МазмұНЫ




НазваниеМазмұНЫ
страница12/24
Дата конвертации21.02.2016
Размер3.08 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://akmo.gov.kz/sites/akmo.gov.kz/uploads/rabota_s_naseleniem/PRT_Akmo_kaz.doc
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Тілдерді дамыту

Облыс көлемінде 19 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді: 1 облыстық орталық, 16 аудандық және 2 қалалық орталық. Барлық орталықтарда мемлекеттік тілді оқыту жүргізіледі, сонымен қатар, 7 орталықта ағылшын тілі оқытылады.

Соңғы 4 жылда мемлекеттік тілді оқыту бойынша курстағы тыңдаушылардың саны 51%-ға, мемлекеттік қызметшілердің саны 54%-ға өсті. Қазіргі таңда 2357 тыңдаушы сертификат алды. Соның ішіндегі 858-і мемлекеттік қызметшілер. 2013 жылы облыс бойынша жалпы 361 топ ашылды. Аталмыш топтарда оқитындар 3968 тыңдаушы, оның 1506 – мемлекеттік қызметші.

9 орталықта (облыстық орталық, Көкшетау қаласы, Целиноград, Есіл, Шортанды, Сандыктау, Бурабай, Егіндікөл, Жарқайың аудандары) қазақ тілін меңгеремін деушілерге тегін курстар ұйымдастырылған.

Жыл сайын өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді оқытуға байланысты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында лоттар қарастырылады. 2013 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Евразия-Даналық» гуманитарлық зерттеу жекеменшік қоры жұмыс жасап, 100-ден астам адамды оқытты.

Жыл сайынғы мониторинг бойынша тіл саясатындағы БАҚ-тағы жарияланымдар соңғы жылдары 74% өсті. Облыстық телеарнадағы мемлекеттік тілдегі телебағдарламалар 2012 жылы 69%, радио – 50 % құрады. Облыстық газеттерде мемлекеттік тілді насихаттау бойынша 35 айдар жұмыс істейді.

Әлеуметтік сұрау салу бойынша мемлекеттік тілді меңгергендердің саны 2012 жылы 63% құрады, 2011 жылғы әлеуметтік сұрау салуға қарағанда 12% жоғары. Орыс тілін меңгерген халықтың үлесі 82% .

2013 жылғы 25-26 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ тілді білудегі бағалау жүйесі бойынша 1275 адамға сынақ түріндегі тестілеу өткізді. Тестілеу қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде меңгергені 23%, базалық деңгейде - 60%, орта деңгейде меңгергені - 13%, ортадан жоғары деңгейде меңгергені - 3%.




2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Баспа өнімдеріне жазылу, дана./

мемлекеттік тілде, %

31102

42,3%

31607

42,5%

31682

41,9%

30884

44%

Мемлекеттік тілді оқыту орталығында оқитын тыңдаушылардың саны, адам.




2518

2901

3804

Мемлекеттік тілдегі іс жүргізудің үлесі, %

75,7%

79,3%

88,2%

91,5%

Мемлекеттік тілдегі іс жүргізудің үлесі жергілікті атқарушы органдардың құжат айналымына сәйкес жыл сайын өсіп отырады және 2012 жылдың қорытындысы бойынша 91,5% құрады.

Аймақ бойынша мемлекеттік тілдегі кітапханалық қордың көп бөлігі Енбекшілдер (36,1%), Қорғалжын (34,1%), Егіндікөл (30,6 %), Зеренді (30,1%), Жақсы (26,7%) аудандарында, төмені – Степногорск қаласында (9,5%), Шортанды (13,1%), Ақкөл (13,8%) және Атбасар (14%) аудандарында.





2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Кітапханалық қор, мың дана

5213,3

5184,0

5188,5

5163,1

5157,7

соның ішінде мемлекеттік тілде

811,6

843,9

868,5

905,6

966,3


Облыс орталығындағы «Шаңырақ» ана тілдерін үйрету мектебінде 8 тілде оқу жүргізіледі: қазақ, орыс, поляк, неміс, кәріс, инғұш, татар және армян.

Сонымен қатар облыс аймақтарында тілдерді үйрену курстары жұмыс істейді. Мысалы, Астрахан ауданында поляк тілі үйретіледі, Сандықтау, Бурабай, Бұланды, Атбасар аудандарында және Степногрск пен Көкшетау қалаларында неміс тілі үйретіледі.

Тілдерді дамыту саласындағы мәселелер: халықтың мемлекеттік тілдегі БАҚ-тан жеткіліксіз түрде хабардар болуы.

Мемлекеттік тілдегі аймақтық интернет-ресурстар негізінде мемлекеттік мекемелер мен ведомствалардың сайттарына ғана енгізілген.


Дене тәрбиесі және спорт

2012 жылы облысымызда дене шынықтырудың 1147 ұжымы саналды шұғылданушылар саны 154189 адамды құрайды, оның 59,3% - ы ауылдарда. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын, барлық жастағы халықтың қамтылуы 2009 жылы 13,7% ал 2012 жылы 21% жоғарылады.

Спорт және халықты салауатты өмір салтына қалыптастыру саласында 1788 мамандар жұмыс жасайды, оның ішінде тек қана 86% -ы жоғары дене шынықтыру білімдері бар (орташа алғанда ҚР бойынша – 91,5%).





2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Дене шынықтыру ұжымдарының саны, бірлік.

1106

1090

1101

1113

1147

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны, адам.

98449

101436

114240

134676

154189

оның ішінде ауылдарда, %

66,4

65,8

63,7

61

59,3


Шұғылданушылардың жалпы санынан 84,3% - ы спорт түрлері бойынша топтар мен секцияларға барады, клубтарда, шынықтыру-сауықтыру бағытындағы топтар – 15,7%, ақылы топтар – 4,5%.

2012 жылы осы көрсеткіш бойынша лидерлар 27% жоғары Аршалы, Жаркайың және Зеренді аудандары болып табылады. Бәрінен аз дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар Қорғалжын ауданы (14,6%) Көкшетау (15,5%) және Степногорск (15,7%) қалаларының тұғындары.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2012 жылы облыс бойынша жалпы саны 545,8 мың. адамның қатысуымен 1294 бұқаралық-спорттық іс шара өткізілді.

Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арнаған облыстық мектеп-интернатта және спорт мектептерінде 11712 балалар мен жасөспірімдер оқиды, бұл жалпы білім беретін мектеп оқушылары жалпы санының 11,37% ын құрайды. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын жасөспірімдер мен балалар саны 2009 жылы 10% ға 2012 жылы 11,37% ға жоғарылады.





2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Дене шынықт ыру және спортпен шұғылданатын жасөспірімдер және балалар саны, адам

11117

11190

11174

11717

11712

оның ішінде ауылдарда, %

40,3

41,8

45,6

43,4

42

Жаттықтырушы, оқытушылар саны, адам

257

261

271

288

293

оның ішінде арнаы білімі барлар, %

71,6

74,2

78,9

85,2

86,1

жоғары дене шынықтыру білімі барлар, %

70,4

69,3

72,7

76,4

75,4


Облыстың спорт мектептерінде спорттың 40 түрі дамыған, оның ішінде 22 – олимпиадалық түрлері. Спорт мектептерінде шынығатындардың көбі футболға, бокс, қазақ-күресіне, волейбол, шаңғы жарысы, коньки, еркін күрес, баскетболға қатысады.

Ақмола облысы үшін спорттың қимылды түрлері шаңғы жарысы, биатлон, бокс, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, триатлон болып табылады.

Өңірдің табиғи-климаттық жағдайы қысқы спорт түрлерін дамытуға жарамды. 2012 жылы шаңғы жарысын дамыту концепциясы аясында шаңғы спортының секциялары саны 35 тен 80 бірлікке дейін жоғарылады.

2012 жылы облыстың спорт мекемелерімен 31 спорт шеберлері және 11 халықаралық класстағы спорт шебері дайындалған. Түрлі спорт түрлерінен ҚР ұлттық құрама командасының құрамына Ақмола облысының 274 спортшылары кіреді, оның 56,6% - ы олимпиадалық түрлері бойынша.

2012 жылы 1837 спортшылар мен жаттықтырушылар 295 республикалық және халықаралық жарыстарға қатысты.





2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

спорт мектептерінің саны, бірлік.

27

28

28

28

29

дамытылатын спорт түрлерінің саны (олимпиадалық/ олимпиадалық емес), бірлік.

34

(18/16)

34

(18/16)

39

(21/18)

39

(21/18)

40

(22/18)

Дайындалды (СШК/СШ/ХКСШ), адам.

277/37/9

222/27/5

157/29/5

175/27/8

169/31/11

ұлттық құраманың құрамына енгендер, адам.

152

226

230

231

274

Республикалық және халықаралық жарыстарда иеленген медальдар саны (ҚР/Азия/әлем), мед..

267

283

417

413

553

Ұлттық спорт түрлері белсенді дамуда: көкпар, ұлттық ат спортының түрлері, құсбегі, тоғыз құмалақ, қазақ күресі және армрестлинг. Облыстың 7 өңірінде ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық БЖСМ филиалдары ашылды.

Спорттық ғимарат саны 2004 жылдан бастап 299 бірлікке жоғарылап 2095 нысанды құрады. Соның ішінде 18 спорттық кешендер, 596 спорт залдары, 1154 жабық ғимараттар. Сонымен бірге нысандардың көбеюі, негізінде, жабық ғимараттар есебінен болады, оның үлесі нысандардың жалпы санына 55,1% -ды құрайды. Спорттық нысандардың жалпы санынан 75% спорттық құрылыстар білім беру жүйесіне қарайды, 3% - - БЖСМ, 4% - жеке, 18% - басқа ведомстваларға қарайды.




2004ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Спорттық құрылыстар саны, бірлік.

1756

1918

1962

2042

2095

онің ішінде ауылдарда, бірлік.

1522

1402

1411

1479

1510

Жөнделген спорттық нысандар, бірлік.

3

2

2

1

2

Енгізілген спорттық нысандар, бірлік.

16

19

44

80

53

Халықтың аудандардағы спорттық құрылыстармен әлсіз қамсыздандырылуын жағымсыз жаққа қаратуға болады.

2012 жылы өткізілген жабық спорттық ғимараттарды тексеру сараламасы бүгінгі күні спорт залдарының қажеттілігі 23897 кв.м немесе 82 спорт залын құрайтынын көрсетті. Қазіргі уақытта облыстың (Аршалы, Атбасар, Астрахан, Бұланды, Егіндікөл, Сандықтау, Ерейментау, Шортанды, Жарқайың, Целиноград, Қорғалжын) 11 ауданында шынықтыру-сауықтыру кешендері жоқ, бұл жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың қамтылуына ықпал етеді.

Спорттық жабдықтар мен мүліктердің жетіспеушілігі сезіліп тұр, әсіресе ауылды аймақтардың спорт залдарында жабдықталу пайызы 5 тен 20% дейін.

Ауылды аймақтарда спорт бойынша нұсқаушы-әдіскерлер штаты (тек а/а 45,8%-ы ғана қамтылған), дене дайындығы бойынша балалар-жасөспірімдер клубтарының жетіспеушілігі көрінуде.

2012 жылы халықтың жоғары өсу (114,5%) қарқынының арқасында, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар ҚР өңірлеріндегі рейтингте облыс позициясы 1 тармақтан 10 орынға дейін жақсарды, сол уақытта республика бойынша орташа деңгейден артта қалу көрінуде (2012 жыл- 21,6%, 2011 жыл - 20,4%).


Туризм

2012 жылда 81,6 мың адамға қызмет көрсетіп, туристік қызметпен 45 туристік фирма айналысты. 5 жыл ішінде қызмет етілген келушілер саны 2,1 есеге көбейді.

Облыста сыйымдылығы 6287 орын 165 қонақүй жұмыс істейді. Бір жолғы сыйымдылық 5 жыл ішінде 1,7 есеге көбейді. Орналасу орындары санының өсуімен бірге қонып тұру қызметтеріне қолжететіндік те ұлғайды: 2008 жылмен салыстырғанда орташа төсек-тәулік құны 1,6 есеге түсіп, 2,8 мың теңгені құрды, орташа толтырылуы 21,7% құрды. Облыстың өңірлер арасында 7 орын алғанына қарамастан, осы көрсеткіш бойы республика бойынша орташа 24,9% мәнінен артында қалуы байқалады.

Люкс сыныбындағы нөмерлер саны 2,4 есеге өсті. Облыста ең жоғары талап етілген - толтырылуы 56,1% үшжұлдызды қонақүйлер және толтырылуы 36,1% екіжұлдызды қонақүйлер.




2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Туристік фирмалар саны, бірлік

33

34

33

48

45

Туристік фирмалармен қызмет етілген келушілер, адам

39084

42425

60047

73254

81589

Орналастыру орындар саны, бірлік

31

123

225

256

165

Орналастыру орындарында қызмет етілген келушілер саны, адам

131396

117091

130227

162790

178079

Қонакүйлер саны, бірлік

1880

1974

2475

2696

2886

соның ішінде люкс сыныбы

342

540

336

668

818

Бір жолғы сыйымдылық, төсек-орын

3787

3990

5893

5827

6287

Толтырылу, %

15,1

15,9

14,5

23,3

21,7

Орташа төсек-тәулік құны, теңге

4375,9

3332,1

2790,1

2875,5

2766,6

165 орналастыру орындарынан басымды бөлігі (57,6%) Бурабау ауданында шоғырланған, 12,1% - облыс орталығы Көкшетау қаласында және 4,2% - Зеренді ауданында. Басқа өңірлерде орташа алғанда 2%-дан. Ең аза қонақүйлер Еңбекшілдер - 1, Егіндікөл және Шортанды аудандарында – 2 екіден.

Бар көлік-ресурстік инфрақұрылымын есептегенде облыс аумағында Астана-Щучинск-Бурабай-Көкшетау-Зеренді бірыңғай туристік жол дәлізі қалыптасып жатыр.

Дәліз бойы негізгі өсу аймақтары Қорғалжын (этнотуризм), Целиноград (Астана қ.), Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Сандыктау (рекреация, белсенді туризм), Бурабай аудандарында («Бурабай» ЕЭА, санаторий-курорттық туризм, ойын орталығы, Щучинск қаласындағы саяжай және коттедж аймағында үй салу және қонақжай бизнесі), Көкшетау қ., Зеренді ауданы (санаторий-курорттық туризм).

Щучье-Бурабай курорттық аймақ орналасқан Бурабай тау орман алабының табиғи объекттерінің ерекше ғылыми, мәдени, экологиялық және сауықтыру құндығы бар.

Өңірде 70 астам санаторий-курорттық және сауықтыру объекттері орналасқан және осы күндрде тағы 20 объект құрылыстары аяқталып жатыр. Жазғы сауықтыру маусымында Щучье-Бурабай курорттық аймағында 500 мыңнан астам адам дем алуда!

Республика бойынша танымал курорт, шеқара сыртында да белгілі бір мәлімі бар. Сырттан келетіндердің негізгі бөлігі (82%) Ресей Федерациясынан келеді.

Облыстың туристік аймақ дегендей танымал болуын арттуру мақсатында 2012 жылда Ақмола облысының турістік-ақпараттық орталығы құрылды, ақпараттық-ресурстік орталықтар мен анықтама қызметтерін, онлайн- брондап қою қызметін құру бойынша жұмыс жасалды.

Облыстың туристік әлеуеті жыл сайын республикалық және халықаралық көрмелерде ұсынылады. Жетекші туроператорларға жарнамалық-ақпараттық турлар ұйымдастырылады. Белсенді маусымды (қыс, жаз), экологиялық және этнографиялық туризмді дамыту жөнінде шаралар жүргізіледі.




2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Турмаршруттар саны, бірлік

36

42

58

63

67

Туризм және дем алу инфрақұрылымының объекттер саны, бірлік

214

223

234

249

264

Жарнамалық-ақпараттық турларды өткізу және қатысулар, бірлік

5

7

9

10

10

Жол маңындағы сервис объекттерінің саны, бірлік

368

375

386

396

410

Ішкі туризм жөнінде туристік іс-шаралар саны, бірлік

6

6

7

8

10

Туристік инфрақұрылымының дамуы нәтижесінде туристік саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі жыл сайын артады және соңғы 2 жыл ішінде 20% астам орташа өсу қарқынымен 2012 жылда 2308,5 млн. теңгені құрды.

Құрылымдық статистика мәліметтері бойынша облыстың туристік индустриясы негізінде сауықтыру қызметтерді отандық тұтынушыларға көрсетуге бағытталған: Астана, Ақмола облысы және қасындағы өңірлердің тұрғындарына.

Ішкі туризм келушілерінің саны да жыл сайын артады және 2012 жылда 259,7 мың адам құрды, сыртқы туризм – 3,6 мың адам.

Облыста туристік бизнес дамуына жағымды жағдайларына қарамастан, туризм дамытуды тоқтатушы факторлар ретінде шығып тұратын бір қатар проблемалар бар:

- туризм саласындағы қызметтерге тиісті сапасын қамтамасыз ете алатын білікті қадрлар тапшылығы;

- жаппай халықаралық туризм үшін төмен туристік тартымдылығы. Ақмола облысы, сервис пен дем алу индустриясының жеткіліксіз даму деңгейі кесірінен, дем алу үшін мүмкін орны ретінде қарастырылмайды;

- облыстың шет елдерде туристік аймақ ретінде әлсіз жайғастыруы және жеткіліксіз атағы;

- дамымаған көлік инфрақұрылымы;

- облыстың туристік имиджін жақсарту жөнінде шараларды шектеулі қаржыландыру;

- қысқа жағажай маусымынан – ауасы жұмсағырақ танымал халықаралық курорттармен салыстырғанда қызметтер мен қонып тұру құнының салыстармалы деңгейі;

- мемлекеттік бюджетке қаражаттың толығымен түспей қалатынына, сондай-ақ, Щучье-Бурабай курорттық аймақтың экожүйесіне шамадан артық тиеуге мүмкіндік беретін "жабайы" және тіркелмеген туризмнің жағымсыз салдары.


Ішкі саясат

Облыстағы ішкісаяси тұрақтылықты әрі қарай нығайту мен сақтау азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасының дамуымен байланысты.

2013 жылдың 1 желтоқсанына облыста 9 саяси партия филиалдары, 527 үкіметтік емес ұйым, 43 этно-мәдени бірлестік тіркелген.

2013 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қаржыландырылуы 60 пайызға өсіп, 84 млн.теңгені құрады.

Ақмола облысында тіркелген 527 үкіметтік емес ұйым санынан біздің аймақтағы қоғамдық келісім мен ішкісаяси тұрақтылықты нығайтуға үлесін қосып және нақты қоғамдық-саяси күшке ие болатын 218 ұйым белсенді әрекет етеді.

ҮЕҰ-дар әрекетінің негізгі бағыттары: этно-мәдени – 19%, жастар – 16%, әлеуметтік қорғау ұйымдары – 8%, гендерлік – 2 %, сауықтыру-профилактикалық – 5 %, білімберушілік – 7 %, экологиялық – 7 %, құқық қорғау – 7 %, кәсіпкерлік қызметті дамыту бойынша – 4 %, патриоттық – 4 %, мүгедектерді қорғау бойынша – 6 %, спорттық – 4 %, қайырымдылық – 11 % және басқалар.

Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-дар арасындағы өзара қарым-қатынастардың бір механизмі, қаржыландырудың оң динамикасы байқалатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады. Осылай, мысалға 2012 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаражат сомасы 49 млн.теңге болса, 2013 жылы 85 млн.теңге сомасына жетті.

2013 жылы облыстық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруда ішкі саясат басқармасы (41,5 млн. теңге), денсаулық сақтау басқармасы (2,367 млн. теңге), тілдерді дамыту (2,0 млн. теңге), жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру (6,159 млн. теңге), жастар саясаты мәселелері бойынша (29,439 млн. теңге) басқармалары қатысады.

Аймақтағы тұрақты ішкісаяси ахуалды әлеуметтанушылық зерттеулердің қорытындылары көрсетеді. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы қарым-қатынастарды оң бағалайтын тұрғындар үлесі, 2011 жылы – 52%, 2012 жылы – 61 %. Конфессияаралық қарым-қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты 2011 жылы тұрғындардың 77 %, ал 2012 жылы 80,1 % оң деп бағалады. Этноаралық қарым-қатынастар саласындағылар сәйкесінше – 75 % және 82,8 % құрады.

Азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың дамуының негізгі мәселесі облыс аумақтары бойынша ҮЕҰ-ның белсенділігі тең таратылмағандықтан. ҮЕҰ-дың үлкен бөлігі (70 % жуық) облыс орталығында орналасқан, ал тек 30 % облыстың басқа қалаларында және аудандарда орналасқан. Аудандарда үкіметтік емес секторымен қарым-қатынас жасау бойынша консультативтік-кеңестік органдар жоқ және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ-да қызметтерді сатып алуға қаржы бөлінбейді.

Аймақта тұрақты ішкісаяси ахуалды сақтауда Ақмолалық Қазақстан халқы ассамблеясынның қоғамдық ұйымдары мен мемлекеттік органдарымен өзара қарым-қатынасына үлкен мән беріледі.

Облыста этноаралық және конфессияаралық мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығару бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда.

Ақмола облысында 100-ге жуық этностың өкілдері тұрады. Облыс территориясында тұратын 732 мың адамның, 48,2 % - қазақтар, 35,2 % орыстар, 5 % - украиндер, 3,6 % - немістер, 1,8 % - татарлар, 1,5 – белорустар, 1,1 % - поляктар.

Ақмола облысы территориясында 12 конфессияның өкілдері бар 190 діни бірлестік әрекет етеді. Олардың арасында 180 бірлестік әділет органдарында тіркелген. Табынушылық пен діни рәміздер 242 ғибадат үйлерінде өтеді. Дінағартушылық әрекетті облыста 49 миссионер атқарады.

Облыстың басылымдарында келесі тақырыптық айдарлар ашылып жұмыс істейді: «Азаматтық қоғам», «Азаматтық сектор», «Қоғамдық трибуна», «Дін», «Дін және діл» «Гражданское общество», «Общественная трибуна», «Акции», «Ассамблея», «Религия и общество», «Религия и мы», «Духовное согласие», «Ассамблея: когда мы вместе».

Этно-мәдени және діни бірлестіктер басшыларының мақалалары әрдайым жарияланып тұрады.

Осы бағытта баспа және электронды БАҚ-да мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде арнайы лоттар қарастырылған: «Мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі басымдықтарын, Ұлт бірлігі доктринасын, этноаралық келісім мен тұрақтылықтың нығайуына бағытталған іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету», «Дін саясаты саласындағы негізгі мемлекеттік басымдықтары, сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың әрекетін, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын ақпараттық қамтамасыз ету».


Ақпараттық кеңістік

Ақмола облысында 2013 жылда 106 баспа және электрондық БАҚ тіркелген. Барлық тіркелген саны ішінде - 89 баспа басылымы (газет - 69, журнал - 14, ақпараттық-талдау хабаршысы – 5, ақпартаттық бюллетень - 1), 17 электрондық БАҚ (4 телеканал, 10 кабельдік теледидар, 2 радио, 1 ақпараттық агенттік). Мемлекеттік емес БАҚ үлесі 61,3% құрайды (41 мемлекеттік, 65 тәуелсіз БАҚ).

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың жалпы сомасы 2013 жылда 515,8 млн. теңгені құрды. Мемлекеттік тапсырыс республикалық БАҚ, облыстық, аудандық және тәуелсіз БАҚ-да жарияланады.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде мемлекеттік саясаттың басымды бағытары бойынша тематикалық лоттар қалыптастырылды (облыстық ТД – 77, облыстық газеттер – 46-дан).

Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде негізгі басымдылықтарды іске асыру барысын айқындату бойынша өңірлік масс-медиада 5 мыңнан астам материалдар жарияланды.

Облыстың республикалық БАҚ-на қатысу жиілігі 1 200 шақты материал құрды («Казахстанская правда» - 550 материал, «Егемен Қазақстан» - 200, «Хабар», «Қазақстан», «24 kz» - 400 сюжет).

Уәкілетті орган «Облыс аумағында таратылатын шетел баспа басылымдарын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2013 жылда 2 шетел БАҚ есепке алынды.

Бұқаралық аппарат құралдарымен өзара байланысы бойынша жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында келесі жұмыс атқарылады:

- елде және өңірде маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды баяндау бойынша 19 медиа-жоспар әзірленді;

- ірі өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындарға, құрылыс объекттерге 11 пресс-тур ұйымдастыру;

- мемлекеттік органдының пресс-хатшылары мен облыстың БАҚ өкілдері үшін 8 семинарұйымдастырылды;

- бұқаралық ақпарат құралдарындағы сыншыл материалдар бойынша лауазымды тұлғалар үшін бірыңғай әрекет тізбектілігі әзірленді;

- жалпыұлттық мазмұнды нығайту бойынша жұмыс жүргізілді, «Президент», «Үкімет», «Президенттің тапсырмасын орындауда» айдарлары ашылды;

- Облыста Ақмола облысының әкімі жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары бойынша кеңес жұмыс істейді, оның құрамына өңірлік баспа басылымдарының бас редакторлары мен республикалық БАҚ-ың жеке тілшілері кіреді. Ақмола облысы әкімінің төрағалығында Кеңестің екі отырысы өткізілді;

- өңірдің журналисттер қоғамдастығын бірлестіру мақсатында Ақмола облысының Бас редакторлар клубі жұмыс істейді;

- «Акмола Медиа-центр» баспасөз орталығы алаңында БАҚ-да күшті ақпараттық сүйемелдеу жасап мемлекеттік органдардың қатысуымен 19 астам іс шара атқарылды;

- Интернетте мемлекеттік саясатты іске асыруды нығайту бойынша жұмыс басталды. БАҚ-ың интернет-редакцияларын жасау мәселесі тыңғылықтанып жатыр. Өңірлік газеттерді Интернетке көшіру жұмысы ұйымдастырылды;

- «kzcontent.kz», «baq.kz», «bnews.kz», «el.kz», «kaztub.kz», «strategy2050.kz» имидждік веб-баннерлерді барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық басқармалар және өңірлік БАҚ сайттарында орналастыру жұмысы қамтамасыз етілді;

- Ақмола облысы бойынша 99 имидждік хабарлама орналастырылған «strategy2050.kz» порталын толтыру жұмысы жүргізіледі. «Информер картасы» порталы бойынша Ақмола облысы 3 орында тұр.

Облыстың аудандары мен қалаларын «РТРК «Қазақстан» АҚ облыстық телеканалының хабар таратуымен ең жоғары қамту мақсатында «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ балансында облыстық теледидарды тарату үшін 16 теледидар хабарлағышы тұр.

Осы күнде облыстың облыстық телехабармен қамтылуы 90% құрайды.

Бұдан басқа облыста 3 телеканал қызмет көрсетеді (аптада 1 2 сағаттық хабар): Степногорск қ.«9 арна», Атбасар ауданында «Салем», Жарқайың ауданында «Сары-Арқа».

Ақпараттық сылтауларды анықтауда бірыңғай тәсіл қамтамасыз ету мақсатында республикалық БАҚ-ың жеке тілшілерімен бірлесе отырып медиа-жоспарлар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіледі.

2013 жылда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Ақмола облысының ақпараттық кеңістіктігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша БАҚ қатысуымен іс-шараларды өткізу» лоты көзделді, сонда Бас редакторлар клубының қатысуымен бір қатар іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ, баспасөз қызметі жұмысының тиімділігін арттыру, электрондық масс-медиа техникалық персоналының кәсіби деңгейін арттыру мақсаттарында БАҚ-мен өзарабайланыстыру бойынша жауаптылармен бірге семинар-тренингтер өткізілді.

Бұдан басқа, бұл бірлестік «Тарих ағынында халық» жалпыұлттық жобаны түсіндіру, «Халық IPO» Бағдарламасын жылжыту жөнінде ақпараттық-насихаттау науқанына қатысады.

Қазақстандық журналистикасын және өңірлік БАҚ дамытудың оң бағдарын қалыптастыру мақсатында журналисттер арасында жыл сайын облыс әкімінің сыйлықақы беруімен 21 номинация бойынша «Алтын калам» жарысы өткізіледі.

Республиалық және облыстық БАҚ жаңалықтарының блоктарын сақтау және мониторингі өткізіледі.

2011 жылдан бастап облыста халықты цифрлы жерсерігі теледидармен қамтамасыз етуге, өңірлердің жергілікті телерадиобағдарламаларға талабын қанағаттандыруға, сондай-ақ Қазақстанның телерадиохабар нарығының шетел телерадиобағдарламалардан тәуелдігін азайтуға бағытталған цифрлы теледидарға ауысу стратегиясы іске асырылады. Бұдан басқа, 2012 жылдан бері астана маңындағы елді мекендерінің тұрғындары эфирлік цифрлы деледидар қызметін пайдаланады, 2013 жылдың қарашасында цифрлі теледидар облыстық орталығында да іске қосылды.

2013 жылда мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындайтын БАҚ арқылы халықтың елдің негізгі даму басымдықтары және атқарылатын мемлекеттік саясаты туралы хабардар болу деңгейі 75% құрды.

Облыстың ақпараттық кеңістіктің көкейтесті проблемалар журналистика білімі бар жоғары білікті мамандардың тапшылығы, өңірлік басылымдардың медиа инфрақұрылымының технология тұрғыдан артта қалуы.


Жастар саясаты

Облыстың 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 2012 жылы 184 506 адамды, немесе облыс тұрғындарының жалпы санының 25,5%-ын құрады. Солардың ішінде жігіттер – 95 946 адам, қыздар – 88 860 адам. Ауыл жастарының үлесі жастардың жалпы санының 54%-ын құрайды.




2010 ж

2011 ж

2012 ж

Жастар саны (адам), солардың ішінде:

191 462

187 289

184 506

жігіттер

98 916

97 091

95 646

қыздар

92 546

90 198

88 860

Қала жастары

89 482

86 849

85 535

Ауыл жастары

101 980

100 440

98 971

Соңғы жылдары жастар ұйымдарының сапалық және сандық өсімі байқалуда – 2008 жылғы 46-дан 2012жылы 62-ге дейін өскен. Солардың ішінде ең белсенділері – «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, «Ақмола облысы жастарының асоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Көкшетау студенттерінің альянсы» корпоративтік қоры, «Жастар мен студенттердің еңбек жасақтарының облыстық штабы» қоғамдық бірлестігі, Ақмола жастар КВН лигасы, «Зерделі ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі, «Жұлдыз» балалар қоғамдық бірлестіктері одағы» қоғамдық бірлестігі, «Юность» Ақмола педагогикалық жасағы» қоғамдық бірлестігі және басқалар. Аудандық деңгейде 33 жастар бірлестігі жұмыс істейді.

Жастар ұйымдары санының өсуі, сондай-ақ олардың қызметінің жандануы жастардың қамтылуын ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2012 жылы жастар ұйымдарының жұмысына қатысатын жастардың үлесі 7,9%-ды құрады.

Жастарды жұмыспен қамтуды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету саласында қолданып жатқан шаралар арқылы жастар (15-24 жас аралығындағы) жұмыссыздығы деңгейінің 2011 жылғы 4,8%-дан 2012 жылы 3,7%-ға дейін төмендеуі байқалуда.

Сонымен қатар, жастардың спортпен еркін шұғылдануға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кәсіби машықтарын арттыруға жағдайлар жасалып отыр. Жастардың әлеуметтік қауқарсыз топтарына сапалы білім алуға қолдау көрсету арқылы көңіл бөлінеді.

2012 жылы халықтың жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі 38%-ды құрады.

Жастардың өзекті мәселелерін, жастар ұйымдарының белсенділігі мен жастар саясаты саласындағы тақырыптық іс-шаралардың жүзеге асырылуының тиімділігін анықтауға бағытталған «Ақмола облысында жастар саясатын жүзеге асырудың тиімділігі» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеудің нәтижелері бойынша, жастардың жұмысқа орналасуы, қолжетімді тұрғын үй және демалыс уақытын өткізу мәселелерін ең өзекті деп санайды.

Мемлекеттік органдар тарапынан аталған мәселелерге нашар көңіл бөлінуі соңғы жылдарда облыс жастарының азаю себептерінің бірі болып табылды.


Қоғамдық құқық тәртібі және қауіпсіздік

Облыстың криминогендік жағдайы тұрақты болып қалуда, бұл толығымен алғанда еліміздің ішкі қауіпсіздігі мен дамуына сөзсіз оң әсерін тигізуде. 2011-2013ж.ж. қылмыспен күресу және құқық бұзушылықтың алдын-алу аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру оның жағдайына оң әсерін тигізеді.

Ішкі істер органдарына деген сенімінің болжамды деңгейі 2011 жылы 51%, ал 2012 жылы - 52,5% құрады.

Жол көлік оқиғаларының деңгейі 2012 жылы өткен жылмен салыстырғанда 10 мың бірлік автокөлікке шаққанда 33,9 оқиғаға дейін (2011 жылы - 34,3%) төмендеді.

Сонымен қатар ЖКО және зардап шеккендер саны 21,6% өсті. Халық арасында автокөліктер саны артқандықтан, апат көрсеткіштеріне есеп жүргізу бойынша өзгеруі және жол қозғалысының қарқынды жоғарлауы ЖКО және соның салдарынан зардап шеккен адамдар санының өсуіне негізгі себептері болып келеді.

2012 жылы 10 мың адамға шаққанда зардап шеккендер саны 16,4 бірлікке (2011 жылы-13) дейін артты, сонымен қатар ЖКО салдарының ауырлығында төмендеу үрдісі байқалады, 2012 жылы 12,6 , ал 2011 жылы 14,2.




2010ж

2011ж

2012ж

ЖКО салдарының ауырлық коэффициенті

20,5

14,2

12,6

ЖКО-да зардап шеккендер саны 10 мың адамға шаққанда

21,1

13

16,4
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

Похожие:

МазмұНЫ iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
МазмұНЫ icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
МазмұНЫ iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
МазмұНЫ iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
МазмұНЫ iconМазмұНЫ

МазмұНЫ iconМазмұны

МазмұНЫ iconМазмұНЫ

МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
МазмұНЫ iconМазмұны
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница