МазмұНЫ




НазваниеМазмұНЫ
страница1/24
Дата конвертации21.02.2016
Размер3.08 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://akmo.gov.kz/sites/akmo.gov.kz/uploads/rabota_s_naseleniem/PRT_Akmo_kaz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


Ақмола облысы мәслихатының

2013 жылғы 13 желтоқсандағы

№____________ шешіміне

қосымша








АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ

АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ


МАЗМҰНЫ





1

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

2

2

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

6




2.1. Өңірдегі жағдайдың оң және теріс жақтарын бағалау, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына олардың әсер етуі

6




2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының талдауы

8




Экономикалық даму

8




Әлеуметтік сала

37




Инфрақұрылымдық кешен

64




Аумақтық (кеңістік) даму

75




Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі

81




2.3. Орташа мерзімді перспективада аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелері, қауіп-қатерлері, іркілу факторлары, бәсекелік басымдылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы

84




2.4. Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

87

3

АЙМАҚТЫҢ ДАМУ КӨРІНІСІ

89




3.1. Түйінді индикаторлар:

89

4

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР, НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

90




4.1. Экономикалық даму

90




4.2. Әлеуметтік сала

95




4.3. Инфрақұрылымдық кешен

102




4.4. Аумақтық (кеңістік) даму

105




4.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі

106

5

ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

108

6

БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ

109




  1. БағдарламаНЫҢ паспорты




Атауы

Ақмола облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу негізі

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымындағы № 827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысымен бекітілген Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Ақмола облысы Қазақстанның солтүстік бөлігінде орналасқан. Облыс аумағы 146,2 мың шаршы км құрайды, бұл республика аумағының 5,4 пайызына тең. Халық тығыздығы орта есеппен алғанда 1 шаршы км. 5 адамнан келеді. Облыс аумағында мемлекеттің астанасы орналасқан. Республиканың төрт облысымен (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды) шекаралас. Облыс халқының саны 732,7 мың адам (2013 жылдың 1 қаңтарына). Ақмола облысы Қазақстанның агроөнеркәсіптік өңірі болып табылады. Өңір экономикасының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өндіріс.

Бағыттар

- Экономикалық даму

- Әлеуметтік сала

- Инфрақұрылымдық кешен

- Аумақтық (кеңістік) даму

- Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі

Бағдарлама мақсаттары

- Өңдеу салаларының дамуын, сыртқы нарыққа жоғары үстеме құндылығы бар дайын өнімдердің экспортын жылжытуды, инновациялық кәсіпкерлік және экологиялық қауіпсіздікті сақтай отырып, өмір сүру сапасының жоғары деңгейі үшін қолайлы жағдайлардың жасалуын қамтамасыз ететін, өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын нығайту.

- Халықтың өмір сүру сапасының деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету.

- Агроөнеркәсіптік, энергетикалық, инженерлік, көлік, су шаруашылығы инфрақұрылымының үйлестірілген дамуын қамтамасыз ету және халықтың өмір сүруіне қолайлы орта жасау.

- Халықтың өмір сүруіне тиімді елдің тығыздылығы қамтамасыз етілген экономикалық перспективалы және қолайлы аумақтарында шоғырлану есебінен, жеке орналасудың және аймақты жайлыландырудың және Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық жайлыландырылуын жетілдіру және елді мекендердің аумағының санитарлық және эстетикалық жағдайын жақсартудың тиімді жүйесін құру.

Бағдарлама міндеттері

- Облыстың аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамыту

- Экономиканың өңдеу салаларын дамыту

- Көлік тораптарын, көлік-логистикалық орталықтарын дамыту.

- Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту.

- Металлургия және дайын металл өнімдерінің өндірісін дамыту.

- Химия өнеркәсібін дамыту.

- Өңірге инвестициялар, озық технологиялар мен адам ресурстарын тарту үшін қолайлы инвестициялық жағдайлар, шарттар жасау.

- Инфрақұрылымның барлық нысандарын жетілдіру.

- Энерго тиімділігін арттыру.

- Қоршаған табиғи ортаны, табиғи ресурстарды және биологиялық әр алуандылықты қалыптастыру.

- Орналасудың тиімді жүйесін қалыптастыру және Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық жайлыландырылуын жетілдіру

Нысаналы индикаторлар

- Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, алдынғы жылға %.

- Жалпы өңірлік өнімнің нақты өсімі

- Халықтың жан басына жалпы өңірлік өнім

- Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі

- Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі

- Электр энергиясын жұмсауды арттыру

- Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі

- Тамақ өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі

- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі

- Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

- Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі

- Инновациялар саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриалық парктер мен т.б.) белсенділік деңгейінің өсімі

- Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесінің ұлғаюы

- Халықтың білім қол жетімділігі мен сапалығына қанағаттанушылық деңгейі

- 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту

- Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі

- Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі

- Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл

- Халықтың жалпы өлім-жітімді төмендету, 1000 адамға шаққанда

- Жұмыссыздық деңгейі

- Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі

- Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында)

- Облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі

- Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі

- Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту

- Туристік қызмет саласында қызмет көрсету жалпы көлемін ұлғайту

- Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру

- Өңірлік БАҚ талап етілуі

- Халықтың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі

- Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету

- Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі

- Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі

- Тұрғын-үй ғимараттарын пайдалануға беру көлемі, жалпы алаңның шаршы м.

- Облыстың елді мекендерінің қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыздық деңгейі

- Жақсы және қанағаттандырылған жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі

- Жүк айналымының көлемі

- Жолаушылар айналымының көлемі

- Тұтынушылардың коммуналдық қызметтердің сапалылығымен қанағаттанушылық деңгейі

- Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру

- Жылумен қамту қызметтерінің қамтамасыз етілу деңгейін арттыру

- Халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру

- Халық санының өсуі/азаюы

- Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санын арттыру

- Зиянды заттардың жалпы шығарылуын төмендету

- Мемлекеттік орман қорының орман алқаптарының көлемі

- Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың меншік қаражаты, заемдық қаражаттар.

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жыл – 120 844,7 млн. теңге

2012 жыл – 127 998,4 млн. теңге

2013 жыл – 203 901,8 млн. теңге

2014 жыл – 120 266,0 млн. теңге

2015 жыл – 53 315,5 млн. теңге

Барлығы: 626 326,6 млн. теңге



2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ


2.1 Өңірдегі жағдайдың оң және теріс жақтарын бағалау, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына олардың әсер етуі.


Ақмола облысының салалық мамандандырылуын ескере отырып, өңір үшін ең алдымен ауыл шаруашылығын жоғары деңгейде дамыған. Алтын, керамикалық кірпіш, пластмасса құбырларының жоғары технологиялық өндірісіне бағыттылған индустрияландыру картасының ірі инвестициялық жобаларын іске асыру, өңдеу өнеркәсібінің дамуына оң серпін берді.

Өнеркәсіп көрсеткіштерінің 2010-2012 жылдардағы едәуір өсуіне қарамастан Ақмола облысының үлесі республикалық өнеркәсіптік өндіріс көлемде салыстырмалы алып емес - 1,6%.

Тиісінше құрылыс индустриясында дамудың жоғары деңгейі байқалады.

Облыстың амбулаториялық-емханалық ұйымдарының дамыған желісі бола тұра, 2012 жылы денсаулық сақтау саласын дамытудың төмен деңгейі теріс жағдай болып табылады. Бұл ретте, 2012 жылы қылмыстарды ашудың жоғары деңгейі байқалуда, бұл өңірдің қоғамдық саяси жағдайына оң әсер етеді.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша 2012 жылы Ақмола облысы 12 орынға ие болды, бұл 2011 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 1 орын жоғары.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша 2012 жылы Ақмола облысы 2 өңірге жол беріп 6 орынға ие болды.

Рейтингте жоғары орынға шығуына салықтық және салықтық емес түсімдердің жоғары серпіні, амбулатордық-поликлиникалық жәрдемге және медико-демографиялық көрсеткіштердің жақсаруына шығындарды арттыру, білім жүйесін дамыту көрсеткіштері бойынша жоғары рейтингтік орындарға қол жеткізуі оң әсер етті. Индустриалдық сектор мен кәсіпкерліктің даму серпіні орташа даму қарқынымен сипатталуда. Рейтингтің төменделуына қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы көрсеткіштерінің нашарлануы аса көп әсер етті.

Сондай-ақ, Ақмола облысы белгілі өнеркәсіптік әлеуеті бар аграрлық өңірлер тобында тоқтап тұр (Қостанай, Алматы, Солтүстік-Қазақстан облыстары).

Ресурстық әлеует. Ақмола облысында өз құрамы мен көлемі бойынша алтынның, уранның, молибденнің, техникалық алмаздың, каолиннің және мусковиттің, сондай-ақ, темір кенінің, тас көмірдің, доломиттің, кең таралған пайдалы қазбалардың, минералды сулардың барланған өзекті қорлары шоғырланған.

Ақмола облысының экономикалық әлеуеті. Ақмола облысы Қазақстанның даму әлеуеті зор астықты өңірі болып табылады.

Аумақтың 5,4 %-ын ала отырып, облыс Қазақстанда өсірілетін бидайдың төрттен бір бөлігін, әлемдік нарықта жоғары бағаланатын, мемлекеттің барлық ауыл шаруашылық өнімдерінің 12 % дейін өндіреді, осымен елдің азық-түлік қауіпсіздігінде маңызды орын алады.

Құс шаруашылығын, мал шаруашылығын, оның ішінде жоғары экспорттық әлеуеті бар ет бағытын дамыту перспективалары бар.

Мал бағатын жерлерінің бар болуы мал басының санын және мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Саланы дамытудың сапалы көрсеткіштерін арттыруға жер және асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын бірнеше шаруашылықтар бойынша ғылыми-зерттеу станцияларының жұмысы бағытталды.

Аграрлық, биотехнологиялық зерттеулерде технологияның және білімнің әлеуетін дамытуға бағытталған, Шортанды ауданының Научный к. АӨК ғылыми-зерттеу кешенін құру аясында жобалардың іске асырылуы ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды әзірлеуге, енгізуге және коммерциализациялауға мүмкіндік туғызады, бұл саланы және оның бәсекеге қабілеттілігін дамытудың сапалы көрсеткіштерін мәнді арттыруға мүмкіндік береді.

Осының бәрі тұтынудың тұрақты нарығы бар, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру саласын дамытуға алғы шарттар жасайды.

Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін алтын, уран, автомобиль техникасы, авиациялық өнім, темір жол көлігіне подшипниктер өндіретін ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік кәсіпорындар белгілейді. Молибден өндірісін, химия саласын дамытуға мүмкіндіктер бар.

Өзекті табиғи кешен – Щучье-Бурабай курорттық аймағы әлемдік деңгейдегі туристік кешен құруға жағдайлар жасайды, бұл Ақмола облысына Қазақстанда және ТМД аумағында туристік бизнес көшбасшыларының бірі болуға мүмкіндік бере отырып, демалушылар мен туристердің санын ұлғайтуға оң әсер етеді.

Ақмола облысының инвестициялық әлеуеті. Инвестициялық тартымдылықты минералды-шикізат ресурстарының маңызды көлемдерінің бар болуы белгілейді, бұл өнеркәсіпті дамытудың дәстүрлі бағыттарын дамытуға, сондай-ақ, жаңа өндірістер құруға да жағдайлар жасайды. Ең алдымен, бұл дамыған тау-кен металлургиялық кешенінің бар болуы, оның негізгі жүйелі қалыптасқан кәсіпорындары «Алтынтау Көкшетау» ЖШС (бұрынғы «Васильков ТБК» АҚ), «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық комбинаты» АҚ және қосалқы өндірістердің құрылымына кіретін кәсіпорындар болып табылады. Жоғары қарқынмен дамып келе жатқан машина жасау саласы маңызды экспорттық әлеуетке ие.

Кең таралған пайдалы қазбалардың мәнді көлемдері құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға базалар құрады – кірпіш, цемент, әрлендіру материалдары өндірісін ұйымдастыру жобаларын іске асыру жүзеге асырылуда, бұдан әрі оларды ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да тасымалдау жоспарлануда.

Кезеңдегі инвестиция көлемінің динамикасы жылсайынғы өсімнің оң қарқынына ие. Облыстың негізгі капиталына инвестицияның жалпы көлемі 2012 жылы 143,8 млрд. теңге құрады, НКИ - 109,9%.

Көлік әлеуеті. Транзиттік әлеуеті облыс аумағының республика астанасына жеткізетін, көлік магистралінің қиылысында қолайлы орналасуынан көрінеді. Теміржол, автомобиль желісі, әуе көлігі дамыған.

Халықтың өмір сүру деңгейі. Демографиялық сала жақсаруда, туу өсуде және өлім төмендеуде. Халықтың өмір сүру деңгейі артуда, халықтың орташа айлық еңбек ақысы және табыстары өсуде.

2007-2012 жылдар кезеңінде Ақмола облысында адамның даму деңгейі бойынша оң қарқындар байқалуда.

2012 жылы бір адамға ЖӨӨ 2007 жылдың деңгейінен 2 есеге артып, 7,5 мың АҚШ долларын құрады.

Халықтың нақты ақша кірістері 5,8%-ға , нақты еңбек ақы – 10,4%-ға өсті.

2012 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,3% құрады, бұл 2011 жылғыдан 0,2 пайыздық пунктке төмен.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесі өткен жылмен салытырғанда 2,3% түсіп 2012 жылы 3,9% құрды.

Сонда да азық-түлік тауарларына бағалар республика бойынша орташа қарқындан жоғары қарқынмен өсіп бара жатыр.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. 2012 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің 30 мың белсенді субъектілері тіркелді, бұл 2011 жылдың деңгейінен 1,7% жоғары. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдер (тауарлар, қызметтер) өндіруі 2011 жылғыдан 18,4%-ға өсіп, 304,6 млрд. теңге құрады.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Похожие:

МазмұНЫ iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
МазмұНЫ icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
МазмұНЫ iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
МазмұНЫ iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
МазмұНЫ iconМазмұНЫ

МазмұНЫ iconМазмұны

МазмұНЫ iconМазмұНЫ

МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
МазмұНЫ iconМазмұны
Глоссарий
МазмұНЫ iconМазмұны
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница