландыруды кеңейту және жеке меншік қаржыландыруды (МЖС) ынталандыру;

  • Бюджеттік ресурстарды тиімді инвестициялау негізінде халықтың өмір сүру сапасын арттыру;

  • Өнеркәсіп кәсіпорындарының ластау көлемін бақылауды жақсарту.

Басымдылық А

  • Ұсақ тауарлы өндірістің басымдылығы (ең көп мөлшері мал шаруашылығында) жаңа технологияларды енгізуге, қайта өңдеу деңгейін арттыруға бөгет болады, соның салдарынан өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігі төмендейді;

  • Қайта өңдеу саласының технологиялық жағынан артта қалуы ет-сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді және жалпы саланың дамуына жағымсыз әсер етеді;

  • Облыстың экономикалық кеңістігі сапасының нашарлауы, сонымен қатар жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету инфрақұрылымының даму деңгейі бойынша, энергия тұтыну көлемі бойынша ауыл аймақтардың күрт артта қалуы.



Басымдылық B

  • ТМД шекарасында мекен-жайды ауыстыру мүмкіндігі және Ресей мемлекетінің азаматтығын қабылдаудың қысқартылған шаралары аймаққа біліктілігі жоғары жас мамандардың тартылуына жағдай жасайды;

  • Ішкі нарықтың импортқа тәуелділігінің (оның ішінде Кеден Одағы шекарасында әкелінетін тауарлар есебінен) артуы;

  • Ауыл аймақтарындағы және шағын қалалардағы өмір сүру сапасының төмен деңгейі мамандардың кетуіне (әсіресе әлеуметтік саладағы мамандардың) әкеліп соқтырады.



Басымдылық С

  • Ресурстарды тиімсіз пайдалану салдарынан облыстың минералды-шикізат қорының азаюы, уран рудасын қазып алу және қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдық сақтау орындары мен су тұндырғыштары экологиялық қауіп-қатер тудырады;

  • Денсаулық сақтау және білім беру саласын жеткіліксіз қаржыландыру, оның ішінде бар құрылғыларды жаңартуға және қазіргі заман талабына сәйкес құрылғыларды сатып алуға қажетті қаржының жетіспеушілігі құрылғылардың физикалық және моральдық тозуына әкеліп соқтырады, бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтер сапасының нашарлауын тудырады;

  • Импорттық тауарлардың көбеюіне орай ішкі және сыртқы нарықтық жоғалуы, импорттың жоғарылауы

  • Инвестициялар көлемінен көрініс табатын инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі.

* Іске асыру басымдылығына және мүмкіндігіне орай күшті, әлсіз жақтар, мүмкіндіктер және қауіптер 3 топқа: А, В, С жіктелген.

2.4. Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау


Ақмола облысының аумағын дамыту бағдарламасын іске жыру кезеңінде 5 мемлекеттік, 13 салалық және 2 өңірлік бағдарлама іске асырылады.

«Экономикалық даму» бағыты бойынша мыналар іске асырылады:

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

«Өнімділік 2020» салалық бағдарламасы;

«Бизнестің жол картасы 2020» салалық бағдарламасы;

«Агробизнес 2020» салалық бағдарламасы;

«ҚР туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама»;

«Ақмола облысында етті мал шаруашылығын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы»;

«Ақмола облысында сауын мал шаруашылығын дамытудың 2013 2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы»;

«Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі 2012-2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама».

«Әлеуметтік сала» және «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі» бағыттары бойынша:

«ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

«2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»;

«Тілдерді дамыту мен қолданудың және қызмет етуінің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

«Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы;

«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» салалық бағдарлама»;

«Жұмыспен қамту 2020» салалық бағдарламасы;

«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы»;

«Ақмола облысында құқық бұзушылық алдын алу жөніндегі 2011 2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама».

«Инфрақұрылымдық кешен» және аумақтық (кеңістіктік) даму бағыттары бойынша:

«ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған салалық бағдарламасы»;

«2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» салалық бағдарламасы»;

«Қол жетімді тұрғын үй - 2020» салалық бағдарламасы»;

«ҚР көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама».

Сондай-ақ, 2011-2012 жылдары аумақты дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру барысында 2020 жылға дейінгі мемлекетті аумақтық кеңістіктік дамытудың болжамдық сұлбасын іске асыруда «Өңірлерді дамыту» және «Моноқалаларды дамыту бағдарламасы» салалық бағдарламалары әзірленді және бекітілді, сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламаларымен қатар, Ақмола облысының өңірлерін әлеуметтік экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша мақсаттарға жетуге және міндеттерді орындауға оң әсерін беретін, мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Бағдарламалармен әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тұрақты және теңдестірілген өсімін қамтамасыз ету бөлігінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы; экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және тендестірілген өсімі, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру; ірі қара мал басының тауарлық табын санын арттыру, ірі қара мал басы етінің экспорттық әлеуетін дамыту реттелуде.

Жалпы білім беру мектептерінде Қазақстан Республикасының зиялы, физикалық және рухани дамыған азаматтың қалыптасуы, жедел өзгерудегі әлемде табысқа ие болатын, білім алуда оның сұранысын қанағаттандыру, мемлекеттің экономикалық қолайлылығы үшін бәсекеге қабілетті адам капиталының дамуы; оқудың 12 жылдық моделіне көшуі; балалардың сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен және оқумен толық қамтылуы қамтамасыз етіледі, мектепке дейінгі тәрбие және оқудың түрлі бағдарламаларына балалардың тең қол жетімділігі қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік тілдің және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту; Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік тілдің толық көлемді қызмет етуін қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясат; тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға көмектесу арқылы халықтың табысын арттыру; қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыру қамтамасыз етілуде.

Халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау және коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсарту; халықты сапалы ауыз суымен және су тарту қызметтерімен қамтамасыз ету; халықтың тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз ететін тұрғын-үй құрылысын дамыту; перспективалы өңірлердің өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу; орта және ұзақ мерзімді перспективада моноқалалардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы қамтамасыз етіледі.


3. АЙМАҚТЫҢ ДАМУ КӨРІНІСІ



Ақмола облысы биотехнология және аграрлық сектор саласында инновациялық әлеуетті белсенді дамытатын және Астана қ. азық-түлік белдеуін құруды қамтамасыз ететін елдің агроөнеркәсіптік кешені көшбасшыларының бірі; түсті металлургия, уран өндірісі, машина жасау, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және құрылыс материалдарын өндіру салаларындағы бәсекеге қабілетті, экспортты бағытталған өңдеу өнеркәсібі бар өңір; сервистік қызметтің заманға сай деңгейімен жаппай туризмнің орталығы; адамзат әлеуеті жоғары деңгейдегі өңір болып танылады.


    1. . Түйінді индикаторлар




  • 2015 жылы жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) көлемі 1220,3 млрд. теңге (2011 жылы 809,4 млрд. теңге) құрады.

  • 2015 жылы агроөнеркәсіптік кешеніндегі еңбек өнімділігі 2011 жылға 1,7 есе артады.

  • 2015 жылы ЖӨӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13% (2011 ж. – 13,5 %) құрайды.

  • Тауарлардың жүйелі қалыптасудағы кәсіпорындарының сатып алуларында жергілікті қамтудың үлесі 56,5%, жұмыстар мен қызметтер – 93,6% құрайды.

  • Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы 5,3%-ға дейін төмендейді (2011 ж. – 5,5 %).

  • 2015 жылы 3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылуы 92,8% құрайды.

  • 2015 жылы осы жастағы жастардың (14-24 жас) техникалық және кәсіби біліммен қамтылуы – 19,2% құрайды.

  • 2015 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 67,6 жас құрайды.

  • 2015 жылы халықтың медициналық қызмет көрсету сапасымен қанағаттандырылу деңгейі 90 % құрайды.

  • 2015 жылы дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықтың қамтылуы 24,3 % құрайды.

  • Мемлекеттік тілді игеретін халықтың үлесі 2015 жылы 75 % құрайды.

  • Жақсы және қанағаттандырылған жағдайдағы жергілікті маңызы бар, автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылы 70 % құрайды.

  • Дамудың әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны 2015 жылы 144 бірлік құрайды.



1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

Похожие:

МазмұНЫ iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
МазмұНЫ icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
МазмұНЫ iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
МазмұНЫ iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
МазмұНЫ iconМазмұНЫ

МазмұНЫ iconМазмұны

МазмұНЫ iconМазмұНЫ

МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
МазмұНЫ iconМазмұны
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница